Облыстың ауыл шаруашылық департаментінің 2006 жылғы III тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат ауыл шаруашылық департаментінің 2006 жылғы III тоқсандағы жұмысы Президентіміздің



жүктеу 29.39 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі29.39 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Облыстың ауыл шаруашылық департаментінің 2006 жылғы III тоқсандағы жұмысы туралы АҚПАРАТ

Ауыл шаруашылық департаментінің 2006 жылғы III тоқсандағы жұмысы Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстаннның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында, сонымен қатар Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінде және облыстың әкімдігі мен мәслихатының, облыс әкімінің қаулылары және шешімдерінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша қойылған міндеттерді іс жүзіне асыруға бағыталып отыр.

Егін шаруашылығында озық тәжірибені үйрету және тарату мақсатында департамент төмендегі мәселелер бойынша облыстық мәжілістер өткізді:

1) Ұлан ауданының «Багратион-2» шаруа қожалығының негізінде ауыл шаруашылық техникаларының жаңа түрлерін көрсете отырып, дәнді дақылдарды өсіруде ылғал сақтау технологиясын енгізу;


2) Зайсан ауданы «Жадыра» шаруа қожалығының негізінде суармалы жерлерде соя өсірудің қазіргі жағдайы және болашақта дамуы;
2) «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» МКК негізінде дәнді дақылдар мен күнбағыстың тұқым шаруашылығының қазіргі жағдайы және болашақта дамуы. Мәжіліс жұмысына облыс әкімі В.В.Храпунов қатысып, сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрі А.Есімовтың және облыс әкімі В.Храпуновтың қатысуымен облыстың агоөнеркәсіп кешені қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы Министрлігінің кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларының активі өткізілді.

Тамыз айының басында Астана қаласында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені жетістіктерінің жәрмеңкесі- «Қараөткел жәрмеңкесі» атты халықаралық көрме өткізілді, көрмеде ауыл шаруашылық департаменті агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен бірлесе отырып, облыс экспозициясын ұсынды. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, облыс агроөнеркәсіп кешенінің 11 кәсіпорны агроөнеркәсіп кешені салаларын дамытуға және жоғары сапалы өнім өндіруге қосқан үлестері үшін дипломдарымен марапатталды.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасының өсуін ауыздықтау және тұрақтандыру мақсатында Өскемен қаласында қыркүйек айында департаменттің басқаруымен облыстың барлық аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысқан ауыл шаруашылық өнімдерінің «Алтын күз-2006» атты жәрмеңкесі өткізілді.

Агроөнеркәсіп кешені бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі ретінде департамент республикалық трансферттерден бөлінген субсидияларды төлеу үшін құжаттарды қабылдау және ресімдеу бойынша жұмыстар атқарып келеді. Көктемгі егіс және егін ору жұмыстарын атқаруға, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігін көтеруді және өнім сапасын арттыруды қолдауға бөлінген субсидиялар толығымен игерілді, түп нұсқалық және элита тұқымдарын өсіруге және сатуға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлінген субсидиялар 39 % игерілді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша атқарылатын қызмет құнын субсидиялау басталды.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға облыстық бюджеттен бөлінген кредит ресурстары толығымен игерілді.

Өнім дайындау және сату кооперативтерін құру жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінгі күні «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Үржар-күнбағыс» ауылдық тұтыну кооперативін (күнбағыс өсіру және өңдеу) құру жобасының орындалуына 98 млн. теңгенің кредитін бөлді. Ауылдық тұтыну кооперативтерін құрудың 6 жобасының: «Үржар-көкөніс», Үржар-ет», Абай ауданындағы «Достан», Жарма ауданындаңы «Қалба», Семей қаласының «Холодный ключ», Бесқарағай ауданындағы «Балке» бағдарламалары жарамды деп танылды.

Ауыл шаруашылық департаменті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен мемлекеттік органдарының web-беттерінің конкурсына қатысып, «Ең жақсы ақпараттық шығарылым» номинациясы бойынша дипломға ие болды.



Тоқсан көлемінде Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуының 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалуының мониторингін жүргізді. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудың 9 айдағы қорытындысы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің 19 қазанда өтетін мәжілісінде қаралады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет