Облыстың медициналық ұйымдары туралы ақпаратты өңірлік денсаулық сақтау басқармасының сайтынан алуға болады



жүктеу 43.97 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі43.97 Kb.
Облыстың медициналық ұйымдары туралы ақпаратты өңірлік денсаулық сақтау басқармасының сайтынан алуға болады


  1. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы

www.densaulyk.astana.kz


  1. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы

www.almatyzdrav.kz


  1. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.zdrav.zhetysu-gov.kz


  1. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.atyrau.gov.kz


  1. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.zdrav-bko.gov.kz


  1. Управление здравоохранения Северо-Казахстанской области

www.zdrav.sko.kz


  1. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.ru.zdravkrg.kz


  1. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.zhambyl.kz


  1. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.med-uko.gov.kz


  1. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.e-kyzylorda.gov.kz


  1. Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.densaulyk.kostanay.gov.kz


  1. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.zdrav.akmol.kz


  1. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.densaulik.gov.kz


  1. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.depzdrav.gov.kz


  1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.dsb.mangystau.gov.kz


  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы

www.densaulyk.aktobe.gov.kz




Өз емханаңды таңда!



Қазақстан Республикасының әрбір азаматы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымын еркін таңдауға құқылы.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 және 91-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық ұйымды еркін таңдауға құқылы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында (емхана, дәрігерлік амбулатория) тіркелген жағдайда азаматтарға көрсетілетін амбулаториялық-емханалық көмек кіреді.




Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде 2013 жылғы 15 қыркүйек – 15 қараша аралығындағы кезеңде пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы қағидаты бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу және қайта тіркеу науқаны жүргізіледі.



Азамат тек бір ғана емханаға немесе дәрігерлік амбулаторияға тіркеле алады.

Азаматтарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға тіркеу бір әкімшілік-аумақтық бірлік (елді мекен) шеңберінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, тұрақты немесе уақытша тұру, жұмыс істеу, оқу орны бойынша жүзеге асырылады.

Тіркеу талоны азаматтың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу үшін емханаға, дәрігерлік амбулаторияға тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.

Тіркеу талоны тіркеу орнында беріледі.

Емханаға тіркелу үшін Жеке куәлікті және тіркелу орны өзгерген жағдайда Емханадан есептен шығу талонын бірге алу қажет.

Тіркелген жері туралы анықтама қажет емес.

Сондай-ақ емханаға электрондық үкімет арқылы www.egov.kz сайтында да тіркелуге болады. Егер Сіз бұрын басқа ұйымда тіркелген болсаңыз, онда ол жерден есептен шығу электрондық форматта жүргізіледі.


Егер Сіз тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның қызмет көрсетуіне қанағаттансаңыз және осы жылы тіркеу науқанына қатыспасаңыз, онда медициналық ұйым Сізді келесі жылы өздері тіркеуге құқылы.

Науқан кезеңінде шет елдерге кететін азаматтар 2013 жылғы 15 қыркүйекке дейін тіркеле алады.

Азамат тіркелу үшін емхананы, дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау кезінде медициналық ұйым Сізбен мыналарды:

- емхананың, дәрігерлік амбулаторияның қызметі аумақтық қағидатқа негізделгендіктен, азаматқа үйінде қызмет көрсету;

- осы медициналық ұйымға тіркелген халық санының нормативі асып кеткен жағдайда азаматты осы емханаға тіркеу мүмкіндігін талқылауға құқылы.



Азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеуді өзгерту:

- азаматтың медициналық ұйымды еркін таңдауы кезінде жылына бір реттен жиі емес;

- тұрақты немесе уақытша тұру, жұмыс істеу немесе оқу орны өзгерген кезде;

- емхана, дәрігерлік амбулатория қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда жүзеге асырылады.


Денсаулығыңызды күтіп ұстаңыз!


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет