Облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының экологиялық мониторинг бөлімінің бас маманы Мәруа Базылкәрімқызы ыбыраева осы мәселе туралы былай әңгімеледі



жүктеу 42.62 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі42.62 Kb.
: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Оспанов К. Н. Последствия закрытия убыточных шахт Карагандинского угольного бассейна в целях экологической и техни­ческой безопасности / К. Н. Оспанов // Охрана труда Казахстана. – 2006. – №6(6). – С. 38-41
Files -> Сүйімбаева, A. M
Files -> Сарыарқа өзендерінің орогидрографиялық жағдайы және табиғи-антропогендік үрдістері. (Сарысу өзені мысалында) [Текст] / К. М. Ақпамбетова, ж әбдірахманова // Экологическое образование в Казахстане. 2008.№1. С. 8-9
Files -> Досмахов, С. М. Өнеркәсіпті өңірдегі экологиялық ахуал және оның географиялық аспектілері [Текст] / С. М. Досмахов // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Биология. Медицина. География сер.= Вестник КарГУ. Сер биология №3. С. 78-82 б
Files -> Айтымов, А. К. Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі [Текст] / А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> В статье излагаются материалы по определению месячных и годовых
Files -> Нұржанова, Г. К
Files -> Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш алабындағы табиғи компоненттердің ластаушы көздері / Э. Өмірсерікқызы // География в школе. – 2007. №2. – 8-9 б. –
Files -> Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға
Жанысбай, С.

Экология мэселесі жэне оны шешу жолдары/ Орталық Қазақстан.-2004.-5маусым(№107-108)



Облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының экологиялық мониторинг бөлімінің бас маманы Мәруа Базылкәрімқызы ЫБЫРАЕВА осы мәселе туралы былай әңгімеледі:

- Біздің облысымыз да экологиялық қолайсыз аумақтарға жататыны белгілі. Сондықтан да көптеген мэселелерді шешу міндеті түр. Соның ішіндегі бастыларының бірі — Нүра өзенін сынаптан тазарту. Ол бүрынғы «Карбид» ААҚ-тың көп жылғы өндірістік қызметінің салдарынан ластанған болатын. Мүнымен қосаосы өндіріс орналасқан аумаққа да сынап көп жайылып кеткен.

Нүра өзенін тазарту ҚР Үкіметі бекіткен «Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын жэне Астана қаласын түрақты дамыту үшін айналадағы ортаны жақсарту туралы» Жобасының қү_рамына кірген мэселе болатын. Ол 2002 жылы басталған еді. Бірақ Нү_ра өзенін зерттеу барысында тек өзен ғана емес, бүрынғы «Карбид» ААҚ-тың өндіріс алаңыныңда барынша ластанғаны анықталды. Егер оны қоса тазартпаса, өзенді қайтадан бұлдіре береді. Осы жобаны жүзеге асыру басталмас бүрын облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастамасы бойынша жергілікті бюджет есебінен бүрынғы өндіріс орнындағы сынаптың одан эрі таралуы тоқтатылды.

Биылғы жылы осы Жобаны жузеге асыру үшін Бүкілэлемдік Банк несие бөліп отыр. Оны ҚР Парламенті бекітті. Қазіргі кезде облыстық экімдіктің шешімімен 2003 жылы берілген Апан ойпатына ластанған топырақты жэне қалдықты көму үшін жобалауды, «Карбид» ААҚ заводының аумағын жэне оның ластанған маңайын тазарту жүмысы бойынша, Нүра өзенінің арнасын сынаптан тазарту жөніндегі жүмыстарды жобалау бойынша тендер жарияланған.

Бүған қоса 2004 жылы біздің басқарманың басшылығы облыс экімінің шешімімен арнайы қүрылған жүмыс тобы Нүра өзені бойынша мониторинг бағдарламасын орындауды бастайды.

Облысымызда көптен сөз болып келе жатқан маңызды мэселенің бірі «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Балқаштүсті-металл» ӨБ-нің ауаға күкірт газын көп көлемде таратуы. Корпорация аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында эк араластыру эдісімен күкірттің қос тотығын бейтараптандыру жобасын жүзеге асыруға шешім қабылдады. Бірақ 2004 жылдың қаңтар айында бүл жобаның қүрылысы тоқтатылды. Өйткені, республикада күкірт қышқылын түтыну көлемі артып отыр (2007 жылға дейін 1 млн. тоннаға дейін, ал одан соң 1,5-2 млн. тоннаға дейін күкірт қышқылын өндіру жоспар-лануда). Осыған орай күкірт газын бейтарап-тандыру қондырғысын күкірт қышқылын өндіруге қайта ауыстыру қолға алынып жатыр.

Қазіргі кезде «Қазақмыс» корпорациясы күкірт қышқылын өндіру жөніндегі озық өндірістік технологиясы бар даниялық НаЫег Тогвое фирмасымен өнімділігі 1 млн. тонна екі тиімді қондырғы салу жөнінде келіссөз жүргізуде. Мүнымен қоса қаржыландыру мэселесі шешілісімен күкірт қышқылын өндіру қүрылысы басталып, оны 2003 жылы тамыз айында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, облыс экімдігі жэне «Қазақмыс» корпорациясы арасында қол қойылған Меморандумда белгіленген мерзімде салып бітіру мэселесі сөз болып отыр.

Шахтадан шығатын метан газын өтелдеу мен пайдалану мэселесі де

түбегейлі шешілмей келеді. Жыл сайын ауаға жүздеген миллион текше метр (2002 жылы - 400 млн. текше метр) метан газы шығарылуда. Жыл сайын тек соның үш проценті ғана түлылып, шахта қазандығында жағылады. Бү_л жетімсіз екені белгілі нэрсе.

«Испат-Қармет»Көмір департамент іөзінің қүрамындағы шахталар үшін метан газын түтып қалу мен пайдалану жөнінде бағдарлама жасады. Қазіргі кезде осы бағдарлама бойынша шахта қазандықтарын метан газымен жанатын етіп жабдықтау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға кіріскен. Өткен жылы «Қазақстан», «Шахтинск», «Саран», Костенко атындағы шахталардың қазандықтары шахтаның метан газын пайдаланатын етіп көшірілді. Бүл жүмыс үстіміздегі жылы да жалғастырылуда. Көмір департаменті бүл бағдарламаны толық жүзеге асыру үшін инвестор іздестіруде.

Өткен наурыз айында көмір департаментінің басшылығы жапондық «Тойо Инжиринг» корпорациясының өкілдерімен жэне «Көмір кен орындарындағы метан газы бойынша халықаралық бағдарлама» (АҚТТТ) жетекшілерімен кездесіп, осы мэселені жүзеге асыруды кеңесті. Егер бүл жоба жүзеге асатын болса, оида атмосфераны газбен ластандыру азайып, отын ресурсы тиімді пайдаланылар еді. Кен жүмысын жүргізу қауіпсіз бола түсер еді.

Қоршаған ортаға техногендік өсерімен қоса облысымыз аумағына орналасқан Ресей жалға алған «Байқоңыр» кешені мен «Сарышаған» эскери-зымыран полигоны, сол сияқты көп жыл пайдаланылған Семей ядролық сынақ полигоны да елеулі зардаптарын тигізуде.

«Байқоңыр» космодромынан үшырылған зымырантасығыштардың алғашқы сатысы бөлініп қүлайтын негізгі аумақ біздің облыстың жерінде. Соның салдарынан облыс жері зымыран отынымен жэне оның қүрамына қосылатын заттармен, зымырантасығыштың бөлшектерімен ластануда.

Мүндай аумақтардың экологиялық жағдайлары аз зерттелуде. Қазіргі кезде Парламенттік тыңдаудың нэтижесі бойынша «Байқоңыр» кешенінің біздің облыстың қоршаған ортасына эсерін бағамдау мэселесі үсынылды. Үкімет жоспарына енген барлық кешенді шаралар жүзеге асырылуы қажет.

«Сарышаған» зымыран сынау полигоны бойынша табиғат қорғау заңнамасын орындау жөніндегі келісім жоқ болғандықтан зымыран полигонының қоршаған ортаға ықпалы қаншалықты екендігін зерттеу мүмкін болмай отыр. Қазір оған кіру де мүмкін емес. Ол үшін Қазақстан - Ресей үкіметаралық келісім қажет.

Көп жыл пайдаланылған Семей ядролық сынақ полигонының зардабын жою үшін облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының басшылығымен, ҚР ¥лттық ядролық орталық, радиациялық қауіпсіздік жэне экология институты Семей ядролық сынақ полигонының біздің облысқа қайтарылған аумағында (1 -ші кезең) жергілікті бюджет қаражатына радиоэкологиялық, геохимиялық зерттеуді жалғастырады.



Өткен жылы бүрынғы эскери-сынақ полигондарының жерлерін қалпына келтіру жэне пайдалану мэселесі ҚР Үкіметінің деңгейінде көтерілді. Бүл туралы үсыныстар дайындау жөнінде ведомствоаралық жүмыс тобы қүрылып, оның қүрамында біздің облыстық басқарма бастығының орынбасары жүмысқа қатысты. Үстіміздегі жылдың ақпан айында аталған топтың біздің қатысуымызбен кезекті мэжілісі өтіп, онда бүрынғы Семей ядролық сынақ полигонына қатысты жүмыстарды жеке бөліп қарау, сонымен қоса Семей ядролық сынақ полигонының жерінің шекарасын белгілеу қажеттігі атап өтілді.

Міне, бүлар жүмыстың ең бастылары. Ал жалпы алғанда табиғат қорғауға байланысты басқа да жүмыстар алдағы уақытта да жүргізіле беретін болады.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет