«ӨҢдеу өндірістерінің арнайы технологиясы 1»


Дәріс №6,7 Тақырыбы: Бидайды ұнға ұнтақтаудың интенсификация процесі



бет2/7
Дата02.05.2016
өлшемі1.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс №6,7
Тақырыбы: Бидайды ұнға ұнтақтаудың интенсификация процесі
Жоспар:

1.Бидай өңдеу өндірісіндегі қазіргі анализ жағдайы және әлемдік және отандық ғылымдағы беталыс.

2.Байыту процесімен дамытылған күрделі нан өнімдері ұнтақтары.

Әлемдік астық нарығында белгілі жаңалық болып бірінші ондық экспортқа Бүкіл әлемдік бидай орындаушы кеңесіне Қазақстанның енуі табылды. Қазақстанның әлемдік астық өндірісіне қатысуы экспортты инфрақұрылымды дамытуда ғана емес, қаржылық ресурстарды, ғылыми зерттеулерде де дамытуға бағытталды.

Бидай адамдардың ең негізгі азықтарын өндіруде және жануарларды азықтандыруда қолданылатын басты шикізат болып табылады. Дегенмен бидайды тұрақты түрде сақтау басқа ауыл шаруашылық өнімдеріне қарағанда өте үлкен әрі күрделі іс.

Негізгі ғылыми сақтау мен бидайды өңдеу атақты биохимик- академик ғалымдармен ҒА СССР А.Н.Бах. А.И. Опаринмен кепілдендірілген, В.Л.Кретович,Н.П.Козьмин, Л.А.Трисвятский, Е.Д.Казаковпен және де ғылыми мектептер әсерінен дамыған. Бидай өміршеңдігіндегі маңызды құбылыстар ретінде бидайдың тыныс алу механизмдерін бекітетін, бидайдың өзін өзі қыздыру табиғаты және бұл процестегі микроорганизм рөлі,бидайдың жинаудан кейінгі биохимиялық және физико- химиялық өзгерістері жайлы кешенді зерттеулер келтірілген.Ғылыми негіздерді қамтамасыз етуде бидай сапасын арттыру мен сақтауда,жағдайын бақылау және бидайдағы ылғалдылық, оның биологиялық және физико- химиялық қасиеттерін зерттеуде профессорлар Е.Д. Казаков, А.С. Гинзбург және т.б.(Москва,МГАПП) еңбегі өте үлкен рөл атқарады.



    1. Қазақстанның белгілі мектептеріндегі жетістік анализі мен даму тенденциялары.

Қазақстанда тың игеруден бұрын бар жоғы 70-80 млн. пұт бидай (1 млн. 200 мың тонна.) өндірілді.Тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасы алғашқы жылдары Қазақстанның солтүстік аймақтарында себу жұмыстарын көбейтуді қарастырды. Тек бір жылда 8 млн. 531 мың га. жерді тыңайту көтерілді.1956 жылы мемлекет бірінші қазақстандық нанның миллиард пұтын (16 млн. көп) өткізілген бидайдың жартысынан көбі күшті және қатты сұрыпты нан пісіру қасиетін есептемегенде және жоғары технологиялық қасиетке, бидайды алды. Қазақстан Республикасында бидай өндірісінде 53-60% құрайтын жоғары бидай тауарлануы мен қажеттілігі жоғарылады, бұл білікті жинаумен салыстырғанда: ( Ресейде-35%, ал Украинада-30%, Беларусияда-20%). Республиканың мықты және қатты бидай сұрыптарын өндіруші ретіндегі рөлі артты.

Сондықтан Қазақстан уақытымен тыңайған жерлерді игеруде әлемдік дәрежедегі держава дәрежесін иеленді. Астық өндірісіндегі жоғары өсу , ірі астық сақтау құрылыстарында,элеваторлар мен астық өңдеу мекемелерінде

радикалды, тек сандық емес , дайындау жүйелерін сапалы етуді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Ақмолада Қазақстандық ВНИИЗ бөлімі, Госбидай өндірісін жобалау дың ВНИИ құрама жем бөлімі құрылды. Ғылыми-зерттеу және жобалау институттары оқымыстылары жерді өңдеудің жаңа әдістерін,перспективті өндіріс технологиялары, жинаудан кейінгі өңдеу, бидайды сақтау мен өңдеу, элеваторлар, ұнтақтау,жарма және құрама жем зауыттары жобасы мен құрылысының зерттемелері кіреді.

Бұрынғы қазақстандық ғылыми мектептер ғылыми мекемелерден жоғары негізде Қазақстан егеменділігі жағдайында, МӨМ тағамдық өндірісте (Алматы қ.) А.И.Бараев атындағы (Шортанды қ.) Қазақстандық астық шаруашылығы,Қазақтық бидай және оның өнімдерін өңдеу (Астана қ.) сондай-ақ жоғары оқу орындары(Алматы тахнологиялық университеті, Тараз мемлекеттіе университеті, Қазақ инженерлі- технологиялық университеті) құрылған.

МӨО өңдеу және тағамдық өндіріс эксперименталды- аналитикалық және энергетикалық, ресурстарды сақтау,жинаудан кейінгі өңдеу әдістерін, сақтау мен бидайды өңдеу (академик АСХН ҚР т.ғтд., профессор О.Н Налеев қызметкерлерімен бірігіп) жасауда, құрама жем және жемдік қоспалар технологиясын(т.ғ.к Әлімқұлов, а-ш.ғ.к. Қаржаубаев К.Е.) жасауда жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1.Бидай өңдеу өндірісіндегі қазіргі анализ жағдайы және әлемдік және отандық ғылымдағы беталысы қандай?

2.Байыту процесімен дамытылған күрделі нан өнімдері ұнтақтарын атаңыз?.

3.Қазақстанның белгілі мектептеріндегі жетістік анализі мен даму тенденциялары қандай?



Дәріс № 8

Тақырыбы: Ұнның арнайы технологиясы.

Жоспар:

1.Ұн-ұнтақтар технологиясы.

2.Бидайды ұнтақтауда ұрықтың бөлінуі.
1. Ұн-ұнтақтар технологиясы.

Ұн-ұнтақ жұмсақ нандық ұннан айырмашылығы, ол ұнтақты құрылымға ие, кондитерлік және әр түрлі бұйымдардың өндірісінде қамыр дайындауға қолданылады.

Ұн-ұнтақтар МЕСТ 26574-85 сәйкес ақ немесе крем түстес сары реңді түсте болуы қажет. Желімтік мөлшері 30,0 % екінші топтық сапасына сәйкес болуы керек. Ұн күлділігі 0,60%-тен көп болмауы қажет. Тартылу ірілігі №23 жібек маталы електе қалған 2% және №35 електе өткен және ол да жібек маталы 10% сипатталады. Бұл ұн-ұнтақты құруда қатты және жұмсақ жоғары сапалы эндосперм және қабықтың аз мөлшерінен тұратынын пайдалану керек. Ұн-ұнтақта аз мөлшерлі жұмсақ ұн мөлшерін құруы керек.

Ұн-ұнтақтар өндірісінде арнайы ұнтақтар жоқ. Ережеге сәйкес оны кәдімгі нан бұйымдары ұнтақтарынан технологиялық сызбанұсқа бойынша жұмсақ бидайды қайта өңдеу арқылы шынылығы 50% кем емес, 20% дейін қатты екінші типті бидайды қосу арқылы алады. Бұл тек жұмсақ бидайды қайта өңдеудегідей емес, жоғары сапалы ұнтақты бұйымдарды алуға мүмкіндік береді. Ұн-ұнтақты таңдау үшін бірінші үштік ұнтақтау жүйесі жоғары сапалы класты ұнтақ өнімі қолданылады. Ұнтақта 20 және жұмсақ ұнда көп процентті, ал сондай-ақ қабықша түрінде және эндосперм түріндегі ұнтақтар ескеріледі, ұн-ұнтақ таңдау технологиясында 3,36 суретке сәйкес жүргізіледі. Бір немесе екі ұнтақтау жүйесінде таңдалған ұнтақтар арнайы белгіленген жүйеге сай жұмсақ ұнды жоғалту үшін орналастырылады. Бұл әрекет ұнтақты кептіру деп аталады. Кейін ұнтақтар електі жүйеде қоспаларды жою үшін байытылады. Електі машинадан бірінші өту сапалы өнім ретінде ұн-ұнтақ болып шығады.



2. Бидайлық нан өнімдеріндегі ұнтақтағы ұрықтың бөлінуі.

Бидай дәніндегі ұрық құрамы әр түрлі авторлар мәліметтерінде 1,5-тен 4,22% арасында ауытқиды. Ұрық биологиялық белсенді заттарға бай, ақуыз, майға, олар азықтық және жемдік өнімді бағалы етеді.

Ұрық шикізат ретінде бағалы өсімдік майларын, диетикалық және емдік құрал қолдануы мүмкін. Бидай ұнтақтарының типтік технологиясы өнім ұрығын таңдауды қарастырмайды, сондықтан ұн шығару зауыттарында бұл әрекет орындалмайды, ол қалдыққа түсіп, оның құндылығы төмендейді.

Ұрықты емдеу технологиясы оның физикалық қасиетіне негізделген, жоғары иілгіштік және басқа анатомиялық бидай бөліктеріне қарағанда салыстырмалы төменгі тығыздыққа ие болады. Ұрық гидротермиялық өңдеуден өткенде ылғалдылықты қарқынды түрде сіңіреді, ал иілгіштігін арттырады. Сондықтан бидай ұсақталғанда аз дәрежеде бөлінеді және өнімдердің ірілігіне (1.114/ 0.562) ірі аралық фракция ұсақталады және жарма және ұнтақтар (1.898/1.114; 1.614/1.114 және т.б. ) бидай қалдықтары ажыратылады. Сондықтан ұрықты ажырату таза күйде шектен тыс құраммен қолданылады.

Технологияның 2 нұсқасы бар:


  • Бөлінген ұрық арнайы ұрықты жүйеде өңделеді және кейіннен себу үшін сұрыптауда бөлінеді;

  • Бөлінген ұрық арнайы өңдеусіз ақырғы өнім болып табылады.

Біріккен соң ұрықты жеңіл қабықтарды жою үшін елейді, ал негізгі өнім екі қайтара ұрықты жүйеде өңделеді. Нәтижесінде ұрық жаншылады және шелпек қалпына енеді, ал эндосперм ұн түзуде бүлінеді және ұнтақты жармалы өнімдер мөлшері түзіледі. Жаншу 1,0-1,05 дифференциалды және жылдамдығы 4,0-4,5 м/с біліктерде жүргізіледі.

Екінші сұрыптауда ұрық жаншылау елек 10,3 өтуімен және 22,7 бөлінеді.

Сұрыпты нан өнімдерінің ұнтақтарының технологиясы Buller фирмасының құрамды құралдарымен ұрықты арнайы ұрықты жүйеде (3,41 сурет) қолданусыз бөліп алады. Ұрықты бөлу үшін арнайы төрттік ұнтақты жүйені қолданады, ол бастапқы үштік ұнтақ және екі қабыршақты жүйемен өңделеді. Берілген технология бойынша нақ осы жүйеде ұрық ірі және орта жарма ретінде бейімделеді.

3,42 суретке сәйкес басқа ұрықтың технологиялықсызбанұсқасы екінші жүйелі кіру және елекке кіруден тұрады, олар ірі және орта жармалармен байытылады.

Өнім бірігуден кейін қарқынды ауалы тәртіпте пневмо ажыратылады. Жеңіл бөлім негізгі ұрық мөлшеріне түседі. Келесі бөлімде өнім арнайы жаншу тәртібімен жұмыс істейтін ұрықты жүйеде өңделеді.

Өнімдерді сұрыптауда жаншу ірі және ұсақ ұрықты, бірқатар ұн мөлшерін және ұнтақты өнімдерді бөлінеді.

Технологиялық сызбанұсқаны тәжірибеде қолданғанда лек бойынша ұрық құрамын нақтылау ұсынылады, ауалы лекті пневмо ажырату жылдамдығы елек нөмірі және сұрыптау технологиясының сызбанұсқасы қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұн-ұнтақтар технологиясы қандай?

2.Бидайды ұнтақтауда ұрықтың бөлінуі қандай болады?

3. Сұрыпты нан өнімдерінің ұнтақтарының технологиясы?



Лекция № 9.

Тақырып: Ұнның арнайы технологиясы

Жоспар:

1. Жүгері ұнының технологиясы

2. Жоғары ақуызды ұнның технологиясы

1.Жүгері ұнының технологиясы

Жүгері ұнының келесідей түрлері бар:

- ұсақ ұнтақты жүгері ұны;

- ірі ұнтақты жүгері ұны;

- ерекше тартылған жүгері ұны;

Жүгері ұнының түсі ақ және сары болуы керек. Иісі – жүгері ұнына сәйкес, көгерген және шіріген иістер болмауы керек. Дәмінде – қышқыл және ащы дәмдер болмауы керек. Минералды қоспа құрамын дәнді жандыру арқылы анықтайды. Бірақ оның қытырлақтығы білінбеу керек. Ұнның барлық түрінің ылғалдылығы 15,0% аспауы керек. Ұсақ ұнтақты ұнның күлділігі (құрғақ затқа байланысты) 0,9% аспауы керек, ал ірі ұнтақты ұнның күлділігі – 1,3% аспауы керек. ұсақ ұнтақты ұндағы майдың құрамы – 2,5%, ал ірі ұнтақты ұнда – 3,0% аспауы керек. Бидай және қара бидай ұнының ұнтақ ірілігі белгілі бір елеуіш номеріндегі қалған қалдықпен және өту көлемімен бағаланады.

Сонымен, №23 жібек маталы елеуіштегі ұсақ ұнтақты ұнның қалдығы 2,0%, ал №32 жібек маталы елеуіштен өту көлемі 30% кем болмауы керек.

Ал ірі ұнтақты ұнның №056 металды матадан жасалған елеуіштегі қалдығы 2,0% аспауы керек.

Ерекше тартылған жүгері ұны үшін №067 елеуіштегі қалдығы 5,0% аспауы керек. Ұндағы металл магнитті қоспа мөлшері 1кг-ға 3,0мг-нан аспауы керек. Осыған сәйкес жеке бөлшектердің өлшемі - 0,3мм,ал олардың массалары - 0,4мг болу керек.

Ұнның әр түрлі зиянкестермен зақымдануы және ластануы жіберілмеуі керек.

Жүгеріні ұнға айналдырудағы ерекшелігі оның ұрығының ірі болуында (дән массасынан8-12%). Дайын өнімге ұрықтың түсуі сақтағанда өнімді тұрақсыз етеді. Сондықтан жүгеріден ұн өндіру кезінде оның ұрығы алынып тасталынады. Жүгері дәнін өңдеудің соңғы этапы оны гидротермиялық өңдеу болып табылады.

Дәнді қоспалардан тазалау және гидротермиялық өңдеу процесі технологиялық сызба, жүгеріні жармаға өңдеудің аналогиялық сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Жүгеріні ұнтақтау процесі арнайы барабанды – ұрық бөлгіш ұсақтағыштарда орындалады. Ұнтақтау өнімдерін ірілігі бойынша әртүрлі топқа бөледі. Осыған сәйкес ұнның ұсақ және ірі ұнтақтарының мөлшері бөлінеді.

Ұрықтан ажыратылған жүгері дәні төрт жүйе бойынша ұнтақталады. Ұнтақтау процесінен кейін өнімдер үш жүйеден тұратын үгіту процесіне жіберіледі. Үгіту процесінің әрбір жүйесінде ұнның ұсақ және ірі бөлшектерін таңдап алып, жиналғанын келесі үгіту жүйесіне жібереді.

Ұсақ және ірі ұнтақты ұн әрбір түріне байланысты міндетті түрде бақыланып отыру керек.

Технология бойынша жүгері ұны - 82-87%, кебегі - 7-10%, жүгері ұрығы - 5-7% алынуы керек.
2. Жоғары ақуызды ұн технологиясы

Жоғары ақуызды ұн – бұл қарапайым нан пісіруге арналған жоғары, бірінші сортты ұн, бірақ құрамында ақуыз өте көп.

Ұн өндірісіндегі ақуыз мөлшерінің әртүрлі болуы мына қажеттіліктерден көрінеді:

1. Әртүрлі белокты құрамдағы ұнды диетикалық және емдік мақсатта қолдануға болады.

2. Арнайы бисквитті қамыр үшін өндірісте белокты құрамы төмен және крахмал құрамы жоғары ұнды қолдану керек.

3. Жоғарғы ақуызды ұн нан пісіру қасиетін жақсартқыш ретінде қолданылады. Себебі оның құрамында желімтік аз болады.

4. Жоғарғы ақуызды ұн ұнның жаңа түрлерін (сорттарын) шығаруда қолданылады.

Жоғарғы ақуызды ұнның технологиясы ұн ірілігінің әртүрлі жылдамдығына негізделген. Жоғарғы ақуызды ұн алудың негізгі базасы бидай дәнінің эндоспермінің микро құрылымын зерттеу болып табылады. Ұн ірілігі ақуызды құрамының әртүрлі болуына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.



  • Эндоспермнің микроқұрылымында крахмал бөлшектерімен байланысты болатын ұн бөлшектері 45 мкм болу керек;

  • Құрамында бөлек ақуызға біріккен крахмал бөлшектері 18-45 мкм болатын ұн топтары.

  • Бос ақуызды бөлшектерден және ұсақ крахмалды бөлшектерден тұратын өлшемі 18 мкм болатын ұн топтары.



Бақылау сұрақтары:

1. Жүгері ұнының технологиясы

2. Жоғары ақуызды ұнның технологиясы

3. Ұрықтан ажыратылған жүгері дәні неше жүйе бойынша ұнтақталады?




Дәріс №10,11

Ұн қасиетін жақсарту жолдары.
Жоспар:

  1. Ұнның витаминдендірілуі

  2. Ұн қасиетін жақсарту жолдары

1.Ұнның витаминдендірілуі

Технологилық процестің қабылданған шарттары бойынша сортты диірмендерде дәннің перифериялық бөлігі мен эндоспермнің бөлінуі жүреді.Дән перифериясы-қабықша,зародыш және алейрондық қабат технологияның негізгі өнімін құрайды,ал эндосперм-жоғары сортты ұнды.Дәннің биологиялық табиғаты сондай,ондағы биологиялық активті заттар-витаминдер,микроэлементтердің көп бөлігі дән перифериясында,ол жоғары сортты ұнды құрамындағы витаминдерге қарай азқұнды тағамдық өнім жасайды.Егер дән өнімдерінің В1(тиамин) және В2(рибофлавин) және РР(никотин қышқылы) витаминдерінің негізгі көзі екенін ескерсек,онда жоғары сортты ұнға жасанды жолмен витамин енгізу керектігі анық болады.Нан және дәннен алынған басқа өнімдер негізгі тағамдық өнім болғандықтан,жағдай қиындауы мүмкін.Сондықтан жоғары сортты ұнның витаминдендірілуі маңызды болып табылады.Витаминдендірілу технологиясы арнайы инструкция бойынша жүзеге асырылады.Жоғары және бірінші сортты ұндардың витаминдендірілуі В1, В2 және РР сияқты синтетикалық витаминдердің енгізілуімен жүзеге асырылады (3.50 табл.сәйкес).

Таблица 3.50-Жоғары және бірінші сортты бидай ұнына В1, В2 және РР витаминдерінің енгізілу нормалары

Витамин атауы

Енгізудің минималды нормасы

Енгізілетін витаминдердің мөлшері,х10-3%

мг/100г

Х10-3%

Салмақтық мөлшерлеу

Көлемдік мөлшерлеу

Тиамин(В1)

0,4

0,4

0,5-0,1

0,5-0,2

Рибофлавин(В2)

0,4

0,4

0,5-0,1

0,5-0,2

Никотин қышқылы(РР)

2,0

2,0

2,5-0,5

2,5-1,0

Ұнға витамин енгізудің технологиясы 3.39 суретте көрсетілген.Технология бойынша алдымен витаминді концентрат дайындайды.Ол үшін витамин араластырғышқа бір уақытта В1,В2 және РР витаминдерінің белгілі бір мөлшерін салады және белгілі бір уақыт ішінде араластыру жүргізеді.

Одан кейін дайындалған витамин концентратын ұнмен араластырады. Үшінші этапта алдын ала дайындалған витаминдер қоспасы және ұн көлемдік немесе салмақтық тәсіл бойынша мөлшерленеді және порциялы араластырғышта ұнмен араластырылады.Ереже бойынша алдын ала дайындалған витаминдер қоспасының мөлшерленуі ұнның мөлшерленуіне қарағанда 0,1-2,0% құрайды.



2.Ұнның қасиетін жақсарту жолдары

А) Дәнді ұнтақтауға дайындаудың эффективтілігі

Технологиялық процестің дән тазалау бөлімінде дәнді ұнтақтауға сапалық дайындалуы қамтамасыз етілу керек.Гидротермиялық өңдеу нәтижесінде алынған дән ылғалдылығы дән түріне және сапасына,сонымен қоса ұнтақтау типіне сәйкес болу керек:



  • жұмсақ бидайды нан пісіру ұнына сорттық ұнтақтау кезінде 14,0-6,5;

  • қатты және жоғары шынылы жұмсақ бидайды макарон өнімдерін дайындау ұнына ұнтақтау кезінде 15,5-17%;

  • қара бидайды сорттық ұнтақтау кезінде 14,0-15,0%;

  • бидай және қара бидайды обойлы ұнтақтау кезінде дән ылғалдылығы ұнның стандартты ылғалдылықта алынуын қамтамасыз ету керек.

Дәндегі қоспа мөлшері 3.4 таблицада көрсетілгендей шекті нормаға сәйкес болуы керек.

Таблица 3.4 – Дәндегі жіберілетін қоспаның шекті мөлшері



Қоспа түрі

Ұн түрі

макарондық

Нан пісіру

Арамшөпті қоспа

0,3

0,4

Соның ішінде қуыршақты

0,05

0,1

Барлық зиянды қоспалар (қаракүйе, кекір,т.б.)

0,05

0,05

Соның ішінде кекір

0,04

0,04

Рузаривных зерен

0,6

0,3

Бидай дәніне гелиотроп опушенноплодный,триходесма седая және минералды қоспалар жіберілмеуі тиіс.Нан пісіру ұнтақтарының макарондық жармасының құрамы макарондық ұнтаққа арналған бидай қоспасының құрамына сәйкес келуі керек.

Дән клейковинасының саны мен сапасы осы стандартқа сәйкес ұнның алынуын қамтамасыз етуі керек.

Дәннің эндоспермінде микро және макро сызаттар болу керек,сол арқылы белгілі дәрежеде ылғалданады.

Эндосперм мен қабыршақтың байланысуы минималды болуы керек,сол арқылы олардың ұн зауыттарының үгіту бөліміндегі үгітілуі жаксы болады.

Елеуіштің үгіту бөліміндегі технологиялық процестердің бірінші жүйесіне апарылатын дәндік қоспалардың минималды құрамы әрбір бөлу сатыларында тиімді қамтамасыз етілген.Қажетті бөлу тиімділігі құрал дайындау заводының құжаттарыны сәйкес одан төмен қабылданбауы керек.

Дән бетіндегі минералды және басқа да түрлі қоспалар,кесілген қабыршақтары,сақалшасы және қылдары алынып тасталынуы керек.Қолданылатын құралдың түріне байланысты дән күлділігінің төмендеу дәрежесі 0,02 – 0,05 % аралығында ауытқымауы керек.Сонымен қатар дәннің бөлінуі 1 – 2 % аспауы керек.

Б) Ұнның нан пісіру қасиетін жақсартудың жолдары

Қара бидай және бидай ұнының нан пісіру қасиетін жақсарту мәселесі негізінен ауыл шаруашылығында орындалатын түрлі шаруалармен және дәнді сақтау және ұнға айналдыруға дайындау мәселелерімен шешілуі керек.

Бірінші ретте өнімділігі жоғары болатын,ауруға төзімді келетін,тыңайтқышты жақсы сіңіретін және басқа да агротехникалық қасиетке және жақсы нан пісіру қасиетіне ие болатын қатты бидайдың жаңа сорттарының егісін көбейту керек.

Осыған қатысты топырақты өңдейтін,ондағы әртүрлі жәндіктер және ауруларды жою үшін сәйкес тыңайтқыштарды қолдану керек.

Көптеген жұмыстар нан қабылдау пунктімен элеваторлардың жұмысына байланысты болады,қолданылатын дәннің нан пісіру қасиетін дұрыс бағалау жуу мен кептірудің рационалды тәсілдерін қолдану,дұрыс орналастырып сақтау және тағы басқа.

Ұнның нан пісіру қасиеті ұн зауыттарындағы жүргізілетін шараларға байланысты: технологиялық қасиетіне байланысты дәннің үгінді қоспаларын құрастыру,дәнді желдетудің оптимальді режимін қолдану болып табылады.

Барлық жоғарыда аталған шаралар ауыл шаруашылығында және дайындау жүйесінде, дәнді сақтау және бірінші өңдеу кезінде жүзеге асырылады.

в) Нан-тоқаш өнімдерінің сапасын жақсарту әдістері

Нан пісіру өндірісінің технологының негізгі жұмысы нан зауыттарына келіп түскен әтүрлі нан пісіру қасиетіне ие ұннан жоғары сапалы нан-тоқаш өнімдерін алу болып табылады.

Бұл жұмыстың бірінші сатысы нан зауыттарына келіп түскен ұнның нан пісіру қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерін анықтау болып табылады.Ұн күші, оның қант және газ түзу қабілеті,ұн түсі және оның нан өндіру процеінде қараюға қабілеттілігі бидай ұны үшін негізгі көрсеткіш болып табылады.Қара бидай үшін негізгісі болып оның аналитикалық активтілік табылады.

Ұнның нан пісіру қасиетінің қабылданған көрсеткіштерін ескере отырып технологиялық процестің жүргізілу режимі мен оптималды әдістері,арнайы қосымша технологиялық шаралар немесе жақсартқыш қоспалар анықталады.


Бақылау сұрақтары:

1.Ұнның витаминдендірілуін атаңыз?

2.Ұн қасиетін жақсарту жолдары қандай?

3.Нан –тоқаш өнімдерінің сапасын жақсарту әдістері қандай?



Тақырыбы:Астык түйiрден жарма өндiрудің арнайы технологиясы
Жоспар:

1.Сулы жармасынын арнайы технологиясы

2. Жылдам қайнайтын жарма технологиясы .

3. Қайнауды қажет етпейтін жарма алу технологиясы

4. Тағамдық құндылығы жоғары жарма технологиясы
Жарма ол жартылай немесе толығымен тұқымдык қабықшадан жане жеміс кабықшадан ажыратылған дән. Жарманың сапасы бастапқы дәнге жане бұршақ жемістерінің технологиясына жане өндеуге байланысты.Жарманың өңдеу процесі екі операциядан тұрады.Шикізатты дайындау дәннің үстінгі қабатын өндеу. Технологиялық өндеуде дәнді тазартады, мөлшерін іріктейді жане үлестерге бөледі. Жарманың жеке түрлерін дайындағанда арлеу,сақтау алдында гидротермиялық өңдеу қолданылады.Гидротермиялык өңдеу дәнге будың жане ыстық судың әсер етуі, осының салдарынан қабықшалар оңай ашылады, кауыздану кезінде женіл бөлінеді.

1.Сулы жармасының арнайы технологиясы, ұсакталған, ажарланған, бұктырылған жарма сұлының бүкіл ядросын құрайды. Ол талшықтардан жұқа қабықшалардан ажыратылған жарма майда крем тусті. Ядросы ұсакталған жарма кұрамында 5-8% май бар.Минералды құрамы жағынан қарақұмық жармасынан жоғары болып келеді .Сапасына карай: жоғары,1 жане 2 сорты болып бөлінеді.



«Геркулес» хлопьясын ондіру технологиясы.

4,33-суретте хлопья алудың технологиялық сызбанұсқасы көрсетілген. Мұндай технологиялық схема үлкен өндіріс орынында және шағын кәсіпорында жарма хлопьясын алуға қолданылады.Осы жагдайда ұсақталмаған жарма шығының нормасы 9,5% болса,онда өңдеу барысында сұлы хлопьясының 5,5% болады.Өндірістегі жарманың технологиялық шарты ,сұлы жармасынан «Геркулес»Хлопьясы алынған тәсілмен жүргізіледі,бұл жағдайда хлопья шығыны 9,5%. Оларды өңдеу негізінен бір технологиялық схемада өтеді. «Геркулес» хлопьясын өндіру үшін әдетте жоғары сорты жарма қолданылады.Хлопья сапасына қойылатын жоғары талаптар сұлы жармасын,сонын ішінде ұсақталған және бөлшектелген ядросына ерекше назар аударады.Осындай технология көмегімен екі мәрте сеперациялау және бір мәрте жарманы іріктеу жүргізіледі.


Талшық алу технологиясы.

Талшық – бұл сұлы ядросынан арнайы технологиямен алынатын ірі ұнтақты ұн. Оның ылғалдығы 10.0 % – дан ,ал күлділігі 2.0 %– дан аспауы керек. Толокно алу үшін қоқыс қоспасынан және жетілмеген дәндерден тазартылған таза сұлыны пайдаланады. Дәнді тазарту технологиясы сұлы жармасын алу технологиясымен ұқсас келеді. Тазартылған сұлы дәндерін екі сағатқа температурасы 35°С суда жібітеді. Осы кезде сұлының ылғалдылығы 30% – ға жетеді. Ылғалды сұлыны арқалы аппараттарда 1,5-2сағ. Бойы 0,15-0,2 МПа бу бере отырып өндейді, сосын ылғалдылық 5-6 % ға жеткенше кептіреді. Осы кезде ядроға қарағанда күлдік қаббаттың сусыздануы көбірек болады да, жарылғыштық көбейіп ол ядродан бөлінеді. Сұлыны арнайы аппараттарда суытады. Мұндай аппараттарда температура 10°С аспайды. Суыту процесі атмосфералық ауа көмегімен жүзеге асыралатындықтан ауа ылғалдылығын бақылау қажет, сусыздандырылған күлдік қабатты ылғалдандырып алмау қажет. Сұлыны қабыршақсыздандыру - қабыршақсыздандыру поставаларында немесе центрге тартқыш қабыршақсыздандырғышта жүзеге асырылады. Қабыршақсыздандыру режимі 90% қабыршақтынсыздырылған дәндерді қамтамасыз етуі қажет. Қабыршақсыздандырылған өнімді 3 этаппен сепарациялайды- алғашында ситолы сепараторлармен, мұнда диаметрі 2мм ситолар ұн мен ұсақталған ядроны ажыратады, сосын екі еселік пневмо сепорациялау көмегімен лузганы бөліп алады. Үшінші этапта қабықсыздандырылған және қабықсыздандырылмаған дәндерді паддимашиналарда бір-бірінен ажыратады. Қабықсыздандырылмаған дәндерді қайта қабықсыздандырады, ал мучка, лузга және ұсақталған ядроны бақылайды.Қабықсыздандырылған сұлы дәндерін екі қайтара ұсақтайтын белдікті станоктар жүйесінде ұсақтайды. Ұсақтауды бірінші және екінші жүйелерден ұнды максималды мөлшерде алуға бағыттайды. Ұсақтау өнімдерін рассевтарда іріктейді. Өзінің табиғаты бойынша осы этаптағы технология обойлы ұн алу технологиясын еске салады. Түрлі ситодан өткен рассевтан толокно алады, ал қалғанын кайта ұсақтау жүйесіне жібереді.Екінші ұсақтау жүйесінде интенсивті ұсақтау операциясын қайталайды да,алынған өнімді іріктейді. Ұсақтаудың екі жүйесінен алынған толокноға байқаусыз түсетін қоспалардан расевтің арнайы жүйесінде бақылайды. Осы бақылаудан кейін екінші ұсақтау жүйесінде қайта ұсақтайды. Балалардың тамақтануында қолданылатын сұлы толокносы пестициттерді қолданбай өсірілген сұлыдан алынуы қажет. Сондай-ақ сұлы құрамындағыи ауыр металдар(мыс,свинец, кадмий, мырыш, сынап) рұқсат етілген концентрация көлемінен аспауы керек. Ал пестициттердің қалдық көлемі максималды рұқсат етілген көлемге сай медициналық нормалармен бекітілген болуы керек.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет