Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы



жүктеу 484.54 Kb.
бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі484.54 Kb.
  1   2   3   4
Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
Ысқақ баптың ұлы Харун шайық. Оның ұлы Момын шайық. Оның ұлы Мұса шайық. Оның ұлы Ысмайыл шайық. Оның ұлы Хасан шайық. Оның ұлы Осман шайық. Оның ұлы Омар шайық. Оның ұлы Мухаммад шайық. Оның ұлы Ифтихар шайық. Оның ұлы Махмуд шайық. Аның оғлы Ілияс шайық. Оның ұлы Ибрахим шайық.

Ибрахим шайықтың екі ұлы бар еді. Бірінің аты - Ахмет Қожа және тағы бірінің аты - Садыр шайық еді. Садыр шайықтың да екі ұлы бар еді. Бірінің аты - Әбділмәлік еді және тағы бірінің аты - Данышманд қожа еді. Оның ұлы – Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы еді. Әбділмәліктің ұлының аты – Абдал Али еді (Оған Алланың рахметі болсын).

ХХХХ

Қазіреті Әли Шаһ-и Марданның қазіреті үш ұлы болған: имам Хасан, имам Хұсайын, үшінші ұлы имам Мұхассан бала кезінде қайтыс болып кеткен. Имам Хасанның кәнизактарынан 14 ұлы болған. Имам Хұсайынның алты ұлы, бес қызы болған: Али Акбар, Али Асғар, Жағыфар, Абдаллах, Абу Бакр, Ибрахим, Хазрат имам Мұхаммед Ханафия Ямама патшасы Жағыфар ибн Қайыс қызынан туған.



Қазіреті имам Мұхаммед-Ханафияның үшінші халифа қазреті Османның қызы Бибі Шамсиядан алты ұлы болды: Абу Хашим, Абдаллах, Жағыфар, Шаһ Мансур, Абд ал -Фаттах және Абд ал-Маннан.

Біліңіз: имам Жағыфар – Паһулан Ахмад Замшының арғы бабасы, Абд ал-Фаттах Хазрат Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи және Исмаил Атаның арғы бабасы, имам Мұса – Хазрат Али Құсши Атаның арғы бабасы болған.

Ысқақ баб, Абд ал-Маннан, Шах Абд ал-Қаһһар және Шаһ Абд ас -Саттардың қасиетті әулет ұрпақтары Түркістан өлкесінде көп болып, түркілердің шайықтары және қылует иелерінен есептеледі.

ХХХХ


Қазреті Әли және қожалардың төрт атасының келіп шығуы

Қазреті Әли кей жерлерде халықты дінге кіргізгенде Құранның сүрелері мен аяттарын ретіне қарай пайдаланады екен. Халықтың айтуына қарағанда, Қазреті Әли Құранды оқығанда, оның даусы жеткен жердегі кісілер Құранның киелі сөздерін есіткеннен-ақ жерге бас иіп, дінге кіре береді екен.

Қожалардың негізгі төрт аталарының шығуы туралы:

Бірінші – сейіт әулеттері Қазреті Әли мен Бибі Фатимадан тарағандар. Қалған үш атасының келіп шығуы туралы:

Бірде үлкен қан төгіс соғыс болып жатыр екен. Қазреті Әли бір батырмен қылыштасып жатқан уақытында әлгі батырдың басындағы дуылғысы ұшып кетеді. Сол кезде батыр арқасынан шаштың төгілгенін байқап қалған Қазреті Әли ол батырдың қыз екендігін біліп, жекпе-жекті тоқтатады. Кейін тілге келіп, онан әрі ұрыспайтындығын айтып, Мұхаммед пайғамбарға алып барады. Мұхаммед пайғамбар әңгіменің мән-жайын түсінген соң, ол қыздың кім екендігін сұрайды. Ол өзінің юнан (грек) қызы екендігін және дінінің басқа, яғни христиандық екендігін айтады. «Сен өзің әйел екендігіңді жасырғандығың үшін кінәлісің, бірақ кінәңді өтеуге болады. Егер сен мұсылман дінін қабылдап, Қазрет Әлиге шығып жар болсаң, бәрін кешіруге болар еді». Қыз біршама ойланып барып: «Менің үш өтінішім бар, егер солар орындалса, мен өз келісімімді бердім» - деп жауап беріпті. «Біріншісі, мені өзіңізге өкіл қыз етіп аласыз; екіншісі, Қазреті Әлимен екеумізден туған баланың атын екеуміздің атымызды қосарландырып қоямыз, яғни Мұхаммед-Ханифа (себебі: қыздың аты Ханифа болған), ал, үшінші, біз екеумізден тараған ұрпақты Бибі Фатима мен екеуінен тараған ұрпақтай сейіт әулеті деп қабылдайсыз»,- деген екен. Сонымен Мұхаммед пайғамбар келісімін берді де, сол жерде Қазреті Әли мен Ханифаның некесін қиып, үйлендіріпті. Міне содан бірінші перзенттері ұл бала болып, Қазреті Әли мен Ханифаға ұқсаған батыр жау жүрек болған екен. Оның атын келісім бойынша Мұхаммед-Ханифа деп қойыпты. Осы баладан үш ата тарайды.

Сонымен осы үш атадан тараған қожа ұрпақтары қазір де Қазақстан жерінде көбірек ұшырасады.

Ол үшеуі: Абд ал-Джалил Баб. Кесенесі осы күнге дейін сақталған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында Сырдарияның арғы бетінде құмның ішіне тұр. Жан-жақтан адамдар зияратқа келіп жатады, қасында баласы Сейіт Хусайын жатыр. Қазіргі уақытта бұл кісіні лақап аты бойынша Қорасан Ата деп атайды. Ысқақ Бабтың (лақаб аты – Баба Ата) бейіті Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе деп аталатын жерде тұр. Абд ар-Рахим Бабтың мүрдесі Жамбыл облысында, Жамбыл қаласының маңына жайласқан. Міне, қарап отырсаң бұлардың бәрі де тарихи тұлғалар. Осы айтылған кісілерді Мұхаммед-Ханифадан тараған десек, осы кісілерден тараған ұрпақтарды қожалар деп атайды. Міне, сөйтіп қожа ұрпақтарын негізінен осы төрт атаға бөлуге болады. Оның ішінде тағы жалғасып бөлініп кете береді.

ХХХХ


Қазреті Ысқақ бап Сайрам және Шымкентке келді. Шаһ Таббатдар есімді кісіні исламға шақырды. Ол қабыл етпеді. Үш күн, үш түн соғысты. Тарса кәпірлерінің 20 мың әскері қырылып, тозаққа кетті. Ислам әскерлерінен 1000 кісі шейіт болды. Қазреті Шаһ Абд ал-Азиз Бап осы Сайрам шайқасында шейіт болды. Сосын Таббатдар Солханәк жаққа қашты. Осы кезде түрік тайпаларының атты әскерлері адамдардың айтуы бойынша оны өлтірді. Осыдан соң Ысқақ бап Шынарлық шайықты діни ілімдерді үйрету үшін Сайрам және Шымкентте қалдырды. Осы уақыттан кейін айтылған патша қайтып Созақ қаласын құрды. Имам Мұхаммед Ханафия ұрпағынан болған Білге ханды ол жерге қалдырды. Осыдан соң Ысқақ бап Солхан шаһарын қоршады, бір түн, бір күн соғысты. Қырық мың тарса кәпірлерін өлтірді. 7 мың мұсылман шейіт болды. Ол Таббатдар патшаны екі тарса қауымынан болған патшамен бірге өлтірді. Одан соң қазреті Ысқақ Бап Түркістанға кіретін Ясы, Сүйірі, Қарнақ, Иқан, Темірқуфқан, Бағыстан, Жетікент, Алтмыш, Отрар, Сығанақ және басқа бірі екіншісінен бостан болған қала мен ауылдарды және түрік тайпалары «Теңіз» деп атайтын үлкен су айналасындағы халықтарды мұсылман етті. Осыдан соң бірін-бірі ораған үш қорған, жеті жұма мешітін салды. 80 жыл мұғ кәпірлерімен соғысты.

Біліңіз: Сырдария бойынан Өзгент шаһарына қарай тұрған барлық кәпірлер мүғ кәпірлері болып есептеледі. Сыр жағасынан Ясы шаһары жағына қарай болған кәпірлер тарса кәпірлері болады. Бұхара, Самарқанд және бұл екі қала атырабындағы кәпірлерге келсек, олардың барлығы йахуд кәпірлері болады. «Ей Пайғамбар ұрпақтарына сенушілер! Біліңіз: Ислам негіздерісіз болған әңгіменің ақиқаттығы сауал тудырады. Қазреті Әбді Жалил Баб Баршынлық уәлаятына барды, соғысты. Тарса кәпірлерінің 150 мың әскерлері қырылды. Мұсылмандардан 9 мың кісі шейіт кетті. Баршынлықтың 2 патшасы Қылыш хан, Яшмут хан болған. Қылыш хан соғысты. Яшмут хан Хожанд қаласы жағына кетті. Ысқақ баб өзінің немере ағасы Абд ар-Рахим бапқа елші жіберіп, оны хабардар етті. Қазреті Абд ар-Рахим бап 60 мың мұсылман әскерімен шейіт болып өлді. Ол (Ысқақ Бап) бірден атқа қонды. Темірқуфқан, Талас қалалары арқылы тау артымен өтіп, Қасан қаласын қоршады. Марғинан қаласындағы қазреті Шаһ Мансур, қазреті Шаһ Абд ар-Рахманға өткен жағдайды баян етті. Осыдан кейін екі патша атқа отырды. Олар да Қасан қаласына барып соғысты. Өтеміш Сарығ Толмыш Сарығ Хожанд шаһарына келді. Өйткені хазрат Абд ар-Рахим бап халқы ислам дінінен шығып жалған жолға қайтты. Қасан қаласындағы қалған кісілердің барлығы мұсылман дінінде қалды. Өйткені мен жоғарыда жалпы түрде айтып өткен едім. Қазреті Әбді Жалил Хожанд қаласына келді, соғысты. Хожанд қаласынды шаһид болды. Қазір онда қасиетті зиярат орыны бар. Қазреті Ысқақ бап Әбді Жалилдің бұл хабарын есітті. Әскер жинап соғысты. Барлық мұғ патшаларымен – Яшмут хан, Өтеміш Сарығпен соғысты. Оны (Әбді Жалилді) өлтірген кісіге көп қарсы болды. Ысқақ бап Яшмут ханның мұсылман болмаған баласын Қарғалық қаласына алып келді. Соңында Яшмут ханның баласы мұсылман болды. Қазретпенен Қағбаға барып хаж жасады. Қағба суретімен Қарғалық мешітін салды.

Ей, Пайғамбар ұрпақтарына сенушілер! Біліңіз: Үргеніш Қарахан қазреті Ысқақ баптың әскер басшыларынан еді. Қазреті Хасан Уасыл және Яуаш бап туббаға табиғиндардан болды. Ол 125 жыл өмір сүрді. Қызырмен 9 жыл сұхбатта болды, шайықтық жасады. Халайыққа ақиқат жолын көрсетті. 80 жыл мұғ-тарса кәпірлерімен ғазат соғысын жасады. Яғни, 9 жыл шайықтық жасаудан бұрын 80 жыл ғази болды. Бұл жалған дүниеден мәңгілік үйіне шайықтық дәрежесінде өтіп кетті.

Пайғамбар ұрпақтары мухлистері! Біліңдер: Ысқақ бап тегі туралы айтылып жатыр. Біл, Ысқақ баптың баласы – Харун шайық, Оның баласы – Умар шайық, Оның баласы – Ифтихар шайық, Оның баласы – Махмуд шайық, Оның баласы-Ілияс қожа шайық, Оның баласы – Ибрахим шайық, Оның баласы – Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи.

ХХХХ

Қызыр әлейкум сәлем, Қ.А. Ясауидің әкесі шайқы Ыбырайыммен оның 10000 шәкіртімен сұхбаттас болған. Шайқы ЬІбырайым алдыңғы қатарлы халифалардың бірі Мұса шайқының қызы Айша Хатунға үйленеді. Бұл некеге, әсіресе, Қызыр әлейкум-сәлем себепші болған.



ХХХХ

Қ.А.Яссауидің әкесі Ибраһим ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. Ол өзінің ұстазы Мұса шайхтың қызы Айшаға (Карашаш) үйленіп, Гауһаршахназ атты қыз бен одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді. Ахметтің шешесі жастай дүние салады, әкесі де жеті жасында қайтыс болады. Бала Ахметтің негізгі ұстазы, тәрбиешісі өзіне аталас туыс болып келетін Арыстан баб екен. ҚА.Яссауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты Жамал, екіншісінің аты Гауһар. Соңғысының күйеуі — Әли Қожа. Осылардан тараған Яссауи әулеті екі жүзге жетсе керек. Өздерін "қожамыз" деген әулетпен ғана қыз алысатын болған екен...

ХХХХ

Ертеректе Сайрам өңірінде Ыбырайым ата деген кедей адам адал өмір кешіпті. Қарт ертелі-кеш тынымсыз еңбек етсе де ештеңеге жарыған емес. Оның бар байлығы өзен жағасындағы шағын бақша ғана болатын. Әлгі адамның балалары көбейген сайын шығындары да көбейе түсті. Оның қыздары ұзатылып, ұлдары ержете бастады. Алла Ыбырайымға мейірім дарытты, оған балалары қуаныш беріп, қарт көз алдында ойнаған ұлдарын көргенде көкірегі нұрға толады. Алайда Ыбырайым өзінің үлкен ұлы Ахметке көзі түскен іштей мұңданатын. Ол өзгелерден ерекшеленіп жүретін. Әрдайым ой үстінде ол бір жаққа жалғыз кетіп қалатын, әрі көп сөйлемейтін, тұйық жан еді.



Баланың ауыр жұмысқа ебі болмады, одан бойын аулақ салып жүретін. Ахмет мейірбанды еді, қайыршыларға жәрдемдеді ұмтылатын, олармен жалғыз тілім нанын да бөлісіп жейтін. Қарт Ыбырайым осы ұлын қарап отырып ұзақ ойға қалды. "Бұл — Алланың қасиетті еркі ғой" деген сенімге келетін. Жыл артынан жылдар өте берді. Ахмет 15 жасқа толды. Жаздың қапырық ыстығы түскен, Ахмет базарға бармақшы «ол әдеттегісінше қариялардай қолына ұзын таяқты ұстап шығыпты. Жолда бақтағы әкесіне жолықпақшы болды. Ол шыжыған күн астында әжімді бетінен тер сорғалап, жұмыс жасап жатқан қартты көрді. Әлі жұлынатын шөп көп еді. Ахмет әкесіне қарап тұрды оған деген аяныш сезімі оянды.

— Әке, сіз шөпті неге қолыңызбен тазартасыз? Былай деді- "Арам шөптер тез шығындар, менің бақшамда тек қана жеміс ғана өсетін болсын!". Осы сөзді Ахмет айтты да, өзінің аса таяғын сермеп қалып еді, сол кезде арам шөптер бақтан өздері ұшып шығып бір шөмеле болып жиналып қалды.

Ыбырайым атаны бұл ғажайып қатты тандаңдырды. Ол алған сәтте не айтарып білмесе де Алланың өз ұлына осындай дарытқанын түсінген соң, аспанға қарап қолын жайып:

— Ұлым менің, Алла сені басқа адамдардан бөлек етіп жаратып саған кереметтер жасайтындай ұлы күш дарытыпты. Сен енді менің үйімді керек те қылмайсың, соңдықтан пайғамбар қайда сілтесе соның бар - деді.

Ахмет кері бұрылды да жүре берді, ол мүмкін енді үйіме қалай оралмаспын дегендей жай қозғалды. Ол ауылды тегіс аралап шыққан соң, күн батысқа қарай бет алды.

Ахмет сол бетімен бірнеше күн жүріп, Қаратау деп аталған тауға келіп тірелді. Осы жерде өзінің асасын қадады, сол жері бұлақ көзі ашылды, бұл таза салқын су еді. Ахмет одан әрі қарай Түркістан қаласы тұрған тұсқа тоқтады, жан-жағына қарап осының тұрақтануға бекінді.

Өзіне үй тұрғызды, шағын бақ егіп, осында жұмыс істеп тамаша асырауды мақсат етті.

Ахмет бос уақытында Алланы ауызға алып құлшылық етумен болды. Өз үйі жанынан өткен адамдарға шама-шарқын жеткенше жәрдемдесуге тырысты.

Оған қаріп болып қалғаңдар мен әртүрлі кеселге душар болған келіп жатты. Ахмет оларды емдеп жіберетін, кейін оның даңқы ғажайып істері көпшілікке мәлім болды.

Бірте-бірте әулиенің жанына Аллаға, ұлы пайғамбарға құлшылық ету үшін онымен бірге болуға ниет еткеңдер де қоныстана бастады. Жылдар өте берді, бір лашық үй бай кентке айналды.

Қожа Ахмет ұзақ жасады, ол өзінің ғұмырында көптеген ғажайыптар жасады.

ХХХХ


Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибрахим шайықтан екі бала болады. Солардың бірінің аты Ахмет болады. Бірде бала Ахмет үйден шықса, атасы Ибрахим шайық шұқшиып жер шұқылап отыр екен. «Ата не істеп отырсыз?» - деп сұрағанда, «Е балам, егістікті жегенелеп отырмын», - деп жауап береді. «Ой ата-ай, соған да осыншама әуре боласыз ба? Бір ауыз сөзбен бітірмейсіз бе?» - дейді Ахмет. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе сен жасай ғой», - деп, әкесі баласын сынамақ мақсатпен рұқсат беріпті. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенең жерге қал, бегенең бетке шық», - деген екен. Дәретін алып келген атасы қайран қалып: "Е, балам, саған Алла тағаланың құдыретімен әулиелік дарыды, енді Жарылқаушы Иең қайда жол көрсетсе сонда бар», - деп батасын берген екен.

ХХХХ


Ахмет Ясауидің балалық шағынан бастап, Құдайға жанын тапсырған сәтіне дейін бойындағы даналық көрініп тұрады. Дінге берілуінен басқа тапқырлық, шешендік сөздері, нақыл-тәмсілдері де оны тұлғаландыра түседі, Әкесі Ибраһиммен жас кезінде өз дүниетанымы бойынша қайшылықты пікірлерге келетін кездері де бар. Түркістанға барып қайта бір оралғанда, әкесі одан ол жактың елі қалай екен деп сұрайды. Сонда бозбала Ахмет: «Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады - дейді. «Осыны біле тұра онда неге кеттің», - дейді. «Жақсыны жолға салу оңай, енді жаманды да жолға салып көрейін деп едім», - дейді.

ХХХХ


Әзиз рухын Алла киелі қылғай шайық Ахмет Ясауидің артықшылықтары. Қожа Ахмет Ясауидің атасы Ибраһим шайықтың бір – Мұса қожа атты асхабы бар еді. Бұл Мұса қожа 15 жыл Ибраһим шайықтың қылуетінде қызымет қылды. Ибраһим шайық Мұса қожаға: «Қызыр (алайх ис-саламның) ишаратыменен Ясы елінде суфра тұтқын»,- деп ижазат берді. 43 жыл Ясы елінде суфра тұтты. 40 жыл Қызыр (алайх ис-саламмен) бірге сұхбатта болды. Ол уақытта Ясауи Ахмет қожа 20 жаста еді. Қызыр (алайх ис-салам) айтты: «Ей, Қожа Ахмет Ясауи иелігіңді бізге бергін», - деді. Қазіреті Қожа Ясауи иеліктерін оларға берді. Қызыр ата иеліктерін алып, былай деді: «120 жыл өміріңіз болсын және тағы қалың муриті бар ұлы машайық болғайсыз». Шайық Ахмет Ясауи (рахмат Аллах алайхи) Сайрам уәлаятынан келіп, Ясы елінде 100 жыл шайықтық қылды. Қожа Ахмет Ясауи (рахмат Аллах алайхи] бамдат намазының сүндетін Ясыда қылып, парызын Кағбада қылар еді. Және тағы адина намазын Ясыда қылып және Қызырмен бірге Кағбада қылар еді және де Сайрамда қылар еді, және ғид намазын һам осындай. Және Суфи Мухаммад Данышманд Зарнуқи келді. Қожа Ахмет Ясауидің қызыметінде болып, 40 жыл қылует қылды. Содан соң Шайық Ахмет Ясауи Суфи Мухаммад Данышмандқа ижазат берді: «Барғын, Отырарда суфра тутқын»,- деп айтты. Суфи Мухаммад Данышманд Отырарда 40 жыл суфра тутди. 70 жыл Қызыр (алайх ис-саламмен) бірге сұхбатта болды. Және тағы Суфи Мухаммад Данышмандтың бір мүриті – Сұксұк қожа (алайх ис-салам). Ясауи Ахмет қожа ата қасында 12 жыл қызымет қылды. 112 жыл өмірі болды. 3 мың мүриті болды. Нағыз мүриті – Әулие Малік еді. Әулие Малік орнын Малік атаға берді. Малік атаның 90 жыл өмірі болды. Қызыр, Ілияс және абдалдармен бірге 70 жыл сұхбатта болды. Ясауи Ахмет қожа атаның 120 жыл өмірі болды. 12 мың сейіттері мен мүриттері болды. 40 қылуетханасы бар еді. Қылуетке кірер еді. 41-ші күні шығар еді. Ясауи Ахмет қожа ата Кағбаға барар еді. Және тағы айтар еді: «Шайық кім болады, 40 жыл қылуетпен бірге мүритті иеленсе, олай болмаса шайықтыққа жарамас деп, тағы шайықтыққа кім лайық, кім өз кінәсін көрсе, және басқа біреудікін көрмесе – оның қолдаушысы Қызыр мен Ілияс алайх ис-саламдар болар»,- деп айтар еді. «Шайық деуге кім лайық, сүндетті мұнда қылып, парызды Қағбада қылып, оған шайықтық халал болар. Олай болмаса, харам болар»,- деп еді. Сүлеймен қожа хакімге Ургеніш уәлаятын берді. 95 жыл өмірі болды. 70 йыл Қызырмен (алайх ис-салам) бірге сұхбаты болды. 5 мың мүриті болды. Ясауи Ахмет қожа ата һар күнде өз жағасын ұстап, Хаққа сиынар еді. Ниязбен айтар еді: «Илахи әлем халқы оңалды, мен оңалмадым». Ясауи Ахмет қожа ақыретке ұласар болды. Сонда өз орнынына туысым, балам деп Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақыға берді. Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақының 93 жыл өмірі болды. 50 жыл Қызыр мен Ілияс алайх ис-саламдармен сұхбаты болды. Бірақ Суфи Мухаммад Данышмандтың бір кереметі бұл еді: бұлытқа мініп барар еді, таудан тауға асар еді. Мазары Отырарда сопыханада тұр. Сопыхананың жер суын 300 қызыл алтынға елінен сатып алды. Суфи Мухаммад Данышманд ханақаға уақыф қылды. Бірақ Қаю тегін Суфи Мухаммад Данышмандты «шайық атам боларсыз», - деп, шеттің жер-суын берді. 9 атамнан келе жатқан бар адал мүлкім болар. Басы – Өгіз таудан, аяғы – Қарашыққа дейін 200 қостық жер. Тәңрі (азза уа джалла) ризалығы үшін, Мухаммад Расул Аллах шафағаты үшін уақыф қылдым. Бірақ Қарғалық – Ысқақ баптың бар. Және 11 аталарымыз дүниеден өтті.

ХХХХ


Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы туралы аңыз-әңгімелер

(...) Ибраһим шайық атадан екі бала болады. Сол баланың бірінің аты – Садыр шайық. Садыр шайықтан екі бала тараған: бірінің аты Абд ал-Малік, екіншісінің аты Данышманд қожа (лақап аты Орұң Қойлақы). Данышманд қожадан Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы дүниеге келеді. Бұл кісі Қожа Ахмет Ясауидің немере інісі әрі ізбасары саналады. Шежірені ақырғы ұстаған кісі, осы Қойлақы. Осы аңыз-әңгімелер желісі сол аталмыш шежірені пайдалана отырып жазылды. Әрі онда айтылған, көрсетілген жерлерге арнайы барып, көзбен көріп, ой желісін жалғастарып отырмыз.

Бұл кісі тоқсан үш жыл өмір сүрген, ғұмыр бойы тәуіпшілікпен айналысқан. Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы бабамыздың сүйегі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Өзгент деген жерде жатыр. Ол жоғарыда айтып өткендей, Қожа Ахмет Ясауидің немере інісі, әрі ізбасары. (...) Ясауи ұрпақтарының шежіресін жазған да осы кісі.

Басқа әулие кісілерден бұл кісінің де өзіндік ерекшеліктері туралы аңыз-әңгімелері баршылық. Соның бірі мынадай: бірде оған Сырдарияның жоғарғы ағысында тұратын әулие кісі түсінде аян береді. Әлгі кісі: «Ей, Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы, мен саған мөрі бар тас жібердім, ол пәлен иірімде тұр, сен барып соны ал»,- депті. Орнынан тұрып, жігіттеріне әлгі тас тұрған жерді сілтеп жіберіп алдыртады. Шынында да, әлгі тас иірімде шыркөбелек айналып тұрған екен. Енді бұған жауап берейін деп ойланады. Содан ішіне су өтпейтін мықты бір сандықты жасатып, табанына ақ мата төсеп, ортасынан май шырағдан жағып қояды. Сырдың суын кері ағызып, әлгі сандығын суға жібереді де, өзі әлгі кісіге аян береді. Ол кісімен ертемен тұрып дарияға барса, айтқан жерінен сандықты көреді. Ашып қараса, шырағдан, әлі жанып бітпеген, мақтасы да құп-құрғақ, сол күйінде. Содан әулие кісі қайта аян беріп: «Мен сені мойындадым, әулиелігіңе күмәнім жоқ»,- деген екен. Қойлақының басына қам кесектен соғылған мазараты бар, әлгі тас сол жерде әлі де тұр. Қасында әкесі Данышманд шайық жатыр. Сәл әріде бабасы жатыр.

Садыр шайық бейіті орналасқан жерде ол кісі жайында ел аузында осындай әңгімелер көп сақталған. Біз әңгіме қызықты, тартымды, әрі дәлелді болу үшін осылай қысқа мысалдарға ғана жүгіндік.

ХХХХ


Жасында Ахметті Ақ ата деген Сайрамдағы бір молдаға оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ болса керек, содан «Ақ ата» атанады (шын аты Шахабиддин Исфиджаби). Сол кісі кезекті сабағынан соң балаларға «үйге барған соң, құдайдың көзіне түспейтіндей етіп, бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!» – деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалардың бәрі сойылған тауық, қораздарын ұстаздарына беріпті, тек Ахмет қана алып келген қоразын мұғаліміне тірідей беріпті. Мұны көрген Ақ ата неге бұлай болды деп сұрағанда жас бала: «Ұстаз, кешірім өтінемін, мен қоразды соя алмадым, себебі, мен қай жерге тығылып сойсам да, құдай көріп тұрған жоқ па?», – депті. Сонда Ақ Ата: «Бәрекелді, Ахметім! Менің өзім де сен туралы осындай бір сырлы құпияны білу үшін, істеген едім», – деген екен.

XXXX


Біліңдер: қазіреті Расул Алла қазріреті Арслан бапқа бір хырқа, бір құрма беріп айтқан: Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мадинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазріреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің төртінші халифам қазреті Әли перзенті имам Мұхаммед Ханафия ұрпақтарынан Сайрам қаласынан болған Қожа Ахмет атты (балаға) – атасы Шайық Ибраһим, анасы Тағай бибіше бибі, лақабы Қарашаш ана қазіреті Арслан бап аталған аманатты сақтауы керек. Пайғамбар қайтыс болған кезде хабар келді: «Ей, Арслан бап, сен мұндай атақты ғалымды қалай көресің, қайтіп табасың?» Одан кейін Арслан бап Уахар Тарке деген уәлаятында тақуалықпен 40 жыл өмір кешті. Қырық жылдық қылуеттен кейін Сайрамға келді. Қазіреті Ибраһим шайықты тапты. Оның әйелін де сұрады. Одан кейін олардан: «Сендердің ұл перзенттерің бар ма?», – деп сұрады. Одан кейін шайық Ибраһим Ясауиді киіндіріп, Арслан бап алдына әкелді. Садыр шайыққа Арслан бап дуа қылды. «Сенің бұл балаң дін дүниесіне атақты болады. Сендердің назарларыңа бұл бала лайықты емес». Әкесі айтты: «Бұның жүріс-тұрысы басқа балаларға ұқсамайды. Кейде өзін топыраққа тастайды, кейде таза жүреді, кейде мектепке бармайды, кейде өзінің есін білмей жатады. Мұнда әр түрлі адам қасиеті бар. Мұның балалығының ықпалы ғажайып». Мұны есітіп Арслан бап қуанып кетті. Балалардың ойнап жатқанын көрді. Бір баланың ойнап жатқан балалардың киімінің үстінде ойнамай отырғанын көрді. Барып оған сәлем берді. Ол бала бақырды: «Ей Баба! Қашанға дейін менің көйлегімді қарайсыз, сақтайсыз және қашанға дейін балалардың көйлектерін сақтаймын». Арслан бап айтты: «Ай, жан ботам, бұл киім Қазіретіңізге мүбәрак. Қазірет Сұлтан ал-арифин айтты: «Менің аманатымды бермедіңіз. Мен сондықтан кейде – топырақта, кейде – суда, кейде – өлең айтудамын, кейде – ғылым ізденудемін. Қазіреті Арслан бап мың ықыласпен (мың жүрек сезімімен) құрманы Қазірет Сұлтан ал-арифинге берді. Қазірет Арслан бап маған да берер ме екен деп қарап тұрды. Қазірет Сұлтан ал-арифин айтты: «Құрманың тәттісін сіз жедіңіз. Маған қабығын бердіңіз». Қазірет Арслан бап жүз мың шүкірлікпен шүкір намазын оқыды. Арслан бап бұл дүниеден ол дүниеге сапар қылды.

XXXX


Гауһар ана – Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Насаб-намадағы дерек бойынша, Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар хұштаджды Қожа Сүлеймен уәлиге әйелдікке бергені жайлы айтылады.  Сүлеймен уәли және Гауһар хұштадж туралы мынадай аңыз бар: Аңызға қарағанда, Сүлеймен уәли сейіт әулетінен шыққан адам. Ол Қожа Ахмет заманында Қарашық өзенінің жағасына келіп, шатырын құрып жатады. Қожа Ахмет Ясауидің лашын құсы ұшып соның шатырына қонады. Оны Сүлеймен уәли ұстап алып, жібермей қояды. Соңынан іздеп келген Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті әулие Мәлікті «өзі келсін» деп қайтарып жібереді. Қожа Ахмет Ясауи оның кереметін көріп, жолының үлкендігін сыйлап оған өз қызы Гауһар хұштаджды әйелдікке береді.

Гауһар ананың мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс жағында орналасқан. Басында шырақшысы бар, зиярат етушілер көптеп келіп тұрады.

XXXX

Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қожамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның «Кім де кім ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін», – деген сөзі Сури  халқының құлағына жетеді. Күндердің бір күнінде Шаһзада Ибрахимді бір ағаштың түбінде ұйықтап жатқан жерінен басын кесіп алып, оны бір сүлгіге орап, Қожаның алдына әкеліп тастайды. Қожа олардан «Бұл не?» – деп сұрайды. Жаңа піскен қауын әкелгендерін айтады. Қожа істің мән-жайын түсініп, іші өртене отырып  бәрібір атын береді және соңынан қан дауы болып, араларында мәңгі-бақи дұшпандық қалмасын деп өлтірген адамға қызын да  береді.



“Жавахир ул-Әбрар”    авторының   айтуынша    бұл  аңыз жөнінде шайқы Аттар “Мантыкут-Тайыр” кітабында да айта кеткен. Қазір сол ағаштың түбіндегі бала өлтірілген жерден жыл сайын қан ағатын көрінеді. Қожаның шәкірттері мен оған мойынсұнғандар Алланың рұқсатымен сол қаннан алады екен, ол көптеген ауруға шипа болатын көрінеді.

  1   2   3   4


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет