Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы



бет2/4
Дата17.04.2016
өлшемі484.54 Kb.
1   2   3   4

XXXX


Садыр ата – Қожа Ахмет Ясауидың ағасы, ол әулие адам болған екен. Қожа Ахмет Ясауидің баласы жас болса да, аңға құмар болыпты. Қарасүйір тауын жайлаған бір рулы елмен Қасен шайық әулеті тау өзенінің суын үшке тең бөліп, егін егіп күн көріп жүріпті. Бірде Әзірет Сұлтанның баласы садақпен аң аулап жүргенде, оның садағының екі жебесі Қарасүйір руының құлақ арығына қадалып, суға бөгет болыпты. Қарасүйір руының сушысы неге су болмай қалды деп келсе, сағадан екі садақ оғын көреді. Төменгі жағында садақпен аң аулап жүрген Әзірет Сұлтанның баласына келіп, «мынау не?» – депті. Бала: «мен білмеймін», – дегенде, әлгі сушы қолындағы кетпенмен баланың басын шауып, денесін сонда тастайды. Басын легенге салып, бетіне ақ шүберек жауып, Әзірет Сұлтанға: «мынау біздің Қарасүйір адамдарынан сауға», – деп алдына қояды.

- Ей, бейәдеп, піспей үзіпсіндер, – дейді Әзірет Сұлтан. Сонда Садыр шайық қылышын суырып, тұра ұмтылғанда, Әзірет Сұлтан оны тоқтатып, «мен дуа етемін, барсаң риза емеспін, қылыш жұмсама», – дейді. Бұған Садыр шайық өкпелеп, Қойлақы ата жаққа кетеді.

- Егінің жұлма болсын, қауының алма болсын, көтеніңе құйрық шықсын, тұқымың сөйтіп құрысын, – деп Әзірет Сұлтан Қарасүйір әулетіне қарғыс айтқан екен. Содан олар азып-тозып кеткен.
Арыстан бап және Қожа Ахмет Ясауи
Ан Қазіретіміз салла-л-лаху алайһи уа-саллам, күндердің күнінде Ирақ шаһарында асхабтар құрма жеп отырғанда, сол табақтағы бір құрма жарандардың қайсысы алса да, қолдарынан түсіп кете береді. «Бері әкелші оны жеп қояйын», деп Ан Қазреті алып еді. «Бисмилләһи» деп аузына сала бергенде бұл шарифтың қолынан домалап түсіп кетіпті. Ан Қазірет таңданып, бұл не ғажайып оқиға деп біраз ойлануда болады. Біраз уақыт өтпей Джабраил алайһи-с-салам жетіп келеді. «Я, Мұхаммед, Құдай сізге сәлем айтты. Періштелер де қостап, ишарат үшін білдіруге келдім. Хиджратыңыздан төрт жүз жылдан кейін Сенің әулетіңнен бір Құл Қожа Ахмет атты ұл дүниеге келеді, үмметтеріңе жол басшы болады. Бұл құрманың сіздерге бұйырмай, ауыздарыңа кірмей тұрған себебі, сол ерге бұйырған нәсіп еді», - дейді. Бұған Ан Қазірет, салла-л-лаху алайхи уа-саллам, қайран қалып айтыпты: «Я, достым, Жабраил, ол заманға дейін бұл құрма қай жерде тұрып шірімей, сасымай, ескірмей қалай оған нәсіп болады», - дейді. Сонда Жебірейіл алайһи-с-салам, айтты: «Сіз ықылас қылып сахабаларыңыздың біріне бұйырыңыз, бұл аманат құрманы аузына сақтап, Ахмет атты балаға тапсыр деп жүктеңіз. Кімде-кім бұл құрманы аузында сақтаса, оның өмірі ұзақ болады», - дейді. Қазіретіміз салла-л-аху алайһи уа-саллам, олай-бұлай қарап, назары Салман ал-Фариси ради Аллах анһуға түсіпті. Жан-жағын шарлап алып айтыпты: «Я, Салман Фариси, аузыңды аш, тіліңнің астына, тісіңнің түбіне бұл құрманы аманат сақта. Менің хижратымнан төрт жүз жыл өткеннен кейін таңнан тұрып жолға түс, күн шығыста Мадина ал-Байза атты шаһар болар, онда барып айтпай танып, сұрамай білетін жеті жасар Ахмет атты ер балаға аманатты аузыңнан алып тапсыр. Инша Алла бұл құрма шарапатымен сенің өмірің ұзақ болар», - дейді. «Құлдық, тақсыр», - деп Салман ал-Фариси ради Аллаһу анһу құп тұрып, құрманы аузына алып, тіл астына салады.

Тағат ғибадатқа беріліп төрт жүз жылды санап өткізгеннен кейін, күн шығыс жаққа бет алып жүріп, айтылған қалаға келіп, ешкімге жөнін айтпай, қыдырып жүреді. Ол заманда Мадина ал-Байза үлкен қала еді. Бір жағы Алатауға шектелген, екінші жағы Қаратауға аралас еді, Ат бұлағы деген жерлер ат базары еді. Ол шеттен кіріп, ол шеттен шығып, Сайрам суының жағасына келіп тамаша қылып тұрса, үстінде ақ жейдесі бар жеті жасар бір бала мектептен шығып, Калам Алланы төбесіне қойып, бетін ұстазының орнына қаратып, арқасымен жүріп келе жатып, Салман ал-Фариси ради Аллаху анһуның жолын тосып, бір көпір үстінде тұрып әлде нені бағып, көзден жасы ағып, ғашық шақпағын шағып тұратын еді. Жеті жасар бала, бас көзі ұстазы жақта болса да, көңілі көзі Ираннан хабардар болған көпір үстінде тұрған Зат-и шарифке бетін бұрып қарамастан «Ас-саламуалайкум, Арслан бап, жоғың болса – кешікпей тап»- дейді. Баланың қылған әрекетіне қайран қалып, инша Аллах, Саид-әлем айтқаны осы болғай деп, сынамақ үшін: «Балам атың кім?» - дейді. «Атымды не қыласың, аманатым қайда?» - дейді. «Балам атың Ахмет екен, ішің тола хикмет екен, аш аузыңды!» - дегенде, жеті жасар бала жалт қарап аузын ашқанда, Арслан баптың аузындағы құрма ұшып барып баланың аузына кіреді. Бала ұршықтай ширатылып, хикмет айта бастайды. Аузынан ақ көбік бұрқырап, көпір астындағы суға ағады. Сол судан ішкен жанның бәрі жазылып, көзі жоқтың көзі ашылады. Әулиелік махаббаты бітіп, аузынан аққан ақ көбік су таусылып, орнына насыра атты зат пайда болды. Содан ол «Нұр Ата» атанды. «Сайрамда бар сансыз баб» атанғанның мағынасы осы. Отырар деген жер – Арслан Бабтың күмбезі тұрған жер. Сыр суының күн шығыс жақ жағасында – мұнда отыз әулиенің шаһары болған. Мынадай Хараба ерді, Әмір Темір көрегеннің бай атақты сондай ерді айырды. Бұл күнде шөл болып қалған. Әмір Темір арығының орны бар, ескі арықтардың сусыз болып қалған арналары бар. Малик-и Балқия дейтін түркістандық Абд ал-Халимнің зияраты Арслан Бабтың күмбезінің оңтүстігінде. Абд ал-Халиқ ханның зияраты да сонда, «Отырарда отыз баб» атанған.

ХХХХ

Пайғамбарымыз миғаражға (көкке) шығып бара жатып, үш адамның ұрқын (жанын) көріп таңданып:



— Бұл сәулетті ұрықтар кім болады? — деп жанындағы Жебірейілден сұрапты-мыс. Жебірейіл бұл сіздің үмбеттеріңіз: 1) Имам ағызам, 2) Ғаусыл ағызам (Қожай пауадын) 3) Қожа Ахмет Ясауилер депті-міс. Қожа Ахметке тапсырғайсың деп, пайғамбарымыз өлерінде Арыстан деген сақабасына бір құрма беріп кетіпті (...). Арыстан бес жүз пәлен жыл жасап, сол құрманы Әзіретке тапсырыпты (...).

ХХХХ


Халық арасындағы әңгімелер мен тарихи деректерге жүгінсек, Арыстан бап Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы деген тұжырым бар. Соның бір айғағындай, Арыстан баптың есімі Қожа Ахметтің «Хикмет» атты өлендер жинағында бірнеше рет аталады.

Ал бұл туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелер былай өрбиді: Мұхаммед [с.а.у.] дүниеден өтерде өзінің дінін ұстаушы, исламға адал берілген мүриттерін жинап: "Мен көз жұмғасын, бірнеше жүз жылдан кейін менің ілімімді жалғастырушы бір әулие дүниеге келеді. Соған менің аманатымды кім сақтап, еш қиянат жасамай, жеткізіп береді?"-деп сұраған екен. Сонда топ ішінде тұрған Арыстан бап: «Уа, аса қадірлі пайғамбарым, егер маған сенсеңіз, аманатыңызды мен жеткізіп берейін!» - депті басын ие тағзым етіп.

Сол кезде Мұхаммед [с.а.у.] Арыстан бапқа бір түйір құрма жемісін беріпті. Осы құрманы Арыстан бап бес жүз жыл тілінің астына салып, бойтұмардай сақтаған екен.

Бұл екі арада Арыстан бап әбден қартаяды. Бірақ аманатты сұрап ешкім келмейді. Содан Арыстан бап, бәлкім, кездесіп қалармын деген үмітпен ел аралап шығады.

Талай-талай елдерді кезіп, жер-жаһанды шарлайды. Содан Отырар өлкесіне жеткенде, Арыстан баптың жанына бір бала жақындап келіп: «Ата, менің аманатымды бермейсіз бе?» - дейді.

Сол жерде Арыстан бап: «Қарағым, іздегенім сен едің, міне аманатың», - деп, тілінің астындағы құрманы алып беріпті. Ал ол бала Қожа Ахмет екен.

Пайғамбардың аманатын тапсырған Арыстан бап сол жерде қаза болып сонда жерленіпті.

ХХХХ


Қожа Ахмет өлерінде маған келетін адам ең алдымен Арыстан бабтың басына зиярат етсін деп өсиет қылыпты. "Арыстан бабқа түне, Түркістандағы Әзірет Сұлтаннан тіле" деген сөз содан қалыпты.

Ясауидің кереметтері мен шәкірттері

XXXX


Жеті   жасына   дейін    жоғары   рухани    шендерге ақырын-ақырын    көтерілгеннен    кейін    Арыстанбабтың тәрбиесінің арқасында шыңдалып, дамуының шарықтау шегіне   жеткен   кішкентай   Ахметтің   бірте-бірте   атағы, даңқы  жер  жүзіне  жайыла   бастайды.   Онсыз  да  әкесі шайқы Ыбырайым шексіз кереметтері, аңыздарымен аты әйгілі болған бір адам болатын. Сондықтан жерлесінің, отандасының  сөздерін  толық  құрметтеген   бұл  тұйық, томаға мінезді кішкентай баланың ата-тегі тұрғысынан да, мәні жағынан да үлкен орын алатынын білетін. Сол кезде болған    әдеттен   тыс    оқиға   Ахметтің   даңқын   бүкіл  Түркістанға жайған  еді.   Сол дәуірде  Меуреннахр  мен Түркістанда Ясауи деген бір билеуші билік құрып тұрған. Қыста Самарқанда тұрып,  жазда Түркістан тауларында өмір сүретін. Барлық түркі билеушілері сияқты аң десе ішкен асын жерге қоятын бұл падишаһ жазды Түркістан тауларында аң аулаумен өткізетін. Бірде жаз уақытында Қарашық  тауында   аң   ауламақшы   болғанымен,  таудың ойы-қыры оған кедергі жасап,  бұл ойынан  айнытады. Қарашықта  сөйтіп  ешқандай  аң  аулай  алмайды.   Сол  себептен бұл тауды тегістеп тастамақшы болады. Өзі билік жүргізген жерлерде қанша әулие болса, соның бәрін жинап алады да, олардың дұғаларының берекетімен бұл тауды алып тастауларын сұрайды. Түркістан әулиелері билеушінің бұл өтінішін қабыл алады. Ихрам киіп (қажылық заманында киілетін киім) үш күн бойы осы тауды жойып жіберу үшін жалбарынып, сиынады. Бірақ бұл сиынулар, жалбарынулар үміт еткендей болмастан, нәтижесіз қалады. Себебін іздестіреді. «Бұл өңірдегі білгіш, әулиелерден келмеген бар ма?» – деп сұрастырады. Сол кезде шайқы Ыбырайымның ұлы Қожа Ахметтің әлі кішкентай болғандығы үшін [керемет көрсетуге] қатыспағаны жеткізіледі. Дереу Сайрамға адам жіберіп, шақыртып алады. Бала әпкесімен кеңеседі. Әпкесі: «Әкеміздің өсиеті бар. Сенің ортаға шығатын уақытыңның келіп-келмегенін білдіретін нәрсе-әкемнің мазарындағы байлаулы тұрған дастархан. Егер оны ашуға құдіретің жетсе бар, бағыңды сынап көр. Сол кезде белгілі болар»,- дейді. Бала содан кейін мазарға барып, дастарханды ашады. Сөйтіп ортаға шығатын уақытының жеткеніне көзі жетеді. Дереу дастарханды алып Ясы қаласына келеді. Барлық әулиелер  сол жерде дайын боп тұрады. Дастарханындағы бір тілім нанды дуалайды. Мұны қабыл етіп Фатиха оқиды. Сөйтіп нанды жиналғандарға бөліп береді. Барлығына жетеді. Әулиелерден және падишаһтың әмірлері мен әскерлерінен 99000 адам сақадай сай тұрады. Олар бұл кереметті көргенде, Қожа Ахмет Ясауидің ұлылытына бас иеді. Қожа Ахмет әкесінің бешпентін киіп, әкесінің батасының (дұғасының) соңын күтіп отырады. Сол кезде кенеттен көк жүзінен сел ағып, жер атаулы судың астында қалады. Шайқылардың жайнамаздары толқын үстінде қалқиды. Сол себептен бәрі айқайлап-шулап жалбарына бастайды. Қожа Ахмет бешпенттен басын шығарады. Кенеттен дауыл тоқтай қалады да, күн жарқырап шығады. Тау жаққа қараған кезде Қарашық тауының жым-жылас жоқ боп кеткенін көреді. Қазір ол тау орнында Қарашық деген қалашық бар. Ол жер – Қожаның ұрпақтарының мекені және Отаны. Бұл кереметті көрген билеуші Ясауи атының, есімінің қияметке дейін жиһанда мәңгі бақи қалуы үшін Қожадан жәрдем сұрайды. Қожа бұл тілекті қабыл алып: «Әлемде кім бізді жақсы көрсе сенің атыңмен бірге еске алсын» дейді. Міне осыған байланысты сол күннен бері «Қожа Ахмет Ясауи» деп еске алынатын болды.

ХХХХ


Қазіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи бір күні тоқсан тоғыз мың машайық аталған мүриттерін жамиғ қылып, баршасына бұйырды:

— Ан қазіретіміз Мұхаммед ғалайхиссалам миғраж ашып барғанда, Құдай тағаланың құдіретімен тоқсан тоғыз мың сөз сөйлескен екен. Отыз үш мың шариғат, отыз үш мың тариқат, отыз үш мың хақиқат – соның бәрі бір кітапта болмайды, бәрі бір жерден табылмайды. Сіздер баршаңыз бір жерде отырып, бас-басыңызға бір ауыз сөзден сөз айтыңыздар, кейінгі заманға жәдігер  болып  қаларлық болсын. Сол Құдай тағаланың   құдіретімен  Мұхаммед Пайғамбармен сөйлескен сөзін пендеде білуші жоқ. Бірақ сіздердің сөздеріңіз сол сөздің көлеңкесі сықылданып, жұрт аузында қалсын дегенде, қай ретті қылып сөйлейміз деп, Сұлтан қазіреттің өзінен сұрағанда, өзі айтты дейді: «Мақал» деп айтылатұғын сөз болсын. Шаруа көшсе байиды, дәруіш кешсе байиды. Уақытсыз ерден, бақытсыз ұрғашы артық». Осы мақалдар Сұлтан қазіреттің өз аузынан шыққан. Тоқсан тоғыз мың машайх бір төбенің басына орнап, сол жайға «Мәслихат төбе» деп ат қояды. Сондағы орнаған жайлары дария жағасы екен. Бұл Қазіреттің бұлай айтысында бір сыр бар ғой дескеннен, сонан бері дария «Сыр суы» атанды. Қазірет баршамызға бас-басымызға бір-бір сөз айт деп ақырды. Жалғызың дәнеме айтпайсың, өзің білме, білгеннің тілін алма, деген осы екен-ау, – дейді. Сонда олардың аяқ жағында қалғанын айтқан екен. «Сендердін қастарыңа құйысқанға қыстырылған боқ сияқты болып жүріп мен не айтамын», – деген екен. Орта буында біреу дәнеме айтпаған соң: «Кел, мұны қол-аяғын байлап, тіпті ештеме айтпаса, суға тастап жіберелік», – деп бас салғанда: «Құдая, тәуба, көп қорқытады, терең батырады деген осы екен-ау», – депті дейді. Сол ретпен әрқайсысы бір сөз сөйлеп, қазақ ішінде «мақал» деп айтылып жүрген сөз тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған десіп келеді.

ХХХХ

[Қожа Ахмет Ясауи] (...) тіпті «жалаң аяқ, жалаң бас, жыртық шапан киіп жүреді екен, көшеде жүрген көрінген бала-шаға қожа Ахметті жынды деп қуалап сабайды екен, ол сонда да «қолдарың ауырып қалды-ау»,— деп оларды қайта мүсіркейді екен.


ХХХХ

Сол кезде Ясы қыстағында кұмар ойынды еліктеген құмарпаздар көп болса керек. Қожа Ахмет күнде құмарханаға барып, соның босағасында отырады екен. Олар: «Неге ойнамайсың?», - десе, ол: «Сендердің ойындарыңа қатысқандар ақшасынан айрылады екен, ал біздің ойынымызға қатыссаңдар, қайта күніне жиырма тиын табасыңдар»,— дейді. Ол кезде жиырма тиынға үй-ішімен бір апта бойы күн көретін болған соң, бұл ұсынысқа келісетіндер де табылады. Сөйтіп, Қожа Ахмет күнде бір адамды еліктіріп ертіп келеді де, зікірханасына апарып, зікір салуды үйретеді. Ақшаға қызыққан байғұстар серіктерін үгіттеп, қатарларына тартады. Қожа Ахмет оларды сопылыққа баулиды да, қойған шарттарына әбден мойын ұсындырған соң оларды дінді тарату үшін ел ішіне жібереді.

ХХХХ

Бір күні Ясауи шәкірттеріне дәріс беріп отыр еді, кенеттен көшеде өтіп бара жатқан бір дуананы көріп «Ұстаз» деп алдынан шығып, қолын беріп амандасты. Сонда шәкірттері: «Біз мұны әулие деп жүрсек, өзі қайдағы бір дуананы ұстаз деп қолын алып жүр ғой», - деген ойға қалады. Мұны сезген Ясауи шәкірттеріне: «Бұл кісі маған иттің балиғатқа толғанын айыруды үйретіп, біліміме білім қосып еді. Сондықтан мен оны құрметтеп, өзіме ұстаз санаймын», - деп, шәкірттеріне ұстазды қалай құрметтеу керектігінің үлгісін көрсетеді.



ХХХХ

Ахмет Ясауидің атағы атырапқа жайылғанда, шәкірттерінің саны жүз мыңға жеткен. Ахмет Ясауиді қызғанғандар да болған, олар жала жаба бастайды. Ахмет Ясауи әзіреттері оларға сабақ беру үшін, шәкірттерінен оң қолын әрдайым таза ұстаған Қажы атаны таңдап, мына құтыны Қорасанға апарып, бәріне көрсет дейді. Қажы ата айтылған жерге барғанда, барша халықпен бірге жала жабушылар да келеді. Құтыны Қожа Ахмет жібергенін айтып, ашып қалғанда, аппақ мақтаға оранған қып-қызыл шоқты көріп бүкіл халық таң қалды. Жала жапқандар қате әрекет еткендерін түсініп, кешірім сұрайды.

ХХХХ

Қожа Ахмет Ясауи жас күнін Сайрамда, әкесі Ибраимнің үйінде өткізді. Ол кезде Түркістан қаласы көтеріліп, Сырдария мен Арқа қазақтары саудамен сонда көп жиналатын. Қожа Ахмет оларға үлгі айту үшін Сайрамнан Түркістанға келеді. Ол кісінің Түркістанға келгенін ескі қазақ тайпалары (қыпшақ, қоңырат) аса жақсы көріп, Арал теңізінің бойындағы ұлыстар оған арнап құстай ұшатын жүйрік Ақ мая әкеліп тартады. Аңыз бойынша, Ясауи таң намазын Түркістанда оқып, Ақ маясымен ұшып барып кешкі намазды Мекеде оқитын болған.



ХХХХ

Ахметтің есімін естігенде сырқаты барлар Түркістанға қарай ағылыпты, әулие олардың кеселдерін жазып жібере беріпті. Оның даңқы шартарапқа таралады.

Қожа Ахмет азандағы намазының екі бас сүндетін Түркістанда, екі бас парызын Меккеде оқиды екен. Ол әрдайым ақ атанына мініп, бұлттың үстімен ұшып баратын көрінеді. Бірде әулиенің ғажайып қасиеттеріне күмәнданған бір жігіт оған келіп: «Сен әулие емессің, алдаушысың», - деп әжуалайды. Қожа Ахмет оның сөзін сабырлы қалпымен тыңдап шығады да:

— Ертең азанда маған кел, екеуміз Меккеге барып намазды сонда оқимыз, — деп жауап қатады. Уәде бойынша әлгі жігіт ертеңіне Қожа Ахметке келеді. Кенеттен аппақ қардай ақ атан пайда болып, әулиенің алдына келіп шөгеді. Қожа Ахмет жігітке:

— Артыма мінгес, жол үстінде қашан қонғанша көзіңді апша, - дейді. Жол үстінде әлгі жігіт шыдамсыздық танытып, айналасына қарамақшы болғанда, сол күйінде жолға құлап түседі. Ол Жолбарыс патша ордасының үстіне түскен екен. Патша оны ағашқа байлап өртеп жіберуге әмір қылады. Енді өлтірмекші болғанда, Меккеден оралып келе жатқан Қоха Ахмет оны ағашымен бірге көтеріп кетеді. Бұл кереметке таңданған Жолбарыс патша Қожа Ахметті іздеп келіп, өлгенше қызмет етіп өтіпті.

ХХХХ


Қазан хан Ахмет Ясауидің жұма намазын оқуға мешітке келмегенін байқап, Қожаның ең жақын сырласы Сопы Мұхаммед Данышпан Зарнуқидан хабар беріп жібереді. Ол кезде жұма намазы үшін салауат оқылып жатқан еді. Сопы Мұхаммед жан ұшыра жетіп барып, қорқа-қорқа шайқының алдына кірген кезде, ол: «Ей, Сопы Мұхаммед, кел маған жабысып ал, бірге жұма намазына жетейік», - дейді. Сопы Мұхаммед Қожаның әмірін екі еткізбейді. Сол-ақ екен, мешіттің ішінде сапқа тұрғандардың арасында тұрғанын көреді. Жұма намазы бітер-бітпес бұл таңғажайып оқиғадан әлі есін жия алмаған Сопы Мұхаммед шайқысын қанша іздесе де таба алмайды. Жеті рет мешіттің есігіне барып-келеді, бірақ мұнысынан түк те шықпайды. Сөйтсе, мешіттің қызметшісі сырға қанық екен. Сопыға: «Ей, дәруіш, бұл жер Мысыр, ал бұл жәми (үлкен мешіт) «Жәми Әзхар», - дейді, - «Іздеп жүрген досың қаншама заманнан бері жұма намазын осы жерде оқып жүр». Сопы бір апта сол жерде қалғаннан кейін, шайқысын тауып алып, қайтадан көзін ашып-жұмғанша қылуетханаға келеді.

Қожа көргендеріңді барып хабарла деп сопыны жұмсап жібереді. Сопы келеді, басынан өткен-кеткендерін жеке-жеке айтып береді. Бұл уақытта муаззиндер (азан оқушылар) әлі салауаттарын да бітірмеген болатын. Бұдан кейін Қазан хан мен маңындағылар Қожаның ұлылығына көздері жетеді.



ХХХХ

Қожа Ахмет Ясауи сонау кішкентай күнінен бері Пайғамбардың сүннетін берік ұстанатын. Сондықтан алпыс үш жасына келер-келмес Әзіреті Пайғамбар 63 жасында мынау фәни дүниеден көшкені үшін Қожа Ахмет Ясауи де сүннетті берік ұстағандығынан жер астына түспекші болады. Теккенің (дәруіш, сопылардың жиналатын жері) бір жағынан құдық қаздырып, баспалдақпен түсетіндей етіп жасайды. Жол ашып, шикі кірпіштен кішкене бөлме жасайды. Әзіреті Ілияс пен Әзіреті Қызырдың да қолдауымен жүздеген жылдар бойы бұл құрылыс бұзылмай сақталған. Ахмет Ясауи ол жерден бір шұқыр (қабір сияқты) қазып, сол жерді мекендейді. Қабірді еске түсіретін осы тар жерде Аллаға зікір еткен кезде, тізелері кеудесіне үйкеле-үйкеле тесіліп қалған екен.


XXXX

Өзбек хан заманының төрт әулиесіне Алладан Өзбек ханға барып, оны ислам дініне кіргізіңдер деген аян келеді. Алланың бұйрығымен олар Өзбек хан ордасының сыртына келіп отырып, өздерінің ғибадаттарын жасай береді. Ол кезде Өзбек хан сарайында сиқыршылар мен дінсіз көріпкелдер мынадай сиқыр көрсететін еді: Олар Өзбек хан мәжілісіне өздерімен бал құйылған ыдыс әкелетін. Оған түтік салса, бал түтік арқылы тостағандарға өзі құйылып, тостағандар кісілердің алдына өзі жылжып баратын. Хан бұларды өзінің шайықтары санап, өзімен қатар отырғызып, оларға үлкен қызымет көрсететін. Бірде мұсылмандар келген күні де Өзбек хан әдеттегідей мәжіліс өткізді. Күндегідей оның шайықтары өздерімен бірге бал алып келді. Бірақ бұл күні бал тостағандарға құйылмады, тостағандар өздері жылжып, кісілердің алдына бармады. Өзбек хан себебін сұрады. Сонда оның қасындағы діндарлары: «Осы маңға мұсылмандар келген болу керек», – деп жауап берді. Хан қызыметшілерге мұсылмандарды тауып келуге бұйырды. Қызыметшілер сыртқа шыққанда, орданың сыртында басын төмен салып, ғибадатын жасап отырған киім киісі бөлек төрт кісіні көрді. Қызыметшілер: «Сендер кімсіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Бізді ханға алып бар», – деді. Оларды ханға апарды. Хан оларды көргенде, Алла ханның жүрегіне бір жылылық салды. Хан олардан: «Сендер кімсіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Біз – мұсылманбыз. Біз Ұлы Жаратушының әмірімен сізді ислам дініне кіргізуге келдік», – деді. Осы кезде хан айналасындағы діндарлар: «Олар – нашар адамдар! Сөйлесуге рұхсат бермеңіз. Біз оларды өлтірейік», – деп шулап қоя берді. Сол кезде Өзбек хан: «Мен оларды не үшін өлтіруім керек? Мен – патшамын. Сендердің ешқайсысыңда менің жұмысым жоқ. Кімнің дені дұрыс, мен сонымен бірге боламын. Егер де олардың діні дұрыс болмаса, неге сендердің балдарың құйылмай қалды? Бәсекелесіңдер! Кім жеңеді, мен соған бас иемін», – деді. Екі топ хан алдында сөз жарыстырып, көп дауласты. Бірінің сөзіне бірі тоқтамады. Соңында екі тандыр қазып, оларға он арбадан сексеуіл салып, бір тандырға сикыршылардың бірін, екінші тандырға әулиелердің бірін салып отқа жағуға шешім қабылдады. Кімнің діні дұрыс болса, сол жанбайды. Ертесіне екі тандыр қазып, оған сексеуіл салып, өртеп, тандырды барынша қыздырды. Осы кезде әулиелер бір-біріне: «Сіз түсіңіз, сіз түсіңіз», – деп жол беріп, соңында Баба Туклас деген кісі түсетін болды. Ол кісі: «Маған сауыт әкеліп беріңдер», – деп, сауыт алдырды. Сауыттың көздерінен түктері шығып тұрды. Сол күйі ол қызған тандыр ішіне кірді. Тандырдың үстіне қойдың бұзылмаған етін қойды. Сиқыршылардың бірі тандырға кірген бойда жанып кетті. Оны көрген Өзбек хан олардың дінінен бас тартты. Ал әулие кірген тандырдан зікір айтқан Баба Тукластың үні шығып тұрды. Тандыр үстіне қойған қойдың еті піскен кезде, олар тандырдың бетін ашты. Баба Туклас бетіндегі терін сүртіп, «Неге ерте аштыңдар, зікір әлі біткен жоқ еді», – деп кейіп, тандырдан шықты. Үстіндегі сауыт қып-қызыл болып балқып тұрды және ол кісінің үстіндегі бір тал түгі күймеген еді. Мұны көрген Өзбек хан мен өзге халық ислам дініне мойынсұнды.

XXXX


Бегім ананың атасы Қарабура әзінің шын аты – Тама. Кіші жүздің жетіру тайпасынан шыққан әулие адам. Бейіті Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда.

Қарабура деп атау себебі: Қожа Ахмет өлер алдында отбасына, туыстарына: «Мен пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан кейін денем суымай тұрғанда, бір қара бура мінген кісі келіп, мені мәңгі жататын орныма ақ жуып, арулап қояды. Мені алып бара жатқанда «Қайда алып барасыз?» – деп оның қолын қақпаңдар», – деп ескертіпті.

Айтқандай-ақ Қожа Ахмет көзін жұмысымен, қара бура мініп келген бір кісі оның мүрдесін алып кетеді. Содан бастап ол кісіні Қарабура әзі деп атаған.

ХХХХ


Жанкенттің билеушісі Санжар сұлтанның жары Бегім ана Қарабураның қызы екен. Күндердің күнінде Санжар «көзіме шөп салдың» деген желеумен Бегім сұлуды үлкен жазаға тартады. Бұған қатты ашуланған Қарабура келіп: «Менің қызым жазықсыз. Оған дәлел: оның кесілген бұрымы мен қолы орнына бітуі тиіс», - дейді. Ақыры ханға әбден наразы болған Қарабура дұға оқып, «еліңді жылан жайласын», - деп қарғайды. Артынша-ақ дұғасы қабыл болып, қаланы улы жылан басып кетеді. Қалаға кірмекші болғандардың бәрі түгелдей қырылған. Қала тұрғындарын да, билеушісі Санжарды да жылан шағып өлтіреді. Бұхара қаласының әміршісі Жанкент шаһарының байлығына ие болғысы келіп, әскерін жібергенімен, одан да ештеңе шықпайды, бәрі тегіс улы жыландарға жем болады.

Басқа аңыз-әңімелерде Қарабураның шын есімі – Бұрханназар. Жауға қарсы шапқанда ол тек өзінің қарабурасына мінген көрінеді. Содан Қарабура атанса керек. Қарабура атаның кесенесі – Қаратаудың теріскей жағындағы ежелгі Созақ шаһарының орнында.

ХХХХ

Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанын ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар хабардар болады. Олар Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да оның жолына тосқауыл қоюды ойластыра бастайда. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығып: «Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?» – деп дүрсе қоя береді. Ясауи ата шәкірттеріне: «Бұл сөйлеген кезінде есінен адасады, не айтып жатқанын өзі ұқпайды. Сондыктан бұны ұстап, ұстынға байлаңдар!» – деп бұйырады. Шәкірттері ұстап, байлаған соң, оның денесін жалаңаштап дүре соғуға бұйырады. Алғашқы қырық дүре соққанда Баба Машын былқ етпей, Алла атын аузына бір рет те алмайды. Оны біраз уақыт демалдырып, тағы да қырық дүре соғады. Осы кезде ғана баба Машынның құлындай шыңғырып, «Алла»,- деген жан даусы шығады. Ясауи ата дүре соғуды тоқтатуға бұйырады. Мұны көріп тұрған Хасан хан Ясауи атадан:



— Бірінші рет дүре соққанда, ол бір рет те Алланың атын есіне алмады. 40 дүрені екіші рет соққанда «Алла» деп шыңғырған жан дауысы шықты.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год
2016 -> Условия и комплементы воспроизводства власти в территориальных политических системах испании и португалии


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет