Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикмет



Дата10.10.2019
өлшемі46.5 Kb.
Қ. Жұбановтың “Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикмет” туралы еңбегі жайында

Мұсылман әлеміне аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын, әрі ойшыл, философ Қожа Ахмет Яссауй артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды.

Қожа Ахмет Яссауй XI – XII ғасырларда Яссы (қазіргі Түркістан) шаһарының маңфндағы Испиджаб қаласында дүниеге келген. Жеті жасында жетіле қалып, Арыстан бабтың тәрбиесінде болған. Өсе келе Бұқарға барып Хамаданиден сопылық ілімін үйренеді. Қожа Ахметтің заманы түркі тайпаларының басы қосылып, құдіреті күшті елге айналауға бет бұрған, ислам дінінің үстемдік құра бастаған кезі болатын.

Қара халықтан шығып ”Хазіреті Сұлтан – Шейх – ул – Ислам Қожа Ахмет Яссауй шайық” атанған.

Диуани хикметтің” зерттелу тарихына келетін болсақ, Қ. Залеман – 1898 жылы, Ф. Копурулу – зада – 1918 жылы, А. Гаррицкий – 1923 жылы, А. Боровков – 1948 жылы, 1949,1951 жылдары, Ә.Нәжіп – 1965 жылы, тағы басқа да атақты түркітану ғалымдары Қожа Ахмет Яссауйдің “Диуани - хикмет” шығармасының тілін зерттеп, бірнеше құнды еңбектер жариялаған.

Қазақстанда талай жылдан бері Залеман тексті бойынша ұдайы еңбектеніп келе жатқан ғалым – Ғалиқызы Рабиға Сыздықова.

Ғалымның айтуы бойынша Яссауй өлең жазғанда өзінің “Құдай берген ақындық құдіретін таныту емес, сол дарынды софылық қызметке жеге білу мақсатын көздеді. Сол себептен осы поэзияның жергілікті бұқара халыққа түсінікті болуын, сезімдеріне тиетін әсерлі, әдемі болуын қарастырған. Демек бұл түсініктіліктің, әдеміліктің сырына үңілу үшін оның тілін талдап – тану қажеттілігі туады.”

Профессор Қ.Жұбанов «Ахметтің тілі («Диуани хикметтің» тілі) – Түркістанда ислам діні бел алып, араб қатынастары күшецген кезде пайда болған түркі ғалымдарының стандартты, көпке ортақ тілі еді деп, батыл айта аламыз»,- дей келе, «Диуани хикмет» - Орта Азиядағы түрік жүйелі тілде сөйлейтін халықтардың ортақ жазба әдебиет кітаптарының алғашқыларының бірі – десек, қателескен болмаймыз,- деп санайды.

Алайда профессор Қ.Жұбанов аталмыш шығарманы қазақ халқының жазба әдебиеті мұрасы ретінде қарастырады. Ғалым «жазба әдебиет» деген сөздің түсінігіне тоқталған тұста публицистикалық сипат беретін диалог тәсілін қолданады. Әуелі сауалын қойып алады да, соған өзі жауап береді: «Бірқатар оқығандарымыз бар бізде Бұқар жыраудың толғауларынан бұрын шыққан жазба әдебиет бар деп елемейді. Яғни олар, қазіргі қазақ атанып отырған халқымыздың қазақ атанудан бұрын да өмір тіршілігінің болғанын білмейді Бірқатры біле тұрса да, ескі әдебиетті керексінбейді. Мысалы, бізде қожа Ахмет Яссауйдің жазып қалдырған, осы күнге дейін көпшілік арасында тарихи бағасы мен сүйкімділік беделін жоймай келе жатқан «Диуани хикметі» бар. Бұл Қазақстан халықтарының ескіден қалған жазба әдебиет мұрасы емес пе? Қожа Ахмет осы күнгі қазақ атанып отырған халықтардың басым көпшілігінің ежелгі де ескі мекені болған Түркістанда өсп – өнгені бекер ме? Сөз жоқ, Қожа Ахмет Яссауйдің «Диуани хикметі» - Қазақстн халқының ескі мұрасы».
Профессор Қ. Жұбановты шығарманы тілдік, сөжеттік, мазмұндық қырларынан зерттей отырып, «кейбір өлең өлшемдерінің бірдей болушылығы, айырым кейбір лексемаларының бірдей болушылығы «Хикмет» тілін қазақ тіліне жақындатады. Мұның үстіне, Қожа Ахмет бір жасынан бастап 63 жасына дейін өткізген өмір жолын санап,толғау шертеді. Өмір жасынан әр кезеңде басынан өткізген әралауан уақиғаларын айтып жырлайды. Ал, қазір қазақ атанып отырған халқытардың бұрынғы – соңғы жыршылары мен ақындарының да өмір жасын санап, жыр шерткенін, өлең айтқанын көреміз. Міне, бұл факті қазақ ақындарының Ахметке де еліктегенін немесе бұның өзі қазақ жырауларының ескі салты екенін көрсетеді»,- деуі нағыз әдебиетші – ғалым екендігін аңғартады.

Қ. Жұбанов бұл мақалада «Хикмет» тілінің өзбек пен ұйғыр тіліне өте жақындығы мәселесіне тоқталып, оған былайша нүкте қояды: ««Диуани хикметтің» тілі Науаидың «Шар диуанының» тілінен едеуір басқаш сезімді. Екінші сөзбен айтқанда, «Шар диуанның» тіліне қарағанда «Диуани хикмет» тілінің өзбектен гөрі қазақ тіліне өте жақындығы. Бұл да алдағы кезде өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселенің бірі».

Қ. Жұбанов «Диуани хикметті» қазақ жаза әдебиетінің үлгісі ретінде танығанда нағыз ғылыми тұжырымдамалар жасайды, халық әдебиеті өкілдерінің, Абай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Мұқанов сияқты қазақ ақын – жазушыларының шығармаларымен, олардың тілімен, буын өлшеуімен, құрылысымен, көркемдік ерекшеліктерімен салыстырады. Ойымызды ғалымның өз сөзімен өрбітсек дәлелдірек болар деп санаймыз: «Мысалы, Қожа Ахметтің мына толғауын қараңыз:

Дәм-бу дәмдүр, өзге дәмии дәм деме

Дүниеден биғам өтерсің, – ғам иеме.

Күймесе жаны – ділін һәм Үстүхан,

Көз яшың аққан білән сән нәм деме, –

деген құрылымы Сәбит Мұқанұлының мынау өлеңінің буын жүйесімен өлшемдес:



Өзің адам, тұрмысында мал едің,

Күшің – адал, сүтің арам жан едің.

Тырнағына жуандардың ілініп,

Азаттыққа өміріңше зар едің...

Ал, Ахметтің мына толғауы:



Ишәк білің бу дүние,

Барша халықтан өтер-ә.

Инанма ғыл малына,

Бір күнқолдан китәр-ә.

Ата-ана, қарындас,

Қайан етті, пікір қыл.

Төрт аяқлық шөбнін ат

Бір күн саған житәр-ә,– деген толғауы Тоқтамыстың мына толғауымен буындас:

Шіңкіл-шіңкіл, шіңкіл құс

Шіңкілдемей көлге түс.

Сені көлден айырған

Ақсұңқар құстың тепкіні,

Мені елден айырған

Едіге сүрдің екпіні (Халық әдебиеті)

Абай да мынау өлеңін осы құрылысқа сәйкестендіріп айтқанын көреміз, қараңыз:



Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Есіктің алды терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп...»

Диуани хикмет” көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік - стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдаланып жзылған туынды болып табылады. Яссауй тілі әліде зерттеуді қажет етеді. Яссауй “хикметтерін” зерттеу келер ұрпақ үшін қазіргі тіліміздің бүгінгісі мен ертеңін айқындауда маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет