Өлімді еске салу



жүктеу 31.05 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі31.05 Kb.
: files -> book -> kaz -> at-tarbiya
kaz -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
kaz -> Тәубенің шарттары
kaz -> «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»
kaz -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
kaz -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
at-tarbiya -> -
at-tarbiya -> Теледидар туралы
at-tarbiya -> Мейірімді де Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын! Хиджаб немесе адамгершілік құндылықтарын қорғау Бұл еңбек Үлкен Ғалымдар Комитетінің мүшесі, белгілі ғалым Бакр Абу Зайттың «Хирасатул фадыйла»
at-tarbiya -> Зуһдтық және бұл дүниені тәрк ету
at-tarbiya -> Бала қҰҚЫҚтары мухаммад ибн ’Умар ибн Салим Базмул
Өлімді еске салу

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан кейін:

Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деді: «Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да, сендерге өлім жетеді» («ән-Ниса» сүресі, 4: 78).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сондай бүкіл билік қолында болған Аллаһ аса Ұлы, әрі Ол әр нәрсеге күші толық жетуші. Ол сондай Аллаһ – ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін, өлім мен тіршілікті жаратқан. Ол тым Үстем, аса Жарылқаушы» («әл-Мүлк» сүресі, 67: 1-2).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: “(Мұхаммад, оларға:) «Расында, сендер қашқан өлім міндетті түрде сендерге кездеседі. Сосын көмес пен көрнеуді Білуші Аллаһқа қайтарыласыңдар. Сонда Ол сендерге істеген істеріңді хабарлайды», - де” («әл-Жума» сүресі, 62: 8).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: Әй, мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Аллаһты еске алудан тоспасын. Әлдекім бұны істесе, міне, солар зиян тартушылар. Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең, садақа беріп, ізгілерден болсам», - деуден бұрын, өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жүмсаңдар. Қашан біреудің ажалы келсе, Аллаһ оны әсте кешіктірмейді және Аллаһ істегендеріңді толық біледі” («әл-Мунафиқун» сүресі, 63: 9-11).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Әркім өлім татады. Шын мәнінде, Қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім Оттан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілсе, рас, жетістікке жетеді. Негізінде дүние тіршілігі алданышпен ләззаттану ғана» («Әли ‘Имран» сүресі, 3: 185).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарыласыңдар» («әл-Анкабут» сүресі, 29: 57).

Және Аллаһ Тағала өлімді Құранда 164 мәрте еске салады!

Сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде де өлім туралы және оған дайындалу қажеттілігі туралы көптеген ескертулер бар.

Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ләзаттарды күйретуші – өлімді жиі еске алыңдар!» Әт-Тирмизи 2307, ән-Насаи 4/12, Ибн Мәжаһ 4208. Имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам Ибн Хиббан және шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған.

Сондай-ақ Әнастан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ләзаттарды күйретушіні жиі еске алып тұрыңдар! Ақиқатында, егер біреуің қиын-қыстау жағдайда болғанда өлімді еске алса, ол жағдай міндетті түрде оған жеңіл көрінеді, ал егер ол өлімді жеңілдік жағдайында еске алса, ол жағдай оған қиын көрінеді!» Әл-Бәззар “Кашф әл-астар” 4/240. Хафиз, әл-Мунзири, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани хадисті жақсы деген.

Ибн Умар былай деп баяндайтын: «Бірде мен Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болғанымда, ансарлардан болған бір адам келді де, сәлем беріп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мүминдердің арасында кім ең жақсысы болып табылады?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олардың арасындағы мінез-құлқымен ең жақсы болғаны», - деп жауап берді. Әлгі адам: «Ал мүминдердің арасында ең ақылдысы кім?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Басқаларға қарағанда өлімді көп ойлайтын және өлімнен кейін болатын нәрселерге баршадан жақсы дайындалатын адам. Міне, солар ақылдылары!» Ибн Мәжаһ 4259, әл-Бәйһақи “әз-Зухд” 2/52. Хафиз әл-Мунзири, хафиз әл-Хайсами, хафиз әл-‘Ирақи хадисті жақсы деп атаған. Қз.: “әт-Тарғиб” 4/197, “Мәжма’у-ззауаид” 10/312, “Тәхриж әл-Ихъя” 5/194.

Уахб ибн әл-Уард былай деп баяндайтын: “Бірде Ибн Муты’ көріктілігі өзін таң қалдыратын өзінің үйіне қарап тұрып, жылап жіберді де: «Аллаһтың атымен ант етемін, егер ажал болмағанда, мен саған қуанар едім, сондай-ақ егер сенен шығып тар қабірге жөнелмейтін болғанымызда, бұл әлем міндетті түрде көзіміздің қуанышына айналар еді!», - деді. Ал содан соң оның қаты жылағаны сонша - тіпті дауысы еңкілдеп шыға бастады”. Ибн Ражаб “Ахуал әл-қубур” 130.

Имам әд-Дақақ: «Өлімді жиі еске алатын адам үш игілікке ие болады: тез тәубе етуге, бойұсынғыш жүрекке және ынтамен құлшылық етуге. Ал өлімді ұмытқан адам үш нәрсемен жазаланады: тәубені кешіктірумен, өзінің ризығына қанағаттанбаумен және ерініп құлшылық етумен», - деген. Қз.: “әт-Тазкир” 1/27.



Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын!

Дайындаған: А’маш



Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет