Омарова Бану Аманбайқызы, Есжанова Гүлшат әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық



жүктеу 76.86 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі76.86 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Омарова Бану Аманбайқызы,

Есжанова Гүлшат

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті қазақ тіл білімі

кафедрасының доценттері, ф.ғ.к.
АБАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІКТЕРІ
Өзіндік лексика-семантикалық мағынасымен сараланатын есімдік сөз табы көркем әдебиет тілінде ерекше қырынан көрінеді. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына қарағанда өзіндік сипатымен, өзіндік белгілерімен оқшауланып, айрықша көзге түсетін мағына болып келеді. Бұл мағына мейлі поэтикада болсын, мейлі прозада болсын әр алуан стильдік бағытта қолданысқа түседі. Ал Абай тіліне көз жүгіртетін болсақ, есімдіктердің лексика-семантикалық мағынасы мен грамматикалық тұлғаларының стилистикалық мүмкіндіктерінің кеңдігін байқаймыз. Осы орайда Қ. Жұбанов былай дейді: «Берілген көңілдің шабытына, көтеріңкі, бәсеңдігіне қарай түрленіп, грамматикалық формалары бірде есім, бірде етістік болса, өлең өлшеуі, ырғағы бірде шұбалаң, бірде жүрдек бола келеді. Сөйтіп, Абай өлеңінің мазмұны өзіне лайық түрге орана келсе, түрі де бойына шақ мазмұнын жамылып келеді, Түр мен мазмұн тек жарасып отырмайды, «бір біріне ауысып, бірінен біріне құйылып» отырады» [2, 258]. Әсіресе ұлы ақын өзінің қара сөздерінде есім сөздердің бұл тобын ойды жеткізудің көркем амалы ретінде барынша шебер қолдана білген. «Қандай да бір ақын не жазушы болмасын, олардың әрқайсысы сөз пернесін өздерінше басып, өздерінше қояды. Әңгіме бұл арада сөз асылын таба білуде» [1, 100]. Хакім Абай да оқырманды қара сөздердің терең мағынасына бойлату үшін есімдіктердің мағыналық топтарын қолдану арқылы сөз асылын таба білген. Олардың қатарында сілтеу, сұрау, белгісіздік және жалпылау есімдіктерін ерекше атап өткен жөн. Басқа есімдік сөздермен салыстырғанда сан жағынан аз болғанына қарамастан, жалпылау есімдіктері қызметі жағынан назар аударарлық дәрежеде қолданыс тапқан.

Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақы-жалпылау мағынадағы сөздер ретінде жалпылау есімдіктері Абай прозасы тілінің стильдік нормасына айналған. Олар әр алуан заттар мен құбылыстардың жиынтығын жалпылай көрсете отырып, негізгі мәселені көтеруде оқырман назарын өзіне аудара алады. Ақын бұл жерде грамматикалық құрылымдарды түрлендіре келіп, жалпылау есімдіктерінің стильдік қызметін жандандыра түседі.

Сонымен, Абай қолданған жалпылау есімдіктеріне мына сөздер жатады: бар, бәрі, барлығы, күллі. Жалпылау есімдіктерінің негізгі мағынасы аттрибутивтік болғанымен, «тәуелдік жалғауларының үстемеленуі арқылы жасалынған» кейбір есімдіктердің субстантивтік мәнде қолданылу жағдайлары жиі ұшырасады. Міне, осы ерекшелікті басшылыққа ала отырып, қара сөздердегі жалпылау есімдіктерін екі бағытта қарастырмақпыз.

Жалпылау есімдіктері өзінің негізгі формасында қолданылғанда анықтаушы сөздер болып келетіндігі белгілі. Алайда олардың мұндай мәндегі қолданысы қара сөздер тілінде өте сирек. Оған бар есімдігі бір рет, барлығы есімдігі бір рет қатысады да, негізінен, бәрі және күллі есімдігі аттрибутивтік мағынаның негізгі көрсеткіші ретінде қызмет атқарады.

Бәрі есімдігі – қара сөздердің негізгі кейіпкері, адамдар, ақынның замандастары. Ол ілік септікті тұлғада ғана анықтауыштық қатынасты білдіреді. Қайталама элементтерді пайдалануда Абай бұл сөзді де шебер қолдана білген. Бәрінің есімдігінің қайталануы жай сөйлемдерде де, «ұзын-ұзақ күрделі сөйлемдерде» де көзге түседі.

Көп кісі жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жармысы арыса, жармысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы ма?(23-сөз)

Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһад ләзім, сіздер әрбір ғамал қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қасд етіп, ниет етесіз (38-сөз) деген мысалдардың алғашқысында аталмыш есімдік бірінен соң бірі тізбектелген сұраулы сөйлемдердің элементі болса, екінші мысалда аралас құрмалас сөйлем құрамында параллель қолданылған. Ақын бәрінің есімдігі арқылы бір жағынан көтеріп отырған негізгі мәселеге оқырман назарын аударса, екінші жағынан бұл мәселенің негізгі кейіпкерлерді түгел қамтып, олар үшін ортақ екендігін жалпылай меңзейді.

Жалпы қара сөздер мәтінінде араб-парсы сөздері молынан кездеседі. Солардың бірі – күллі сөзі. Ол субстантивтенбей үнемі аттрибутивтік қалыпта қолданылатын есімдіктердің бірі болып табылады. А.Ибатовтың айтуынша, ол араб тіліндегі «куллун» сөзімен байланысты [3, 53]. Қара сөздер лексикасында араб-парсы сөздерінің шоғырлануы сынға көбірек ұшырағанымен, олардың Абай стиліне тән белгілердің бірінен саналатындығын жоққа шығара алмасақ керек. Күллі есімдігі деректі және дерексіз зат есімдермен матаса тіркесе отырып, әрқашан анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ақын бұл сөзді оқырман үшін аса маңызды деп саналатын заттар мен ұғымдардың жиынтық белгісі ретінде қолданған.

Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер (31-сөз).

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп  білесің (38-сөз).

«Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деген. Баз махфи олмая ол, мен айтқан үш қуаттың ішінде екеуі, яғни «сила притягательная однородного» бірлән «подвижной элемент» - бұл екеуі қосылып тұра тұрған нәрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі зарар да бұлардан шығады (43-сөз). 

Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, күллі есімдігі жай сөйлемдерде де, құрмалас сөйлемдерде де кездеседі. Соның ішінде айрықша бөлектенетіні – оның құрмалас сөйлемдегі қолданысы. Соңғы салалас құрмалас сөйлем құрамында күллі есімдігі екі рет қайталанып, «бірдей мөлшерлі параллельдер» жасаған. Көтеріңкі дауыс екпінімен айтыла отырып, бұл сөз ойды көріктендіріп, әсерлі жеткізуде біршама қызмет атқарып тұр.

Тәуелдік жалғаулары өздік есімдіктерінің жалғаулары сияқты түбір сөздермен біте қайнасып, соның бір мағыналық бөлшегі дәрежесіне айналып кеткен бәрі есімдігі қара сөздер тілінде, көбінесе, субстантивтік мәнде қолданылады. Барлығы сөзі мұндай мағынада сирек ұшырасады.

Хакім Абай субстантивтенген бәрі сөзін қара сөздер мазмұнына арқау еткен. Субъектілік-предикаттық қатынас құрамында бұл есімдік әрі дара, әрі күрделі мүше ретінде көрініс табады. Қара сөздер тілінде қайталана қолданылуы – олардың ең басты ерекшелігі. Мәтіннің өн бойында екі немесе одан көп қайталанып, оқырман назарын бірден өзіне аударады. Бұл ерекшеліктің өзін екі жақты қарастырған жөн. Біріншіден, бәрі есімдігінің жеке сөйлем құрамында қайталама элемент ретінде жұмсалуы. Ондай жағдайда жалпылау есімдігі «ұзын-ұзақ» құрмалас сөйлемнің бөлшегіне айналады. Абай стилінің индивидуалдық белгілерінің бірі саналатын «бірдей мөлшерлі параллельдер» субъектілік-предикаттық қатынас құрайтын бәрі есімдігіне де тән.

Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен (34-сөз).

Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?(39-сөз).

Бұл аралас құрмалас сөйлемдерде бәрі есімдігі өзінің бастапқы тұлғасында, дара қалпында бірдей сөздермен қатар келіп, екі-үш рет қайталана жұмсалған. Ақынның мақсатты ойын жинақтай, жалпылай көрсетуде аталмыш есімдік маңызды қызмет атқарады. Мұндай қызметте олар ой екпінін өзіне қарай тартқыш келеді. Сөйтіп, ойдың эспрессиясын күшейтудің стильдік амалы ретінде ерекше көзге түседі.

Бәрі есімдігінің қайталанып келуі тек жеке сөйлемде ғана емес, бірнеше сөйлемдер тізбегінде, яғни, тұтас бір күрделі ойды жеткізуде де айрықша көрінеді. Бұл элементтердің бір ерекшелігі – күрделі мүше ретінде жұмсалуы. Бірдей зат есім және бірдей сілтеу есімдіктерімен матаса тіркесе отырып, олар мәтіннің өн бойында бірнеше рет қайталанады да, күрделі субъектіні немесе объектіні білдіреді.

Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті ( 22-сөз).

 Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен?  Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?



Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ.

Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды (26-сөз).

Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?

Олай болғанда және не ойлайсың, һәмма мақұлыхатты жас балаларына елжіретіп, үйірілтіп тұруын көргенде уа һәмма мақұлыхаттың өлімін жек көріп, тіршілікте көп қалмақшылығын тілеп, ижтиһад қылуын көргенде, өсіп-өнуінің қамында болудан басқа істі аз ойламақтары - бұларының бәрі жұрт болсын, өссін, өнсін үшін. Солардың бәрін жаратқанда көңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һәм мұның бәрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? – дейді (27-сөз).

Оқырман назарын ерекше аударғысы келген мәселелерді қозғағанда Абай жалпылау есімдікті қайталама элементтерді осылайша түрлендіреді. Басыңқы сыңар ретінде өзге сөз таптарымен (зат есім) немесе есімдіктің басқа топтарымен (сілтеу есімдігі) тіркесе келіп, бәрі есімдігінің жалпылама мағынасы біршама нақтылана түседі. Ол негізгі кейіпкер – адам баласының өмірі, іс-әрекеттері, ниет-пейілдеріне меңзейтін жинақтау қызметінде жұмсалады. Сөйтіп, осы мәселелерді саралап көрсетеді. Бірдей грамматикалық формада бірнеше рет қайталану арқылы олар мәтінде өзгеше стильдік сипатқа ие болады.

Сонымен, қайталау әдісін хакім Абай өзінің поэзиясына ғана емес, қара сөздер тіліне де арқау еткен. Бұл жүйелі әдісті жүзеге асыруда тіліміздегі есімдіктер тобы, соның ішінде жалпылама есімдіктері маңызды қызмет атқарады. Өзіндік лексика-семантикалық мағынасымен ерекшеленетін жалпылама есімдіктері ақын прозасы тілінде экспрессивтік реңк тудыратын стильдік амал ретінде көрінеді.
Әдебиеттер

1 Әлкебаева Д. Мағжанның ойлау стилі. Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті». – 2014. – 108 б.

2 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. – 2010. – 258 б.

3 Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы. – 1961. – 52-53 б.

4 Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Алматы, Арыс. – 2004. – Б. 259-549.


Резюме
В статье расматриваются особенности применения определительных местоимений в словах назидания Абая.

Язык прозы Абая как и поэтика Абая может быть объектом для многих исследовательских работ. В языке Абая особое место занимают местоимения. Автор анализирует грамматические приемы и стилистическую функцию определительных местоимений.


Summary
The article features of application are risen attributive pronouns in the words of edification of Abay. The language of prose and poetics as Abay Abay may be subject to many research papers. In the language of Abai occupy a special place pronouns. The author analyzes the grammatical and stylistic techniques attributive function of pronouns.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет