Өмірі (жеке басы) жайлы анамнез



Дата03.10.2019
өлшемі36.58 Kb.
Қарағанды медицина университеті

Психиатрия және наркология кафедрасы

Ауру тарихы

Орындаған: Турар Дәрмен

Қабылдаған: Алипбаева Л.Е

Қарағанды 2019

Паспорттық бөлім

Аты-жені: Науқас К.

Туған күні: 02.06.1998 ж.

Мекен-жайы: Темиртау қаласы

Жұмыс орны: жұмыссыз

II Топ мугедек

Клиникалық диагнозы: F0.6 Соматикалық аурумен немесе бас миының дисфункциясы және зақымдалуымен жүретін басқа психикалық бұзылыстар. Галлюцинаторлы синдром.

Шағымдары: Курация кезіндегі шағымы: басында мульт кейіпкерлерінің, сүйікті музыка тобының дауыстарын естиді, ұйқысының бұзылысы, түсініксіз қорқыныштар пайда болып, науқас үйден қашатын болған.



Отбасы анамнезі:

Науқастың айтқаны бойынша ата-анасы мен жақын туыстарының жүйке-психика және басқа да жұқпалы аурулары болған жок. Маскунемдік, еciрткіге әуестік жок. Үй ішіндегі ақуал: отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жаксы, тұрмыстық жағдайы орташа.



Өмірі (жеке басы) жайлы анамнез:

Науқастың айтуынша отбасында өгей әкесімен тұрады. Анасының жүктілігі өте ауыр материалдық жағдайда өткен және босанған кезінде өзгешеліктер болған жок, осы уақыт ішінде дене және психика жарақаттары орын алған жоқ. Науқас нәресте күндерін анық білмейді, психика жарақаттарын алған жоқ. Өсуі мен дамуы жағынан өзімен жастылардан қалыспады. Отбасындағы тәрбие жағдайы жакқсы болған, балалар ұжымында өciпті.

Сыртқа тепкен сезім ерекшелігі: эмоциясы кқалыпты, кеңіл-күйі орташа бірқалыпты.

Мектепте жургенде: Мектепке 7 жасында барды.

Әлеуметтік жағдайы: төмен.

Басынан кешкен аурулары: тұмау.

Зиянды әдеттері: шылым, ішімдікке әуестенбейді. Аллергиялық реакцияларды жоққа шығарады.

Осы сырқатының даму барысы

Науқастың айтуы бойынша: осы сырқатының алғаш көрініс беруі және алғаш 2013 жылы басталған. Алғаш науқас балалармен төбелесіп, бас ми жарақатын алған. Стационарда ем қабылдап жағдайы қалыпты күйде ауруханадан шығарылған. Содан соң 18 жасында тағы да травма алып, 1 курстан артық оқи алмаған. Сол кезден бастап науқаста галюцинаторлы көріністер, сандырақ ойлар пайда бола бастаған. Курстастарына байланысты қарым – қатынас, зиян келтіріу сандырақтары болған. Тамакқа тәбеті болмаған, тамак ішпеген. Кеңіл-күйі бір қалыпты, төмен, депрессивті жағдайда.

Психикалық жағдайы.

Науқастың қазіргі шағымдары: басында мульт кейіпкерлерінің, сүйікті музыка тобының дауыстарын естиді, ұйқысының бұзылысына, түсініксіз қорқыныштар пайда болуына шағымданады.

Ақыл-есінің жайы: Ақыл-есі көмескіленбеген. Сөйлескісі келеді, бәрін ашық айтып береді, бірақ науқасқа бағыт бағдар беру керек, ойлары жүйеленбеген сандырақпен ауысады. Ауырғанын анық білмейді. Қойылған сұрақты жақсы түсініп, бірден жауап береді. Өзінің кім екенін біледі. Уақытқа, жерге, өзіне бағдары толық сақталған.

Койылған қосымша сурақтар:

» Cіз жатқан мекемені атаңыз? - наукастың жауабы: Облыстық психоневротикалық диспансер

Кабылдау өрісінің бұзылуы. Қателесу, бұрмалау, елестер. Курация уақытында наукаста елестер, тактильді сезімдер, айрықша иістер, дауыстар байқалған жок. Бірақ бөлім меңгерушісіне деген зиян келтіру сандырағы анықталды.

Ойлаудың бүзылуы. Ойлау жүйеcі дұрыс. Аздап шатасу бар. Науқасқа дұрыс көңіл белінеді. Жаулары, жасырын қаскей адамдары жок. Оны ешкім қудалап, мазақтамайды. Біреудің айрықша әсер етуін сезінбейді. Ұлылық сандырағы анықталады, яғни науқас өзін теледидардан көрсеткенін және танымал болғандығын айтады. Көңіл-күйі бір қалыпты. Өзін дарынды, талантты адам деп санамайды. Айтқанын екінші рет сұрағанда, мазмұнын өзгертпей қайталап жауап береді.

Сезім сферасы. Көңіл-күй өзгерістерінде немкұрайлылық байқалады. Сезімдері тұрақты. Сыртқы себептерге байланысы бар. Өзін-өзі сезінеді.

Қимыл-ерік өрісі: Наукас әр нәрсеге коп көңіл аудармайды. Агравацияға бейімділігі жоқ. Қимыл қозғау актілері сақталған. Еркінен тыс сезім белгілері жок. Теріс әрекеттер байқалмайды. Науқаспен сөйлескенде көзін жұмып отырып сұрақтарға жауап береді. Оның себебін сұрағанда маған осылай отырған ұнайды деп жауап берді.

Назары: науқасқа бағытталған сұрақтар кезіндеде көзін ашпайды, көңіл аудармайды. Қажу көріністері байқалмайды.

Ес (жады): Есте сақтау қабілеті сақталған. Білім деңгейі мектептегі оку деректерімен тексерілді. Өзен, қала атауларын, өзінің бауырларының жылдарын айтып берді. Есте сақтау қабілетінің бұзылыстары байқалмайды.

Алдын-ала диагноз қою және оны негіздеу.

Осы ауру анамнезіне сүйене отырып: осы сырқатының алғаш көрініс беруі. Алғаш 2013 жылы басталған. Алғаш науқас балалармен төбелесіп, бас ми жарақатын алған. Стационарда ем қабылдап жағдайы қалыпты күйде ауруханадан шығарылған. Содан соң 18 жасында тағы да травма алып, 1 курстан артық оқи алмаған. Сол кезден бастап науқаста галюцинаторлы көріністер, сандырақ ойлар пайда бола бастаған. Курстастарына байланысты қарым – қатынас, зиян келтіріу сандырақтары болған. Тамакқа тәбеті болмаған, тамак ішпеген. Кеңіл-күйі бір қалыпты, төмен, депрессивті жағдайда.

Алдын-ала диагнозымды:



Соматикалық аурумен немесе бас миының дисфункциясы және зақымдалуымен жүретін басқа психикалық бұзылыстар. Галлюцинаторлы синдром.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет