«Өндірісті метрологиялық Қамтамасыз ету»



жүктеу 417.87 Kb.
бет1/2
Дата30.04.2016
өлшемі417.87 Kb.
  1   2

ОӘК 042–14.1.04.01.20.32-2006

Ред. № 1 ________________


Бет , барлығы 28



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ОӘК 042-14.1.04.01.20.32/03

- 2009


«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінің оқулық әдістемелік материалдары

№ 2- редакция

30.09.2009 ж.




«ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКСІ

050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»

мамандығы үшін



Семей 2009




Мазмұны





1.

Лекциялар …..……………………………………………………………..

4

2.

Практикалық сабақтар ………………………………………………….

4

3.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

5

















































































1 Лекциялар


Лекция 1. Кіріспе. Өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі

Өндірісті тиімді басқару, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, шикізат және дайын өнімді толық есепке алу қазіргі кезде кез келген кәсіпорынның негізгі міндеттері болып табылады.

Өлшеу ақпаратының ақиқат болуы өндірісті және бүкіл саланы талдау, болжау, жоспарлау және басқарудың негізі болып табылады және шикізаттарды, дайын өнімді энергетикалық шығындарды толық есепке алуға, сондай-ақ өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Төменде келтірілген өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз ету принциптері кездеседі:

1. Физикалық шамалардың тек қана заңмен рұқсат етілген бірліктерін қолдану;

2. Физикалық шамаларды мемлекеттік эталондардың көмегімен ұдайы қайталау;

3. Заңмен рұқсат етілген мемлекеттік сынаудан өткен және физикалық шамалардың бірліктерінің мөлшерлері оларға мемлекеттік эталоннан берілген өлшеу құралдарын қолдану;

4. Қолданылатын өлшеу құралдарының сипаттамаларын бекітілген уақыт аралығы өткеннен кейін міндетті түрде оқтын-оқтын бақылау;

5. Салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдарын және аттестациялаудан өткен өлшеулерді орындау әдістемелерін қолдану негізінде қажетті дәлдігігің қамтамасыз етілуіне кепілдіктің болуы;

6. Өлшеу нәтижелерін тек олардың қателіктері бекітілген ықтималдықпен бағаланған жағдайда ғана қолдану;

7. Метрологиялық ережелер мен нормаларының сақталын (орындалуын) жүйелі түрде бақылау, өлшеу құралдарын мемлекеттік қадағалау және бақылауға алу.

Бұл принциптерді жүзеге асыру үшін ғылыми, техникалық және ұйымдық (ұйымдастыру) негіздерінің болуы қажет. Өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі аталған үш негіздің жиынтығы болып табылады.


Лекция 2. Метрологиялық қызметтер

Сала кәсіпорындарының метрологиялық қызметтерінің негізгі мақсаты - өндірістің тиімділігін және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін ұйымдық-техникалық іс-шараларды атқару болып табылады. Бұл мақсат уақытқа сай өлшеу құралдарын енгізу, олардың үнемі жұмысқа дайын болуын қамтамасыз ету және өндірісті даярлау және технологиялық процестерді орындау кезінде метрологиялық тәртіпті сақтау арқылы орындалады.

Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысы өлшеу құралдарының сенімділігін тұрақты түрде қамтамасыз ету, өндірістің, технологиялық процестердің, шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімнің сапалық көрсеткіштерін, параметрлерін ақиқат түрде толық бақылау және реттеу болып табылады.

Басқару органдарының метрологиялық қызметі салада метрологиялық ережелердің, нормалар мен талаптардың сақталуына жауапты болып табылады. Бұндай құзметтер төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылатын ұйымдық-техникалық іс-шаралар жүргізуі керек:

- сала кәсіпорындарында шығарылатын өнімдерді зерттеп дайындау, өндіру және сынауды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін әдістемелік тұрғыдан бақылау, үйлестіру және атқару мақсатында;

- сала кәсіпорындары мен мекемелерінде заманға сай келетін өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдарының, сондай-ақ тиісті салыстырып тексеру құралдарының енгізілуін ұйымдастыру;

- мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес Мемлекеттік өлшеулердің бірегейлігін қамтмамсыз ету жүйесінің стандарртарын зерттеп дайындау, келісу және енгізу;

- салада зерттеп дайындалатын және шығарылатын өлшеу құралдарын мемлекеттік сынаудан өткізуді жобалау;

- стандарттар мен техникалық шарттардың жобаларын технологиялық және конструкторлық құжаттарды метрологиялық сараптауданөткізу; метрологиялық сараптауды кәсіпорындардың және ғылыми зерттеу және жобалау институттарының басқа қызметтері мен бөлімшемелері жүргізетін болса, оларды әдістемелік жағынан басқару;

- салада қолданылатын өлшеу құралдарының салыстырып тексеруден және жөндеуденөтуін қамтамасыз ету, олардың жай-күйін және қолданылуын, кәсіпорындар мен мекемелерде метрологиялық ережелердің, талаптардың нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

- Мемстандарт және оның органдарымен метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық құру; олардың мемлекеттік қадағалау бойынша атқарылатын жұмыстарына жәрдемдесу;

- Метрология облысында халықаралық ынтымақтастықтық жөніндегі жұмыстарға қатысу.

Кәсіпорынның метрологиялық қызметі төмендегі бөлімшелермен тығыз байланыста жұмыс істейді:


  • бас механиктың қызметімен;

  • бас энергетиктің қызметімен;

  • бас технологтың қызметімен;

  • микробиологиялық бақылау зертханасымен;

  • өндірістік-ветеринарлық бақылау бөлімінің зертханасымен.

Кәсіпорындағы өлшеу техникасы және автоматика түгелдей негізгі және көмекші цехтар бастықтарының қарамағында болады және олар құралдар мен автоматиканың сақталуына және дұрыс пайдаланылуына жауапты болып табылады.

Бас технолог бас метрологке технологиялық процестің өзгеруі және осыған орай өлшеу техникасы және автоматиканы ауыстыру қажеттігі жөнінде ақпарат береді.

Кәсіпорынның метрологиялық қызметін материалдық-техникалық жабдықтауды жабдықтау бөлімі жүзеге асырады.

Жөнделуі қажетті өлшеу құралдарын және автоматтандыру құралдарын, егер оларды технологиялық жабдықтар, агрегаттардың жұмысын тоқтатусыз орныныан алу және орнына қою мүмкін емес болса, арнаулы мекемелер орнынан алады (демонтаждайды). Бұл жұмыстарға метрологиялық қызметтің мамандары және бас механик пен бас энергетиктің қызметтері қатысады.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарын (оның әшәнде өлшегіш техниканы жөндеу, салыстырып тексеру жүргізілетін бөлмелердегі жұмыстарды) кәсіпорынның күрделі құрылыс бөлімі жүзеге асырады.

Компрессорларды, қысымдағы ауа сақталатын ресиверлерді және басқа өлшеу құралдарын және автоматиканы қысымның астындағы ауамен қамтамасыз ететін құралдарды, сондай-ақ қысым астындағы ауа ауа магистралі бас механик қызметінің персоналы өз қарамағына алады.



Лекция 3. Өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету

Өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету өнімнің сапалық көрсеткіштерін, технологиялық процестің параметрлерін және жабдықтардың жай-күйінің көрсеткіштерін қажетті дәлдікпен анықтауды қамтамасыз етуші ғылыми және ұйымдық-техникалық іс-шаралардың комплексі болып табылады. Өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету “Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесінің” (ЕСТПП) бөлігі болып табылады және прогрессивтік технологиялық процестерді қолдануға және конструкторлық құжаттардың, сондай-ақ өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру құралдарының ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге бағытталған.

Өнімнің өмірлік циклының төмендегі сатыларында өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі:

- зерттеу және жобалау сатысында (жаңа перспективалы технологиялар, технологиялық параметрлерді және сапалық көрсеткіштерді өлшеу әдістері мен құралдарын зерттеп дайындау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; жобалау үшін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жоба әзірлеу (зерттеп-дайындау); перспективалы комплексті механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтар шығару бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

- шығару сатысында (өндірісті дайындау; өнімді шығару; өнімді өндірістен алу);

- айналымға жіберу сатысында (өнімді босату; тасымалдау; сақтау; даналап (разничная) сату;

- тұтыну сатысында (өнімнің тедициналық-биологиялық құндылығы; органолептикалық бағалру).

Өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарына жатады:

- өлшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын анықтау және шикізаттар, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді ақиқат түрде бақылауды қамтамасыз ететін өлшеу дәлдігінің нормаларын зерттеп дайындау;

- өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін технологиялық процестердің параметрлерін өлшеуді орындау әдістемелерін зерттеп дайындау;

- өндірісті өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету; салалық қолдануға жататын арнаулы өлшеу құралдарын жобалау және жасап шығару;

- өлшеулердің нормаланған дәлдікпен орындалуын қамтамасыз ету (салыстырып тексеру және жоспар бойынша алдын ала жөндеу гоафиктерінің және техникалық қызмет көрсету және жөндеу базасының болуы;

- нормативтік құжаттамада көзделген өлшеулерді орындау үшін жағдайлар жасау;

- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табоғатты қорғау үшін қажетті өлшеулерді орындау әдістемелерін зерттеп дайындау.


Лекция 4. Технологиялық процестерді метрологиялық қамтамасыз ету

Технологиялық процестердің өлшеуге жататын параметрлерінің оңтайлы номенклатурасын анықтау кезіндегі негізгі критерий болып бақыланатын параметрлердің санының өндірістің технологиялық процестерінің барлық кезеңдері бойынша объективті және ақиқат ақпарат алу үшін қажетті және жеткілікті болуы табылады.

Осы негізні принципке негізділі отырыа технологиялық процестердің бақыланатын параметрлері үшін бақыланытын нүктелердің нақты саны тағайындалуы керек. Осы ақпаратқа сүйене отырып нақты технологиялық процесс үшін өлшеулердің жалпы санын, яғни осы процесті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың көлемін анықтау керек.

Өлшенетін параметрлердің номенклатурасының оңтайлығы нормативтік-техникалық құжаттама, конструкторлық құжаттама және технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу кезінде айқындалады. Бұл маақсатты орындау кезінде мыналар бақыланады:

- өлшенетін параметрлер мен сапалық көрсеткіштердің номенклатурасының және олардың нормаланатын мәндерінің стандарт талаптарына сәйкестігі;

- бұл номенклатураның өнімнің немесе технологиялық процестің өз арналуына, бақылау ақиқаттығына, еңбек қауіпсіздігіне және және қоршаған ортаны сақтау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жеткіліктілігі;

- параметрлер мен сапалық көрсеткіштердің нормаланатын мәндердің және жіберілетін технологиялық ауытқулардың негізділігі; бұл жерде параметрдің номинал мәні жіберілетін ауытқулары немесе жіберілетін мәндер интервалының шектері қосылып жазылуы керек («___ -дан ____-ға дейін» түрінде). Егер параметрдің тек үлкен немесе кіші мәндері жіберілетін болса, онда оның мәндері «... төмен емес» немесе «... артық емес» түрінде көрсетіледі;

- таңдалған номенклатураның бағалауға жұмсалатың шығындарды азайту тұрғысынан оңтайлығы.

Әртүрлі кәсіпорындарда, әртүрлі жағдайларда және әртүрлі уақытта бірдей технологиялық параметрлерді бақылау үшін өлшеулердің бірегейлігін және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатындапараметрлерді өлшеудің дәлдік нормалары тағайындалады.

Лекция 5. Өлшеулердің жай-күйін талдау

Өлшеулердің жай-күйін талдау РД 50-466-84 «Методтческие указания. Анализ состояния измерений в отраслях народного хозяйства и промышленности. Методика организации и порядок проведения» құжатына сәйкес жүргізіледі. Талдаудың мақсаты өлшеу құралдарының және өлшеу әдістерінің қазіргі күнгі өндіріс талаптарына сәйкестігін анықтау және талдау негізінде өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар қолдану.

Өлшеулердің жай-күйін талдау объектілері болып табылады:

- шикізат және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды оларды сынау әдістерін, сондай-ақ технологиялық процесті жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік техникалық құжаттама, оның ішінде мемлекеттік стандарттар, салалық стандарттар, техникалық шарттар, технологиялық нұсқаулар. Талдау жүргізгенде осы құжаттарда дәлдік нормалары, шикізат пен дайын өнімнің негізгі сапалық көрсеткіштерін өлшеу құралдары мен әдістері, сондай-ақ технологиялық процестердің параметрлерін бақылау құралдары мен әдістері дұрыс көрсетілгенін анықтайды;

- негізгі өндірістің заманға сай, процестердің негізгі параметрлерін және дайын өнімнің технологиялық нұсқаулықта, техникалық шартта, мемлекеттік стандартта тағайындалған сапалық көрсеткіштерін бақылау дәлдігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдары және әдістерімен қамтамасыз етілу дәрежесі;

- кәсіпорында шикізатты қабылдау және дайын өнімді шығару кезінде есепке алу операцияларын метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйі;

- технологиялық процестердің метрологиялық қамтамасыз етілуінің кәсіпорын қазметінің негізгі көрсеткіштеріне: өнімнің сапасына, еңбектің тиімділігіне және т.б. ықпаоы (әсері);

- кәсіпорында енгізілетін технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелерінің метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;

- ведомстволық метрологиялық қызметтің жай-күйі және оны ұйымдастыру дәрежесі, олардың шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз етудегі ролі;

- кәсіпорында қолданыдатын өлшеу құралдары және автоматтандыру құралдарына метрологиялық қызмет көрсетудің жай-күйі;

- кәсіпорынның қажетті салыстырып тексеру құралдарымен, метрологиялық жұмыстарды жүргізу үшін бөлмелермен және қажетті салыстырып тексеру әдістері және құралдарымен, нормативтік техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етілуі;

- кәсіпорнында қолданылатын өлшеу құралдары және автоматтандыру құралдарының жөндеумен қамтамасыз етілуі;

- кәсіпорынның қолданылатын өлшеу құралдарын жасау сапасына, конструкциясяна, метрологиялық сипаттамаларына, сондай-ақ осы өлшеу құраллның құжаттарына білдірілетін назарлықтары (претензиялары).
Лекция 6. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негіздері



  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет