Өндірістік объектілердегі өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесі



жүктеу 0.76 Mb.
бет1/11
Дата01.05.2016
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: kchs -> 2016 -> yanvar
yanvar -> Қосымша Адамдар легі қозғалысының иммитациялық-стахостикалық моделі
yanvar -> Қосымша 3 Адамдардың ғимараттан жеке-лекпен шығуының математикалық моделі
2016 -> В подземных горных выработках
2016 -> Хабарландыру мәтіні
yanvar -> Қосымша 6 Есептеулер орындауға арналған бастапқы деректердің тізбесі
2016 -> Амо күре жолдық медициналық құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадаларының
yanvar -> Есептеу тәртібі



ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ ӨРТ ҚАТЕРІНІҢ

ЕСЕПТІК ШАМАЛАРЫН АНЫҚТАУ

ӘДІСТЕМЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Осы құжат өндірістік объектілер үшін өрт қатерін бағалау бойынша есептеулер жүргізу әдістемесін сипаттайды.

Өндірістік объектілердің өрт қатерін бағалау «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 3.1 бөліміндегі 9-тармақта жазылған талаптарына сәйкес жүргізіледі.

1.2. Өрт қатерін бағалау қорғау объектісінің өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін анықтау, қорғау объектісінің немесе оның құрамдас бөлігінің «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентімен регламенттелген жағдайлардағы өрт қауіптілігі деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

1.3. Өндірістік объектілердің өрт қауіптілігі деңгейінің сандық өлшемі, өрт кезінде адамдардың опат болу қатері, соның ішінде:

- өндірістік объекті пресоналының опат болу қатері;

- өндірістік объектіге жақын орналасқан қоныс аймағындағы адамдардың (өндірістік объектіге жақын орналасқан аумақта тұратын халықтың) опат болу қатері болып табылады.

Өндірістік объектілердегі өрт кезінде адамдардың опат болу қатері потенциалдық, жеке және әлеуметтік өрт қатерлерінің сандық мәндерімен сипатталады.

1.4. Осы Әдістеме мына жағдайларда қолданылады:

- өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттармен өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленбеген қорғау объектілерінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілгендігін растау кезінде;

- «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде көзделген жеке өрт қатерін бағалау кезінде;

- бірегей объектілер мен өртке қарсы нормалар мен ережелер олар үшін жасалмаған объектілер үшін өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалауға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын негіздеу үшін;

- өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары толық көлемде орындалмаған қорғау объектілерінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілгендігін растау кезінде;

- сыртқы қондырғыларда өрт туындау мүмкіндігінің алдын алуға және және өрт туындаған жағдайда адамдар мен мүлікті өрттен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілеу мақсатымен сыртқы қондырғыларды өрт қауіптілігі бойынша жектемелеу үшін олардың санаттарын анықтау кезінде;

- қауіпті өрт факторларының әсерінен адамдар мен мүлікті қорғау және (немесе) оның зардаптарын шектеу мақсатымен өртке қарсы қорғаныс жүйелерін (өртті табу, хабарлау және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару) құру кезінде;

- жобалау құжаттарын әзірлеу және Қазақтан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде;

- объект өрт салдарынан адамдардың опат болу қатерін тудырады деп жорамалдауға негіз болған жағдайларда.


1.5. Өрт қатерін бағалау нәтижелері:

- «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде көзделген өрт қатерінің рұқсат етілген мәндерін өндірістік объектіде қамтамасыз етуді негіздеу үшін;

- бір немесе бірнеше өрт қатерінің есептік мәндері 1.4.тармақта санамаланған, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде белгіленген нормативтік мәндерден артқан жағдайда, өндірістік объектінің өрт қауіптілігін төмендетудің қосымша шараларын әзірлеу жөніндегі шешімдер қабылдау үшін;

- жобалық құжаттама әзірлеу және өрт қауіпсіздігі бойынша жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде қоланылады.

1.6. Өрт қатерін бағалау бойынша есептеулер жүргізуге қажетті әдістер осы әдістеменің 1-5 Қосымшаларында берілді. Өрт қатерін бағалау кезінде «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» ГОСТ 12.1.004-91* -тың ережелерін, осы құжатқа қайшы келмейтін бөлігінде ескеруге болады.

1.7. Осы Әдістеменің ережелері әлеуметтік мақсаттағы өндірістік объектілерде, соның ішінде әскери мақсаттағы объектілерде, радиоактивті және жарылғыш заттарды өндіретін, қайта өңдейтін және сақтайтын объектілерде, химиялық қару мен жарылғыш заттарды жою және сақтау объектілерінде, жерүсті ғарыштық объектілерде және старттық кешендерде, ормандарда орналасқан кен өндіру орындарында өрт қатерінің есептік шамасын анықтауға таралмайды.

1.8. Осы Әдістемеде пайдаланылған терминдер мен анықтамалар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 2-бөлімінде баяндалған терминдер мен анықтамаларға сәйкес келеді.

2. ӨРТ ҚАТЕРІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ


2.1. Өндірістік объектіде өрт қатерін бағалау мыналарды қарастыруы тиіс:

1) өндірістік объектінің өрт қауіптілігін талдау;

2) өндірістік объектілерде өрт қауіпті авариялық жағдайлардың іске асу жиілігін анықтау;

3) әртүрлі өрт өршуінің сценарийлері үшін қауіпті өрт факторларының алаңын құру;

4) әртүрлі өрт өршуінің сценарийлері үшін қауіпті өрт факторларының адамдарға әсер ету зардаптарын бағалау;

5) Өрт қатерін есептеу.

2.2. Өндірістік объектілердің өрт қауіптілігін талдау мыналарды қарастыруы тиіс:

1) өндірістік оъектідегі технологиялық ортаның және технологиялық процестер параметрлерінің өрт қауіптілігін талдау;

2) өртқауіпті авариялық жағдайлардың тізбесін және әрбір технологиялық процес үшін параметрді анықтау;

3) әрбір технологиялық процесс үшін, туындауы жағдайды өртқауіпті ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін себептердің тізбесін анықтау;

4) салдарынан адам опат болған өрттердің туындау және өршу сценарийлерін құру.

2.3. Технологиялық процестердің өрт қауіптілігін талдау технологиялық процесте айналатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігінің көрсеткіштерін технологиялық процестің параметрлерімен салыстыруды қарастырады.

Технологиялық ортаның өрт қауіптілігін сипаттауға қажетті және жеткілікті заттар мен материалдардың агрегаттық жағдайына байланысты өрт қауіптілік көрсеткіштерінің тізбесі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентімен регламенттеледі.

Өртқауіпті технологиялық ортаны тұтату көздерінің тізбесі технологиялық процестің және өзге тұтану көздерінің параметрлерін заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштерімен салыстыру жолымен анықталады.

2.4. Өндірістік объектідегі өртқауіпті жағдайларды анықтау әрбір технологиялық процестің өрт қауіптілігін талдау негізінде жүзеге асырылуы және зақымдану аймағындағы адамдар үшін қауіпті өрт факторларымен және қауіпті өрт факторларының әсер етуінің қайталама зардаптарымен зақымдану қаупі туындайтын жағдайларды таңдау қарастырылуы тиіс.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмайтын жағдайлар өртқауіпті жағдайларға жатқызылмайды. Бұл жағдайлар өрт қатерін есептеу кезінде ескерілмейді.

2.5. Әрбір өртқауіпті жағдай үшін өндірістік объектідегі өртқауіпті жағдайлардың туындауы мен дамуы себептерінің, олардың туындау орындарының және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрт факторларының сипаттамасы келтірілуі тиіс.

2.6. Өртқауіпті жағдайлардың туындау себептерін анықтау үшін іске асырылуы жанғыш ортаның қалыптасуына және тұтану көзінің пайда болуына әкелетін оқиғалар анықталуы тиіс.

Өндірістік объектілердегі өртқауіпті жағдайлардың себебі болып табылатын неғұрлым ықтимал оқиғалар:

технологиялық регламенттің бұзылуымен (мысалы, құю-ағызу операциялары кезінде отынның асып төгілуі, технологиялық себептер бойынша қысымның асуы салдарынан жабдықтың қирауы, жанғыш газбуауа қоспаларының түзілу орындарында тұтану көздерінің пайда болуы) технологиялық процестердің шекті мәндердің параметрлерінен шығуы;

механикалық (жоғары немесе төмен қысымның әсерінен, динамикалық күш түсу және т.б.); температуралық (жоғары немесе төмен температураның әсерінен) және агрессивтік химиялық (оттегі, күкіртті сутегі, электрохимиялық және биохимиялық коррозия) әсер етулер тудырған технологиялық жабдық қымтағының бұзылуы;

персоналдың қателігінен, заттардың құлауынан, некачественного проведения жөндеу және регламенттеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуі және т.б. нәтижесінде жабдықтың механикалық бүлінуі (мысалы, жабдық қымтағының бұзылуы немесе жөндеу яки теміржол болмаса автомобиль көлігімен соқтығысу нәтижесінде оны қорғау элементтерінің қатардан шығуы).

2.7. Өндірістік объектілердің өрт қауіптілігін талдау технологиялық процестің параметрлерін жол берілетін өрт қатерін қамтамасыз ету деңгейіне дейін өзгертетін алдын-ала сақтандыру шаралар кешенін анықтауды қарастырады.
2.8. Өртқауіпті жағдайларды анықтау үшін технологиялық жабдықты (объектінің технологиялық жүйесін) учаскелерге бөлуді жүзеге асыру ұсынылады. Аталған бөлу авария туындаған жағдайда бұл уаскелерді бөліп қымтау мүмкіндігіне сүйеніп жүзеге асырылады. Өртқауіпті жағдайлар негізгі, сондай-ақ көмекші технологиялық жабдықта да қарастырылады. Одан бөлек, өндірістік объект аумағына орналасқан әртүрлі мақсаттағы ғимараттар, құрылыстар мен құрылғыларда (бұдан әрі мәтін бойынша -ғимарат) өрт туындау ықтималдығын ескеру қажет.

Өртқауіпті жағдайлар тізбесінде әрбір учаскеге қарай өндірістік объектінің технологиялық қондырғысына, ғимаратқа туындау мен дамудың бірдей модельдері сәйкес келетін өртқауіпті жағдайлар тобы бөлінеді.

Технологиялық жабдықтың қымтағының бұзылуымен байланысты өртқауіпті жағдайларды талдау кезінде ағудың әртүрлі диаметрлері (соның ішінде максималды – жабдықдың немесе құю-ағызу құбырларының толық қирауы кезінде) жағдайларындағы жылыстау қарастырылуы керек.

2.9. Өндірістік объектіде өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтау кезінде:

1) өндірістік объектіде пайдаланылатын жабдықтың істен шығуы туралы;

2) өндірістік объектіде пайдаланылатын жабдықтың сенімділік параметрлері туралы;

3 өндірістік объекті персоналының қате іс-әрекеті туралы;

4) өндірістік объекті орналасқан аудандағы гидрометеорологиялық ахуал туралы;

5) өндірістік объекті орналасқан аудандағы жердің географиялық ерекшеліктері туралы ақпараттар пайдаланылады.

Өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтау үшін авариялық бойынша статистикалық деректерді немсе қарастырылып отырған өндірістік объектінің ерекшеліктеріне сәйкес технологиялық жабдық сенімділігінің есептік деректерді пайдалнуға болады.

Қатерді бағлауға қажеті өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігі (соның ішінде персонал қателігінің нәтижесінде туындаған)туралы ақпаратты зерттелетін объектінің жұмысы туралы деректерден немесе ұқсас басқа объектілердің жұмысы туралы деректерден алуға болады. Өндірістік объектілердің жабдықтарының кейбір типтері үшін бастаушы өртқауіпті жағдайдың іске асу жиілігі, технологиялық құбыржелілерінен жылыстау жиілігі, сондай-ақ өрттердің ғимараттарда туындау жиілігі бойынша ұсыныылатын мәліметтер 1Қосымшада берілді.

Неізделген жағдайларда өртқауіпті жағдайлар мен өрттердің іске асу жиілігі бойынша басқа да деректерді пайдалануға болады. .

2.10. Өрттердің туындау және өршу сценарийлерін құру үшін, әдетте, жағдайлардың логикалық тармағы әдісі (бұдан әрі – логикалық тармақ) пайдаланылады.

Оқиғалардың логикалық тармағы ықтимал өрт қауіпті жағдайлар мен өрттердің жалпы даму сипатын, оқиғалардың себептік-салдарлық өзара қатынасын қатерді бағалау объектісінің ерекшелігіне байланысты көрсетіп, оларға қорғану шараларының әсер етуін ескере отырып графикалық бейнелеуге арналған қатерді бағалауға негіз болып табылады. Оқиғалардың логикалық тармағында өрттердің туындау және өршу сценарийлері бастапқыдан ақырғы жағдайға дейінгі оқиғалар сабақтастығы түрінде көрсетіледі.

Оқиғалардың логикалық тармағын құру процедурасы 2 Қосымшада келтірілді.

Оқиғалардың логикалық тармағын құру кезінде:

оқиғалардың логикалық тармағының әртүрлі тармақшаларының іске асуының шартты ықтималдығын және өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің осы немесе басқа өршу кезеңіне ауысуын;

өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің алдын алу немесе оқшаулаудың тиісті құралдардарының нәтижелі іске қосылу ықтималдығын (қолда бар статистика немесе жабдықтың паспорттық деректері бойынша қабылданады);

өрт аймағында орналасқан технологиялық жабдықтың және өндірістік объекті ғимараттарының қауіпті өрт факторының әсері салдарынан зақымдану ықтималдығын пайдалану керек.

2.11. Өрттің өршуінің әртүрлі сценарийлері үшін қауіпті өрт факторының алаңын құру кезінде мына қауіпті факторларды қарастыру қажет:

тепловое излучение при алаулап жану, төгілген сұйықтықтардың өрті және от шарлары кезінде жылудың шығуы;

ашық кеңістікте газбуауа қоспасының жануы кезіндегі артық қысым және қысу толқынының импульсі;

өрт ошағының әсер етуі салдарынан ыдыстың жарылуы кезіндегі артық қысым және қысу толқынының импульсі;

өндірістік жайда газбуауа қоспасының жануы кезіндегі артық қысым;

жайдағы жану өнімдері улы құрамдастарының шоғыры;

жай ішіндегі ауадағы оттегі шоғырының азаюы;

жайдағы атмосфераның түтіндену;

жайдағы ортакөлемді температура;

технологиялық жабдықтың қирауы кезінде пайда болатын шашыранды бөлшектер;

лап еткен өрт кезінде кеңейе таралатын жану өнімдері.

Қауіпті өрт факторларын бағалау өртқауіпті жағдайлар мен өрттер кезінде жүретін физикалық құбылыстарды талдау кезінде жүргізіледі.

Өртқауіпті жағдайлар мен өрттердің іске асуы кезінде туындайтын процестер немесе олардың зардаптары болып табылатын мына процестер (жабдықтың типіне және объектіде айналыстағы заттарға байланысты) қарастырылуы керек:

сұйықтықтың тесіктен ағуы;

газдың тесіктен жылыстауы;

тесіктен екіфазалық ағу;

жабдық сынған кезде сұйықтықтың жайылуы;

жабдық қираған кезде газдың лақтырылуы;

газдалған зонаның қалыптасуы;

ашық кеңістікте газбуауа қоспасының жануы;

қызған тезтұтанғыш сұйықтық, жанғыш сұйықтық немесе сұйытылған жанғыш газ тұрған ыдыстың қирауы;

төгілген сұйықтық өртінің немесе от шарының жылу шығару;

«лап еткен өрт»;

технологиялық жабдық элементтерінің қирауы кезінде шашыранды бөлшектердің пайда болуы және шашырап ұшуы;

төгілген сұйықтықтың булануы;

газбуауа бұлтының пайда болуы (газдар мен булар ауадан ауыр);

газбуауа қоспасының технологиялық жабдықта немесе өндірістік жайда жануы;

жайдағы өрт;

сұйықтық және/немесе газ ағысының алаулап жануы;

жанып жатқан жабдықтың жылу шығаруы;

сұйыққоймадағы жанып жатқан сұйықтықтың қайнауы және лақтырылуы;

сондай-ақ қажет болған кезде өртқауіпті жағдайлар мен өрттердің туындауы кезінде орын алатын процестер.

Қауіпті өрт факторларын бағалау 3Қосымшада келтірілген және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарда берілген әдістердің көмегімен жүргізіледі.

Негізделген жағдайларда басқа әдістерді пайдалануға жол беріледі.

2.12. Әртүрлі сценарийлер үшін қауіпті өрт факторларын бағалау өндірістік объектінің аумағында және оған жақын жатқан аумақта қауіпті өрт факторларының динамикасын модельдеу туралы ақпаратты және талданып отырған қауіпті өрт факторларының адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті мәндері туралы ақпаратты салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін өрт болған авариялардың қауіпті факторларының адамдарды, ғимараттарды және жабдықтарды зақымдауының өлшемдері пайдаланылады.

Өртқауіпті жағдайлар дамуының әртүрлі сценарийлері үшін қауіпті өрт факторларының адамдарға әсер етуінің зардаптарын бағалау қауіпті өрт факторларының зақымдау аймағына түсетін адамдар санын анықтауды қарастырады.

Өрт қатерін бағалау үшін, әдетте, адамдар мен айналадағы ғимараттардың және жабдықтардың қауіпті өрт факторларымен зақымдануының ықтимал өлшемдерін пайдалану керек. Детерминделген өлшемдер ықтимал өлшемдерді қолдану мүмкін болмаған кезде пайдаланылады.

Адамдар, ғимараттар мен жабдықтар үшін қысу толқынының және шығатын жылудың зақымдау әрекетін бағалаудың детерминделген және ықтимал өлшемдері 4 Қосымшада келтірілді.

2.13. Өндірістік объектілер үшін өрт қатерінің мәндерін есептеу әдістемесі 5 Қосымшада берілді.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет