Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»



жүктеу 123.11 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі123.11 Kb.
: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері

176 бұйрық 27 шілде 2009 жыл




Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы

нормативтік актілерді бекіту туралы
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса тіркелген бекітілсін:

Технологиялық құбырлар желісінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану ережесі.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйекте № 172 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізілсін:

Мыс өндірісіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесі мынадай параграфтармен толықтырылсын: 11-1, 11-2, 11-3 және 19-1 параграфтар:
«11-1-параграф. Мыс гидрометаллургиясы. Жалпы талаптар

241-1. Қабылдау және шығындау бақтары сұйық деңгейін өлшеу құралдарымен және шектік толтыру шектеушілерімен немесе артық құю трубаларымен жабдықталған.

241-2. Агрессивті сұйықтар трубақұбырларының фланецті қосындыларының қорғаныс сырты болады. Адамдар жүретін орындарда фланецті қосындыларды орнатуға жол берілмейді. Трубақұбырларының астынан адамдар жүретін орындар үстінен науалар орнатылады.

241-3. Фланецті қосулардағы ағуларды жою насостарды сөндіргеннен және трубақұбырларды босатқаннан кейін жүргізіледі.

241-4. Едендер, ағынды арналар және зумпфалардың гидроқшаулауы болады. Арналар қақпақтармен (торлармен) жабылады.

241-5. Технологиялық процессте қолданылмайтын гидрометаллургиялық қондырғылар, трубақұбырлары технологиялық сызбаның өзгеруі немесе басқа себептерге байланысты демонтаждалған немесе қолданыстағы сызбадан көрінетін алшақтықпен ажыратылады. Ажыратылған трубақұбырларының ұштары сенімді бітеледі.



11-2-параграф. Мыс электролизі
241-6. Электролиз процессіне осы Ереженің 241-1, 241-2, 241-3, 241-4, 241-5-тармақтарының талаптары таратылады.

241-7. Алаңдарға қызмет көрсетуші электролиз ванналары оқшауларда орналастырылған, ал олардың арасындағы көпірлер электр өткізбейтін материалдан жасалады.

241-8. Ванналар астындағы және қызмет көрсетуші алаңдардағы оқшаушылар олар қайта құю кезінде ерітінділердің түсуінен қорғалады. Олардың орналасу орны жарықтандырылған және тазартуға қол жетімді.

241-9. Оқшаулауларды тазарту еденнен оқшауланған алаңдар мен сатылардан жүргізіледі.

241-10. Ваннаға ерітінділерді жіберу трубақұбырлардың науалар және электр өткізбейтін материалдардан жасалған жеңдері арқылы жүргізіледі.

241-11. Науалардың металл каркастарының электрооқшаулаушы ажыратулары:

1) ванна бойын орналасқан - әрбір екі ванна арасында;

2) цехқа көлденең орналасқан ванналардың әрібір екі қатары арасында болады.

241-12. Ванналардың сыртқы қабырғалары, едендер және өту көпірлері арасында шамасы жобада анықталған ауа саңылауы болады.

241-13. Ваннаның корпусы гидрооқшауланған. Гидрооқшаулауы бұзылған ванналарды пайдалануға болмайды.

241-14. Электролиз залындағы бу-, сумен қамсыздандыру, қысылған ауа және желдеткіштің металл коммуникациялары жұмыс алаңдарынан 3 м кем емес биіктікте орналасқан, жерден оқшауланған немесе қоршалған, цех ұзындығы бойынша және ғимаратқа кіру және шығу кезінде электр оқшауланған ажыратулары болады.

241-15. Электролиз ванналарды шинолауға қосу және одан ажырату, регенеративті ванналардағы электродтарды ауыстыру кернеу тоқтатылған жағдайда жүргізіледі. Регенеративті ванналарға қызмет көрсету электр өткізбейтін құралдармен жүргізіледі. Электродтарды ауыстыру кернеулік алынған жағдайда жүргізіледі. Регенеративті ванналар ауа тартқыш жүйелермен жабдықталған, электролит беті қорғаныс қабатымен жабылады.

241-16. Электролиз цехының жертөле қабаттары электр қондырғысы құрылғылары ережелеріне сәйкес жарықтандырғыштармен жабдықталған. Жарықтандыру жүйесін қорғау дәрежесі МЕМСТ 14254-96 «Қабыршақтармен қамтамасыз етілетін қорғаныс дәрежесі (IP коды) және МЕМСТ 17677-82 «Жарықтандырғыштар. Жалпы техникалық талаптарға» сәйкес келеді.

241-17. Электролиз цехтары мен бөлімшелерінде технологиялық қондырғының оқшаулау кедергісінің шамасына бақылау жасалады. Бақылау сызбасы және өлшеу мерзімділігі технологиялық регламентпен анықталады.

Оқшаулау, жерге қосу құрылғыларының кедергісінің шамасын өлшеу нәтижелері журналға жазылады.

241-18. Электролиз цехтар мен бөлімшелер ванналар сериясын кіші станцияда электр тізбегінен ажыраған кезде автоматты өшіру құралдарымен жабдықталған және жарық не дыбыс сигнализациясымен блокировкаланған оқшаулау кедергісін бақылау құрылғысымен жарақтандырылған.

241-19. Ванналарды сөндіруге арналған қышқыштар (шунттар) рұқсат етілетін ток күшіне есептелген және қатарларда сақталады.

241-20. Электрлизді ванналар (сериясы) нөмірлеген. Нөмірі жақсы көрінеді, қондырғының орналасу сызбасындағы (жоспар) өзінің белгісіне сәйкес келеді.

241-21. Катодты негіздің биіктігі 0,8 м артық болмайды.

241-22. Тасымалдау арбаларында салынатын анодты қалдықтар биіктігі 1 м артық болмайды.

241-23. Жұмыс алаңында мышьяк текті сутектің болуы мен оның құрамын бақылау лабораториялық талдаулар және ауада мышьяк текті сутектің болуын анықтауға арналған индикаторлық (бромидті, сулемді) қағаз арқылы іске асырылады. Бақылау сызбасы және өлшеу мерзімділігі технологиялық регламентпен анықталады.
11-3-параграф. Мыс электролитті фольгасын өндіру
241-24. Мыс электролитті фольгасы өндірісіне осы Ереженің 241-2, 241-3, 241-4, 241-5, 241-6, 241-7, 241-8, 241-9, 241-15, 241-16, 241-17, 241-18, 241-19, 241-20, 241-22 тармақтарының талаптары таратылады.

241-25. Синильді қышқыл буларының бөлінуі мүмкін цехтар мен учаскелерде көрсетілген булардың жұмыс алаңындағы ауадағы ШЖК артық екені туралы хабарлайтын дыбыс сигнализациясымен блокировкаланған үздік әсер қимыл газ талдаушылары орнатылады.

241-26. Фольганың гальвано төзімді жабу технологиясында қолданылатын цианды қоспалар ерітіділерін дайындау оқытылған персоналмен жеке ғимаратта жүргізіледі.

241-27. Гальвано төзімді жабуларды салу жөніндегі қондырғылар аппараттарының тізбегінің сызбасы, оларды орналастыру және конструкциялары цианды қышқылдардың қышқыл ерітінділермен қосылуына жол бермейді.

241-28. Электролиз залындағы жүк көтеру механизмдерінің жерге қосылған металл конструкциялар, торабтар мен механизмдерден жүк ілмегінен электр оқшаулануының екі сатылы жүйесі болады.

241-29. Қышқыл, цианисті және хром ерітінділерімен ластанған сүзгіш маталарды жуу бөлек механизацияланған әдіспен жүргізіледі. Жууға арналған ғимараттар міндетті желдеткіштермен жабдықталады.

241-30. Цианидтерді немесе алты валентті хромды тасымалдауға арналған ыдыстар мен таралар босатылғаннан кейін зарарсыздандырылған ерітінділермен өңделеді.


19-1-параграф. Бақылау-өлшеу аспаптары және

автоматизация құралдары

317-1. Щиттерде, басқару пульттері мен панельдерінде орналасқан басқару, сигнализация және қоректендіру сызбалары оларды кернеуліктің болуы туралы сигнализациямен қамтамасыз етіледі. Бақылау-өлшеу аспаптары бақылау мен реттеуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орналастырылады.

317-2. Электр аспаптары мен щиттер электр қондырғы құрылғысы талаптарына сәйкес жерге қосылады.

317-3. Бақылау-өлшеу аспаптары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады.

317-4. Өзара байланысты учаскелер арасында қатты сөйлейтін немесе телефон байланысы орнатылады. Қауіпсіздік туралы ескерту үшін жекелеген жағдайларда дыбыс және жарық сигнализаторларын параллель қолдану ұсынылады. Шудың деңгейі жоғары болатын орындарда пульттер соғып тұратын немесе бағытталаған сигналдарын қолдануға болады.

317-5. Автоматты, жөндеу және қолмен қосу режиміндегі қондырғыларда сигнализацияны осы жұмыс режиміне қоспай жұмыс істеуге жол берілмейді.

317-6. Автоматты басқару, сигнализация, дистанциялық басқару аспаптары және қорғаныс блокировкалау құрылғыларына олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұрақты бақылау орнатылады.

317-7. Автоматизация аспаптары мен құралдарын реттеу және жөндеуге бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматизация құралдары қызметінің (әрі қарай – БӨАмАҚ) қызметкерлері жіберіледі»;

Мынадай 7, 8, және 9 тараулармен толықтырылсын:

7-тарау. Жарықтандыру. Сигнализация және байланыс

317-8. Өндірістік ғимараттарда электржарықтандырудың келесі түрлері қолданылады:

1) жұмыс;

2) авариялық (немесе эвакуациялық).

Авариялық электр жарықтандыру көздері электроқұрылғы қондырғыларының талаптарына сәйкес орнатылады.

317-9. Жұмыс және авариялық жарықтандыру шамшырақтары олардың бекітілуі, қауіпсіздігі және қызмет көрсету ыңғайлығы қамтамасыз етілетін болып орналастырылады.

317-10. Жұмыс орындарын мостылы крандардың көлеңкелеуін жою үшін кран астындағы, кран фермаларына ілінетін қосымша шамшырақтар көзделеді.

317-11. Мысты электролиздеу цехында Металл алаңдарда және металл ыдыстары (бақтар, диірмендер, құрғату барабандары және басқалар) ішінде жұмыс істеу кезінде тасымалданатын шамшырақтарды қоректендіру үшін 12 В артық емес кернеулік қолданылады. Бұл шамшырақтарды қоректендіру алғашқы және қайталамалы кернеуліктегі жеке орамды электр трансформаторларымен іске асырылады.

317-12. Электролиз корпустарының жертөлесі, хлорқұбырларының туннельдері, өтетін желдеткіш және кабельдік каналдардың 42 В артық емес тұрақты жұмыс істейтін электр жарығы болады.

Жарықтандыру желісі сымдармен немесе оқшауланған қабығы бар кабельдерден жасалады.

Мыс электролиз және сым ұнтақтары мен мыс фольгасының электролиттік өндірісі корпустарында тасымалданатын жарықтандырғышты қоректендіру үшін 12 В артық емес кернеулік қолданылады.

Тасымалданатын жарықтандырғыштарда ұзындығы 10 м кем емес сымдар болады.

Оларды желіге қосу үшін розеткалар орнатылады.

Барлық көрсетілген жағдайлар үшін жарықтандырғыштарды қоректендіру таратушы трансформаторлар арқылы жүргізіледі.

317-13. Кернеулігі 42 В артық жарықтандырғыштарды бекітуге арналған конструкциялар ғимараттар конструкцияларынан оқшауланған және жерге қосылған.

317-14. Мысты электролитті алу цехында телефон байланысының, өрт сигнализациясының, радиофикация құрылғысы, тұрақты ток шиносымынан немесе қосу дәлізінде 6,0 м кем емес қашықтықта орнатылады.

317-15. Технологиялық қайта жасауларда авариялық, алдын алу және технологиялық сигнализациялар мен блокировкалау көзделеді.

318-16. Барлық өндірістік ғимараттар қатты сөйлейтін және телефон байланысымен жабдықталады.

317-17. Қауіпсіздік туралы ескерту үшін жекелеген жағдайларда дыбыс және жарық сигнализаторларын параллель қолдану ұсынылады. Шудың деңгейі жоғары болатын орындарда пульттер соғып тұратын немесе бағытталған сигналдарын қолдануға болады.

317-18. Максимальдық көру және есту аумақтарында байланыс және сигнализация құралдары қызмет көрсетуге оңай қол жетімді және қауіпсіз орындарда орналастырылады.

317-19. Мысты электролиздеу цехында телефон байланысының, өрт сигнализациясының, радиофикация құрылғысы, тұрақты ток шиносымынан немесе қосу дәлізінде 6,0 м кем емес қашықтықта орнатылады.
8-тарау. Жылыту, сумен қамтамасыз ету және кәріздер жүйесі
317-20. Сумен қамсыздандыру және кәріздер жүйесі ҚНжЕ 2.04.01-85 «Ішкі су құбырлары және кәріздер», ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және кондиционерлеу», ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 «Сумен қамсыздандыру. Сыртқы желілер мен ғимараттар» талаптарына сәйкес келеді.

317-21. Шаруашылық-ауызсу қажеттіліктерге арналған сулардың сапасы (соның ішінде душ құрылғыларында) МЕМСТ 2874-82 «Ауыз сулар. Гигиеналық талаптар және сапасын бақылау» сәйкес келеді.

317-22. Ауыз суларды тарату үшін фонтандар орнатылады. Өндірістік ғимараттардың жылу бөліну мөлшері едәуір көп орындарда жұмыскерлер газдалған тұзды сумен жабдықталады.

317-23. Газдалған суларды дайындау және оны тарату үшін сатураторлар орнатылады.

317-24. Шаруашылық ауыз су суқұбырларын техникалық су беру су құбырларымен қосуға жол берілмейді.

317-25. Химиялық күйіп қалу мүмкіндігі бар өндірістік ғимараттарда фонтандар мен -авариялың су себезгіштері орнатылады. Бұл құрылғылар оңай баратын орындарда орналастырылады және шаруашылық ауызсу суқұбырларына қосу ұсынылады.

317-26. Су құбыры кәріздері ғимараттар мен желілерді пайдалану МЕМСТ 12.3.006-75 «Су құбыры кәріздері ғимараттары мен желілерді пайдалану. Жалпы қауіпсіздік талаптары» және осы Ереже талаптарына сәйкес болады.

317-27. Өндірістік және қосымша ғимарттар мен имараттардың ішкі кәріздері мен қорғасын және мырыш магний өндірісі ұйымдарының сыртқы кәріздерінің құрылысы қолданыстағы нормаларға және осы Ережеге сәйкес болады.

317-28. Технологиялық аппараттар жанындағы кәріздік төгулер аппараттар жөндеуге -тоқтатылған кезде бітегіш орнату үшін гидравликалық бітегіштермен және фланецті қоспалармен жабдықталады. Гидравликалық бітегіштер бағандар алдынан ластанған ағындар кәріздерінде орналастырылады. Бітегіштердің орналасу орны және олардың конструкциясы оларды ыңғайлы және қауіпсіз тазарту мен жөндеуді қамтамасыз етеді.

317-29. Кәріздік желі мен құдықтарды қарау және тазарту бекітілген кесте бойынша газ қауіпті жұмыстар жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

317-30. Су айдындарына төгілетін ағынды сулардың су ресурстарын ағынды сулардан ластануынан қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келуі қамтамасыз етіледі. Ұйымдар өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың тазартылуының тиімділігін жүйелі бақылаумен қамтамасыз етеді.

317-31. Ұйымдар қарамағындағы ағынды суларға арналған тазарту ғимараттары, станциялар және басқа да құрылғылар таза және дұрыс жұмыс істеу қалпында ұсталады.




9-тарау. Жұмыскерлердің қорғау құралдарын қолдануына қойылатын талаптар

317-32. Арнайы киімдерді, аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да құралдарын қолдану ережесі технологиялық регламентте баяндалады.

317-33. Арнайы киімдерді, аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да құралдарын беру тәртібін қолданыстағы нормаларға сәйкес жұмыс беруші анықтайды.

317-34. Персоналдың өндірістік ғимараттарда жеке қорғану құралдарынсыз болуына немесе дұрыс жұмыс істемейтін құралдарды пайлануына жол берілмейді.

317-35. Жоғары арнайы киім жұқа мақта маталардан немесе отырғызуы минимальды болатын синтетикалық материалдардан жасалады.

317-36. Респиратор магний өндірісінде дем алу органдарының негізгі жеке қорғану құралы болып табылады.

317-37. Ауаның жоғары зиянды заттармен ластану көзі болып табылатын қондырғыларға қызмет көрсететін мамандар, бокстарда, каньондарда, оқшауланған ғимараттарда қондырғыларды жөндеумен айналысатын жұмыскерлер оқшаулаушы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

317-38. Медицина қызметкерлерінің ұсынысы бойынша қолды өндірістік өнімдердің әсерінен сақтау үшін резина қолғаптарын міндетті қолдану кезінде қосымша қорғаныс құралы ретінде қолданылатын қорғаныс кремдері (мазь) қолданылады.

317-39. От жарылыс қауіпті ғимараттардағы жұмыстарда жеңіл жанатын және жанатын заттарды қолдану кезінде статикалық электрленудің жиналуын және ұшқын шығуының алдын алатын қызмет көрсетуші персонал тиісті арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

317-40. От жұмыстарын орындау кезінде қызмет көрсететін персонал отқа шыдамды арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

317-41. Технологиялық қондырғылардың кенеттен герметизациялануы мүмкін учаскелерде персоналға күнделікті мақсаттағы жеке қорғаныс құралдарымен қатар персоналды тиімді қорғауды қамтамасыз ететін қосымша авариялық комплектілер беріледі.

317-42. Магний өндірісінің өнімдерімен ластанған жұмыс киімдерін жуу, өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы жеке механизацияланған кір жуу орындары көзделеді. Қалалық кір жуу орындарында магний өндірісінің арнайы киімдерін жууға жол берілмейді.

317-43. Өндіріс учаскесіндегі технологиялық процесстердің бұзылу (авариялық жағдайлар) жағдайында жеке қорғаныс құралдарының авариялық қоры болады.

Цехтың барлық қызмет көрсетуші персоналы жеке қорғаныс құралдарының авариялық қоры тұратын шкафтардың, алғашқы көмек көрсетуге арналған аптечкалардың, фонтандар мен авариялық душтардың орналасу орындарын біледі».

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі В. Божко

Енгізуші:
Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитеті төрағасының

орынбасары В. Веснин

Келісілді:
Төтенше жағдайлар

вице-министрі В. Петров

Құқықтық қамтамасыз ету

департаменті директорының

міндетін атқарушы Т. Жантеміров

Жіберілсін: ӘЖД, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, ҚҚД - бір данадан.

Жіберілді:

2009 жылғы «___» _________

ҚҚБ сарапшысы Г. Садықова

орынд. Әжіғұлова К.

тел. 49-32-22







©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет