Оныншы сабақ: Есімдердің түрлері يَنْقَسِمُ الاسْم إلى



жүктеу 63.74 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі63.74 Kb.
: files -> book -> kaz -> arabi
kaz -> -
kaz -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
kaz -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
kaz -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
kaz -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
kaz -> Тәубенің шарттары
kaz -> «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»
kaz -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
kaz -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
arabi -> والصلاة والسلام على رسوله محمد وعلى آله و أصحابه أجمعين! أما بعد 1- §. Араб лингвистикасының салалары
Оныншы сабақ:

Есімдердің түрлері
يَنْقَسِمُ الاسْم إلى مُذَكّر ومؤنّث. فالمُذَكّر ما دَل على ذَكَرٍ. نحو: أحمد، هِرّ. والمُؤَنّث ما دل على الأُنْثَى. نحو: خَديجَة، هِرّة. وعلامته التاء والألف المَقْصُورة والألف الممْدودة. نحو: عائشة، حُبْلَى، صَحْرَاء.

Есімдер еркек және әйел текке бөлінеді: еркек текбұл еркекке нұсқайтын сөз. Мысалы: أحمد «Ахмад», هِرّ «еркек мысық». Әйел тек – бұл әйелге (немесе ұрғашыға) нұсқайтын сөз. Мысалы: خَديجَة «Хадиша», هِرّة «ұрғашы мысық». Әйел тектің белгілері – «тә мәрбута», «әл-әлиф әл-мақсура» және «әл-әлиф әл-мамдуда». Мысалы: عائشة «Аиша»,  حُبْلَى «жүкті», صَحْرَاء «шөл дала».

Әйел тектің белгілері:

  1.     ة — عائشة

  2.     ى — حبلى

  3.     اء — صخراء

Ескерту: есімдердегі негіз – еркек тек.

ينقسم المؤنث الى أربعه اقسام:

(أ)- لَفْظِى نحو: حَمْزة (ب)- مَعْنَوىِ نحو: مَريم.

(ج)- لَفْظِى و مَعْنَوىِ نحو: فاطِمة (خ)- مَجَازِى نحو: الشَمْس

Әйел тек төрт түрге бөлінеді:


  1.  لَفْظِى Айтылуы бойынша. Мысалы: Хамза حمزة

  2.  مَعْنَوىِ Мағынасы бойынша. Мысалы: Марьям مْريم

  3.  لَفْظِى و مَعْنَوىِ Айтылуы және мағынасы бойынша. Мысалы: Фатима فاطمة

  4. مجَازِى Бейнелі әйел тек. Бұл сырттай әйел тектің белгілеріне ие емес, бірақ арабтардан олардың әйел текте екені жеткен. Мысалы: күн, желдердің аттары, қалалардың, елдердің, ауылдардың, соғыстардың, қос дене мүшелерінің атаулары (екі көз, екі құлақ, екі қол т.с.с.).








Әйел тектің түрлері


ينقسم الاسم الى نَكِرَة ومَعْرِفَة. فالنَكِرَة ما لا يُفْهَمُ مِنْهُ مُعَيَّن.

كَرَجُل وكِتاب و فَرَس. والمَعْرِفَة مَا يُفْهَمُ مِنْهُ مُعَيّن. كمُحَمد وعلى وأحمد.



Есімдер белгісіз және белгілі болады. Белгісіз (نَكِرَة) деп одан нақты әлде не немесе әлде кім түсінілмейтін есім аталады. Мысалы: رَجُل  «ер кісі», كِتاب «кітап», فَرَس «жылқы».
Белгілі (مَعْرِفَة) деп одан нақты әлде не немесе әлде кім түсінілетін есім аталады. Мысалы:  مُحَمد «Мухаммад», على «Али», أحمد «Ахмад».
41- تنقسم المعرفة الى ستة أقسام:

(أ)- الضَمَائِر نحو: هُو وأنْتَ و أنا.

(ب) اسْمُ لإشَارَة نحو: هَذَا و هَذِهِ.

(ج) العَلَم نحو: خالد و هند

(خ) اسم المَوصُول نحو: الّذِى والّتِي.

(د) ما فِيهِ ال نحو: الرَجُل والكِتاب.

(ر) والمُضَافُ إلىَ واحِدِ مِمّا ذُكِرَ نحو: كتابى وكتاب هذا وكتاب خالد وكتاب الذى دَرَسْنا وكِتابُ المعلّمِ.
Белгілі есімдер алты түрге бөлінеді:

1) Есімдіктер; мысалы: «هُو», «أنْتَ» және «أنا».

2) Сілтеу есімдері; мысалы: «هَذَا» және «هَذِهِ».

3) Жалқы есімдер; мысалы: «خالد» пен «هند».

4) Байланыс есімдері; мысалы: «الّذِى», «الّتِي».

5) ال белгілілік артикліне ие есімдер; мысалы: «الرَجُل» (нақты ер кісі), «الكِتاب» (нақты кітап).



6) Изафеттік тіркес құрамында жоғарыда аталғандардың қайсысына болса да байланатын сөз. Мысалы: «كتابى» («менің кітабым»), «كتاب هذا» («мынаның кітабы»), «كتاب خالد» («Халидтің кітабы»), «كتاب الذى دَرَسْنا» («Біз оқып-үйренген кітап»), «كِتابُ المعلّمِ» («Мұғалімнің кітабы»).
Ескерту: есімдердегі негіз - белгісіздік.




















Үй тапсырмасы:


  1. Есімдер тегі бойынша қалай жіктелетіні, есімдердегі негіз қандай тек екені, сондай-ақ әйел тектің белгілері туралы мысалдармен баяндап беріңіз.

  2. Белгілі және белгісіз есімдер не екені туралы және белгілі есімдердің қандай түрлері бар екендігі туралы мысалдармен баяндап беріңіз.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет