«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ережелер



бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

200_ жылғы «___» ________

№ ___ қаулысымен

бекітілген




«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсетудің

стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-116 баптары, «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласының білім басқармасы, аудандық және қалалық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) іске асырады (1,2-қосымша).

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру болып табылады (4-қосымша).

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақыт бойынша шектеу мерзімі:

Білім бөліміне жүгінген жағдайда:

1) құжаттарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 20 минуттан көп емес.

Орталыққа жүгінген жағдайда:

1) тұтынушының құжаттарын ресімдеу қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мен құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан көп емес;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 20 минуттан көп емес.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы стандарттың 1,2-қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген білім бөлімдері мен орталықтардың фойелерінде, сондай-ақ көрсетілген мекемелердің интернет қорында орналасқан.

10. Мемлекеттік қызмет:

Білім бөліміне жүгінген жағдайда:

1) бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мейрам күндерін қоспағанда 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі асқа үзіліспен;

2) қабылдау алдын ала жазылу мен қызмет көрсетуді жеделдетусіз кезек күту тәртібінде жүргізіледі.

Орталыққа жүгінген жағдайда:

1) аптасына алты күн, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз, жексенбі күнін қоспағанда жүргізіледі. Бөлімшелер мен өкілдіктерде жұмыс кестесі түскі асқа бір сағаттық үзілісті қосқанда 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі.

2) қабылдау алдын ала жазылу мен қызмет көрсетуді жеделдетусіз, «электронды» кезек арқылы жүргізіледі.

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты мекенжайы бойынша білім бөлімінің және Орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Білім бөлімдері мен Орталықтың ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге арналған жағдайлар, күту залдары қарастырылған, толтыру бланкілерінің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12.Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

          қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі немесе қамқоршылық бекіту туралы сот шешімі;

           қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

          баланың жеке басын куәландыратын құжаттар;

туу туралы куәлік, жеке куәлік түпнұсқасы мен көшірмесі;

тұрғылықты жері бойынша анықтама (тұрғын үй департаментінің анықтамасы).

ескертпе: тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі;

13. Өтініш бланкілері білім бөлімінде немесе білім бөлімдері мамандарының үстелдерінде орналасады.

Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы үстелшеде орналасады.

14. Құжаттарды қабылдау:

1) білім бөліміне жүгінген жағдайда:

білім бөлімдері мамандарының кабинеттерінде жүргізіледі;

2) Орталыққа жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы қабылданады, онда «терезелердің» белгіленуі мен атқаратын қызметі туралы ақпарат, сондай-ақ, Орталық инспекторының толық аты-жөні, қызметі көрсетілген.

Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды қабылдауды, тізілімді жасау мен білім бөліміне жөнелтуді іске асырады.

Білім бөлімінің маманы Орталықтан құжаттарды қабылдағаннан кейін осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығына тексеру жасайды, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру анықтамасын дайындайдыжәне тұтынушыға беру үшін Орталыққа жолдайды.

Орталық тиісті уәкілетті органға құжаттары қоса берілген өтініштерді жөнелтуді және кері жеткізуді тасымал қызметі арқылы аталған өтініштерді қабылдаған күні 2 реттен кем емес негізде жүргізеді.

Орындалған (дайын) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда уәкілетті органнан Орталыққа жолдануы қажет.

15. Қабылдау кезінде тұтынушыға:

1) білім бөліміне жүгінген жағдайда барлық құжаттарды алған туралы қолхат беріледі.

2) Орталыққа жүгінген жағдайда тұтынушыға төмендегі қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұратудың нөмірі мен қабылдау күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) салынған құжаттардың саны мен аты;

4) құжаттарды берген күні, айы, жылы (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеу үшін қабылдаған Орталық инспекторының толық аты-жөні.

16. Тұтынушыға дайын құжаттарды:

1) білім бөліміне жүгінген жағдайда анықтама беруді қабылданған құжаттар негізінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын білім бөлімінің маманы бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

Анықтама тұтынушы жеке барғанда беріледі.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, білім бөлімдері берілген анықтамалар мен қаралған құжаттардың 2 ай бойы сақталуын жүзеге асырады.

2) Орталыққа жүгінген жағдайда анықтама беруді инспектор күн сайын қолхатта көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.

17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, білім бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Мемлекеттік қызмет көрсету Орталық арқылы жүргізілгенде, білім бөлімі құжаттар тізбесін қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс ресімделмегенін немесе көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тарту себебінің жазбаша негіздемесімен бірге құжаттарды Орталыққа қайтарады.

Орталық құжаттарды қабылдағаннан кейін тұтынушыны бір жұмыс күн ішінде хабардар етеді және білім бөлімінің құжаттарды қайтару/бас тарту себебінің жазбаша негіздемесін береді.

Егер тұтынушы көрсетілген мерзімде құжаттарды алуға жүгінбеген жағдайда, Орталық бір ай бойы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін білім бөліміне тапсырады.



3. Жұмыс қағидаттары

18. Білім бөлімі мен Орталықтың қызметі

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу;

6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалыққа салынбау;

7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;

8) құжаттардың құриялылығын қамтамасыз ету;

9) белгіленген мерзімде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

10) мамандардың нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негізделеді.



4. Жұмыс нәтижелері

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын білім бөлімдері басшылары қатарынан арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі

21. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес арыздар жұмыс күндері пошта арқылы, немесе электрондық түрде жазбаша немесе ауызша нысанда, немесе білім бөлімінің және Орталықтың кеңсесі арқылы қабылданады.

22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша шағым болған жағдайда, мемлекеттік қызметпен қамтамасыз етуші білім бөлімі басшысының атына немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне, Орталық арқылы алған жағдайда Орталық директорының атына шағымдана алады (1,2-қосымша).

23. Қабылданған арыз тұтынушының тұрғылықты мекенжайы бойынша білім бөлімдерінің немесе Орталықтардың арыздар мен шағымдарды тіркеу журналында тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы және қаралуы тиіс.
6. Байланыс ақпараты

24. Білім бөлімі басшысының, Орталық директорының жұмыс және тұтынушыларды қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында белгіленген білім бөлімінің және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес (осы стандарттың 1,2-қосымшалары) анықталады.

25. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде (010000, Астана қ. «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 939-каб.), сондай-ақ комитеттің сайтынан: www.bala-kkk.kz алады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша



п/п

Бөлімдер атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефондары

Акмола облысы

1


«Ақкөл аудандық әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қ., Нұрмағамбетов к-сі, 81

8-(716)38-210-48


2

«Аршалы аудандық әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы., Ташенов к-сі, 47


8-(716)44 -213-76

3

«Астрахан аудандық әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауылы, Әл- Фараби к-сі, 50

8-(716)41 -225-34


4

«Атбасар аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уалиханов к-сі, 11

8 (716)43- 242-72


5

«Бұланды аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Макинск қаласы, Некрасов к-сі, 19

8 (716)46- 213-87


6

«Егіндікөл аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, нөмірсіз

8 (716)42- 213-51


7

«Еңбекшілдер аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленина к-сі, 68

8 (71639) 2-16-20


8

«Ерейментау аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы, Әл-Фараби к-сі, 10

8 (716)33- 216-64


9

«Есіл аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1.

8 (716)47- 214-86, 215-69

10

«Жақсы аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Жаксы ауылы, Дружба к-сі, 3.

8 (716)35- 217-04


11

«Жарқайын аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин к-сі, 30.

8 (716)48- 929-43


12

«Зеренді аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауылы, Ленин к-сі, 43.

8 (716)32- 226-02


13


«Қорғалжын аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сі, 14.

8 (716)37- 221-98


14

«Сандықтау аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин к-сі, 120.

8 (716)40- 917-01


15

«Целиноград аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ақмол ауылы, Гагарин к-сі, 15

8 (716)51- 312-06,  311-33

16

«Шортанды аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылай – хан к-сі, 22.

8 (716)31- 215-04, 211-44

17

«Щучье аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Щучинск қаласы, Абылай–хан к-сі, 34.

8 (716)36- 458-88


18

«Степногорск қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласы, 4 шағын ауданы, 1 үй.

8 (716)45- 619-09

19

«Көкшетау қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердіев к-сі, 57.

8 (716)2- 401-364


Ақтөбе облысы

20

«Алға аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4 ш/а., 7 «а» үй

8(713)37 -318-76, 333-46, 541-95

21

«Әйтеке би аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов к-сі, 52

8(713)39- 215-35, 216-80

22

«Байғанин аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев к-сі, 36

8(713)45-225-56, 228-50

23

«Ырғыз аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайырхан д-лы,52

8(713)43-213-77, 215-63

24

«Қарғалы аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сі, 2

8(713)42-215-33, 230-02

25

«Қобда аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық к-сі,53

8(713)41-215-33, 214-39

26

«Мартұқ аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Мартұқ ауылы, Сейфуллин к-сі, 36

8(713)31-216-33,215-49

27

«Мұғалжар аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш ауылы Гагарин к-сі,6

8(713)33-362-01, 367-22

28

«Темір аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұдык ауылы, Кереев к-сі, 4

8(713)46-227-48, 227-84

29

«Ойыл аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сі, 3

8(713)32-217-44,217-32

30

«Хромтау аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2

8(713)36 – 216-51, 216-52

31

«Шалқар аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шалкар қаласы, Көтібарұлы к-сі 84

8(713)35 213-36, 231-93

32

«Ақтөбе қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 2

8(713)2 211605, 211580

Алматы облысы

33

«Алакөл аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы, Конаев к-сі,50

8 (728)33-210-33, 225-64

34

«Ақсу аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Жансігүр ауылы, Желтоксан к-сі, 5

8 (728)32-215-80, 222-90

35

«Балқаш аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы, Қонаев к-сі,72

8 (728)73-913-70, 918-53

36

«Еңбекшіқазақ аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы к-сі,312

8 (728)75-453-57, 415-50

37

«Ескелді аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қарабұлак ауылы, Оразбеков к-сі,31

8 (728)36-312-00, 307-74

38

«Жамбыл аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ұзын-Ағаш ауылы, Мәжітов к-сі,4

8 (728)70228-51, 233-48

39

«Іле аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр ауылы, Титов к-сі,33

8 (728)52-235-05, 236-94

40

«Қаратал аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлов к-сі, 67

8 (728) 34-215-36, 213-82

41

«Қарасай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қаскелен қаласы, Кабанбай батыр к-сі, нөмірсіз

8(728)71-210-80, 220-37

42

«Кербұлақ аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек ауылы, Тимирязев к-сі,1

8 (728)40-320-68, 314-34

43

«Көксу аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Балпық би ауылы, Мырзабеков к-сі, 38

8 (728)38-217-61, 202-95

44

«Панфилов аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сі, 22

8 (728)31-507-69, 517-75

45

«Райымбек аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, 19

8 (728)77-212-52, 214-50

46

«Сарқан аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Сарқан қаласы, Тынышбаев к-сі, 8

8 (728)39-227-39, 213-04

47

«Талғар аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев к-сі, 65

8 (728)74-225-214-00, 236-89

48

«Ұйғыр аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Исмайылов к-сі, 70

8 (728)78-228-25, 217-04

49

«Қапшағай қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13

8 (728)72-422-65, 411-76

50

«Текелі қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылайхан к-сі, 34

8 (728)72-425-24, 447-70

51

«Талдықорған қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай к-сі 256

8 (728)2 -271-000, 270-708

Атырау облысы

52

«Атырау қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттылық д-лы,65А

8(712)2-354-847, 328209

53

«Жылыой аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Күлсары қаласы, Абдрахманов к-сі, 47

8(712)37-214-85

54

«Індер аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Індер ауылы, Қонаев к-сі,18

8(712)34210-50

55

«Махамбет аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауылы,

8(712)36-210-21

56

«Исатай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сі,7

8(712)31-204-57

57

«Мақат аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Мақат ауылы, Орталық алаң, 2

8(712)39-300-13

58

«Құрманғазы аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ганюшкино ауылы, Күшікбаев ауылы, 25

8(712)33-204-99

59

«Қызылкөгін аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Миялы ауылы, Қарабалин к-сі

8(712)38-211-75

Шығыс Қазақстан облысы

60

«Абай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қарауыл ауылы, Кутжанов к-сі, 1

8 (722)52-918-17

61

«Аягөз аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Аягөз қ, Момышұлы к-сі,58

8 (722)37-315-34

62

«Бесқарағай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сі, 162

8 (722)36-914-44

63

«Бородулиха аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Бородулиха ауылы, Тусупжанов к-сі, 39

8 (722)51-291-77

64

«Глубокое аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Глубокое к-сі, Пирогов к-сі, 6

8 (722)31-215-33

65

«Жарма аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Георгиевка ауылы, Ленин к-сі, 101

8 (722)47-619-74

66

«Зайсан аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Зайсан қ, Жангельдин к-сі, 54

8 (722)40-217-88

67

«Зырянов аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Зыряновск қ, Киров к-сі, 54

8 (722)35-400-69

68

«Қатон-Қарағай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Большенарымское ауылы, Абылайхан к-сі,109

8 (722)41-214-40

69

«Көкпекті аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Кокпекты ауылы, Раев к-сі, 44

8 (722)48-273-11

70

«Курчатов қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Курчатов к-сі, Ленин к-сі, 10

8 (722)51-257-45

71

«Күршім аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Күршім ауылы, Момышұлы к-сі, 85

8 (722)39-331-43

72

«Ридер қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ридер қ Семипаалатинская к-сі, 10

8 (722)36-424-98

73

«Семей қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Семей қ, Интернациональная к-сі, 8

8 (722)2-522-540

74

«Тарбағатай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ақсуат ауылы, Абылайхан к-сі, 14

8 (722)46-220-16

75

«Ұлан аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

п.Молодежный, дом.1

8 (722)38-273-45

76

«Үржар аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Үржар ауылы, Жамбыл к-сі, 19

8 (722)30-213-78

77

«Шемонайха аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шемонайха қ, Чапаев к-сі, 35

8 (722)32-317-04

78

«Өскемен қалалық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Өскемен қ, Урицкий к-сі, 10а

8 (722)2-241-191

Қарағанды облысы

79

«Абай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы, К.Маркс к-сі, 43

8(721)31-437-69, 433-78


80

«Ақтоғай аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Бокейхан д-лы,10

8(721)37-213-99,


81

«Бұқаржырау аудандық әкімшілігінің білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ботақара ауылы, Абылайхан д-лы,36

8(721)54-21143,21216

219-91



Каталог: fileadmin -> user upload -> files -> Popechenija i okazanija pomoshchi detjam
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> Балалар үйін бітірушілерге арналған білім гранты
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> Бельхиев Алибек Саруарович Государственная Отдел образования Аулиекольского района в летний период 150 2 гккп оздоровительный лагерь Лесная сказка
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> Сведения о детских оздоровительных лагерях Западно-Казахстанской области
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> Сведения о загородных лагерях Южно- казахстанской области
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> Білім саласында арнаулы әлеуметтік
Popechenija i okazanija pomoshchi detjam -> Сведения о детских оздоровительных загородных лагерях Акмолинской области


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет