«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»



бет1/3
Дата24.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша       

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық), сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушы да электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетедi.


      Шалғайдағы елдi мекен тұрғындарына мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтердi Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 115 – 132-баптары, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңының 29-бабы, «Мемлекеттiң қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет стандарты:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмi);
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
      3) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стендiлерде;
      4) порталда орналасады.
      Сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн;
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң аяқталу нысаны:
      1) Орталықта – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама (бұдан әрi – анықтама) беру;
      2) порталда – уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы жүгiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi бес жұмыс күнiн (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) жүгiнген күнi мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты алған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
      Портал арқылы жүгiнген кезде:
      мемлекеттiк қызметтi алушы жүгiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi бес жұмыс күнiн құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      1) Орталыққа жүгiнген кезде – демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      2) веб-портал арқылы өтiнiш бiлдiрген кезде – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;
      2) порталда – «жеке кабинетте».

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) Орталыққа жүгiнген кезде:
      қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергiлiктi атқарушы органдар шешiмдерiнiң көшiрмесi;
      мынадай:
      мемлекеттiк қызметтi алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың
      баланың туу туралы куәлiгiнiң (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда);
      тұрғылықты жерiнен анықтаманың деректерi.
      Мемлекеттiк электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, кейiн олар өтiнiш берушiге қайтарылады;
      2) порталда:
      электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұраныс;
      қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергiлiктi атқарушы органдар шешiмдерiнiң көшiрмесi – сканерленген көшiрме түрiнде электронды сұранысқа тiркеледi;
      мынадай:
      мемлекеттiк қызметтi алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың
      баланың туу туралы мәлiметтерi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi;
      тұрғылықты жерiнен мәлiметтер не анықтама сканерленген көшiрме түрiнде электрондық сұранысқа тiркеледi.
      Мемлекеттiк электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызмет алу үшiн электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:
      1) Орталыққа жүгiнген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
      2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
      14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға:
      1) Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде – тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi;
      2) портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға порталдағы «жеке кабинетiне» немесе электрондық поштаға мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып жiберiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi;
      1) Орталыққа жүгiнген кезде – Орталық қызметкерi «терезелер» арқылы қолхатта көрсетiлген мерзiмде күн сайын жүзеге асырады.
      Анықтама берiлген күнiнен бастап 1 (бiр) ай жарамды.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттар алуға мерзiмiнде бармаған жағдайда Орталық олардың бiр ай сақталуын қамтамасыз етедi, кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады;
      2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзi жiберген кезде.
      16. Орталық мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан түсетiн құжаттарды ресiмдеуде кеткен қателердi анықтаған кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды жазбаша негiздемесiмен бiрге Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық бұл туралы мемлекеттiк қызметтi алушыны бiр жұмыс күнi iшiнде ақпараттандырады және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
      Портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызметтi алушы порталдағы «жеке кабинетiнде» электрондық құжат түрiнде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi орган мамандары мен Орталық қызметкерiнiң мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты iс-қимылы мына қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушылармен жұмыс кезiнде сыпайылық таныту;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашық болуы;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi органның қызметi бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген Орталық басшылығына жүгiнедi.


      Сондай-ақ, Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкiметтiң» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым мемлекеттiк қызмет көрсететiн жердегi уәкiлеттi орган басшысының атына немесе әкiмдiкке демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi.
      22. Орталық қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге берiледi. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
      Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымда мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қоюы тиiс. Шағым беру кезiнде субъектiнiң атауы немесе лауазымы, iс-қимылына шағым түсiрiлетiн лауазымды тұлғаның аты-жөнi, шағымдану себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттiк қызметтi алушы шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсеткенiн растайтын құжаттарды қоса бередi.
      25. Мемлекеттiк қызметтi алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттiк қызметтi алушы порталынан электрондық өтiнiш жiберiлгеннен кейiн «жеке кабинеттен» өтiнiштiң мемлекеттiк органда пысықталу барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы туралы белгiлер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық 


жөнiнде анықтама беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша           

Жергiлiктi атқарушы органдардың бiлiм бөлiмдерiнiң тiзiмi

Р/с№

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1

«Ақкөл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сi, 81

8(716 38) 228-47

2

«Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аршалы ауылы, Тәшенов к-сi, 47

8(716 44) 225-14

3

«Астрахан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сi, 50

8(716 41) 236-84

4

«Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Атбасар қаласы, Уәлиханов к-сi, 11

8(716 43) 242-72

5

«Бұланды ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Макинск қаласы, Некрасов к-сi, 19

8(716 46) 213-87

6

«Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Егiндiкөл ауылы, Жеңiс к-сi, нөмiрi жоқ

8(716 42) 213-51

7

«Еңбекшiлдер ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Степняк қаласы, Ленин к-сi, 68

8(71639) 216-20

8

«Ерейментау ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ерейментау қаласы,

Әл-Фараби к-сi, 10



8(716 33) 216-64

9

«Есiл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Есiл қаласы, Дружба к-сi, 1

8(716 47)214-86, 215-69

10

«Жақсы ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жақсы ауылы, Дружба к-сi, 3

8(716 35)217-04

11

«Жарқайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Державинск қаласы, Ленин к-сi, 30

8(716 48 929-43

12

«Зерендi ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зерендi ауылы, Ленин к-сi, 43

8(716 32) 226-02

13

«Қорғалжын ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сi, 14

8(716 37) 221-98

14

«Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Балкашино ауылы, Ленин к-сi, 120

8(716 40) 917-01

15

«Целиноград ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақмола ауылы, Гагарин к-сi, 15

8(716 51)312-06, 311-33

16

«Шортанды ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шортанды ауылы, Абылай хан к-сi, 2

8(716 31)215-04, 211-44

17

«Щучье ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Щучинск қаласы, Абылай хан к-сi, 3

8(716 36)458-88

18

«Степногор қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Степногор қаласы, 4-шағын ауданы, 1

8(716 45) 619-09

19

«Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев к-сi, 57

8 (7162) 401-364

Ақтөбе облысы

1.

«Алға ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Алға қаласы, 4-шағын ауданы, 7 «а»

8(713 37)318-76, 333-46, 541-95

2.

«Әйтеке би ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Комсомол ауылы, Жүргенов к-сi, 52

8(713 39) 215-35, 216-80

3.

«Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Байғанин ауылы, Қонаев к-сi, 36

8(713 45) 225-56, 228-50

4.

«Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ырғыз ауылы, Әбiлхайыр хан д-лы, 52

8(713 43)213-77, 215-63

5.

«Қарғалы ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сi, 2

8(713 42)215-33, 230-02

6.

«Қобда ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қобда ауылы, Достық к-сi, 53

8(713 41)215-33, 214-39

7.

«Мәртөк ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мәртөк ауылы, Сейфуллин к-сi, 36

8(713 31)216-33, 215-49

8.

«Мұғалжар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қандыағаш ауылы, Гагарин к-сi, 6

8(713 33)362-01, 367-22

9.

«Темiр ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шұбарқұдық ауылы, Кереев к-сi, 4

8(713 46)227-48, 227-84

10.

«Ойыл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сi, 3

8(713 32)217-44, 217-32

11.

«Хромтау ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2

8(713 36)216-51, 216-52

12.

«Шалқар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шалқар қаласы, Көтiбарұлы к-сi, 84

8(713 35)213-36, 231-93

13.

«Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сi, 2

8(7132) 211605, 211580

Алматы облысы

1.

«Алакөл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үшарал қаласы, Қонаев к-сi, 50

8(728 33)210-33, 225-64

2.

«Ақсу ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жансүгiр кентi, Желтоқсан к-сi, 5

8(728 32)215-80, 222-90

3.

«Балқаш ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бақанас ауылы, Қонаев к-сi, 72

8(728 73)913-70, 918-53

4.

«Еңбекшiқазақ ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Есiк қаласы, Алматы к-сi, 312

8(728 75)453-57, 415-50

5.

«Ескелдi ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков к-сi, 31

8(728 36)312-00, 307-74

6.

«Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ұзын ағаш ауылы, Мәжитов к-сi, 4

8(728 70)228-51, 233-48

7.

«Iле ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Өтеген батыр кентi, Титов к-сi, 33

8(728)52-235-05, 236-94

8.

«Қаратал ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үштөбе қаласы, Молдағұлова к-сi, 67

8(728 34)215-36, 213-82

9.

«Қарасай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр к-сi, н/ж

8(728 71)210-80, 220-37

10.

«Кербұлақ ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сарыөзек кентi, Тимирязев к-сi, 1

8(728 40)320-68, 314-34

11.

«Көксу ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Балпық би кентi, Мырзабеков к-сi, 38

8(728 38)217-61, 202-95

12.

«Панфилов ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сi, 22

8(728 31)507-69, 517-75

13.

«Райымбек ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Кеген ауылы, Момышұлы к-сi, 19

8(728 77)212-52, 214-50

14.

«Сарқант ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сарқант қаласы, Тынышбаев к-сi, 8

8(728 39)227-39, 213-04

15.

«Талғар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Талғар қаласы, Қонаев к-сi, 65

8(728 74)214-00, 236-89

16.

«Ұйғыр ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шонжы ауылы, Ысмайылов к-сi, 70

8(728 78)228-25, 217-04

17.

«Қапшағай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сi, 13

8(728 72)422-65, 411-76

18.

«Текелi қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Текелi қаласы, Абылай хан к-сi, 34

8(728 72)425-24, 447-70

19.

«Талдықорған қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Абай к-сi, 256

8(728 22)710-00, 707-08

Атырау облысы

1.

«Атырау қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Азаттылық д-лы, 65 «а»

8(712 23)548-47, 328209

2.

«Жылыой ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Құлсары қаласы, Әбдiрахманов

к-сi, 47


8(712 37) 214-85

3.

«Индер ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Индер ауылы, Қонаев к-сi, 18

8(712 34) 210-50

4.

«Махамбет ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Махамбет ауылы

8(712 36) 210-21

5.

«Исатай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сi, 7

8(712 31) 204-57

6.

«Мақат ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мақат кентi, Орталық алаң, 2

8(71239)300-13

7.

«Құрманғазы ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ганюшкино ауылы, Күшiкбаев ауылы, 25

8(712 33) 204-99

8.

«Қызылқоға ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Миялы ауылы, Қарабалин к-сi

8(712 38) 211-75

Шығыс Қазақстан облысы

1.

«Абай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарауыл ауылы, Кұтжанов к-сi, 1

8 (722)52-918-17

2.

«Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аягөз қаласы,

Момышұлы к-сi, 58



8(722 37)315-34

3.

«Бесқарағай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сi, 162

8(722 36) 914-44

4.

«Бородулиха ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бородулиха ауылы, Түсiпжанов к-сi, 39

8(722 51) 291-77

5.

«Глубокое ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Глубокое кентi, Пирогов к-сi, 6

8(722 31) 215-33

6.

«Жарма ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Георгиевка ауылы,

Ленин к-сi, 101



8(722 47) 619-74

7.

«Зайсан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зайсан қаласы, Жангелдин к-сi, 54

8(722 40) 217-88

8.

«Зырян ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зырян қаласы, Киров к-сi, 54

8(722 35) 400-69

9.

«Қатонқарағай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан к-сi, 109

8(722 41) 214-40

10.

«Көкпектi ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көкпектi ауылы, Раев к-сi, 44

8(722 48) 273-11

11.

«Курчатов қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Курчатов қаласы, Ленин к-сi, 10

8(722 51) 257-45

12.

«Күршiм ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Күршiм ауылы, Момышұлы к-сi, 85

8(722 39) 331-43

13.

«Риддер қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Риддер қаласы, Семей к-сi, 10

8(722 36) 424-98

14.

«Семей қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Семей қаласы, Интернациональная к-сi, 8

8(722 25) 225-40

15.

«Тарбағатай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақсуат ауылы, Абылай хан к-сi, 14

8(722 46) 220-16

16.

«Ұлан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Молодежный кентi, 1

8(722 38) 273-45

17.

«Үржар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үржар ауылы, Жамбыл к-сi, 19

8(722 30) 213-78

18.

«Шемонаиха ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шемонаиха қаласы, Чапаев к-сi, 35

8(722 32) 317-04

19.

«Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Өскемен қаласы, Урицкий к-сi, 10 «а»

8(722 22) 411-91

Жамбыл облысы

1.

«Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр к-сi, 104

8(726 37) 218-67

2.

«Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аса ауылы, Абай к-сi,121

8(726 33) 211-54

3.

«Жуалы ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Момышұлы ауылы, Жамбыл к-сi, 273

8(726 35) 211-70

4.

«Қордай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Кордай ауылы, Жiбек жолы к-сi, 273

8(726 36) 210-94

Каталог: files -> gossluz
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
gossluz -> Қызмет стандарты Жалпы ережелер
gossluz -> Конкурс өткізу туралы хабарландыру
gossluz -> «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру»
gossluz -> «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайларының тізбесі осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
gossluz -> «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет