Қорғауға жіберілсін: Қылмыстық құқық кеден пәндері кафедрасы



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/3
Дата25.04.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультеті.

Қорғауға жіберілсін: Қылмыстық құқық

_________________ кеден пәндері кафедрасы.

Кафедра меңгерушісі


Аға оқытушы Утешова.И.М.

«_____ң________2004 ж.


Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с.

Тақырыбы: ҚР қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі.

Орындаған: Құқықтану мамандығы

сырттай оқу бөлімінің 5-курс

студенті: Мустиев Н.С.

Ғылыми жетекші: оқытушы

Гайсин С.Т.
Тапсырған күні:___________

Қорғайтын күні:__________

Бағасы:________________
Мазмұны:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.


І-тарау. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жасалатын қылмыстардың мәні және мінездемесі.

1.1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың сипаты.

1.2. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері.

1.3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шаралар.

ІІ-тарау. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні.

2.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері.

2.2. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары және оның мазмұны.

2.3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату мәселері.


Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.



Кіріспе.

Мен өз дипломдық жұмысымды,,Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері және одан босату,,атты тақырыпты ала отырып, бұл тақырыптың қазіргі заманда өзекті екенін осы жұмыста көрсеткім келді.Қылмыстардың жастармен жасалу көптеп байқалуда,атқарылып жатқан шараларға қарамастан қылмыстардың қайтаналу,солардың ішінеде ауыр және өте ауыр түрлерінің жасалу,қылмыскерлердің қылмыстық іс әрекеттер жасауға ұйымдаса отырып ақыл тоқтатпаған кәмлетке толмаған жасөспірімдерді қатыстыру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Кәмлетке толмағандардың орындауымен,олардың қатысумен байланысты қылмыстар біздің елімізде көптеп кездесуде.Олардың алдын алып,ескету сияқты профилактикалық шаралар атқарылса. Егер кәмілетке толмағандардың жасалған қылмыстары дер кезінде ашып кінәлерді жауапкершілікке тартудың қылмысқа қарсы күресте өзіндік орны бар. Осыған орай, жалпы қылмысқа қарсы күрестің маңыздылығын 2004 жылдың 4-сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Призеденті Н.Ә.Назарбаевтың ,,Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары және халыққа жолдауында,, қылмысқа қарсы күрестің соның ішінде, құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру басты мәселелердің бірі болып қала береді.

Бұл мәселені ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек екендігін көрсетті. Қылмысқа қатысты құқық аясын одан әрі ізгілендіруді жалғастыра беру маңызды.

Қылмысқа қарсы күрестің соның ішінде, құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру басты мәселелердің бірі болып қала береді. Осы саланың қызметтерін жеттілдіруде қылмыстарды аша отырып жазалау ғана емес.

Бұл мәселені ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек екендігін көрсетті. Қылмысқа қатысты құқық аясын одан әрі ізгілендіруді жалғастыра беру маңызды. Өлім жазасын қолдануға мораторий енгізу үшін үкіметтің осы мәселені шешудің, атап айтқанда, жазаның өмір бойына бас бостандығынан айыру сияқты түрін енгізудің ұйымдық, материалдық және заңнамалық шарттарын жасауға кірісетін кезі жеткенін айтты..

Тәжірибе мемлекеттің сот жүйесінің зәруліктеріне деген назары мен қамқорлығы судьялар құрамына қойылатын талапшылдықты арттырумен ұштастырылуға тиіс екенін көрсетіп отыр. Азаматтар күні бүгінге дейін соттардың өз құқықтарының қорғаушысын, әділеттің жоқшысын көре алмай жүр.

Алқабилер институтын кезең-кезеңімен енгізу жайын да ойластыру қажет. Әлбетте, соттардың қызметіне бақылау жасау , тұтқаларын күшейте түсу керек, әрине, бұл арада сот төрелігін атқару үдеріміне араласпауды әсте естен шығармаған жөн деп атап көрсетті.

Судьялардың кәсіптік даярлығының сапасын да арттыру қажет. Конституцияға сәйкес қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізу қызметіне деген сот бақылауын күшейте түсу керек, ол үшін тұтқындауға соттың санкциясын шығарту институтын енгізуге дейін бару керек.

Сонымен бірге істі қараудың сотқа дейінгі кезеңдерде де, сондай-ақ сот сатыларында да оңайлатылған және жеделдетілген рәсімдерін енгізу керек екендігін нақтылап көрсетіп кетті. Президенттің осы қылмысқа қарсы күрестегі тапсырысын орындау бағытында құқық қорғау салаларының жұмыстарының сапасын артыру міндеттелген.

Мемлекет тарапынан қылмысқа қарсы күреске көптеген қаражат жұмсалып, құқық қорғау органдарының материалдық базалары нығайтылуда. Атап айтқанда, жаңа көлік-техникалары, компютерлік-электрондық жүйелері күшейтіліп хабарлағыш құралдарымен жабдықталуда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қаруландыру күшейтілді. Жоғарғы білімді шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан тәжірибе алған мамандармен толықтыруда. Соңғы жылдары құқық қорғау салаларында елеулі өзгерістер енгізілді. Мысалы, қылмысты атқару жүйесі толықтай әділет министрлігінің құзіретіне аударылды. Осы мән-жайларға қарамастан соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде кәмлетке толмағандардың қатысуымен аса қауіпты қылмыстардың жасалу өмірде кездесуде. Бұл жайлар құқық қорғау органдарының, атап айтқанда тергеу мен анықтау органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын қажет етеді. Олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдері жан-жақты пайдалануын талап етеді. Жасалған қылмысты тез арада ашып,қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады. Әсіресе ұйымдасқан топпен немесе лауазымды мемлекеттік қызметті атқара отырып, сыбайлас жемқорлық топтардың жасөспірімдерді қатыстырып жасалған қылмыстарды ашудың маңызы зор. Себебі бұл қылмыстармен қоғамымызға күрделі түрде зиян келтіріледі. Бұндай қылмыстарды ашу, ескерту, алдын-алу қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.Жас қылмыскерлердің өсіп жетілуіне жол бермейді

Соның ішінде, қылмысқа қарсы күрес саласын нығайта отырып, мамандар даярлайтын жаңа оқу орындарын қажеттігі туындайды.Осындай мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар қылмыстарды болдыртпауға жасалған қылмыстарды тез арада ашуға бағытталып отыр.Әсіресе егер қылмыс жасауға кәмілетке толмағандар араластырылса немесе олар жасаса.Бұндай қылмыстардың болашақта өсу тенденциясы бар болады.

Заңдарымызға соның ішінде, 29-желтоқсан 2002 жылы қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару кодекстеріне елеулі өзгерістер енгізілді.

ҚР қылмыстық заңдарында көптеген басқа мемлекеттердікі сияқты гуманистік принциптерді сақтай отырылып кәмілетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындау барысында,қылмыстық жазаларды орындау барысында көптеген жеңілдіктер қарастырылған.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері және одан босату атты тақырыпты таңдағандағы мақсатым қазіргі заманда еліміздің жастары тарапынан көптеп қылмыс жасалуда.Статистикалық мәліметтер бойынша жас сотталған адамдардың саны жоғары болып тұр.Бұған байланысты мемлектіміз тарапынан көптеген шаралар қарастырылуда.

Қылмысқа қарсы күресте оның сапалығын арттыру мақсатында заң актілеріне де өзгерістер жүйелі түрде өзгертілуде. Мысалы, осы шараларды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері өз күштеріне енді. Бұл заңдар көптеген қылмысқа қарсы әсерін тигізгеніне қарамастан 2002 жылдың 29-желтоқсанында Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмысты атқару заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Міне, осы заңдарды қабылдауға негіз берген - ҚР Конституциясындағы,елімізді құқылық реформалаудың мемлекеттікбағдарламасындағы,,,Қазақстан-2030,,атты елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы егеменділік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің идеялары мен қағидалары. Конституциялық тарихи теориялық, құқықтық практикалық мән-маңызы егемен Қазақстанның негізгі заңы ретінде әлдеқайда зор екендігінде сөз жоқ.

ҚР Презеденті Н.Ә.Назарбаев айтқандай Қазақстан бұрынғы империя көлеңкесіндегі құқықсыз өмірден қайтып оралмастай бас тартты да, мүлдем жаңа қоғамдық қатынастары бар күшті егемен ел жасақтауға кірісті. Осындай жаңа мемлекет құрып елеулі өзгерістер болып жатқанда елімізде қылмыстардың жасалуы,соның ішінде қылмыстардың жасөспірімдермен,кәмілетке толмағандармен жасалу елең еткізер жай болып табылады.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері және одан босату атты тақырыпты алғандағы міндетім, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде халықаралық қауымдастықтың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен, оның бұрынғы кеңес одағынан бөлініп шыққан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдермен де бірігіп қылмыстылықпен күресу мақсатында өзара байланысып әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырылған. Мемлекет тарапынан көптеген шаралар өткізгеніне қарамастан, қоғамға жат әрекет қылмыс,соның ішінде кәмлетке толмағандардың қатысумен жасалуы бүгінгі дейін азаймай отыр. Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Қылмысқа қарсы күрес жалғыз ғана біздің республикада емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің проблемалары. Қылмыстардың сан алуан түрлері жасалуда солардың ішінде парақорлықта бар.

Жалпы қылмыстың ақырғы, мүлдем жойылатын мезгілін әлі ешкім нақтылап айта қойған жоқ. Бірақ та қылмыстардың болу себептеріне ғалымдар көптеген жобаларды дүниеге әкелді. Олардың ішіне еліміздің экономикасының, халықтың әлеуметтік жағдайының өсуінің қажеттілігін, халықтың, қоғамның жоғары деңгейде даму қажеттігін, білімділікті арттыруды және т.б. дәлелді себептер айтылуда.

Қазіргі заманда, егеменді елімізде қылмысқа қарсы күресте, соның ішінде олардың алдын-алуда қылмыстық істерді жүргізуде әсіресе кәмлетке толмаған адамдармен жасалған қылмыстарды тергеуде,оларға әділ жаза тағайындаудың өзіндік қажетті орны бар. Ол жөнінде дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде тоқталдым. ,, Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері және одан босату,, атты дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген біздің еліміздің,Ресей мемлекетінің атақты заң ғалымдарының еңбектерін және газет журналдардағы мақаларды пайдаландым.


І-тарау. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жасалатын қылмыстардың мәні және мінездемесі.

    1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың сипаты.

Өзінің тәуелсіздігімен мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы ең алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы интеграциялық процестерге жай ғана қатысушы болып келе жатқан жоқ, сонымен бірге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елдерді біріктірудің бас инициоторларының бірі ретінде танылып келеді. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесін құрудың инициаторы болып табылады және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру процесінде де негізгі рөлге ие.

Осындай әлемдік ауқымды мәселелерді өз міндетіне алып отырған мемлекетімізде сан-алуан қылмыстардың жасалуы, соның ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы қоғамыздағы елең еткізер өзекті мәселердің бірі болып қалып отыр.

Жастар ісі бойынша атқарылатын мемлекеттік шаралар көптің ісі болып қоғамда өзінің орнын алуы тиіс. Мемлекет тарапынан бұл іске қаражат бөлінбек, ол ендігі жерде жоспарлы түрде жұмсалып, жетімдерге, жағдайы нашар отбасына, көп балалы аналарға және аула клубтарын ашуға және басқа да жастарға арналған тәрбиелік шараларға бағытталуы тиіс.

-Қазір қаңғыбас балалардың кездесуі жаңалық болмай қалды. Сонда бұлар кім? Жастайынан тағдыр тәлкегені қалай ұшырайды?

-Көшеде тентіреп, бұрыш-бұрышты сағалап, жылу жүйелерінің қуысына түнеген қаңғыбас қамқорсыз қалған балалар кездеседі. Олардың бірі тұл жетім болса, бірі нарық қаспағына шыдамай арақтың арбауына түскен ата-анасынан жеріген балалар немесе үйінен, балалар үйінен қашқан қиын жасөспірімдер. Біздің полиция қызметкерлері жұмасына екі рет осындай жасөспірімдерді жинап, аудандық ішкі істер бөліміне әкеліп, тексеріп, мектептерден мінездеме аламыды. Егер олардың ата-аналары ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігінен ауытқып, азғындық жолға түскен жағдайда ата-ана құқығынан айырып, ал жасөспірімдерді балалар үйіне тапсыруды. Ұсталған жасөспірімдердің бір бөлігін қамқорлау орталығына тапсырады. Басқа жерден келген жасөспірімдер болса, ата-аналарымен хабарласып, анықтау жұмысы жүргізіледі, жетім болса мектеп интернаттарға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес елімізде Неке және отбасы, ана мен әке, және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы, әрі парызы.

Бұл-басты қағида. Алайда жеке адамның өмірі кейде тек сол Негізгі Заңда жазылған қағидаларға сәйкес келе бермейді. Ұрпақты өмірге келтіргенмен, оны өсіріп тәрбиелемек түгелі, өзінің қара басын алып жүре алмайтын ата-аналардың бары ащы шындық. Мұндайда мемлекет конституциялық міндеттемесін атқаруға кіріседі.

Азғындық жолға түсіп,балаларды тағдыр тәлкегіне салған ересектерді ата-ана құқығына сот арқылы айырып,баланы заңды түрде туысқандарының тәрбиесіне көшіруге, немесе мемлекеттің қамқоршылық органдарының қарамығына алдыруға тура келеді.

Өйткені, бізде қазір қамқорлыққа алу комитеті бар. Аталған комитет жасөспірімдердің болашағын ойлап,жетім қалған жасөспірімнің, ең алдымен үй мүлкін тексереді. Егер үйі бар болса, прокурорға қатынас қағазымен шығып, әлгі үй заңдастырылады. Үй мүлік жағдайы шешілгеннен кейін ғана бала комиссия арқылы балалар үйіне тапсырылады. Бұрын жетім қалған көптеген баланы үй мүлікі талай ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені жасырын емес. Өйткені, оны кезінде ешкім тіркемеген, ондай жасөспірімдердің ертең басында баспанасы, не барар жері жоқ болатыны тағы түсінікті. Сондықтан біздің құқық қорғау органдары бұл мәселені қатаң назарда ұстап отыр.

Білім-білімге жетелейтін орталықтардың күннен-күнге келіп, жабылып жатқандығы, ұстаздардың мардымсыз жалақыларын сылтауратып, оқушылардың тәрбиесіне селқос қарайтындығы балалар өмірінде теріс көрініс табуда.

Мемлекетіміздің болашағы, тірегі жасөспірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақты тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт? Осындай кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмысты әрекеттердің бестен бірін жасайды екен.

Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар.

Ересек субъектілердің қылмыс жасауы кәмелетке толмағандарға белгілі болған жағдайда мұндай мән-жайлар кері өнеге алуға кәмелетке толмағандарды баулайды. Ересек қылмыскерлердің қылмыс жасауы туралы әңгімелерді суреттеп, көркемдеп айтуы жастар психологиясында қылмыс жасауға деген құштарлық сезім оятады. Сондықтан кәмелетке толмағандардың ересек қылмыскерлермен, соның ішінде бұрын сотталғандармен жиі араласуы оларға қылмыстық тәжірибе және қылмысқа деген құштарлық әкеледі. Ал, ҚР-ның қылмыстық кодексінің 131,132-ші баптары бойынша кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерге тартумен байланысты қылмыстардың жасалуы өмірімізде кездесіп жатады. Кәмелетке толмағандарды алдау, қызықтыру, қорқыту, күш қолдану, есірткі немесе ішімдік заттар қолдану арқылы оларды қылмысқа тарту қоғамға қауіпті қылмыстық болып табылады. Кәмелетке толмағандар бұндай қылмыстарды жасауға ата-аналарының, педагогтарының басқа да тәрбие ұйымдарының адамдарының қылмысқа тартуы ерекше жоғары көлемде зардаптар әкеледі. Бұндай қылмыстар жасауда кәмелетке толмағандар ерекше құштарлықпен, ынтамен, сенімділікпен қылмыстық іс-әрекеттерге барады. Жоғары көрсетілген субъектілерге бұндай қылмыстар жасағаны үшін қатаң жаза қолдану белгіленгенімен бұндай қылмыстардың ерекше зардаптары бар. әрине бұндай қылмыстарды болдырмау қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі.

Бірақ, өкінішке орай, сол кешегі кішкентай ғана балақай бүгін аса қауіпті баскесерге айналып жатады. Бұл біздің балаға жеткілікті мән бермейтінімізді, өз дәрежесінде тәрбиелемейтінімізді айғақтайды.

Құқықтық тәрбие жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сездіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттерді алдын алуы мүмкіндік туғызады. Десек те, бүгінде жасөспірімдерге жан-жақты құқықтық тәрбие беретін жеткіншектерді дер кезінде тәртіпке шақырып, толыққанды тәлім-тәрбие беріп отыратын мектептер азайып барады, бұрынғыдан балалардың басын қосатын себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары күрт көбейіп кетті.

Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған кезге қарай он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамды айтамыз. Бүгінгі таңда жастар арасындағы криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда, тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды.

Кәмелетке жасы толмағандар қылмысты жекелей де топ болып ұйымдасып та жасайды. Мұның өзі қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер.

Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес қоғамға өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған туысқандарына үлкен зиян жасайды. Жасөспірім - қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.Оларды қылмыстық жолға түсірмеу халықтық іс,себебі болашақта дұрыс азаматтар тәрбиелеу алдымызға қойылған талаптардың маңыздысы.



    1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері.

Біздің өзімізді қоршаған қоғамның қалай өзгеретінін көріп-білуге қабілетіміз кәміл жетеді, оның есесіне, кейде өзіміздің қалай өзгеретінімізді аңғара бермейміз. Біз өзімізше мынау жаңадан пайда болыпты немесе бұрынғылар көзден ғайып болды ғой дейтініміз бар. Себебі, еліміздегі әр түрлі жан түршігерлік қылмыстық оқиғалар болып жатқандығын ақпарат беттерінен көріп жатамыз. Соның ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы олардың жасалу себептеріне түпкілікті, анығырақ зеріктеу қажеттілігі керекті деген ой тудырады.

Қылмыс жасау тәсілі қылмыстың криминалдық сипаттамасының негізгі элементі ретінде екі түрлі – ішкі және сыртқы факторлар арқылы анықталатыны белгілі. Жалпы қоғамдағы және қылмыс құрамы мен дамуындағы өзгерістер қоғамдағы және қылмыс құрамы мен дамуындағы өзгерістер жекелеген қылмыс түрлерін жүзеге асыру тәсілдерінеенген өзгерістер туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін сияқты.

Балалар, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар көбіне–көп уақыттарын үйде, ата-аналармен бірге өткізеді. Жанұя олар үшін өмірдің ең алғашқы мектебі. үлкен өмірге құлаш ұрып, ұшып шығатын алтын ұясы іспеттес. Әдетте балалар мен жасөспірімдер ата-аналарының бойындағы қасиеттерді бойына дарыта, соларға еліктейді. Ата-аналары бірін-бірін сыйлай біле ме, көршілермен ағайын-тумалармен тату ма, жұмыс орында беделі қандай? Міне, бала осының бәрін көріп, біліп өседі.

Өкінішке орай, әрбір жанұя және ата-ана осы бір маңызды мәселе-балалар тәрбиелеу ісіне көп көңіл бөле бермейді. Баларларға жайлы өмір жасаймыз, олардың бетінен қақпаймыз, солар балалық шақтарын қызықты өткізсін деген мақсатпен көпшілік ата-аналар қателікке ұрынады. Осы қателіктің салдарынан ата-аналар опық жейді.Сондықтан осындай ата-аналардың ,,Баланы жастан тәрбиеле,, деген аталы сөзді жадыларында ұстағаны абзал.

Ата-аналардың осындай қамқорлығына сүйеніп, көптеген кәмелетке толмағандар түрлі қылмыстарға барады. Ал, ата-аналар ше? Олар болса өз балаларын қызғыштай қорып, кінәні басқа біреуге аударуға бейім тұрады. Бұл секілді орынсыз қорғаштаудың баланың мінез-құлқына кері әсері ететіндігі сөзсіз. Жекелеген ата-аналар өз балаларына шамадан тыс еркіндік беріп қояды, олардың бос уақыттарын қалай өткізіп жүретіндіктеріне, түнделетіп көше жүретіндіктеріне, араласып жүрген достарымен, ортасының қандай екендігіне оншалық мән бермейді. Бұл секілді жанұяда балалар ешқандай бақылаусыз, өз бетімен жіберіледі. Енді бір ата-аналар қатал ұстау, ұру, таяқтау, ұрсу дұрыс деп түсінеді.

Сот-тергеу тәжірибесінде көп жағдайда мұндай жанұяларда балалардың үйден қашып кетіп, кезбелікке салынып, түрлі қылмыс жасайтындықтары анықталды.

Жанұяның тұрақсыз болуы, ата-аналардың аяқ астынан ажырасуы да балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына кері әсерін тигізеді. Олардың көңілін мұң торлап, ата-анаға деген сенімсіздігі арта түседі. Жанұяның шырқы бұзылған соң баланың бақылаусыз қалатындығы белгілі. Нәтижесінде олар теріс жүріске бой алдырып, түрлі қылмыстар жасауға дейін барады. Жанұя берекетсіздігінің, оның шаңырағының шайқалуының әкелетін зияны осындай. Өмірде келтірілген қылмыстық оқиғаларға жүгінсек, жазаға тартылған кәмелетке толмағандардың ата-аналар ажырасып, от басы шырқы бұзылған.

,,Бала тәрбиесі-бесіктен,, -деген ұлағатты сөз бар халқымызда жас ұрпақтар тәрбиелеуде ең алдымен олардың бойына адамгершілік заң силап, құрмет тұту, адалдық, шындыққа баулау сияқты ізгі қасиеттерді дарыта білу қажет.

Кәмелетке толмағандар көбіне тонау және қарақшылық шабуыл жасау тәсілдерін қолданады. Қылмыстық істерді зерттеу барысында мынадай жалпы тенденция анықталды.

Ол – кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс түрлері көп жағдайларда азаматтардың жеке меншігіне бағытталады екен.

Сонымен кәмелетке толмағандар жасайтын тонау және қарақшылық шабуыл әрекетерінің ең әйгілісі, былайша айтқанда “классикалық” түрі–жұлып алып кету. Сондай-ақ азаматтардың пәтерлері мен саяжайларын тонау да өз қарқынын беруде.

Алматы қаласында жасөспірімдер қылмысымен күрес және оларды қайта тәрбиелеу жөнінде Қалалық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер бөлімшесі айналысады. Қалада жалпы есеп бойынша 1200-ге жуық жасөспірімдер осында тіркелген. Өкінішке орай бүгінгі таңда жасөспірімдер қылмысымен күресте тек қана кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері айналысады.

Норкологиялық орталықтың статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, учётте 5500-ге жуық Алматы қаласының кәмелетке толмағандары тіркелген. Олардың 70 пайызына жуығы орта білім оқу және кәсіби техникалық мектептердің оқушылары. Бұл мекемелерде дәрілік препараттар ақылы болғандықтан, наркомания мен таксикоманияға шалдыққандардың көбісінің дәрі-дәрмектерді сатып алуға жағдайлары көтермейді.

Қалалық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер істері жөніндегі бөлімшесінің полиция аға лейтенанты Әлия Жанәділқызы Иманғалиеваның айтуынша қазір орта білім алу мектептеріндегі медициналық пунктің құрамына жасөспірімдердің наркоманиясы мен алкоголимзның алдын-алу үшін наркологтар мен психиатрларды кіргізуін ұсынып отыр.

Тағы да бір басты проблема – бұл жасөспірімдердің еңбек қамтылуы. Кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия мен еңбекпен қамту орталығы бұл мәселені әзірше шеше алмай отыр. Әсіресе еңбекке бас бостандығынан айыру мекемесіне оралған жасөспірімдер мұқтаж дейді. Оларға өмір сүру үшін қаражат керек. Осындай түпкілікті жағдайда олар тағы да қылмыс істеу –жолына түсуі мүмкін. Кездесетін қиыншылықтарға қарамастан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім қызметкерлері өзінің міндеттерін нақты және толық көлемде орындауға тырысады.

Құқық қорғау органдарында тергеушілердің профилактикалық жұмысы қылмыстың алдын алуда бірегей әлеуметтік процестің құрамды бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, жастар арасында тәртіп бұзуға, қылмыс жасауға қарсы профилактикалық жұмыс мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың еңбек ұжымдары және оқу орындарымен, сондай-ақ бұқарамен бірлесе отырып бұзақылықтың себептерін жоюға, қылмыскерлікті азайтуға, оларды барынша әділетті жолмен, зор жауапкершілікпен түзеуге бағытталған шаралар кешені ретінде көрінеді.

Тергеуші қызметінде тергеу сипаты тән немесе жай профилактикалық шараларды жүргізумен бірге жасөспірімдердің санасына қылмысты ашу туралы тергеу органдарының жұмысындағы құқықтық нормалардың, негізгі мүддеден ауытқымаушылықтың тиімділігі жөнінде жалпы мағлұмат қалыптастыру маңызды орын алады. Бұл тұрғыда И.И.Карпецтің: “жеткіншектер мен жастар арасындағы қылмысты қандай да бір жағымсыз адамдармен бейнеленгеннен гөрі онымен күресті тәрбиелік шаралар мен ескерту сипатындағы әрекеттермен жүргізу әлдеқайда тиімділік танытпау” дейтін қағидасы көңілге әбден қанады.

Ал, облыстық прокуратураның 2001 жылдың 3 тоқсанындағы жұмыс жоспарына сай, 2001 жылдың 1 жарты жылдығында соттармен жасөспірімдерге жаза тағайындау заңдылығына прокурорлық қадағалау дәрежесіне талдау жүргізіледі.

Талдау барысында, 2001 жылдың 6 айын өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жасөспірімдермен жасалған қылмыс 14,9 пайызға өскендігі анықталды. Қылмыстың өсуі Алматы қаласында, Кербұлақ, Қарасай, Райымбек аудандарында көбейген.

“Тоқсан сөздің тобықтай түйіні” болатыны сияқты, менің дипломдық жұмысымның түпкі нәтижесі, қорытындысы болуы керек. Әрине, басты мәселенің бірі-айыпталушының орнында кәмелетке толмаған, яғни көзқарастары жетілмеген жасөспірім болса, бұл жауапкершілік арта түседі.

Психологтардың және педагогтардың сипаттауы бойынша он төрт жас пен он сегіз жасқа дейінгі жас ерекшілік балалық шақтан ерексектік шаққа өту кезеңі болып табылады, яғни осы кезде организмде психологиялық және физиологиялық өзгерістердің болуы үлкен әсерін тигізеді.

Ендігі бір мәселе, заң әдебиетінің тапшылығы, әсіресе мемлекеттік тілде жазылған әдебиеттердің жоқтығы. Сондықтан әдебиеттен гөрі, газет-журналдарды пайдалануға тура келеді. Өйткені, шыққан заңдар мен жаңалықтар газет-журналдардан жарияланады.

Осы сұрақты қортындылайтын болсақ кәмлетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері сан алуан,дұрыс тәрбие бермеу,ата-аналар тарапнан қадағалаудың болмауы,қоршаған ортаның әсері,нашақорлық,ішімдікке салыну,жұмыссыздық және т.б.






  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет