Қорғауға жіберілсін: Қылмыстық құқық кеден пәндері кафедрасы



жүктеу 0.53 Mb.
бет2/3
Дата25.04.2016
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шаралар.

Еліміздегі қылмысқа қарсы күрестегі басты шаралардың бірі кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын негізінен ішкі-істер органдары жүргізеді.

Бұл қызметтің құқықтық негізін “Бала құқығы жөніндегі” Конвенция, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 21 желтоқсан 1995 жылғы “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы” Заң күші бар жарлығы, сондай-ақ басқа да кәмелетке толмағандардың құқығы және мүдделерін қорғау жөніндегі нормативтік актілер құрайды.

Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінің кадрларымен ұйымдастыр жұмысыкелесі тәртіпте жүзеге асырылады: кәмелетке толмағандардың істері жөніндегібөлімнің басқарма бастығының, ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторларының, ішкі істер министрлігі, қалалық ішкі істер бөлімі аппаратының аға инспекторлары мен инспекторы, сондай-ақ ішкі істер органының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің бастығының қызметіне жоғары заң немесе педогогикалық білімі бар адамдар тағайындалады.

Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Учаскелік аға инспектор және учаскелік полиция ниспекторының қызметіне жоғары заң немесе педогокалық білімі, сондай-ақ арнаулы орта білімі (заң және педагогикалық) бар адамдар тағайындала алады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлеріне негізгі мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет:

1) құқық бұзушы жасөспірісдерді, заңға қарсы бағытталған кәмелетке толмағандардың тотарын табу; қылмыстық, құқық бұзушылықтың, бақылауда болмаудың әлеуметтік адаптация және реабилитация жұмыстарының әдістері мен формаларын қолдану жолымен алдын-алу және қылмыстық жолын кесу, сондай-ақ азаматтық құқықтық және әкімшілік әрекеттік шаралар қолдану;

2) құқық бұзушылыққа және балалар мен жасөспірісдердің бақылауда болмауына, қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын ересек ұйымдастырушы және көмектесушіні, ата-ананы немесе оларды ауыстырушы адамдарды табу; кәмелетке толмағандардың бостандығы, көзқарастары және құқығын қорғауды қарастыратын қылмыстық, отбасылық, азаматтық құқық заңдарында көрсетілген баптардың талаптарының әсеріне сәйкес заңға қайшы қол сұғушылықтарды болдырмау;

3) жергілікті тұрғындарға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылық және олардың бақылауда болмауы сияқты мәселелерге құқықтық көмек көрсету.

Кәмелекетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері көрсетілген мәселерді орындау үшін жүйелі түрде мына шараларды өткізеді:

1) заң актілерінің талаптарына сәйкес жасөспірімдер мен балалардың топ болып жүретін жерлерінде құқық бұзушылықты және олардың қоғамға қарсы әрекеттерін табу мақсатынедла рейдтік алдын-алу жұмыстарын және операцияларды ұйымдастырады және жүргізеді;

2) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жасы толмағандарды және қылмыстық жазалаушылық әрекет жасаған адамдарды кәмелетке толмағандарды реабилитациялау, адаптациялау және уақытша изоляциялау орталығына алып келу және осында ұстау; тергеу және криминалды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы жасөспірімдерге арнап сот және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің принциптерінің сақталуы мақсатындағы кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына материалдар дайындайды.

3) қылмыс жасауға,құқық бұзуға бейімді жасөспірімдер, ата-аналаврға немесе оларды ауытырушы адамдар туралы оларға кері әсерін тигізетіндер туралы, құқыққа қарсы әрекеттің себептері мен шарттарын белгілеу мақсатында ересек ұйымдастырушыларды және көмектесушілер туралы тиісті органдардан және мекемелерге сұрау салады.

4) сотқа, қамқоршы, қорғаншы органдарға жасөспірімдерді шектеу немесе олардың ата-аналарының әрекет қабілеттілігі, ата-ананың құқынан айыру мәселелері бойынша материалдар дайындап, сотқа, қамқоршы, қорғаншы органдарға жібереді.

Қылмыс болып табылатын қоғамға қарсы әрекет жасаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткенше жабық түрдегі оқу мекемесіне жібереді.

4) жасөспірімдердің құқықтары мен көзқарастарының қорғау тәртібінде олардың атпа-аналарына, оларды ауыстырушыларға, сондай-ақ педагогтар, оқу, тәрбиелік, емдеу немесе басқа да мекемелердің жасөспірімдерге бақылауды жүзеге асыру міндетті жасөспірімдерге бақылауды жүзеге асыру міндетті қызметкерлер өздерінің міндеттерін орындамаса немесе сай орындалмаса ересек ұйымдастырушы мен көмектесушілер кәмелетке толмағандарды наркотикаоық және басқа да заттарды медициналық емес пайдалануға не спирт ішімдіктерін жүйелі түрде қолдануға не жезөкшеліктпен, қайыр сұраушылықпен немесе қаңғыбастыққа итермелесе оларға қылмыстық іс қозғайды, анықтама процестерін жүзеге асырады;

5) жасөспірімдердің жааған айқын қылмыстарын ашу мен тергеуге, криминалды полиция қызметкерлерімен бірге кінәнің дәрежесін не оның кінәсіздігін, басқа жасөспірімдердің қылмыс жасауға қатыстылығын, ересек ұйымдастырушы мен көмектесушінің бар болуын, қылмыс жасауға әсер ететін себептер мен шарттарды анықтау мақсатында қатыса алады;

6) қылмыстық атқару жүйесі мекемелерімен бірлесе отырып, жазаларын өтеп шыққан жасөспірімдердің қайталап қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында тиісті органдар мен мекемелер арқылы тұрмыстық және жұмысқа орналасуға көмек көрсетуі;

7) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарға қатысты шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;

8) құқық бұзушы – жасөспірімдерді әлеуметік адаптациялау және реабилитациялау шараларын, азаматты-құқықтық және әкімшілік әрекеттегі шараларын қолдануды жүзеге асырады және тіркеу жүргізеді оқу орындарының та,ғы басқа орналасуы, басқа да ерекше учаскалар жергілікті әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу қажет; жасөспірімдердің тәрбиесімен, білім алуымен айналысатын жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымның, қоғамдық ұйымдардың, құқық бұзушылыққа қарсы күрес, спорт, мәдени – ағарту және жасөспірімдермен басқа да жұмыстарды ұйымдастырушы басшылармен; кәмелетке толмағанның қылмыстары, құқық бұзушылық және олардың арасындағы бақылаусыздық туралы статистикалық мәлімет алу; көбіне құқық бұзушылық жасалатын орынды, себеп-салдарын білуі қажет.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше құқық бұзушылықтың жалпы алдын алуды жүзеге асыру үшін алдымен қоғамға қатысты әртүрлі салаларынан шығуы мүмкін криминогендік жағдайларды болдырмау мен және соларды анықтау мен айналысады. Олардың шығу формасы әртүрлі болуы мүмкін.

Сонымен криминогенді жағдайлар ата-аналардың және оларды ауыстырушылардың ішімдікке салынуы сияқты теріс әсерінен шығуы мүмкін. Оқушы балаларға немесе олар оқудан тыс уақытта, қоғамға пайдалы істермен айналыспаған кездегі бақылаусыздықтан шығуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге келіп түсетін криминогендік жағдайлар туралы мәліметтің қайнар көзі болып:

А) белгілі уақыт кезеңіндегі қызмет көрсететін территориялық қола немесе аудандар бойынша құқық бұзушылықтың динамикасы, құрылысы және жағдайы туралы қорытынды жинақтаудың материалдары;

Б) азаматтармен, қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдармен (жергілікті атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, оқу орындары, сот және прокуратура мекемелері) хабар алысу;

В) ішкі істер бөлімініңтергеп жатқан нақты өқылмыстық істерінің материалдары;

Г) соттағы азаматтық істердің ең алдымен некені бұзудың материалдары;

Д) арнайы жедел іздестіру шаралары нәтижесінен келіп түскен материалдар;

Е) бұқаралық ақпарат құралдары; теледидар, радио, газет басылымдары және тағы басқалар.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенінің жұмыстары жалпы профилактика шаралары жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Олар қодлда бар барлық айлық және тоқсандық материалдармен жан-жақты және ұқыпты тансыу негізінде жасақталады. Жоспарды әрқашанда мына негізгі шаралар болуы керек:

А) кәмелетке толмағандардың істері жөнңндегі бөлімшенің қызмеркерлері өздері тікелей жүргізетін шаралар;

Б) ішкі істер органдарының қызметкерлерінің басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара біолесіп жүгізетін. Шаралары;

Б) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлерінің басқа да бөлімшелермен немесе ішкі істер орнандарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізетін шаралары.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімш инспекторларының өткізетін шараларының құрылысна мыналар кіреді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың және бақылаусыздық жасөспірімдер арасындағы алдын-алу және болдырмау жұмыстарын орындау және тағы басқалар.

Кәмелетке толмағандардың белгілі бір таптарына немесе категорияларына арнайы профилактиканы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің лауазымды адамдары жүзеге асырады. Топтың құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты өз кезегінде ашу жұмыстарын ұйымдастырумен жүргізу кезегінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімннің лауазымды адамдары осы бөлімшеге ғана тән жұмыс формасы жәнен әдістері пайдаланып:

А) жасөспірімдерді мас жағдайға кім жеткізгенін немесе ішімдікке кім үйретті, қылмыстық кәсіпке, қайыршылық сұрауға, құмар ойындарға, жезөкшелікке, анаша пайдалануға бейім еткен адамдарды табу;

Б) құқық бұзушы жасөспірімдердің қоғамға қарсы немесе басқа топтарға жататын, осы топтың лидерін және құрамын, олар қылмыс жасайтын объектілер мен жиналатын орындарды табу;

В) жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттері басқа адамларға қылмыс жасауға орындатушыларды табу (оларға нашақорлық, жезөкшелікпен және т.б. жатады);

Г) балалаоды соғатын, оларға қатал қарайтын және жасөспірімдерге қатысты басқа да заңға қарсы әрекеттер жасайтын ата-аналар, ларды ауыстырушылар және басқа адамдарды табы;

Е) жасөспірімдердің ұрланған мүлікке ұқсас ерекшеліктері бар заттарды тауып алу фактісі, сондай-ақ жасөспірімнің спирт ішімдігіне басқа заттар мен мүліктерге жұмсаған ақша қаражатының болуы туралы мәліметтерді табы.

Жеке профилактиканың (алдын алудың) объектісі болып, жасөспірімдер (олардың құқыққа қарсы жүріс-тұрысына қарап, қылмыс жасауы мүмкін деп табылатындар), ата-аналар және оларды ауыстырушы адамдар (егер олар өздеріне жүктелген болса тәрбиелеу міндетін өздерінің қоғамға қарсы әрекеттерімен құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік жасаса) табылады.

Жеке профилактика келесі этаптардан тұрады:

А) профилактикаға жататын адамдарды табу;

Б) жеке тұлғаның және оның өмір сүру бағытын объективті және жан-жақты білу;

В) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің бақылаушы істерін есепке алу;

Г) тікелей профилактикалық жұмыс.

Ең бастысы болып “қиын” жасөспірімдермен жұмыс табылады. Жеке профилактикалық әрекеттің бір формасы болып кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімге оқушыларды (қатысушыларды) жеткізу табылады. Бұл жерде дне өзінің ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімге төмендігілерді жасаған балалар мен жасөспірімдер жеткізіледі:

А) қылмыстық жауапкершілікке жасы жетпеген қылмыстық белгілері бар қоғамға қарсы әрекеттер жасағандар;

Б) қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандар;

В) жасөспірімдердің уақытша изаляциялау, адаптациялау және реабилитациялау орталығынан (ЦВИАРК) өз бетімен кетіп қалғандарды;

Г) өз бетімен 6-ға дейінгі жаста жанұясын өз еркімен тастап кеткендерді, сондай-ақ семьясын 16-дан 18-ге дейінгі жаста тастағандардың жеке басы анықталса және бақылауды, көмекті керек ететіндер;

Д) адасып кеткендер тастандыларды олар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде 8 сағаттан артық бола алмайды, ал қалған категориядағылар 3 сағаттан артық ұсталмайды.

Тастандылар мен адасып кеткендерге акт жасақталады. Тастап кеткен балаларға қатысты акт 3 данада жасалады. Акттің 1 данасы қылмыстық іс қозғау және баланың өміріне қауіпті жағдайда тастап кетуіне кінәлі адамға іздеу салу туралы мәселенішешу үшін оқиғаны есепке алу (тіркеу) кітапшасына тіркеледі. 2-ші данасы баламен бірге тәрбиелік мекемесіне немесе балалар емдеу мекемесіне жіберіледі.

Адасып кеткен балаларға қатысты акт екі данада жасалады, бірінші данасы баламен бірге тәрбиелік немесе балалар емдеу мекемесіне жіберіледі, ал екіншісі баланы қабылдап алған лауазымды адамның қолхатымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде екі жыл бойы сақталады, уақыты өткен соң тиісті тәртіпте жойылады.

Алкогольдің, нашаның және басда мас қылдыратын заттық әсерінде жүрген жасөспірімдерді ішкі істер органның кезекші бөліміне жеткізеді, олардың жеке басын анықтау үшін, олардың ата-аналарын немесе оларды ауыстырушылар туралы мәліметтерді анықтау үшін, жағдайды анықтау үшін, құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды:

а) ата-аналарына, оларды ауыстырушыларға;

ә) мектеп әкімшілігінің немесе басқа балалар мекемесінің (олардың тәрбиесіне және қарауына жауап беретін) басшыларына;

б) денсаулық сақтау органның емдеу мекемесінің басшысына, егер оқушы 16-ға дейін жас мөлшерінде нашақорлық жағдайында немесе олардың ауыр дәрежесінде немесе дене жарақаты болса;

г) медициналық айықтырғыш қызметкерлеріне,егер 16-17 жастағы жасөспірімдердің жеке басы, тұрғылықты жері анықталмаса және мас күйде болса не жо,арыда көрсетілген адамдарға тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ғана тапсырылады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің лауазымды тұлғалары осы бөлімшіге жеткізілген балалармен ұйымдастыру жұмыстарын өткізу барысында жеткізілгендердің жеке басын сипаттайтын мәліметтерді алу, ата-аналары және олардың ауыстырушылары туралы мәліметтерді; жасөспірімдерді тәрбиелеу шаралары; құқық бұзушылық жағдайлары немесе жоғалып кеткен, адасып кеткен балаларды тауып алған болса және осы балаларды балалар мен жасөспірімдерді тіркеу журналына тіркеуі керек. Осы журналға мына жасөспірімдер тіркеуге жатпайды: ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілген, сондай-ақ белгілі бір іс бойынша куә ретінде шақырылған немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімге тіркеудегілер санындағы контингент ретінде шақырылған болса. Қажет болған жағдайларда басқа адамдарды оқушылардың бақылаусыздығы мен құқық бұзушылығына байланысты жағдайды анықтау үшін де шақырады.

Кәмелетке толмағандарды уақытша изаляциялау, адаптациялау, реабилитациялау орталығына кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің лауазымды тұлғалары қаулы шығарады. Ол қаулы осы бөлімнің бастығы немесе оның орынбасарларымен бекітіледі және ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімге жеткізілген кәмелетке толмағандарға қатысты, тастап кеткен және адасқан 3 жастан жо,ары жастағыларға мына жағдайларда: олардың жеке басы 8 сағаттың ішінде анықталмаса, ата-аналары және олардың ауыстырушы адамдары табылмаса және балаларды тапсыратын мүмкіндік тумаса; сондай-ақ егер балаларды тапсыру ұзақ уақытқа созылуына байланысты немесе баланың денсаулығына және өміріне қауіп төнетін жағдай туса ғана қаулы шығарылады. Қажет болған жағдайда тәуліктің түнгі уақыты ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің бастығы жоқ болған жағдайда, ішкі істер бөлімінің кезекшісі ішкі істер бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары болмаған жағдайда кәмелетке толмағандарды уақытша изоляциялау, адаптациялау және реабилитациялау орталығына орналастыру туралы қаулыны бекітуге құқығы бар.

Айта кету керек профилактиканың осы кезеңінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің лауазымды тұлғалары зиянды әсерлердің қайнар көзін жоюға, семьялық жағдайдың жақсаруына, оқушының оқуы және тұрғылықты жері бойынша қоғамдық жағымды әсерін болдыруға күштерін бағыттайды.

Осы мақсатта оқушының оқу орны бойынша ал қажет болған жағдайда ата-аналарының жұмыс орнына жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін көмек көрсетуге мағлұмат жіберіледі.

Қорыта айтқанда, кәмлетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу аса қажетті шара болып табылады.

2-тарау. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні.

2.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері. Біздің елімізде барлық қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам қылмыстық заң бойынша жауаптылыққа тартылуы тиіс. Қылмыстық заңда еліміздегі демократиялық, гуманизімдік , заңдылық қағидаларға сәйкес кәмлетке

толмағандарға қылмыстық жаза тағайындау барысында елеулі ерекшкліктер бар. Бұндай жаза тағайындауда кәмлетке толмағандық мән-жайды ескере отырып, сотталатын адамның қаншалықты өзгеріп жаза өтеуге байланысты түзелетіндігін ескеру қажет. Заң бойынша барлық құқықтар мен бастандықтарға ие болады, өз іс-қимылы, әрекеті үшін өзі заң бойынша толық жауап береді. Он сегіз жасқа

толмаған адамдар айтылған құқықтар мен бостандықтарға тек ішінара ие бола алады, сонымен қатар заңда көрсетілген жауаптылыққа шектелген түрде тартылады. Жасы толмағандардың құқықтары мен бостандықтары ерекше әдістермен қорғалады. Сонымен кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдарды айтамыз. Яғни қылмыстық

жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жасы он төртке толу. Ал он сегіз жасқа толғаннан соң тұлғалардың кәмелетке толмаған деген құқықтық статусы жойылады. Қылмыс жасаған кезде жасы он алтыға толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кейбір жағдайларда он төрт жастан бастап та жауаптылыққа тартылады.

Он төрт жастан қылмыс жасайтындар мынадай жағдайларда жауаптылыққа тартылады:

1) кісі өлтіргені үшін;

2) қасақана денеге жара салғаны, денсаулығына зиян келтіргені үшін бұл қылмыс ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл болып 3 түрге бөлінеді;

3) әйелді зорлағаны үшін;

4) қарақшылық шабуыл жасағаны үшін;

5) тонағаны үшін;

6) ұрлағаны үшін;

7) бұзақылық жасаудың ауыр түрі үшін;

8) өте ауыр жағдайда мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жойғаны үшін;

9) қаруды, әскери оқ дәріні, жарылғыш заттар мен қондырғыларды ұрлап не қорқытып алғаны үшін;

10) қасақана жол құрылысын жарамсыз еткені үшін;

11) жыныстық қатынаста зорлық жасағаны үшін;

12) адам ұрлағаны үшін;

13) терроизм үшін;

14) террорлық акті жасалады деп жалған хабар таратқаны үшін;

15) вандализм (мәдениет мұраларын, зиратта, тағы басқа қасиетті орындарды қирату) үшін;

16) наша сияқты және басқа адам психикасына зардабы тиетін улы заттарды ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін;

17) өлгендердің сүйегін немесе олар жерленген зираттарды қиратып, қорлағаны үшін.

Жоғарыда аталған қылмыс түрлерінің барылығында, адамның жеке басымен денсаулығы үшін де мемлекет үшін де аса қауіпті олардың мүддесіне үлкен зиян келтіретін қылмыстар он төрт жасқа қарай жасөспірімдер мұндай қылықтардың қылмыс болып саналатынын толық түсінеді. Сондықтан мұндай жастар кісі өлтіру аса ауыр бұзақылық жасау, ұрлау, әйел зорлау, тонау қылмыстарын саналы түрде жасау арқылы өзге адамдарға, мемлекетке қасақана қарсы шығады. Жас адамның өмірі қаншалықты аянышты болғанымен мемлекет маңызсыз адамның өз азаматының өмірін, денсаулығын сақтау қылмыскердің қол сұғу зұлымдығынан сақтап қалу мақсатында қатаң шаралар мен жазалар қолдануға мәжбүр болады.

Жоғарыда айтылғандай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша он төртке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Он төртке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.

Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса қылмыстық жауаптылықта тартылуы тиісті емес.

Егер кәмелетке толмаған адамның есінің дұрыстығы жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісін қарау барысында сот олардың жасын (күні, айы, туған жылын) нақты анықтауы қажет.

Ал кейбір қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық он төрт жастан белгіленген.

Яғни он төрттен он алтыға дейінгі жаста қылмыс істеген адамдар тек кісі өлтергені үшін, жәбірленушінің денсаулығы бұзылуына әкеп соқтыратындай етіп, адамның денесіне қасақана жарақат салғаны үшін, тонағаны, ұрлық істегені, кәнісі бұзақылығы үшін, мемлекеттік, қоғамдық мүлікті немесе азаматтардың өз меншігіндегі мүлкін қасақана жойғаны үшін я бүлдіргені үшін, атылатын қару-жарақты, оқ дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлағаны үшін, сондай-ақ поездық апатқа ұшырауын туғызатын әрекеттерді қасақана істегені үшін де қылмыстық жауапқа тартылады.

Егер қоғамға онша қауіпті емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа дейінгі адамның қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзелуі мүмкін деп тапса, сот ондай адамға қылмыстық жаза болып табылмайтын, тәрбиелік сипаттағы еріксіз шараларды қолдана алады немесе жасы толмағанды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік сипаттағы еріксіз шараларды қолдану мәселесін қарау үшін оның ісін жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жібере алады.

Соттық тәжірибеден тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың үш шартын қолданудың негіздері белгіленген:

а) қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамның кәмелетке толмауы;

ә) қылмыстық әрекетінде кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстардың қамтылуы;

б) адамның қылмыстық жазаны өтеусіз-ақ түзелуіне мүмкіндіктерінің болуы.

Кәмелетке толмаған адамдарға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін:

а) ескерту;

ә) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекетік органның қадағалуына беру;

б) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д) кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Кәмелетке адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шараларға тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды және де өлім жазасы сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде Қылмыстық кодекстің 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.

Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі.

Қылмыстық кодекстің 52-бабы, 3-бөлігіне сәйкес, жаза тағайындау кезінде қылмыстық сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның ауырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Сот жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен сәйкес әділеттілік қағидасын қатаң сақтауы тиіс.

Кәмелетке толмаған адаммен бірге басқа да қылмысқа қатысушылар немесе қылмысқа айдап салушылардың болғандығы мүмкін бе деген мәселелерге заң ерекше назар аударуды талап етеді.

Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларме жиынтықта ескеріледі.

Кейбір мән-жайлар құқықтық сипатқа ие болады: адам бірнеше рет немесе қайталап қылмыс жасауы, сотталғандық атаққа ие болуы немесе болмауы. Басқа мән-жайлар құқықтық сипатқа ие емес, бірақ оларда жаза тағайындау кезінде сотпен ескерілінеді.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері. Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлеріде ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген.

Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық жазалар (өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды.

Кәмелетке жасы толмағандардың статуысының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу, бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:

А) айыппұл;

Б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

В) қоғамдық жұмыстарға тарту;

Г) түзеу жұмыстары;

Д) қамау;

Е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.

Ересек адамдарға қарағанда, кәмелетке толмағандарға айыппұлдың төмендетілген мөлшері белгіленген, бірақ мұнымен қатар Қылмыстық кодекстің 40-бабы 2-бөлігі шарттары сақталады, айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстық ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Кәмелетке толмағанның мүлкі мүліктік құқық бойынша өзіне тән болуы керек.

Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады және олар заңды негізде белгілі бір қызметпен айналысып жүріп, қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын әрекеттерді істеген жағдайларда ғана жазаның осы түрі қолданылады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.

Егер бас бостандығынан шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда ҚК-тің 45 және 46 баптарына сәйкес қамаумен ауыстырылады.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бұл жаңа жазаның негізгі түрі болып табылады, мазмұны жағынан бас бостандығынан айырумен ұқсас болып келеді. Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.

Қамауды кәмелетке толмағандарға, тек он алты жасқа толған жағдайда ғана қолданылады. Қамауды қолданар кезде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы ескеріледі.

Кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін- он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:

А) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;

Б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.

Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айырудың жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.





1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет