«Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары»



жүктеу 0.75 Mb.
бет3/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4
Екі ғалымның пікірін қарастырғанда проблемалық оқыту туралы ортақ бір тұжырым шығады. Ол - оның негізінде бір бейтаныс проблеманың жататыны, ол проблеманы шешу қажеттігі, ол үшін бұрынғы білімге сүйену, бірақ оның мақсатқа толық апармайтыны. Проблемалық оқытудың басты белгілерін М.Н.Скаткин өзінің аталмыш еңбегінде былай көрсетеді.

Проблема шешу, проблемалық тапсырмалар, сұрақтар әртүрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үдерісте әсіресе пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.

Проблемалық оқытудың тиімділігі- ол оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі.

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді,ол тапсырмалардың барлығы оқушылардың шығармашылық қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Проблемалық оқыту технологиясынан дұрыс іздене білгенде ғана ол тіл дамытуда өнімді, нәтижелі қорытынды береді. Әсіресе пәнаралық байланыстағы проблемалық оқытуды басшылыққа алған шығармашылық жұмыстар тіл дамытудың ең өнімді жолы болып табылады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001



7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
12-дәріс. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі.
Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын. 

1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы. 

2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы. 

3.Берілген білімді пысықтау. 

4.Оқушының білімін тексеру, бақылау. 

5.Шығармашылық қабілетін арттыру. 

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында..Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді. 

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. 

Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.

Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:

- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады; 

- оқушының жеке қабілеті айқындалады;

- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады; 

-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады; 

-сынып оқушылары толық бағаланады; 

-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады. 

Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М.Педагогика, 1989. 44 б. 

2. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б. 

3. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы 
на основе технологического подхода. А: 2005.34 б. 

4. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б. 

5.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.

13-дәріс. Қазақ тілі сабағында  дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтаспедагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білуқабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпалететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушыныңөз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет.

3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар.

4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998

5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000

6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная

технология. Москва, 2001

7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998
14-дәріс. Қашықтан оқыту технологиясы

Әлемдік деңгейде қазіргі кезде қашықтан оқыту жүйесі кеңінен орын алуда: АҚШ, Ұлыбритания, Ресей т.б. елдерде.

Қашықтан оқытудың негізгі белгілері

Икемділік. Қашықтан оқыту жүйесінде білім алушылар лекция немесе семинар түріндегі жүйелі сабақтарға қатыспай-ақ, өзіне ыңғайлы мезгілде, ыңғайлы орында, ыңғайлы қарқынмен жұмыс істей алады. Мұндай жүйе өзінің қалыпты өмір сүру тәртібін бұзғысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Оқуға тапсыру үшін студенттің арнайы білім цензінің болуы міндетті емес. Әркім тандаған пәнін меңгергенше оқи алады, яғни мерзімі шектеусіз.

Модульдік. Қашықтан оқыту бағдарламасының негізінде модульдік ұстанымы бар. Әрбір жеке курс белгілі бір пән туралы жалпы түсінік береді. Бұл жеке тұлғаның немесе топтың қажеттіліктерін өтерліктей тәуелсіз курс-моделдер жиынтығына оқу бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді.

Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа есебі бойынша қашықтан оқыту дәстүрлі білім беру түрлеріне қарағанда 50% төмен екені анықталды.

Білім сапасын арнайы мамандырылған бақылау. Қашықтан оқыту жүйесінде бақылау түрлері ретінде қашықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, экстернат, компьютерлік ойшылдық тест жүйесі пайдаланылады. Қашықтан оқыту технологиясы- тұлғаның белгілі бір білім жүйесін меңгеруі үшін бақылау жүргізіліп отырарлықтай қарым-қатынас құралдары, формалары және әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.

Қорыта келгенде білім жүйесіндегі өзгерістер, шығармашылыққа деген еркіндік, демократиялық сипат білім беру ұйымдары мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеп, таңдау мүмкіндігін беріп отыр.Бұрынғыдай білім мазмұны пәндік білім жиынтығы емес, ендігі білім нәтижесі оқытудың мақсатын бірлесе шешуден, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуден көрінбек. Оқытудың мақсаты қазіргі өзгермелі дүниеде алған білімнің негізінде өзін-өзі таныта алатын, дамытатын, адамгершілік тұрғыда дұрыс шешім қабылдай білетін, ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, мәдениетті, қоғамға лайық, шығармашылық қабілеті қалыптасқан тұлғаны дамытуға бағытталады. Сондықтан қазіргі білім беруде құзыреттілікті көрсете алатын, әлеуметтік және кәсіби ортада өз білімін пайдаланып, өз пікірін білдіре алатын, өзінше әрекет жасай алатын зиялы тұлға үлгісі алдыңғы орында тұр.

Сондықтан пайдаланып келген оқыту әдістемесінің жаңа педагогикалық технологияларға ұласуының қажеттігі туындайды. Яғни әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтерін бүгінгі оқыту ерекшелігімен үйлестірген жағдайда білім мазмұны жаңа сипат алады, әдістемелік жүйеге айналады. Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистерверг «Жаман мұғалім шындықты өз деңгейіне жеткізеді, хабарлайды, ал жақсы ұстаз шәкірттерін шындыққа жетуге баулиды»,деген пікірі бүгінгі талаптарға сай келеді.

Жаңа технология негізінде оқушы, біріншіден, таныс тәсілдер арқылы бұрыннан таныс үлгілер бойынша жұмысты іске асырады.Екіншіден, танымдық іс-әрекет арқылы білім мазмұнын нәтижеге бағдарлайды. Үшіншіден, шығармашылық іс-әрекет арқылы таныс емес жағдайға проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады, жеке адамның тұлғаланылуымен ерекшелінеді. Осындай күрделі іс-әрекет түрлерімен қарым-қатынасқа түсе отырып, бүгінгі талапқа сай құзыреттілік негізінде өзінің әлеуетін көтеруді жүзеге асырады.
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. М.М.Жанпейісова

Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы 2006

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті 2008,4

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті 2007,9

  3. Ізденіс. Филология сер. 2010,1

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті 2006,7


15-дәріс. Инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында қолданудың тиімді жолдары.


Қазіргі таңда  жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.

Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі  кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын ұстаздарға қойылатын басты талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу.Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі  жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

          Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.

Біз ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауда қолданудың тиімділігі. Өйткені мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуіне болады. .

         Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді.Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түседі.



3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


Тақырып атауы

сағат саны

1. Оқу орыс тілінде жүрілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер.


1

2. Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері.

1

3. Инновациялық технологияларды қолдану

1

4. Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыру

1

5. Қазақ тілі сабақтарында тиімді тәсілдерді пайдалана отырып, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін арттыру.

1

6. Инновациялық технологияларды қазақ тілі пәні арқылы орыс аудитоиясының оқушыларына меңгерту.

1

7. Қазақ тілі сабағында қолданылатын инновациялық технологиялар түрлері.

1

8. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру.

1

9. Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі.

1

10. Оқытудың озық технологиялары туралы жалпы түсінік

1

11. Проблемалық оқыту технологиясы


1

12. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі 

1

13. Қазақ тілі сабағында  дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі.

1

14. Қашықтан оқыту технологиясы


1

15. Инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында қолданудың тиімді жолдары.


1

Барлығы

15

: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет