Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



жүктеу 0.68 Mb.
бет3/4
Дата31.03.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
2013 -> Мазмұны Кіріспе

ІІІ-Тарау. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер.

Екінші дүниежүізілк соғыстың соңғы оғы атылғанад дүние өз дамуының жаңа бір деңгейіне енгендей болды. Дүниежүзілік тарихтағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осыдан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді герман милитаризмнің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте түсу жүзеге асырылып отырды.

«Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін-Берлин конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам қалашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Реузвелытің орына болған Гари Трумэн, Ұлыбритания-Уинстон Черчилль, КСРО-Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Түңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «үлкен үштік» құрамы жаңарды [28].

Берлин конференциясы бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия окккупацияланды, оның территориясьшда билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, АҚШ, Франция жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардың Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен өнеркәсіпті милитаризациялауды құралы болған картельдердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келісті.

Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО иеліктеріне Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің барлығы ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО, Англия мен АҚШ ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағыдры айқын болса да, одақтастар Бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқа келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Реапарцияның жалпы сомасы 20 млрд доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды [29]. Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемелкет ретінде сақтап қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп, жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық мемелкеттер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлері үстінен халықаралық сот басталды. Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтқындарға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам уақытқа дейін созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

1945 жылы Еуропадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі жүріп жатқан кезде, дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім қабылданды. 50 елдің өкілдері Сан-Франциско қаласына (Калифорния) Біріккен ¥лттар ұйымына құру конференциясына жиналды. Оның негізгі заңдылықтары бекіттілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достастық қатынасын дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, ауруларымен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қауіпінен сақтану принциптеріне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тарса, енді сенат 3-98 дауыспен БҰҰ-ның хартиясын ратификациялады. Бұл АҚШ- тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.

БҰҰ жоғарғы органы болып, сессия жылына бір рет болатын Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің—тұрақты (АҚШ, ¥лыбритания, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының болғандығы қуантады. Уставқа сай Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі әркет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай қауіпсіздік Кеңесі агрессорларға санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде қауіпсіздік Кеңесінің бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес. Халықаралық сот, БҰҰ-ның Бас хатшысы бастаған Секретариатты сайлайды. Кейінірек БҰҰ эгидасымен әртүрлі арнайы ұйымдар құрылды. Соның бірі-ЮНЕСКО (Білім, ғылым, мәдениет бойынша БҰҰ, Оның уставын алғашқыда 50 мемлекет қол қойды. Оның ішінде КСРО-нан БҰҰ мүшелері статусын алған Укарина мен Белоруссия да кірді. Германияның бұрнығы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым созылды. Бейбіт бітімшартының мәтініне келісу Сыртық істер министрлер Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия сыртық істер министрлерінің мәскеуде өткен мәжілісінде жасалды. 1946 жылы 29 шілде-16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына 21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австрия, БССР, Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР. [30].

Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою, мәселесіне аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салынған баптар енгізілді. Осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс мемелкеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе талқыланғанда батыс державалар, егерде сыртық істер министрлер кеңесі бір жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе Бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге ұсыныс жасады. Оған дейін оларға ағылшын-американ әскерлері бақылау жасады. Ол Грецияға Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.

Еуропадағы территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш негізсіз болгар территориясына көз тігуін қолдады, Финляндияның КСРО есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының антикеңестік көңілін қоштады, Италияның өзіне Юлиалық Крайна мен Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.

КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да үлғайтты. КСРО құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай соның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға печенгадан басқа, РСФСР-дың Калиниград облысы болып аталған. Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Оталық және Оңтүстік - Шығыс Еуропа мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер, атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946 жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көзтігіп, Дарданеллда КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қара теңіз бүғаздарының статусын өзгертуді талап етті [31].

1946 жылдың басында АҚШ пен Ұлыбритания Солтүстік Ираннан әскерін әкетуді талап етті, КСРО-ға қысым көрсетуге мәжбұр болды. 1941 жылы КСРО мен Ұлыбритания ленд-лизбойынша КСРО-ға парсы шығынағы арқылы жүкң тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Иранды бірігіп оккупациялағанды. Әскери соғыс аяқталған соң 6 айдан соң әкетілуге тиіс болатын. Ұлыбритания мұны жүзеге асырды, ал КСРО асықпады, Солтүстік Иранда автономиялық үкімет құрылды. Осы кезде Грецияда коммунистері басқарған партизан тобы жанданды. Оларды коммунистер басқарған Албания, Югославия, Болгария сияқты шекараласып жатқан елдерден қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше елдерінің сыртқы істер министрлерінің Лондон мәжілісінде КСРО өзіне Триполитанияға (Ливи) протекторат орнату құқын беруді талап етті. Бұл оның Жерорта теңізі аймағында болуын қамтамасыз ететін еді. [32].

Егерде бірнші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлы державалар соғыстан кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бұл проблемаларға баса назар аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финас тұрақтылығына қол жеткізу мен валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі (ХҚДБ) құрылды. Осылайша антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейінгі де ынтымақтастығын жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік негізіне ескі үжымдық қауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі Б¥¥ болды да, оны жүзеге "әлемдік полицей" ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жеткеші бес держава асырды.

Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылғының 30 жылдарындағы тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстұрлі жолы күш қолдану территориялық экспансия және ықпал ету аймағын құру-осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын болды. Бұл Еуропаны елеңдетпей қоймайды. Франция мен Италияда коммунистік партиялар ең ірі саяси партиялар болтатын. Осы жерлерде және Батыс Еуропаның басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Еуропадан американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң КСРО конинентальдік Еуропада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың барлығы кеңес басшылығы жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.

КСРО-ның жүргізген саясатына батыс елдері әртүрлі көзқараста болды. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе Бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеді, КСРО-ның Еуропа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридің Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Еуропада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспонсионизмнінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, "англосаксон дүниесінің барлық дүниесімен" КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемелкеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда Мәскеуде АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп, ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында "тежеу" саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алуы үшін, Батыс елдері өздеріне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. "Тежеу" саясатына олар соғыстың алдын-алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.

Трумэн, Черчилль, Кеннан, КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға қатынасты өзгеруі соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес тіпті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрестілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе қалған жағдайға, Реузвельттің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ "тежеу" саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді америка Еуропаның барлық істеріне қоян-қолтиық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алған рет конгрессте бақылаудан орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясынын кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент-демократ, ал конгресс-мемлекет басшысының кезкелген сыртқы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыруға немесе жаңа саясатқа көшу. алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлауына мүмкіндік бермеді.

1944 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери және экономикалық көмек беру жоқ екендігін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінің шығарылуы мен көмектің тоқталуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағадайы жасалды. Суэц каналына кеңес бақылауы орнауы қаупі туды. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол "сыртық қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға" көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚІП мен КСРО арасында қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәскелестікке көшудің бастамасы болған Турмэн доктринасы пайда болды. 1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж маршал Еуропалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финастық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәі імдеді. КСРО бұл жосапры Америка Еуропаны экономикалық қанауға салуға бағытталған деп есептеп, шығыс Еуропа елдерін маршал жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерді өкімет билігі комунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылы сәуірде 16 Батыстық елдер Маршал жоспарына қол қойды. [33]. Бұл бойынша олар төрт жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Еуропаның бірде-бір үкіметінде коммунистер қалмады. Бұрынғы одақтастар арасында алауыздық Еуропалық бөлшектенуіне әкеліп соқты. Еуропада алған оқиғалар Германия тағдырында да әсер етті.

Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары "тежеу" саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясатың табысты болуы немістерге байланысты екені айқын болды. Сондықтан АҚШ маршал жоспарының әрекет ету аймағына Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасын жүргізілді. Құнсыздаған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Германия проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәлімдеме берлиннің батыс секторларынын батыстық оккупациялық зоналар мен транспорттық байланыстарын қамтамсыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады.

Берлин блокадасы- КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конференциясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлинді одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориямыны арқылы одақтастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгрестің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл-күйінде болған өзгерсіті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Еуропа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды.

Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Еуропалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция) , АҚШ, Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған қарулы күштер жасақталды.

Өз тарапынан шығыс Еуропа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехословакия Еуропаның бөлешектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. [34]. Ақпанда СЭВ қатарына Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын-Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды.

1949жылы Германияның бөлшектену жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халхы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ тарапынан абыржу туғызды.

1949 жылы американдықтар КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны туралы естіді. Кеңес атом қарулы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскеи-саяси бәскелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы айқын еді, өйткені осы салада АҚШ монополиясы жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚПІ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуатын тасымалдау құралының (носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн тонналық тротильдің жарылысымен тең еді. Осындай он ай өткен соң КСРО-да сынады. 50-жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстар жүрді. Соғыс кезінде неміс ракета құрылымының жетістігі негізінде континентаралық болистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ны бәскелестігі ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді.

150 жылы АҚІП Корея жарты аралығындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбұр болды. Соғыстан соң Корея Солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстіггінен АҚШ оккупациялады. Германия сияқты екі үкіметі құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚПІ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды. Кореяның екі бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскері 38 параллель бойынша деморкациялық шепті бүзып, оңтүстікке қарай тез жылжыды. АҚШ -Солтүстік Корея әрекетін аргессиялық деп танылп, Б¥Ү-на Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешім қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды.

Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп ал аяқталуы 8 желтоксан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек онда ол 45 жылға созылды. Осы жылдар арасында АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынсада соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді "қырғы қабақ соғысы" деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та "қанды соғысқа" дайындалды, бір-біріне жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың барлық түрінен бәсекелесті, қару жер бетіндегі бар тіршлікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себепті?

Бас кезеңде екі жат та мүндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жат та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы екі жатқы да бір жақты да басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғүрлым жаңа қару түрлерінің пайда бола беруі қақтығыс соңының қандай боларын болжауды тиіпті қиындатты. "Қырғи қабақ соғы:" бүкіл планетаны шарпыды. Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономиккалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің барлық айнасында "қара-ақ" деп қаралады.

"Қырғи қабақ соғыс" бағымызға қарай қанды соғысқа ұласпаса да, саясат пен ақыл-ойды барынша милитаризациялады. Дүниежүзілік саясатта барлығы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ Жарғысына сәйкес болмаса да "ядролық қорқыту" саясаттың басты қарулы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО аймағында соғыс-өнеркәсіп комплекстерін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомствалардың саяси ролі өсті. Халықтың санасын милитаризациялау саяси ролі өсті. Халықтың санасыне милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналады. Жауыз, аяусыз коммунист және дәл осындай империалист бейнесінде жау образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де дәл осы сіңірілді. "Шпиондық" романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды.

"Қырғи қабақ соғыс" дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені "қара-ақ" деп тану сыртқы дүниеге қауіп сезімін ұялатты және сыртық жау алдында жасанды іштей итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп танылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жапппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар "Қырғи қабақ соғыс" Батыс елдерінде "ерекелі мемлекетті құру" мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стмиул болды және ол коммунизм идеясына еніп кету барьері саналады.

"Қырғи қабақ соғыс" қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулары қарудың жаңа тұрін шығарумен айналысты. Жанталаса қаруланудан естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі пен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану Кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизм күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарының тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған "үшінші дүниені" [35] ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды. Былайша айтқанда, "қырғи қабақ соғыс" екінші дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. "Қырғи қабақ соғысты" болдырмауға болар ма еді? Оның пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әртүрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа Ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек Ұлы жержавалар емес, басты Ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әртүрлі ғана емес, дүниетанымы да әртүрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді. Сондықтанда "қырғи қабақ соғыс" болмаса, жағдайдың қандай болатынын елестеуге болады.




1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет