Орман тұқымдарын өңдеу тәртібі



жүктеу 1.27 Mb.
бет1/6
Дата03.05.2016
өлшемі1.27 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Орман тұқымдарын өңдеу тәртібі

 

19. Қылқан жапырақты ағаштардың орман тұқымдарын бүрлерден және бүржидектерден ажыратып алу механикалық тәсілмен немесе бүрлердің ашылуы үшін оларды кептіру жолымен жүзеге асырылады.

20. Қарағайдың кейбір түрлерінің (самырсын, корей), сібір майқарағайының және аршалардың тұқымдарын ажыратып алу үшін механикалық өңдеу тәсілі қолданылады.



Бұл орайда бүрлер арнайы машиналарда немесе қолмен ағаш балғалармен немесе ағаш үккіштермен ұнтақтау арқылы үгітіледі.

Сібір майқарағайының, шығыс биотасының және батыс боз аршасының бүрлері олар толық піскенге дейін жиналады, пісуі үшін кептіреді және арнайы машиналарда үгітеді. Бүрлерді арнайы машиналарда немесе қолмен ұнтақтайды.

21. Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, сібір балқарағайының, сібір майқарағайының бүрлерін тұқым ажырату үшін бүркептіргіштерде немесе табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіреді.



Бүрлерден ажыратып алынған тұқымдарды тұқым тазартқыш машиналарда, қанатсыздандырғыштарда, желпігіштерде немесе торларда қанатсыздандырады және желпиді.

22. Кәдімгі қарағай мен шыршалардың тұқымын сумен қанатсыздандыруға болады. Бұл орайда қанатсыздандырылмаған тұқымдарды жылы бөлмеге (ауа температурасы 25oС) жайманың үстіне 10 см-ге дейін қалыңдықпен шашып, 1 кг тұқымға 100 г су есебімен бүріккішпен біркелкі дымқылдайды. Күні бойы орман тұқымдарын бірнеше рет аударыстырады, содан соң желпиді.

23. Сукачев балқарағайы мен Шренк шыршасының толық дәнді орман тұқымдарын дәні жоқ тұқымдардан оларды: балқарағайды - 4-5 сағат және шыршаны 15-20 сағат суға батырып қою арқылы бөліп алуға болады. Тұқым мен судың арақатынасы тиісінше 1:5.

Судың бетіне қалқып шыққан орман тұқымдарын жинап алады, суды төгіп тастайды, ал түбінде қалған толық дәнді орман тұқымдарын белгіленген дымқылдылыққа дейін кептіреді.

24. Табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіру құрғақ және желдетілетін бөлмелерде немесе күн астында жүргізіледі. Бұл ретте кептіру процесін жеделдету үшін бүрлерді жұқалап жайып қояды және күніне 1-2 рет араластырады.



Ашылған бүрлерді тұқым тазалағыш машиналарда немесе қолмен үгітеді.

25. Жапырақты ағаш түрлерінің орман тұқымдары былай бөлінеді:



1) құрғақ (емен, қайың, үйеңкілер және басқалар);

2) шырынды, оның ішінде:

шырынды жеміссерігімен (қарақат, тұт және басқалар);

етті жеміссерік (сары өрік, қара өрік және басқалар);

еті құрғақ жеміссерік (пісте, жаңғақ және басқалар).

26. Еті құрғақ жеміс серігі бар құрғақ орман тұқымдары мен жемістерді жинап алғаннан кейін шіріп кетпеуі үшін оларды кеуіп құрғап қалғанша кептіреді. Бұл үшін оларды бастырманың астына немесе жақсы желдетілетін бөлмелерде жайманың үстіне немесе сөрелерде 3-4 см (қарағаштар) және 10-15 см (емен жаңғағы, жаңғақтар) қалыңдықта жайып тастайды.

27. Кептіру ұзақтығы ағаш түріне және ауа райы жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында қарағаш тұқымдарын кептіруге 2-3 күн, жаңғақ жемістілері - 3-5 күн, үйеңкілер мен шағандардың қанатты тұқымдары - 5-7 күн, емен жаңғағы үшін - 10 күнге дейін қажет болады.

28. Құрғақ жемістерді кептіру үшін қолда бар бүркептіргіштерді немесе ауылшаруашылық астық кептіргіштерін пайдалануға болады.

29. Кептіріп алған соң құрғақ орман тұқымдарын түрлі бөтен қоспалардан (бұтақтар, жеміс тұғырлары, жапырақтар және тағы басқалар) тазартады, тұқым тазалайтын машиналарда қанатсыздандырып (қарағаштардың, сексеуілдің, шаған мен үйеңкілердің және тағы да басқалардың қанатты тұқымдары), кейіннен желпиді.

30. Бұршақ тұқымды ағаштардың, жұпаргүлдің, теректер мен талдардың жемістерін алдымен жайманың бетіне төгіп көлеңкеде кептіреді, сосын күн астында толық ашылғанша жиі-жиі араластырып, соңынан үгітеді және жеміссеріктері мен басқа да қоспалардан тазартады.

31. Жидектердің шырынды жемістері, жеміс шоғыры, сүйекті шырынды жемістер бұзылып кетпес үшін тұқымын ажыратып алу мақсатында өңдеуге жіберіледі.

32. Аз ғана мөлшерде өңдеу кезінде шырынды жемістерден, оның ішінде жидектерден, жеміс шоғырынан, сүйекті жемістерден, шекілдеуік тұқымды ағаштар жемісінен (алма, алмұрт және басқалары) және сүйекті тұқымды ағаштар жемісінен (сары өрік, қара өрік және басқалары), сондай-ақ қына ағашының, ұшқаттың, шетеннің және итмұрынның жемісінен тұқымды ажырату қолмен кесу, оны езу және кейіннен етін ағын сумен шаю арқылы жүргізіледі.

33. Жеміс етінен ажыратылған және жақсы жуып-шайылған орман тұқымдары құп-құрғақ болғанша кептіріледі.

34. Жемістердің үлкен партиялары жеміс өңдейтін кәсіпорындарда қолданылатын жеміс үгітетін, жеміс сүйегін ажырататын және жуу машиналарында жылу қолданылмай өңделеді.

35. Ормандарды қалпына келтіруге және орман өсіруге арналған дайындалған, сондай-ақ орман иеленуші сатып алған тұқымдарды есепке алу осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізіледі.

36. Жиналған және өңделген орман тұқымдары партияларға бөлінеді, олардың барынша ауыр массасы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

37. Жекелеген партияда орман тұқымдарының сапасын бағалау орман тұқымдарының орташа үлгісін талдау негізінде жүзеге асырылады.

38. Үлгілер сұрыптауды және орташа үлгіні құрауды орман иеленушінің (орман пайдаланушының) үлгілер сұрыптау жөніндегі уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

39. Партия біртекті орман тұқымдарынан:

1) түрі немесе түр алуандығы;

2) өсетін орнының жағдайлары;

3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген);

4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты);

5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды);

6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі;

7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану деңгейі бойынша қалыптастырылады.

40. Белгілі бір түр орман тұқымдарының әртүрлі партияларын, оның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды.

41. Қалыптастырылған орман тұқымдарының партиясы осы Ереженің 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша паспортпен және заттаңбамен куәландырылады.

42. Тұқымның орташа үлгісін орман тұқымдарының қалыптастырылған партиясынан үлгілер сұрыптау және бастапқы үлгіні құрау жолымен алады.

43. Үлгі сұрыптау ағаштың түріне және орман тұқымдары партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен жүргізіледі:

1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 см, орташа-үйінді биіктігінің жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек;

2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады;

3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады;

4) шыны шөлмектерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады.

44. Сұрыптап алынған тұқым үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады.

45. Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орташа үлгінің кемінде он мәрте массасы мөлшерінде болуы керек.

46. Бастапқы үлгіден тұқым партиясының сапасын анықтау үшін бір орташа үлгіні бөліп алады.

47. Орташа үлгіні бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ тұқымдар үшін қалыңдығы 3 см дейін және ірі тұқымдар үшін 10 см астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 ұшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан ұшбұрыштан тұқым алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді. Бөлуді 2-қосымшада көрсетілген белгіленген массаның орташа үлгісін алғанға дейін жүргізеді.

48. Сұрыптап алынған орташа үлгіні алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаларға салады, кендір жіппен байлап, тұқым сапасын, оның энтомологиялық зақымдануын және фитопатологиялық залалдануын анықтау үшін паспорттарын, заттаңбаларын және орташа үлгілер сұрыптау актісін қосып, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдарына жөнелтеді.

49. Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды.

Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа орналастырып, оны тұқым әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сүргіш, балауыз немесе парафин құяды. Орташа тұқым үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5 дм3 қапқа салуға болады, қаптың шеттері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді.

50. Қалыптастырылған партиялардан орташа тұқым үлгілерінің сұрыпталу дұрыстығына бақылау жасау мақсатында уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы бақылау үлгілерін сұрыптап алады, оларды талдау нәтижелері бойынша тұқым дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Мемлекеттік бақылау» деген белгісі бар тұқым сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген тұқым сапасы туралы құжаттар мемлекеттік үлгілердің сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады.



 

 

4. Орман тұқымдарын сақтау тәртібі

 

51. Себуге арналған орман тұқымдары арнайы қоймаларда (тұқым қоймаларында), ал олар болмаған кезде - 8-қосымшада көрсетілген жағдайларға сәйкес осыған лайықталған құрғақ үй-жайларда сақталуы қажет.

52. Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталады. Бұл орайда үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспауға тиіс. Үй-жай тұқым сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен: науалармен, дән құйғыштармен, шелектермен және тағы да басқалармен қамтамасыз етіледі.

53. Тұқымды жабық және ашық күйінде сақтайды.



Жабық тәсілмен тұқымды әртүрлі бітеу жабық ыдыстарда (шөлмектерде, канистрлерде, бидондарда, контейнерлерде), ашық тәсілмен (қаптарда, жәшіктерде және үйілген күйінде) сақталады.

54. Тұқым таза, құрғақ, берік және міндетті түрде дезинфекцияланған ыдыста сақталады.

55. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы көп мөлшерде құбылып тұратын жағдайда тұқым бітеу жабық ыдыста сақталады.

56. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы міндетті түрде хлорлы кальций түтікшесі бар тығынмен жабылған және тұқымның ылғалдылығын ауық-ауық қадағалап отыру үшін тікелей шөлмек ішіне кобальт қағазы салынған шыны шөлмектерде сақталады.

57. Орман тұқымдарын цемент, асфальт, тас немесе жер едендерде ашық күйінде сақтауға, сондай-ақ тұқымды қант, тұз және химиялық препараттар салынған ыдыстарда сақтауға болмайды.

58. Қоймаларда тез ылғал тартатын заттарды (тұз, селитра, улы химикаттар және басқалар), тез жанатын сұйық заттарды (бензин, керосин және басқалар), сондай-ақ сапасыз тұқымды, тұқым сақтауға қатысы жоқ мүлікті, материалдарды және құрал-саймандарды сақтауға, қоқыс пен тұқым қалдықтарын қалдыруға болмайды.



 

 

5. Орман тұқымдарын пайдалану тәртібі

 

59. Орман тұқымдары мен көшет материалдарын пайдалану ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (пайдалану шекарасы) реттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестілікте жүзеге асырылады.

60. Орман тұқымдары мен көшет материалын республикадан тысқары жерлерге шығару осы саладағы уәкілетті органның фитосанитариялық және карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.

61. Орман егу және көшет материалын өсіру кезінде тек тексерілген және кондициялы орман тұқымдары ғана пайдаланылады.

62. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдары олардың жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және топырақтағы өсімталдығын арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.

63. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: тұқымды стратификациялау (тұқымның өніп шығуын жеңілдету) (тұқымды тоңазыту), тұқымның сыртқы қабаттарына механикалық, жылумен және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен әсер ету, тұқымдарды дәрілеу және улау.

Орман тұқымдарын тегіне байланысты себу алдында әзірлеу тәсілдерінің ерекшеліктері осы Ереженің 8-қосымшасында келтірілген.

64. Тұқымдарды себуге стратификациялау арнайы үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымның түріне байланысты +10-нан + 35оС-қа дейін, салқын стратификация 0-ден +7оС-қа (+10оС сирек) дейін температурада жүргізіледі).

65. Стратификацияның ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының сипатына, тұқымның өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың орын алуына байланысты.

66. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.

67. Орман тұқымдарын тасымалдау (тасу) кезінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін орман тұқымдарын белгілі бір ылғалдылыққа дейін жеткізіп, кептіреді де, 5-6 қабат қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдысқа тығыздамай салады. Ыдысқа салынған орман тұқымдарының бір орнының массасы 50 килограмнан аспайды.

68. Қап-жәшіктің әрбір орыны орман тұқымдарының түр атауы, массасы, паспортының нөмірлері мен күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдардың атаулары мен мекен-жайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.

69. Орман тұқымдары орман тұқымбақтарында себу кезінде, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін пайдаланады.

 

 

6. Орман тұқымдарының сапасына бақылау жасау
70. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдарының себу сапасын анықтауды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады

71. Орман тұқымдарының себу сапасын анықтау үшін орман иеленушілер (орман пайдаланушылар) уәкілетті органның мамандандырылған ұйымына партиялар қалыптасқаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде осы Ережеге 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес паспорттарымен, заттаңбаларымен және орта үлгілерді іріктеу актілерімен орман тұқымдарының орташа үлгілерін жібереді.

72. Уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы орман тұқымдарының орташа үлгілерінің ұсынылған құжаттамаға сәйкестігін тексереді. Осы Ереже талаптарының бұзылуы анықталған кезде орташа үлгілері орман иеленушілерге (орман пайдаланушыларға) пысықтауға қайтарылады.

73. Орман тұқымдарының сапасын анықтау тегіне байланысты өсіру, тілу және бояу әдісімен күнтізбелік бір күннен 20 күнге дейін жүргізіледі.

74. Себу сапасы нормаланған стандарттарға (МемСТ 13056.10 - 68) немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін орман тұқымдарына уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман тұқымдарының сапалылығы туралы куәлік береді.

75. Себу сапасы тиісті стандарттың (МемСТ 13056.10 - 68) талаптарына немесе техникалық шарттарға сай келмейтін орман тұқымдарына осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман тұқымдарын талдау нәтижелері туралы қорытынды беріледі.

76. Себу сапасының нормалары әлі анықталмаған орман тұқымдарына осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман тұқымдарын талдау нәтижелері туралы анықтама беріледі.

77. Орман тұқымдарын дайындауға, олардың шығу тегін есепке алуға, өндеуге, сақтауға және себуге бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.



78. Орман тұқымдарын себу үшін өткізуге және пайдалануға жататын техникалық шарттарды және орман тұқымы ісі бойынша басқа да нормативтік құжаттарды бақылауды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы жүзеге асырады.
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,

сақтауды, пайдалануды және олардың

сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне

1-қосымша

 

 

Орман тұқымдарының күтілетін өнімін көз мөлшерімен бағалау шәкілі

 

(В.Г.Каппер бойынша)

 

Гүлдену және жеміс беру баллы

Баллдың сипаттамасы

1

2

Екпелер үшін

0

Гүлденбейді және тұқым бермейді

1

Гүлденуі немесе өнім беруі өте нашар (гүлі, бүршігі немесе жемісі орман шетіндегі ағаштар мен жекелеген ағаштарда болымсыз мөлшерде және екпелерде өте аз)

2

Гүлденуі және өнімі нашар (еркін тұрған ағаштар мен орман шетіндегі ағаштарда - қанағаттанарлық, ал екпелерде өте нашар)

3

Гүлденуі, өнімі (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - тәуір, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда қанағаттанарлық)

4

Гүлденуі немесе өнімі жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - өте жақсы, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда - жақсы)

5

Гүлденуі, өнімі өте жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда, орта жастағы) және піскен алқаағаштарда - өте жақсы

Бұталар үшін

1

Гүлденуі, жеміс беруі нашар (гүлдері немесе жемістері бірен-саран кездеседі)

2

Гүлденуі, жеміс беруі - орташа (гүлімен жемісі жартысында жеткілікті)

3

Гүлденуі мен жеміс беруі жақсы (бұталардың басым көпшілігі немесе бәрі жақсы гүлденіп, жеміс береді).

 

Ескерту: Жаппай тұқым дайындау үшін пайдаланылатын селекциялық санаты әртүрлі барлық жеміс беретін екпелерде алдын ала тексеру бірыңғай шәкіл бойынша жүргізіледі.

 

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,

сақтауды, пайдалануды және олардың

сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне

2-қосымша

 

 



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет