Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы



жүктеу 259.99 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі259.99 Kb.
: npakz -> postanov -> doc
doc -> Кәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
doc -> Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасын бекiту
doc -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң
doc -> Казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындары курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды бекiту туралы
Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 63-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1726 қаулысымен   
бекiтiлген     

Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң (бұдан әрi – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрленген және орман өрттерiнiң алдын алу, оларды уақтылы анықтау және жою, орман қорының аумағында жұмыс iстейтiн және жүрген барлық адамдардың осы Қағидалардың талаптарын орындауын қамтамасыз етуi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) орман қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi;
      3) орман пайдаланушы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      4) мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар;
      5) өрт сөндiру химиялық станциялары – мемлекеттiк орман қорының бекiтiлген алқаптардағы орман өрттерiн жоюды қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын өрт сөндiру техникасымен, жабдықтарымен, өрт сөндiру және байланыс құралдарымен жарақтандырылатын мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерi;
      6) өрт сөндiру пункттерi – орман пайдаланушылар мен жеке орман иеленушiлер құратын, орман өртiн сөндiруге арналған өрт сөндiру жабдықтары мен мүкәммалын жинақтау пункттерi;
      7) минералдандырылған жолақ – бұл топырақтың минералды қабаттарына дейiн топырақ өңдейтiн құрал-саймандармен өңделген және орман өртiнiң таралуын болдырмауға арналған жолақ.

2. Ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру

      3. Ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдар орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), оның аумақтық органдары, Кодексте айқындалған өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар мен мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылады.


      4. Уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары орман өрттерi шығуының алдын алу және олармен күресу мақсатында:
      1) ормандарды өрттерден күзету мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) өзiнiң функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды өрттерден күзетудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
      5. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып ормандарды өрттен қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      2) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қорының аумағында орманды өрттен күзетудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
      4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникасын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдем көрсетедi;
      6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;
      7) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
      8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, осы Қағидаларды орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
      9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
      10) орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды.
      6. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды уақтылы байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген шығынды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын бақылауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк орман күзетi мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп төндiрген жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды уақтылы анықтау және сөндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
      7. Ормандарда орналасқан елдi мекендердi өрттерден қорғауды қамтамасыз ету үшiн атқарушы органдар мен орман иеленушiлер орман өрттерi кезiнде оттың ғимараттар мен құрылыстарға таралу мүмкiндiгiн болдырмайтын iс-шаралар (енi кемiнде төрт метр болатын минералдандырылған жолақтар тарту, жазғы маусымда құрғақ өсiмдiктерден тазарту) әзiрлейдi және орындайды.
      8. Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өртке қарсы қызметтер құрылып, олардың құрамында өрт сөндiру-химиялық станциялар жасақталады.
      Орман пайдалануға берiлген орман қоры учаскелерiнде, сондай-ақ жекеше ормандар учаскелерiнде өрт сөндiру пункттерi құрылады.
      9. Мемлекеттiк орман мекемелерiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және орман пайдаланушылардың қызметкерлерi (жұмысшылары, қызметшiлерi) орман өрттерiмен күресуге арналған резервтiк күштер болып табылады.
      10. Ормандардың жету қиын және өртке неғұрлым ұрымтал құнды учаскелерiн қарауылдау үшiн, сондай-ақ өрт сөндiру үшiн маманданған кәсiпорындардың немесе ормандарды күзету және орман қорын қорғау жөнiнде авиациялық жұмыстарды орындайтын мекемелердiң күштерi мен құралдары тартылады.
      11. Iрi орман өрттерiн сөндiру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын бекiтiп отыратын iс-шаралар жоспарларына сәйкес өртке қарсы мемлекеттiк қызмет бөлiмшелерi, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың өртке қарсы техникасы, көлiк және басқа құралдары тартылады.
      12. Орман қорын өрттерден қорғауға, олардың алдын алуға және сөндiруге қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерi қатысады.
      13. Жыл сайын мемлекеттiк орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өртке қарсы iс-шаралар жоспарының талаптарын есепке ала отырып әзiрленген өртке қарсы iс-шаралар жоспарын iске асырады.

3. Мемлекеттiк орман иеленушiлерiне орман қорын өрттерден қорғау жөнiнде және орман пайдалануды жүзеге асыруы кезiнде қойылатын талаптар

      14. Мемлекеттiк орман иеленушiлер ормандардағы өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындайды және орман өрттерiнiң алдын алу (профилактикасы) жөнiнде мына iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi:


      1) орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етедi, осы Қағидалардың бұзылуының алдын алады, оны уақтылы табады және жолын кеседi, ормандағы өрттердi сөндiру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды;
      2) орман пайдаланушылар өртке қарсы iс-шаралардың жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетедi;
      3) ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзедi.
      15. Өрт қаупi бар маусымда орман қоры аумағында:
      1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескi өртеңдерде, бүлiнген орман учаскелерiнде (жел, дауыл құлатқан), кесiлген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбi қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбiнде от жағуға жол берiлмейдi. Қалған жерлерде от жағуға енi кемiнде төрт метр минералды жолақтармен белгiленген алаңдарда рұқсат етiледi. От топырақпен мұқият көмiледi немесе оған бықсып жануын толық тоқтатқанша су құйылады;
      2) жанып тұрған шырпыны, темекi күлiн тастауға және темекi тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсiруге;
      3) аң аулау кезiнде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;
      4) жанар-жағармай заттары сiңген сүрту материалын осы үшiн арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;
      5) iштен жанатын қозғағыш жұмыс iстеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесi бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.
      16. Өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелерi өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi өртеуге жол берiлмейдi.
      17. Ағаш дайындаушылар, жеке және заңды тұлғалар:
      1) ағаш кесу кезiнде, ағаш кесудiң тәсiлi мен уақытына қарамастан, орманда жолдар, газ-мұнай құбырларын, электр, байланыс, радио желiлерiн және басқа да коммуникациялар салу кезiнде орман қоры учаскелерiнiң иелерi орман пайдалануға берiлген рұқсат құжаттарында белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде ағаш кесу орындарындағы ағаш қалдықтарын тазалауды, қалып қалған сүректi және тез жанатын өзге де материалдарды жинап алуды жүргiзуге;
      2) орманда жұмыс iстеу кезiнде жанар-жағармай материалдарын стандартты жабық ыдыстарда сақтауға, олар сақталатын орынды радиусы
бес метр аралықта өсiп тұрған өсiмдiктерден, сүрек және тез жанатын басқа да қалдықтардан тазартуға, енi кемiнде төрт метр минералды жолақтармен қоршауға;
      3) жұмыс кезiнде жарылғыш заттарды пайдаланған жағдайда жару жұмыстарын жүргiзу орны мен уақыты туралы орман қоры учаскелерiнiң иелерiн алдын ала хабардар етуi, ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауiптiлiгiнiң IV – V сыныптары кезiнде жару жұмыстарын тоқтатуға;
      4) жұмыс орындарында және объектiлер орналасқан жерлерде осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес орман өрттерiн сөндiруге арналған құралдары болуы, аталған құралдарды өрт шыға қалған жағдайда дереу пайдалануға толық дайындық күйiнде ұстауы;
      5) орманда жұмыс iстейтiн бөлiмшелерде, сондай-ақ орманда орналасқан кенттерде өрт қаупi бар маусымда шыққан өрттердi сөндiру кезiнде пайдалану үшiн жұмысшылардан, қызметшiлерден және басқа да азаматтардан дайындықтан өткен қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiн құруы қажет.
      18. Орманды тұрмыстық қалдықтармен және тастандылармен ластауға, орманға қоқыс пен құрылыс қалдықтарын төгуге жол берiлмейдi.
      19. Орманға жақын жерлерде қоқысты жағу арнайы бөлiнген учаскелерде ғана мына шарттарды сақтаған жағдайда жүргiзiледi:
      1) жағатын орындар (шұңқырлар немесе алаңдар) қылқан жапырақты орман шетiнен немесе жеке өсiп тұрған қылқан жапырақты ағаштар мен талдардан кемiнде елу метр, жапырақты орман шетiнен және жеке өсiп тұрған жапырақты ағаштардан кемiнде жиырма бес метр қашықтықта бөлiнедi;
      2) қоқыс жағатын орынның айналасы жиырма метр радиуста қурап қалған ағаштардан, шөпшектерден, кесiлген ағаш қалдықтарынан, тез тұтанатын басқа да материалдардан тазартылуға және енi кемiнде төрт метр, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты орманға жақын маңдағы учаскелерде – кемiнде бес метр минералдандырылған жолақпен белгiленедi;
      3) өрт қаупi бар маусымда қоқыс жағу ормандағы өрт қауiптiлiгiнiң I – II сыныптары жағдайында ормандарда желсiз тынық немесе жауын-шашынды ауа райында арнайы бөлiнген адамдардың қадағалауымен жүргiзiледi. Қуаңшылық кезеңдерде қоқыс жағуға жол берiлмейдi.
      20. Орман қоры аумағында жұмыс жүргiзетiн немесе объектiлерi бар жеке тұлғалар, ұйымдардың басшылары өрт қаупi бар маусым басталар алдында, ал мәдени-бұқаралық және басқа да шаралардың өткiзiлуiне жауапты тұлғалар – дем алушылар орманға келер немесе кетер алдында осы Қағидаларды сақтау, орман өрттерiнiң шығуын ескерту туралы, сондай-ақ оларды сөндiру тәсiлдерi туралы жұмысшылармен, қызметшiлермен немесе мәдени-бұқаралық және басқа да шаралардың қатысушыларымен нұсқаулар берудi жүргiзедi.
      21. Ағаш кесiлген жерлердi тазарту кезiнде ағаш дайындаушылар мынадай iс-шараларды орындайды:
      1) қыс кезiнде сүрек дайындалған және кеспеағаш тазартылған жағдайда кеспеағашты көктемде тазарту жұмыстарын толық аяқтайды;
      2) кесiлген ағаш қалдықтарын оның шiрiп кетуi немесе жағу үшiн үйiп немесе жал сияқты қалап қояды, немесе оларды ұнтақталған күйiнде орман шетiнен кемiнде он метр қашықтықта кеспеағаш iшiне шашып тастайды;
      3) қыста дайындаудан қалған кесiлген ағаш қалдықтарын өрт қауiпi бар маусым басталғанға дейiн жағып жiбередi. Жазда ағаш дайындаудан қалған және ағаш кесiлген жерлердi тазартуды көктемде толық аяқтау кезiнде жиналып қалған кесiлген ағаш қалдықтары өрт қауiпi бар кезең аяқталғаннан кейiн күзде жағылады.
      Кесiлген ағаш қалдықтарын жағу кезiнде кеспеағаштағы тұқымдықтардың, өскiндердiң және кесiлмеген басқа да ағаштардың сақталуы, сондай-ақ кесiлген ағаш қалдықтарының толық жанып кетуi қамтамасыз етiледi.
      Кеспеағаштағы кесiлген ағаш қалдықтарын тұтас күйiнде жағып жiберуге жол берiлмейдi.
      Ағаштарды ұшарбастарымен бiрге сүйретiп тасу кезiнде кесiлген ағаш қалдықтарын жоғарғы қоймаларда (тиеу бекеттерiнде) жағу ағаш дайындаудың бүкiл кезеңi iшiнде жүргiзiледi.
      22. Кесiлген ағаштар өрт қаупi бар маусымға кеспеағашта қалдырылатын жағдайда олар бұтақтарынан тазартылып, жерге нығыздап жинап қойылады.
      Өрт қаупi бар маусымға кеспеағашта қалдырылатын дайындалған ағаш өнiмi қатар-қатар немесе текшеленiп жиналып, енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерiлген.
      23. Өрт қаупi бар маусымға қалдырылған дайындалған сүрегi, сондай-ақ шiру үшiн қалдырылған кесiлген ағаш қалдықтары бар құрғақ топырақты жазық жерлердегi қылқан жапырақты ормандардағы кеспеағаштар енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерiледi. Көлемi жиырма бес гектардан асатын кеспеағаштар сонымен бiрге енi көрсетiлген мөлшердегi минералдандырылған жолақтармен учаскелерге бөлiнедi.
      24. Дайындалған сүректi қоймаға жинау 2004 жылғы 20 қыркүйектегi Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған «Ағаш материалдарының қоймалары. Өртке қарсы нормалары» 2.02-02-2004 ХҚН талаптарына сай жүргiзiледi.
      Жинау орындары және олардың айналасындағы көрсетiлген өртке қарсы жыралар тез жанатын заттардан тазартылып, енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақпен, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде – бiр бiрiнен он метр қашықтықтағы осындай екi жолақпен көмкерiледi.
      25. Жанама орман пайдалануды, ағаш сөлдерiн және екiншi дәрежелi орман ресурстарын дайындауды жүзеге асыратын орман пайдаланушылар:
      1) өндiрiстiк объектiлердi мемлекеттiк орман иеленушiмен келiсiлген жерлерде орман шетiнен кемiнде елу метр қашықтықта орналастыруды;
      2) өрт қаупi бар маусымда жұмыс уақытынан тыс мезгiлде өндiрiстiк объектiлер шоғырланған жерлерде оларды күзетудi;
      3) аумақты өндiрiстiк объектiлерден елу метр радиуста тез жанатын материалдардан тазартылған күйiнде ұстауды;
      4) осы аумақтар шекарасы бойымен енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақ, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде – бiрi бiрiнен он метр қашықтықтағы енi осындай екi минералдандырылған жолақ тартуды жүзеге асырады.
      26. Жеке тұлғалар белгiленген нормалар шегiнде жанама орман өнiмдерiн (саңырауқұлақтар, жидектер, дәрi-дәрмектiк өсiмдiктер) ақысыз негiзде (орман билетiн жазбай) дәстүрлi жинауды жүзеге асырған кезде олар осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген жалпы талаптарды басшылыққа алады.
      27. Шайыр дайындауды жүргiзетiн орман пайдаланушылар:
      1) шайыр сақталатын аралық қоймаларды тез жанатын материалдардан тазартылған алаңдарда;
      2) мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсiм бойынша шайыр сақталатын негiзгi қоймаларды тез жанатын материалдардан тазартылған орман шетiнен кемiнде елу метр қашықтықтағы алаңдарда орналастырады;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген шекара бойымен енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қаупi бар маусым iшiнде тазартылған күйiнде ұстайды;
      4) шайыр жинау үшiн әзiрленген учаскелерде шылым шегуге арналған жабдықталған орындар орналастырады.
      28. Iздестiру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа да экспедициялар, партиялар және жасақтар жұмыстар басталғанға дейiн жұмыстар жүргiзу, негiзгi базалардың орналасу орындарын, орманда жүру маршруттарын және өрттердiң алдын алу және сөндiру жөнiндегi iс-шаралар тiзбесiн орман қоры учаскелерiнiң иелерiмен келiсiп алады. Бұл ретте жұмыстардың барлық қатысушылары осы Қағидалармен танысады.
      29. Өрт қаупi бар кезеңде орман аймағында iздестiру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа да экспедициялардың, партиялардың және жасақтардың базалары орналасқан жерлердiң шекарасы бойымен енi кемiнде төрт метр минералды жолақ тартылады, оны әртүрлi жанғыш қалдықтардан үнемi тазартып отырады.
      30. Туристiк базалар, сауықтыру лагерьлер, демалыс үйлерi және басқа да туризм мен демалыс объектiлерi бар немесе орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, туристiк және спорттық шаралар өткiзiп тұратын жеке және заңды тұлғаларға орман иеленушiлермен келiсiм бойынша туристiк тұрақтар жасау және басқа да бұқаралық iс-шаралар жүргiзу үшiн тұрақты демалыс орындары ретiнде орман учаскелерiн өрт қаупi бар маусымда пайдалануға осы учаскелерде от жағатын және қоқыс жинайтын орындар жабдықталған, сондай-ақ енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақтар тартылған және учаскелер жанатын қоқыстан тазартылған күйiнде күтiп ұсталған жағдайда пайдалануға рұқсат етiледi. Бұл ретте осы шараларға қатысушылар осы Қағидалардың талаптарымен таныстырылады.
      31. Орман қоры учаскелерi орман пайдалануға берiлген орман пайдаланушылар осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарды орындаумен қатар мынадай өртке қарсы iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi:
      1) орманда өртке қарсы жыралар мен жолдар, өртке қарсы қорғаныштық минералдандырылған жолақтар, арықтар, суаттар жасайды, орманды тез жанатын материалдардан тазартады және ормандардың өрт қауiпсiздiгiн арттыруға бағытталған басқа орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзедi;
      2) осы учаскелер арқылы өтетiн кезеңiнен пайдаланылатын орман жолдарының бойында дем алу және темекi шегу орындарын жабдықтайды;
      3) осы Қағидалардың бұзылуын болдырмауға шаралар қабылдайды, өрт қауiпi бар маусымда тұрақты түрде қадағалау мен жерден қарауылдау арқылы орман өрттерiн дер кезiнде байқауды қамтамасыз етедi;
      4) орман өрттерiн және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзедi, өртеңдер алқаптарының дәл есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi, орман қорына өрттер келтiрген шығынды анықтайды және бұл туралы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк орман иеленушiге бередi;
      5) материалдық-техникалық базаны, өрт сөндiру күштерi мен құралдарын тұрақты дайындық жағдайында ұстайды;
      6) орман өрттерi шыға қалған жағдайда өрт туралы орман иеленушiге дереу хабарлап, оларды өз күшiмен сөндiредi.
      32. Аумағы арқылы темiр және автомобиль жолдары (оның iшiнде ағаш таситын жолдар) өтетiн орман қоры жерлерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мынадай талаптарды орындауы:
      1) темiр және автомобиль жолдары өтетiн белдеу бойының жиектерiн ағаш қалдықтарынан, тез жанатын материалдардан тазартылған күйiнде ұстауы керек. Ағаш таситын жолдардың бойында тазартылған жиектердiң енi жолдың екi жақ қапталында кемiнде он метрдi құрайды;
      2) қылқан жапырақты екпелерде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген жол жиектерiнiң шекарасы бойымен бiр бiрiнен бес метр қашықтықта әрқайсысының енi төрт метр екi минералды жолақ, ал ағаш таситын және басқа да орман жолдарының бойында – жолдың әр қапталында енi төрт метр бiр жолақ жасап, оларды өрт қауiпi бар маусым бойына тазартылған күйiнде күтiп ұстауы;
      3) құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде жақын маңайдан өтетiн жолдардың айналасына, сондай-ақ ағаш көпiрлер, тұрақты платформалар, тұрғын үйлер, жол аралаушылардың үйшiктерi айналасына шпалдарды текшелеп жинап қоюға және қардан қорғайтын қалқандар орнатуға және енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақты өрт қаупi бар маусым бойына тазартылған күйiнде күтiп ұстауы;
      4) ықтимал өрттердi дер кезiнде байқау және сөндiру мақсатында орман алқаптары арқылы өтетiн тепловоздар жүретiн темiр жол учаскелерiнде өрт қауiпi бар кезеңде қарауылдау ұйымдастыруы;
      5) орманның өрт қаупi бар учаскелерiнде түтiн шығаратын құбырларының ұшқын сөндiргiштерiнiң ақауы бар тепловоздар мен автомобиль көлiгiн пайдалануға жол бермеуi;
      6) бөлiнген жол жиектерiнде немесе оған жақын жерлерде өрт шыға қалған жағдайда оны сөндiрудi дереу ұйымдастыруы, бұл туралы мемлекеттiк орман иеленушiге не орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органына және мемлекеттiк өртке қарсы қызметiне хабарлауы керек.
      33. Мұнай-газ барлау және мұнай-газ өндiру кәсiпорындары мен ұйымдары орман қоры аумағында жұмыс жүргiзген кезде мынадай iс-шараларды орындауы:
      1) өрт қаупi бар маусым бойына бұрғылау ұңғылары мен басқа да қондырғылар үшiн бөлiнген аумақтарды тез жанатын материалдардан тазартылған күйiнде ұстауы, осы аумақтардың шекарасы бойымен енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қаупi маусым iшiнде тазартылған күйiнде күтiп ұстауы;
      2) бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғылардан елу метр радиустағы алаңды сүрекдiң мен бұталардан толық тазартуы (мұнай және газ ұңғымаларын жабық жүйе бойынша жиырма бес метр радиуста пайдаланғанда);
      3) мұнайдың ашық ыдыстар мен шұңқыр ұраларда сақталуына, сондай-ақ аумақтың жанармай заттарымен (мұнаймен, мазутпен) ластануына жол бермеуi;
      4) егер мұнай қалдықтарын жағып жою өндiрiс технологиясында көзделген болса, оларды жағу тәртiбi мен уақытын орман қоры учаскелерiнiң иелерiмен келiсiп алуы керек.
      34. Орман қоры аумағында орналасқан электр желiлерi бар жеке және заңды тұлғалар осы желiлер өтетiн орман жолдарын өрт қаупi бар маусым бойына өрт шығу тұрғысынан алғанда қауiпсiз жағдайда күтiп ұстайды және осындай желiлердiң ағаш мұнаралары мен бағаналарын екi метр радиустағы құрғақ жерлерге көмедi.
      35. Құбыр жолдары бар заңды тұлғалар орман алқаптары арқылы өтетiн құбыржолдардың бойындағы бөлiнген жер жолақтары және күзет аймақтарын өрт шығу тұрғысынан алғанда қауiпсiз жағдайда күтiп ұстайды және желiнi аралаушылар үйлерiнiң айналасына, сондай-ақ құбыржолдардағы құдықтардың айналасына енi бес метр минералдандырылған жолақтар тартады.
      36. Жер алқаптары орман қоры жерлерiмен жапсарлас немесе оларға тiкелей жақын орналасқан және (немесе) ормандардың күзет аймағында орналасқан жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы егiстiктерiнде, жайылымдар мен шабындықтарда аңызды, шөп-шаламды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын бақылаусыз жағу салдарынан ормандардың және басқа да орманды жерлердiң бүлiнуiне жол бермейдi.

4. Орман өртiн сөндiру жөнiндегi iс-шаралар

      37. Орман пайдаланушылар мен ормандарда жұмыс жүргiзетiн немесе осындай жолдары, қоймалары, құрылыстары және басқа да объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындарында, жолдарда, қоймаларда және басқа да объектiлерде орман өрттерi шыға қалған жағдайда осы өрттердi өз күштерiмен және құралдарымен жоюға шаралар қабылдайды және өрт туралы орман қоры учаскелерiнiң иесiне, жергiлiктi атқарушы органдарға және өртке қарсы мемлекеттiк қызмет орнына хабарлайды.


      38. Азаматтар орман өртiн байқап қалған жағдайда бұл туралы мемлекеттiк орман иеленушiнiң орман шаруашылығы қызметкерлерiне, өртке қарсы мемлекеттiк қызмет орнына, жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлайды және оны сөндiруге шаралар қабылдайды.
      39. Жергiлiктi атқарушы орган бекiткен жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техниканы, орман өрттерiн сөндiру жөнiндегi көлiк және басқа құралдарды тарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк орман иеленушiнiң талап етуi бойынша жұмысшылар мен техникалық құралдарды орман өрттерiн сөндiруге жiбередi.
      40. Орман мекемесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабар алған соң оны сөндiру үшiн шаралар, соның iшiнде өрт шыққан аумақ бекiтiп берiлген өрт сөндiру-химиялық станцияның күшiмен шаралар қабылдайды.
      41. Өрт туралы хабар түскен жағдайда орман күзетi мекемесi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметiнiң басшысы:
      1) команданы өртке дереу аттанып кетуге әзiрлеу жөнiнде шаралар қабылдайды;
      2) орман мекемесiнiң басшысының немесе орманшының (бағыныстылығына қарай) нұсқауларын орындайды;
      3) команданың немесе жеке бригаданың өртке аттанып кетуi туралы шешiм қабылдайды.
      42. Орманшылық аумағында бiр мезгiлде бiрнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өрттi тез сөндiру үшiн бiр өрт сөндiру-химиялық станцияның күшi жетiспеген жағдайда орманшы көршi орманшылықтардың 2 типтi өрт сөндiру-химиялық станциясының немесе 1 типтi станцияның күштерi мен құралдарын өрт сөндiруге жiберу үшiн бұл жайында орман мекемесiнiң басшысына хабарлайды.
      43. Орман мекемесiнде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта пайда болған өрттердi тез сөндiруге күштер мен құралдар жетiспеген жағдайда және өрттердiң кең алқаптарға таралып кету қатерi төнгенде орман мекемесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергiлiктi атқарушы органдарға, өртке қарсы мемлекеттiк қызмет орнына хабарлайды және бекiтiлген Орман өрттерiн сөндiру жөнiндегi жоспарға сәйкес жергiлiктi ұйымдардың күштерi мен техникалық құралдарын, халықты өрт сөндiруге тарту жөнiнде шаралар қабылдайды. Егер өрттер дүлей күш апаты сипатына ие болса, орман мекемесiнiң басшысы авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын өрт сөндiруге тарту жөнiнде шаралар қолданады.
      44. Орман мекемесi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiндегi орман өрттерiн сөндiруге жалпы басшылық орман мекемесi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледi.
      45. Жердегi күзет аудандарындағы әрбiр орман өртiн сөндiру жөнiндегi жұмыстарға тiкелей басшылық жасауды орманшылық аумағында орманшы немесе орман күзетi мекемесi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметiнiң басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндiру бекетiнiң бастығы (орман қорының тиiстi учаскелерi орман пайдалануға берiлген орман пайдаланушыда ол болған жағдайда) жүзеге асырады.
      Орманшы және орман күзетi мекемесi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметiнiң күштерi келiп жеткенге дейiн орман өртiн сөндiруге басшылықты тиiстi аумаққа бекiтiлген мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерi, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор (орманшы көмекшiсi, орман шеберi не инспектор, орман күтушi) жүзеге асырады.
      Ахуал ушығып кеткен жағдайда орман өртiн сөндiруге басшылықты орман мекемесiнiң басшысы немесе оның тапсыруы бойынша осы мекеме басшысының орынбасары немесе осыған уәкiлеттi өзге адам жүзеге асырады.
      46. Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерiн сөндiруге басшылықты өрт сөндiруге келген өрт сөндiрушi-парашютшiлер немесе өрт сөндiрушi-десанттар командаларының iшiнен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады.
      47. Орман өртiн сөндiру жөнiндегi басшы:
      1) өрттi құрықтау iс-шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатуы;
      2) өрттi сөндiруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйiп қалудан қорғауды қамтамасыз етуi;
      3) адамдардың өмiрiне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегiс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастыруы;
      4) өрт сөндiруде жұмыс iстеп жатқан барлық адамдардың жұмыстардың қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi ережелердiң бұлжытпай орындауын қамтамасыз етуi;
      5) өрт болып жатқан жердi тастап кетпеуi және өрт сөндiрiлiп немесе сенiмдi түрде құрықталып болғанша жұмысшыларды босатпауы;
      6) орман өртi шыққан аумақта жұмыс iстейтiн ұйым объектiсiнiң басшысын немесе басқа лауазымды тұлғасын өрт орнына шақыру жөнiнде шаралар қабылдауы қажет.
      48. Орман өртiн сөндiру басшысы өрт сөндiрудiң тиiмдi ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшiн өртке алдын ала жасалған барлау деректерiнiң негiзiнде орман өртiн сөндiрудiң тактикалық жоспарын жасайды. Барлау арқылы өрттiң түрi мен күшi, орманның неғұрлым өрт қауiпi бар және бағалы учаскелерi, суаттар, оттың таралуын тоқтата алатын немесе қарсы өрт жiберу үшiн тiрек жолағы бола алатын тосқауылдар, сондай-ақ осындай тосқауылдарды немесе тiрек жолақтарын құру қажет орындар анықталады.
      49. Өрт сөндiру:
      1) өрттi тоқтату – өрт шетiнде оттың лаулап жануын тоқтату;
      2) сөндiру – оның одан әрi таралуы мүмкiндiгiн жою;
      3) толық сөндiру – өрт iшiндегi жану ошақтарын сөндiру;
      4) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттiң қайта өршуi ықтималдығының жоқтығына көз жеткiзуге жеткiлiктi белгiлi бiр уақыт iшiнде өрт сөндiру командалары жұмысшыларының өрт болған алқаптағы кезекшiлiгi;
      5) өрттi жою – өрттiң барлық жану ошақтарын түпкiлiктi түрде сөндiру және өрттiң қайта шығып кету мүмкiндiгiнiң болмау кезеңдерiн қамтиды.
      Өрт сөндiру тактикасын таңдау кезiнде орман өртiн сөндiру басшысы жергiлiктi жердiң ерекшелiктерiн және ауа райы жағдайларын, өрттiң түрiн, өрт сөндiру күштерi мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескередi.
      50. Орман өрттерiн жерден сөндiрудiң мынадай негiзгi тәсiлдерi:
      1) төменгi өрттiң шеттерiн сабалау немесе оған топырақ шашу;
      2) жер өңдейтiн құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегiмен минералдандырылған жолақтар тарту және орлар қазу;
      3) өрттi сумен немесе өрт сөндiргiш химикаттардың ерiтiндiлерiмен сөндiру;
      4) өртеу немесе қарсы от қою пайдаланылады.
      51. Қол жеткiзуi қиын аумақтарда және iрi орман өрттерi шыға қалған жағдайда оларды сөндiру үшiн ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөнiндегi қызмет орындарының өрт сөндiрушi-парашютшiлер немесе өрт сөндiрушi-десанттар командалары тартылады.
      52. Орман өртiн сөндiру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргiзу тәртiбiмен және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi талаптармен таныстырылады.
      53. Орман өртiн тiкелей сөндiруге он сегiз жасқа толмаған адамдар, жүктi және бала емiзетiн әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабiлеттерi нашар адамдар жiберiлмейдi.

Ормандардағы өрт  


қауiпсiздiгi қағидаларына
1-қосымша     

Өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар

      1. Орман иеленушiлер және орман қоры учаскелерi орман пайдалануға берiлген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы iс-шаралардың жылдық жоспарларын (бұдан әрi – Жоспар) әзiрлейдi және оны iске асырады.


      Жоспар мынадай екi бөлiмнен тұрады:
      1) өртке қарсы алдын алу iс-шаралары;
      2) орман өрттерiн сөндiрудi ұйымдастыру.
      2. Жоспардың бiрiншi бөлiмiнде шекарасында орман пайдалануға берiлген орман қоры учаскесi (учаскелерi) орналасқан орман мекемесiнiң орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негiзделген жұмыстардың нақты көлемдерi мен оларды өткiзу орындары көзделедi. Жоспарланатын iс-шаралар iс-әрекеттiң дәйектiлiгiн, бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршiлес учаскелерiнде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстыруды көздейдi.
      Жоспардың бұл бөлiмiнде қайда және қандай мерзiмде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзiмдi орман шетi құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашылығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндiру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тiкұшақ келiп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желiлерi салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетiледi.
      Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтiм жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшiлерiн жалдау жөнiндегi жұмыстар енгiзiледi.
      Барлық жұмыстар үшiн күнтiзбелiк орындалу мерзiмдерi және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемi мен құны белгiленедi.
      3. Жоспардың екiншi бөлiмiнде өрттердi өз күштерiмен де, бұл өрттердi қандай да бiр себептермен орман пайдаланушының күштерiмен және құралдарымен құрықтау мүмкiн емес жағдайлар да сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар көзделедi. Соңғы жағдайда мемлекеттiк орман иеленушiмен келiсе отырып орман өртiн сөндiруге жiберiлетiн аталған орман мекемесiнiң күштерi мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиiстi учаскесiнде орналасқан аудандағы елдi мекендерде орналасқан өзге де ұйымдардың күштерi мен техникалық құралдары айқындалады. Жоспарда орман өрттерiн сөндiру, орман өрттерiн сөндiрумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмектi, байланысты ұйымдастыру үшiн ерiктi қоғамдық құрамалар (командалар) құру, сондай ақ өрт қауiпi бар маусымға жанар-жағар май материалдарының қорын жасау орман пайдаланушының есебiнен қарастырылады.
      4. Орман қоры учаскелерi орман пайдалануға берiлген орман пайдаланушылардың өртке қарсы iс-шаралардың жоспарлары үстiмiздегi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрiлмей келiсу үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге берiледi. Орман пайдаланушының өртке қарсы iс-шараларының жоспары мемлекеттiк орман иеленушiмен келiсiп алынады және оны орман пайдаланушының өзi бекiтедi.

Ормандардағы өрт


қауiпсiздiгi қағидаларына
2-қосымша

Орман өртiн сөндiруге арналған құралдар

      1. Ағаш дайындау қызметiн жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың орман өртiн сөндiруге арналған құралдары:


      1) алмалы – салмалы цистерналар, соның iшiнде көлемi 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;
      2) аспалы тiстi дөңгелектi сораптар – 1 дана;
      3) өнiмдiлiгi минутына 600-800 литр, тасымалданатын өрт сөндiру мотопомпалары – 1 дана;
      4) орман соқалары немесе басқа да тракторлы топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;
      5) күрек – 20 дана;
      6) балта – 5 дана;
      7) тырма – 20 дана:
      8) шартылдақ – 20 дана;
      9) бензин арасы – 2 дана;
      10) арқаға iлiп алатын орманда өрт сөндiргiш - бүрiккiштер – 5 дана;
      11) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар – 2 дана;
      12) су iшуге арналған кружка – 10 дана;
      13) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы – 2 дана.
      2. Орман өртiн сөндiру бекеттердегi орман өрттерiн сөндiруге арналған құралдары:
      1) алмалы-салмалы цистерналар, соның iшiнде сыйымдылығы 1500 литр су құюға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;
      2) аспалы тiстi дөңгелектi сораптар – 1 дана;
      3) қысымды өрт сөндiру жеңдерi – 100 қума метр, соның iшiнде: Д 51 миллиметр жеңдердiң 5 жиынтығы;
      4) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 2 дана;
      5) өнiмдiлiгi минутына 600-800 литр, тасымалданатын өрт сөндiру мотопомпалары – 1 дана;
      6) от жағу аппараттары – 4 дана;
      7) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбiк түзгiш - 500 килограмм;
      8) күрек – 50 дана;
      9) балта – 5 дана;
      10) кетпен – 20 дана;
      11) тырма – 20 дана:
      12) шартылдақ – 20 дана;
      13) бензин арасы – 1 дана;
      14) арқаға iлiп алатын орманда өрт сөндiргiш-бүрiккiштер – 5 дана;
      15) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана;
      16) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы – 1 дана;
      17) кезекшi арнайы киiм (етiктер, шалбарлар, кеудеше, қолғаптар), өрт сөндiру командасы тұрақты мүшелерiнiң санына қарай – жиынтық.
      Автомашиналар мен трактор тiркемелерi аспалы сораптар орнату үшiн жабдықталып, өрт қауiпi бар маусымға өрт сөндiру бекеттерiне бекiтiледi. Қалған жабдықтар мен өрт сөндiру құралдары бекетте тұрақты түрде тұрады. Ағаш тасымалдайтын автожолдардың ұзындығы 50 километрден асқан жағдайда (ағаш тасымалданатын қиғаш жолдарды қоса алғанда) алмалы-салмалы цистерналар саны 50 километр жолға бiр цистерна есебiмен көбейтiледi.
      3. Сүрек дайындалатын және жиналатын орындардағы (кеспеағаштар, жоғарғы қоймалар) орман өртiн сөндiруге арналған құралдары:
      1) күрек – 10 дана;
      2) балта – 2 дана;
      3) тырма – 5 дана:
      4) шартылдақ – 10 дана;
      5) бензин арасы – 1 дана;
      6) арқаға iлiп алатын орманда өрт сөндiргiш-бүрiккiштер – 5 дана;
      7) шелектер немесе сыйымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар – 5 дана;
      8) су iшуге арналған кружка – 4 дана.
      4. Орман қоры аумағындағы тас, құм, балшық өндiретiн орындардағы орман өрттерiн сөндiруге арналған құралдары:
      1) күрек – 10 дана;
      2) балта – 2 дана;
      3) кетпен – 2 дана;
      4) шартылдақ - 10 дана;
      5) бензин арасы – 2 дана;
      6) арқаға iлiп алатын орманда өрт сөндiргiш-бүрiккiштер – 5 дана;
      7) ауыз суға арналған сыйымдылығы 12 литр бидондар немесе канистрлар – 5 дана;
      8) су iшуге арналған кружка – 5 дана;
      9) қолғап – 10 жұп;
      10) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы – 1 дана.
      5. Орман қоры аумағында жұмыс iстеп жатқан мұнай мен газ өндiру кәсiпорындардағы орман өрттерiн сөндiруге арналған құралдары:
      1) сыйымдылығы 1500 литр суға арналған алмалы-салмалы цистерналар немесе резеңке ыдыстар – 2 дана (арнайы орман өрттерiн сөндiретiн автоцистерналар болған жағдайда алмалы-салмалы цистерналардың болуы мiндеттi емес);
      2) аспалы тiстi дөңгелектi сораптар – 2 жиынтық
      3) өнiмдiлiгi минутына 600 – 800 литр тасымалданатын өрт сөндiру мотопомпалары – 1 дана;
      4) қысымды өрт сөндiру жеңдерi – 500 қума метр, соның iшiнде: Д 66-77 миллиметр жеңдердiң 20 жиынтығы (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердiң 5 жиынтығы (100 қума метр);
      5) бульдозер – 1 дана;
      6) аса өтiмдi қорапты автомашиналар немесе жол толғанайтын көлiктер (адам тасу үшiн) – 1 дана;
      7) орман соқасы немесе басқа да топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;
      8) от жағу аппараттары – 5 дана;
      9) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбiктүзгiш - 500 килограмм;
      10) күрек – 50 дана;
      11) балта – 10 дана;
      12) кетпен – 20 дана;
      13) тырма – 10 дана:
      14) шартылдақ – 20 дана;
      15) бензин арасы – 5 дана;
      16) арқаға iлiп алатын орманда от сөндiргiш-бүрiккiштер – 10 дана;
      17) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 3 дана;
      18) ауыз суға арналған сыйымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 6 дана;
      19) кезекшi арнайы киiм (етiктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), өрт сөндiру командасы тұрақты мүшелерiнiң санына қарай - жиынтық
      20) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишалары – 2 дана.
      Учаскенiң көлемi 30 мың гектардан асқан жағдайда өрт сөндiру құралдары шоғырланған пунктер саны әрбiр 30 мың гектарға 1 пункт қажет болуы есебiмен анықталады. Алмалы-салмалы цистернаға арналған автомашина аспалы тiстi дөңгелектi сорап орнатуға лайықталады және өрт қауiпi бар маусым бойына бекетте болады.
      6. Орман алқаптары арқылы өтетiн тас жолдары бар ұйымдардағы орман өрттерiн сөндiруге арналған құралдары (орман өртiн сөндiру пунктi):
      1) алмалы-салмалы цистерналар, соның iшiнде көлемi 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;
      2) аспалы тiстi дөңгелектi сораптар – 1 жиынтық
      3) қысымды өрт сөндiру жеңдерi – 300 қума метр, соның iшiнде: Д 66-77 миллиметр жеңдердiң 10 жиынтығы (200 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердiң 5 жиынтығы (100 қума метр);
      4) от жағу аппараттары – 3 дана;
      5) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбiк түзгiш - 500 килограмм;
      6) күрек – 50 дана;
      7) балта – 5 дана;
      8) кетпен – 5 дана;
      9) тырма – 5 дана:
      10) шартылдақ – 10 дана;
      11) бензин арасы – 2 дана;
      12) арқаға iлiп алатын орман өрт сөндiргiш-бүрiккiштерi - 5 дана;
      13) ауыз суға арналған сыйымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана;
      14) түтiнге қарсы респиратор – 10 дана;
      15) қорғаныштық көзiлдiрiк – 10 дана;
      16) қолғаптар – 20 жұп;
      17) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы – 2 дана.
      Орман өртiн сөндiру пунктi тас жолдың әрбiр 100 километрiне ұйымдастырылады. Өрт қауiпi бар маусымда пункт адамдар және аспалы тiстi дөңгелектi сораптар орнатуға лайықталған су құйылған цистерналар тасымалдауға арналған автомашинамен қамтамасыз етiледi.

Ормандардағы өрт


қауiпсiздiгi қағидаларына
3-қосымша

Орман қоры жерлерiнде жұмыс iстейтiн желiлiк объектiлердiң (мұнай-газ құбырлары, электр, байланыс желiлерi және тағы басқалар) және басқа да ұйымдардың (iздестiру партиялары, жасақтары, экспедициялары, пiшен, дәрi-дәрмектiк өсiмдiктер, техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және орманның басқа да азық өнiмдерiн дайындау жөнiндегi, мал жаюмен, ара ұялары мен омарталар орналастырумен айналысатын бригадалар және басқалар) орман өртiн сөндiруге арналған құралдары

Өрт сөндiретiн құралдар

Жұмыс iстейтiндер саны

5

6-10

11-20

21-50

Күрек, дана

2

5

10

20

Балта, дана

2

2

2

2

Кетпен, дана

1

1

2

5

Тырма, дана

-

2

5

10

Шартылдақ, дана

2

4

10

20

Қол ара немесе бензин арасы, дана

1

1

2

5

Арқаға iлiп алатын орманда өрт сөндiргiш-бүрiккiштер, дана

-

2

5

5

Суға құюға арналған сыйымдылығы 12 литрлiк шелектер немесе резеңке ыдыстар

2

5

10

20

Қолғаптар, жұп

5

10

20

40

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы, дана

1

1

2

2

      Көрсетiлген өрт сөндiру құралдары жекелеген жұмысшы топтары орналасқан жерлерде шоғырланады. Желiлер бойын аралап жүрушiлер тұратын жерлерде кестенiң соңғы бағанында көрсетiлген құрамдағы мен мөлшердегi өрт сөндiру құралдары шоғырланады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет