Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт cөндipy кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май



Дата03.05.2016
өлшемі29.28 Kb.
Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт cөндipy кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 шiлдедегi N 801 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 247-құжат

       Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.


       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2002 жылғы 18 шiлдедегi
N 801 қаулысымен    
бекiтiлген        

       Ескерту. Ереженiң тақырыбында және бүкiл мәтiн бойынша "өртке қарсы қызмет" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.



Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға
қатысатын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен
өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында
өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды,
жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ
өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну
ережесi

      1. Ұйымдардың, оның iшiнде филиалдардың, өкiлдiктердiң (бұдан әрi - ұйымдардың) басшылары олардың аумақтарында iрi, күрделi және ұзаққа созылған өрттердi сөндiру, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезiнде өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн өрт сөндiру жедел штабының талабы бойынша: инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтарды; жанар-жағар май материалдарын; тамақ өнiмдерiн; жылытылатын үй-жайларды; ҚТБ-ның телефон байланысын; инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi персоналды ұсынады.


      Жылытылатын үй-жайлар (төмен температура жағдайында)  мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң бос ауысымдағы жеке құрамын жылытуға, құрғақ жауынгерлiк киiмдi ауыстырып киюiне және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қосуға бөлiнедi.
      Ұйымдардың инженерлiк-техникалық қызметкерлерi өрт сөндiру басшысының өрттердi сөндiрудi және авариялық-құтқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдауы үшiн, ал қызмет көрсетушi персонал материалдық құндылықтарды көшiруi үшiн тартылады.
      Ұйымдардың қалалық телефон байланысы жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiн жедел хабардар ету және өзара iс-қимыл жасайтын қызметтермен үздiксiз байланысты ұстап тұру үшiн тегiн пайдаланылады.
      Аумағына өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындау үшiн мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi тартылған ұйымдардың бiрiншi басшылары немесе оларды ауыстыратын тұлғалар күштер мен құралдарды бередi.
      Атқарушы органдар, сондай-ақ ұйымдардың басшылары бекiткен тиiстi қызметтермен өзара iс-қимыл жоспарына және ұйымдардың өрт сөндiру жоспарына сәйкес өрттердi сөндiру әрi авариялық-құтқару жұмыстарын орындау, адамдар мен материалдық құндылықтарды көшiру үшiн инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтар тартылады.
      Оларды жою 3 сағаттан астам уақыт жүзеге асырылатын iрi және күрделi өрттердi сөндiру кезiнде ұйымдардың басшылары өрт бөлiмшелерiнiң жеке құрамын тамақпен және өрт сөндiру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысы үшiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етедi.

      2. Аумағында өрт шыққан ұйымдардың басшылары мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органымен бiрлесiп, 3 күн iшiнде келтiрiлген шығындарды анықтау үшiн өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысқан өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi әрi өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұсынылған күштер мен құралдар, жанар-жағар май материалдары, сондай-ақ тамақ өнiмдерi туралы акт жасайды.


      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30 N 662 қаулысымен .
Каталог: npakz -> postanov -> doc
doc -> Кәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
doc -> Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасын бекiту
doc -> Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы
doc -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет