Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 0.67 Mb.
бет4/8
Дата02.05.2016
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

Орта білім беру ұйымдарында

білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымша



Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі


____________________________________________ бойынша конкурс
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)               



Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

Күні
Басшының қолы __________________________________________________

                          (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

М.О.

Орта білім беру ұйымдарында

білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша



Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма


Осы техникалық тапсырмада _________(орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.

Тамақтандыру _____ (санын көрсету) білім алушыға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома _____ (сомасын көрсету) теңгеге ______ (санын көрсету)білім алушыға ұсынылады.

______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында негізгі мақсаттары мен міндеттері жас ерекшелігі бойынша тағам заттары мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.

Білім алушыларды тамақтандыру ____________(білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана немесе буфет) жүзеге асырылады.

Тағамдар, аспаздық және кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ балаларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын азық-түліктер санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың дұрыстығына, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктерінің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістіктік және қойма бөлмелерінде санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық ережелерді сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

Өнім беруші бракераж журналына жазу арқылы дайындалған тағамдарды тарату алдында күнсайын сынама алу бойынша медицина қызметкерінің жұмысына жағдай жасайды.

Ас әзірлейтін бөліктің қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес сақтау үшін күнсайын сынама алуды жүзеге асырады.

Күнсайын алдағы күнге, көрсетілетін қызмет беруші білім беру ұйымында тамақтандыруға жауапты қызметкермен бірге перспективалы мәзірге сәйкес күнін, жекелеген тамақты қабылдаудың атауын, тамақ және аспаздық бұйымдардың тізбесі, жас ерекшелігіне байланысты дайын тамақ порциясының көлемі туралы мәліметтерді, әр тағам бойынша технологиялық картаның нөмірін көрсете отырып мәзір-тарату парағын әзірлейді және білім беру ұйымының басшысына бекітуге ұсынады.

Көрсетілетін қызмет беруші белгілеген ас әзірлейтін бөліктің қызметкері күнсайын шикі және дайын өнімдерге бракераж жүргізеді, бракеражды мәзірмен және мәзір бойынша өнім жиынтығымен салыстырады.

Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.

_______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына (немесе буфетіне) тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

__________(басшының тегін, атын, әкесінің атын көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______(уақытын және үзілісті көрсету), екінші аусым үшін _______(уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.

Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________(орта білім беру ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің атын көрсету) тамақ өнімдерінің сертификаттарын қоса білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың күнсайынғы мәзірі ____________(мысалы, жеңіл тамақ (салат), ыстық тағам, сусын, жеміс-жидек және кондитерлік бұйымдар) тұрады.

Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортимент тізбесін санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саландағы мемлекеттік органда бекітеді.

Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.

Көрсетілетін қызмет беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.

Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

Ас әзірлейтін бөлікте санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (тамақ өнімдерінің және азық-түлік шикізатының бракераждар, дайын аспаздық өнімдердің журналдарын, денсаулық журналын, тағамдарды витаминдеуді жүргізу, температура режимін, тоңазытқыш жабдықтарын есепке алу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, втеринариялық-санитарлық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету).

Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.

Өнім беруші бар технологиялық жабдықтардың және өндірістік құрал-жабдықтардың жөнділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікте тамақ өнімдерін жеткізуді ұйымдастырады.

Күні

Білім беру ұйымы басшысының қолы ______________________________



(Т.А.Ә, лауазымын көрсету)
М.О.



1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет