Орта және жалпы білім беретін мекемелер үшін интранет жүйесін қҰру н. С. Дуйсебаева



Дата17.04.2016
өлшемі59.54 Kb.
ӘОЖ 004:378

ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКЕМЕЛЕР ҮШІН ИНТРАНЕТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ


Н.С. Дуйсебаева


Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы
Ғылыми жетекші – С.З. Сапақова
XXI ғасырдың басы Ресейде ғылыми-педагогикалық қоғамның және ақпараттандыру негізінде Ресейдің білім сапасын көтеруге білім жүйесін басқару органдарының негізгі мүддесі болып атап өтілді. Жалпы білім беруді ақпараттандыру концепциясында «...Қоғамның даму тенденциялары ақпараттық технологиялар негізінде білім жүйесін басымды дамыту мәселелерінде және елде біртұтас білімді ақпараттық ортада құруда тез шешім қабылдауды талап етеді. Ақпараттандыру білім мазмұнының, әдістерінің және ұйымдастыру формаларының маңызды өзгерісін болжайды » деп атап өтілді.

Ақпараттандыру барысында заманауи білім беру мазмұны, оқу үрдісін құрайтын дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологиялардың қатынасы, оқушылардың, мұғалімдердің және білім ортасының жаңа қарым-қатынасының мәселелері шешілуі қажет. Жалпы орта мектептерде ақпараттық технологиялардың дәстүрлі үш аспектісі қарастырылады:

1.     Ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен информатика пәндерінің шеңберінде компьютерлік технологияларды үйрену;

2.     Компьютерді оқу құралы ретінде қолдану;

3.     Компьютерді басқаруды тиімділеу құралы ретінде пайдалану [1].

Қазақстан бойынша статистикалық мәліметтер табылмады, сондықтан Ресей бойынша қарастырсақ: Ресейде Интранет порталдарымен жұмыс істеу 2000 жылы 123%-ға (1999 жылмен салыстырғанда) көтерілді. Алайда, бүгінгі таңда Республикамыздың көпшілік білім ордалары ең басты назарды жаңа инновациялық технологияларды қолдануға бөліп отыр.

Жалпы және орта білім беретін мекемелердің бүкіл оқу үрдісін автоматтандыру үшін Интранет жүйесін құру уақыт қажеттілігі болып табылады.

Интранетті құрудың негізгі мақсаттары:


  • мектептiң электронды құжат айналымын құру;

  • өнiмсiз шығындарды қысқарту;

  • анықтама мәлiметтерi және нормативтiк құжаттаманы сақтаудың бiртұтас деректер қорларын жасау;

  • әртүрлi құжаттарды жариялау және операцияларды құру бойынша максималды бейiмдеу мен стандарттау;

  • электрондық пошта жүйесiнiң құралдары және ұжымдық жұмыс арқылы желi қолданушыларының жұмысын үйлестiру және өзара әрекеттестіру;

  • жан-жақты қайнар көздерден алынған мәлiметтерден толық мәлiметке қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

  • мұғалімдердің оқу үрдісінде істейтін жұмыстарының сапасын жоғарылату;

  • қолданушылардың мәліметтерді дұрыс пайдалануын басқару және мәліметке қол жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жоғарыда айтылған мәселелер мектепте Интранетті жергілікті компьютерлік желі негізінде бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң бөлiгi ретінде құруға мүмкіндік береді.

Құрылған Интранет жүйесін қолданудың ерекшелігі туралы айтсақ:



  • әртүрлі көп көлемдегі форматтарды қайта құру, уақыт айырмасы, нұсқалардың келіспеуі т.б. болмайды;

  • Интранет қолданушыларды Интернетпен, Web-серверлерімен, мәліметтер қорымен жалғыз ғана бір тәсілмен жақындатады;

  • әр қызметкердің жұмыс үстелін минималды бағамен, шығынмен, көп күш жұмсамай ұйымдастырады;

  • бір мезгілде жергілікті желі, клиент-серверлік жүйе, жеке компьютер, бір сөзбен айтқанда, бұрын әр түрлі ұйымдарда ақпаратпен жұмыс жасаған барлық құрылғыларды алмастыра алады;

  • оқу орнындағы компьютерлік сыныптардың жергілікті желісін қамтитын біртұтас желідегі техникалық мәлімет қоры негізінде қызмет етеді;

  • басылымға кететін шығындарды үнемдеу, оқу және әдістемелік құралдарды таратады;

  • пошталық қызметтер, корреспонденция мен телефон байланысын өңдейді;

  • техникалық, әдістемелік, нормативті құжаттардың қол жетімділігін жеделдету және жеңілдетеді.

Әрбір заттың, құбылыстың өзіне тән артықшылығымен бірге кемшілігі болады, сондықтан кей жағдайларда болатын Интранет желісінің кемшіліктеріне тоқталып кетсек:

  • желіні хакерлер бұзып алып, өздерінің мақсатында пайдалануы мүмкін;

  • Интранетке жарияланған анық емес немесе тексерілмеген ақпарат, адасуға және қарама-қайшылыққа алып келеді;

  • жүйе барлық қолданушылары үшін қол жетімді кеңістік болғандықтан, орынсыз ақпараттар таралуы мүмкін;

  • ниеті жаман қолданушылар бәсекелесінің корпоративті мәліметтеріне жеңіл қол жеткізе алады;

  • Интранеттің жұмыс қабілеттілігі мен икемділігі оны құру және оған әкімшілік ету кезінде қосымша шығындарды талап етеді.

Мектептің Интранет жүйесінің білім порталын құратын басты құрылымына тоқталсақ:

1 -сурет. Жүйенің жалпы құрылымы



Сонымен қатар, мектеп үшін Интранет жүйесінің бірнеше маңызды жақтары болады:

біріншіден, оқу үрдісіне әсер ететін ақпараттарды басқарудың жаңа әдістерін қолдану;

екіншіден, қазіргі технологияларды қолдану шарттарында келтірілген ақпаратты басқару кезіндегі ұйымдастыру, яғни әдiстемелiк және әкiмшiлiк сұрақтардың шешілуі;

үшіншіден, мектепке қолдануға ыңғайлы Интранеттiң технологиялық жүйелерi және жүйелiк-техникалық инфрақұрылым, сәулеті мәселесінiң шешiлуi.

Ұстаздар ақпараттық бiлiм беретiн ортаның мүмкiндiктерiн тиiмдi қолдануы үшiн келесi талаптарды білуі керек:



  • компьютердегі негізгі жұмыстарды білу, сонымен қатар ақпараттық білім беретін кеңістікке рұқсаты болуы керек және оны қолдана білу қажет;

  • әртүрлі ақпараттық қорларды соның ішінде мультимедиалық бағдарламаларды білу;

  • Интернеттің негізгі жұмыстарын білу.

Жобалық технологияларды мектептің келесі ақпараттық-білім беретін орта қолданады, 1-суретте көрсетілгендей:

  • Мұғалімдер құрамы;

  • Оқушылар;

  • Мектеп әкiмшiлiгi;

  • Ата-аналар.

Оқу орнының біртұтас ақпараттық кеңістігін әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар өзіне керекті мәліметтерді шапшаң әрі жеткілікті түрде алатындай етіп жасайды. Мысалы, бұл мәліметтер әр жылғы қатысушы контингенті мен мектеп педагогтар құрамы өзгерісіне байланысты толықтырылып жаңартылып отыруы тиіс «Қатысушының» және «Мұғалімнің» ақпараттық қорларында болады [1].

Интранет жүйесін түрлі бағдарламалар негізінде құруға болады, мысалы, ASP.NET бағдарламасы. ASP.NET — бұл Майкрософт серіктестігімен веб-сервистер мен веб-қосымшаларды жасауға арналған технология. Бұл технология Microsoft.NET платформасының құрама бөлігі және Microsoft ASP технологиясының мейлінше дамытылған түрі болып есептеледі. Қазіргі уақытта ASP.NET 4.0 технологиясы соңғы нұсқасы болып табылады.

Зерттеудің нәтижесінде орта мектеп үшін Интранет жүйесі құрылу көзделіп отыр. Себебі, Интранетті мектепке енгізу оқу ісін ұйымдастыру мен орта білім беретін оқу орындарын басқаруда нақты өнімді және ұтымды нәтижелер алады. Жүйеде барлық тапсырмалар, мақсаттар, үрдістер, байланыстар, өзара әрекеттер, инфрақұрылым, жобалар, графиктер, бюджеттер және мәдениет жинақтап айтқанда, ұйымға қатыстының барлығы интерактивті, бір интерфейсте, біртұтас болып бірігеді.

Интранет жүйесін жалпы және орта білім беру мекемелерінде пайдалану мектеп қызметкерлерінің жұмыс уақытын үнемдеуге, сабақ беру әдістерін жаңа жүйемен ұйымдастыруға және мұғалімдердің беретін білімдерінің нәтижелілігін арттыруға көмектеседі. Болашақта еліміздегі орта және жалпы білім беретін мекемелерде жаңа инновациялық технологиясы, яғни Интранет жүйесін құру үдерісі қарқынды дамып, түгелдей қолданысқа енгізіледі деп сенемін.



Әдебиеттер

1. Мутанов Г., Шакаримова А. Образовательный портал университета. Теория и практика. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2006. – 342 с.




Каталог: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет