Орта мектептің физика сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану әбітаева Ұ.Ә. магистрант, Б. Б. Махмутов Х.ғ. к



жүктеу 88.38 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі88.38 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары

УДК 537. 531 : 532. 74



ОРТА МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Әбітаева Ұ.Ә. магистрант, Б.Б.Махмутов х.ғ.к.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.

Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндет- терді қойып отыр:



  • Білім сапасын арттыру;

  • Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

  • Орта білімді ақпараттандыру;

  • Интернет жүйесін пайдалану;

  • Электрондық оқулықтар;

  • Қашықтықтан басқару:

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілет- тіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.

Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік бел- сенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығар-машылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеу- шілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқи- тын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетін- ше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйым-

дастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихоло-гия негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім– оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология», - деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы», - деп бағалайды.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс жасалынуда. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріліп келеді. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда ақпараттық біліммен қаруланған оқушының ойлау мүмкіндігі жоғары болады. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды кешендерді, виртуальды бағдарламаларды пайдалану оқушылар-дың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Орта мектептің физика курсының 10 – сыныбында «Тұрақты электр тоғы», «Электр және магнетизм», «Электромагниттік индукция», «Әр түрлі орталар-дағы электр тоғы» тарауларын өткенде осы сабақтардың зертханалық жұмыстарын арнайы бағдарламалар көмегімен орындау үлкен нәтиже береді. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, ізденісін күшейтеді және қол-мен жасалатын тәжірибелерді дұрыс орындауға әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта мұндай бағдарламалар жақсы дамып келеді. Электротехника және электроника бағытына арналған «Электроника бастамалары» деп аталатын бағдарлама жұмысын қарастырайық.

Құрастыру үстелi - әртүрлi электр схемаларын жинауға арналған 7х7=49 байланыс алаңшаларынан тұратын қондырғы.

Әрбiр бөлшек тек бiр-бiрiне жақын екi байланыс алаңшаның ортасында тiгiнен немесе көлденеңiнен орналаса алады. Байланыс алаңшаларымен қосылысқан жерiнде бөлшектерге өлшеуiш аспаптарды жалғауға болады.

Жұмыс үстелiнде конструктордың жинағынан бөлшектердi таңдау және оларды балқытып жалғау “тышқанның“ көмегiмен жүзеге асады. Ол үшiн “тышқанның“ сiлтемесiн керектi бөлшекке әкелемiз де “тышқанның“ сол жақ батырмасын баса отырып, оны құрастыру үстелiнiң керектi жерiне қоямыз. Сол жақтағы батырманы босатқаннан кейiн, бөлшек керектi жерiнде тұрады. Қажет емес және бүлiнген бөлшектердi үстелден “күл-қоқыс себетiне“ осы әдiспен салуға болады.

Сонымен қатар, бөлшектердi үстелден тағы да басқа әдiспен алып тастауға болады. Ол үшiн бөлшектiң үстiне “тышқанды“ әкелiп, оның оң жақтағы батырмасын екi рет бассақ, “Бөлшектi алып тастау“ деген терезе шығады. Бұл ұсыныс қабылданғаннан кейiн (батырманың басылуы) бөлшек себетке салынады. Себетке емес, құрастыру үстелiнен тыс алып тасталған бөлшектер үстелдiң төменгi бөлiгiне жинақталады. Үстелде бiр мезгiлде айнымалы және тұрақты ток көздерi қатар орналаса алмайды.

Конструкторда келесi бөлшектер қолданылады:


  • резистор (ол Оммен өлшенетiн кедергiмен және Ваттпен өлшенетiн қуатпен сипатталады, мөлшерден асып кеткен кезде ол iстен шығады);

  • сақтандырғыш (ең үлкен жұмыс тоғымен сипатталады, ол көп болған жағдайда iстен шығады);

  • конденсатор (Фарадамен берiлген сыйымдылықпен және жұмыс кернеуiмен сипатталады, ол көп болған жағдайда iстен шығады);

  • индуктивтiк шарғысы (катушкасы) (Генрмен берiлген индуктивтiкпен сипатталады, оның актив кедергiсi өте аз болады);

  • құрастыру сымы (оның кедергiсi өте аз болып келедi);

  • айырғыш (тұйықталған және тұйықталмаған екi жағдайда сипатталады);

  • қоректендiру элементi (Вольтпен берiлген ЭҚК-мен, полюспен және Оммен берiлген iшкi кедергiмен сипатталады);

  • синусоидалық кернеудiң генераторы (амплитуда және айнымалы кернеу жиiлiгiмен сипатталады);

  • шам (Вольтпен берiлген жұмысшы кернеуiмен, милиампермен берiлген токпен немесе Ваттпен берiлген қуатпен сипатталады, осылардың шамасы мөлшерден асып кеткен кезде iстен шығады);

  • электр қыздырғыш (жұмыс кернеуiмен және қуатпен сипатталады, олар мөлшерден асып кеткен жағдайда жанып кетедi);

  • нақты өткiзгiш (өткiзгiштiң материалымен, ұзындығы және көлденең қимасының ауданымен сипатталады);

  • белгiсiз бөлшек (ол резистор, конденсатор, шарғы (катушка, батарейка немесе генератор болуы мүмкiн);

  • реостат (Оммен берiлген ең үлкен кедергiмен сипаттталады);

  • айнымалы сыйымдылық конденсаторы (Фарадамен берiлген ең үлкен сыйымдылықпен сипатталады).


Басқару тақтасындағы батырмалардың атқаратын функцияларының сипаттамалары:

Схеманы файлдан жүктеу.

Батырма “қалай сақтау керек“ деген бұйрық бойынша сақталған файлдардан тұратын бумалардың (папканың) терезесiн ашады. Керектi схеманың файлын тауып алып, оны стандартты әдiспен ашсақ, онда құрастыру үстелiнде схема дайын күйде пайда болады.





Қалай сақтау керек…
Батырма, сақтау керек схеманы қандай файлмен, қандай жерге сақтау керектiгiн көрсететiн терезенi ашады. Құрастыру үстелiндегi схема көрсетiлген файл атымен бумада сақталады. Құрастыру үстелiнде схема қалады. Кейiнiрек, сақталған схеманы құрастыру үстелiне “схеманы файылдан жүктеу“ деген бұйрық бойынша шақыруға болады.



Құрастыру үстелiн тазалау
Батырма құрастыру үстелiнде жиналған схеманы тазалайды. Операция қабылданғаннан кейiн схема қайтарусыз алынып тасталынады.




Мультиметрдi пайдалану
Осы батырманы бассақ, жұмыс үстелiнде өлшеуiш аспап “Мультиметр“ пайда болады. Бiр уақытта тек екi мультиметрдi қатар пайдалануға болады. Мультиметрдi алып тастау үшiн оның жоғары оң жақтағы бұрышта тұрған  батырмасын басамыз (бұл стандартты әдiс).




Осциллографты шақыру
Екi каналды осциллографты шақыру үшiн осы батырманы басу керек. Осциллографты да мультиметр сияқты алып тастаймыз.


“Бөлшектердiң параметрi“ терезесiн көрсету/ жасыру


Бұл батырма құрастыру үстелiнде таңдалынып алынған бөлшектердiң параметрiн көру және ауыстыру үшiн қажеттi “бөлшектердiң параметрi“ терезесiн көрсетедi немесе жасырады. Бөлшектi таңдау үшiн “тышқанның“ сiлтемесiн (ол қысқыш түрiнде болады) керектi бөлшекке әкелемiз де, “тышқанның“ сол жақтағы батырмасын басамыз. Таңдалынып алынған бөлшек сары түспен ерекшеленедi. Бөлшектiң параметрлерiн өзгерту үшiн екi әдiстi қолдануға болады:

  • терезенiң оң жағындағы батырманы  басқаннан кейiнгi шығатын тiзiмнен параметрлердi таңдау;

  • пернелер арқылы мәндердi беру (ол үшiн алдымен тiзiмдi алу қажет);

“Бөлшектердiң параметрi“ терезесi бөлшектiң үстiне тышқанды алып келiп, сол жақтағы батырмамен екi рет басқанда экранда автоматты түрде көрiнедi.

Құралды зерттелетiн схемаға қосу үшiн төмендегi нәрселердi бiлуiмiз қажет:



  • “тышқанның“ сiлтемесiн құралдың тиселi қысқышына әкелудi (сiлтеменiң сипаты қол түрiнде болады);

  • “тышқанның“ батырмасын басуды және ұстауды;

  • “тышқанның“ көмегiмен қысқышты тиселi орынға әкелудi.

Егер бiзге жұмыс барысында қысқышты схеманың басқа жерiне қою қажет болса, онда жоғарыда келтiрiлген процедураны қайталаймыз.

Қысқышты мультиметрдiң көлемiнде жылжыту, оның аспаптың тиiстi кiру ұясына автоматты түрде жалғануына әкеледi.

3. Аспаптың жұмыс iстеу жағдайын (режимiн) өзгерту үшiн “тышқанның“ сiлтемесiн аспап тақтасының керектi нүктесiне әкелемiз де оның сол жақтағы батырмасын басамыз.

4. Сандық кестеде (таблода) өлшенетiн шаманың (токтың, кернеудiң, кедергiнiң) көрсетiлген өлшеу шегiнiң өлшем бiрлiгiмен берiлген сандық мәнi көрiнедi. Егер кестенiң (таблоның) сол жақ бұрышында –1 шықса, онда ол өлшенген шама мәнiнiң оның өлшеу шегiнен асып кеткенiн көрсетедi. Ондай кезде аспаптың шегiн ауыстыру қажет.

5. Жұмыс кезiнде 1 және 2 сандарымен нөмiрленген бiр немесе екi мультиметрдi қолдануға болады. Аспаптың қысқыштарының нөмерлерi де соған сәйкес болуы тиiс. Аспаптарды бiрдей уақытта және бiр-бiрiне тәуелсiз қолдануға болады, яғни схеманың әр-түрлi бөлiгiнде бiр аспаппен кернеудi, ал екiншi аспаппен токты өлшеуге болады.

Қорыта келгенде оқу процесінде компьютерлерік бағдарламаларды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығу-шылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.



Сонымен қатар, ақпараттық-электрондық кешендерді физика сабағында пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар, схемалар мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев 01.03.2006ж

  2. Электронды кешендердің оқытудағы маңызы. А.Абубаева, ИФМ, №4 - 2006ж

  3. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 –

2006ж

  1. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006ж

  2. Жаңа формациядағы ұстаз, оның кәсіби мәдениеті. Н.Мұратәлиева, Мектеп директоры №3 – 2006ж. және т.б.


Резюме
В статье рассматриваются значение и особенность применения информационно-коммуникационных технологий на уроках физики в средней школе. В настоящее время в процессе обучения применение новых технологий является актуальным вопросом. Выполнение лабораторных работ на уроках физики с помощью виртуальных комплексов вызывает особый интерес учащихся. Эти программы являются одним из методом повышения знаний учеников при изучении предмета физики.

Summary
The article deals with the significance and the peculiarities of using information and communication technologies at the lessons of physics in the secondary school. Nowadays the application of new technologies in the teaching process is of great importance. The performance of virtual complexes arouses the pupils’ interest. These programs are one the methods of increasing pupils’ knowledge in the process of studying physics.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет