Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидасы



жүктеу 55.66 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі55.66 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


№ исх: 5-4-5/480 от: 19-04-2016

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы «___» _________

№ ____ қаулысымен



бекітілген


Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидасы

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидасы мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызмет бабында пайдалану үшін өзге де ақпараттар қамтитын нормативтік құқықтық актілерді немесе олардың жекелеген бөліктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ мәслихаттарының, әкімдіктерінің, тексеру комиссияларының және әкімдерінің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ мәслихаттарының, әкімдіктерінің, тексеру комиссияларының және әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

  3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі – Әділет министрлiгi) және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

  4. Әдiлет министрлiгiнің және оның аумақтық органдарының қызметкерлерi орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Қағиданы басшылыққа алады.

  5. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

  1. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлерiн қолдануға жол бермеу;

  2. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссиялардың және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;

  3. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын жүзеге асыру кезiнде әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.



2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актiлерінің ресми жариялануын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру


  1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылау:

  1. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануының мониторингі;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын реттейтiн заңнаманың сақталуын тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

  1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелерге:

  1. нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялауға жіберудің уақтылығына;

  2. нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау уақтылығына және бір уақыттылығына;

  3. нормативтік құқықтық актінің ресми жариялау кезінде оның толық баяндалуына;

  4. нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімінің сақталуына;

  5. мемлекеттік орган (лауазымды адам) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау кезінде орын алған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шараларға назар аудару қажет.

  1. Бақылауды жүзеге асыру кезiнде Әдiлет министрлiгi мен Әділет департаменттері:

  1. мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;

  2. бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардан түсiнiктемелер сұратуға;

  3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қолдануға құқылы.



3. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға мониторинг жүргізу


  1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау мониторингі:

  1. нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығына конкурстың қорытындысы бойынша ақпарат жинауды,

  2. мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша деректерді есепке алуды;

  3. мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жұмысы бойынша талдауды қамтиды.

  1. Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарында тіркелген орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау бойынша ақпарат жиналуға жатады.

  2. Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау бойынша деректерді есепке алу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне жазбаларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.

  3. Мемлекеттік органдардың күші жойылды деп танылатын, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, бұрын қабылданған актілердің қолданысы тоқтатылатын немесе қалпына келтірілетін нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау да мониторингке жатады. Бұл актілер бойынша мәліметтер де Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі.

  4. Жинау және есепке алу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жөнінде жұмысты талдау жүргізіледі, онда нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға байланысты орын алған бұзушылықтар мен проблемалар, сондай-ақ осы проблемаларды шешудің және анықталған бұзушылықтарды жоюға қажетті шаралардың ықтимал нұсқалары көрсетіледі.


_________________________________________
Результаты согласования
19.4.2016: Манкешова Г. А. (Управление контроля нормативных правовых актов) - - cогласовано без замечаний
19.4.2016: Тлеубаев А. К. (Департамент регистрации нормативных правовых актов) - - cогласовано без замечаний





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет