Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M



жүктеу 17.04 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі17.04 Kb.
Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 “Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы” 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымына тәуекелдерді қайта сақтандыруға беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерін сақтандыру сыйлықақыларының сомасына көбейтуге міндетті.

Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы “Standard & Poors”, “A.M.Best”, “Fitch” рейтинг агенттіктерінің халықаралық және ұлттық шәкіл бойынша «А-» және одан жоғары немесе “Moody’s” жіктелімі бойынша “А3” немесе одан жоғары қаржылық сенімділік рейтингісіне ие болса, өсу проценті 0%-ті құрайды.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, жоғарыда көрсетілген рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкіл бойынша “А-“ және одан жоғары рейтингісіне ие болған, бірақ та халықаралық шәкіл бойынша мұндай рейтингісі болмаған Ресей Федерациясының сақтандыру (қайта сақтандыру) 0%-тік топқа кіретіндігін немесе кірмейтіндігін түсіндіруіңізді сұраймыз.
Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 “Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы” қаулысының (бұдан әрі - Нұсқаулық) 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымына тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде резидент емес қайта сақтандырушының ұлттық шәкіл бойынша қаржылық сенімділік рейтингісі халықаралық шәкілмен бірдей колданылады.

Бұл жерде ұлттық шәкіл, «Standard & Poor's», «Moody's Investors Service» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша ұлттық шәкіл бойынша рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасына «Standard & Poor's», «Moody's Investors Service» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша берілген тиісті дербес рейтингінің бірінен төмен емес рейтингі бар елде тіркелген жағдайда қолданылады.



Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қайта сақтандыру ұйымы Ресей Федерациясының резиденті Standard&Poors, A.M. Best немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің ұлттық шәкіл бойынша қаржылық сенімділік рейтингісіне ие болса, Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы кестенің 1-тобына жатады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет