Өсімдіктер систематикасы ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



жүктеу 0.81 Mb.
бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4   5
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Аскомицеттер

Аскомицеттер – саңырауқұлақтардың 25-35 мың түрі бар, үлкен тобы. Бұл топтың өкілдерінде тарамдалған мицелий жақсы дамыған. Гифтері перделер арқылы клетка деп аталатын бөліктерге бөлінген. Перделерде цитоплазма мен ядро гифтердің бір бөлігінен екінші бөлігіне орын ауыстыра алатындай тесіктері бар. Денесі бір клеткалы (ашытқылардікіндей); көп клеткалы (ұнтақ тәріздес роса) немес кеңеіген және етжемді (трюфельдегікіндей) болуы мүмкін. Жыныссыз көбею бүршіктену арқылы (ашытқылар) немесе кейбір гифтердің ұшында түзілетін (конидиялар) споралар көмегімен. Жынысты көбеюі жынысты процесс нәтижесінде, аскаларда (қалта) пайда болатын аскоспоралар көмегімен. Споралардың түзілуі алдында көрінбей өтетін жынысты процесс жүреді. Мицелий гифтерінде жынысты көбею мүшелері түзіледі: аналықта (архикарптар-түрі өзгерген оогониялар), екіншілеріде антеридийлер (аталық). Архикарптың кеңейген аскогон төменгі бөлігі мен түтікті, иірімделген-трихогина жоғары бөліктен тұрады; антеридий-брі клеткалы цилиндр тәрізді өсінді. Жанасу кезінде, триихогина антеридий қауысына еніп, оның құрамы аскогонға көшеді, онда олрадың цитоплазмалары қосылады, ал аналық және аталық ядролары қосылмай қос-қостан дикариондарда орналасады. Аскогенді гифтер пайда болады. Аскогенді гифтердің ұшында қалталар түзіледі. Бұл клеткалар өсіп, дикароиндар ядролары қосылып, бір диплоидті ядро-зигота түзіледі. Қалтадағы ядро редукциялы бөлініп, төрт ядро пайда болады, кейін олар митоз жолымен бөлініп, нәтижесінде болашақ споралардың 8 гаплоидті ядросы түзіледі. Споралардын саңырауқұлақтың жаңа гифтері өседі. Қалталы саңырауқұлақтардың гаплоидті фазасы зиготадан қалтаға дейін өтеді, зигота ғана диплоидті. Вегетативті және қалталы аскогенді гифтердің қалың өрімі жеміс денелерін түзеді (мысалы, бүріспелерде). Даму циклін Neurospora crassa аскомицетінің мысалында көрсетуге болады. Нейроспора мен қара зең ризопустың екі ұқсас плюс- және минус формалры бар. Жынысты процесте екі әр түрлі форманың гифтері қатысу керек. Мейоз нәтижесінде түзілген гаплоидті аскоспоралар қолайлы жағдайда, өсіп, жаңа гаплоидті мицелий түзеді. Аскомицеттердің кейбір түрлерінен дәрі –антибиотик алады. Пеницил саңырауқұлағынан екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, пенициллин антибиотигі алынған, ол өкпе қабынауның қоздырғышы пневмококкпен күресуге көмектеседі. Оның антибиотикалық қасиетін ағылшын ғалымы А. Флеминг ашқан. Бұл антибиотикті ол 1927ж. ашты. Алғашқы антибиотик-грамицидин-Ресейде 1942ж. синтезделген. Қазіргі кезде антибиотиктерді өндірістік жолмен алады, жаңа түрлері ашылуда. Бірақ емдеу мақсатымен препараттардың аз мөлшері қолданылады. Біріншіден, бұл қоздырғыштардың оларға тез үйреніп, оларды субстрат ретінде қолдануымен байланысты. Екіншіден, қолданған антибиотиктің жоғары концентрациясы бауырды, бүйрек және т.б. мүшелерді зақымдайды. бұзады. Үшіншіден, дәріге деген аллергия тууы мүмкін. Антибиотиктерді көп мерзім қабылдау ағзаның функцияларының ауытқуларына әкелу мүмкін. Сондықтан, оларды қабылдау маманның тексерісімен өту керек. Аскомицеттер басқа саңырауқұлақтар тәрізді, органикалық қалдықтарды ыдыратушылар. Бірақ олардың ішінде зиянды түрлері де бар. Олар өсімдіктердің сабақтарын, жапырақтарын, гүлдері мен жемістерін зақымдайды. Мысалы, дәнді дақылдардың, әсіресе қарабидайда парзиттік тіршілік ететін, спорынья. Саңырауқұлақ мицелийі аналық түйініне еніп, оны бұзады. Жаздың соңында, қарабидай піскен кезде, дәнектердің орнында қошқыл-күлгін спорыньяның бидайшықтарын көруге болады. Олардың құрамында улы алкалоидтар бар, олар адам ағзасына еніп, бас ауруы тартылуды туғызады. Қатты уланғанда, адам өліп кетеуі де мүмкін. Осы алкалоидтардың көбі медицинада қолданылады.

Базидиомицеттер

Базидиомицеттер-барлық қалпақшалы саңырауқұлақтар біріктірілген үлкен топ (30 мың түр шамасында). Олардың вегетативті денесі буынды гифтерден тұратын, тарамдалған мицелий. Арнайы жыныс мүшелері жоқ. Өсіп келе жатқан гаплоидті базидиядан алғашқы клеткадан тыс мицелий түзіледі, кейін ол буынды мицелийге айналады. Әр буынында бір гаплоидті ядро бар, бірақ базидиалдыларда ол эфемерлі. Кейін гифтердің буындарының қосылуы өтеді, бірақ ядролары қосылмайды, кейін синхронды бөлінетін дикариондар түзіледі. Нәтижесінде екіншілік дикарионды мицелий дамиды. Базидиомицеттердің даму циклінде дикарион –диплоидті фаза басым болады, ал гаплоидтісі өте қысқа. Жыныс процесі дикароиндардың ядроларының қосылуымен (кариогамия), олрадың кейін бөлініп, 4 базидиоспора түзілуімен аяқталады. Базидиоспоралар базидияларда-бір клеткалы, жынысты көбею мүшесінде пайда болады. Базидиоспоралар жеміс денелерінде түзіледі, олардың формалары мен көлемдері әр түрлі (көбінесе олар қалпақшаның төменгі бөлігінде орналасады). Жеміс денесі ет жемді, аяқшасына (немес түбіртек) және қалпақшасына дифференциаланған. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың көбі-сапрофиттер, бірақ паразит түрлері де кездеседі, мысалы, опенок. Олар орманды жерлердің топырағында, кейде үй маңында және т.б. кездеседі, кейбіреулері құрылысты ағаштарды мекендеп, оны зақымдайды. Маңызды практикалық маңызы бар түрлері жақсы белгілі, олар тамаққа қолданатындары мен улы түрлері. Тамақ рационында олардың маңызы құрамындағы ақуыздардың, майлардың, көмірсулар мен дәрумендердің, бағалы тұздар мен ароматты заттардың бар болуымен анықталады. Шампиньондар мен басқа да саңырауқұлақтар өндірістік масштабта культивирленеді. 200-ден астам тамаққа жарамды және 25-тен астам улы саңырауқұлақтар белгілі. Өсімдіктердің зақмдайтындары ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізеді. Қаракүйе және тат саңырауқұлақтарынан дақылдарын зақымдайды, ие-өсімідіктің белгілі бір мүшесіне әсер етеді. Қаракүйе саңырауқұлағы дәнді дақылдардың репродуктивті мүшелерін зақымдап, олрады бұзады, өсімдік жанып кеткедей көрінеді. Вегетативті мүшелерде дақтар, ісінулер, галлдар пайда болады. Тат саңырауқұлағы, сабақтар мен жапырақтарды зақымдайды. ОЛардың даму циклі өте күрделі ол бір немесе бірнеше өсімдікте өтеді. Мысалы, нан таты өзінің толық циклін екі иесінің үстінде өткізеді: бөріқарақат пен бидай. Көктемді бөріқарақат жапырақтарындасаңырауқұлақ мицелийімен түзілген сары дақтар пайда болады, олардың үстінде сары түске боялған колбатәріздес қуыстар-пикнидалар түзіледі. Олардың ішінде екі жынысты споралар пайда болады. Мүмкін олар екі-екіден бірігіп, жаңа диплоидті мицелийге бастама береді, ол жапыраққа еніп зақымдап, осының нәтижесінде жазғы споралар түзіледі. Солып қалған бидай жапырақтары мен сабақтарында, қысқы қалың қабықты споралар түзіледі. Көктемде олар бизидияларға өсіп, олрадың ішінде базидиоспоралар түзіледі. Соңғылары бөріқарақат жапырақтарына түсіп, цикл қайталанады. Тат саңырауқұлақтарымен күресу үшін олардың аралық иелерін (бөріқарақат, итшомыр, лещина, арамшөптер) алып тастау қажет. Трутовиктер тірі және құрылысқа арналған аағштарды бұзып, зиян келтіреді. Бұлардың жылдағы зиянын, орманның жанып кетуімен салыстыруға болады.Жетілмеген саңырауқұлақтарға, жыныс процесі белгісз саңырауқұлақтарды жатқызады. Олардың 25 мыңнан астам түрі бар. ОЛАр паразиттер мен сапрофиттер. Олар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ауруларымен жойылып кетеіне әкеліп соғады. Жынысты процесі бар болса, олардың споратасымалауның формасына қарап, қалталы немес базидиомицеттерге жатқызады. Мәдени өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін, улы тамаққа түсіп жануар мен адамды уландыру мүмкін, мысалы, фузариум, қысқы бидайдың паразиті.

Тақырып 6. Қыналар (Lichenophyta Lichenes)

Қыналар балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы нәтижесәнде түзіліп, басқа ағзалардан сапалы ерекшеленетін, эволюция процесінің барысында бір-біріне пайда тигізіп тіршілік ететін ерекше ағзалар. Балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы емес, саңырпауқұлақты автотрофта бақыланатын паразитті тіршілігіне ұқсас. Қына құрамына кіретін саңырауқұлақтар көбінесе, аскомицеттер, сирек базидиомицеттер, ал балдырлар-көк-жасыл (цианобактериялар) немесе жасыл балдырлар. Қыналардың әр түрінің құрамында белгілі бір балдыр мен саңырауқұлақ түрі енеді. Қыналардың екілікті табиғаты 1867ж. орыс ғалымдары А.С.Фаминицин мен С.А.Баранецкий анықтаған. Балдырлар органикалық заттарды құрайды, ал саңырауқұлақтарбалдырды қорғап, оны сумен және минералды тұздармен қамтамасыз етеді. Олар қолайсыз ортаға жақсы бейімделген, температура мен ылғалдылық, тіршілік бар жердің барлығнда өседі. Олар Арктика өсімдіктерінің ең шетк шектерінен солтүстікке қарай өседі, сол кезде олар ылғалдылығы жоғары тропиктерде де өсе алады. Олар тіршілік жоқ жерлерді алғашқы болып мекендейді (тау, ағаштарда), тундрада көп орын алады. Қыналар топырақ түзілу процесінде маңызды рөл атқарады, өздері бекіген тастарды бұзады. Оның денесі мүшелерге дифференциаланған қабатша. Олардың денесі гифтер шоғырынан түзілген.



Қабатшаның геомерді типті құрылысы бар, балдыр клеткалары ретсіз орналасқанда және гетеромерлі қабатша бірнеше қабаттардан тұрғанда. Балдырлар бір қабат болып орналасқан, гонидиальді қабат түзеді. Қыналардың келесі түрлері болады: жіптәріздес, денесі жіпке ұқсас; қабыршақты тау-тастарда, топырақта, ағаштарда қабыршақ түзіп орналасады (леконора); жапырақ тәріздес-денесі жапырақты пластикалардан тұрады, ризиналар көмегімен –ризод аналогі, топырақ пен ағаштарға бекиді, шоқты гифтерден тұрады (пармелия); бұталы-тармдалған бұта тәрізді, биіктігі 12-15см (исландық қына, бұтақына, мысалы, бұғы қынасы-кладония). Қыналар көбінесе вегетативті көбейеді: қабықшасының бөліктерімен немесе арнйы мүше-соредиялар мен изидиялар. Соредиялар гонодиальді қабат ішінде түзіліп, біраз балдыр клеткалары мен оларды қоршап жататын гифтерден тұрады. Қабықшаның тесігі арқылы сыртқа шығып, желмен таралады. Қолайлы жағдайда соредиялар жаңа таллом түзеді. Изидиялар да балдырлар мен оларды қоршап жатқан гифтерден тұрады, бірақ олар талломның бетіндегі өсінді ретінде шығады. Қынаның қабықшасы балдыр мен саңырауқұлақтың бөлінуі арқасында, олардың әр қайсысы бөлек бөлінгендіктен баяу өседі. САңырауқұлақ гифтері белгілі бір балдырды кездестіргенде ғана, қына түзіледі. Еш тіршілік жоқ өнімсіз жерлерді алғашқы болып мекенеп, кейін мәдени өсімдіктермен ығыстырылуы мүмкін. Оларға жарып пен таза ауа қажет. Олар қоршаған ортаның ластануының индикаторлары. Фотосинтез бен қоректік заттарды қорға жинау процесі баяу өтеді. Жылдық өсуі сәл ғана байқалады: қабыршақтыларда-1-8 мм, бұталыларда-1-35 мм. Кейбір қыналар мата өндірісінде бая ретінде, медицинада, парфюмерияда, глюко за мен химиялық индикатор-лакмус өндірісінде қолданылады. Бұғы мүгі қынасы бұғылардың қорек ретінде, кйебіреулері тамаққа пайдаланылады (манна небесная).

Тақырып 7. Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер. (Ұрықтылар- Embryobionta). Алғашқы жер беті өсімідіктері палеозой дәуірінің силур кезеңінде пайда болған. Ботаниктердің көбі оларды, жойылып кеткен жасыл балдырлармен байланыстырады. Жер бетінде, яғни екі ортада (ауа мен топырақта) тіршілік ету, сумен қамтаамасыз ететін, жыныс мүшелерін құрғап кетуден қорғайтын, жыныс процесін қорғау механизмдерінің түзілеуімен қатар жүреді. Топырақта беку үшін тамыр, фотосинтезді іске асыру үшін сабақ пен жапырақ пайда болды. Осылардың дамуымен қатар ұлпалардың дифференцициясы жүріп отырды: өткізгі, механикалық ұлпалар жүйесі дамып, эпидерма мен лептесік түзілді, жынысты көбеюдің көп клеткалы мүшелері-гаметангийлер пайда болды. Аталық гаметангийлер антеридиялар, бұнда аталық жыныс клеткалары түзіледі (гамета)-сперматозоидтар немесе спермиялар. Аналық гаметангийлер-архегониялар, оларды аналық жыныс клеткасы түзіледі. Барлық бейімделулерін гаметофит пен спорофиттің айырмашылықтарының көбеюінен көруге болады. Жоғары сатылы өсімдіктердің тіршілік циклінде, балдырлардікіндей жынысты және жыныссыз көбею фазаларының ауысуы байқалады. Гаметофитте жынысы көбею мүшелері, ал спорофитте, ішінде редукциялық (мейоз) бөліну нәтижесінде гаплоидті хромосомалар жиынтығы бар спорангийлер түзіледі. Гаметофит екі жынысты, архегониялар мен антеридиялар бірге дамығанда, және бір жынысты, не антеридий не архегоний ғана болғанда. Аталық пен аналық гаметалары қосылғанда (екеуі де гаплоидті), диплоидті зигота түзіледі. Зиготадан (ол митоз арқылы бөлінеді), диплоидті спорофит дамиды. Егер, спорофитте түзілген споралар бірдей болса, олардан екі жынысты гаметофит дамиды. Бірақ жоғары өсімдіктердің көбінің спорангийлерінде екі түрлі спора түзіледі (әр түрлі спорангийде): макроспорангияларда-макроспоралар (мегаспора), ал микроспорангийлерде-микроспоралар. Әр микроспорадан бір аталық гаметофит дамиды, ал мегаспорадан-бір аналық дамиды. Сондықтан микроспора-аталық, мегаспора-аналық деп аталады. Жоғары сатыдағы өсімдіктің толық тіршілік циклі (зиготадан зиготаға дейін), гаметофиттен (спорадан зиготаға дейін) және спорофиттен (зиготадан спораға дейін) тұрады. Барлық жоғары өсімдіктердің, мүшелер ұлпаларынан басқа, ұрықтары бар.... Төмегі сатыл өсімдіктерде ол жоқ. Жоғары сатыдағы өсімідктердің зиготасынан әрдайым ұрық (эмбрион) –спорофиттің (2n) жаңа дарасының бастамасы дамиды. Тек қана гүлділерде ұрық спорофаза- триплиодті болып келетін, екіншілік эндоспермнің қор заттары арқасында дамиды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциясы екі бағытта өтті: мүктәрізділерде-гаметофиттің дербестігінің, оның морфологиялық бөлінуімен өсіп, дербес спорофиттің жойылып оңайлауында (гаметофитте тітршілік ететін спорогонға дейін), ал барлық жоғары сатыдағы өсімідіктердің негізгі фазасы спорофит, ал гаметофит қысқарып, оңайланған. Плаун, қырықбуын және папоротниктәрізділерде бұл фазалар жеке, физиологиялық жағынан әр түрлі ағзаларға айналады; тұқымды өсімдіктердің гаметофиті өзінің дербестігін жоғалтқан, спорофитте дамиды. Тұқымдылар жер бетінде тіршілік етуге жақсы бейімделген, оларға ұрықтану үшін су қажет емес. Ал мүк, плаун, қырықбуын және папоротниктәрізділердің жыныс процесі бос судың бар болуын талап етеді, себебі сперматозоидтар тек қана суда қозғалады. Осылайша жоғары өсімдіктердің эволюциясы мүктәрізділердікінен басқа, гаметофит редуцкциясы мен спорофиттің дамуымен жүрген. Жоғары сатылы өсімдіктерге келесі бөлімдерді жатқызады: псилофиттер, мүктер, плаундар, қырықбуындар, папоротниктер және түұқымды өсімдіктер.

Псилофиттер

Мүктер (Моховидные)

Плаунтәрізділер

Қырықбуындар

Папоротниктәрізділер

Тұқымды өсімдіктер

Псилофиттер (Psilophyta, Psilotophyta)

Псилофиттер – алғашқы жер беті өсімдіктері, түтіктілердің арғы тегі, 400 мың жыл бұрын тіршілік еткен; таскөмір дәуірінің басында жойылып кеткен, қалдықтары төменгідевон шөгінділерінде табылған. Олардың дихотомды бұталанған осьтік мүшелері-биіктігі-50см, теломдары, суды сіңіретін ризоидтар тарамдалатын, көлденең тамыр сабақты мүшесі-ризомоиді болады. Жапырақтары жоқ. Нашар дамыған ксилема трахеидалардан тұрады. Осьтердің ұшында спорангийлер орналасқан. Қазіргі кезге дейін екі туысы жеткен: псилот және тмезиптерис, тропиктер мен субтропиктерді мекендейді.

Мүктер (Моховидные, Bryophyta)



Мүктер – барлық жоғары өсімідіктердің ішіндегі ең қарапайым ұйымдасқан. Көбінесе шағын көп жылдық, сирек бір жылдық қабатты немесе жапырақсабақты өсімдік. Нағыз тамыры жоқ (сондықтан олар аласа), кейбіреулерінде тамыр қызметін атқаратын ризоидтары бар. Ризоидтар тамырдан құрылысы менпайда болуымен ерекшеленеді. Суды сабақтың төменгі бөлігі де сіңіре алады. Мүктәрізділердің ең негізгі, басқа жер беті өсімідіктерінен ерекшелігі, даму циклінде гаметофазаның басым болуы. Гаметофит өркенді еліктендіретін, жасыл өсімдік (мысалы, көкек зығыры), «сабақ» пен оған жақсы бекіген «жапырақтар» (филлоидтер). «Сабақ» көбінесе тарамдалмаған, биіктігі 15 см, кейде одан да жоғары. Өткізгіш қызметін атқаратын ксилема мен флоэмаға сәфкес клеткалар пайда болады. Жасыл мүктердің толық дамыға өткізгіш шоқтары жоқ. «Жапырақтары» клеткаларлың біренеше қабатынан тұрады: ұзын өткізгіш және қалың механикалық. Жапырақтың ортаңғы жүйесіне ұқсас құрылым түзіледі, оның жоғары бетінде қысқа хлорофиллі бар клеткалар-фотосинтездейтін ұлпа орналасқан. Сабақ негізінде ризоидтар дамиды. Көкек зығырының биіктігі 40 см жетеді. Көбею мүшелері әр түрлі дараларда орналасқан-антеридиялар мен архегониялар дамитын, аналық пен аталық гаметофиттерде. Судың қатысуымен архегоний аналық жыныс клеткасымен қосылып, диплоидті зигота түзеді. Зиготадан гаметофитте орналасқан диплоидті спорофит дамиды. Спорофит гаусториялардан (олардың көмегімен ол гаметофитке бекініп, одан қоректік заттарды алады, паразиттік тіршілік етуге көмектеседі), аяғы мен мүкқорапша қуысы деп аталатын жоғары кеңейген жері бар қорапшадан тұрады, соңғысы жәндіктерді қызықтыру үшін ашық түске боялған. Мүкқорапшаның қуысының ұшында споралар пісіп жетілгенге дейін қалпақша болады. Кейде қорапшада спораларды шашуға арналған (перистом) құралы болады-мүкқорапшаның қуысының шетінде оның жамбыр кезінде жабатын тісшелер қатары болады. Құрғақ ауа райында қалпақша ашылып споралар шашылады. Қолайлы жағдайда спора протонемаға-жасыл тармдалған жіпшеге айналады. Протонемада кейін спорофит дамитын ерекше бүршіктер түзіледі. Мүктің басқа түрі белгілі- сфагнум (немесе ақ мүк). Олар көбінесе солтүстік енінің сазды жерлерін мекендейді, онда тұтас жабын құрайды. Олардың сабақтары тарамдалған, ұсақ жапырақтары бар. Негізгі осьтің ұшында бүйір бұталар бүршіктәріздес шоқпарбас түзеді. Жоғарылап өседі, ризоидтары жоқ, су мен минералды заттарды сабақтың төменгі бөлігімен сіңіреді, төменгі бөлік жойылып, тереңге түсіп, шіриді. Сфагнум жапырақтары екі клеткалар түрінен тұрады: тірі-ұзын әрі жіңішке, хлорофиллі бар; гиалинді-өлі, протопласты жоқ, суды көп мөлшерде, мүктің өзінің массасынан 30-40 есе артық, жинап, сақтай алады. Қалың шым болып өсіп, топырақты саздандырады. Олар жаңбыр суын жақсы сіңіріп, сақтайды, осылайша суы аз минералданған беткері саздарды түзеді. Сфагнумның даму циклі көкек зығырының цикліне ұқсас. Гаплоидті споралардан алдын-ала жасыл тақталы платонема, кейін даму циклінде басым болатын гаметофит дамиды. Ризоидтар алғашқыда протонемада пайда болады, кейін сабақтың даму барысында жойылады. Споралары бар қорапшасы қарапайым-перистомы мен қалпақшасы жоқ. Мүктәрізідлер барлық континенттерде біркелкі орналаспаған. Олар солтүстік жартышарда, суық климатты жерлерде көбірек кездеседі, ал құрғақ жерлерде аздау болады. Мүктер өрт және тасты емес жол болған жерлерде өседі. Орманда мүк қабаты топыраққа жарықты өткізбейді, температураның, ылғалдылықтың, жарықтың тәуіліктік қалпін төмендетеді. Жасыл мүктер жамылғысы орманды жаңартуға мүмкіндік береді. Бірақ мүктердің болуы, саздануға, ағаштар мен бұталардың өнашар өсуіне, тұқымдар мен өркендердің өсуіне кедергі жасайды. Шалғындарда мүктер топырақ аэрациясын төмендетіп, шөптердің өсуіне кедергі жасап, шалғындардың өнімділігін төмендетеді. Мүктер сады жерлерде шымтезектің түзілуін қамтамасыз етеді, оның халық шаруашылығында кең қолданады. Сфагнумдардың шымтезегі аса бағалы, себебі оның құрамында минералды тұздар аз, ол оны отын ретінде қолданғанда маңызды.

Торфтан этил, метил спирттерін, сірке қышқылын, нафталин, балауыз, деготь, нитраттар мен т.б. жасайды. Сфагнум шымтезегінен емді балшық жасайды. Оны термоизоляциялы құрылыс материалы ретінде қолданады, одан қағаз, картон жасайды. Ойпат саздардың шымтезегінен шымтезек-шірінді құмыралар жасайды. Жемістер мен тұқымдарды сақтауға қолданылады. Бірақ сазды жерлерде өзіне тән флора мен фауна түзіледі. Бұл сфагнумды мүктердің ьактериоцидті заттады бөлумен байланысты. Осыдан шіру кезінде заттар толық ыдырамайды, жартылай ыдыраған –гумин қышқылдары түзіледі. Жартылай ыдыраған заттар шымтезек түзеді. Гумин қышқылдары саз суын қошқыл-қоңыр түске бояйды, су нашар жылынатындықтан әрдайым салқын болады. Қышқыл орта түзіліп, онда тек қана соған бейімделген өсімдіктер тіршілік ете алады. Оттегі аз. Бірақ су алмасуын реттейді, сондықтан, оларды құрғату әрдайым тиімді болмайды. Көптеген беткейлі саздар үлкен өзендердің көзі бола алады, мысалы Волга өзені өзінің бастауын Валадай үстіртінен алады.



Тақырып 8. Қырықбуындылар, Плаунтәрізділер, Папоротниктәрізділер бөлімдері. Плаунтәрізділер (Lycopodiophyta, немесе Lycophyta)

Плаунтәрізділер палеозой дәуірінің силер кезеңінде пайда болған. Таскөмір дәуірінде олардың ағашты және шөптесін формалары болған. Қазіргі кезде көбінесе шөптесін өсімдіктер, сабақтары жайылмалы, сабақтар мен тамыры дихотомды тармдалған, және нашар дифференциаланған бір-екі жүйелері бар спиральді орналасқан, жай немесе бүтін қабыршақты жапырақтары бар. Нақты буындар мен буын аралықтары жоқ.

Плаун туысы (Lycopodium) – барлық жерлерде таралған, бірақ өсімдік жамылғысында маңызы жоқ. Олар әр қашан жасыл шөптесін, тік (1-1,5 см), өрмелегіш өркендері мен қосалқы тамырлары бар. Шоқпартәрізді плаунның спорофиті мәңгі жасыл көпжылдық өсімдік. Негізгі өркен жерде төселіп жатады, көлденең дихотомды тарамдалған биіктігі 25 см өркендер береді, олардың ұшында споралы масақ немесе бүршіктер болады. Жататын негізгі сабақтан дихотомдық тамырлар тарамдалады. Сабақ пен бұталар спираль тәрізді орналасқан ұсақ ланцетті-сызықты жапырақтар орналасқан. Споралы масақтардың ұзын аяқшалары болады. Редукциялық бөлінуден кейін масақтарда гаплоидті пішіні мен көлемі бірдей споралар (изоспоралар) түзіледі, оның құрамында құрғамайтын 50% майлы май бар. Қолайлы жағдайда споралар баяу өсіп (12-20жыл) гаметофит түзіледі. Ризоиды бар, ал қыртыс бөлігінде саңырауқұлақ мицелиі орналасқан (симбиоз), бірақ оның хлоропласттары жоқ. Кейбір түрлерінде гаметофит топырақ бетінде дамиды, сонда клеткаларда хлоропласттар пайда болады. Гаметофит екі жынысты, табақша тәрізді, пиязшыққа ұқсас, диаметрі 2-3 см жетеді. Антеридий мен архегоний гаметофиттің жоғары жағында жақын орналасқан. Антеридияларда-сперматозоидтар, архегонияларда-аналық жыныс клеткалары түзіледі. Ұрықтанудан кейін ұрық дамитын, (2n) зигота түзіледі. Алғашында спорофит гаметофит ұлпасына еніп, сол арқылы қоректенеді. Кейін спорофит тамырлары топфраққа еніп, дербес тіршілік етеді. Селягинелла плауны өте қызықты. Оның өркеннің ұшында жапырақтары вегетативтілерден ерекшеленетін (трофофилл) споралары бар масақтар дамиды. Спророфилл қалтасында мега-, микроспоралар орналасқан, мега- және микроспорангийлер түзіледі. Селягинелла мысалындаөсімдіктер эволюциясының әр түрлі споралардың түзілуі жолымен өткенін көруге болады. Әр түрлі споралыларда гаметофиттің (өскінше) радикалді редукциясы байқалады-гаплоид пен үлкен көлемді спорофит-диплоиді байқалады. Микро мен макроспоралар қолайлы жағдайда өсіп өнеді. Аналық пен аталық гаметофит микро- мен магоспоралар шеарасында дамиды.

Өскіннің кішкене қалақшалары ғана сыртқа қарай шығып тұрады. Бұл аналық өскіннің қалақшасында архегонияларды көруге болады. Ұрықтанған аналық жыныс клеткасынан ұрық дамиды. Осыдан әр түрлі споралылық, әр жыныстылыққа әкеліп соқты, яғни өскіндердің екі үйлігі. Құрғамайтын май бар плаун спораларын медицинада балаларға арналған ұнтақ ретінде (тальк) қолданады; өндірісте-фасонды құюда, модельдерді оңай алып шығу үшін себеді, және оны сары және жасыл бояу алуға (жүн) қолданады.

Қырықбуындылар (Equisetophyta, немесе Sphenophyta)

Қазіргі кезде бұл бөлім бір класпен анықталады-қырықбуында және бір туыс қырықбуын (Equisetum). Туыс Австралия, Жаңа Зеландия мен тропиктік Африкадан басқаб арлық континенттерде таралған 30-35 түрі бар. Қырықбуын-биіктігі бірнеше см-ден бірнеше метрге жететін шөптесін өсімдік. Жойылып кеткен түрлерінің арасында биіктігі 15м жететін ағашты түрлері де болған. Сабағының анық метаметриясы бар, яғни буындар мен буын аралықтары кезектеседі. Жапырақтары қабыршаққа дейін редукцияланған және түйіндерде мутовка тәрізді орналасқан. Мұнда бүйір бұталары түзілген. Жапырақтары қатты редукцияланғандықтан, ассимиляция қызметін өркендер атқарады, хлорофиллі бар ұлпа эпидерманың астында орналасады. Қабықшаның клеткаларының қабығы кремнеземмен жабылған. Жер асты бөлігі түйіндерінде қосалқы тамырлар түзілетін жақсы тарамдалған тамыр сабақ. Қырықбуындардың кейбір түрлері (дала қырықбуыны) тамырсабағы түнекке айналады, олар қор заттарды сақтау мен вегетативті көбею қызметін атқарады. Тік тамырсабақтан жоғары қарай жер үсті өркендер өседі. Барлық өркендер мен тамыр сабақ жоғары қарай өседі. Көктемде жай немесе арнайы өркендерде спорофиллдерден тұратын масақ түзіледі, ол спорангийі бар алтықырлы қалқан тәрізді. Қазіргі қырықбуындардың барлық споралары, спорангийлер сияқты морфологиялық бірдей, бірақ гетероталлды және потенциалды екі жынысты. Бірақ морфологиялық споралардың теңдігі дала қырықбуынында физиологиялық әр түрлі споралылықпен үйлеседі, себебі физиологиялық әр түрлі споралар бір-бірне жақын тұрса, аналық пен аталықөскіндер түзіледі. Әр түрлі споралардың жақын орналасуы, дамыған споралардың қосарланып (түйін түрінде) таралуы арқылы іске асады, себебі олар бір-бірімен элатера көмегімен-спораның спиральді иірілген лента тәрізді сыртқы қабат көмегімен байланыстырылған. Өскіндер кіші жасыл пластикаға ұқсас, төменгі бөлігінде ризоидтар орналасқан. Аталық өскінде, антеридияда сперматозоид, ал аналық-архегонийде-жұмыртқа дамиды. Ұрықтану судың қатысуымен өтеді. Зиготадан жаңа өсімдік дамиды. Қырықбуын спораларында хлоропласттар бар, сондықтан олар тез өсу қабылетін жоғалтады.

Даму циклінде спорофит басым болады. Оның ассимиляцияға қабілеті бар жазғы, олардың тамырсабақтарында қор заттар жиналады, және көктемгі споралы өркендері болады. Өркеннің екі түрі бір тамырсабақта түзіледі. Кейбір түрлері, мысалы дала қырықбуыны малға қорек ретінде беріледі. Бірақ кейбір жерлерде олар улы болады. Оны медицинада қан тоқтататын және несеп айдайтын дәрі ретінде қолданады. Крахмалды түйнектері мен споралы өркендерін кейде тамаққа қолданады. Орманды аймақта дала қырықбуыны арамшөп ретінде өседі. Саз және жапырақты ормандардың қырыбуыны-улы. Оның қыстайтын түрінің қатты сабақтарын зімпаралы қағаз ретінде қолдануға болады.

Папоротниктәрізділер (Polypodiophyta, немесе Pterophyta)



Папоротниктер – ежелгі де, гүлденіп жатқан жоғары өсімдіктердің тобы. Жойылып кеткен папоротниктәрізділер ағаштектес және шөптектес болған. Қазіргі кезде олар жер шарында кең таралған және әр түрлі жерлерде кездеседі. Солтүстік жарты шардың біркелкі аймағының папоротниктері-жер үсті, көп жылдық тамырсабақты, ылғалды көлеңкелі жерлерді мекендейтін шөптесін өсімдіктер. Ылғалды тпропикалық және субтропикалық аймақтарда ағаштектес, шөптесін, лиана тәріздес эпифиттер кездеседі. Шөптесін параотниктердің жер үсті сабағы дамымаған, жер астысы ғана бар-тамырсабақ. Плаундар мен қырықбуындарғдан үлкен жапырақтылығымен ерекшеленеді. Бірақ жапырақтары ерекше: ұзақ жоғары өсетін; негізімен емес; ұялас бүршіктері жапырақ ішінде болады. Сондықтан олардың дапырақтары сабақ гомологі деп саналады, оларды вайя деп атайды. Тамырлары қосалқы. ВАйялар фотосинтез бен спора тасымалдау қызметін атқарады. Спорангийлері жапырақтың төменгі жағында орналасады және әр түрлілігімен бір-біріне қатысты орналасуымен ерекшеленеді. Көбінесе спорнагийлер топтасып жиналады (сориялар), олар жанмен қапталған-индузий, кейде жапырқтың төменгі бөлігнде бос орналасады. Қазіргі кездегі папоротниктердің арасында тең және әр түрлі споралылары кездеседі. Даму циклінде гаметофит пен спорофиттің кезектесуі байқалады. Өзі спорофит. Дамудың белгілі бір кезеңінде споралану байқалады. Споралар жетілгенде спорангийлер ашылып, споралар таралады. Споралар түзілер алдында редукциялық бөлу өтеді, сондықтан споралар гаплоидті. Өте көп спора түзілгеніне қарамастан, олардың бір бөлігі ғана қолайлы жағдайды күтіп, жаңа гаметофитке айналады. Олардың өсуіне ылғалдылық пен жылудан (15-30 oС) басқа, жарық қажет. Өскін (гаметофит) көбінесе қосжынысты, кейде бөлек жынысты, мысалы, су папоротниктерінде. Ортаңғы орыс папоротниктерінің гаметофиті жүректәрізді, тропиктердікінде-тарамдалған пластинка немесе жіпше тәрізді. Кейбір гаметофитттер жер асты болады, онда олардың хлорофиллдері жоқ. Әр түрлі споралылардың гаметофиттері қосжынысты, жер үсті (автотрофтар), ені 0,5 см. Төменгі бөлігінде антеридий мен архегоний түзіледі, антеридийлер ертерек дамиды, ол айқас ұрықтануға мүмкіндік береді, бірақ өзінен ұрықтану да мүмкін (ұрықтану судың қатысуымен жүреді). Ұрықтанған клетка диплоидті спорофитке бастама береді. Спорофит ұрығы гаметофит ұлпасына еніп, ұрық тамырының,бүршігінің, алғашқы жапырақ-тұқымжарнақтыңқоргін сіңретін гаусториядан (аяқша) тұрады. Қалытасқаннан кейін ұрық өседі, ал оның ұрық тамыры редукцияға ұшырап, орнында қосалқы тамырлар пайда болады. Папоротниктер көптеген өсімдік ассоциацияларының маңызды бөлігі, әсіресе тропиктік және субтропиктік, солтүстік. Көптеген түпрлері мүктер тәрізді әр түрлі топырақтардың индикаторлары болып табылады. Кейбіреулері декоративті гүлдерді өсіруде қолданылады. Плаундар, қырықбуында және папоротниктер миллион жылдар бойы пада болып, палеозой дәурінің таскөмір кезеңінде гүлденді. Осы өсімдіктердің қалдықтары таскөмір қабаты түзілген.
Тақырып 9. Ашық тұқымдылар бөлімі. Жалпы мінездемесі, көбею биологиясы.

Тұқымды өсімдіктер

Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: қарағайтәрізділер (немесе ашық тұқымдылар) және гүлділер (немесе жабық тұқымдылар). Олар әр түрлі споралылы, яғни оларда споралардың екі типі: микро- және мегаспоралар түзіледі. Микроспоралар аталық гаметофитке бастама береді, ал мегаспоралар-аналыққа, мегаспоралар спорангийде орналасады. Аналық гаметофиттің дамуы мен ұрықтану аналық спорангийдің ішінде өтеді. Таралу мен көбею мүшесі спора емес, тұқым, ол спораға қарағанда тиімдірек: споралы өсімдіктердің споралары нашар қорғалған бір клетка; қор заттары жоқ, қолайлы жағдайда топырақта гаметофитке айналады; тұқым-көп клеткалы, қор заттарымен қорғаныш қабықшасы бар, аналық өсімдікте дамиды. Тұқым тұқымжарнағынан дамиды (тұқымбүршіктер). Тұқымжарнақ мегаспорангийден-нуцеллустан және интергументтен (жабын) тұрады. Интергумент толығымен қапталмайды, жіңішке канал қалады-микропиле немесе тозаңесігі. Спорангий ішінде гаметофит түзіліп дамиды, кейін ұрықтану мен ұрықтың дамуы өтеді. Ең маңыздысы ұрықтану процесі суды қажет етпейді. Аталық гаметалар қозғалысын жоғалтып, аналық гаметаларға тозаң түтігімен жеткізіледі. Ұрықтанғаннан кейін тұқым түзіледі. Көптеген тұқымды өсімдіктер тұқымжарнақтың тұқымға айналуынан кейін, соңғысына қолайсыз жағдайды өткізіп, алысқа таралуыға мүмкіндік беретін, тыныштық кезеңі қажет. Осылай тұқымды өсімдіктердің споралылардың алдындағы артықшылығы, олардың жер үстінде тіршілік етуіне бейімделуі: ішкі ұрықтану; ұрықтың дамуы тұқымжарнақ ішінде өтеді; тұқымның түзілуі қор заттардың жинаумен өтеді. Тұқымды өсімдіктерге гаметофиттің әрі қарай редукциясы (гамета түзілу мен ұрықтану үшін қажет) мен спорофиттің күрделенуі өтеді. Гаметофит өзінің дербестігінен айрылып, топырақта емес, спорофитте дамиды.



Жалаңаш тұқымдылар (Gimnospermae)

Жалаңаш тұқымдылар – ежелгі өсімдіктер. Олардың қалдықтары палеозой дәуірінң девон кезеңінің қазбаларынан табылған. Қазіргі кезде олар негізінен ағашты өсімдіктер (100м биіктікке жетеді), бұталар, ағаштәрізді лианалар мен эпифиттер. Шөптер бір ғана туыс-вильямсониелла (бенниттілер) бар. Жалаңаш тұқымдылардың тарамдалуы негізінен моноподиальді; ағашы трахеидалардан тұрады, түтіктері жоқ (гнеттыладан басқасында). Жалаңаш тұқымдылардың жапырақтары ине тәрізді (қылқан) немес қабыршақты, кейбіреулерінде үлкен, папоротниктердің ваяларына немесе пальма жапырақтарына ұқсас. Олар көбінесе мәңгі жасыл, бір-, екі- немесекөп үйлі өсімдіктер. Тамырлар (негізгі, бүйір) ағаштар мен бұталарға тән құрылысты, микоризалары бар. Қосалқы тамырлар сирек кездеседі (қарапайым өкілдерінде). Негізгі ерекшелігі тұқымбүршігінің болуы және тұқымның түзілуі. Тұқымжарнақтар мегаспорофилдерде немесе сабақ ұшында ашық орналасады, сондықтан олар жалаңаш тұқымды деп аталады. Тұқымжарнақтан ашық жатқан тұқымдар орналасады. Тұқымжарнақ интергументпен қапталған мегаспорангийден түзілген. Тұқымда қор ұлпалар-эндосперм болады, өскенде тұқымжарнақтар сыртқа шығып, жапырақ қызметін атқарады. Даму циклінде ұрпақ ауысу байқалады-гаметофит пен басым спорофит. Тұқымды папоротниктер девоннан бор кезеңіне дейін тіршілік еткен, жойылып кеткен өсімдіктер. Олар ағашты немес лиана тәрізді, вайяларға ұқсас, үлкен жапырақтары мен қосалқы тамырлары бар өсімдіктер. Оларда ассимиляциялаушы жапырақтан басқа, споралы жапырақтар, кейбіреулерінде тұқымұрығы бар микро- және мегаспорангилері орналасқан. Тұқымды папоротниктер-папоротниктер мен тұқымды өсімдіктер арасындағы аралық ағзалар. Олардан, басқа тұқымды өсімдіктер дамыған көрінеді. Осылардың қалдықтары Ресей, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада таскөмірдің түзілуіне әкеліп соғады. Олардың гүлденуі юра кезеңінде болды. Қазіргі жалаңаш тұқымдылардың арасында, бұл ең таралған және үлкен топ. Қылтандылар-мәңгі жасыл, балқарағай мен метасеквоядан басқасы. Олар көбінесе биіктігі 10-15 –тен 100 м-ге дейін жететін, ағаштәріздес стланциялар, монопоидті тарамдалған бұталар. Ине тәрізділер (қылқан)немесе конустәрізді жапырақтар сабақта спиральді орналасады (бір-бірден) немесе шоғырланған, қабыршақты-супротивті. Қылқандыларда екіншілік ксилема жақсы дамыған, ол 90-95% трахеидалардан тұрады. Милы қабаты мен қабықшасы нашар дамыған. Алғашқы ұрықты тамыр оқтамаға айналып, өмір бойы қызмет етеді. Көбінесе тамырдың екі түрі дамиды: ұзарған немесе тарамдалған қысқа. Соңғылары микоризаны құрайды. Тамыр талшықтары белгілі бір бөлігінде орналасады. Көбінің қабығында, сүрегі мен жапырақтарында эфир майлары, шайыр, бальзам бар шайыр жолдары бар. Қылқандылар бір, сирек екі үйлі. Мысалы, қайың бір үйлі, аталық пен аналық бүрлері бір өсімдікте дамиды. Оның биіектігі 50 м жетеді де, 400 жыл өмір сүреді. Споралар 30-40-шы жылы түзіледі, бірақ ертерек те болуы мүмкін. Спорофиллдер екі түрлі, бір-біріне ұқсамайтын бүрлерде жиналады: аталықтары сыпыртқы тәрізді «гүлшоғыр», анлықтары-бір-бірден орналасады. Аталық бүл эллипс тәрізді, ұзындығы 4-5 см, диаметрі 3-4 см, қысқарған өркен жерінде қабыршақты қуыста түзіледі, осі жақсы дамыған, онда микроспорофилдер-редукцияланған споралы жапырақтар спираль тәрізді орналасқан. Оларды жабық тұқымдылардың аталығының гомологі ретінде қарастыруға болады. Микроспорофиллдердің төменгі бөлігінде микроспорангийлер (тозаңдық) түзіледі. Аналық бүрлер жас өркендердің ұшында түзіледі, олар үлкенірек және күрделі орналасқан. Негізгі осьте қабыршақтарды жауып тұратын қолтықтарда жоғары жағында екі тұқымбастамасы бар қалың қабыршақ түзіледі. Бұл қабыршақтар тұқымды деп аталады. Аналық бүр-бір осьте орналасқан, метаморфоздалған қысқарған бүйір өркендер. Аталық бүрдің микроспорангийінің ішінде күзге қарай көптеген микроспоралар түзіледі. Көктемде редукциялы бөлініп, гаплоидті микроспоралар түзеді (әр диплоидті аналық клеткадан төрт гаплоиді микроспора түзіледі). Микроспораның екі қабықшасы мен екі ауа қапшығы бар. Микроспоралардың өсуі микроспорангиялардын редукцияланған гаметофиттің дамыумен өтеді: микроспора ядросы митоз жолымен бөлініп (екі рет: алғашқы екі клетка жойылып, екі ядро түзіледі), антеридаальді клетка түзіледі, онда аталық гамета-спермилер, мен аталық клеткаларды аналық клеткаға жеткізетін вегетативті клеткалар пайда болады; вегетативті клетканың ферментативті өсуі нәтижесінде тозаң түтігі дамиды. Жалаңаш тұқымдыларда жынысты көбею мүшесі антеридилер жойылады. Микроспора тозаң жабынына айналады. Тозаң піскеннен кейін микроспорангилер ашылып, сыртқа шашылады. Ауа қапшықтары тозаңның таралуын қамтамасыз етеді. Аталық гаметофиттің әрі қарай дамуы тозаңданудан кейін аналық бүрінде ұрықбастамасының ішінде дамиды. Жас тұқмбастамасы нуцеллус пен ингументтен тұрады. Нуцеллус тұқымбастама болып табылады. Нуцеллустың ортаңғы бөлігінде мегаспораның бір үлкен клеткасы (мегаспораның аналық клеткасы), мейоз жолымен бөлініп, төрт гаплоидті мегаспора түзеді; олрадың үшеуі дегенерацияға ұшырап, біреуі бірнеше рет митотикалық бөлініп, көп клеткалы аналық гаметофитті (эндоспермді) түзеді. Сыртқы екі клеткадан (микропиле жанында) бір ғана аналық жыныс клеткасы жақсы дамыған, екі редукцияланған архегоний түзіледі. Ұрықтану тұқымбастамасы түзілгеннен 20

ай өткесін өтеді. Тозаңданудан кейін аналық бүрдің қабыршақтары жабылады, ал аталық гаметофит мегаспорангииде өз дамуын жалғастырады. Аталық гаметофиттің архегоний бағытында вегетативті клетка тозаң түтігіне дамиды, ал антеридиялы екі клетка түзеді: клетка-аяқша және спермагенді клетка. Оны бойлай тозаң түтігінен архегониге дейін жетеді. Спермагенді клеткасының ядросынан екі спермий (талшығы жоқ аталық гамета) ұрықтану алдында түзіледі. Архегониге жеткен соң вегетативті ядро жойылып, бір спермий аналық жыныс клеткасымен қосылады, ал екіншісі жойылады. Ұрықтанған жұмыртқадан-гаплоидті аналық гаметофит пен ингументпен қапталған тұқымбастамасынан тұратын, гаплоидті эндосперммен қоршалған, зигота дамиды. Осылай жалаңаш тұқымдылардың тұқымы –біріншілік гаплоидті эндосперм арқасында қоректентін, қабықпен қоршалған (2n - интегумент тұқымбастамасы) диплоидті ұрық түзіледі. Кәдімгі қарағайдың тұқымы тозаңданудан кейін , 2 жыл өткесін дамиды, ал келесі көктемде қабыршақтар ашылып, тұқым шашылады. Ұрық салпыншақтан, тамыршадан, сабақшадан және тұқмжарнағынан тұрады. Тұқымның өсуі қолайлы жағдайда көктемде біркелкі климат аймағында өтеді. Қылқандылар табиғи ландшафтарды түзеді. Олардың адам шарушылығындағы маңызы зор. Биогенздердің маңызды компоненттері бола отырып, олар су ұстағыш және эррозияға қарсы қызмет етеді. Олар құрылыс материалдары мен орманды-техникалық өндірісте кең қолданылады. Олардан вискоза, жібек, целлюлоза, штапель, бальзамдар мен шайыр, қайын жүні мен кафора, спирт пен сірке қышқылын, дубильді экстракттар және т.б., тамақ өнімдері мен дәрумендер алынады. Кейбір араукариялар, самырсындар, сібір қайынының құрамында првандыққа және бадам майына ұқсас 79% май бар. Медицинада, олардан дәрумендерден басқа, пинобин (спазмолиитикалық препарат) алынады. Халық медицинасында туберкулезді, жүйке бұзылыстарын, бүйрек, қуық ауруларын, геморройды, саңырулықты емдеуге және антилепроздызат ретінде қолданады. Қылқан мен жас өркендер бұландардың қорегі ретінде қолданады, қылқанмен құр қоректенеді, ал сібір самырсынымен көптеген жануарлар мен құстар қоректенеді. Аршаның бүржидектері-құрлардың қорегі. Тистілердің ағашынан қымбат бұйымдар жасалады, олар жәндіктердің зиянды әсерінен бұзылмайды.


Тақырып 10. Жабық тұқымдылар бөлімі. Вегетативті мүшелердің морфологиялық ерекшелітері.

Қосжарнақтылар. Түрлерінің жалпы саны 200 мыңнан асады (10 мың туыс пен 300 тұқымдас). Үлкен тұқымдастарды қарастырайық.

Крестгүлділер тұқымдасына 380тұқымдас пен 3 200 түрі бар. Олар негізінен солтүстік жарты шарда, негізінен Жерортатеңізінің маңында, Батыс пен Орта Азияда таралған. Олар шөптер, жартылай бұталар, немес бұталар. Жапырақтары жай, бөлішек жапырақтары жоқ, сирек жертағны тамырға жақын, рет ретімен орналасқан жапырқатар. Гүлдері шашақты, қосжынысты.

Гүл серігі төрт бөлімді, күлтелері қиылысып орналасқан, алты аталығы, бір аналығы бар, жемісі-бұршаққын. Гүл формуласы Ч4Л4Т2+4П1. Бұл тұқымдасқа тамаққа жарамды өсімдіктер, орамжапырақ, брюква, шалқан, шомыр, ақжелкен жатады; зәйтүн тәрізділер-қыша, арыш; көбі шалғын жерлердің арамшөптері-қышабас, қантжеміс. Ормандарда тарбақ мен айшық өседі. Орамжапырақтылардың көбі-жақсы балды өсімдіктер. Жәндәктермен тозаңданады.



Раушангүлділер немесе раушандыларға 115 туыс пен 300 астам түрі енеді; негізінен солтүстіктің біртекті және субтропикалық аймақтарда, кейде оңтүстік жарты шарда кездеседі. Оларға мәңгі жасыл, жапрық тастайтын ағаштар, бұталар және шөптер жатады. Жапырқтары әр түрлі, жай және күрделі, қауырсын және саусақ жүйкелі, бөбешік жапырақтары бар. Орналасауы рет-ретімен, кейде супротивті. Гүлдері бір-бірден немесе гүлшоғырға жиналып орналсқан, қосжынысты. Гүл серігі –бес, кейде үш-төрт және одан да көп бөлікті. Негізінде қосылып кеткен бес тостаған жапырақшасы бар (сирек он), бес күлтелі (немесе олар жоқ); көп аталықты (бес, алты немес одан да көп), аналықтары да көп. Жемістері әр түрлі: көпжапырақша, қауашақ, көпжаңғақша, алма, сүйекті жеміс және т.б. Гүл формуласы Ч5Л5ТµПµ .

Раушан (немесе итмұрын) - өркендерінде тікендері бар бұта, жұптанбағын қауырсынды жапырқты. Гүлдері үлкен, гүл серігі екі еселенген, бес бөлікті, күлтесі қызыл, ақ, қызғылт, сары. Аталық пен аналықтары көп. Көптеген раушандылардың түрлерін декоративті гүлдер ретінде культивирленеді. Жабайы өсетіндері-итмұрындар, бес бөлкті екілікті гүл серігі бар гүлдер. Итмұрындар жарық ормандар маңында, өзен бойында, орманды дала мен далада өседі. Имұрынның жемістерінде С, В2, Р, К және А провитаминдері, 1-8% қант, 2% крахмал және 1-5% азотты заттары бар. Итмұрынның арнайы экстрактін бауыр ауруларын емдеуге қолданады. Раушан гүлділерге келесі ағаштар жатады: алма, алмұрт, шие, өрік, черешня, бадам, айва, ирга, мойыл, шетен; бұталар: таңқурай, қожақат, костяника; шөптесін-бүлдірген мен құлпынай; декоративті-спирея мен долана.

Бұршақтәрізділер тұқымдасы

12 000 түрі бар (490 туыс) –ағаштар, бұталар, лианалар, ареалдың солтүстік аймағында көп және біржылдық шөптер. Көбі беркелкі және суық климатты жерлерде шөптер кездеседі; ағаштар мен бұталар тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі. Жапырақтары рет-ретімен орналасқан, бөбішек жапырқтары бар, күрделіқауырсынды- және күрделісаусақты, сирек бір-бірден ораналасқан. Тостағанша бес біріккен тостағанша жапырақшалардан тұрады; күлте бес жапырақты, ерекше «шатырқанат көбелек» тәріздес типті: жоғары күлтесі ең ірі-желкен, екі бүйіріндегілері-қанат немесе ескек, төменгі екеуі қайықшаға біріккен. Он аталығы бар, көбінесе аналықты қоршаған түтікке біріккен. Жемісі-бұршаққап, жиі көп тұқымды, сирек бір тұқымды. Бұршақтың гүлінің формуласы: Ч(5), Л1+2+(2), Т(9+1), П1, ал басқаларінікі: - Ч5, Л1+2+(2), Т(10), П1. Негізгі ерекшелігі-тамырда түйнекті бактериялармен симбиоз нәтижесінде түзілген, ауадағы азотты сіңіре алатын түйнектерінің болуы. Сондықтан бұршақты өсімдіктер азотты заттрады қорға жинап, ақуызға бай болады. Топырақ жамылғысын түзуде маңызы зор, ақуызға бай болғандықтан, тамаққа жарамды және азық заттар болып табылады; бағалы ағашты және декоративті өсімдіктері де бар. Бұл тұқымдасқа: сары акация, сиырбұршақ, беде, бау-бақшадағы өсімдіктер-бұршақ, үрмебұршақ, соя, бұршаққаптар, жоңышқа, бөрібұршақ.


Паслентәрізділер тұқымдасы 90 туыс пн 2 900 түр жатады, бүкіл жерде таралған, негізінен Оңтүстік Америка тропиктерінде өседі. Олар рет-ретімен орналсқан жай жапырқатары бар шөптер, аласа ағаштар. Гүлдер қосжынысты қуысты гүлшоғырларға жиналған немесе бір гүлді, бес бөлімді. Тостағанша бес бөлімді, сирек төрт-, алты-бөлікті, жемісте қалады. Бес аталығы (кейде төрт немесе екі), бір аналығы бар. Жеміс-қауашақты, жидек. Бұл туысқа кейбір жемістер мен емдік өсімдіктер жатады. Көптеген өсімдіктердің құрасында медицинада қолданатын алколоидтар бар. Гүл формуласы Ч(5), Л(5), Т(5), П1. Бұл тұқымдасқа жатады: бір жылдық арамшөп қара паслен, оның жидектері улы (барлық өсімдік сияқты), картоп, бұрыш, баклажан, темекі мен томат-бағалы азықты және техникалық дақылдар. Картоптан спирт пен крахмал алынады-бағалы азық. Сасық меңдуана мен беладоннадан бағалы дәрілік препараттар алады.

Күрделі гүлділер тұқымдасына 1 300 тұқымдас пен 25 000 түрден тұрады, олар жер бетінде кең таралған. Олар бір және көп жылдық шөптер, жартылай бұталар, сирек бұталар, лианалар мен қарапайым нашар тарамдалған сабақты аласа ағаштар. Жапырақтары рет-ретімен, сирек супротивті немес мутовка тәрізді ораналсқан. Жапырқтары жай, біріккен немесе әр түрлі бөлінген, кейде редукцияға ұшыраған, бөбешік жапырақтары жоқ. Гүлдері ұсақ, гүлшоғырларға жиналған, қапталып тұрады. Табақшасы қатты редукцияланған, күлтесі біріккенжапырақшалы, бес-бөлшекті; төрт типіне бөледі: түтікті, тілшелі, жалғантілшелі және воронка тәріздес- екіерінді. Түтікті гүлдер қосжынысты, бес ұсақ бөлігі бірігіп кеткен; жалғантілшелілердің төменгі ерні үш біріккен күлтеден, ұштары үш тісшемен аяқталады, тілшігі біраз ұқсас. Бұл тек қана аналық гүлдер. Гүлшоғыр ортасында түтікті гүлдер, ал жалғантілшелілер шетінде орналасады (түймедақ, күнбағыс, андыз). Воронкатәрізді гүлдердің күлтесі біріккен, бесжапырықшадан тұрады, гүлдері жыныссыз, көбінесе гүлшоғыр шетінде орналасады (гүлкекіре); тілшелі гүлдер бес бір жазықтықта бірігіп кеткен күлтелерден тұрады. Қосжыныстысы, өздері гүлшоғыр түзе алады; тозаңқапқа біріккен бес аталығы, бір аналығы мен бір жеміс-тұқымшасы бар. Күнбағыс себеті ортасында түтікті және шетінде жалғантілшелі гүлдерден тұрады. Көк гүлкекіренің себетінің ортасында түтікті, ал шетінде воронкатәрізді гүлдер орналасқан. Бақбақтың себеті тек қана тілшелі гүлдерден, ал сарықалуендікі тек қана түтікті гүлдерден тұрады. Көптеген күрделігүлділердің (немесе астралылар) декоративті маңызы зор «георгин, астралар, хризантемалар, маргариткалар-әсел). Олардың ішіндегі ең маңыздылары күнбағыс пен жер алмұрты (топинамбар). Күнбағыс-май алынтан мәдени өсімдік. Алғаш рет майды орыс шаруасы Воронежде XIX ғасырдың 20-жылдары алған. Топинамбурден диабетті емдейтін емдік препарат инулин алынады.

Даражарнақты өсімдіктер.

Даражарнақтылардың 64 000 түрі (2 600 туысы, 85-90 тұқымдасы) бар. Көбінесе –бір, екі, және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сирек ағаштар, бұталар мен лианалар. Олардың ішінде сулы-сазды, пиязшықты, эпифит түрлері көп. Барлық континенттерде таралған. Негізгі тамыры бір жарнақты нашар дамыған, оның қызметін қосалқы тамырлар атқарады. Гүлдері үш бөлікті, қосжынысты (сирек бір жынысты), ұсақ немесе ірі, гүлшоғырларға жиналған. Гүл серігі біріккен жапырақты немесе бос. Тостағаншасы күлтелі, алты аталығы мен бір аналығы бар.

Лалагүлділер тұқымдасында 70 туыс пен 2 500 түрі енеді, барлық жерлерде таралған. Жер асты тамырсабағы, түнекпиязшығы немесе пиязшығы бар, шөптесін өсімдіктер. Сабақтары жапырақтанған, немесе жапырақтары тамырдан басталады, тұтас, жіңішке. Гүлдері ұқсатардан үлкендерге дейін, қосжынысты, үш бөлікті. Гүл серігі жай, күлте немесе табақша тәрізді, алты бөлшекті. Алты, сирек үш немесе он екі аталығы мен бір аналығы болады. Жемісі-қауашақ, кейде жидек, тұқмдаырнда эндосперм бар. Әр түрлі жерлерде өсегу бейімделге түрлері бар. Кең таралған лалагүл, қызғалдақ, алоэ, драцена, інжугүл, қасқыржем, пияз бен сарымсақ. Пияздық өткір иісі оның құрамындағы эфир майына байланысты. Ол В мен С дәрумендеріне, антибиотиктер тобына жатқызатын фитонцидтерге бай. Оны қолдану асқазан сөлінің көп бөлінуіне, яғни тамақтың жақсы сіңірілуіне әкеледі. Сарымсақ құрамында сарымсақ майы мен гликозид бар. Қасқыржем, оның құрамындағы аспаргиннің арқасында несеп айдайды. Інжугүл тамырсабағында дәрі алатын улы заттар бар (жүрек тамшылары). Қызғалдақтар-декоративті өсімдіктер. Мәдениетте 8 000 гибридті сорты бар. Голландияда оларды өндірістік түрде өсеіріп, барлық әлемді қамтамасыз етеді. Лалагүлдің гүлі әдемі боялған, декоративті, табиғатта әр түрлі биотоптарда кездеседі: жарық ормандар, орманды шалғандар, субальпалық шалғындар. Орхидеялылар тұқымдасы жақсы белгілі, олар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Американың тропиктерінде кездеседі. Олардың ішінде эпифиттер көп, энтомофильді өсімдіктер де кездеседі. Декоративті өсімдіктер.

Қоңырбас немесе дәнді өсімдіктер тұқымдасы.

Қоңырбас немесе дәнді өсімдіктер тұқымдасы, оларға 900туыс пен 11 000 түр жатады. Барлық жерлерде таралған. Көпжылдық. Сирек бір жылдық шөптер немесе екіншілік ағашты өсімдіктер (бамбуктар). Сабақтарының буындары бар, буынаралықтарының іші бос, сирек толы болады. Жапырқтары рет-ретімен орналасқан, екі қатарлы, параллельді жүйкеленген, ұзын ашық қынапқа және ұзын жіңішке пластинкаға бөлінген (бамбуктарда сағақ болады). Гүлдері редукцияланған, қосжынысты (сирек бір жынысты, анемофильді). Гүлшоғыры масақ, сыпыртқы (күрделі масақ). Әр кішкентай масақ, жаьын немесе масақты қабыршақтард мен бірнееш гүлден (1-2) тұратын қысқарған гүлшоғыр.

Әр гүл екі гүл қабыршағымен қорғалады, үш аталығы (сирек 1,2 немесе 6, 120 жетеді), бір аналығы бар. Жеміс-көбінесе дәнек, сирек сүйекті жеміс немесе жидек, жаңғақтәрізді. Тұқымында ұнтақты эндосперм бар. Олардың ішінде ең маңыздысы бидай, одан нан пісіретін ұн алады; одан манка жармасын, макарон және т.б. алады. Оны 10 мың жылдам астам өсіреді. Бидайдың 4 000 сорты балгілі, кең таралғаны қатты және жұмсақ бидай.

Жүгері-оңтүстіктік бағалы азықтық және қоректік маңызы бар. Одан 150 дейін техникалық және азықтың тағамдар жасайды.

Қарабидай бидайға ұқсас. Оның ұны қаралау, бірақ нан өте дәмді болады.

Сұлы бидай мен қарабидайдан ерекше. Оның гүлшоғыры сыпыртқы. Оның дәндерінен толокно, сұлы жармасын, геркулес пен басқа да өнімдер алады.

Тары- сұлы тәрізді сыпыртқысы бар. Оның жармасы-тары, жақсы дамиды. Оның отаны –Шығыс Азия. Күріш- бағалы дәнді дақыл, ол оңтүстік аймақтар мен сулы жерлерде культивирленеді. Қоңырбастардың тұқымдасына осыларға қоса әр түрлі жабайы шөптер жатады: тимофеевка-бағлы азық шөбі; селеу-көп жылдық құрғақшылыққа төзімді; бидайық-тамырсабақты арамшөп. Дәнді дақылдар жер бетінде жақсы тарлған, көбі оңтүстік аймақтарда. Тропиктерде өсетін ағаш тектес дәнді дақыл –бамбук пен қант қамысы, жақсы белгілі. Олардың адам өмірінде маңызы зор- олармен қоректеніп, әр түрлі шикізаттар алады.





1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет