Өсімдіктер систематикасы пәнінен 050607 – Биология мамандықтары үшін лабораториялық сабақтар әдістемелік нұсқау Жетісай – 2009 ж Кіріспе



жүктеу 347.96 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі347.96 Kb.
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

“Сырдария” университеті


“Химия және Биология” факультеті
“Биология” кафедрасы


Өсімдіктер систематикасы пәнінен 050607 – Биология мамандықтары үшін лабораториялық сабақтар әдістемелік нұсқау

Жетісай – 2009 ж

Кіріспе.

Өсімдіктер систематикасы пәні теориялық курсының құрамдас негізгі бір бөлігі оның зертханалық – практикалық сабақтар болып табылады. Зертханалық – практикалық сабақ лекциялық курста өтілген материалдарды толықтырып жеке заңдылықтарды нақты материалдардың негізінде дәлелдеп, тұжырымдап отырады. Мұнда өсімдіктер әлемінің құрылысы, систематикалық топтарының өкілдері мүмкіндігінше тірі күйінде немесе кеппешөптер күйінде зерттеледі. Лекциялық курста берілген жеке өсімдіктер түрлерінің құрылысы олардың жеке систематикалық топтары өсімдіктердің морфологиялық белгілеріне қарап анықталады. Сонымен қатар болашақ биологтар бүгінгі студенттер практикалық сабақ барысында өсімдіктердің құрылыстарын олардың систематикалық бірліктерін үйрену, өсімдіктерден жеке дара гербарийлер дайындау, оларды анықтағыштар жәрдемінде анықтау тәсілдерін үйренеді.

«Өсімдіктер систематикасы»

Лабораториялық сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары

050607 – «биология» мамандығы, 2 – курс, 4 – семестр. 15 сағат






Тақырыбы, мазмұны

Сағат саны

Өткізілетін уақыты

Ұпай саны

1

2

3

4

5




1. Тарау.

1

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

1




1.0 балл

2

Прокариотты балдырлар

1




1.0 балл

3

Эукариотты балдырлар. Жасыл балдырлар бөлімі

1




1 балл

4

Тіркеспелілер класы

1




1 балл

5

Хара және эвгленалы балдырлар бөлімі

1




1.5 балл

6

Пирофитті балдырлар бөлімі

1




15 балл

7

Әртүрлі талшықты, жылтырауық сары балдырлар бөлімдері

1




1 балл




å1.Тарау.

7 сағат




8балл




№2. Тарау.










8

Диатомды балдырлар бөлімі

1




1.0 балл

9

Қоңыр балдырлар бөлімі

1




1.0 балл

10

Қызыл балдырлар бөлімі

1




1 балл

11

Пластидтері жоқ төменгі сатыдағы өсімдіктер. Кілегейлілер бөлімі.

1




1 балл

12

Оомицеттер класы

1




1.5балл

13

Зигомицеттер класы

1




1.5 балл

14

Жалаңаш қалталылар класс тармағы

1




1 балл

15

Қалталы саңырауқұлақтар. Плектомицеттер қатарларының тобы.

1










å2.Тарау.

8 сағат




8 балл



Барлығы


15 сағат




16 балл



Қолданылатын әдебиеттер тізімі негізгі.

Негізгі :

1. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника : Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.



  1. Курс низших растений (под ред М.В.Горленко) М. Высшая школа 1981 с520.

  2. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие Петрозаводск, 1992, изд. ПГУ с 111.

  3. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.

  4. Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1-бөлім Архегониальды өсімдіктер Алматы Қазақ университеті 2000ж.

  5. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы мектеп 1972.

Қосымша


  1. Назарбекова С.Т. Краткий курс лекции по систематике низших растений учебное пособие Алматы изд «Қазақ университеті» 1992г 129с.

  2. Лемеза Н.А. Шуканов А.С. Малый практикум по низшим рестениям учебное пособие Минск университетская 1994 с288.

  3. Буш Н.А. Систематика высших растений М.1959.

  4. Тахтаджян А.Л. Систематика магнофитов Л. 1987. с 440.

Флора Казахстана в 9-ти томах 1956-1966.

1-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып. Көк –жасыл балдырлар – Cyanophyua
1.Құрал-жабдықтар тізімі:Су, топырақтан алынған балдырлардың нұсқасы (пробасы),топырақты микропреператтар,микроскоп .
2.Жұмыстың мақсаты: Студенттерді көк-жасыл балдырлардың

морфологиялық ерекшеліктері және түрлермен таныстыру.


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: көк-жасыл балдырлардың

өкілдерінің талламын банкадағысулы пробадан алып уақытша перператтар даиындап, алдымен оларды микроскоптың кіші үлкейткішімен, содан соң үлкен үлкейткішімен, қарап зерттеп, суретке салып, детальдарын белгілеу.


4. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1.Көк-жасыл балдырлардың құрылысы.

2.Көк-жасыл балдырлардың морфологиялық ерекшеліктері

3.Көк-жасыл балдырлардың классификациясы


5.Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Көк-жасыл балдырлардың нұсқада (пробада)

Кездескен түрлерін микраскопта көріп, анықтағыш жәрдемінде Анықтап суреттерін салу.
6. Бақылау сұрақтары:


  1. Құрылысы бойынша көк-жасыл балдырлардың басқа балдырлардан аиырмашылығы.

  2. Көк-жасыл балдырлары талломдарының құрылысы.

  3. Коллония түзілісі

  4. Көк-жасыл балдырлардың көбею типтері.

  5. Көк-жасыл балдырлардың қоректену характері.

  6. Көк-жасыл балдырлардың теориялық және практикалық маңыздары, таралуы.


7.Әдебиеттер:

  1. О. Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы Төменгі

сатыдағыөсімдіктер Алматы “Ғылым” ғылыми баспа Орталығы 2003ж.

  1. Ә.Ә Әметов Ботаника Алматы 2000ж. Ы. Алтынсарин атындағы

қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинетті.

  1. Курс низших растенний (под. Ред. М.В.Горленко) М. Высш.

школа

  1. О. Адрахманов. Практические работы систематие Алматы 2000.

Низших растений Алматы. Респ. Изд. Кабинет Казакской академии образования им И. Алтынсарина.


2-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырыбы. Сарғыш – жасыл балдырлар – Xanthophyta.
1.Құрал – жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:Су қоималарынан топырақпен аралас нұсқа,балдырлардың преператтарын дайындау

микроскоп.


2. Жұмыстың мақсаты: Сарғыш – жасыл балдырлардың өкілдері:

Батридиум, вошерияның морфологиялық ерекшеліктерімен, құрылысымен таныстыру.


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Су ортасынан алынған пробадан бинокуляр лупа немесе микроскоптың кіші өлшемінде көру. Микроскопта көрінген балдырдың пішіні және хромотофора сандарына және олардың клеткаларының ұсақ зооспораларға бөлінуіне көкте бөлінеді. Балдырларды үйренуде фиксация етілген материалдар пайдалануы мүмкін. Преператтар дайындауға бір тамшы суды заттың айнаға тамызып, табынды айналсы жабылып, олардың пішіндері, жыныстың органдарының құрылысы үйреніледі. Таллондарының сүреттірі альбомға салынады
4. Студенттің алдын – ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

  1. Сарғыш – жасыл балдырлардың құрылысы

  2. Сарғыш – жасыл балдырлардың пішіндері, морфологиялық ерекшеліктерін игеру

  3. Сарғыш – жасыл балдырлардың негізгі өкілдерінің сипаттары.


5. Жұмыс нәтижелерін тапсыру:

Сарғыш – жасыл балдырлардың түрлерін анықтағыштар жәрдемінде анықтау. Лаборатория жағдайында дайындалған преператтарды тапсыру сүреттерін салу


6. Бақылау сұрақтары:

  1. Сарғыш – жасыл балдырлардың жасыл балдырлармен жақындығы және айырмашылығы

  2. Қайсы белгілерімен Вошерия сарғыш- жасыл балдырларға жатады.

  3. Вошерияның көбеюі

  4. Сарғыш – жасыл балдырлардың кластарға бөліну классификациясының негізі

  5. Сарғыш – жасыл балдырлардың шығу тегі мен эволюциясы




3-ші лабораториялық жұмыс


Тақырып: Жасыл балдырлар – Chlorophyta

Вольвокстар қатары – Volvocales

(Хломидомонада6 вольвокс)


  1. Құрал – жабдықтар, қажетті материалдар тізімі:Микроскоп

Хломидомонада вольвоксты сулар,фильтрлі қағаз,плакат (хломидоманада)
2. Жұмыстың мақсаты:

Студенттерді жасыл балдырлардың өкілі хламидоманады құрылысы, морфологиялық белгілері, клетка құрылыстарымен таныстыру


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Бір клеткалы хламидоманада – Сhlamydomonas балдырының морфологиялық және клетка құрылыстарының ерекшеліктері микроскоп көрінісінде үйреніледі. Ол үшін преперат дайындалады. Преперат дайындауға заттық айнаға пипетка жәрдемінде хломидомонады балдыры бар су тамшысы салынып, жабында айна жабылады. Микроскоптың үлкен көрсеткішімен қаралады. Микроскопта хломидоманадалық қозғалу характеріне көкке бөлінеді. Хломидомонадалық қозғалысы фильтрлі қағаз жәрдемінде тоқтатылады. Сүреттері альбомға салынады.

Микроскоп жәрдемінде вольвокстардың колониясы үйреніледі. Вольвокстар колониясынан вегетативті, партегонидиальды және жынысы клеткалары анықталады. Вольвокстарды үйрену тірі және фиксация етілген материалдарда үйреніледі. Сүреттері салынып, хломидоманада, вольвокстарды даму циклі схемасы жазылады.
4. Студенттердің алдын – ала меңгеріп келуге тиіст теориялық материалдары:


  1. Жасыл балдылардың алуан түрлілігі

  2. Көбеюжолдары

  3. Классификациясы


5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Хламидоманада балдырының преператтары. Вольвоксты балдырлардың преператтары. Хломидоманада және вольвоксті балдырлардың сүреттері


6. Бақылау сұрақтары:

  1. Жасыл балдырлардың морфологиялық структурасы

  2. Хломидоманада балдырының клетка құрылыстары

  3. Вольвоксты балдырлардың морфологиялық ерекшеліктері

  4. Вольвоксты балдырлардың клетка құрылысы

  5. Вольвокстардың жыныстық процестері



4-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Диатомды балдырлар –Diatomohyta

Пиннулярия- Pinnularia


  1. Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

  1. Пинуллярия бар су тамшысы.

  2. Микроскоп

  3. Плакаттар.


2. Жұмыстың мақсаты:

Диатомды балдырлардың өкілі пинулярия балдырының клетка құрылысы,морфологиясы таралу ерекшліктерімен танысу.


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Су қоймалары,лайқы суларда,аквариумдарда мол кездесетін балдырлардың арасынан пинуллярия балдырының препараты дайындалады.Препаратты затты айнаның үстіне банкадағы суданбір тамшы тамызады.Микроскоп жәрдемінде балдыры іздеп табылады.Алғаш микроскоптың кіші көрсеткіші ,соң үлкен көрсеткіші қолданылады.Микроскопта балдырдың клетка құрылысы, олардың қозғалысы көрсетіледі.Пинуллярияның тігістік көрінісі анықталынады.Альбомға пинуллярия талломы және клетка құрылысының суреттері салынады.


4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1. Диатомды балдырлардың күрделі құрылыстары.

2. Диатомды балдырлардың жыныстық процесстері.


  1. Диатомды балдырлардың клациссификациясы.

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Пинуллярия балдырының препараттары.

Пинуллярия балдырының фиксация етілген препараттары.

Пинуллярия балдырының толық суреттері.
6. Бақылау сұрақтары:

1. Диатомды балдырлардың классификациясы.

2. Диатомды балдырлардың клетка құрылысы.

3. Диатомды балдырлардың жыныстық процесстері.

4. Бентостың және планктонды балдырлардың ерекшеліктері.

5. Диатомды балдырлардың табиғаттағы маңыздылығы




Пиннулярия:А-белдеу жағындағы көрінісі,Б-қақпа жағындағы көрінісі,В-ұзыннан кесіндісі, Г-көлденең кесінді, Д-вегативті көбеюі , 1- генетика, 2-гипотека, 3-тігіс, 4-тұз, 5-хлоропласт, 6-пиреноид, 7-цитоплазма, 8-ядро, 9-вокуль.


.Центрикалық диатомалылар: 1-цеклотелла, 2-биддульфия, а-жақтау, б-белдеу, 3-хетоцерос, 4-косцинодискус, 5-трицерапиум, 6-мелопира, а-белдеу, б-жақтау жағы.


5-ші лабораториялық жұмыс.
Тақырып: Эвглена –Euglena

1.Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

1.Эвгленалы су

2.Микроскоп

3.Плакаттар.

4.Фильтр қағазы
2. Жұмыстың мақсаты:

Эвглена балдырының клетка құрылыстарымен танысу.Эвглена балдырының таралу орталары.Эвглена балдырының өкілдері.


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Құрамында эвглена бар бір тамшы суды заттың шыныға тамызып ,үстінен жабындық шынымен жабамыз.Препаратты микроскоппен қарап қозғалыс сипатына және де формасының өзгеруіне назар аударамыз. Одан соң жабындық шынының астындағы артық суды фильтр қағазымен тартып аламыз. Нәтижеде эвглена қозғалысы тоқтайды. Одан соң микроскоптың ұлғайтқышымен ұлғайтып қарап,эвглена клеткасының құрылысының суретін саламыз.


4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1. Эвглена балдырының клетка құрылысы.

2. Көбею жолдары.


  1. Негізгі өкілдері.

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Эвглена балдырының препараттары.

Эвглена балдыры клетка құрылысының суреттері.


6. Бақылау сұрақтары:

1. Эвглена балдырының тіршілігі және құрылыс ерекшеліктері.

2. Эвглена және динофитті ,криптофиттердің көбеюіндегі ерекшеліктері және ұқсастықтары.

3. Эвглена балдырының пигметтік құрамдары.

4. Эвглена балдырының табиғаттағы таралуы.

6-шы лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Саңырауқұлақтар-Mycohyta

1.Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

1Зақымданған картоп түйіні

2.Зақымданған картоп жапырақтарының кеппе шөптері.

2.Микроскоп

3.Плакаттар.

4.Нанда өсірілген мукор саңырауқұлағы


2. Жұмыстың мақсаты:

Оомицеттер класының өкілі картоп фитофторасының ,зигомицеттер өкілі –мукор саңырауқұлақтарының ерекшеліктерімен танысу.


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Картоптың зақымданған жапырағының төменгі жағынан оның қоңырқай тартқан бөлігімен зақымданбаған бөлігінің арасынан паразиттің гифасынан тұратын ақ жолақ табылады. Зақымданған жапырақтың көлденең кесіндісінен мезофилдің клеткаларының арасында орналасқан гифаларды сонымен бірге устьица қуысы арқылы сыртқа шығып тұратын бұтақтанған споронгия сағақтарын спорангилерімен қарастырады.Зақымданған жапырақтың суретін салады.

Мицелидің аздаған бөлігін спорангилерімен зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салып бетін жабын айнасымен жабады.Микроскоптың кіші үлкейткішімен қатты тармақталып бұтақтанған гифаларды спорангшия сағағын спорангиін споралырымен зерттеп қарастырады. Мицеллидің бір бөлігін спорангилерімен және зиготасымен суретін салып детальдарын белгілейді.
4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1. Саңырауқұлақтардың құрылысы.

2. Қоректенуі,көбеюі.


  1. Классификациясы.

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Картоптың зақымданған жапырағының төменгі жағындағы саңырауқұлақтар гифасы.Нанда өсірілген мукор саңырауқұлағы.
6. Бақылау сұрақтары:

1. Саңырауқұлақтардың талломдары,олар неден тұрады?

2. Саңырауқұлақтардың жеке жасушасы қандай құрылымдардан тұрады?

3. Фитофтора қандай өсімдіктерді зақымдайды?



  1. Мукор саңырауқұлағы қай жерлерде кездеседі?

  2. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән белгілері?


7-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар. Ascomycetes
1.Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

  1. Сыра ашытқысы – Sacchazomyces, cezerisiae.

  2. Шарап ашытқысы-S.Mipsoidens.

  3. Микроскоп МБИ-3

  4. Плакаттар.


2. Жұмыстың мақсаты:

Сыра ашытқысы – Sacchazomyces, cezerisiae және шарап ашытқысы-

S.Mipsoidens түрлерінің құрлысы, морфологиялық белгілерімен танысу.
3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Сыра немесе нан ашытқысы және шарап ашытқысы бар сұйықтың бір тамшысын пипеткамен алып, одан преперат дайындайды. Содан соң үлкен кішімен сыраның немесе наннның дөңгелек клеткаларын және шараптың сопақтау клеткаларын қарастырады. Одан бүршіктеніп жатқан клеткалардың және бүршіктену кезінде бөлініп үлгермеген клеткалардың тізбегін табады.

Клеткалардың екі түрінен де бірнешеуін суретке салып, детальдарын белгілейді.
4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1. Аскомицеті саңырауқұлақтардың құрлысы.

2. Аскомицеті саңырауқұлақтардың көректенуі.


  1. Көбею ерекшеліктері.

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Сыра немесе нан ашытқысы бар сұйықтар.

Шарап ашытқысы бар сұйықтық (вино).


6. Бақылау сұрақтары:

1. Аскомицеттер класының ерекшеліктері

2. Аскоспоралары бар қалталар қолай дамиды.

3. Аскомицеттердің жыныссыз және жынысты көбеюі.

4. Склероций және олар қандай заттардан тұрады.

5. Аскомицеттердің жыныс мүшелері.



Нан ашытқысы: А - біржасушалы таллом, Б-аскоспорасы бар жасуша, В - бүршіктену.




Эвроциилер: А-пеницилл, б-аспергилл, 1-конидиялары бар жасушалы таллом, 2-конидиялары бар біржасушалы таллом, 3-фиалид, клейстотеций кесіндісі.


8-ші лабораториялық жұмыс.
Тақырып:Плаун тәрізділер- Lycopodiophyta


  1. Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

Түйірлеуіш тәрізді жауының кеппе шөбі, плаунның, селагенемдің споралы масқтарының тұрақты препараттары.
2. Жұмыстың масаты:

Түйеуіш тәрізді және селагинелл плаундарының құрылыстарындағы даму кезеңдеріндегі ерекшеліктері ажырату.


3.Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Гербарийға спорасы толық пісіп жетілген өсімдіктерді жинап салады. Морфологиялық сипаттаманы мына схема бойынша жүргізеді.

1.Сабақ.

а) Көлденең кесіндісінің формасы: дөңгелек, жалпайып қабысқан.

2. Жапырақ

а) формасы (сүреті)

б) Сабақтың орналасуы

3. Спорофилдері

а) формасы (сүреті)

4. Споралымасақ

а) Орналасуы

б) формасы: ұзындау, цилиндр тәрізді, сопақтау-цилиндр тәрізді.

Плаунның 2 - 3 түрін сипаттап жазып анықтайды.
4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

Плаундардың құрлысы.

Плаундардың морфологиялық белгілері.

Плаундардың классификациясы.


5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Түйреуіш тәрізді плаунның кеппе шөбі.

Селагинеллдің споралы мақсаттарының тұрақұты преператтары.
6. Бақылау сұрақтары:

1. Плаундардың морфологиялық құрлысы

2. Плаундардың классификациясы.

3. Түйреуіш тәрізді плаунды не себептен тең споралы дейді.

4. Селагинелдің тіршілік жағдайы.

5. Селагинелдің даму кезеңі.

6. Сенагинелдің әр түрлі споралығы.

9-шы лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Қырықбуын тәрізділер.

1. Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

Лупа, таблицалар, егістік қырықбуынның көктемгі және жазғы гербарийлер үлгісі.
2.Жұмыстық мақсаты: Егістік қырықбуынның құрлысы ерекшеліктерімен, даму кезеңдерімен танысу.
3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Гербарийға споралы мақсаттары бар өсімдіктерді жинап салады. Морфологиялық сипатамалар жасау үшін мына схеманы пайдаланды.



  1. Өсімдік.

а) Өркендері бар: бірдей, спора түзетіп өркендерінің спора түзбейтін өркендерінен айрмашылықтары.

б) Өркендерінің пайда болуы, спора түзейтін, спора түзейтін споралар.

2. Өркен.

а) өмірінің ұзақтығы: бір жылдық, көпжылдық,

б) бұтақтану дәрежесі, бұтақтанбайтын, екі рет бұтақтанбайтын,

в) Сабақтағы қырларының саны

3. Жапырақ қынапшасы:

а) формасы: варонка тәрізді, целиндр тәрізді.

б) орналасуы: бір – бірінен қашықтау, бір – біріне жақын

в) жапырақтарының тістерінің формасы.

4. Спора түзетін масағы.

а) төбетей, үшкір, доғал.

Қырықбуынның 2-3 түрін сипаттап жазып анықтайды.
4. Студенттердің алдын – ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

Қырықбуынның құрылысы.

Қырықбуындардың морфологиялық белгілері.

Қырықбуынның классификациясы.


5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Гербарийдағы споралы масақтары бар өсімдіктерді морфологиялық сипаттамаларын көрсетілген схема бойынша тапсырылады.


6. Бақылау сұрақтары:

1. Қырықбуын спораларының дамуы.

2. Қырықбуындардың ерекше белгілері.


  1. Егістік қырықбуынның көктемгі – жазғы өркендерінің арасындағы

айырмашылықтар.

4. Қырықбуындардың классификациясы.

5. Қырықбуындардың табиғаттағы маңызы.

10 - шы лабораториялык жумыс

10 - ші лабораториялық жұмыс

Такырып: Попоротник тарізділер .


  1. Құрал жабдықтар және қажетті материалдар тізімі: Өсіп турған попоротник өсімдегі, микроскоптік плакат тар,гербарий үлгілері,папоротник сор үсыныңкөлденең кесіндісінің тұрақты преопараттары.




  1. Жұмыстың махсаты: Попоротник тарізділер өкілі-еркек ұсасырдың қурылысындағы және даму кезендерідегі ерекшеліктері мен танысу.




  1. Жұмыстын әдістемелік нұсқауы:

Гербарийға спора тұзу фазасындағы өсімдіктер алынады.Морфологиялық сипаттама жасау үшін мына схеманы пайдаланады.

А)Өмірінің үзындығы:көпжылдық,біржылдық

Б) Жапырағы:бірдей спора тұзетін жапрақтарының спора түзбейтін жапрақтарының айырмашылығы болады.

2. Тамырсабағы

а) жуандығы: жуан,жінішке

б) ұзындығы:қысқа,ұзын.

в) орналасуы:вертикалды, горизонталды.

3.Жапырағы:

а) тілімделген, тілімделмеген.

б) Жапырақ тахтасының кескіні:ұшбүрышты ланцетті, жүрек тәрізді, сопақша.

4.Сорин:

а)орналасуы:жапрақтарының шетеріндегі, жапрақның барлық жер інде, бір-біріне қашық орналасады, бір-бірінен бірігіп кетеды.

б) формасы:деңгелек, таспалы, тағы тарызды:

2-3 түрі анықталып, сипаттап жазылады.


4.Студенттердін алдын- ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдар:

Попоротник тәрізділердің қүрылысы классификатциясы.

Маңызы

Негізгі өкілдерінің морфологиялық белгілері.


5.Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Гербаний бойынша спора фазасындағы өсімдіктерде морфологиялық сипаттама жасалған схемасы түзіледі

6. Бақылау сұрақтары:


  1. Попоротник тәрзділерің жынысты және жыныссыз көбеюі

  2. Попоротник тәрзділерді басқа жоғары споралылардан айырмашылығы неде.

  3. Попоротник сорусыныңПопоротник сорусының, гаметофитінің құрылысы.

  4. Спораның құрылысы .

  5. Антеридій мен архегомидің орналасуы.

  6. Еркек усасырдың даму кезені.


11 - ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Жалаңаш тұқымдылар.


  1. Құрал-жабдықтылар және қажетті материалдар тізімі:

Кәдімгі қарағайдың және басқа қылқан жапырақтылардың строгий(шишкасы) бар гербаний үлгілері, фиксатцияланғвн жас аналық және аталық стробилдері, пісіп жетілген стрбилдер коллекциясы.


  1. Жұмыстың мақсаты: Қылқан жапырақты өсімдік-қарағайдың морфологиялық құрылысындағы және даму кезеңідегі ерекшеліктерімен танысу.


3.Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Гербанийға аталық және аналық стробилдері бар әртүрлі жастағы өркендерін алады. Морфологиялық сипаттамалар жасау үшін төмендегі схеманы пайдаланады.

1.Өсімдік

а) Өркені бар:тек ұзарған, екі түрлі типі бар ұзарған және қысқарған.

Б)Мәңгі жасыл :ґазда ғана жасыл болатын

2)Жапырағы

а)ине тәрізді, қабыршақ тәрізді

б)ине тәрізді формасы:жалпақ,жалпақтау-ойыс төртқырлы:төбесі үшкір ойыс .

3)Аналық стропилі( пісіп жетілген )

а)кеңістікте орналасуы: салбырап тұрады ,тік тұрады .

б)формасы:цилиндір тәрізді,сопақша,дөңгелек,т.б.

в)тұқымдық қабыршақтары : бар,жоқ:кескіні –сүректенген шырынды, формасы 2-3 түрін сипаттап жазады және анықтайды.


4)Студенттердің Алдан-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

Жалаңаш тұқымдылардың құрлысы.

Қылқан жапырақты өсімдіктердің көбею эвалюциясындағы ерекшеліктері.
5)Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Кәдімгі қарағайдың стропилі – шишкасы бар гербарийлер үлгілері,пісіп жетілген стробилдер коллекциясы.


6)Бақылау сұрақтары:

1)Жалаңаш тұқымды өсімдіктерді жоғары споралы өсімдіктерден қандай белгілері арқылы айыруға болады.

2)Жаллаңаш тұқымдылардың қандай белгілері жоғары споралы өсімдіктерге ұқсас болып келеді.

3)Қарағайдың тіршілік кезеңі.

4) Қарағайдың аталық және аналық түрлерінің құрлысында қандай ерекшеліктері бар.

5)Қарағайдың аталық және аналық гаметариптері.

6)Тұқымды өсімдіктердің пайда болуы. Эволюциялық дамуда қанддай маңызы бар.


12-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Қос жарнақтылар –Dicotyledonae.

Сарғалдақ тұқымдасы-Ranunculaceae.
1) Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің кеппе шөптері,тірі өсімдік түрлері,анықтағыш кітап.


2) Жұмыстың мақсаты: Күйдіргіш сарғалдақтың морфологиясымен,гүл бөліктерінің ерекшеліктерімен танысу.

3) Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Гербарийға күйдіргіш сарғалдақты синап салады.

Морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты сипаттамалар .төмендегі ссхемалар бойынша жүргізіледі.

1)Өсімдік

а)Ағаш , бұта,шөптесін өсімдік (көп,бір жылдық)

б)Қос жарнақты, дара жарнақты.

2)Тамыр системасы.

А)Кінік,қосалқы,ар алас тамырдан тұрады.

Б)Формасы:кінік тамырлы,шашақ тамырлы тармақталған тамырлы.

3)Сабан


а)тік сабақтар,шырмалғыш сабақтар ,өрмелегіш сабақтар,жатаған сабақтар.

б)бұтақталған,бұтақталмаған.

в)такті,түксіз

4)Жапырақ

а)жай жапырақ:сағақты,отырмалы,қынапшалы.

б)жапырақтары шеті формасы:тұтас ,ара тәрізді,тиісті.дөңес.

в)күрделі жапырақтар,қосалқы жапырақшалары жоқ,қосалқы жапырақшалары бар,жапырақтары кезектесіп,қарама –қарсы ,топтасып,жертаған түзеді.

5)Гүл шоғыры.

а)Күрделі симподиальды:монохазил ,дихазил,тирс.

Б)Күрделі моноподиальды:күрделі масақ,күрделі шатер,сыпырғы,қалқанша.

6)Гүл

а)ацинаморфты,зигоморфты



б)гүл серігі:қосарланған,қарапайым ,жалаңаш гүл

7)Жемісі


а)Жай:құрғақ көп дәнді:топтама боб,бұршаққын,қауашақ

б)Біріккен топтама,біріккен тұқымша,біріккен жаңғақша ,біріккен сүйекті же міс. Осы морфологиялық белгілері арқылы анықтауыштар жәрдемінде анықталынады,нәтижеде тұқымдас,туыс,түрдің латыын ) тіліндегі Атон орысша,қазақша аттары жазылады.


4-Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

Қос жарнақтылардың биологиялық ерекшеліктері классификациясы.


Сарғалдақтың негізгі морфологиялық ерекшеліктері
5.Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Сарғалдақ тұқымдасы өсімдіктерінің анықталған түрлері.


6.Бақылау сұрақтары:

1.Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер қандай тіршілік жағдайында кездеседі.

2.Гүл симметриясы қандай

3.Гүлінде аталық,аналық саны.

4.Күйдіргіш сарғалдақтың морфологиялық құрлысы.

5.Гүлі қандай бөліктерден тұрады.

6.Күйдіргіш сарғалдақтың гүл формуласы.

7.Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері




13-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Бұршақ тұқымдасы.
1. Құрал – жабдықтар және қажетті материалдар тізімі: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гербари үлгілері, тірі өсімдіктер, анықтауыш кітаптар, түйнектері бар тамырдың ылғалды преператы, лупа.
2. Жұмыстың мақсаты: Тұқымдас өкілдерінің жалпы сипаттамасы мен, жеміс ерекшеліктерімен танысу.
3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Гербарийға гүлді, тамыр, жапырақты өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасын жасау үшін төмендегі схема пайдаланылады.

а) өмірінің ұзындығы: көп жылдық, бір жылдық

б) Тамыры: кіндік, шатақ

в) Жапырақ тақтасының кескіні: ұшбұрышты, ланцетті сопақша

г) Жапырақтарының орналасуы: қарама-қарсы, кезектесіп


4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдар:

  1. Бұршақ тұқымдасы өсімдіктеріне жалпы сипаттама.

  2. Классификациясы

  3. Маңызы

  4. Негізгі өкілдерінің морфологиялық белгілері

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:



Бұршақтар тұқымдасы өсімдіктері өкілдерінен дайындалған гербарилерден морфологиялық белгілеріне қарай анықтағыш кітаптар жәрдемінде өсімдіктер тұқымдасы, туысы, түрлерін анықтап сүреттердін салу гүлформуласын түзу
6. Бақылау сұрақтары:

1. Бұршақ тұқымдастардың органдарының негізгі ерекшеліктері

2. Гүл құрылысы

3. Гүл шоғырларының типтері

4. Жергілікті жерде қандай бұршақ тұқымдас өкілдері кездеседі

5. Бұршақ тұқымдастардың географиялық таралуы, экологиясы.



№14-ші лабораториялық жұмыс.


Тақырып: Даражарнақтылар класы- Monocotyledoneal Лалагүл тұқымдасы – Liliaceal


  1. Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі: Тірі өсімдіктер, өсімдіктердің кеппешөп даналары, пиязшылықтар, анықтағыш кітаптар.




  1. Жұмыстың мақсаты: Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелеріндегі ерекшеліктерді ажырату.

3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

а) Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден лалагүл тұқымдас өсімдіктердің вегетативті мүшелерің талдау

б) Гүл құрылысына зер салып, гүл серігінің қандай екендігін, санын анықтау

в) Гүлдің аталықтары мен аналықтарын қарап, санын анықтау

г) Пиязшқты ортасынан жарып, қабыршақтарын, түбіртегіг қарау

д) Анықтағыш кітаптан лалагүл тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формуласын құрастыру

е) Сүреттерін салу және талдау


4. Студенттердің алдын –ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдар:

  1. Даражарнақтылар қласының жалпы сипаттамасы

  2. Даражарнақтылардың биоморфологиялық ерекшеліктері

  3. Лалагүл тұқымдасының өкілдері

  4. Лалагүлдің пиязшықтарының морфологиясы

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:



Лалагүл тұқымдасы өкілдерінің кеппешөбінен вегетативті мүшелерін

талдау.


Гербарий материалдарынан анықтағыш кітаптарынан пайдаланып

өсімдік түрлерін анықтау


6. Бақылау сұрақтары:

  1. Лалагүл өсімдіктері қандай белгілері бойынша даражарнақтылар қласына жатады.

  2. Лалагүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады

  3. Лалагүлді өсімдіктердің вегетативті мүшелері

  4. Гүлдерінің ерекшеліктері

  5. Пиязшықтарының ерекшеліктері

  6. Жергілікті жерде лалагүл өсімдіктерінің қандай түрі өседі


Май інжігүлі:А-жалпы көрінісі,Б-гинецей,В-түйіннің көлденең кесіндісі,Г-гүлдің ұзыннан кесіндісі,Д-аталық,Е-гүл диаграммасы,,Ж-жеміс жидек,З-гүл құрылысының схемасы:1-негізгі өсі(әрқашан вегетативтік өркен)


15-ші лабораториялық жұмыс


Тақырып: Астық тұқымдастар – Geramineae
1.Құрал – жабдықтар және қажетті материалдар тізімі: тірі өсімдіктер, астық тұқымдас өсімдіктердің кеппешөп даналары, дәндері, бидайдың сорттары, анықтағыш кітап.
2. Жұмыстың мақсаты:

Астық тұқымдас өсімдіктердің түрлері мен вегетативтік, генеративтік мүшелеріндегі ерекшеліктерімен танысу.


3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

а) Тірі астық тұқымдас өсімдіктер өкілдерінен немесе кеппешөптерден вегетативті мүшелерін талдау

б) Астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақ құрылыстарын талдау

в) Астық тұқымды өсімдіктердің тамыржүйелерінің түрлері

г) Астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарының орналасуын анықтау
4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдар:


  1. Астық тұқымдастар өсімдіктерінің биоморфологиялық ерекшеліктері

  2. Астық тұқымдас өсімдіктердің классификациясы

  3. Астық тұқымдас өсімдіктердің мәдени түрлері

  4. Астық тұқымдас өсімдіктердің маңызы


5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Астық тұқымдас өсімдіктердің кеппешөбінен немесе тірі өсімдіктерден вегетативті мүшелерін талдау.

Гербарий материалдарынан анықтағыш кітаптарынан пайдаланып өсімдік түрлерін анықтау
6. Бақылау сұрақтары:


  1. Астық тұқымдас өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

  2. Астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақтары, тамыры

  3. Астық тұқымдастардың қандай гүл шоғыры болады

  4. Гүл бөлімдерінің ерекшеліктері

  5. Жұмақ бидайға сипаттама беру

  6. Жергілікті жерде қандай астық тұқымдас өсімдіктер өседі.



Жұмсақ бидай:А-гүлшоғыр күрделі масақ,2-масақша,3-аналық және лодикул,4-жеміс дәнек,5-жапырақ (а-тілше,б-құлақша).


7.Әдебиеттер:

  1. О. Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы Төменгі

сатыдағыөсімдіктер Алматы “Ғылым” ғылыми баспа Орталығы 2003ж.

  1. Ә.Ә Әметов Ботаника Алматы 2000ж. Ы. Алтынсарин атындағы

қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинетті.

  1. Курс низших растенний (под. Ред. М.В.Горленко) М. Высш.

школа

  1. О. Адрахманов. Практические работы систематие Алматы 2000.

Низших растений Алматы. Респ. Изд. Кабинет Казакской академии образования им И. Алтынсарина.
Лабораториялық сабақ мәтіні “Биология” кафедрасының

29. 09. 2009 ж. мәжілісінде талқыланып және № 1 хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы С.С. Кукиев



Құрастырған кафедра оқытушысы, б.ғ.к.,доцент С.Е. Келдібеков








©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет