Өскемен қаласының шалғай ауылды мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау сұлбасы мен тәртібін бекіту туралы



жүктеу 83.32 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі83.32 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
ҚАУЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Өскемен қаласының шалғай

ауылды мекендерінде тұратын

балаларды жалпы білім беретін

мектептерге тасымалдау сұлбасы

мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автокөлік құралы туралы» Заңының 14-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес,Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Өскемен қаласының шалғай ауылды мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі мен сұлбасы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Өскемен қаласының

әкіміТ. Қасымжанов

М. Ахметова

Өскемен қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___»__________

№ ___________ қаулысына

2 қосымша



Өскемен қаласының шалғай ауылды мекендерінде

тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге

тасымалдау тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен жүкті автокөлік құралымен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

2. Балаларды Тасымалдаушы (бұдан әрі - Тасымалдаушы) білім беру ұйымы болып табылады, ол өзіне тиесілі автобусты тасымалдаушыларға қатысты Ереженің талаптарына сәйкес пайдаланады.

3. Тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асырмас бұрын балаларға тасымалдау ұйымдастыру туралы шешімін бұйрықпен ресімдейді, онда лауазымды тұлғалардың міндеттерін және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды регламенттейді.

4. Тасымалдау қауіпсіздігіне қауіп келтіретін жол жүру немесе қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттармен қарастырылған жағдайларда тасымалдаушы сапарды өзгертеді және шұғыл түрде тасымалданатын балаларға ақпарат жеткізу бойынша шаралар қабылдайды.

5. Басқа жағдайларда жол жүру жағдайларын қолайсыздықпен өзгерту кезінде (қозғалысты шектеу, жүргізуші жылдамдықты арттырмай кестеге сәйкес жүруге мүмкіндік бермейтін уақытша кедергілер пайда болғанда) кесте жылдамдықты азайту жағына түзетіледі (қозғалыс уақытын арттыру).

6. Балаларды тасымалдайтын әрбір автобусқа Тасымалдаушы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері бойынша даярлықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқаудан өткен өз қызметкерлері қатарынан жауапты тұлғалар тағайындайды.

7. Нұсқауды білім беру ұйымдарында жолжүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға өткізеді.

8. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілер жіберіледі.

9. Автобус жүргізушісіне балалар тасымалдау кезінде тыйым салынады:

1) жылдамдығын сағатына 60 км асыруға;

2) жол жүру бағытын ауыстыруға;

3) балалардытасымалдайтын автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез-келген жүкті және мүлікті тасымалдауға;

4) автобустың салонында балалар болғанда, сонымен қатар балаларды отырғызу және түсірукезінде автобустан шығуға;

5) автокөлік колоннасында жүріп келе жатқанда алдындағы автобусты басып озуға;

6) автобусты артқа шегіндіруге;

7) егер көлік құралы өздігінен қозғалып кеткен немесе көлік құралын жүргізуші жоқ кезде жүргізіп кетпеген жағдайда басқа, өз орнын және көлік құралын тастап кетуге.

10. Отырып (түсіп) болғаннан кейін автобусты орнынан қозғалту жүргізушіге алып жүрушінің отырып (түсіп) болғандары туралы хабарламасынан кейін және автобустың есіктері толығымен жабылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

11. Көлік құралы жақындаған кезде алып жүрушілер балалардың жүгіріп шығуына жол бермей, жолдың жолаушылар жүретіншетінде жиналып тұруларын қадағалаулары қажет.

12. Алып жүрушілер балаларды отырғызатын жерге ұйымдасқан түрде жеткізеді (кішкене балаларды – екі-екіден қатарға тұрғызып). Отырғызу автобустың алдыңғы есігі арқылы жүзеге асырылады.

13. Алып жүрушілер автобус жүріп келе жатқан және тоқтап тұрғанда автобусқа отырғызу және түсіру кезінде балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.

14. Автобусқа балаларды отырғызу отырғызатын алаңда алып жүрушінің басшылығымен автобус толығымен тоқтағаннан кейін және жүргізушінің бақылауымен жүзеге асырылады.

15. Жол жүріп келе жатқанда алып жүрушілер балаларға тыйым салады:

1) салонда тұруға және жүруге;

2) есік пен терезеге сүйенуге;

3) жоғарғы сөреге ауыр және тұрақсыз жеке заттарын қоюға;

4) қол жүктерін өтетін жерлер мен кіреберіс (шығатын) алаңына орналастыруға;

5) терезе ойығынан басын шығаруға;

6) терезеден қоқыс және басқа да заттарды лақтыруға;

7) жазатайым оқиғаның алдын алуға бағытталған жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін жағдайлар туралы хабарламалардан басқа жағдайда жүргізушіні көлік құралын басқарудан алаңдатуға;

8) жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірмейтін жағдайларда апаттық құрал-жабдықтарды пайдалануға;

9) есік ашуға;

10) төбелесуге, итеруге, қозғалмалы ойындар ойнауға.

16. Автобус тоқтап тұрған (аялдама) кезде балаларды автобустан түсіру алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен автобустан алып жүруші шығады. Автобус тоқтап тұрған (аялдама) кезде алып жүруші автобустың алдыңғы есігінің жанында тұрады, ол балалардың түсуін және жолдың шетіне шығып кетпеулерінқадағалайды.

17. Автобустан түскен кезде әрбір бала бір қолыменжеке заттарын (сөмке, пакет және т.б.), екінші қолымен баспалдақтың тұтқаларынан ұстанады. Оқушылар тепе-теңдіктерін жоғалтып, басқа жолаушыларды жарақаттамау үшін иыққа ілінетін рюкзактар мен сөмкелерін иықтарынан түсіріп, қолдарына алулары қажет.

18. Автобустан түскенде алып жүрушілер тыйым салады:

1) есікке қарай бет алғанда итеруге, төбелесуге;

2) баспалдақтардан секіруге;

3) көлік құралын жолаушылар жүретін жақтан айналып өтуге;

4) жолаушылар жүретін жерге жақын жерде қозғалмалы ойындар ойнауға.

19. Түскеннен кейін алып жүрушілер:

1) тиісті жерге жеткен балаларды санайды;

2) ұйымдасқан түрде оларды автобустарды қоюға арналған алаңнан алып жүреді.





  1. Қорытынды ережелер

20. Осыбалаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының автокөлік құралы туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін болады.

Өскемен қаласы әкімдігінің

_____________2015 жылғы

№ _______қаулысына

1 қосымша



Өскемен қаласының шалғай ауылды мекендерінде тұратын

балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау

сұлбасы


1


Тура бағыт

Кері бағыт

Загородный кенті,

«Конечная» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

«Арматура зауыты» ауданы,

«Машиностроительдер көшесі» аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң;

«Арматура зауыты» ауданы,

«Улица Свободы» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

«№ 18 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.


«№ 18 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң;

«Арматура зауыты» ауданы,

«Машиностроительдер көшесі» аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң;

«Арматура зауыты» ауданы,

«Улица Свободы» аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң;

Загородный кентіндегі «Конечная» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң.



2


«Инвестор» бағбандық қоғамынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

Жаңа-Ахмер ауылы,

«Ахмер орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.


Жаңа-Ахмер ауылы,

«Ахмер орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң;

«Инвестор» бағбандық қоғамынан 50 метр қашықтықтағы алаң.


3


«Арман» бағбандық қоғамынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

Жаңа-Ахмер ауылы,

«Ахмер орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.


Жаңа-Ахмер ауылы,

«Ахмер орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің алдындағы алаң;

«Арман» бағбандық қоғамынан 50 метр қашықтықтағы алаң.

4


Прудхоз ауылы, «Прудхоз» аялдамасынан 100 метр қашықтықтағы алаң;

Ново-Явленка ауылы,

«Талап бойынша 2» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

Ново-Явленка ауылы,

«Талап бойынша 1» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

Ново-Явленка ауылы, «Центральный дүкені» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

28 тұрғын аудан,

«№ 33 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.



28 тұрғын аудан,

«№ 33 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң;

Ново-Явленка ауылы, «Центральный дүкені» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

Ново-Явленка ауылы,

«Талап бойынша 1» аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

Ново-Явленка ауылы,

«Талап бойынша 2» аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң;

Прудхоз ауылы, «Прудхоз» аялдамасынан 100 метр қашықтықтағы алаң



5


Самсоновка ауылы, қалалық автобустың соңғы аялдамасынан

50 метр қашықтықтағы алаң;

«№ 42 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.


«№ 42 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

алдындағы алаң;

Самсоновка ауылы, қалалық автобустың соңғы аялдамасынан 50 метр

қашықтықтағы алаң






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет