Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы



жүктеу 26.38 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі26.38 Kb.




Әулиекөл аудандық мәслихаттың

2014 жылғы «____» ___________ 

№____ шешімімен   бекітілген       
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінің ауылдыр тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Құсмұрын кентінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.


2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
      3. Бөлек жиынды Құсмұрын кентінің әкімі шақырады.

Әулиекөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге өз шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпараттық құралдары және басқа тәсілемдер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Құсмұрын кентінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Құсмұрын кентінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Құсмұрын кенті ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Құсмұрын кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аманқарағай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Құсмұрын кенті ауылдарының тұғындары өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Құсмұрын кенті әкімінің аппаратына береді.
__________________________________________________________

Әулиекөл аудандық мәслихаттың

2014 жылғы «____» ___________ 

№____ шешіміне   қосымша



Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы



Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Киров ауылы

3

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің

137


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет