«Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев



жүктеу 3.96 Mb.
бет1/24
Дата03.04.2016
өлшемі3.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж



«Қостанай таңының» кітапханасы

Сәлім МЕҢДІБАЕВ
БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ

Сәлім МЕҢДІБАЕВ


БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ

Журналист жазбалары

Қостанай – 2013 ж.

Ата-анам


Тоқмырза Меңдібайұлы мен

Сара Шектібайқызына

ескерткіш.

Автор.


«Біздің елдің жігіттері». Бұл – жазушы-журналист Сәлім Меңдібайдың ұзақ жылдар бойғы журналистік жұмысының жемісі. Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында табан аудармастан қырық жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан қаламгер соңғы уақытта жазған очерк, суреттемелері мен естелік-эсселерін осы жинаққа топтастырыпты.

Бұл кітапта облысқа, бүтіндей елімізге танымал тұлғалардың өмір жолы мен өнегелі істері, олардың отансүйгіштігі мен ұлтжандылығы, бір сөзбен айтқанда, қайталанбас табиғи болмысы журналистік шеберлікпен баяндалады.

Автор жеке адамдар туралы жаза отырып, бүгінгі заман суретін дәл салады, өткен кезеңнің келісті келбетін көз алдыңа елестетеді. Ол әрбір кейіпкеріне өзінің ықыласы мен пейілін төге отырып, жалпы адами құндылықтар, адамгершілік қағидаттары туралы тебіренеді.

Бұл журналист-жазушының жетінші кітабы. Белгілі дәрежеде өз оқырмандары алдындағы есебі.

Туынды жалпы жұртшылыққа арналған. Бұл дүниелердің бәрі де кезінде облыстық «Қостанай таңы» газетінде жарияланған еді. Сондықтан да басылым «Қостанай таңының» кітапханасы сериясымен жарық көріп отыр. Әрбір очерк газетте жарияланған алғашқы нұсқасында беріліп отырғанын еске саламыз.

Осы кітапты дайындау барысында авторға өлшеусіз көмек көрсеткен «Қостанай таңының» қызметкерлері, менің алтын қарындастарым Меруерт Қалаусызова мен Базаркүл Жанкишеваға ағалық ақ алғысымды айтып, тілектестік көңіл-ізетімді білдіремін.




Бұлақтай таза, теңіздей терең,

аспандай асқақ

Ілияс Омаров және оның өркен жайған әулеті

туралы әңгіме
1. Текті жердің түлегі
Ілияс Омаров кім еді? Ғабит Мүсіреповтің сөзімен айтсақ, "Ілияс Омаров жиырма жасынан бастап қоғамдық істерге араласып кетті. Есейе келе екі рет министр, екі рет облыстық, бір рет өлкелік (Орталық) партия комитетінің секретары болды. Бірақ ол отырған орнына қарай үлкен де, кіші де көрінген емес. Қайда да жауапкер, қайда да іскер, қайда да заманының үлкен қайраткері, қадірлі азамат қалпынан өзгермей танылатын. Орын оны көркей-тпейтін, орынды ол көркейтетін. Ілияс бір орыннан екінші орынға ауысқанда істес болған адамдары құшақтасып қоштасатын да, баратын жерінің адамдары құшағын жайып қарсы алатын. Еш уақытта, ешбір қызметте Ілиястың артынан өсек-аяң, жәбір-жапа, сықақ-келемеж ере жүрмейтін еді".

Ілияс Омаров 1912 жылы 1 қазанда Сарыкөл ауданы Қараоба ауылында дүниеге келді. Оның төртінші атасы Жазы – қазақ тарихындағы белгілі тұлға. Шоқанның әкесі Шыңғыстың тұсында би болып, алты рулы елді аузына қара-тқан, орысша сауатты, ел ішінде сыйлы жан екен. Ол кезінде Орынбор, Омбы губернияларындағы қазақ жерлерінің шекарасын белгілейтін комиссия құрамында жұмыс істеп, Ресей мен Қазақстан шекарасын межелеген. Кеңес үкіметі кезінде Ахмет Байтұрсынов бастаған топ қазіргі Қазақстан шекарасын анықтап, көршілес Ресей губернияларына заңсыз қарап кеткен қазақ жерлерін қайтып аларда, сөйтіп болашақ тәуелсіз Қазақстан жерінің аумақтық тұтастығын сақтап қалуда сол "Жазы би сызығының" ерекше маңызы болған.

Ал Ілиястың алтыншы атасы Қарабалуан Алдиярұлы атақты Шақшақ Жәнібектің үзеңгілес серігі, тарханның қанды көйлек сарбазы болған. Сол Қарабалуанның әкесі Ілиястің жетінші атасы Алдияр мен Міржақып Дулатовтың жетінші атасы Мадияр екеуі бір туысқан бауырлар. Жақаңның көп шығармаларын Мадияр деген бүркеншек атпен жариялау сыры да сонда жатыр. Ілекеңнің әкесі де, шешесі де әйгілі Төле биге жиен болып келеді.

Біздің жерлес ағамыз, жазушы-ғалым Жұмағали Ысмағұлов айтқандай, "Ілияс Омаров қазақ халқының белгілі азаматы, қайраткер ұлы болып қалыптасқанда, бәлкім, оның ата-тегіндегі ұлылардың да шарапаты тиген болар".

Расында да, Ілекең текті жерден шыққан ұл еді және сол ұлы бабаларына сай үлан бола білген ұрпақ еді. Өз тұстастары ішінде оның бедел-бітімі ерекше жоғары болатын. Терең білімді, мінезге бай, ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласынан хабардар жан қолға алған істі бірден үйіріп әкететін. "Үлкендер ішінде кіші емес, кішілер ішінде үлкен емес, бір ғажап жан" болатын.

Ілияс Омаров жан-жақты білімді, ұйымдастыру қабілеті жоғары адам болды. Ол Сауда министрі бола жүріп те әдебиет және мәдениет қайраткер-лерінің үлкен досы болды. Жоспарлау комитетінде жүргенде де оны жазушылар мен артистер, суретшілер мен сазгерлер өз адамы санады. Ал Мәдениет министрі кезінде Ілекеңді сол өнер адамдары ерекше пір тұтты.

Ілияс Омаров өз заманының өр тұлғасы болды. Өз тұстастары сияқты ол партия саясатына кәміл сенді. Сол партия саясатынан талай таяқ жеді де. Ең алдымен отызыншы жылдар ортасында бай татар көпесінің қызына үйленгені үшін партиядан қуылды. 1952 жылы "Қазақ ССР тарихы" кітабының жаңа редакциясын басқарған Ілияс Омаровқа "буржуазияшыл ұлтшылдардың Кенесары ханды мақтауына жол берді" деген айып тағылды. Тарихшы Е. Бекмахановпен бірге итжеккенге айдалып кету қаупі туды. Ал москвалық тарихшы, академик Анна Панкратованың 1949 жылы 27 қазанда Ілекеңе жазған хаты бар еді. Онда әлемге әйгілі оқымысты былай депті: "Бірқатар тарихшылар арасында тарихи ақиқатқа қарамастан, қазақ халқының тарихын сүмірейтіп көрсетуге тырысушылық бар. Осыған ұқсас тарихи жағдайда бой көрсеткен грузин патшасы немесе өзбек ханы неліктен озық ойлы қайраткер саналып, ал қазақтар Абылайды не Кенесары Қасымовты қаралауға тиістігін мен мүлде түсінбеймін. Мен қазақ тарихының осы аса көрнекті тұлғаларына баға беруде ешқандай жағдайда да тарихи шындыққа кереғар жолға түсе алмаймын". Егер Ілекеңдер қара басы мен мансабын күйттеген жан болса, осы құжатты көлденең тартып, Панкратова сияқты ғұламаның беделіне сүйеніп, жөнсіз жазадан құтылып та кетер еді. Ал Ілекең болса, тірі жанға тіс жармады, тек ауру меңдеп, жарық дүниемен қоштасар сәтте ғана былай деп ашылыпты: "Тарих мәселелерін өзімнен көп білетін әрі "Қазақ ССР тари-хына" басты шығарушы болған көрнекті орыс тарихшыларын мен ыңғайсыз жағдайға қалдырмадым... Өйткені қателікті мен өз мойныма алдым ғой. Демек, аман қалу үшін домалақ арыз жазып, ақталудың оңай жолын іздеген емеспін...".

Міне, осынау деректің өзі Ғабит ағамыз айтқандай, "тазалықтан ғана, бауырмалдықтан ғана, азамат адамгершіліктен ғана жаралғандай, әділетке, достыққа кір жұқтырмай өткен" адамның бейнесін көз алдыңа әкеледі.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Ілияс Омаров кезінде былай деп жазыпты: "Партия ұйымдарының билеп-төстеуші кадрлары турашылдықтан жалтарып, жарамсақтануға, бүкпесіз сеніммен бүгежектемеу орнына, құрдай жорғалауға, қолдан жасалған жергілікті көсемсымақтардың құлқына қарай өз ойын жасырып қалуға мәжбүр, мұны ұйымның азғындау жолына түскені дей беріңіз! Қазақ партия ұйымы тап осы дертпен ауырады. Қынжыларлық жай, көбісі соны көрмегенсиді".

Иә. Ілекеңдер айтудайын айтқан. Осы орайда мынандай бір оқиға да ойға оралады. Мәдениет министрі кезінде қабылдау бөлмесіне Темірбек Жүргеновтың суретін ілгізеді. Оны көрген Қанабек Бәйсейітов: "Ілеке, мұны қалай түсінуге болады?" деген екен. Сонда жарықтық Ілекең "Е, Қанеке! Менің министр, Сіздің халық әртісі болып жүргеніңіз осы кісінің арқасы. Те-мірбек Жүргеновтен кейін біздің қазақ өнеріне қосқанымыз шамалы", – деп бір-ақ кесіпті. Ілияс Омаров әдебиет пен өнер адамдарының үлкен досы, қамқоршысы болумен қатар өзі де әдебиет ауылының адамы болатын. Үлкен сыншы еді. Ұлы Әуезовтің: "Пәлі, Ілияс, осы Госплан сенің қолың емес. Сен жалпы біздің жақтың адамысың. Әдебиетім, мәдениетім деп соғады сенің жүрегің!" – деуі тегіннен тегін емес. Сол Мұқаңның "Абай жолын" "дәуірлік эпопея", Сәбит Мұқановтың "Өмір мектептерін" "тұңғыш мемуарлық, биографиялық шығарманың беташары", Зейнолла Қабдоловтың "Өмір ұшқы-нын" "мынау ұшқын емес, жалын ғой" деп бағалаған да сол Ілекең. Ұйғыр композиторы Құдыс Қожамияровты "кез келген халықтың маңдайына біткен ырыс" деп бағалауы, тоқсан алты жасында жайлы баспаханаға жарымаған мүсінші И.Иткинді ауруханаға іздеп барып, құшағына қысып, пәтер, атақ бергізуі, жас жазушылар мен өнерпаздарға қамқорлығы – ерекше өнеге, үлкен азаматтық.


2. Махаббат пен мансап

таразыға тартылғанда
Ілекең жеңгеміз Гүлшат Сәкиқызымен Қызылордада сауда техникумының директоры және қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып тұрғанда танысады. Осындағы санитарлық-бактериологиялық зертханада ла-борант болып істеп жүрген ерекше сұлу да тәрбиелі бойжеткенге жас жігіттің ықыласы ауады. Гүлшат та тегін жердің қызғалдағы емес-ті. Оның әкесі Мұхамет-Сәки Мырзабаев бірінші гильдиялы көпес, Орынборда бүтіндей бір кварталды алып жатқан ең бір мәртебелі дүкендердің иесі, бірнеше мешіт пен медресе салып, аты шыққан татардың айтулы байларының бірі болатын. Сол кездің өзінде ол Москваны, Петербургты, Парижды, Прага мен Варшаваны өз үйіндей аралаған жан.

Гүлшаттың анасы Сарбижамал отбасының ұйтқысы, отағасының қасы мен қабағына қараған, балаларына жақсы тәрбие берген, елге сыйлы бәйбіше екен.

Жас та жігерлі, білімді де білікті Ілияс оларға да қатты ұнайды.

Бірақ екі жастаң үйленуіне тосқауыл болар ерекше жағдай бар еді. Мұхамет -Сәки бай ретінде айыпталып, 1919 жылы оның бар мүлкі тәркіленеді. Сондай "халық жауының" қызына үйленгелі жүрген жас коммунист, техникум директорын қалалық партия комитетіне шақырып, ескерту жасайды.

– Бұл райыңнан қайт, әйтпесе партия билеті мен револьверді үстелге қой, – дейді хатшы.

Махаббат пен мансап тайталасқа түскен осынау шақта Ілекең шұғыл шешім жасайды. Партия билеті мен қаруын хатшының алдына лақтырып тастап, шығып жүре береді. Содан жұмыстан қуылады, партиядан шығарылады, бір-ақ күнде сенімсіз, саяси соқыр адам болып шыға келеді.

Құдай қарасқанда, НКВД-да істейтін Рахымжан Мусин, Ғабит Мүсірепов, Бөлебай Исабеков сынды достарының арқасында итжеккеннен аман қалады.
3. Ұлыға сай ұландар
Ілекеңнің тұңғышы Энгельсина 1936 жылы дүниеге келеді. Бұл кез Омаров Ф.Энгельстің экономика тақырыбына жазған еңбектеріне ерекше ден қойып жүрген сәт еді. Соның әсері болса керек, қызына бұрын-соңды кездеспеген осындай әуезді есім береді.

Энгельсина бүгіндер Алматыда тұрады, зейнеткер, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым академиясының биология институтында ғылыми қызметкер болған, ғылым кандидаты. Одан туған алғашқы жиен немересі Еркені Ілекең ерекше еркелеткен екен. Отбасында ата мен немеренің шуақты шақтарын бейнелейтін талай суреттер сақталған. Сол Ерке ерекше талантты спортшы болды, найзаласудан талай жарыстарға қатысып, ел мерейін өсірді.

Ал Энгельсина болса, әкесі қатты ауырып, Москвада Кунцево ауруханасында күрделі операция жасатқанда да, Алматыда төсек тартып жатқанында да қасынан бір елі шықпай, ерекше қамқорлық жасап, қабырғасы қайысқан перзент еді. Ғылым академиясындағы басшылары Шахмардан Есенов, Темірбай Дарханбаев, Фатима Полымбетова сияқты академиктер Энгельсинаны жұмыстан шығармай, еңбекақысын сақтай отырып, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы, өз әкесінің үнемі басы-қасында болуға мүмкіндік туғызған екен. Қазір ойлап отырсақ, бұл да Ілекеңнің үлкен жүректі адам, бедел иесі және сол академиктердің зор парасатының көрінісі болса керек, күнделікті өмірден көріп жүргеніміздей, бүгіндер мұндай мәрттік, азаматтық әрекет екінің бірінің қолынан келе бермейді. "Ол әркімнің өз мұңы, өз қайғысы" деп сырт айналады.

Энгельсина әкесінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге ден қойған жан. Оның құрастыруымен Ілекеңнің "Таңдамалылары" шықты. 1992 жылы асыл ағаның 80 жылдық мерейтойын атап өткенде Қостанайға келіп, әкесі ту-ралы тебіреніспен сөз сөйлегені, әдемі естеліктер айтқаны есімізде.

Альмира – 1938 жылы туған. Москва тамақ өнеркәсібі институтын бітіргеннен кейін республика Азық-түлік министрлігінде қызмет істеді. Москвада бірге оқыған студент күнгі жолдасы Ғайрат Қағаров есімді жігітке тұрмысқа шыққан. Ғайрат та сол министрлікте жауапты қызмет атқарды, басқарма бастығы болды. Олардың ұлы Арман республикаға танымал бизнес өкілдерінің бірі.

Ұлдың үлкені Диасты республика, қала берді бұрынғы Одақ көлемінде жақсы біледі. Ол – спорт журналисі. Журналистика академиясының академигі. Кезінде футбол, хоккей ойындарынан тікелей радио және теле ре-портаждар жүргізген саусақпен санарлықтай ғана шебер саңлақтардың бірі. Спорт тақырыбына жазылған көптеген сценарийлер авторы.

Өткен жылы Қостанайдың "Тобыл" футбол командасының жауапты бір ойынын "Хабар" телеарнасынан көрсеткенде әкесінің туған жері төсінде өтіп жатқан дүбірлі додадан репортажды сол Диас жүргізіп жатты.

Диастың қызы Гүлшат – белгілі режиссер, атасы туралы талай тамаша деректі фильмдер түсірген, болашағы зор шебер.

Ілекеңнің балалары ішінде атамекенге жиі келіп, осындағы ағайын-туғандармен етене араласып жүргені – Темірлан. Ол Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті, техника ғылымының кандидаты. Халықаралық талай беделді ғылыми конференцияларда мазмұнды баяндамалар жасаған, талай халықаралық конгрестерге қатысқан кісі. Көптеген ғылыми жұмыстардың авторы.

Алматының "Санат" баспасынан ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған "Ілияс Омаров" атты кітапты дайындау үстінде талай кездесіп, пікірлестік. Темекең әкесінің жазған өлеңдерін тауып, қолымызға ұстатқанда асыл аға тіріліп келгендей қуанғанымыз бар. Сол өлеңдерді аталмыш кітапқа енгізіп, халқымен қауыштырғанымызды Ілекең сияқты ұлы тұлғаның алдындағы бір борыштың өтелгені деп бағаласа да болар.

Темірланның ұлының аты да – Ілияс. Атасының құрметіне қойылған. Сол бауырымыз өзінің екінші бір әкесі, Ілекеңнің туысы, әрі жерлесі, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Мәлік Фазылов ағасының жолын қуып, сыртқы саясат саласында жемісті еңбек етіп жүр.

Ілекеңнің өркен жайған өрісі туралы сөз қозғағанда оның Күнше атты жалғыз апасынан туған жиені Мұхамед-Халел Сүлейменов туралы да айта кеткен жөн деп білемін. Ол да ғалым, техника ғылымының кандидаты. Бірақ қалың көпшілік Мұхаңды тарихшы, публицист, Ілиястанушы ретінде жақсы біледі. Оның Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы жазған, былтыр ғана баспадан шыққан кітабын оқырман жылы қабылдады. Зерттеушінің Шоқай әулие, Барақ батыр, Жазы би, Қарабалуан Алдиярұлы сияқты тарихи тұлғалар жөніндегі еңбегі құнды дүниелер. Оның қазақтың билері туралы зерттеуі де тарих ғылымына қосылған үлкен үлес. Өзінің нағашысы туралы орыс тілінде жазған "Ильяс Омаров. Жизнь и философия" атты кітабының да айтары мол еңбек.

Орнында бар оңалар деген осы. Бұл жалғанда бар болғаны 58 жыл ғұмыр кешкен Ілекеңнің бүгіндер тоғыз немере, 10 шөбересі бар. Артында қалған мол мұрасы, өнегесі бар.

Бұлақтай таза, теңіздей терең, аспандай асқақ аға өмірі осылайша жалғасын тауып келеді.

Тоқсаннан асқан Гүлшат жеңгеміз сол ұрпағының тілеуін тілеп, солардың ортасында Алматыда дүниеден өтті.
Жақсының аты,

ғалымның хаты өлмейді

Академик Өмірзақ Сұлтанғазин туралы мұңды сыр


1. Арыс еді Өмекең
Германиядан жеткен суық хабар жүрек сыздатты. Алыстағы елдің бір клиникасында есімі әлемге танымал ғалым, физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, біздің жерлесіміз Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин дүниеден өтті.

Ол І936 жылы 4 қазанда, Сарыкөл ауданы Қараоба ауылында туған еді. Алақандай ауылда туған бала өсе келе әлемге танылды. Оның еңбек жолын көктей шолып көрейікші. Қазақ мемлекеттік университетінің студенті, сол білім шаңырағының доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі. 1978-1986 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының математика және механика институтының директоры, Қазақстан Ғылым академиясының физика-математика бөлімшесінің академик-хатшысы, Қазақстан Ғылым академиясы-ның вице-президенті, 1988-1994 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының президенті, 1991 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін Ғарыштық зерттеулер институтының директоры.

Өмірзақ Махмұтұлы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германияда, Жапонияда және де басқа көптеген шетелдердің белгілі университеттерінде лекция оқыған, сол ел ғалымдарымен бірлесе талай зерттеулер жүргізген үлкен ғалым. Карлов университеті мен Плзень қаласының электротехни-калық институтында тасымалдау теориясының математикалық про-блемалары жөнінде лекция оқып, "Сызықты Больцман операторының теориясындағы спектр мәселелері" жөнінде ғылыми жұмыспен шұғылданды. АҚШ-тағы Стэнфорд университетінде "Сфералық гармоника әдісінен туындайтын Фридрикс бойынша симметриялық гиперболалық жүйелер" туралы лекциялар оқып, профессор Б. Келлогтың (Мериленд университеті) семинарында "Сызықты емес Больцман теңдеуінің диск-ретті моделі" жөнінде баяндама жасап, профессорлар Филипске (Оңтүстік Калифорния университеті) мен Р.Лакска (Куранттың математика институты. Нью-Йорк) жолығып, сәуленің тасымалдату теориясындағы есептердің шешуін жуықтап есептеу мәселелерін талқылады. Чехословакияда, Кубада, Польшада, Германияда, Жапонияда, Ирландияда, Италияда, Австрияда, Францияда, Иранда, Швецияда және басқа көптеген алыс та жақын шетелдерде профессор Сұлтанғазинді жақсы біледі, ол мұнда талай лекциялар оқыды, та-лай ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Өмірзақ Махмұтұлы осы саладағы бүкіл әлем мойындаған ғалым болатын. Алыстағы Кентуки қаласының құрметті азаматы еді.

Ол көрнекті қоғам қайраткері еді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазақстан Бейбітшілік қорының төрағасы, Ғылым мен техника жөніндегі Мемлекеттік сыйлық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы математиктері ұлттық коми-тетінің төрағасы және басқа көптеген қоғамдық жұмыстарды белсене атқарды.

Ол қазақстандық ғарышкерлер үшін ғылыми бағдарлама жасаған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшуына тікелей араласқан ғалым болатын. Оның апаттық аймақтардың жағдайын зерттеудегі математикалық тәсілдері ғылымға қосылған соны үлес еді. "Мир" ғарыш станциясында академик жасаған бағдарлама күні бүгінге дейін қолданыла-ды.

Академиктің Отан алдындағы еңбегі Ленин, Еңбек Қызыл Ту ор-дендерімен, Тәуелсіз Қазақстанның "Парасат" орденімен, С.П.Королев атындағы, П.Л. Капица атындағы алтын медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше Құрмет грамоталарымен аталып өтілген еді. Оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы, Қазақстанның Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы берілді.

Академик Сұлтанғазин тек математик қана емес еді, оның ғылымның талай салалары бойынша жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері рухани дүниемізге қосылған ерекше құндылық еді.

Міне, осындай арыс еді Өмекең.


2. Қоштасу
Біздің жерлесіміз, академик Өмірзақ Сұлтанғазинді соңғы сапарға аттандыруға облыс атынан арнайы делегация қатысты. Оны облыс әкімінің орынбасары Гүлнәр Құсайынова бастап барды. Делегация құрамында Өмекең туған Сарыкөл ауданының әкімі Жеңіс Нұрғалиев, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, профессор Хұсайын Уәлиев, Қостанай педагогика институтының кафедра меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, облыстық тұтыну одағының төрағасы Алтынбек Байғабылов, Өмекеңнің туысы, бала жастан бірге өскен досы, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Төлеу Тентеков және осы жолдардың авторы бол-ды.

Алматы жұртшылығы халқымыздың біртуар ұлымен қимас көңілмен қоштасты. Қазақ елінің көк байрағы жабылған табыт Ұлттық Ғылым академиясының кең залына қойылды. Табыттың жан-жағын ұйымдар мен мекемелерден келген азагүлдер көмкерген. Оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз атынан қойылған венок та бар. Үкіметтен, Парламенттен, Алматы қаласы әкімшілігінен, Ғылым академиясынан, жоғары оқу орындарынан, мекемелер мен ұйымдардан қойылған азагүлдерде сан жоқ.

Әскерилер құрметті қарауылға тұрған. Жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, белгілі ғалымдар, жұртшылық өкілдері құрметті қарауылға тұрып, аза тұтуда. Қостанайдан барған жерлестері де үнсіздікпен бас иіп, Өмекеңнің туған-туыстарына көңіл айтты. Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен басқа да билік басындағы азаматтар академик ағамен қоштасу рәсімдерінің үнемі басы-қасында болды.

Өмірзақ Махмұтұлымен қоштасуға келген халық легі толастамады. Олардың бәрі халқымыздың аяулы ұлын соңғы сапарға шығарып салуға арналған азалы митингіге қатысты. Қаралы жиынды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова ашып, Өмекеңнің өмір жолына, оның ғылымға қосқан өлшеусіз үлесіне, азаматтық келбетіне тоқталды.Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Өмекеңнің өмірдегі де, ғылымдағы да айнымас досы Кенжеғали Сағадиев біздің даңқты жерлесіміздің кісілік те, кішілік те қасиеттерін, оның азаматтық, парасаттық, отансүйгіштік қасиеттерін кеңінен қозғады, тебірене, толқи сөйледі. Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, академик, Халық қаһарманы Мұхтар Әлиев, Қазақстаннан шыққан тұңғыш ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің сөздері жиналған жұртты толқытты. Жерлестері атынан сөз алған облыс әкімінің орынбасары Гүлнәр Құсайынова былай деді:

"Ардақты ағайын!

Құрметті азалы қауым!

Ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, біртуар азамат Өмірзақ ағамыздың мезгілсіз дүниеден өтуі орны толмас өкініш, біздің тәуелсіз еліміз, ағамыздың жерлестері Қостанай облысының жұртшылығы үшін аса ауыр қаза.

Құрметті Райхан апа, Жанат пен Алмас, айналайын Эленора, айналайын Дана, Арман мен Салтанат, барша ағайын-туған, ағамыздың туған топырағы Қостанай елінің көңіл айтуын қабыл алыңыздар.

Уважаемые товарищи! Умирзак Махмутович Султангазин был великим человеком, всемирно известным ученым. Его хорошо знали и в Америке, и во Франции, и в Японии, и в Чехословакии, словом, во всем мире. Он был величайшим авторитетом и в родном Казахстане. Он был одним из незау-рядных организаторов науки, видным общественным деятелем, обаятельным человеком. Умирзак Махмутович был гордостью земляков, его любили и ценили, уважали. Он был черезвычайно талантлив и трудолюбив. Его вклад в отечественную науку, его жизнь и мноногранная деятельность – это пример беззаветного служения своему народу, своей Отчизне.

Мы, костанайцы, земляки академика Султангазина, его считали и всегда будем считать выдающимся сыном своего народа, гордостью нации, маяком для будущего поколения.

Сегодня провожая в последний путь дорогого Умирзака Махмутовича, мы уверены что его труд и имя будет жить в веках. Его светлый образ навсегда сохранится в наших сердцах.

Бақұл болыңыз, аға!

Алдыңыз пейіш, артыңыз қуаныш болсын!"

Қарындасымыздың қысқа да нұсқа сөзі жиналған жамағатқа қатты әсер етті.

Құрметті қарауыл екі қатарға тізілді, ортасындағы дәлізден өткен академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің мәйіті салынған табыт әскери зеңбіріктің лафетіне қойылды. Ол бронетранспортерге тіркелген. Азалы әуен сай-сүйегіңді сырқыратады. Қаралы кортеж Кеңсайдағы зиратқа бет алды. Ағылған халықта сан жоқ. Оның қабіріне топырақ салуға мыңдаған адам қатысты. Оның ішінде Өмекеңнің талантын құрметтеген талай марқасқа азаматтар болды.

Өмірзақ Махмұтұлының асына жиналған жандар да академиктің тамаша қасиеттерін, оның ғылымға қосқан үлесін ерекше атап көрсетті. Әсіресе, Бәйкен Әшімов ақсақалдың тебіренісі талайымызды толқытты. Академиктер Серік Қирабаев, Сұлтан Сартаев және басқа ғалымдар, Москвадан әдейі келген ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев, "Асар" партиясының төрайымы Дариға Назарбаева және де басқа көптеген елімізге белгілі азаматтар Өмекеңнің жарқын бейнесінің әрдайым есте сақталатынын, оның ғылымдағы еңбегі мәңгі жасайтынын ерекше атап көрсетті.

Ғұлама ғалым, жаны нәзік біртуар азаматтың қазасына байланысты талай шетелдерден, бұрынғы Одақтас республикалар Ғылым академияларынан, жүздеген таныс та бейтаныс жандардан көңіл айтқан жеделхаттар санында да шек жоқ.

Қостанайдан барған делегация мүшелері Өмірзақ Махмұтұлының отбасының шақыруы бойынша оның өз ошағында болып, қонағасыға қатысты. Марқұмның аруағына құран бағыштады.

Өмекеңнің жұбайы, осы өзіміздің Сарыкөл ауданының қызы Райхан апа, балалары Жанат пен Алмас, барша ағайын-туған жерлестеріне Өмірзақ Мах-мұтұлына көрсеткен құрмет-ілтипат үшін ризашылық сезімін білдірді. Елге сәлем айтты, тілектестік көңілдерін, алғыс сезімдерін жеткізуді өтінді.

Кенжеғали Сағадиев, Сағындық Сатыбалдин, Сәбит Байзақов, Фазылхан Бәйімбетов, Қоғабай Сәрсекеев бастаған қостанайлық ғалымдар мен жазушылар Қостанайдан барған азаматтарға пейіл-ықылас білдіре жүріп, академик Сұлтанғазинді соңғы сапарға ерекше құрмет және ізетпен ат-тандыруға өлшеусіз еңбек жасады.

"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді" дейді халық. Өмекеңдер болса жақсылардың ішіндегі жайсаңы, ғалымдардың ішіндегі майталманы еді. Олай болса оның аты да, заты да өлмейді, мәңгі жасайды.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет