Қостақов амандық Қамбарұлы қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта егістігінің арамшөптерімен химиялық күресу әдістері



жүктеу 493 Kb.
бет1/3
Дата26.04.2016
өлшемі493 Kb.
түріАвтореферат
  1   2   3
: user content -> upload -> Zashita
Zashita -> Баядилова Гүлсім Онғарқызы Биотехнологиялық әдістер арқылы вирустардан сауықтырылған
Zashita -> Баймуратов Асқар Жалғасбайұлы Селекциялық материалдан өнімділігі және сапасы жоғары арпаның бастапқы үлгілерін сұрыптау
Zashita -> Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі
upload -> Бекежанова мадина мәлікқызы қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында арпаның гельминтоспориоз және ринхоспориоз ауруларымен күресу шараларын жетілдіру


ӘОЖ 633.511:632.51/9 Қолжазба құқығында

ҚОСТАҚОВ АМАНДЫҚ ҚАМБАРҰЛЫ

Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта егістігінің арамшөптерімен химиялық күресу әдістері

06.01.11 - өсімдік қорғау


Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алмалыбақ, 2010

Диссертациялық жұмыс Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған.

Ғылыми жетекші: биология ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҰҒА академигі А.О.Сағитов

Ресми оппоненттері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының

докторы, профессор С.І. Байракимов


ауыл шаруашылығы ғылымдарының

кандидаты А. Аршидинов

Жетекші ұйым: Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

Диссертацияны қорғау 2010 жылдың «10» желтоқсан күні сағат 1600-де Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған БД 55.05.01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1.

Диссертациямен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылдың «10» қарашасында таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, биология

ғылымдарының докторы К.М. Булатова


Кіріспе
Қазақстан Республикасының оңтүстігінде мақта дақылы - ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларының бірі және отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуы үшін таптырмас шикізат көзі болып табылады.

2004 жылға дейін мақта егістігінің алқаптары 21%-ға ұлғайып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 220 мың гектар болса, ал 2005 жылдан бастап, аталған саланы саланы әртараптандыруға және ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесін енгізуге байланысты 2010 жылы егіс көлемі 137,0 мың гектарды құрады. Ал, қалай болғанда да, мақтаның орташа өнімділігі гектарына 23 центерден аспай отыр, әйтсе де Пахтаарал-3044, Махтаарал-4005, Махтаарал-4007 секілді отандық сорттардың әлеуеті гектарына 38-45 центнерге дейін жетеді.

Әлемдегі мақта өсіруші 68 елдің ішінде Қазақстан бір гектардан орташа есеппен 23,1 ц өнім ала отырып, рейтинг бойынша 16-шы орында тұрса, ал мақта шикізатының жалпы түсімі бойынша 18-ші орынды иемденеді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми- зерттеу институты ғалымдарының көп жылдық мәліметтері бойынша залалды арамшөптердің кемінде 120 түрі республиканың ауыл шаруашылығына зиянды әсерін тигізеді.

Ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері мен өндіріс тәжірибелері көрсеткендей, мақта егістіктерін арамшөптердің басуын бірден төмендетуге тек агротехникалық шаралар арқылы ғана қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан арамшөптермен химиялық жолмен күресудің әдістерін жетілдіру, ауыл шарушылығы ғылымының өсімдік қорғау саласындағы өзекті мәселе болып саналады.

Диссертациялық жұмыс автордың тікелей қатысуымен 2006-2008 жылдары 042 бағдарлама бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 03.01.01.16 «Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы аймағы жағдайында мақта дақылының егістігіндегі бір жылдық және көп жылдық арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтерді қолданудың әдістерін зерттеу» тапсырыс жоспарының аясында орындалды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0107 РК 00122.

Жұмыстың негізгі мақсаты және қарастырылған тапсырмалар.

Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта дақылына арамшөптердің зияндылығын төмендету және мақта қозасының өнімділігін арттыру мақсатында арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтер қолдану.

Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей тапсырмалар қойылды:


  • ашық сұр топырақ жағдайында мақта агрофитоценозында және егістен тыс жерлерде арамшөптердің түр құрамын анықтау;

  • мақта алқабының топырағындағы арамшөптердің тұқымдық қорын зерттеу;

  • мақта егістіктерінде түрлі мерзімдерде және егістен тыс арамшөптер басқан жерлерде қолданылатын гербицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау;

  • гербицидтердің мақта талшығының технологиялық сапасына әсері мен сынақтан өткізілетін гербицидтердің топырақтағы және мақта дақылындағы қалдық мөлшерін анықтау;

  • мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдану жүйесіне экономикалық тұрғыдан баға беру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында бір жылдық және көп жылдық арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтер қолданудың тиімді әдістері зерттелді. Мақта егістіктеріндегі және егістен тыс жерлердегі арамшөптердің түр құрамы мен оған қарсы қолдану мөлшеріне, мерзімі мен тәсіліне қарай гербицидтердің тиімділігі анықталды.

Алғаш рет мақтаның агрофитоценоздарына гербологиялық мониторинг жүргізілген кезде арамшөптердің атаулары Халықаралық жіктеу (код ВВСН) бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде әрі Ленней бойынша латын және орыс тілінде келтірілді.



Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар.

- Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта егістігінің және егістен тыс алқаптардың гербологиялық мониторингі мен арамшөптердің тұқымдық қоры;

-мақта егістіктерінде әртүрлі мерзімдерде қолданылатын гербицидтердің биологиялық және шаруашылықтық тиімділігі, олардың мақта талшығының технологиялық сапасына әсері және топырақ пен мақта дақылындағы қалдық мөлшері;


  • мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдану жүйесінің экономикалық бағасы.

Зерттеу нәтижелерінің құндылығы. Республиканың оңтүстігіндегі ашық сұр топырақта мақтаны еккенге дейін, өскіндері пайда болғанға дейін және өскіндер кезеңінде қолданылған гербицидтердің шаруашылық тиімділігі анықталды.

Зерттеу барысында алдыңғы дақылдан кейін әсер етуші құрамы глифосаттан тұратын гербицидтерді және осының аясында мақтаны еккенге дейін дуал голд 960, э.к. гербицидін гектарына 1,3 литр мөлшерінде және өскін шыққаннан кейін фюзилод форте 150, э.к. гербицидін гектарына 1,0 л мөлшерде қолдану тиімді табылатындығы анықталды. Мақта агрофитоценозындағы және егістен тыс жерлердегі арамшөптердің түр құрамы анықталды.



Жұмыстың талдануы. Диссертацияның бағдарламасы мен әдістемесі және жалпы жұмыс бағыты 2007-2009 жж. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми кеңесінде, сонымен қатар қорытынды есеп Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғылыми кеңесінің мәжілісінде қаралып мақұлданды. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері төменде көрсетілген халықаралық ғылыми конференцияларда баяндалып, жинақтарында жарияланды: «Өсімдіктерді қорғау мен карантинінің өзекті проблемалары», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған жас ғалымдар мен аспиранттардың 1-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, (Алматы, 2006), «Тупроқ унимдорлигини оширишнинг илмий ва амалий асаослари» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Ташкент, 2007), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы (Астана, 2007), «Инновационные идеи молодых ученых как вклад в развитие науки» //Материалы международной научно-практической конференции (Шымкент, 2007), «Пахтачиликдаги долзарб масалалар ва уни ривожлантириш истиқболлари» Өзбек мақта шаруашылы ғылыми-зерттеу институтының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы (Ташкент, 2009), «Жаңа әлемдегі Қазақстан және Ұлттық білім беру проблемалары», «Сырдария» университетінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері (Шымкент, 2008), «Достижения, проблемы защиты и карантина растений» Сборник материалов международной научно-практической конференци и посвещенной 50-летию образования Казахского НИИ защиты и карантина растений (Алматы, 2008) «Аграрная наука сельскохозяйственному производству Казахстана, Сибири и Монголии» //Материалы ХІІ-й международной научно-практической конференции (Шымкент, 2009), «Өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктің өзекті мәселелері» //Жас ғалымдар мен аспиранттардың IV халықаралық ғылыми конференциясының тезистер жинағы (Алмалыбақ, 2009), «Қишлоқ хужалигини инновацион ривожлантиришда олий ва урта махсус, касб-хунор таълим муассасалори еш олимларининг роли» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектер жинағы (Ташкент, 2010), «Научное обеспечение развития агропромышленного комплекса стран таможенного союза» //Материалы международной научно-пракической конференции (Астана, 2010), «Егіншілік, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен биологиясының жетістіктері және болашағы» //Халықаралық конференцияның материалдары (Алмалыбақ, 2010), «Проблемы индустриально - инновационного развития АПК РК: состояние и перспективы» //Материалы международной научно-практической конферен-ции (Алматы, 2010).

Ізденушінің жеке еңбегі. Ізденуші ғылыми жетекшісінің және ғылыми кеңесшісінің көмегімен зерттеу бағдарламасын дайындап, танаптық және зертханалық тәжірибелерді өзі жүргізген. Осы тұрғыда автор биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі А.О.Сағитовқа, а. ш. ғ. докторы, профессор, ХЭА мен ҚР АШҒА академигі Ш.У. Жарасовқа және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, а. ш. ғ. докторы И. Үмбетаевқа диссертацияны орындау барысында берген бағалы кеңестері мен көмектері үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Жұмыс нәтижелерінің жариялануы. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша 6 мақала БжҒМ-нің Комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда, 14 тезис халықаралық ғылыми конференцияларда баяндалып және 3 ұсыныс кітапша жарияланды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация компьютерлік мәтінде 148 бетте теріліп, кіріспеден, бөлімдер мен тараулардан және өндіріске енгізілетін ұсыныстардан, 29 кестеден, 25 суреттен тұрады. Қосымша 37 беттен құралған. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 196 атаудан, тұрады.


  1. зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетке шолу

Зерттеу тақырыбы бойынша мақта егістігіндегі арамшөптермен химиялық күрес әдістерін жетілдіру бағытында Қазақстан, ТМД және алыс шетел ғалымдарының ғылыми еңбектеріне шолу жүргізіліп, оларға жүйелі сипаттама беру арқылы жұмыстың негізгі мақсаты мен қарастырылған тапсырмалардың дұрыс бағытта қойылғаны дәлелденді.




  1. Негізгі бөлім

2.1 Зерттеу нысандары мен әдістемелері

Тәжірибеде мақтаның отандық Махтаарал-4005 жаңа сорты егілген. Мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы трефлан 24, э.к., гезагард 500, с.к., стомп, 33 % э.к., котолинт, с.к., дуал голд 960, э.к., фюзилад форте 150, э.к., арамо, 4,5 % э.к., пантера, 4 % э.к., глисол, 36 % с.е. және ураган форте 500, с.е. гербицидтері сыналды.

Егістіктің арамшөптермен залалдануын есептеу «Методика полевых и вегетационных опытов с хлопчатником в условиях орошения» СоюзНИХИ және «Методические указания по проведению регистрационных испытаний гербицидов, дефолиантов, десикантов и регуляторов роста растений» әдістемеліктерімен, сонымен қатар «Правила проведения регистрационных испытаний и государственной регистрации пестицидов (ядохимикатов) в Республике Казахстан» тақырыбындағы нұсқамамен жүргізілді.

Мақта дақылын еккенге дейін немесе дақылдың өскіні жер бетіне көктеп шықпай ендірілген гербицидтердің арамшөптерге әсерін бақылау өңдеуден 30 күннен кейін бірінші есепті, 60 күн өткеннен кейін екінші есепті және өсу кезеңнің соңында үшінші есепті жүргіздік.

Мақта дақылының өскіні жер бетіне көктеп шыққаннан кейін, өсіп тұрған арамшөптерге енгізілген гербицидтердің арамшөптерге әсеріне есебі - гербицидтермен өңдеудің алдында (бастапқы арамшөптер басу), гербицидтер енгізілгеннен 20 күннен соң және мақта дақылын жинардың алдында жүргізілді.

Арамшөптер басу есебі 0,25 м2 (125 х 20 см) көлемдегі есеп алаңқайларында сандық әдіспен жүргізілді.

Арамшөп тұқымдарының топырақтағы қорларының есебі 0-10, 10-20, 20-30 және 30-40 см топырақ қабаттарында, Л.Н. Киселев әдістемесімен көктемде тұқымды себердің алдында жүргізілді. Топырақ сынамалары топырақ бұрғысымен алынды. Алынған топырақтар електер жиынтығында жуылып кептірілді, тұқымдар бұрғының ауданына есептелінді (дана/м2).

Дақылдың дамуына фенологиялық бақылаулар Л.Л.Балашов әдістемесі мен, ал мақтаның өнуінің есебі, бас сабақтың биіктігінің өлшемдері және мақтаның гүлдеуі мен пісіп жетілуі, өнімділігі БМШҒЗИ әдістемесімен жүргізілді.

Қолданылған гербицидтердің әсерлі затының топырақтағы және өсімдіктердегі қалдықтарын талдау Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының экотоксикология зертханада жұқа қабаттық сұйық газдың хромотография әдістерімен атқарылды.

Гербицидтерді қолданудың экономикалық тиімділігі В.А. Захаренко, Н.Р. Гончаров және т.б. ғалымдардың ұсынған әдісі бойынша жүргізілді.

Өндірістік сынақтың экономикалық тиімділігі шаруашылықтарда қабылданған шығындардың нәтижесінде анықталды.




    1. Зерттеу жүргізілген аймақтың топырағы мен ауарайына сипаттама

Егістік зерттеулер 2007-2009 жж. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе алқабында жүргізілді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Мақтаарал ауданы, Атакент қалашығының маңында орналасқан.

Тәжірибе танабының топырағы теңбілді сортаңданған сұр топырақты-шабынды, механикалық құрамы бойынша орташа сазды, қарашіріндісінің мөлшері 0,8%; Р2 О5 - 25 мг/кг, NO3 – 10,5 мг/кг, К2О - 280 мг/кг. Жер асты сулары 2,0-3,0 м тереңдікте орналасқан.

Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта егілетін аймақтарында жауын-шашын негізінен күз және көктем мезгілдерінде көп түседі.

2007 жылы мамыр айында жауын-шашын орташа көп жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 21,6 мм көп түссе, ал 2008 жылдың осы айында жауын-шашын орташа көп жылдықтың шамасында болды. 2009 жылы мамыр айында 25,8 мм жауын-шашын жауып, ол орташа көп жылдық көрсеткіштен 4,8 мм көп болды. Жауын-шашынның ең көп мөлшері қыс және көктем айларында байқалды. Атмосфералық ылғалдың басым бөлігі жаңбыр түрінде түсті.

Аймақта, әсіресе сәуір айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы температурасы бірден жоғарылап, жекелеген жылдары 17,2-18,20С жетті. Жалпы жаздық термиялық ереже бойынша Мырзашөл өңірі республиканың ең ыстық аудандарына жатады. Барынша ыстық шілде айының орташа температурасы 26,70 С -дан төмендемейді.

2007 және 2009 жылдардағы мақта өсімдіктерінің даму кезеңдеріндегі, яғни маусым, шілде және тамыз айларындағы ауа температурасы орташа көп жылдық шамасында болғандығы байқалды. Күз айларында да ауа температурасы салыстырмалы түрде жоғары болғандықтан, мақта өнімі уақтылы жиналып алынды.



Егіске күтім жасау шаралары. Тәжірибелік егіс күтімі Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта өсіру үшін ұсынылған агротехникалық шараларды қолдану негізінде жүргізілді.

3 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
3.1 Мақта агрофитоценозындағы арамшөптер мониторингі

Зерттеулер нәтижесінде мақта егістігінде арамшөптердің 13 ботаникалық тұқымдастарына жататын 25 түрі анықталды. Оның ішінде 7 түрі қоңырбас тұқымдастарға, 4 түрі күрделі гүлділер тұқымдастарына жатады. Қалған 11 тұқымдастар 1-2 түрімен белгілі болды. Арамшөптердің 25 түрінің 68%-н (17 данасы) бір жылдықтар және 32%-н (8 дана) көп жылдық арамшөптер құрады.

Мақтаның бастапқы даму кезеңінде егістіктерді басатын дамуы кешеуілдеп басталатын бір жылдық түрлер - соның ішінде ластану дәрежесі 2-4 балға жететін - қызылша гүлтәжі (Amaranthus retroflexus L.), күрмек тары (Echinochloa crus galli (L.)), бақша қараоты (Portulaceae oleracea L.), қара алқа (Solanum nigrum L.), көкшіл мысықұйрық (Setaria glauca (L.)), кәдімгі ошаған (Datura strumarium (L.)) және үш қатарлы бөрітарақ (Hibiscus trionum L.) болды.

Ерте дамитын аз жылдық арамшөптердің арасында мақта егістігін татар көкпегі және ақ алабұта көбірек басады. Бұл арамшөптердің қаулап өсуінің дәрежесі 2-3 балды құрайды.

Дара жарнақты жаздық арамшөптер 3 түрмен келтірілген олар: күрмек тары (Echinochloa crus galli (L.), көкшіл мысықұйрық (Setaria pumila (Poir.) Schult.), жасыл мысықұйрық (Setaria viridis (L.) Beauv). Қыстаушы қосжарнақтылар 2 түрмен келтірілген олар: жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris (L.) Mediuc) және жабайы ассүттіген (Lactuca serriola (L.)). Қос жарнақты жаздық арамшөптер 11 түрімен сипатталған, олар: кәдімгі сасық меңдуана (Datura stramonium L.), бақша қараоты (Portulaceae oleracea L.), үш қатарлы бөрітарақ (Hibiscus trionum L.), қызыл таспа таран (Polygonum aviculare L.), Теофраст бұйда кендірі (Abutilon theophrasti Medic.), арам кененшөп (Cannabis ruderalis Jan), татар көкпегі (Atriplex tataricum L.), ақ алабота (Chenopodium album L.), қара алқа (Solanum nigrum L.), қызылша гүлтәжі (Amaranthus retroflexus L.) және кәдімгі ошаған (Xanthium strumarium (L.)).

Көп жылдық арамшөптердің биологиялық тобы 14 дара жарнақты және 10 қос жарнақты түрлерден тұрды. Дара жарнақтылар негізінен тамыр сабақтылардың 5 түрімен келтірілген, олар: салалы қара шағыр (Cynodon dactilon (I.) Pers.), құмай (Sorghum haleptnse (L.) Pers.), кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin.), жатаған бидайық (Elytrigia repens (L.)), домалақ сәлемшөп (Cyperus rotundus L.). Қос жарнақтылар атпа тамырлылардың 3 түрін құрады - олар: егістік қалуен (Cirsium arvense (L.) Scop), дала қалуені (Sonchus arvensis L.) және түйе жантақ (Alhagi pseudalhagi (Bieb)). Өзек тамырлы арамшөптерге бір түр – дала шырмауығы (Convolvulus arvensis L) жатады.

Міне осылайша, арамшөптердің биологиялық топтары кескінінде аз жылдық арамшөптер 68,0%, ал көп жылдық арамшөптер 32,0% құрады. Аз жылдық дара жарнақты арамшөптердің биологиялық тобында жаздық түрлері 100%-ды құрайды. Аз жылдық қос жарнақты арамшөптердің арасында жаздық түрлері 86,0% болса, ал қысқы түрлері 14,0 % құраған.

Көп жылдық арамшөптердің биологиялық тобында дара жарнақтылар (58,0%) қос жарнақтылардан басым келді (42,0%). Қос жарнақты арамшөптердің арасында сояу тамырлыларға 40%, тамыр атпалыларға 60%-ы сәйкес келді (1-сурет).






Мақта агрофитоценозындағы арамшөп түрлерінің таралуы

Қос жарнақты аз жылдықтар



Қос жарнақты көп жылдықтар

1 сурет - 2007-2009 жылдардағы мақта егістігіндегі арамшөп топтарының арақатынасы


3.2 Мақта егісінен тыс жерлердегі арамшөптердің түр құрамы

Жер көлемі 1-га дан 5 га дейінгі ұсақ агроқұрылымдардың мақта егістіктерінің арасы көбінесе 1,5-2,0 м шекаралармен бөлінген. Бір айта кететін жәйт, бұл аралық шекаралар аз өңделеді, немесе мүлдем өңделмейді және де бұл жерлерде ылғал де жеткілікті болады. Олар - негізінен арамшөптердің тұқымдары көбейетін қорлар.

Зерттеулердің нәтижесінде белгілі болғандай, мақта егісінен тыс арамшөптер басқан жерлерде олардың 13 түқымдасына жататын 31 түрі көбірек өседі. Түрлердің ең көп саны астық тұқымдастарға жатады.

Арамшөптердің тізімін талдау, мақта агрофитоценоздарында кездеспейтін бірқатар арамшөптерді анықтады. Бұл арамшөптерге: жер үсті баттауығы (Calamagrostis epigeios (L.) Roth.), емдік бақбақ (Taraxacum officinale Wigg.), Биберштейн мыңжапырағы (Achillea bibersteinii Afan.), қалталы ебелек (Ceratocarpus utriculosus Bluk), кәдімгі алабүйі (Senecio vulgaris L.) және түкті сиыржоңышқа (Vicia villosa Roth.) жатады.


3.3 Мақта егістіктері мен егістен тыс жерлердегі арамшөптердің түр құрамының қалыптасу ерекшеліктері

Егістен тыс арамшөптер басқан жерлерде арамшөптердің санының айлар бойынша өзгеруінің динамикасына бақылау жасау Қазақстанның оңтүстігінің мақта егістігі жағдайында өсетін арамшөптердің ең көбі мамыр-маусым айларында кездесетіндігін көрсетті.


2-сурет – Егістен тыс жерлердегі арамшөптердің түр санының өзгеруі


2-суреттен көрініп тұрғандай, 2007 жылы арамшөптердің түрлерінің шарықтау шыңы маусым айына тура келеді, яғни бұл уақытта арамшөптердің 29 түрі байқалған. Дәл осындай жағдай 2008-2009 жылдарға да қатысты. Көктем мен күзге қарай кездесетін арамшөптердің түрлері кеми бастайды.

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде наурыз айынан бастап мақта егістігіне арналған алқаптар негізінен эфемерлердің өскіндерімен және жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris (L.) Mediuc), күрмек тары (Echinochloa crus galli (L.)) және арам кененшөп (Cannabis ruderalis Jan). секілді бір жылдық арамшөптер басқаны белгілі болды.

Наурыз айының соңында және сәуір айының басында салалы қарашойыр (Cynodon dactilon (I.) Pers), құмай (Sorghum haleptnse (L.) Pers), кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin.), домалақ сәлемшөп (Cyperus rotundus L.), түйе жантақ (Alhagi pseudalhagi Desv.), дала шырмауығы (Convolvulus arvensis L.) секілді кейбір көп жылдық тамыр сабақты арамшөптер пайда болады.

Тыңайтқыштар мен суару да құмай (Sorghum haleptnse (L.) Pers), салалы қарашағыр (Cynodon dactilon (I.) Pers), дала шырмауығы (Convolvulus arvensis L.) секілді көп жылдық арамшөптердің және қызылша гүлтәжі (Amaranthus retroflexus L.), ақ алабота (Chenopodium album L.), күрмек тары (Echinochloa crus galli (L.)), қара алқа (Solanum nigrum L.), кәдімгі ошаған (Xanthium strumarium (L.)) тәрізді бір жылдық арамшөптердің қарқынды дамуына қолайлы жағдай жасайды.


3.4 Мақта алқабының топырағындағы арамшөп тұқымдарының қоры

Мақта алқаптарындағы арамшөптердің тұқымдық қорын зерттеу үшін көктемде (тұқым себуге дейін) және күзде топырақ үлгілері алынды. Топырақтың төрт қабатынан жалпылама түрде 84 үлгі алынды.

Өндірістік егістен алынған үлгілерде топырақ қабатының тереңдеуімен арамшөптердің тұқымдық қоры кеми беретіндігін көрсетеді. Мәселен, тереңдіктің 0-10 см-ден 30-40 см-ге тереңдеуімен тұқымдардың салыстырмалы түрдегі саны үш жыл бойына орташа 32,7 ден 10,9 млн.дана/га кеміді (1-кесте).
1-кесте – Мақтаның өндірістік егістігі топырағындағы арамшөптердің тұқымдарының саны, млн. дана /га


Жылдар

Топырақ қабаты, см

0-10

10-20

20-30

30-40

0-40


2007

30,2

22,3

16,8

10,5

79,8

2008

32,5

22,9

16,3

10,8

82,5

2009

35,3

23,1

17,2

11,4

87,0

Орташа

32,7

22,8

16,8

10,9

83,1

% есебінде

39,3

27,4

20,2

13,1

100

Бұл жерде тұқымдардың жалпылама санының шамамен 66,7% 0-20 см қабатта шоғырланған. Бұл абсолюттік қалыпта гектарына 55,5 млн. дананы құрайды. Есептеулер мынаны көрсетті: өндірістік егісте арамшөптердің жалпылама тұқымдық қоры 0-40 см топырақ қабатында, орташа есеппен алғанда 3 жылдың ішінде үдемелі шамаға, яғни гектарына 83,1 млн. данаға жетеді.

Біздің тарапымыздан үш жыл бойы гербицидтердің арамшөптердің тұқымдық қорына әсерін зерттеу мақсатымен, арамшөптердің тұқымдарының орналасуының негізгі қабаты ретіндегі топырақтың 0-10 см-лік қабатына талдау жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде, бақылау нұсқаларында бастапқымен салыстырғанда арамшөптердің тұқымдарының жыл сайын көбеюі байқалды. Гербицидтермен өңделген нұсқаларда олардың мөлшері заңды түрде кеміп отырды.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет