Отарлық ДӘуір әдебиетіндегі «АҚырзаман» сарынының елдікті сақтау мұраты



жүктеу 390.39 Kb.
бет3/3
Дата03.04.2016
өлшемі390.39 Kb.
1   2   3
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»

ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын, әдебиет белгілі бір тарихи-әлеуметтік жағдайлармен байланысты қалыптасады. ХІХ ғасырда отаршылдық қысымын көрген қазақ елінің сөз өнерінде бұрынғы өз еркі өзінде, тұрмыс-тіршілігі берекелі кезінің көзден бал-бұл ұшқан шағын қимай торығудан, рухани құндылықтардың азып-тозуына налудан, қоғамның болашағына үміт артпай, ізгілікті өткен өмірден іздеп, халықтың салт-дәстүрлері салтанат құрған кешегі күнін аңсаудан, ежелден ұлттық танымына, көшпенділік табиғатына жат құбылыстарды қабылдамай, дәуірге наразылық білдіруден туған және соның қай-қайсысын да ислам дінін діңгек еткен ұлттық танымына сәйкес ақырзамандық құбылыстар ретінде бағалаған сарындар орнықты. Ғылыми әдебиетте діни ұғыммен байланыстырылатын мұндай эсхатологиялық көңіл-күй бұған дейінгі кезеңдердің әдеби үлгілерінде де ұшырасқанымен, дәл отарлық дәуір әдебиетіндегі, әсіресе, зар заман ағымы өкілдерінің шығармаларындағы тәрізді жан-жақты сараланып әрі дараланып, жинақталып, жалпылық сипат ала қойған жоқ-ты.

Идеялық қазығы сонау ежелгі мұраларда, ислам дәуіріндегі әдеби үлгілерде жатқан эсхатологиялық сарын негізінен зар заман ақындарының поэзиясында молырақ көрініс тапқандығы рас; алайда оның белгілері Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері, Албан Асан сияқты ірі суреткерлердің үркердей тобынан бөлек, өлең өрімі өзгерек Қашаған Күржіманұлы, Нарманбет Орманбетұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараш сияқты өнер иелерінің шығармаларынан да ұшырасады, тіпті, ХХ ғасырда Мағжанда да («Жер жүзін топан басса екен») кездеседі. Өйткені, олардың заманы, туып-өскен ортасы бөлек болғанымен, сарындары ортақ; ақырзамандық мотивке негіз болған таным-түсініктері ұқсас. Әр ақынның өнернамасы, стильдік ерекшеліктері әр басқа болғанымен, бірқатар шығармаларындағы идеялық-мазмұндық үндестік, сарындастық оларды бірге қарастыруды міндеттейді.

Бірқатар ақындар қиюы қашқан заманның бейне-бедерін беру үшін бағзыдан белгілі топан басу мотивін жаңаша жырлаған. Олар жазықты-жазықсыз адамды жалмаған апаттың сырын «табиғаттың мылқау күшінен» емес, адам баласының өзінің ішкі болмысынан іздейді. Адамның рухани азғындауына, пейілінің бұзылуына орай жіберген Алланың жазасы деп ұқтырады.

Қорыта келгенде, отарлық дәуір әдебиетінде кездесетін эсхатологиялық сарын патшалы Ресейдің отарлау саясатының болжаусыз залалдарын ойлап қауіптенуден, көшпенді өмірдің моральдық-этикалық нормаларының аяқасты болуына наразылықтан туындады және басқыншылықты қаралау, азаттықты аңсау, азғындықты айыптау, т.б. идеяларды тарату арқылы елдікті сақтау мұратын түпқазық етті. Ал адам дегуманизациясының террористік тәсілдері белең алып, әбден ушыққан қазіргі кезеңде, бүгінгідей нигилистік ұстанымдар күшейген шақта мұндай шығармалардың тәуелсіздік идеясын нығайтудағы маңызы орасан зор деп есептейміз.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Назарбаев Н. Туған елім – тірегім. Алматы: Рауан, 2001 ж.

  2. Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3-том. Алматы: Атамұра, 2010 жыл

  3. Абай. Қалың елім қазағым. Алматы: Жалын, 1995 жыл

  4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003 жыл

  5. Мырзахметұлы М. Тараз (ой-толғаныстары). Түркістан, Иассауи атындағы ХҚТУ, 2005 жыл

  6. Нұрахметұлы И. Қазақ әдебиетінің төркіні мен тарихын дәуірлеу. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Астана, 2005 жыл

  7. Өмірзақов С. ХІХ ғасыр әдебиетін оқытудың кейбір мәселелері. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2008 жыл, №4.

  8. Өмірзақов С. Қоқан хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиетін зерттеу бағыты һәм дерек көздері. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2008 жыл, №5.

  9. Мырзахметов М. Отаршылдық дәуірдегі әдебиет. «Жұлдыз» журналы, 1993 жыл, №7.

  10. Философский словарь. Под редакцией И.Т.Фролова. Издание четвертое. Москва: издательство политической литературы, 1981 год

  11. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Он томдық. 10-том. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007 жыл

  12. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. Алматы: Ана тілі, 1998 жыл

  13. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. XVI том. Алматы: Жазушы, 1985 жыл

  14. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1992 жыл

  15. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. Монография (генезис, типология, поэтика). Астана: Елорда, 2005 жыл

  16. Кекілбай Ә. Күй тәңірі. // Егемен Қазақстан, 1993 жыл, 16 қазан

  17. Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. Алматы: Ғылым, 1997 жыл

  18. Бес ғасыр жырлайды. Бірінші том. Алматы: Жазушы, 1989 жыл

  19. Бекбосынов М. ХІХ ғасырдағы ел тарихы және әдебиет // Жұлдыз, 2011 жыл, №6

  20. Шәріп А. Сөз өнері және ұлттық рух. Алматы: Педагогика Пресс баспа үйі, 2010 жыл

  21. Бабатайұлы Дулат. Тұнық тұма. Алматы: Раритет, 2002 жыл.

  22. Қанайұлы Шортанбай. Қайран халқым. Алматы: Раритет, 2002 жыл

  23. Омарұлы Б. Бұғауға бағынбаған жырлар. Алматы: Ана тілі, 1998 жыл

  24. Зар заман. Антологиялық жинақ. Алматы: Жалын, 1993 жыл

  25. Нар заман мен зар заман поэзиясы. Алматы: Раритет, 2002 жыл

  26. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану. Алматы: Раритет, 2002 жыл

  27. Негимов С. Әдебиет әлемі. Алматы: Ана тілі, 2008 жыл.

  28. Қабдолов З. Сөз өнері. Екі томдық таңдамалы шығармалар. ІІ том. Алматы: Жазушы, 1983 жыл

  29. Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі. Алматы: Арыс, 2007 жыл

  30. Мәдібаева Қ. Зар заманның азулы ақыны // Жалын, 1998 жыл, № 3-4



Аннотация
Жұмыста орыс отаршылдығының көркемдік ой-санада қалдырған таңбасы, ХІХ ғасыр қазақ поэзиясында көрініс тапқан елдікті сақтау мұратының эсхатологиялық сарын арқылы жеткізілуі қарастырылады және оның басқыншылықты қаралау, азаттықты аңсау, азғындықты айыптау, т.б. идеяларды таратудан туғандығы зерттеп-зерделенеді.
Аннотация
В данной работе исследуются способы передачи отражения в казахской поэзии ХІХ века в цели эсхатологического мотива сохранения государственности, след, оставленный в художественной литературе русским колониализмом, также исследуются темы осуждения угнетения, свободолюбия, что послужило появлению данной тематики.
Annotation
This research work analyzes the impact of Russian colonization on the Kazakh poetry of the XIX century considering the aim of keeping the freedom of nation in eschatological way, besides the project includes the distribution of various ideas as willing for liberty, the bad influence of invasion and etc.





1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет