Отбасы бақыты сәби күлсе



жүктеу 29.51 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі29.51 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




ОТБАСЫ БАҚЫТЫ

Сәби күлсе...
Сәби күлсе – тар бөлмең де кеңиді,

Сәби күлсе – көңіл тоңы ериді.

Бала күлсе – ысырылар мұнар бұлт,

Бала күлсе – кірбің, кейіс тынар кілт.

Бала күлсе – бүкіл жиһан жарқырар,

Бала күлсе – шөлде бұлақ сарқырар.

Аяш күлсе – ата-анасы мәз-мейрам,

Аяш күлсе – қыстың өзі жаз-жайраң.



М.Әлімбай
Арұлан


Балабақшаға Арұланды 3-сыныпта оқитын Аружан әпкесі ертіп келіп жүр. Ол өзі бір «пысық» бала болды. Мұрны пысылдап, әпкесі оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды, «Өзім кием», – деп киімдерін де орнына қойып, өзі киінетін болды. Ол киініп, арқа қоржынын асынып, қарақаттай көзі күлімдеп:

– Әпке, мен дайынмын!– дейді.

– Айналайын үніңнен, Айналайын күнімнен! – деп, Аружан оны балабақшаға ертіп келеді де, оның айдай әппақ маңдайынан сүйеді.

– Апай, сәлеметсіз бе? – деп Арұлан тәрбиешімен әдепті амандасады.

– Арұлан, айналайын, әдепті бала, – деп, тәрбиеші оны қуана қарсы алады. Арұлан тіл алғыш бала болды. Ол кім жұмсаса да: «Мақұл», «Міне, қазір», «Құп болады», «Мен дайынмын», – деп жауап береді.

– Айналайын балдырған, Ана мейірін қандырған!– деп, Ажар ана оны аймалайды .

– Әке, үстеліңіздің шаңын сүртіп қойдым, – дейді ол әкесіне.

– Жаным! Жарығым! Ақ балапаным! – деп әкесі Әбен оны көтере құшып сүйеді. Арұланның күмістей сыңғырлаған күлкісі үй ішін шаттыққа толтырады. «Балалы үй – базар» болады.

– Әпке, сен туралы тақпақ жаттап алдым, тыңдашы, – деп, ол жылы жымияды.

Айта ғой тақпағыңды, кәне!

– Қамқор дәйім,

Күн мен айым –

Әпкетайым!..

– Айналайын інімнен, Айналайын күнімнен! – деп, Арұланды әпкесі құшақтап билей жөнеледі. Арұлан биге түсіп, әпкесімен бірге шыркөбелек айналады.

Айналайын, Арұланым, әкесіне тартқан өнерпаз болады, – деп Ажар ана қуанады.

– Мақтамаңыз, мама, мен мақтаншақ емеспін! – дейді Арұлан. Ақсары бала Арұлан – отбасының күні, балабақшаның гүлі, әке-шешенің бақыты, әпкесінің «жансаясы», аман болсын!

Ә.Табылдиев

"Ұрпақ тәрбиесі - ұлылықтың бастауы"




Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегін,

Қорғасын оқтай балқытқан,

Айналасына ас қойып,

Изенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.


Қазақ халқының тәлімгерлігі
Қисық көшемен жүрсең де, түзу жүр.

***


Шындық сегіз, бақыт егіз.
Жаңылтпаштар

Омартаға балалар барар, Жақсы қайшы Әсел әсем бе,

Балаларды аралар талар. Қайсы қайшы? Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?

****** ****** ******

Әмір әбігер, неге әбігер? Гүлжамила – бақташы, Шахматшы болсаң келе ғой,

Әділ әбігер, неге әбігер? Гүлге толы бақшасы. Шоқанды қане, жеңе ғой.


Әжесі мен Бағлан

– Жүрегім кім менің?

– Мен!

– Тірегім кім менің?



– Мен!

– Жаным кім менің?

– Мен!

– Сәнім кім менің?



– Мен!

– Ботақаным, бағлан қызым,

Не деген тәтті баласың өзің,

Ой, қарғам менің!

– Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,



Мен ешқайда бармаймын.

Қ.Ыдырысов

Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет