Отырғызу компенсациясы бар гидроизоляциялық ҚҰРҒАҚ тез қататын қоспалар



жүктеу 82.35 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі82.35 Kb.
ОТЫРҒЫЗУ КОМПЕНСАЦИЯСЫ БАР ГИДРОИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ ҚҰРҒАҚ ТЕЗ ҚАТАТЫН ҚОСПАЛАР.

СТРИМҚОСПА




ИНФИЛЬТРОН 100




СТРИМФЛЕКС




СТРИМПЛАГ




СТРИМПЛАГ 30




РЕМСТРИМ РД




РЕМСТРИМ РДП










СТРИМҚОСПА.

Ішке кіретін, қаптамалы

Грунтты ерітінділерді, оның ішінде техногенді ерітінділер, тұз ерітінділері, мұнай өнімдері, мал шаруашылығы мен ет өңдейтін шаруашылықтардың қалдық суларын фильтрациялап ликвидациялауға арналған арнайы цемент, полимер, кварц құмы, кешенді қосындылар негізіндегі ішке кіру және қаптап-қорғау әрекетіне ие қосынды (30мм дейін). Коллекторлар, тоннелдер, плотиналар, дамбалар мен басқа қазбалы құрылыстарда бетон және кірпіш беттердің гидроизоляциясы үшін қолданылады. Көліктік (науа, тіреулер мен көпір тіреуіштері) және энергетикалық құрылыста бетон ғимараттарды қорғауда қолданылады. Қысқа мерзім ішінде тез арада берік қасиетке ие болады. Үйкелуге қарсы тұрақтылығы жоғары (0,095 г/см2 кем), аязға төзімді (F600). Су өткізбеушілігі W18 артық.



ИНФИЛЬТРОН-100.

Ішке кірмелі

Арнайы цемент, толтырғыш, кварц құмы, химиялық белсенді заттар негізіндегі қоспа. Бетон немесе темір бетон құрылымдарға кіру қабілеті (300 мм дейін). Су өткізбеуді және бетонның аязға төзімділігін арттырады.


СТРИМПЛАГ.

«Су тығын»

Тез қататын герметизациялайтын дисперсті құрғақ қоспа (су тығыны) арнайы цемент, полифракционды кварц құмы, белсенді химиялық қосындылар негізінде жасалған. Құрамында ХЛОРИД ЖОҚ. Сызаттар, бетон және тас конструкциялары тігістері арқылы ағатын тесіктерді дереу жауып тоқтатады. СТРИМЛАГ үшін ұстау уақыты 1-2 минут (температураға байланысты). СТРИМПЛАГ-30 үшін ұстау уақыты - 30 секунд.


СТРИМФЛЕКС.

Икемді мембрана.

Екі құрамдастан тұратын цемент, минералды толтырғыштар, қосындылар мен полимерлер негізінде жасалған. Созылғыш икемді су өткізбейтін жабыны кез-келген бетте қолданғанда жоғары адгезиялыққа ие (бетон, кірпіш және т.б.). Су қысымына жиі ұшырайтын ауыз су резервуарлары, бассейндер, фундаментті және динамикалық қысымға жиі ұшырайтын негіздерді гидроизоляциялық қорғау үшін судан қорғайтын жабын ретінде қолданылады. 1 мм дейінгі сызаттарды жауып ұстап тұрады. Атмосфералық әсерлерге, техногенді судың коррозиялық әсерлеріне, қату/еру циклдеріне берік. Улы емес.


РЕМСТРИМ РД

Су өткізбеуді арттыратын және отыруды компенсациялайтын бетонға қосылатын қоспа.

Қолдануға дайын құрғақ қоспа, химиялық белсенді құрамдастардан тұрады. Бетон мен ерітінділердің су өткізбеушілігін арттырады, отыруды азайтады, сызаттың пайда болуының алдын алады. Цемент шығынын азайтады. Бетон мен ерітінділердің химиялық беріктігін арттырады; беріктікті жеделдетеді, материалдың отыруын компенсациялайды. Құрамында арматура коррозиясын тудыратын заттар жоқ. Өнеркәсіптік және «далалық» жағдайларда да қолданылады. Бетондағы цементке қатысты дозасы 3-10%.


РЕМСТРИМ РДП

Су өткізбеуді арттыратын бетонға қосылатын кешенді қоспа.

Қолдануға дайын құрғақ қоспа, химиялық белсенді құрамдастардан тұрады. Бетон мен ерітінділердің су өткізбеушілігін арттырады, беріктікті жеделдетеді, ерте және соңғы беріктікті арттырады, химиялық тұрғыдан тұрақты, бетон мен ерітінділердің аязға төзімділігін күшейтеді. Құрамында арматура коррозиясын тудыратын заттар жоқ. Өнеркәсіптік және «далалық» жағдайларда да қолданылады. Бетондағы цементке қатысты дозасы 1%.



ГИДРОИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАРДЫ ҚОЛДАНУМЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

БЕТТІ ДАЙЫНДАУ: Бетон бетін тазарту. Тігістер мен сызаттарды ашу. Ақауларды РЕМСТРИМ® ремонт құрамымен өңдеу, қатты ағатын жерлер болса –СТРИМПЛАГ қолдану.

Гидроизоляциялық қоспа жағылатын бет берік, тегіс, таза, сызатсыз, ашық тесіктері бар, ешбір шұңқырсыз болуы тиіс. Жағудың алдында бетті ылғалдандыру керек.



ИНФИЛЬТРОН®-100'>ҚҰРАМ ДАЙЫНДАУ

СТРИМҚОСПА ИНФИЛЬТРОН®-100: Қоспаны сумен араластыру. Суды қоспаға құю. 1-2 минут бойы өзіңіз (қолмен арнайы құралмен) немесе төмен айналымды дрель арқылы араластыру. Дайындалған ерітінді қаймақ тәріздес масса болады. Қоспаны оның өміршеңдігі барысында ғана жеткілікті болатындай дайындаған жөн: ИНФИЛЬТРОН® үшін 30 минут және СТРИМҚОСПА дүшін 15 минут. Ерітінді консистенциясын сақтау үшін үнемі араластырып отыру керек. Қайтадан су қосуға болмайды. Араластырғаннан кейін құрам біртекті созылмалы масса болуы керек. Қоспаға қосылатын су көлемін арттыру материалдың қолданылу қасиеттерін нашарлатады.

СТРИМПЛАГ: Судың тиісті көлемімен «құрғақ топырақ» консистенциясына дейін араластырылады. Ыстық кездері және ұстау үрдісін баяулату үшін герметикке тиісті мөлшерде ғана су қосылады. 15-30 секунд бойы материал оған қажетті форма беру үшін өте созымды. Суық кездерде немесе ұстау үрдісін тездету үшін - жылы (400С-500С) сумен. СТРИМПЛАГ-30 30 секундта ұстайды, тиісті су көлемі қосылғаннан кейін дереу қолданылады. СТРИМФЛЕКС'>Қолмен шағын мөлшерде араластырылады, дайындалған ерітінді бір рет қана қолданылады. ҰСЫНЫЛҒАН СУ МӨЛШЕРІНЕН АСПАУ КЕРЕК.

СТРИМФЛЕКС: құрғақ қоспаға біртіндеп сұйық бөлігі құйылады (0,4 л сұйық компонентке 1кг қоспа), гомогенді қоспаға дейін араластырылады. Қоспаның өміршеңдігі қоршаған орта температурасына байланысты 30 минуттан 2 сағатқа дейін.

ЖАҒУ: СТРИМҚОСПА, ИНФИЛЬТРОН-100: дайындалған (тазартылған және ылғалдандырылған) бетті ерітіндімен ерітінді барлық раковиналарға, тесіктерге кіретіндей грунттау қажет. 3-5 минуттан кейін негізгі қабат жағылады. СТРИМҚОСПА шығыны: бір қабатқа 2 кг/м2 кем емес. ИНФИЛЬТРОН®-100 шығыны 1,5-2 кг/м2. Жаққаннан кейін бетті оның құрғап кетуін, қатуын болдырмау үшін және атмосфералық әсерлерден қорғау үшін 1-2 сөтке бойы ылғалдандырып отыру қажет.

СТРИМПЛАГ: белсенді су ағатын тесіктерді жабу үшін шағын СТРИМПЛАГтың бір бөлігін оған тиісті форма беру үшін сумен араластыру керек, құрамның сәл қатып бірақ бірақ созылмалы болғанын күтіңіз. Дайындалған құрамды тесікке қысып ұстап оның толық қатуын күтіңіз. Үлкен тесіктерді бірнеше рет өңдеңіз. Бір ретке жететін ғана қоспа дайындаған жөн.

СТРИМФЛЕКС: СТРИМФЛЕКС жағу үшін талшықты жаққыш (макловица, маховая), шпатель немесе валик қолданылады. Үлкен мөлшердегі СТРИМФЛЕКСті жағу кезінде арнайы жабдық көмегімен механизацияланған әдіс қолданылады. СТРИМФЛЕКСтің бірінші қабаты ысқылап жағу арқылы жағылады. Екінші қабатын 10-18 сағаттан кейін жағады, бірақ біріншіден кейін 2 сөткеден кешіктірмей. Екінші қабат жағылғаннан кейін 5 сөткеден кейін жабынды қолдануға болады. Материалдың жалпы шығыны 2,5-4 кг/м2. Егер қоршаған орта температурасы +5С төмен және +30С жоғары болса СТРИМФЛЕКС қолданылмайды. Жабынды жағудан кейін екі сағат бойы құрғап кеуіп кетуден сақтау керек. СТРИМФЛЕКС тозуға шыдамды жабын емес және механикалық жүктемелерден қорғауды талап етеді. Қоспаның біртекті жағылуы үшін t-30С болса қолданбаған жөн. Қоспасы бар бетон 1-3 сөтке бойы ылғалдандыруды талап етеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР:



көрсеткіш атауы

Нормативті мән







СТРИМҚОСПА

ИНФИЛЬТРОН-100

СТРИМФЛЕКС

СТРИМПЛАГ

СТРИМПЛАГ - 30

1

1 кг шаққандағы қолданылатын тиісті су мөлшері

200-250

180-220

ж/т 1/2

140-150

180-210

2

Ыңғайлы салынуды сақтау уақыты, мин, кем емес

10-15

30

30

60 сек

30 сек

3

Қысылу беріктігі (кем емес), жасы:

3 сағат


1 сөтке

28 сөтке


10,0 МПа


20,0 МПа

30,0 МПа


30,0 МПа

___

н/н


20,0 МПа

30,0 МПа


н/н


20,0 МПа

30,0 МПа



7

W4 бетон үлігілеріндегі су өткізбеуді арттыру

W10 кем емес

қысым негатив - 1МПа

қысым позитив - 1,2МПа









8

Бетонмен жабысу беріктігі, МПа

1,5 кем емес

1,0 кем емес

1,5 кем емес

9

Аязға төзімділік маркасы

F300 кем емес




Отыруы, мм/м

Жоқ



СТРИМПЛАГ үшін қосымша көрсеткіштер: ұсталуы: басында – 1 мин.кем емес, соңында – 3 мин.кем емес.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: жұмыс жасаған кезде резеңке қолғап киіп арнайы көзілідірік тағу керек. Егер материал көзге түссе сумен жақсылап жуып дәрігерге қаралған жөн.
РЕМСТРИМ РД және РЕМСТРИМ РДП қосындыларын қолдану
РЕМСТРИМ РД (РДП) бетон қоспасына су суспензиясы түрінде қосылады. РЕМСТРИМ РД қосылу қатысы: бетондағы цементке қатысы 3-10%. РЕМСТРИМ РДП: бетондағы цементке қатысы 1%. Қажетті материал көлемін таза суық құбыр суымен біртекті дисперсияға дейін араластыру (В/Т ~1,-1,5). Суды құрғақ қоспаға қосу керек. Жақсылап 40-90 секунд бойы спираль ұшы бар төмен айналымды дрель немесе қол миксерімен араластыру қажет Дайын ерітіндінің өмір сүру уақыты 5-7 минут.

Дайын болған дисперсияны бетоны бар миксерге құйыңыз. Қосындысы бар бетон (ерітінді) қоспаның араластырғыштағы дайындалу ұзақтығы әдеттегі бетонды дайындау уақытымен салыстырғанда 1,5-2,0 есеге көп.



РЕМСТРИМ РД (РДП) қосумен бетон (ерітінді) қоспаларын дайындау кезінде сонымен қатар басқа қосындыларды да қолдануға болады (созылмалы, аязға төзімді, ауа тартатын және т.б.).
САҚТАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ: Құрғақ қоймаларда бұзылмаған орамада. Сақтау мерзімі –12 ай (СТРИМПЛАГ үшін – 6 ай).

СТО - 96657532 -001-2007



Өндіруші: ООО ПК СТРИМ. 390525, Рязань обл., Рязань ауд., Поляны а., Терехин к.,16 ү.

(495) 508-94-99



WWW.STRIM.RU e-mail: npo-strim@mail.ru






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет