Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты



жүктеу 28.64 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі28.64 Kb.
: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Оқулықнама Аңдатпа
Annotations -> «Жетісу» газеті, 18 мамыр, 2013 ж. Алдаспандай жарқылдағАН, АҚСҰҢҚардай саңҚылдағАН…
Annotations -> Есенгүл КӘПҚызы, «Мінбер kz» ұлттық интернет газетінің Бас редакторы
Annotations -> Нұржанова Шарипа, Мұқанова Гүлнәр журналист, pr-маманы және бұҚаралық AҚпараттық ҚҰралдары
Annotations -> Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу
Annotations -> Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н
Annotations -> Алматы, 2012 Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Қазақстанның жер кадастры
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы Қазақстан республикасы заңындағы бағалы қАҒаздарға жанама байланысты қылмыстар алматы, 2012
Annotations -> Тағы да қосайын деп ем, қоғамдық, әлеуметтік тақырыпты да жиі жазасыз, ол тақырыптардың арасынан жоғарыда шешімін тапқан мәселелер болды ма?
«Ақ үйің айға қарап, oрда бoлсын»

Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты. Әнге деп тұрғаным бекер емес, әуені жылдам, жарапазаннан өзгеше. Бірақ сөзі жарапазандікі. Көпқабатты үйлерді аралап, жарапазан айтып жүрген жігіттерге ішіміз жылып, сый-сияпатын бердік. Олар кеткесін, алуан түрлі күй кештім. Біріншіден, бала күнімізде өзіміздің жарапазан айтатынымыз есіме түсті. Екіншіден, «жарапазанды оразаның қай мезгілінде айтушы еді?» деп ойландым...

Біздің балалық шағымыз КСРО-ның күйрей бастаған тұсына және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына сәйкес келді. Қып-қызыл пионер болып жүргенімізде, Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» толғауына пародия жасағанымызға әлі ұяламын. Сөйтсем, заман солай екен ғой... Есесіне, мектеп бітіретін жылы сыныптағы 5 ұл ешкімге айтпай, сахналық қойылым жасадық. Жириновскийдің біздің солтүстік облыстарымызды Ресейге телімек болған әрекетін әжуаладық. Сонымызды әлі күнге мақтаныш тұтам. Ораза айы басталған бір жылы әлгі 5 ұл жарапазан айтып, ауылды шулатып жібердік. Сөзін де дұрыс білмейміз, әркімнен бір естігеннің басын құрап, тәп-тәуір шырқайтын болдық. Арамызда Еркінбектің даусы әдемі. Абай көшесімен түсіп келе жатып, Сәпін ағаның үйіне бұрылғанымызда, көнекөз Тәтипа апа біздің жарапазанымызды естіп, көзіне жас алды. «Айналайындар!» деп қатты сүйсінді, бата берді. Сосын «Болшыл-болшыл, болшыл бол, Бозторғайдай шөлшіл бол» деп басталатын бата үйретті. «Репертуарымыз» кеңіп, тіпті жақсы болып қалдық. Жаңа үйленген жас отбасылардың жарапазанымызды түсінбей: «Шуламай, кетіңдер!» – дегеніне табан астында өлең шығарып:

Сөзді тыңда, ағасы,



Кебініп те ісінбей.

Мәңгүрт болып кеттің бе,

Өз салтыңды түсінбей? – деп тұқыртқанымыз да есімізде.

Келесі жылы біздің ауыл түгел жарапазан айтты. Домбыраның басына үкі тағып, ауылдың ана басына бір, мына басына бір шығып жүріп айттық. Қариялар жарапазанды айту ретін санамызға сіңірді. «Рамазан айының соңғы үш күнінде айтыңдар» деп үйретті.

Жарапазан айтып жүріп, Еркінбектің даусы бітіп қалғаны да, тапқан-таянғанымызды Ерекеңнің үйінде ішіп-жеп отырғанда, ата-аналарымыз түнгі екіде іздеп келгені де өз алдына бөлек хикая. Көшеде тұра қалып, жаңа бата жаттайтынымыз да өміріміздің бір тарихы.

Мына бозбала-жігіттердің жарапазаны осы естеліктердің бәрін тірілтіп жібергені...

Жарапазан – ораза айы туғанда айтылатын мадақ-жыр. Қазақ даласындағы жұрттың орналасу ретіне қарай, ораза айының басында – үш күн, ортасында – үш күн, соңында үш күн айтылады немесе рамазан айының соңғы үш күнінде айтылады. Яғни, отыз күн оразада күн сайын айта беру дұрыс емес.

Жарапазан, ең бірінші, құрмет жыры. Жарапазан айтушылар топ болып тұрып, әуелі келген үйге құрметін білдіреді. «Ақ сарайдай көрінген, қайсы байдың үйі екен?» деп көтермелей сөйлейді. «Айғыр мініп біз келдік, ауыздығы бой бермей, сіздің үйге кез келдік» деп мерейін тіпті асқақтатады. Тыңдаған үй иесі мұндай сөзге қалай ерімесін? Көңілі көтеріледі, рухы шарықтайды.

Екіншіден, жарапазан оразаның қасиетін, ислам дінінің мәнін түсіндіреді. Жарапазан айтушы имандылықты уағыздайды, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. үмбетін ораза тұтып, жалғанға қанағат көзімен қарауға шақырады. Оразаның айлардың ішіндегі ең құрметтісі екенін еске салады. «Намаз бен оразаны күтпей барсаң, алдыңнан қос періште сұрай тұрар» деп шын дүние жайлы ойлануға үндейді.

Үшіншіден, жарапазан – шынайы тілеулестік жыры. «Айтамын жарапазан есігіңе, қошқардай қос ұл берсін бесігіңе» деп сол отбасына ұрпақ тілейді. Көбеюін қалайды. «Ақ үйің айға қарап, oрда бoлсын» деп үйіне, отбасына мәртебе тілейді.

Жарапазан жырларының өзегінде, ең бастысы, имандылық, татулық, бірлік идеясы жатыр. Жарапазан айтушы балалар бірігіп қана қоймай, тапқанын тең бөліседі, есе алып қалуға тырыспайды. Ораза айында мұсылман баласы сабырға келіп, иманын күшейте түссе, жарапазан жүрекке ізгілік себеді, адамдарды бір-біріне қорған, дос болуға шақырады.

Қазір ауылдағы балалар жарапазан айта ма екен? Айтса, қаншалықты сезініп айтады? Мән-мағынасын түсіне ме? Жұрттың шын ықыласымен берген тиын-тебенін пайда көзі деп қарауға болмайды. Естуімше, «құрт-майыңның керегі жоқ, жүз теңге болса да алып шық» деушілер де бар екен. Бұл мүлде дұрыс емес. Жарапазан адамшылықтан кетіру құралы болмауға тиіс.



(«Ұлан». 31.08.2010)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет