Оңтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық аудандастыру мәселелері



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде
Мазмұны
Кіріспе


  1. Оңтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық аудандастыру мәселелері.




  1. Оңтүстік Американың шығыс аймақтары

    1. Бразилия және Гвиана тау қыраттары

    2. Амазония ойпаты.

    3. Ориноко және Ішкі жазықтары.

    4. Патагония.




  1. Анд таулары.

    1. Солтүстік Анд.

    2. Экваторлық Анд.

    3. Субтропиктік Анд.

    4. Патагониялық Анд.

Қорытынды.


Пайдаланылған әдебиет тізімі.


Кіріспе

Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің еңсіз бөлігі ғана кіреді.

Оңтүстік Американың енді жері (5000км-ден астам) 50 о.е. –те. Материктің ең батыстағы нүктесі – Париньяс мүйісі (810 20 б.б. ), ең шығыстағысы – Кабу-Бранку мүйісі (340 46' б.б.), 40 с.е. – тен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды.

Оңтүстік Америка солтүстікте 120 25' с.е. дейін (Гальинас мүйісі), оңтүстікте 530 54' о.е. дейін (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі) жетеді. Отты жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі – осы аттас аралдағы Горн мүйісі – 550 59' о.е.-те жатыр.

Солтүстік Америка мен аралдағы географиялық шекара Кариб теңізіндегі Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентура шығанағына дейінгі аралықта өтеді. Панама мойнағы екі материктік арасындағы шекара деп шартты түрде есептеледі.

Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан материктік ірі аралдар – Тринидад. Чили, Отты Жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан – Фернандес аралдары жатады. Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдарымен қоса есептегенде шамамен 17850 мың км2 . Оның 150 мың км –і ғана аралдарға тиесілі.

Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік Пассат ағысы келеді. Сан – Роки мүйісі тұсында ол екі тармаққа бөлінеді, тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен материктің жағасын бойлап солтүстік – батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі – Бразилия ағысы оңтүстік – батысқа Ла –Платаның сағасына қарай ағады.

Материктің оңтүстік –шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтеді. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40 градус және 35 градус о.е. аралығында Ла –Плата ауданында тоғысады.

Атлант мұхиты жағалауында құрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік – шығыста Патагонияның жағасына жарты шеңбер тәріздес Сан – Матиас, Сан – Хорхе ірі қойнаулары т. б. еніп жатады. Парана өзені құятын жерде жаға Ла – Платаның кең әрі ұзын эстуарийімен тілімденген. Одан солтүстікке қарай Оңтүстік Америка жағалауына терең және кеме тұруға қолайлы шағын қойнайлар кіріп жатады. Аса ірі өзен сағаларында, әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.

Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп тұрады.Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік – батысымен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшаулап тұратын ең ірі шығанақ – Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседі.Панама мойнағы етегінен теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.

Тынық мұхиттың Оңтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі 7000 м – ден асатын терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр.Жылы ағыстардың әсері экватордың солтүстік жағында сезіледі, ал Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқын ағысының әсері байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.

Материктің солтүстік – батыс жағалауы шамамен 50 о.е. дейін өте тілімденіп кеткен.Ең ірі және қолайлы қойнау – Гуаякиль.Оңтүстікке қарай 300 о.е. дейін жаға мүлдем тілімденбеген, биік және кеме қатынасына қолайсыз.Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстік бөлігі тілімденіп кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипелагтарын құрайтын көптеген ірілі – ұсақты аралда жатыр. Материктің жағалауында ішкерілей кіріп жатқан шығанақтар мен жеке аралдарды бөліп тұратын бұғаздар ирелең келеді әрі енсіз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс ірі шығанақтары, сондай – ақ материктен Отты Жер архипелагын бөлетін Магеллан бұғазы мысал бола алады.



1. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру мәселелері.
Оңтүстік Американың палеографиялық дамуы жазықты – қыратты, платформалық Андыдан тыс Шығыс пен Батыс Анды тауларының қатпарлы құрылымдарының қалыптасуын қамтамасыз етті.

Андыдан тыс шығыс Оңтүстік – Америка платформасының көтерілімдерін, төмен түсулерін, яғни антеклизалар мен синеклизалар және ойыстардан тұрады. Платформаның батыста төмен түскен шеткі аймағы біртіндеп Анды тауының алдыңғы иіндеріне ауысады. Осы заманғы жер бедері пішінің көтерілімдеріне Гвиана және Бразилия таулы қыраттарының күрделі морфоқұрылымдық кешендері сәйкес, олардың арасындағы синеклизада Амазонка ойпаты орналасқан, ал шеткі түсу белдеуінде Ориноко мен Ішкі жазықтар орналасқан. Андыдан тыс шығысқа Кордильердің шеткі платформалық көтерілімдері, Пампа сьеррасы мен Патагония немесе Патагония платформасының баспалдақты үстіртті облыстары жатады.



Ориноко жазығы, немесе Льянос Ориноко деп аталатын жазық солтүстік – шығыстағы иінге сәйкес келіп неоген кезеңінің теңіздік құмды шөгінділерімен толтырылған, ал оңтүстік – батысы – көрші биіктеу аймақтардың үгілуінен пайда болған континентті өнімдерден тұрады. Ойпаңның орталық бөлігінде өзен аңғарларымен тілімденген тегіс аллювийлі ойпат орын алған (төменгі Льянос). Оңтүстік – батыста (Льянос Мета), мен әсіресе, солтүстік – шығыста (Биік Льянос) биіктігі 200 – 300м –ге жететін өзен аралық тегістеу үстірттер (месас) басым. Олар кейінгі көтерілімдер мен эрозияның күшеюі нәтижесінде пайда болған тар және терең су аңғарларымен тілімденген.

Амазонка ойпаты (Амазония) Оңтүстік – Америка платформасының ең ірі иілімінде орналасқан. Оның негізін палеозой және үштік мезгілдің шөгінділері құраса беткі қабатын неогеннің көлді - өзенді жыныстары жауып жатыр. Ол жер шарының аса ірі ойпаты болып есептеледі – көлемі 5 млн. шаршы км –ден астам. Батысында ойпат өте кең әрі тегіс, өзен аңғарлары аса көп тілімделмеген. Амазонканың орта ағысында биіктігі 25 – 30 м, шығысында (Шығыс Амазония) ойпат Гвиана және Бразилия массивтерімен қосылып кетеді. Шығыс Амазонияның беткі қабатын құрайтын ежелгі латериттік қабат, төрттік дәуірдің жыныстары, қалқандардың шеткі бөлігінде жер бетіне шығып жатқан жыныстар биіктігі 150 – 200 м болатын тегіс үстірттер (табулейрош) өзен аңғарларымен тілімденген. Бұл көрші массивтердегі кейінгі көтерілімдердің нәтижесі мен Амазонка өзен жүйесінің стөмен түсу үрдістерімен байланысты.

Анды таулары мен Бразилия таулы қыраты және Патагония арасындағы ойпаңды Ішкі жазықтар алып жатыр. Жазық негізінен девоннан төрттік мезгілге дейінгі континеттік жыныстардың қалың қабатынан тұрады және тегіс, аз тілімденген жер бедерімен ерекшеленеді. Бірақ қиыр солтүстік пен оңтүстікте орта биіктіктегі қалдықты массивтер бар: солтүстікте Бразилия массивінің кристалды фундаментінің көтерілімдерініңәсерінен пайда болған Орталық қырат 1400 м биіктікке дейін, ал оңтүстігінде гондванидтер мен Пампа сьерраларының жақпарлы жыныстары болывп табылатын, биіктігі 1200 м–ге жететін – Буэнос Айрес Сьеррасы. Парагвай мен төменгі Парана ағатын ойыстың білігін бойлай батпақты Ла – Плата ойпаты созылып жатыр. Сондықтан оны кейде Парагвай, Парана жазығы деп те атайды. Жазық солтүстігінде жоғарғы Парагвайдың (Пантанал) өте терең тектонмкалық ойпатынан басталып, Гран Чако мен Междуречье өзен аралығы (Парана - Уругвай) жазықтарының шығысына жалғасады, одан әрі, оңтүстікте Пампамен аяқталады. Гран – Чаконың Анды тауы алдының бөлігінің батысына қарай 700 – 800 м дейін ысырынды конустар тән батпақты ойпаттар орналасқан.

Ішкі жазықтарға оңтүстік – батыста Кордильер алды мен Пампа сьерралары облысы шектеседі. Биіктігі 2 – 6 мың.м – ге жететін жалпақ шыңды және тік жарлы жақпарлы массивтер ойпаңдармен алмаса кезедеседі. Бұл массивтер ежелгі шеткі платформалық құрылымдар. Олар Анды геосинклинальды облысындағы қозғалыстарға байланысты көтерілген. Батыста олар Анды тауына жапсарласып кетеді.

Гвиана таулы қыратына шөгінді құмды жамылғының шайылуы және кристалды жыныстарда қуатты үгілу қабатының қалыптасуы тән қасиет. Шығыс бөлігінде шөгінді жамылғы толық шайылған; биіктігі 1300м дейін жететін кристалды массивтер эрозияның әсерінен пайда болған тектоникалық депрессиялармен алмасып отырады. Олар солтүстігінде жас аккумулятивті Гвиана ойпатымен шектеседі. Қыраттың орталық бөлігінде мезозойлық қызыл түсті құмдар мен конгломераттар жамылғысының қалдықтары сақталып қалған. Олар үстірт тәрізді тік жар қабақты жоталар (Пакарайма жотасы) немесе тау жұрнақтары (Рорайма тауы 2271м – қыраттың ең биік нүктесі); солтүстікте жер бедері арал тәрізді таулар мен кристалды жыныстардағы жайпақ – толқынды пенеплен түрінде кездеседі. Оринокодан батысқа қарай байырғы кристалды жыныстар көбінесе үштік және төрттік кезеңнің шөгінді жыныстарының астында қалған. Олардың арасында триас кезеңінің қиыршықты тау жұрнақтары жер бетіне жақын орналасқан (Пардаос массиві); қырат шайылған баспалдақ тәрізді жер бедерімен Амазония мен Ориноконың ойпаттарына ауысады.

Оңтүстік – Америка платформасының аса кең көтерілімі Бразилия таулы қыраты болып табылады. Кристалды негіздер еткен ұзақ уақытқа созылған қирау мен шайылумен қатар, оның жер бедерінің қалыптасуына айырылымдар, ойпаңдар мен ойыстардың теңіздік, жанартаулық қалдықтармен толуы да елеулі әсер етті. Жаңа тектоникалық көтерілімдер эрозияны жандандырды шөгіндіді қабаттағы өзен аңғарлары тереңдеді. Өзен аңғарлары нашар тілімденген, өзеннің көлденең қимасы толығымен өңделіп үлгірмеген. Таулы қыраттың негізгі жер бедері биіктігі 400 – 800 м –ге жететін кристалды жыныстарда қалыптасқан денудациялық пішіндер – пенеплендер көбінесе олар қыраттың ылғалды солтүстігі мен шығысында дамыған. Атлантика жағалауында шайылған шоқылар – серралар мен жақпарлы немесе қатпарлы – жақпарлы массивтер (Серра – ду – Мар биіктігі 1810м дейін, Серра – да – Мантикейра, Агульяс – Неграс тауымен немесе Итатиая – 2821м және Бандейра массиві – қыраттың ең биік нүктесі 2890 м) тән болып келеді. Массивтердің шайынды шығыс беткейлері жар қабақты, төбесі жұмырланған және ішкі пенеплендерге біртіндеп ауысады. Сан – Франсиску өзенінің оң жағалауында 1500 -2000 м (Серра – ду – Эспиньясу және т.б) болатын денудациялық үрдістерден өзгерген тау жұрнақтары жоталар «бразилидтер» бой көтереді. Қыраттың орталық және солтүстік – шығысының басым бөлігінде төрткүлді қиыршық құмды үстірттер – шападтар кең тараған. Олардың төбелері жалпақ, қабырғалары құзданып, кристалды негізіге ауысады. Куэст тәрізді құрылымдық баспалдақтар төзімділігі әртүрлі жыныстардан тұратын аудандарға да тән нәрсе. (Атлантикалық көтерілімдердің қиыр батысы; Парнаиба ойысы) Парана депрессиясында биіктігі аласа лавалық үстіртер тараған.

Құрлықтың қиыр оңтүстік – шығысын Патагония үстірті алып жатыр. Ол Патагония платформасында қалыптасқан. Анды тауымен тектоникалыққ «жапсармен» жалғасқан, осы жапсарды бойлай төрттік кезеңнің мұздықтарымен өңделген Анды тау алды депрессиясы орналасқан. Биіктігі 2000 м дейін жететін баспалдақты үстірт шығысқа қарай біртіндеп төмендейді. Жағалауда тектоникалық қозғалыстардың куәгәрі терраса жүйесі, өзен аңғарларының каньон тәрізді жер бедері пішіні байқалады.
Батыс Анды
Андылық Батыс Анд геосинклинальді бөлігінің күрделі және әртүрлі қатпарлы құрылымдарын қамтиды.Морфогенезінде жанартаулықтың (Эквадор Андылары),өзендік немесе мұздықтың эрозиясы (Перу мен Патагон Андылары) ролі зор облыстармен қатар мұнда рельефінде тектоникалық құрылыстың анық байқалған үлескілері (Кариб және Солтүстік – Батыс Андылар ) де немесе күрделі әр жастағы полигенетикалық құрылымдық – морфологиялық кешендер (Орталық Андылар ) бар.

Қиыр солтүстік – шығыста бәріненде жасырақ Кариб Андылары (сур. 60) орныққан. Салыстырмалы түрде таулардағы жастығына қарамастан, олардың антиклиналдері өткізген.(Ең биігі 2765 м – Найгуата тауы) және өзен эрозиясымен терең тілімделген.



Солүстік – Батыс Андылар солтүстікке қарай желпіуіш тәрізді тарайтын тау аралық ойыстар мен ойпаңдармен бөлінген жоталар – антиклинориялар жүйесінен.Жүйелердің қалыптасуына соңғы жаңа айырылымдар, көтерілімдер мен түсірілімдер үлкен әсер еткен.

Шығыс жоталары (шығыс Кордильерасы биіктігі 5600м, Кордильера – де – Мерида – 5000м дейін, Сьерра – де – Периха- 3750м дейін және Сьерра – де –Невада – де – Санта – Марта – 5774 м дейін) ежелгі ядролар мен шөгінділер бар қабықтан тұрады. Кристалды жыныстардан құрылған және ежелгі, шамалы осы заманғы мыс құрсауланумен өзгертілген тау сілемдері альпі қалпы түрінде; Шығыс Кордильердің орталық бөлігінде 2500 – 3500 м биіктікте кең пенепленделінген үстірттер сақталған. Барлық жоталар өте жас эрозиялық тілінділері бар жарқабақты бөктерлермен көмкерілген



Орталық Кордильердің айқындауымы белгісі интрузиялар мен жанартаулылық; оның биік нүктелерін Руис жанартауы – 5400м , Толима – 5215м, Уила – 5750м және т.б. құрайды. Жас жағалаулық батыс кордильер – Серрания – де – Баудоға көбінесе эрозиялық қалыптар тиісті. Кордильерді бөлетін терең Маракайбо,Магдалена және Кауки – Патии ойыстары негізінен континентальді әкелімдермен толыққан; Атрато – Сан Хуан ойпаңы неоген кезінде ақ Тынық және Атлант мұхиттарының арасындағы бұғаз болған.

Эквадор Андыларындағы негізгі морфогенетикалық процесстер – жанартаулық сипатта.Қиыр Кордильерлердің (батыс және шығыс) қатпарлы құрылымдарына жарықтары сызығы бойынша өшіп қалған (Чимборасо – 6272м)және сөнбеген (Котопахи – 5896м, Антисана – 5704м , Сангай – 5410м) жанартаулар конусы отырғызылған. Олардың атқылауының өнімдері тау аралық ойпаттарды толтырып, биік үстірттер жүйсіне «бассейндерге айналған».

4˚ 30΄ - 28˚ о.е.арасында Орталық Андылардың өте енді (150 км дейін) кесіндісі орналасқан.Олар үшін биік шеткі жоталармен көмкерілген, 400мдейін жететін аумақты ішкі біртегіс қыраттар – альпілік (батыста ), герциндік (шығыста ) құрылымдардың тегістелу беттері тән.

Перу Андыларында (14˚30΄о.е., дейін) осы заманғы жанартаулылық жоқ.. Батысындағы биік қыраттары оның ішінде Кордильера Бланка (Уаскаран тауы 6768м) мезозойлық анд қалыңына енген , өте үлкен интрузиялардан тұрады; осы заманғы ежелгі мұздануларда сілемдерге айқын альпілік сипат берген. Жуықта болған қуатты көтерулердің салдарынан бір тегіс қыраттар Мараньон мен Уальяга мен Укаяли бастаулары каньондарымен бөлініп тасталынған. Перу Андыларының шығысында тастамалар мен эрозия палеозой құрылымдарында биіктігі 6300м жететін қыраттардан белгіленген, олрадың жоталары мұздық қалыптарға ие.

Орталық Андылардың оңтүстігінде, Батыс Кордильерде және тау аралық үстірт (пунас) тің батыс бөлігінде осы заманға (Мисти – 5842м, Сан – Педро – 5970м, Льюльяйльяко – 6723м т.б.) және ежелгі (Коропуна – 6613м, Сахама – 6780м, Охос – дель – Саладо – 6885м және т.б.) жанартаулар мен лавалық жамылғылар тағы да кең тараған. Климаттың өте құрғақтығы себебінен жанартаулардың конустары фирн бас киіміне оранған. Климаттық және орграфиалық себептерге байланысты ішкі бір тегіс қыраттар ішкі ағын облысы болып есептелінеді және тау жұрнақтары – жақпарлылық және жанартаулық қыраттармен бөлінген бір қатар қазаншұңқырлардан тұрады. Боливия Пунасының (Альтиплано) төмендеген батыс бөлігінде қазаншұңқырлардың табаны қалдықты көлдермен немесе плейстоцендік сулардың орнындағы тұзды тақырлармен қалыптасқан. Рельеф түзудің осы күнгі процесстерінде физакалық тозаңдану, жел эрозиясы, беткейлік шайылу мен қазаншұңқырлардың ұсақталған және жанартаулық материалмен толтырылуы негізгі роль ойнайды. Пунаның шығыс көмкерілу белдеуінде айырықша мұз құрсаулануы және альпілік қалыптарымен Кордильера Реаль (6550м дейін) сілемі ерекшеленеді. Пунаның ылғалды шығыс шеті эрозиямен терең бөлінген. Орталық Андтар шығысында синклинальді аңғарлармен бөлшектелген, жас қатпарлы Субандтық Кордильермен көмкерілген.

Батыста, алғашқыда жеке звенолармен соңынан тұтас басым бөлігі интрузиялардан құрылған Жағалаулық Кордильер (3200м биіктікке дейін). Одан шығысқа қарай 22 – 27˚ о.е аралығында Атакама шөлі мен өнебойлық тектоникалық депрессия орналысқан. 5˚тан 20˚ о.е дейін Андтық тынық мұхиттық бөктерінің барлығында морфогенезде шөлдік процесстер басым.

Чилилік – Аргентиналық Андыда Жағалаулық Кордильердің құрылымы айқын көрінеді. Бойлық немесе Орталық Чили аңғары тектоникалық ойысы мен Бас Кордильер оған шығыста 35˚ о.е. дейін Кордильер алды жақпарлы массиві еңген.

Бас Кордильер – еніп кеткен интрузиялармен қоса мезозойлық шөгінді – эффузивті қалындықтан құралған. Ең биігі (Аконкагуа тауы – 6960м). Мұнда тиісінші жанартаулар өте көп.

Оңтүстік бағытқа қарай температураның төмендеуі мен ылғалдың көбеюіне байланысты жанартаулылықпен қатар су – эрозиялық процесстер, ежелгі – мұз басуының соңынан қазіргі мұзды эрозия мен аккмуляция үлкен роль атқарады. Өнебойлық аңғардың ойысы аллювиальді және мұздақты әкелімдермен толыққан, Жағалаулық Кордильер өзен эрозиясымен тілімденген.

Анд жүйесінің ең оңтүстік және ылғал кесіндісі – Патагония Андтарында биіктіктерінің аласа болуына қарамастан (ең биік нүктесі Сан – Валентин тауы – 4058м) мұздықты морфология басым; осы заманғы мұзбасуы кең тараған, барлық Андтардың ішіндегі ең қуаттысы; солтүстік жағына осы дәуірлік жанартаулылық тән. Оңтүстік Андтардың батуына байланысты Жағалаулық Кордильер жағалай аралдар архипелагіне, Бойлық аңғар – бұғаздар жүйесіне, ал Патагон Кордильерінің суға батып кеткен сілемдері фиордтарға айналған.



2. Оңтүстік Американын шығыс аймақтары.

2.1 Бразилия және гвиана тау қыраттары.
Бразилия таулы қыраты құрлықтың шығыс бөлiгiнiң 4-10° пен 35° аралығындағы ядросын құрайды. Бұл таулы қырат батыстағы құмтасты үйiндi жағалауымен және оңтүстiк-батыста Уругвай өзенiнiң ағынымен, сол сияқты шығыстағы жағалық сызықпен оңтүстiкте Ла-Платамен және тек солтүстiгiнде және солтүстiк-батысында ғана Амазонамен ұштасып кетедi. Бiрнеше географиялық зонаның шеттерiнде орналасқан таулы қыраттың жалпы сипаты негiзiнен оның даму тарихымен және морфоқұрылымымен байланысты. Бұл сипаттар таулы қыратты бiр табиғи жерге бiрiктiруге ықпал етедi.

Барлық дерлiк таулы қырат дамудың ұзақ мерзiмдi континенттiк кезеңдi басынан өткiздi. Бұл кездерi денудациялық процестердiң үстемдiгi жүрдi, қалдықты форма және жоғарғы беткейiнiң тегiстелуi болды және қазiргi өзен жүйесiнiң эпигенетикалық сiңуiн, сондай-ақ күштi қабықтың түзiлуi мен өсiмдiктердiң ежелгi түрлерi болған кезеңдердi өткiзген. Мұнда тек рельефте ғана емес, барлық табиғи де жаңаша вертикальды қозғалыстар байқалған. Осылардың әсерi мұхиттан соғатын желдерге қарсы көтерiлетiн массивтердi қатты ылғандыратын тыныш өзендерде порог түрiнде байқалды. Таулы қыраттың қазiргi заманғы морфоқұрылымда белгiлi аймақтықты байқауға байланысты. Шеткi шығыс зонасы жоғары биiктiкте (2900 м дейiн) және Атлантика алдындағы антеклизой қамтылған. Мұның қашықтау шығыс шетiнде жас ойпаттар учаскелерi құралған, олар өзендердiң аңғарына кiре отырып, одан қантбастылар жекелеген араның биiктiгi клизiнiң көтерiледi. Атлант маңы антеклизiнiң батыс шетiндегi моноклинальды жауын-шашын қабаттарынан түзiлген және куэстовтық рельефi бар орталық зонаны, Сан-Францисконың тектоникалық ойыстары байланыстыратын Параны-Паранайты синсклиздерi құрайды. Бұл зонада жазықты рельеф бар. Батыс зонаның шетiндегi iшкi көтерiлiмiнде құмтастардан түзiлген жайпақ аралдық массивтер кең таралған. Ал, батысындағы төменгi өлке кристалдық негiзiндегi жұмсақ толқынды пенеплендермен қамтылған.

Шығысы мен оңтүстiк шығысын айтпағанның өзiнде таулы қыраттың үлкен бөлiгiнде маусымдық-ылғалды климат тән. Жағалаулық жыра мұхиттың пассатымен келетiн ылғалды көп массасын алып отырады. Таулы қыраттың солтүстiк шығысы жаңбырлы көлеңкелi жақта орналасқан және экваториалды ауамен қамтыла бермейдi. Таулы қыраттың жайпақ еңiстерi Амазонадан келетiн ауа ылғалы массасы үшiн солтүстiкке жағымды. Тiптi таулы қыраттың орталық бөлiктерiнде жылына 1500-2000 мм жауын-шашын түседi.Бұл жылдық көрсеткiштiң тек 5% ғана қысқы айларға келедi. Бұл процесс ұзақ мерзiмдi құрғақтық пен жоғары қысымның тұрақтануы кезiнде болады. Бұл субэкваториалды муссондардың типтiк климаты болып табылады. Параналардың синеклизiнiң терең ойысуы мен оңтүстiкке қараған массивтердiң батуы Парана жазықтары мен Токантинс ойпаттары ауа массасының жазда экваториалдық оңтүстiкке қарай енуiне негiздейдi. Ал қыста қңыржай ендiктердiң солтүстiкке бағытталатын ауасының таралуы, фронтальды жауын-шашын түсуiне алып келедi. Қорытындысында таулы қыраттың оңтүстiгiнде жауын жыл бойына жауады. Жайпақ таулардың оңтүстiк биiктерiнде ауа массасы полистерiнiң енуi жылдағы үсiктiң солтүстiкке ығысуына дейiн алып келедi.

Қазiргi заманғы өзен жүйесi едәуiр маңызды деңгейде миоцендiк беткейге жақын. Гидро желiсiнiң проекциясы, құмтас жамылғысы кристалдық пенеплен немесе базальт-диабазалық үстiртi суайрықтардың анық болмауына және бар орография гидрожелiсiнiң сәйкессiздiгiне алып келедi. Мысалы, Сан-Францисконың жағалаулық өзендерi арқылы өтетiн эпигенетикалық ажыраулар осындай болып келедi.

Өзен желiсi өте қою болып келедi. Алайда өзен аңғарларының басым көпшiлiгi және өзендердiң тереңдiк қыры нашар қалыптасқандықтан арналар сарқырамалар мен шоңғалдардан өтiп отырады . Ал бұлар литоликалық контрастармен гидрожелiлердiң жинақталуынан болады. Бұл, әлсiз пайдалынатын гидроэнегияға үлкен қосалқы алып келедi, бiрақ, мүмкiндiгiн шектейдi.

Бразилия тау қыратының барлық өзендерi жаңбырмен қоректенуге жатады;(аздап ыза суларғада) қысқы ылғалды қорлар қар түрiнде болмайды. Сондықтан өзендер режимінде қысқы шығын мен жазғы су тасқынының төмендеуі күрт байқалады.Мұндай режимдер болып тұратындарға ұзындығы бойынша үшінші Сан-Франциско (2900 км. жуық), Бразилия таулы қыраттарына жататын Оңтүстік Америка өзендерін жатқызуға болады. Жазғы нөсердің соңына қарай ондағы су жайылмаларда 6-7м дейін толады; ені жағынан 20 км дейін; бұл төмендеу бір айдың көлемінде жүреді. Төменгі ағыстарда бұл жалпы ұзындығы 84 м дейінгі Паулу-Афан су сарқырамаларын туғызады. Бұл Бразилияда пайдаланылатын сирек энергиялардың бірі. Рельеф ерекшеліктері мен литология, ылғалды климаты геологиялық тарихтыңсоңғы кезеңдерінің дамуындағы адамзаттық жұмысы топырақ пен өсімдіктердің типтері және айиаққа тән айырмашылықтарын анықтады. Жалпы заңдылықтары топырақтардың маусымдық процесінің ырғағына қарай, қызыл латеритті топырақтар пайда болуына және савандардың орталық кең белдеу мен ксерофитті сирек ормандар, орманды белдеу өлкелеріне негізделеді.

Ыстық әрi ашық территориялардың экологиялық жағдайлары жердегi жануарлардың көбейуiне қолайлы. Оларға: қызылмұрын, сарғыш-қызыл кемiрушi қасқыр, қою теңбiл сусар, қызыл бұғы, қызыл теңбiл түйеқұс, кемiргiштер мен сауытты аңдарды жатқызамыз;кейбiр кемiргiштер (бразилиялық туко-туко) жер астында тiршiлiк етедi, кейбiреулерi өзендер қуысындағы шөптерге тығылады. Галереялық ормандардан түнгi уақыттарда жорыққа шығатындар: үлкен құмырсқа жемiне онда әсiресе , құстар мен жәндiктер құмырсқалар мен көбелектер көп т.б.

Бразиялық тау қыратының үлкен алаңында өзiндiк ландшафттық ерекшелiктерi бар iшкi аймақтардың өзара бөлiнуi мен айырмашылығының болуы табиғи құбылыс.

Таулы үстірттің солтүстiк беткейінің ормандары Амазонияның ойпатты гилеяларынан ортаңғы Бразилия таулы қыратының ылғалды саванналық ландшафттарына өтпелі аймақта орналасқан. Таулы қыраттың солтүстiк шетi Оңтүстiк Американ құрлығының өте нашар зерттелген, игерiлген өңірлерінің бiрi болып табылады. Пенепленнiң аздап толқындалған жер бедері оңтүстiкке қарай біртіндеп 300 – 350 м –ге көтерiледi, кей жерiнде биіктігі 100 –150 м дейiн жететін құмтасты, қалдықты жер бедерімен түрленiп отырады. Кристалдық қолаттармен ағатын өзендерде табалдырықты бедер пайда болады (кашуэйрос), олар Табажос, Шингу өзендеріне көп; өзен аңғарлары нашар тілімденген, ені кең. Жылына 2,5 – 3 ай жауын – шашын түспейдi деуге болады, (айына 5 – 15 мм), ал орташа температура 25 – 290С –қа тең.

Ормандардың оңтүстiгіне қарай құрғақшылық кезінде жапырақтарын түсіретiн ағаштар саны ұлғаяды, кеуектi шападтарға ылғал сүйгiш өсімдіктер түгелдей ксерофиттi сирек орманға орын бередi.

Орталықтың саванналық таулы қыраттарында табиғи кешендер дамуының маусымдық ырғағы анық байқалады. Сонымен қатар геологиялық құрылымы мен жер бедері алуан түрлі. Ұзақ мерзiмдiк денудация мен маусымдық шайылым үрдістерінің әсерінен кристалдық тау жыныстарында дамыған ежелгi пенеплендер жер бетіне шығып жатыр. Ішін – ара тығыз кристалды тау жыныстарынан тұратын конус тәрізді массивтер (700-800 м биiктiкте) көтеріледі. Биiгiрек шығыстың бөлiктерiнде денудациялық үстiртiнiң биiктiгi 1000-1100 м дейiн жетеді.

Шападтар жазғы жауын –шашын суын және қысқы тұманның шықтарын сiңiрiп алады, бiрақ жер беті ағыны мүлдем болмайды. Құмтасты жыныстарда Тапажос, Шингу, Парагвай өзендерінің ағындары пайда болады, эрозиялық үрдіс басым. Келесі маңызы зор гидрографиялық торап таулы шығыстан: Паранаиба, Сан-Франсиску, Доси, Риу-Гранди мен олардың көптеген салалары бастау алады.. Барлық өзендердiң су режимiнде қысқы шығынының аздығы анықталған.

Жауын-шашын тек жаз айларында түседі: бір айда 300 – 500 мм–ге дейін жауын жауады. Температура 23-27 0 С болғанымен, жауын–шашын мөлшері буланудан 2-4 есе артық.. Ылғалы мол және нөсерлі жауынның салдарынан беткейлік, жазықтық шайылу басым.

Қыс мезгілінде жауын тоқтайды, температура 22°-24° С тұрақты, топырақ қабатының су режимі нашарлайды, сондықтан латериттi топырақтың жоғарғы қызыл горизонтында қаңқа (канга) түзiледі. Топырақтың қара шiрiндісі аз (1-6%) және жер жырту әсерінен күрт төмендейдi (1%). Құрғақшылық пен канганың қалыптасуы мезофиттердiң өсуiне жол бермейдi. Ксерофиттi бұталы саванналар кампос серрадос, бұталы ағаштар басым: чапарро (Curatella аmericana), витаминді қабығы бар кажу (Anacarduim occidentalis), кактустар және т.б. Ылғалдануы жоғары беткейлерде, латеритті қабықтың бұзылуынан мезофитті аралас ормандар пайда болады. Өзен аңғарының су тасқыны кезінде ылғалдануынан және террасалардағы грунт суының жер бетіне жақын жатуынан – галереялық пальма ормандары пайда болады.Тұрғындарыны негізігі шаруашылығы экстенсивті мал шаруашылығы.



Таулы қыраттың солтүстiк-шығысы аса құрғақ, осыған байланысты топырақ, өсiмдiк жамылғысы, су және жер бедерінде өзiндік ерекшелеліктер байқалады.

Жағалауда жауын-шашынның жылдық мөлшерi 1000 мм-ден асады, iшкi аудандарда 300 мм-ге дейiн төмендейді. Жауын-шашын бiрқалыпты түспейдi, жылдан-жылға жыл бойы, бiр жерден екiншi жерге, бірақ әдетте нөсер түрiнде жауады 100 жылдың 50 жылына қатты құрғақшылық немесе ерекше су тасқыны болады. Орташа айлық температура 20-280С.

Жыл бойы атмосфералық жауын-шашын мөлшерiнен булану мөлшерi бiрнеше есе асып түседi. Құрғақшылық жағдайында және жоғарғы температурада үгiлу үрдісi қарқынды жүредi. Үгiлуден жиналған материалдар жазғы нөсерлі жаңбырда шайылады, ежелгi жыныстар жер бетіне шығады. Осы пенепленнiң үстiнде конус тәрiздi кристалды таулар және тегiс төбелi жоталар көтерiлген. Осы үрдістер ежелгi денудация мен аса ылғалды жағдай болғанын айғағы.Өте құрғақ аудандарда құм тiзбектерi және басқа да эолды пiшiндер кездеседi.

Топырақ жамылғысы өте нашар дамыған: қалыңдығы 0,5 м – ге жететін қаңқалы топырақ жамылғысы аналық жыныстарды әрең жабады. Негiзгi түрлерiне орталығында қара шіріндісі аз қызғылт – сұр және құнарлығы төмен қызыл-қоңыр құба сілтілі топырақтар жатады. Қызғылт латерит топырақ қабаты эрозия және дефляция нәтижесiнде жалаңаштанған. Қабаттың жалаңаштануына ағашты өртеу мен мал жайылымдары әсер етедi.

Ерекше қолайсыз топырақ жамылғысы мен климаттық жағдайға каатинг өсiмдiгi бейiмделген. Ағаштар мен бұталы өсімдік жамылғысында ксерофиттiк және суккуленттік жағдай ерекше көрiнiске ие болады, ал дәндi өсiмдiктер кездеспейді. Биіктігі 10 м-ге дейін жететін сирек орман ағаштары эндемикті түрлерден тұрады: анакардий тұқымдастырлар, баобаб тұқымдастығынан шыққан бөтелке тәрiзді ағаштар, дiңгегі қампайған- “су қоймасы” (Cavanillesia arborea және Chorisia crispiflora), бұталы “каатингейра” (Caesalpinia түрлерi), мимоза және басқа бұршақ тұқымдастылар, әсiресе, кактустар (шик-шик-Pilocereus gouneilli, опунция-Opuntia inamoena, O.рalmadorа.) т.б. Каатингтердiң таралуы шамамен 650 мм изогиета сызығымен сәйке келедi. Iрi өзен аңғарларындағы галерейлiк ормандар балауызды пальмалар карнауба және бабасу, майлы пальма ойтисика т.б. - нан тұрады. Орман алаптары, сонымен қатар, жел жақ беткейлерде және грунт сулары жер бетіне шығыр жатқан өңірлерді өседі.

Каатингтiң ішкі аудандарында (сертана) шаруашылықтың негiзгi саласы-ешкi және қой өсiру, ылғалды аймақтарында мақта өсiрiледi.



Таулы шығыс пен Атлант маңы ойпатының табиғи жағдайы негiзiнен құрлықтың шығыс бөлiгiндегi биiк таулы тосқауылдармен, атмосфераның циклондық циркуляциясы мен пассатты жылы мұхитпен байланысты. Солтүстiктен ығысатын оңтүстiк-шығыс пассаттарының (күз және қыс мезгілдерінде), 150о.ендіктің солтүстiкм- шығыс (жазда) және қиыр солтүстікке дейін жететін қысқы фронтальдық циклондардың әсерінен жағалаулық беткейлер жақсы ылғалданған. Нәтижесiнде солтүстiкте жылына 1000-1500 мм, оңтүстiкте – 4500 мм - ге дейiн жауын – шашын түседi. Жағалаудағы орташа айлық температура солтүстiкте 25-280С, оңтүстiкте 20-260С дейiн, салыстырмалы ылғалдылық 76-82%.

Осы жағдайларда үгiлу қабатының қалыңдығы 80 м-ге жетедi. Латериттi жыныстар, шығыстағы кесек тастардың баспалдақты жер бедері, қиылыса дамыған жарылымдар, ысырынды үрдісінің жиналудан басым болуына байланысты еңкіштігі 35-380 беткейлерде қалдықты шыңдар немесе -“қантты бастар”-деген атпен белгiлi қалдықты шыңдар пайда болған. Олардың арасында және олардан шығысқа қарай жер асты сулары мен өсімдікке кедей плиоцендiк террасалар - табулейрош және байшадас деп аталатын батпақты ойпаттар дамиды.

Жағалық сызықтан батысқа қарай серр қалдықтарының кертпештерi көтерiлiп, iшкi пенепленге (Жағалаулық серра немесе Серра-ду-Мар), немесе терең грабендермен (Серра-де-Мантикейра және Парайба аңғары) аусады. Бүкiл массивтерде, “қантты бастарды” қоса алғанда, қазiргi көтерілулерге ұшыраған ежелгi жазықтану беткейлерi анық байқалады. Гидрографиялық тор жақсы дамыған, қарқынды регрессивтi эрозияның әсерінен өзен бастауларының бір – бірімен қосылып кетуі орын алған. (мысалы, Параибаның -Тиета бастауымен қосылуы).

Барлық құрлықтың көтеріңкі шығыс беткейлеріндегідей (мысалы: Үндіқытай, Мозамбик, Австралия т.б.) серраның кертпештерi ылғалды тропиктiк -«мато атлантика» деп аталатын ормандармен көмкерілген. Оларда таудың күлгін латериттi қабаты түзiледi. Биiк серраларда биiктiк белдеу анық байқалады, 600 м – ге дейінгі биiктiкке орман ағаштары кесіліп, орнына мақта, қант құрағы, какао және т.б. тропиктiк мәдени өсiмдiк плантациялары егілген.Сонда да, әлi де мәңгi жасыл алып, бағалы ағаштар: бразилия пауы -(Caesalpinia echinata), ал қызыл палисандр ағашы- жакаранда (Machaerium mimosaefolia) пальма т.б. кездеседi. 600-1200 м - лік беткейлер тiк, белдеуде жауын-шашын мол, температура төмен, ағаш тәрiздес папоротник және бамбуктар басым. Жоғарғы орманды белдеуде (2100 – 2200 м) жапырақтары суық мезгілде түсіп қалатын ағаштар, ал 2400 м –ден жоғары (шiлде айының орташа температурасы 6-70 С, минимальды шамасы-200С) – арал тәрізді шымтезек пен батпақтар кездеседi. Таулы шығыстың ық жақ беткейлерi аралас ормандармен жабылған.

Таулы өлкенiң оңтүстiк бөлiгiне үш морфоқұрылым тән: шығысында кристалды төбелi таулы өлке, орталықта шөгiндi жазықтар және батысында лавалық Парана үстiрт. Шығыс пенеплендер екi антеклизалық күмбездерден пайда болған.

Жоғарғы Парана жазығының 18-240 о.е. таралығында климат тропктік, ылғалдылығы маусым бойынша өзгермелі. Қуаңшылық кезең оншап байқала қоймайды, жауын – шашын мөлшері 1500 мм. Тек жауын – шашынның көлеңкесінде орналасқан ішкі жазықтарда ғана мөлшері 1000 -мм-ден аспайды. Ашық-қызғылт құмайтты, құмды топырақтардың суды сіңіру қасиетіне байланысты мұнда бұталы саванна: капос лимпос, кампос серрадос, жайылымдар мен суармалы егістікте мақта өсіреді. Кристалды және лавалық жыныстар қара шіріндісі жеткілікті (12% пайызға дейін) ақшыл көк-қызыл топырақтың «терра роша» қолайлы. Парана мен оның салаларындағы жыныстардың литологиялық құрамы мен жаңа тектоникалық үрдістердің әсерінен табалдырықты жер бедері мен сарқырамалар пайда болады. Тиете өзенінің сағасына дейін Парана өзені (56 табалдырық), биіктігі 12 метрге жететін Урабупанга сарқырамасын қалыптастырады.

Оңтүстікке таман 240-300 о.е. аралығындағы субтропиктік таулы өлкенің тілімденнуі жоғары: 1500 м дейінгі кристалды массивтер куэстермен, ені кең өзен аңғарларымен, базальтты кертпештермен алмасады. Мұнда сарқырамалар көп, солардың ішінде дүние жүзінде белгілі биіктігі 80 метрге жететін Игуасу сарқырамасы орналасқан. 240 о.е. дейін қоңыржай белдеудің ауа массалары енеді, сондықтан қыс айларында циклондық жауын –шашын түседі, шілде айында температура 40 С-қа төмендейді (орташа айлық температура 12-130 С, яғни тұрақты ылғалды субтропиктік климат қалыптасады. Жылу сүйгіш тропиктік ормандар жағалаулық серраға немесе Парана ойпатына ығысады, ал таулы қыратта субтропиктік климатқа тән мәңгі жасыл аралас ормандар – пинерайа дамиды. Олардың атауы «Парана қарағайынан» пайда болған.

Таулы қыраттың қиыр оңтүстігінде (СубтропиктікУругвай жазығы) ойпатты жазықтар орын алады, себебі Бразилия қалқанының оңтүстік бөлігі Ла-Плата синеклизасына батып кеткен. Тек аласа бойлы кристалды қыраттардың биіктігі орталығында (200-300 м) (Кучилья-Гранде) және батыстағы лавалық үстірттер (Кучилья-де-Аэдо) жер бедерінің жазықтығына өзгеріс енгізеді; “шеткі депрессияда” Жакуи өзенінің аңғары орналасқан.

Антеклизаның шығыс бөлігі төрттік кезеңнің үйінділерінің астына еніп кеткен, сондықтан олардың орнында мұхиттан бөлінір қалған лагуалық ойпаттар (ірі өзенді лагуна Патус және Мирин т.б.) жайылған.

Жазық бетімен қыста полярлы фронт циклондары еркін айналымға түссе, жазда мұхиттан муссонды ылғалды желдер келеді. Мол және бір қалыпты түсетін жауын-шашын (1000-1400 мм), салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (65-80%), айтарлықтай бұлттылық және жылдық температураның бірқалыпты таралуы(10-240С) климаттың мұхиттық екені көрсетеді. Қиыр оңтүстік өзендерінің жыл бойы суы мол. Өзен аңғарларының шығу тегінде таулы өлкенің құрылымдық элементтері байқалады: ірі өзен деп саналатын Уругвайдың (ұзындығы 1650км, бассейн көлемі 360 мың км2, шығыны секундына 22 мың м3) аңғарында баспалдақты жер бедері мен сарқырамалар жеткілікті.

Ылғалдану деңгейі мен радиация көрсеткіштері ағаш тәріздес өсімдіктердің жетілуіне қолайлы болып келеді. Прерия мен ағашсыз саванналар – кампос лимпос басым болып келеді. ТМД – ның шалғынды далаларынан айырмашылығы қысқы тыныштық кезеңнің болмауымен, сонымен қатар, кейбір жергілікті өсімдік түрлерімен (портулак, вербена, алқа т.б.) және мәңгі жасыл формациялармен, галерейлі ормандар мен қыраттарда жапырақты бұталар, талдардың (мимоза, мирт, лавр) кездесуі. Шығыс құмды Уругвай өзенінің бойындағы жағалауға пальма ятаи (Cocos jаtai) тән. Субтропиктік қызғылт-қара топырақ ауыл шаруашылығына жарамды. Бірақ, Уругвайдың мал шаруашылығында біржақты мамандануының ұзаққа созылуы салдарынан топырақ эрозиясының дамуы орын алған.
Гвиан таулы қыраты мен ойпаты

Биіктігі 2700 м-ге дейін жететін Гвиан таулы қыратының үлкен шоңғалына Льянос Ориноко мен амазония ойыстары аралығы Оңтүстік Америкалық платформаның Солтүстік антиклизин қалыптастырады. Бұл шоңғал Атлантика пассатымен бірге жыл бойы, әсересе көктемде және қыста келетін ылғалды ұстап қалады, ал жазда бұл жерге экваториалдық ауа массалары келеді. Ыстық ылғалды климат жағалаудағы шайылу мен кебу процестерін бұл жердегі мезозой құм жамылғысын бұзып, кристалдық негіздегі пенеплен қатты бөлшектенген, көптеген лықсымалар мен жаңа көтерілімдер тудыратын өзендер бұл жердегі қатты тау жыныстарына терең кесіп кете алмай, көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар қалыптасады. Тау қыратының ежелгі тау жыныстарында темір рудаларының ірі кендері бар. Серра Иматака жотасы-Эль Пао тау-кен ішінде 1,3 млрд. тоннаға жетеді. Сонымен қатар бұл жерде алмас пен алтынның (Эль Кальяо), қуатты үгілу қыртысында бокситтер және марганец қоры кездеседі, боксит өңірінің (1/3 бөлігін суринам мен Британ Гвианасы өндіреді). Ал марганец кендері Серраду-Навиуда Оңтүстік Жарты шардағы ең үлкен болып есептеледі, мұндағы қорлардың көлемі, 25 млн тоннаға дейін, ал кейбір мәлемттер бойынша 80 млн тоннаға дейін жетеді.

Тау қыратының сол бөлігі субэкваторлық муссондық ормандар зонасында жатыр. Өсімдік топырақ жамылғысының қалыптасуында беткейлер мен литология экспозициясының рөлі маңызды.

Атлант мұхитына тікелей жақын 2-50 с.е. аралығында орналасқан шығыс бөлігіне жылына 2000-3500 мм дейін жететін ең көп жауын-шашын түседі. Дәл осы жерде шөгінділер жамылғысы түгелімен шайылып, беткейін толқынданған пенепленмен тегістелген кристалдық жоталар жауып жатыр. Олар деңгейі 900 – 1300 м биіктікке дейін жетеді және олар жалпақ аңғарлар-депрессиялар( мыс., Риу-Бранку-Эссекибоның жоғарғы жақтары) мен эрозиядан туындаған қазаншұңқырлармен аралас келеді. Тау жыныстары өзендер жағалауынды жылдық жауын-шашынның мөлшерінің түсуі күзде аз және көктем мен қыста көп жауын-шашын алып келеді.

Қысқы жауын-шашын маусымы Азор антициклонымен келетін ылғалдылық пассатына байланысты. Көктемде жауын-шашында экваторлық ауалардағы ылғалдылық әсерін күшейтеді, сондықтан көктем ең көп жауын-шашын әкелетін мезгіл болып есептеледі. Жылдың ортасына қарай оңтүстік пассаттардың әсері күшейпі, олар күзге таман көбейе түседі, сол кезде жауын-шашын мөлшері азайып, күрт төмендейді. (Каенде қыркүйек, қазан айларында 64 мм-ге дейін жауын-шашын түссе, сәуір мен мамыр айларында 1032 мм-ге дейін көтеріледі).

Жауын-шашынның түсуі топырақ пен өсімдік жамылғысын әртүрлілігі, беткейлер мен олардың алдында жатқан жазықтар құрғақ болып келеді. Мұндай жерлерде қызық-құмдақ немесе құмтасты-сазды латериттік құмды топырақтар қалыптасады. Мұндай жерде көбінесе әлсіз чаппарро (curatella) ағаштары сияқты бұталық сирек орманды жерлер кездеседі, ал жел өтіндегі беткейлер күлгін латериттік топырақпен жабылып, мәңгілік жасыл ормандар қаулап өседі, олардың құрамы Амазон гиллеясына жақын болып келеді.

Гвиан ойпатында осыған ұқсас климат жағдайлары бар. Орташа айлық температураның амплитудасы (26-280 С) жоқтың қасы, жауын-шашынның мөлшері 3000 мм-ден жоғары, күзде өте төмен. Таулы қыраттың жағалық ойпатпен байланысы бірнеше аласа сарқырама арқылы өтеді. Ол сарқырамалар кристалдық жазық таудан түсетін өзендерді құрайды. Ойпаттарда олар жайылып жазылады да, аутдан әкелінген аллювиаллі шөгінді қалдырады. Сонымен қатар ойпат Гвиан ағысымен келетін тасындылармен толыға түседі. Жағалық валдар ұсақ өзеннің сағасынан қысып, өзеннің жайылуына және ойпаттың батпақты болуына алып келеді. Жағалық валдар пен кокос пальмаларының арғы жағында кебінді шөптердің батпақты ну жыныстары жатыр. Бұл жерлердің көбісі өңделіп, күріш, қант қамысы мен какао егіледі. Ойпаттың ішкі өлкелері ежелгі құмтас терассаның қалыптасуына байланысты құрғақ саваннаға айналады.

Таулы қыраттың орталық бөлігі мұхиттан алыс және биік жазықтарда жатыр. Бұл жерлерде құмды жамылғының қалдықтары жақсы сақталған. Ауа-райы құрғақ және ылғалды мезгілдер жақсы анықталып, экспозициялардан ландшафтар құрылады, аса тәуелді болады. Таулы қыраттың оңтүстік өлкесі де өзінше ерекше болып табылады. Батыс жағы эрозияға ұрынбаған құмтастар мен кристалдық негізге бейімделген топырақтар сақталған. Олар тіке қабырғалы және тегіс шыңдарды қалыптастырады (мысалы, Серро-Пакороимоның 2200-2300 м-ге жететін шалқайған оңтүстік қабырғасы бар). Құмдардың желге ұшпай, төтеп беру қабілетінің күштілігі диабазалар мен кварциттердің үгілген түрлері өте ерекше. Шалқиған қызыл, қара немесе қызғылт қабырғаларды жасыл ормандар жауып тұруы өте керемет. Массивтердің жоғарғы белдеуінде төменгі температура мен күшті желге байланысты өсімдіктер нашар өседі. Олар көбінесе қисайып өскен, мәңгі жасыл кішкене бұта күйінде болады..

Кеуекті шытынаған құмтастар ылғалдың көп көлемін сіңіріп алып, тау басынан құлатып, сарқырамаларға су беретін көптеген өзендерге бастау болады. Бұл сарқырмалардың биіктігі 1 км-ге дейін жетеді (Мыс., дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель 1054 м-ге жетеді). Құмтас қырқалар мен массивтер көбінесе гидрографиялық тораптар рөлін атқарады. Құмдардың төменгі қабатын тесіп шығатын өзендердің тереңдігі 100 м-ге дейін жететін шатқалдарды қалыптастырады. Кристалдық тау жыныстарында өзендерді тесіп шығуы қиындап, олар көбінесе шоңғалдар мен сарқырамалар болып қала береді.

Солтүстік шығыс пассаттың “құрғақ көлеңкесінде” қалған жазық жерлер саванналармен жабылады. Ашық және төбешіктері көп аймақтарда адам аяғы баспаған ылғалды субэкваторлық ормандар жауып жатыр. Ол ормандардың негізгі тұрғындары, тропилер, маймылдар, құмырсқалар,, емгіштер және басқа да Гили жануарлары.

Пенепленнің төменгі (300-400 м) солтүстік бөлігі енді құмды емес кристалдық шыңдармен көтеріледі (1800 м-ге дейін). өзендер аңғарлары 10-15 км-ге дейін жетеді. Ал өзен арналары 2-3 км-ге дейін жетеді. Олардың сатыланған тау жынысты кескіні Оринокоға құлағанға дейін сақталады. өзеннің жайылып ағуы көбенесе жазда болады. Қысқы құрғақ мезгілде 3-4 ай бойы таулы қыраттың солтүстігінде маусымды, ылғалды аралас орманның өсуіне алып келеді.

Солтүстік ендік пен экваторлық 20 с.е. аралығында ормандар таулы қыраттың батыс бөлігі жыл бойы экваториалдық ауа массаларының әсерінде болады. Бұл жердегі жауын-шашын мөлшері жылына 3000 мм-ге дейін жетеді. Бұл жердің батыс аудандарда да тегіс плато күйінде құмтас жайылымдары сақталып қалған. Олар жеке массивтерге тілімденген шығысқа таман денудациялық лықсымалық табанды қалыптастырады. Плато шыңының беткейінде су ағысы жоқтың қасы. Оның есесіне массивтің биік беткейінен Какеты Риднегру және Ориноко өзендеріне қосылатын көптеген су ағсытары түседі. Олар 2-ші дәрежелі шайындыны әкеліп, кристалдық фундаментті аршиды да тығыз тау жыныстарының қалдықтарын қалдырады. Ал шығысына қарай (120-200 м биіктікте) және төменде 3-ші толық кристалдық табан жатыр. Климаттың экваториалдық түрі мен аласа биіктіктер мен Гилей ормандары мен қуатты күлгін латериттік топырақтың қалыптасуына алып келеді. Барлық мұндай алып орманды саты өте нашар дәрежеде зерттеліп, игерілген.

Тек құрылымы мен морфологиясы “Гвиандық сипатқа” тән таулы қыраттың батыс бөлігі Ориноко- Риу-Негру ойпатына түседі.

110-140 м биіктікте жатқан ойпаттың алдында “қантты бастар” тәрізді алыстатылған гранитті немесе 700 м абсолюттік биіктікке жететін диабозды шыңдар көтеріледі. Олар қарқынды химиялық үгілу мен энергиялық беткейдің шайылуы нәтижесінде қалыптасқан. Бұл ойпау ойысының жастығы су желілерінің реттелмейтіндігімен сипатталады: өзендердің біткен және бітпеген ұштасуы (мыс., Касикьяренің тарамдануы), батпақтану төмендіктері арасындағы кедергі жүйелері және тағы сол сияқтылар.




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет