ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет1/4
Дата01.05.2016
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Пән: Жұқпалы аурулар

Пән коды: ZhA 3215

Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі: 20 с.

Курс: 3

Семестр: 5

2О14 ж.
Кафедра мәжілісінде бекітілді
Хаттама №___ ________2014 ж.
Каф.меңгерушісі, проф.м.а., м.ғ.к. Абуова Г.Н.

1.Тақырыбы№1: Жұқпалы науқастарды клиникалық тексеру және лабораторлық диагностикасының принциптері, ауру тарихын толтыру. Тағамдық токсикоинфекциялар.

2.Мақсаты: Студентердің эпидемиология және жұқпалы аурулар, эпидемиологиялық диагностика әдістері емдеу принциптері, жұқпалы аурлардың күтімі және профилактикасы туралы негізгі теориялық бөлімдерін жетілдіру.

3.Оқыту мақсаты:

  • Инфекциялық қызметтің құрылымы және жұқпалы аурулармен таныстыру, жұқпалы аурулар ауруханаларының құрымы.

  • Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылаудың принциптері.

  • Жұқпалы аурулардың мамандырылған көмек көрсету және осы ауруларға қызмет еткен мед қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігін ұйымдастыру

  • Студентерде тағамдық токсикоинфекциялар жайында түсінік қалыптастыру.

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың класификациясы және эпидемиологиясы

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың эпидемиологиялық қадағалау негіздері және алдын алу шаралары.

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың мамандырылған көмек көрсету және осы ауруларға қызмет еткен мед қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігін ұйымдастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Инфекциялық қызметтің құрылымы

  • Жұқпалы ауруларға көмек көрсетілетін медициналық көмек түрі

  • Жұқпалы аурулардың жіктемесі

  • Жұқпалы аурулардың заманауи алдын алу шараларының қағидалары

  • Эпидемияға қарсы іс-шаралардың құрастыру принциптері

  • Экстремальды жағдайларда эпидемияға қарсы іс шаралар қағидалары

  • Науқас пен медициналық қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігін ұйымдастыру принциптері

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың класификациясы және эпидемиологиясы

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың эпидемиологиялық қадағалау негіздері және алдын алу шаралары.

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың мамандырылған көмек көрсету және осы ауруларға қызмет еткен мед қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігін ұйымдастыру

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: (кіші топтар, пікір-талас, ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентация кейс-стади және т.б.). науқастың ауру тарихымен жұмыс (олар болмаған жағдайда архивтегі ауру тарихымен, клиникалық жағдайлармен жұмыс) электрондық оқу құралдарымен жұмыс,ситуациялық тапсырмаларды және тест тапсырмаларын орындау, зертханалық мәліметтерді қорытындылау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

        1. Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ. Алматы, 2009.- 420 бет.

        2. Сейдуллаева Л.Б., Набенов К.Н., Дүйсенова А.Қ., Т.М.Сыдыманова. Тропикалық жұқпалар мен инвазиялар. Оқу құралы. Алматы, 2008, 168 б.

        3. Тропические болезни.Учебное пособие./Сейдуллаева Л.Б., Набенов К.Н., Дуйсенова А.К., Егембердиева Р.А.- Алматы, 2010,-332 с.

        4. Инфекционные болезни и эпидемиология: Учебник для мед. вузов/ В.И. Покровский, С.Г. Пак, Н.И. Брико, Б.К. Данилкин. - 2-е изд., испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-826 с.

        5. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Қосымша:

        1. Сейдуллаева Л.Б. Безгек. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2007. - 30 бет.

        2. Жұқпалы аурулар пәні бойынша тесттік тапсырмалар және есептер жинағы. Дүйсенова А.Қ., Ермұқанова Н.Т., Алматы, 2009. – 184 бет.

        3. Белоусова А.К. Инфекционные болезни с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии.- 2012.

        4. Дуйсенова А.К., Садыкова С.С. «Сборник тестовых заданий и ситуационных задач по инфекционным и тропическим болезням», Алматы, 2009.- 380с.

        5. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

        6. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

        7. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

        8. Руководство к практическим занятиям по эпидемиологии инфекционных болезней. Под ред. В.И. Покровского.- 2006.

        9. Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед.фак.мед.вузов/Под ред. В.Н. Тимченко.-2-е изд.,испр.и доп.-СПб.:Спец. лит,2006.-576с.

        10. Лобзин К.М., Лобзин Ю.В., Лукин Е.. Риккетсиозы человека. Руководство для врачей. Москва-Санкт-Петербург, 2002.

        11. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

        12. Адамович М.Ш., Бандацкая М.И., Близняг А.М. Иммунопрофилактика инфекционных болезней. Минск. 2002.

        13. Руководство по инфекционным болезням. Под ред. Ю.В. Лобзина. Санкт-Петербург, 2000.

        14. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

        15. Закон о здравоохранении РК от 07.07. 2006 г. № 173-111.

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Бастапқы білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. Тағамдық уытты инфекцияда нәжіс сипаты:



  1. энтеритті

  2. "ректальді түкірік"

  3. "таңқурай желесі"

  4. "күріш қайнатпасы"

  5. өзгеріссіз

2. Тағамдық уытты инфекция – ол жұқпалы ауру, ... симптомдарымен сипатталады.

  1. АІТ жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен, су-тұз алмасуының бұзылысы

  2. су-тұз алмасуының бұзылысы мен жалпы интоксикация

  3. гемодинамика бұзылысы

  4. АІТ төменгі бөлігінің бұзылыстары

  5. жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы

3.Тағамдық уытты инфекцияларының асқынуы болып ... табылады.

  1. гиповолемиялық шок, жүрек шамасыздығы

  2. анафилактикалық шок

  3. бүйрек –бауыр шамасыздығы

  4. тыныс шамасыздығы

  5. ішектен қан кету болып

4. Тағамдық уытты инфекцияның инкубациялық кезеңі :

  1. 2-6 сағаттан 24 сағатқа дейін

  2. 24-48 сағат

  3. 1-5 тәулік

  4. 3 айға дейін

  5. 1-2 сағат

5. Тағамдық уытты инфекцияның патогенезі мен клиникалық көрінісі ... байланысты.

  1. қоздырғыштың түріне

  2. науқастың иммундық жүйесіне

  3. қосымша ауруларға

  4. экзотоксиннің түрі мен мөлшеріне

  5. созылмалы ауруларға

6. Ауа тамшылы инфекцияға шалдыққан балаларды ... орналастырады.

  1. боксқа

  2. ішек инф бөліміне

  3. гепатиттік бөлімге

  4. хирургиялық бөлімге

  5. гельминтік бөлімге

7. Жасанды пассивті иммунитет қалыптастыру жолы:

  1. гиппериммунды сарысу ендіру

  2. интерферон ендіру

  3. иммуномодулятор ендіру

  4. планцентарлы қаннан антиденелер түзу

  5. вакцинация ендіру.

8.Антропоноздарда инфекция көзі :.

  1. заладанған адам ағзасы

  2. қоршаған ортаның өзараданған объектілері

  3. қансорғыштыр

  4. зараданған тамақ өнімдері

  5. кеміргіштер

9. Дератизация- ... куресу жолы болып табылады.

  1. кеміргіштермен

  2. жәндіктермен

  3. микробтармен

  4. буынаяқтылармен

  5. қарапайымдылармен

10. Вакцинаны тоңазытқышта ... градуста сақтайды.

  1. 4-8

  2. 12-13

  3. 0

  4. 16 -17

  5. 1-2

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. ТТИ қоздырғышы ... ,термотұрақты энтеротоксин бөлуші.



  1. Staphylococus aureus

  2. Сlostridium perfringens

  3. Bak cereus

  4. Vibrio cholerae

  5. Proteus vulgaris

2. Тағамдық уытты инфекцияда нәжіс сипаты:

  1. "ет жуындылары"

  2. "ректальді түкірік"

  3. "таңқурай желесі"

  4. "күріш қайнатпасы"

  5. "асбұршақ суфлесі"

3. Тағамдық уытты инфекцияның патогенезінде басты рөлді ... ойнайды.

  1. Staphylococus aureus

  2. Сlostridium perfringens

  3. Bak cereus

  4. Vibrio cholerae

  5. Proteus vulgaris

4.Тағамдық уытты инфекцияның патогенезінде басты рөлді ... ойнайды.

  1. энтеротоксин, цитотоксин

  2. гемолизин, гиалуронидаза

  3. нейраминидаза

  4. дермонекротоксин

  5. амилаза

5.Тағамдық уытты инфекцияның қысқа мерзімде өтуіне ... байланысты.

  1. қоздырғыштың адам ағзасында қысқа мезгілде әсер етуіне

  2. макроағзаның иммундық жүйесіне

  3. микроағзаның вирулентілігіне

  4. қоздырғыштың токсигенділігіне

  5. инкубация кезеңіне

6.Микроағзалармен зарарданған тағамды пайдаланып, гастроэнтеритпен және тұз-су алмасудың бұзылуына алып келіп соқтыратын ... .

  1. тағамды уытты инфекция

  2. тағамдық интоксикация

  3. сіреспе

  4. гангрена

  5. ботулизм

7. Аса қауіпті инфекция көзі ... болып табылады.

  1. бактериотасымалдаушы

  2. инкубациялық кезеңдегі науқас

  3. аурудың өршу сатысындағы науқас

  4. реконвалесцент

  5. продромальді кезеңдегі науқас

8.Адам биологиялық тұйық болып табылатын аурулар :

  1. зооноздар

  2. ішек инфекциялары

  3. тыныс алу жүйсіндегі инфекциялар

  4. сыртқы қабат инфекциялары

  5. трансмиссивті инфекциялар

9. Бу әдісімен стерилизацияланған құралдардың сақталу мерзімі:

  1. 3 тәулік

  2. 24 сағат

  3. 7 күн

  4. 14 күн

  5. 5 тәулік

10. Патогенді микроағзаларды қоршаған ортада жою - ... .

  1. дезинфекция

  2. дезинсекция

  3. дератизация

  4. пастеризация

  5. антисептик


1.Тақырыбы №2: Іш сүзегі, А және В паратифтері. Иерсиниоз.

2.Мақсаты: іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің, иерсиниоздың эпидемиологиясының тәжірибелік негізін студенттерде қалыптастыру, эпидемиологиялық диагностика әдістерін білу, осы аурулар кезінде күтімі мен алдын-алуды меңгеру.

3.Оқыту мақсаты:

  • студенттерде іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің, иерсиниоздың туралы білім қалыптастыру, осы аурулардағы эпидемиологиялық процесс, оның табиғаты, даму жағдайы мен қозғаушы күштері

  • іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің, иерсиниоздың жіктеу принциптері мен эпидемиологиялық сипаттамасын меңгеру.

  • эпидемиологиялық қадағалау негіздері және оның іш сүзегінің, А және В парасүзек кезінде алдын-алуды іс-шараларды меңгеру

  • жұқпалы ауруларда анықтау, осы аурулар кезінде құжаттарды толтыру (жедел хабарлау медбикелік тарих бақылау картасы анықтамалар) іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің ауруымен ауыратын науқастарды мамандандырылған күтімді үйрену

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Іш сүзегінің этиологиясы, эпидемиологиясы

  • Іш сүзегінің патогенезі

  • Іш сүзегінің клинико-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы

  • Іш сүзегінің алдын алуының принциптері

  • Іш сүзегі кезіндегі эпидемияға қарсы бағытталған іс- шаралар

  • А және В парасүзектерінің этиологиясы, эпидемиологиясы

  • А және В парасүзектерінің патогенезі

  • А және В парасүзектерінің клинико-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы

  • иерсиниоздың этиологиясы, эпидемиолоиясы

  • Іш сүзегінің патогенезі

  • Іш сүзегінің клинико-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы

  • Іш сүзегінің алдын алуының принциптері

  • Іш сүзегі кезіндегі эпидемияға қарсы бағытталған іс- шаралар

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: (кіші топтар, пікір-талас, ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентация кейс-стади және т.б.). науқастың ауру тарихымен жұмыс (олар болмаған жағдайда архивтегі ауру тарихымен, клиникалық жағдайлармен жұмыс) электрондық оқу құралдарымен жұмыс,ситуациялық тапсырмаларды және тест тапсырмаларын орындау, зертханалық мәліметтерді қорытындылау.

6.Әдебиет:

Негізгі:

  1. Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ. Алматы, 2009.- 420 бет.

  2. Сейдуллаева Л.Б., Набенов К.Н., Дүйсенова А.Қ., Т.М.Сыдыманова. Тропикалық жұқпалар мен инвазиялар. Оқу құралы. Алматы, 2008, 168 б.

  3. Тропические болезни.Учебное пособие./Сейдуллаева Л.Б., Набенов К.Н., Дуйсенова А.К., Егембердиева Р.А.- Алматы, 2010,-332 с.

  4. Инфекционные болезни и эпидемиология: Учебник для мед. вузов/ В.И. Покровский, С.Г. Пак, Н.И. Брико, Б.К. Данилкин. - 2-е изд., испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-826 с.

  5. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П. Шуваловой.- Москва; Медицина, 2005.- 695с.

Қосымша:

  1. Сейдуллаева Л.Б. Безгек. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2007. - 30 бет.

  2. Жұқпалы аурулар пәні бойынша тесттік тапсырмалар және есептер жинағы. Дүйсенова А.Қ., Ермұқанова Н.Т., Алматы, 2009. – 184 бет.

  3. Белоусова А.К. Инфекционные болезни с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии.- 2012.

  4. Дуйсенова А.К., Садыкова С.С. «Сборник тестовых заданий и ситуационных задач по инфекционным и тропическим болезням», Алматы, 2009.- 380с.

  5. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н. Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  6. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  7. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  8. Руководство к практическим занятиям по эпидемиологии инфекционных болезней. Под ред. В.И. Покровского.- 2006.

  9. Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед.фак.мед.вузов/Под ред. В.Н. Тимченко.-2-е изд.,испр.и доп.-СПб.:Спец. лит,2006.-576с.

  10. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  11. Адамович М.Ш., Бандацкая М.И., Близняг А.М. Иммунопрофилактика инфекционных болезней. Минск. 2002.

  12. Руководство по инфекционным болезням. Под ред. Ю.В. Лобзина. Санкт-Петербург, 2000.

  13. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

  14. Приказ МЗ РК № 442 от 01.07. 2011 г. «Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по организации и проведению санитарно-противоэпидемических мероприятий по предупреждению заболеваемости острыми кишечными инфекциями, сальмонеллезом, брюшным тифом и паратифами».

7.Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Бастапқы білім деңгейін бағалау:

1.Іш сүзегі терапиясында левомицитин келесі тәртіппен беріледі:



  1. барлық қызба кезеңінде және температураның қалыптасуына 10 күн толғанша

  2. 21 күн

  3. барлық қызба кезеңінде және температураның қалыптасуына 3 күн толғанша

  4. 10 күн.

  5. қалыпты температураға дейін

2. Іш сүзегіне шалдыққан науқастан ... бөлінеді.

  1. зәрден,сілекеймен, физиологиялық сұйықтықтардан

  2. қаннан және жұлын ми сұйықтығынан

  3. терден

  4. сілекейден

  5. құсық массаларынан

3. Іш сүзегінің ерте кезеңіне ... жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

  1. лимфа

  2. тыныс алу

  3. жүрек қан тамыр

  4. жүйке

  5. эндокриндік

4. Іш сүзегінде ... иммунитет қалыптасады.

  1. тұрақты

  2. типоспецификалық

  3. видоспецификалық

  4. антитоксикалық

  5. тұрақсыз

5. Іш сүзегін анықтауда қолданылатын зертханалық әдіс:

  1. бактериологиялық,серологиялық

  2. вирусологиялық

  3. иммунологиялық

  4. биологиялық

  5. бактериоскопиялық

6. Іш сүзегінің емі әрі алдын-алу шараларында ... қолданылады.

  1. бактериофаг

  2. гаммаглобуллин

  3. сарысу

  4. вакцина

  5. дәрумендер

7. Іш сүзегінде инкубациялық кезеңнің ұзақтығы :

  1. 7-50 күн

  2. 6 аптадан 6 айға дейін

  3. 3 күннен 7 күнге дейін

  4. 7 күннен 17 күнге дейін

  5. 8 күннен 10 күнге дейін

8. Іш сүзегінде және парасүзектерде атқарылатын іс-шаралар :

  1. санитарлы-гигиеналық

  2. науқастарды оқшаулау

  3. зооветеринарлық

  4. халықты иммунизациялау

  5. дератизация

9. Спецификалық асқынулар (ішектік қан кетулер, жараның перфорациясы, инфекциялық-токсикалық шок) ... кездеседі.

  1. іш сүзегінде

  2. кенелік бөртпе сүзегінде

  3. дезентирияда

  4. тырысқақта

  5. сальмонеллезде

10. Тілдің жуандап тістің ізі болуы, емізіктердің гипертрофиясы ... белгісі болып табылады.

  1. іш сүзегінің

  2. құтырудың

  3. геморрагиялық қызбалардың

  4. Ку қызбасы

  5. сіреспенің

Қорытынды білім деңгейн бағалайтын тесстер:

1. Іш сүзегінде ... зақымдалады.



  1. айналмалы ішектің жоғары бөлігі

  2. тоқ ішек

  3. сигмоидты ішек

  4. аш ішек

  5. 12 елі ішек

2. Іш сүзегінде бөртпе ... .

  1. розеолезді

  2. папулезді

  3. уртикарлы

  4. геморрагиялық

  5. петехиальды.

3. Іш сүзегініне шалдыққан науқастың тілі :

  1. гипертрофияланған емізіктері бар,тіс іздері басылған,ісінген

  2. «таңқұрай тәрізді»

  3. «географиялық»

  4. ісінген,сары жабындымен жабылған

  5. «щетка»

4. АІТ жағынан іш сүзегінде болатын өзгерістер :

  1. метиоризм, Падалка симптомының оң болуы,илеоцекальды аймақта құрырдаулар

  2. метиоризм,нәжістің болмауы,көп көлемде құсу

  3. спазімделген сигма,тенезімдер

  4. Ровзинг,Щеткин Блюмберг,Кохер симптомдарының оң мәнді болуы

  5. эпигастрий аймағының ауырсынуы, сұйық нәжіс

5. Іш сүзегінде Падалка симптомы :

  1. илеоцекальды аймақтағы перкуторлық дыбыстың қысқаруы +

  2. оң қабырғаастында ауырсынудың байқалуы

  3. оң қабырғалық доғаны соққылағанда ауырсыну белгісі

  4. ішек перистальтикасының болмауы

  5. ішек өтімсіздігінің болуы.6

6. Іш сүзегі ... беріледі.

  1. ауыз-нәжіс механизіммен

  2. ауа-тамшылы механизіммен

  3. трансмиссивті механизіммен

  4. парентеральді механизіммен

  5. жыныстық жолмен

7. Іш сүзегінде бөртпе ... .

  1. розеолезді

  2. папулезді

  3. уртикарлы

  4. геморрагиялық

  5. петехиальды.

8. Іш сүзегінің бактерияларын бөлуге ... қолданады .

  1. қан,зәр,нәжіс, өт бөлінділері

  2. қан

  3. ауыз мұрын шырыштысы

  4. жұлынми сұйықтығы

  5. биоптат

9.Іш сүзегі терапиясында левомицитин келесі тәртіппен беріледі :

  1. барлық қызба кезеңінде және температураның қалыптасуына 10 күн толғанша

  2. 21 күн

  3. барлық қызба кезеңінде және температураның қалыптасуына 3 күн толғанша

  4. 10 күн.

  5. қалыпты температураға дейін

10. Іш сүзегіне шалдыққан науқастан ... бөлінеді.

  1. зәрден,сілекеймен, физиологиялық сұйықтықтардан

  2. қаннан және жұлын ми сұйықтығынан

  3. терден

  4. сілекейден

  5. құсық массаларынан

Есептер:

1.Науқас О. 24 жаста. Ауруханаға ауруының 9-шы күні, түскен. Ауруханаға түскен кездегі шағымдары; басының ауруы, денесінің сырқырауы, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Ауырғандық біртіндеп дене қызуының көтерілуімен басталған, субфебрильдіден жоғарылағанға дейін, басының ауырғандығымен, қалтырауымен, аздап терлеумен басталған.

Науқас дәрігерге көрінбеген. Жеміс-жидектерлі үнемі жумайды. Әр түрлі жерден қайнамаған ауыз суын қолданған. Ауруханаға түскенде дене қызуы 390С, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, қуқыл тартқан, аздап тежелген, санасы айқын, тілінің ортасы аздап жабындымен қапталған жиектері және ұшы таза, ісінген, тістің іздері бор, зеві (тамақ саңылауы) таза, Құрсақ терісінде аздаған, диаметрі 2-3 мм розеолалар байқалады, теріден аздап шығыңқы орналасқан. АҚҚ 90-60 мм сын.бағ. Р8-66 рет ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. Құрсағы жұмсақ, аздап кепкен, аздап құрылдайды, перкуторлық дыбыс қысқарды илеоцекальдық аймақта байқалады. Бауыр қабырға асты шетінен 1 см шығыңқы. үлкен дәреті тоқтаған, несеп бөлуі еркін.


  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Медбике күтімі.

  3. Алдын-алу шаралары.

2.Науқас И. 18 жаста, ауырғаннан соң 15-ші күні келіп түскен. Жедел ауырған, жоғары дене қызуы (38-390С) тамағының ауруы, бас ауыруы болған. Дене қызуы жоғары күйінде қалған бас ауыруы, әлсіздік күшейген. Түскен кезде: дене қызуы 390С, жағдайы ауыр. Науқастың тері жамылғысы бозғылт, әлсіз ұйқышыл. Тілі ісінген, тілінің бетінде жамылғы қапталған, тілдің ұшы мен шеттері таза. Іштің және кеуде терісінде аздаған мономорфты розеолезді бөртпе. АҚ-90/50 мм.сын.бағ.өкпеде жайылмалы құрғақ сырылдар. Іші кепкен, жұмсақ, ауырмайды. Бауыр және талақ пальпацияланады, қабырға шетінен 1 см төмен. Қабылдау бөлімінде үлкен дәреті ботқа тәрізді, қара түсті болған.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Медбике күтімі.

  3. Алдын-алу шаралары.

3.ҚЖАА-ға іш сүзегі диагнозымен ауру келіп түсті.

1. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізу керек.

2. Қандай жедел жәрдем көрсету керек.

4.Науқас П., 44 жаста. Ауруханаға сырқатының 4 – ші күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, шамалы ауруына, тыныс алуының қиындауына, көзінің айқын көрінуіне шағымданып түсті.

3.03. – дәмі өзгермеген, үй жағдайында консервіленген саңырауқұлақтарды жеген. Сонымен қатар бірге пісірлген тауық және қаймақпеен араластырылған қиярдан жасалған салат жеген.

4.03. - жұмыста әлсіздікті сезініп, басы айналып, ішінің сәл ауырғандығын сезінген, 2 рет құсқан және 1 рет сұйық үлкен дәретке отырған.

5.03. – нашар көре бастаған, барлық заттар тұмандалып көрінген, сонымен қатар қалшылдау және тершеңдік пайда болған.

6.03. – қатты тағамдарды жұта алмай, көруі нашарлаған. Бұл күні таңертен жедел жәрдем бригадасын шақырып, ауруханаға жеткізілген.

Объективті: дене қызуы 37,8С, жалпы жағдайы ауыр, адинамиялы, есі анық. Қабағының түсуі, ыжеңіл анизокория, маңқы дауыс. Тыныс алуының қиындауы, суды қиналып ішеді, аз порциялармен. Пульс минутына 118 рет. Толымдылығы орташа. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. жүрек тондары әлсіз, өкпесінде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырғандығы жоқ, шамалы кепкен. Үлкен дәреті клизмадан соң ғана, зәр шығаруы қалыпты.


  1. сіздің болжам диагнозыңыз

  2. тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз

5.Ж., 15 жаста, мектеп оқушысы. Алматы қаласының шетінде тұрады. Үйінде сиыр, ешкі, қойлары бар. Екі апта бұрын ауырған. Кешке қарай дене қызуы 38С – қа дейін көтеріліп, діріл, қалшылдау пайда болған, медициналық көмек шақырмаған, мектепке барып жүре берген. Екі аптадан соң дене қызуы 39 С дейін көтеріліп, қалшылдап, басы ауырып, терлеп, буындары ауырған. Стационарға жатқызылды.

Объективті: дене қызуы 38,8С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, активті. Буындары қарағанда өзгермеген, терісі қалыпты түсті, ылғалды, жүрек және өкпе жағынан патология жоқ. Іші қалыпты конфигурацияда, ауырмайды. Бауыры мен талағы қабырға доғасынан 2 см. шығады, тығыз, ауырғандығы жоқ. Үлкен дәреті қалыпты. Тәбеті жақсы. Ұрғылау симптомы теріс. Несеп бөлуі қалыпты. Ауруханада дене қызуы 37 – 39 С, тершеңдік болған, буындары, бұлшықеттері, белі ауырған. Тәбеті қанағаттанарлық, шамалы басы ауырған.

ЖҚА: лейк. – 4,3х10/л, т/я – 2%, с/я – 40%, л – 51%, мон – 7%, СОЭ – 25 мм./сағ.


  1. сіздің болжам диагнозыңыз

  2. тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз

6.Науқас А., 18 жаста студент – биолог, 10.08. ауруының 3 – ші күні мына шағымдарымен түскен: басының қатты ауруы, бұлшықетінің ауруы, шаршағыштық, пен ыстығының көтерілгендігі. Іле өзенінің ауданында тәжірибеде жүргенде: денесі қалтырап, ыстығы көтеріліп, басы, бұлшықеттері ауырған.

Объективті: дене қызуы 39,3 С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Көзін жұмып жатыр. Беті іскен, конъюнктив тамырлары гиперемияланған, склералары инъекцияланған. Көз алмалары, балтыр бұлшықеттерін басқанда ауырсынады. Жүрек тондары айқын, таза. Тамыр соғысы ырғақты, толымдылығы орташа, минутына 100 рет. АҚҚ 105/ 70 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс, шүйде бұлшықетінің аздап кернеулігі байқалады. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы қабырға доғасына сәйкес. Үлкен дәреті жоқ. Ауруының 5 – ші күні кеудесі мен аяқ – қолдарында қызылша бөртпелері тәрізді ашық дақтар пайда болған, 3 күннен соң жоғалып кеткен және дене қызуы төмендеген.



  1. сіздің болжам диагнозыңыз

  2. тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз

7.Науқас Г., 36 жаста, хайуанаттар фермасында істейді, ол жерде түлкілер мен песецтерді күтеді. Ауруының 5 – ші күні түскен. Шағымдары: басы мен бұлшық еттерінің қатты ауруы, тәбетінің төмендеуі. Ауру жедел басталған: дене қызуы 37,6С – қа көтерілген, әлсіреген.бірден төсеккке жатқан, денесі, әсіресе аяқтары сырқырап ауырған, дене қызуы барлық күндері жоғары. Басының ауруына байланысты дәрмектерді ішкен, жағдайы жақсармаған. Бүгін денесінің сарғайғанын байқаған, жағдайы күрт төмендеген, дене қызуы 39 – қа көтерілген.

Объективті: дене қызуы 38,9С, жалпы жағдайы ауыр, әлсіз, адинамиялы, санасы айқын. Терісі мен көзінің қасаң қабағы сарғайған, денесі мен аяқ – қолдарында көптеген петехиялар бар. Балтыр бұлшықеттерінің басқанда ауырсынады. Көздің қасаң қабығы мен конъюнктивасының қан тамырлары инъекцияланғаан. Араны таза, тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 120 рет, АҚҚ 85/65 мм.с.б. өкпесінде везикулырлы тыныс. Ішінің конфигурациясы қалыпты, жұмсақ, сезімтал, бауыры мен талағы 3 см ұлғайған. Нәжісі қалыпты, несеп бөлуі еркін, ауырсынбайды, несебі қызғыш. Ұрғылау симптомы 2 жағынан да аздап оң мәнді.

ЖҚА: лейк. – 13х10/л, п/я – 16%, с/я – 56%, л – 26%, мон – 3%, СОЭ – 45 мм./час

ЖЗА:салмағы – 1012, ақуыз – 0,066, лейк – 10-16 к/а, эрит.- 30-40 к/а.



  1. сіздің болжам диагнозыңыз

  2. тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз



  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
    2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
    2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
    2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет