Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



жүктеу 3.16 Mb.
бет1/19
Дата30.04.2016
өлшемі3.16 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

“Бекітемін”

Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмысы жөніндегі проректор,


м.ғ.д. Анартаева М.Ұ. ___________________

“___” _________ 2013ж

Жұмыс бағдарламасы





Пән: Зертханалық диагноcтика

Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 90 сағат (2 кредит)

Курсы және оқу семестрі: 4-8

Шымкент - 2013 ж.
Зертханалық диагностика пәнінен жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрастырылған.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қайта қаралды, хаттама № “ ” 2013ж


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. : ___________ Есіркепов М.М.

Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында қайта талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.

Төрағасы: Патсаев А.Қ.

Әдістемелік Кеңесте мақұлданды, хаттама №___ “___” _________ 2013ж



2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Соңғы жылдары «Зертханалық диагностика» жаңа зерттеу клиникалық әдістермен байытылған, бұл осы білім саласының жаңа жетістіктерін айкындайды. Биохимия мен клиникалық биохимияның теориялық пен тәжірибелік мүмкіндіктері шексіз, бірақ жоғарғы сапалы мамандарсыз бұл ғылыми-тәжірибелік саланы дамыту мүмкін емес. Замануи медициналық орталықтар мен клиника-диагностикалық зертханаларға биохимия және клиникалық биохимия саласында заманауи дайындығы бар жоғары маманды мамандыққа мұқтаж. Дерттерді уақытында алдын алып және дұрыс емдеу үшін дұрыс диагноз қою қажет. Кейбір жағдайда аурудың клиникалық белгілері шын мәніндегі қасиеттерін анықтамайды, сондықтан диагностиканың зертханалық әдістерін қолдану қажет.



2.2 Пәннің мақсаты:

Кәсіби білім беру стандартының ережелеріне сәйкес, диагностикалық,

емдік, реабилитациялық және алдын алу шараларын өз бетінше жүргізуге қажетті тәжірибелік дағдылар мен білімді толық меңгерген медициналық маманын дайындау. Медбике қызметкерлері медициналық көмек көрсетілуінде,

мәліметтің таралуында, науқасты үйретіп кеңес беруде, бақылауда және емдеу нәтижесін бағалауда маңызды рөл атқарады. Науқастың зертханалық тексеруінің дұрыс ұйымдасуы-сапалы медициналық көмектің бірыңғай процесінің міндетті құрам бөлігі болып табылады. Осы процестің қамтамасыз етілуіне өте маңызды рөл медбикелерге жатады.



2.3 Оқытудың міндеттері:

  • студенттерде зертханалық диагностиканың рөлі туралы түсінікті

қалыптастыру

  • мүмкін заманауи зертханалық зерттеу әдістерімен таныстыру

  • зертханалық тексерудің жоспарын құрастыру, дағдыларын оқытып үйрету

  • зертханалық тексерудің нәтижесінің клиникалық интерпретациясын оқып

білу

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

студент білуі тиіс:

  • зертханалық зерттеулердің заманауи диагностикалық мүмкіндіктерін;

  • зертханалық зерттеулердің преаналитті кезеңінің ерекшеліктерін;

  • зерттеулердің зертханалық әдістерінің принциптерін;

  • алынған нәтижелердің интерпретацияларының теориялық негіздерін;

  • науқасты зертханалық тексеруге дайындау принциптерін;

істей алуы тиіс:

  • әртүрлі нозологиялық түрлерге зертханалық зерттеулерінің алынған

нәтижелерін интерпретациялау,

дағдыларды меңгеру:

  • зерттеулер үшін биологиялық материалды алу және дайындау;

  • қан мен зәрдің жағынын микроскоппен қарау;

  • қан мен зәрдің химиялық құрамын "құрғақ химия" тест–диагностикум

арқылы анықтау;

  • зертханалық зерттеулер сапасының бақылау бойынша іс шара жүргізу;

  • қанның тобын анықтау;

  • моноклоналды антидене жасушаларының боялу техникасын;

  • жалған қате нәтижелердің мүмкін себептерін талдау;

2.5 Реквизитке дейінгі: патфизиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі

2.6 Шектес пәндер: ЕАМ инфекциялық қадағалау

2.7 Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі


Сабақтың ұзақты

лығы

Кредит № 1

1

Зертханалық медицина: кеше, бүгін, ертең. Емдеу - алдын-алу мекеменің зертханалық қызметінің ұйымдасуының негіздері.

жалпы шолу



1

2

Зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ететін мәселелер. Клиника-химиялық талдау және оның іске асуының технологиясы.

жалпы шолу

1

3

Ақуыз алмасуының бұзылыстарының зертханалық диагностикасы.

тақырыптық

1

4

Энзимодиагностика.

тақырыптық

1

5

Көмірсу алмасуы бұзылыстарының лабораториялық диагностикасы.

тақырыптық

1

6

Липид алмасуы бұзылыстарының лабораториялық диагностикасы.

тақырыптық

1

7

Пигмент алмасуы бұзылыстарының зертханалық диагностикасы.

тақырыптық

1

8

Су-тұз алмасу бұзылыстарының заманауи диагностикасы.

тақырыптық

1

9

Гормон-медиатор алмасуының зерттеуі. Иммунопатология диагностикасының заманауи деңгейі.

жалпы шолу

1

10

Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған түрлері. Зертханалық диагностикасы.

жалпы шолу

1

Барлығы 10 сағат.
тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі


Сабақтың ұзақты

лығы

Кредит № 1

1

Анемия зерттеулерінің гематологиялық әдістері

Семинар, алғашқы білімді бағалау

2

2

Созылмалы аурулар кезіндегі анемиялар.


Семинар, шағын топпен жұмыс, есептер шығару

2

3

Гемолитті және апластикалық анемиялар

Семинар, тестілеу

2

4

Лейкоцитоздар мен лейкопениялар

Семинар, есептер шығару

2

5

Қанның ісік аурулары. Ісіктік процесстің зертханалық диагностикасы.

Семинар, тестілеу

2

Барлығы: 10 сағат

Кредит №2

1

Иммунопатологияның диагностикасының заманауи деңгейі.

Семинар, тестілеу

2

2

Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған түрлері. Зертханалық диагностикасы.

Семинар, шағын топпен жұмыс

2

3

Қант диабетінің клиника–диагностикалық көрсеткіштері.

Семинар, тестілеу

2

4

Липид алмасу бұзылыстарының заманауи диагностикасы.

Семинар, тестілеу

2

5

Антифосфолипид синдромының заманауи лабораториялық диагностикасы.

Семинар, тестілеу


2

Барлығы: 10 сағат

Жиыны: 20 сағат

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары





Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

Кредит №1

1

Зертханалық зерттеулер сапасының қамтамасыз етілуінің мәселелері.


реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;

тақырыптық альбом.



4

2

Инфекциялық аурулардың заманауи диагностикалық аспектілері. Инфектологияда зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері. Жұқпалы аурулардың диагностикасында полимеразды тізбекті реакция әдісінің орыны.

4

3

Клиникалық тәжірибедегі гематологиялық синдромдар. Анемиялық синдром. Анемиялардың емдеу тиімділігінің зертханалық критерийлары.

4

4

Эндокриндік жүйесі патологиясының зертханалық диагностикалық алгоритмі. Гинекологиялық тәжірибедегі гормондық диагностика.

4

5

Қан ұюдың жеке факторларының дефицитінің зертханалық диагностикасының принциптері (гемофилия диагностикасы). Антикоагулянттар, фибринолитикалық жүйе мен коагуляциялық факторлардың зертханалық зерттеулердің принциптері.

4

6

Лейкоздардың (лейкоздарды

иммунофенотиптеу) заманауи зертханалық диагностикасы. Созылмалы лейкоздар. Лимфопролиферативті аурулар.



4

7

Дәрілік аллергияның заманауи диагностикалық аспектілері. Дәрілік аллергияның диагностикалық критерийлері

4

8

Аралық бақылау.

Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

2

Барлығы: 30 сағат

Кредит №2

9

Гемостаз жүйесінің зертханалық зерттеулері.

Гемостаз жүйесіндегі тамырлы-тромбоцитарлы түйінінің зертханалық зерттеулердің принциптері.



реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;



тақырыптық альбом.


4

10

Эритроциттердің шөгу жылдамдылығының өзгерісінің клиникалық маңызы. Миелодиспластикалық синдром туралы заманауи көзқарас.

6

11

Тума гипотиреоздың диагностикасы. Пренатальды ТТГ зертханалық скринингінің маңызы.

4

12

Қалқанша без патологиясының клиникалық аспектілері. Субклиникалық түрлері гипо - және гипертиреоздар туралы ұғым.

4

13

Бүйрек-зәрдік синдром мен зәрдің тұну элементтерінің клинико-диагностикалық маңызы. Зәрде қанттардың зерттеулерінің клиника-диагностикалық  маңызы.   Глюкозаның бүйректік межесін анықтау.

6

14

Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың заманауи диагностикасының алгоритмі.

4

15

Аралық бақылау.

Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

2

Барлығы: 30 сағат

Жиыны: 60 сағат


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу және тақырыптық

Тәжірибелік сабақтар: семинар, сабақтың сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, шағын топпен жұмыс, мәселелік есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ): шағын топтармен жұмыс, реферат, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді құрастыру, дайындалған рефераттарды және презентацияларды қорғау.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (СӨЖ): барлық туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда берілген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, презентациялар мен рефераттар дайындау, мәселелік есептерді шешу, кестелермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алу, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аралық бақылау.

2.9 Білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: жазбаша/ауызша сұрау, мәселеллік есептер шығару, орындалған тапсырманың қорытындысын жазуды бағалау және т.б., шағын топтарда жұмыс жасағанда топтық және өзін-өзі бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум – ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

Қорытынды бақылау: емтихан (КТБО тест түрінде)

Құрал-жабдықтар:

Құралдар: термостат, спектрофотометр, фотоэлектроколориметр, биохимиялық анализаторлар, гематологиялық анализатор, су моншасы, рН метрлер, таразылар, центрифугалар, дистиллятор, компьютерлер, мультимедиялық проекторлар.

Жабдықтар: зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған реактивтер жиыны, зәрдегі глюкозаның мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар, зертханалық шынылар (пробиркалар, стакандар, колбалар, цилиндрлер), сүзгіш қағаздар

2.10 Ұсынылатын әдебиет: қазақ тілінде

негізгі:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия: оқулық - Алматы, 2009

2. Сейтімбетов Т.С. Биологиялық химия оқулық-2010, Алматы

3. Дәріс тезистері



қосымша:

1. Ибадильдин А. С. Гепатология және клиникалық биохимия: оқу құралы.-А., 2008.



орыс тілінде:

негізгі:

1. Камышников В.С. Справочник по клинико-биохимическим исследованиям к лабораторной диагностике; справ. Изд-2-е изд М,-2004г.

2. Егорова М.О. Биохимическое обследование в клинической практике: монография-М.: Практическая медицина, 2008г.

Қосымша:

1. Баркаган З.С. Основные методы лабораторной диагностики нарушений системы гемостаза. — М., 1999.

2. Долгов В.В., Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика анемий. — Тверь: "Губернская медицина", 2001.

3. Медицинская лабораторная диагностика (программы и алгоритмы) / под ред. А.И. Карпищенко — СПб.: Интемедика, 2001.

4. Медицинские лабораторные технологии / под ред. А.И. Карпищенко— СПб.: Интемедика, 1999.

5. Обеспечение качества лабораторных исследований. Преаналитический этап / под ред. Меньшикова В.В. — М.: "Лабинформ", 1999.

6. Клиническая иммунология и аллергология / под ред. Г. Лолора–мл., Т. Фишера. — М.: Практика, 2000.

7. Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика лейкозов. Учебное пособие. — Тверь: "Губернская медицина", 1999.

8. Энциклопедия клинических лабораторных тестов / под ред. Н. Тица — М.: "Лабинформ", 1997.

1 үлгі



2.11 Зертханалық диагностика пәнінен жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы



Келісетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

4


Реквизитке дейінгі

1

Патология

лық физиология



Патологиялық физиология пәні бойынша оқу материалын талдауының реттілігі мен мазмұнын қолдау. Келесі бөлімдерге:

1. Мембраналардың бұзылуы;

2. Жасушаның энергетикалық қамтамасыздығының бұзылуы;

3. Туа біткен және тұқым қуалау аурулары;

4. Көмірсу алмасуының бұзылуы;

5. Нәруыздар алмасуының бұзылуы;

6. Майлар алмасуының бұзылуы;

7. Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылуы;

8. Дәрумендер алмасуының бұзылуы;

9. Қан көрсеткіштерінің өзгеруі

ерекше мән берілуі қажет.


Хаттама №___

«___» _____ 2013

Қалыпты және пат.физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к:

______________ Жолымбекова Л.Д.



2

Микробиология

Микробиология курсындағы оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Осы курсты оқытуда әр түрлі микроорганизмдердің биохимиялық активтілігін медициналық микробиологияда және медицина өнеркәсібінде (ферменттердің алынуы, витаминдер, антибиотиктер және т.б.) іс жүзінде қолданылуына ерекше мән берілуі керек.

Хаттама №___

«___» _____ 2013

Биохимия, биология және микробиология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.:

_____________ Есіркепов М.М.


3

Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі

Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі курсында ішкі ағза ауруларының диагностикасы, осы аурулардың симптомдары мен синдромдарын танып білудің тәсілдері және заманауи зерттеу әдістері қарастырылған. Осы курста, сонымен қатар, ішкі ауруларды емдеу, олардың алдын-алу шаралары, науқастарды емдеуде мейірбикелердің жұмысы (дәрі-дәрмектерді қабылдау ережелері, зерттеулерге дайындау, бірінші медициналық көмек беру және т.б.) мәселелері үйретілген.

Хаттама №__

«___» ____2013ж

Терапия, бакалавриат кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д, профессор:

_______________ Бекмұрзаева Э.Қ.


Шектес реквизиттер

1

ЕАМ инфекциялық қадағалау

Зертханалық диагностика курсындағы оқу материалдарының мазмұнын және олардың берілу тәртібін мақұлдау. ЕАМ инфекциялық қадағалау пәнін оқыту барысында ИБ-ның қарапайым және тиімді шараларын әзірлеу үшін инфекция таралуы мүмкін көздер туралы және олардың таралу жолдары туралы ақпаратты білуге, стационардағы инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған стратегияны әзірлеуге, сапалы ИБ шараларын орындау жолына ерекше мән берілу керек.

Хаттама №__

«___» ____2013ж

«Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а.:

______________ Абуова Г.Н.



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


Силлабус

(Syllabus)





: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет