Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы Абилдаева Айжан Шәріпбекқызы №2



жүктеу 67.26 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі67.26 Kb.
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш қаласы

Абилдаева Айжан Шәріпбекқызы

2 «Ер Төстік»



балабақшасының Ерте жас

тобының тәрбиешісі
Білім облысы :

Білім саласы :

Тақырыбы : «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы».

Мақсаты :

Білімділік : Балаларды өз еліне, туған жеріне, өнеріне, халқына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық : Ата – баба қолданған тұрмыстық бұйымдармен таныстыру.

Тәрбиелік : Әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Ұлттық дәстүрлерімізді ұмыттырмау.

Көрнекілік : Ою-өрнектер, ыдыс-аяқ, суреттер, шаңырақ макеты.

Әдіс – тәсілі : Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ, мақал-мәтел, ойын.

Сөздік жұмыс : көшпелі, шебер, құрақ.





Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі


І. Ой қозғаушы іс-әрекет

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды орнына тұрғызу.

Бәрімен амандасу.

Балалар жылулық шеңберіне тұрады.

Балалар менің қолымдағы не?

Дұрыс. Шаңырақты сендер қалай түсінесіңдер?

Онда балалар, осы Отанымызға, шаңырағымызға өз сезімдерімізді жылы тілектермен айтайықшы.


Жарайсыңдар балалар!

Енді терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде не өзгереді?


Көктемде неше ай бар?

ІІ. Жаңа сабақ.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы». Бүгін біз қазақ халқының тұрмысы және өнері жайлы іңгімелейміз.

Ежелде ата – бабаларымыз киіз үйде тұрған екен. Көліктері жылқы, түйе болыпты. Сол көлікпен ыста қыстауға, жазда жайлауға, киіз үйін жинап алып, көшіп отырған. Бұйымдарының бәрін қолдан істеген, ыдыстарды саз балшықтан илеп істеген. Ал киімдері қазақша киім киген. Бастарында бөрік, сәукеле. Нымша, шапан болған. Ана жерде бір ауыл көрінеді. Сол ауылға саяхат жасайық.

Көзімізбен көрейік. Ата – бабаларымыз сияқты көшіп барайық.

Топ бұрышында сандық, көрпеше, үстелі бар ауыл образын сомдайтын бұрыш болады. Үстел үстінде тапсырмасы бар.


Қараңдар балалар, тапсырмада «Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қастерлер, өнеге тұтқан. Өлең, жұмбақ, мақал, мәтел, айтыстық өнері, шешендік өнері ұрпақтан – ұрпаққа күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Балалар, сендер Отан,еңбек, өнер туралы мақал – мәтел, тақпақ білесіңдер ме?»

Жарайсыңдар балалар!

Тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар Енді мына қапшық ішіндегі тәттілерді алуға болады. Келесі ауылға барайық.

2 бұрышта «Шеберлер ауылы» болады. Әже қарсы алады.

Амандасады : «Келіңдер, төрлетіңдер қарақтарым!» (Хал-жағдай сұрасады.)


  • Жай жүрсіңдер ма, балалар!

  • Айта беріңдер!

Ата – бабаларымыз ою-өрнекті барлық қолданатын заттарға басқан. Мысалы, мына көрпешедегі ою-«Қошқар мүйіз», кілемдегі ою-«Аққу мойын», «Толқын», «Гүл» т.б.


Балалар, қараңдаршы мына білезіктерде, домбырада, ыдыстарда, үстілеріңдегі нымшаларыңда оюдың әр түрлісі бар екен. Ою сәндік үшін басылады. Оюды балалар шеберлер істейді.

Шебер дегеніміз – қолынан іс келетін, өз ісінің маманын шеберлер дейміз.

Балалар, әжеге рахмет айтып, келесі ауылға барайық Әжені де ерте кетейік.

Балалар тобымен ауылға келеді. Алдынан Алдар Көсе шығады. (Рөлге Бақболат енеді).

Келіп қалған екенсіңдер! Жолда келе жатып, мына қошақанды тауып алдым. Жараланып қалған екен, көмектесіңдерші.
Тез жазылып кетуіне көмектесейік. Рахмет!

Енді сендердің өнерлеріңді көрейік.


Сергіту сәті.

Балалар, қазақ халқының тек ою - өрнектері ғана емес, ойындары, өлең жырлары болған. Біз қыз қуу, асық, арқан тарту, бәге, орамал тастамақ ойындарын білеміз. Сол ойындардың қайсысын ойнап көрсетеміз.

Ойын шартын айтып өтеміз. Бала қызды ұстапалса, қыздың бетін сүйеді.

Ұстай алмаса, өнер көрсетеді.

Бәрекелді балалар!

Енді Айтыс өнерін көрсетейік.

Балаларды тыңдайық.

Балалар рахмет сендерге, көңілім көтеріліп қалды. (Алдар Көсе)


Әже : Ой балапандарым, өте ақылды екенсіңдер, мейірімді, сегіз қырлы бір сырлы екенсіңдер. Мен сендерге бата берейін.

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұлыңды түгел білімді ет,

Ақылың ассын,

Ықыласың тассын

Шаңыраққа шаттық үйірілсін.

Достарың көп болсын! Әумин!!!

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз

Шаңырақ


Шаңырақ деп киіз үй төбесін айтамыз, және де Отанымызды, отбасымызды айтамыз.

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Шаңырағымыз шайқалмасын!

Еліміз көркие берсін!

Т.б.

Көктемде күн жылынады. Құстар ұшып келеді.

3 ай!


Балалар топтасып барып, жайғасады.

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

Отан оттан да ыстық.

Еңбек өнер өрісі,

Өнер өмір желісі.

Өнер көпке жеткізер.

Ата – бабам, жиіп – теріп қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан Алтын ұя, Отаным

Жайнай берші мәңгі гүлдеп әрқашан.

Мінеки сондай жомарт сенің халқың.
Ешқашан ұмытпаған ата салтын

Жас ұрпақ ойлан өзің біл тарихты

Қазақ болып қал қадірле қазақ халқын.

Т.б.


Топтаса ауылға барады. Рөлге Мадина енеді.

Әже біз Сізден көп нәрсе үйренуге келдік.


Ою-өрнек туралы білгіміз келеді.

Шебердің қолы алтын, шешеннің сөзі алтын.


Рахмет әже, бізбен бірге келесі ауылға қонаққа барайық.
Мен Алдармын, Алдармын

Сақалымды талдармын,

Сақал түгіл мұртым жоқ,

Мені алдайтын жұртым жоқ.

Ойпырмай, мына кошақанды ай,

Қойныма сап алайын.

Кедейге олжа табылды,

Бір кәдеге жарайды.

ААА-ооо- еее.

Амандасады.

Балалар мақұлдайды.
Балалар қошақан әнін орындайды.

Ойын «Қыз қуу»

1 жұп : Бейбарыс пен Диана

2 жұп : Қадір мен Сабина

Қадіржан «Қара жорға» биін орындайды.
Нұртас пен Сымбат айтысады.

Халықтық мейрам тойында кім айтысар менімен,

Айтыс айтыс болады айтысқанда теңімен.

Сымбат : Айтыс айтыс болады, шықса ақын теңімен,

Шешен болсаң көрейін, айтысып көр менімен...
Жүрелеп отырады.



Жетекші – жөндеуші

Ал балалар, енді тобымызға қайтайық. Ауыл – ауылды аралап, біз не үйрендік? Шебер деген кім екен?


Қолынан іс келетін адамды шебер дейміз.

Жауап береді.




Қорытындылау

Сендер бәрің жақсы, ақылды екенсіңдер. Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар!

Ауылдан алған тәттілерді таратып беру.






Күтілетін нәтиже : Балалар ұлттық дәстүрімізді ұмытпай жалғастыруы керек. Санасына сіңіру қажет.


Білуі керек : Ұлттық өнерімізді, ойындарымызды білуі керек. Ата – бабаларымыздың тұрмысы жайлы білуі керек.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет