Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни-қажылық туризмді дамытудың негізгі аспектілері ахметова Алия Қожабекқызы



жүктеу 64.39 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі64.39 Kb.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни-қажылық туризмді дамытудың негізгі аспектілері
ахметова Алия Қожабекқызы

ahmetova-001@mail.ru

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 3 курс студенті, Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі - М.Амрина


Территориясы Ұлы Жiбек жолының аумағында жатып, сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгерi ретiнде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлi де болса, туристiк бағыт ретiнде әлемге танымал бола қойған жоқ. Қазақстанның тартымды туристiк беделiн құру тиiстi кең ауқымды шаралар кешенiн әзiрлеудi талап етіп отырған мәселелердің бірі болып табылады. 

Беделдi көтерудiң негiзгi iс-шаралары Қазақстанның туристiк фирмалары мен агенттiктерiнiң ДТҰ тарапынан өткiзiлетiн халықаралық туристiк көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас iс-шараларды ұйымдастыруы қажет. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететiн конгрестiк туризмдi дамытудың маңызы бар.

Қазақстан –  ежелгі өркениеттің жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын. Ұлы Жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі, қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер болып табылады [1].

Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында діни туризм жетілмеу себептері, және оны дамыту жолдары қарастырылған. Осыған орай, облыста тарихи ескеркткіш, бағасы жоқ жәдігерлердің көптігіне қарамастан қазіргі таңда осы орындарға келуші туристтер саны көбеймей тұр. Оның негізгі себептері инфрақұрылымның болмауы, арнайы жасақталатын турлардың аздығы, оның бағасының сәйкессіздігі, туристік объектілерге жетудің қиындығы, туристер демалатын жерлердегі қызмет көрсету деңгейінің жоғары болмауы, жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің сервис сапасының және санының жеткіліксіздігі; туризм саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып саналады.

Діни- қажылық орындар, атап өткенде Қожа Ахмет Йассауи, халқымыз айтпақшы Сайрамда бар сансыз бап, бабтардың бабы Арыстан баб секілді тарихы тереңде жатқан орындарға барар көлік инфрақұрылымын дамыту, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік жолдарын жетілдіру қолға алынып отырғанын ескерген жөн. Мысалы, облыстық маңызы бар «Шәуілдір - Көксарай - Байырқұм» автомобиль жолының 0-54 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 173708,0 мың теңге қаржы бөлінген, атқару мерзімі 201-2014ж.ж болып белгіленген. «Шәуілдір-Ақдала» автомобиль жолының 0-61 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары 1877870,0мың теңге қаржы жұмсалған [1].

Республикалық бюджеттен туристік нысандарды қаржыландыру үшін   13 инвестициялық жоба ұсынылды. Оның ішінде:


  • Отырар ауданынан 5 нысан: Туристер пен қажыларға қызмет көрсететін орталығы бар этнографиялық кешеннің құрылысы, іске асыру мерзімі 2011-2012 жыл аралығы, жоба құны 329,7 млн. теңге; Халықтық өнер мектебінің құрылысы, іске асыру мерзімі 2011-2012 жыл аралығы, жоба құны 785,9 млн.теңге

  • Түркістан қаласынан 5 нысан: Яссауи кесенесінің қорғалатын аймағын барлық жағдайы жасалған қалашыққа айналдыру, іске асыру мерзімі 2011-2012 жыл аралығы, жоба құны 700 млн. теңге; Сауран қалашығын қайта қалпына келтіру және мұражай ашу, іске асыру мерзімі 2008-2009 жыл аралығы, жоба құны 589,5 млн. теңге; «Түркістан қаласының тарихы» атты ашық аспан астындағы этнографиалық-мемориалдық мұражайдың құрылысы, іске асыру мерзімі 2011-2012 жыл аралығы, жоба құны 900 млн. теңге; мінәжат етушілерге арналған этноауылдың және екі автокемпингктің құрылысы, іске асыру мерзімі 2011-2012 жыл аралығы, жоба құны 1890,0 млн. теңге; «Эдем» қонақ-үй кешенінің құрылысы, іске асыру мерзімі 2011-2012 жыл аралығы, жоба құны 1150,0 млн. теңге.

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне, киелі де қасиетті қала.  Ол Тұран аймағы деп аңыз болып қалған, «тарихи түркілер елі» деп те аталып, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болған. Бұл қала тарих тауқыметін бастан кешіріп, гүлдену және құлдырау кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін аман жеткен. Ислам дінінің бастамасы, Кіші Қажылық деп саналатын Қожа Амет Йассауи кесенесі, оның ұстазы Арыстан бабқа тағзым етіп келушілерге таңғажайып әсер қалдыратын мекенге еліміздің жергілікті тұрғындары келуде. Алайда, қалаға келетін шетел туристтерінің саны аз. Оның басты себептері :

  • шетел туристтерін тарту үшін қызмет ететін туристтік ұйымдар, турфирмалардың санының аздығы. ОҚО бойынша 49 туристтік ұйым қызмет етеді, оның 10-туроператор, 39-турагенттер [2].

  • Орналастыруға және авиабилеттерге жоғары бағалардың болуы Қазақстандағы турдың бағасын едәуір арттыратыны және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.

Бүгінде еуропалықтар Ислам дінін қабылдай бастады дегенге таң қалмайтын болдық. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Еуропа мен АҚШ-та ислам дінін қабылдаушылар санының күрт өскеніне тарих куә. БҰҰ таратқан деректерге сүйенсек, Батыста 1989 бен 2000ж. арасында мұсылмандар саны айтарлықтай артқан. Яғни Еуропаның 13 миллион халқы Ислам діндегілердің үлесінде екен. Оның ішінде Германияда -3,2 млн, Ұлыбританияда 2 млн, 4-4,5 млн-ның Францияны мекендесе, қалғаны Еуропалық елдердегі көрсеткішті мұсылмандар халықтың 2-ден астам пайызын құрапты. Егер Францияда 60-жылдары небәрі 4-ақ мешіт болса, 90 жылы оның саны 1300-ге дейін жеткен [2].

Осындай мұсылман халықтардың үлесін есекере отырып, біздің қолымыздағы ірі қармағымызды тиімді жолмен неге қолданбасқа? Мұндағы қармағымыз - қазақ халқымыздың жеті кереметінің бірі- киелі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі.

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – Түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Темір дәуірінің сәулет өнеріне сай ескерткіш геометриялық өсімдік іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен безендірілген. Тепе-теңдіктің кемелденген сәтімен ерекше көз тартатын сол жақ қанат сол кездегі сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын танытқандай. Сол жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы қанық өсімдік өрнектерімен безендіріліп алты қырлы тақшалармен тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түрлі түсті күйдірілген әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен өрілген геометриялық өрнектер (гирих) өте айқын, бояу реңінің үйлесімімен айнала қоршаған нәзік сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ порталы бөлігінің басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары жағында екі 2,5 м келетін эпиграфикалық бейне берілген. Ол құран сүрелерінен тұратын сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім тапқан. Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз іспеттес өрнектермен көмкерілген. Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және құрылымдық шешімдері күмбездің ішін сталактиттермен қабырға әшекейлерімен үйлестіре білген. Ғимарат негізгі орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан тұрады. Бұл – Ахмет Яссауи бейіті , асхана қызметшілер бөлмелері. Қазандық – кешендегі ең сәулетті зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезден жабылған. Яғни жобалық шешімдерге сай келеді. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған. Осындай кереметімізді барша дүние жүзіне көрсетіп, мақтансақ та артықтық етпес [3].

Осы мәселе бойынша отандық өнім жасап, арнайы турлардың санын көбейтіп, шетелдік БАҚ қызметкерлерімен келісіп ақпарат тарату, арнайы туристтік бағыт бойынша сайттарды көбейту менің ұсынысым болмақ. Мысалы, 2007 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы туристік Ассоциациясымен бірге  (Жапония, Гонконг, Франция, Германия, Италия және т. б.) 15 шет ел журналистерімен облыста «Ауылдық және экологиялық туризм» бойынша ақпараттық тур (инфотур) өткізілді. Сол секілді, бірақ діни – қажылық туризмді дамыту бағытында ақпараттық турларды өткізу қажет деп санаймын.



Қорытындылай келе, бұл мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • туризмнің инфрақұрылымын дамыту, туризм саласының материалдық базасын жаңарту және жаңа нысандар құрылысын жүргізу;

  • дүниежүзілік деңгейге сәйкес ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оның сапасын арттыру:

  • табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи ресурстарды пайдалану, туристік ресурстарға қол жетеізуді қамтамасыз ету және туристік қызметтер қажеттілігін қанағаттандыруда ең жоғары деңгейге жету;

  • кіші кәсіпкерлікті қолдау, туризм және қызмет көрсету саласында халықты жұмыспен шұғылдануға ынталандыру.

Қолымыздағы бар ресурстарды пайдаланып, мақсатқа қол жеткізу, еліміздің даңқын одан әрі көтеру - өз қолымызда!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Дөңгелек дүние» республикалық газеті, «Отандық өнімді насихаттау қажет»-Нұрбек Мейрам; «Көне Тараз мұражайы ашылмақ»-Нәбира Амангелді, № 7, 18 ақпан, 2015 жыл

  2. ОҚО Статистика Департаменті сайты, http://www.ontustik.stat.kz/kz/

Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005ISBN 9965-17-272 2
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет