Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі некеге тұру динамикасы және отбасының қалыптасуы



жүктеу 211.94 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі211.94 Kb.
: media -> upload
upload -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
upload -> Күндізгі оқу түрі
upload -> Қазақстан археологиясы
upload -> Н.Ә. Атығаев «тарих-и рашиди»: жаңа басылым ескі кемшілік
upload -> Күндізгі оқу түрі
upload -> Қазақтар және османдық ТҮріктер: Өзара байланыстары тарихынан
Қалыш А.Б.,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор




Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі некеге тұру динамикасы және отбасының қалыптасуы
Біз қарастырып отырған мәселе демограф, құқықтанушы, әлеуметтанушы, этнолог сынды мамандардың назарын аударатын көп қырлы, күрделі мәселе, сонымен қатар арнайы ресей ғалымдарының да зерттеулерінде көрініс тапқан [1-3]. Өкінішке орай қазіргі кезде біздің елімізде бұл мәселенің жәйттері қарастырылып жатқан жоқ. Сондықтанда бұл көтеріліп отырған мәселе неке құру динамикасында, болашақ жарын табуда шешуші бір рөл атқармақ.

Төңкеріске дейінгі кезеңде қалыңдық немесе күйеу таңдау дәстүрлі заң жолымен немесе шариғат бойынша, олардың ата-анасы мен жақын туыстарының араласуымен шешілген. Бұлар көбіне қалыңдықтың не күйеу жігіттің ата-анасымен келісе отырып, өз беттерінше шешетін болған. Дегенменде, бірінші кезекте жастардың пікірімен санаспай және олардың жас мөлшерлеріне, әсіресе қызбаланың жасына қарамастан ақсүйектік, таптық ережені ұстанды. Бұның сарқыншақтары өткен ғасырдың орта шеніне дейін республикамыздың кейбір өңірлерінде сақталған. Бұндай дәстүрлі ұстанымдар туралы неке және отбасын зерттеуші, белгілі отандық ғалымдар Х.А. Арғынбаев, А.Ж. Жакипова, Ә.Т. Төлеубаевтың [4-6] еңбектерінде кеңінен баяндалады.

Кеңес одағының неке және отбасы туралы заңнамалық актілері мен кодекстері, сонымен қатар түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени шараларының нәтижесі осы мәселелерге түбегейлі өзгерістер енгізді. Бұл бірінші кезекте әйелдерді басыбайлықтан босатып, оларды экономикалық тұрғыда тәуелді етіп, еңбекте, табыс табуда және демалыстарда ерлермен бірге тең құқылы етуге бағытталды. Бұл айтылған жәйттар мен іс-шаралар тез арада орындала қойған жоқ, біраз жылдар бойы неке-отбасылық және ішкі отбасылық қатынастар арқылы біртіндеп орындала бастады.

Бұрынғымен салыстырғанда жар таңдау мәселесі қазіргі таңда некелесушілердің өз құзырларында. Әрине олар ата-ана, туған-туыс, жора-жолдастары, құрбы-құрдастарының пікірлерімен келісе отырып шешіледі, дегенменде олар некелесушілердің қаламайтын некеге мәжбүрлемейді. Бұл дәстүрлер кезінде жоғарғы буын, орта буын өкілдерінің басынан кешсе де, қазіргі кезде де жастардың да басында.

Бұл мәселені ашып көрсетуде, келесідегідей негізгі шарттарын қарастырамыз - некелесу себептері, болашақ жарыңмен танысу себебі мен танысу орыны.

Некелесуге әкелетін себептер. Қазіргі кезеңде некеге тұру мәселелесі этникалық, діни, әлеуметтік және басқа да факторларға қарамастан жастар тарапының таңдауымен жүзеге асырылады.

Екі жақтың келісімімен отбасын құру өте жиі кездеседі, оған төмендегідей көрсеткіштер дәлел: махаббаттың болуы, ортақ қызығушылық, көзқарас, бір-бірін ұнату, төсек қатынасындағы үйлесімділік, кездейсоқтық, алаңғасарлық, жалғыздық, сескенушілік, аяныш сезімі, жүктілік, жоспарсыз балалы болу, есеп, қызғаныш, кіріптарлық және т.б. Бұндай айрықша және тосыннан құрылған некені шартты түрде үш топқа бөліп қарастыруға болады: сүйіспеншіліктен, кездейсоқтықтан және есеп бойынша. Осындай некелесу түрлерінің әрқайсысы болашақ ерлі-зайыптыларға бақытты, бірқалыпты немесе бақытсыз некеге әкеп соқтыруы мүмкін.

Сөз жоқ, неке құрудың басты себебі ол бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болуы. Сонымен қатар, өмірге деген қызығушылықпен көзқарастың бір болуы. Кейде мұндай сезімдер бірден тумай, олар біртіндеп уақыт өте келе пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдайлардың пайда болуына келесідегідей жәйттер себеп болады, бір біріне деген өзара сыйластық, ұнату, достық, қызығушылық, сүйіспеншілік, екі адамның бір біріне деген сүйіспеншілігі. Осы сезімдердің болуымен қатар бірге бақытты отбасын құру үшін бір-біріне деген сыйластық, болашақ жарының күшті және әлсіз жақтарын білуі де қажет. Бұндай көрсеткішті ұлты, жасы, әлеуметтік-кәсіби жақтарына қарамастан көптеген респонденттер мен сауалнамаға жауап берген ақпарат берушілердің жауаптары көрсетіп отыр. Осындай жолдармен құрылатын некелесушілер объективті және субъективті жағдайлардағы экономикалық, материалдық және тұрмыстық және т.б. жағдайға байланысты қиыншылықтарға дайын болады. Сонымен бірге көздеген мақсаттарына жетуі үшін өзін құрбан етіп, қиын кезеңдерде бірге болып, тіпті жақындарының пікіріне қарсы болуға дайын.

Кездейсоқтық некенің өмірі қызығарлықтай емес. Көбіне түсінбеушіліктен, немқұрайлылық немесе араздасушылықтан, отбасылық өмірлерінің қиындыққа ұшырап, осындай келеңсіз нәрселердің басым болуынан бұл некелердің болашағы қысқа [7].

Өзара сыйластықпен, сенімділікпен толықтырылып экономикалық, материалдық және басқа да құндылықтар негізінде есеппен құрылған некелер екі жақтың тұрақты қарым қатынасын және бақытты өмірлерін қамтамасыз етеді. Шынтуайтында қазіргі кезде нарық заманында өз иелігіңде жеке мүліктің болуы, әлеуметтік жағдайының жоғары болуы, материалдық және қаражат мәселесі басты орында болғандықтан кейбір азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың басты орынға қоятыны шындық.

Болашақ жұбайлардың танысу шарттары. Үйленуде, тұрмысқа шығуда кездейсоқ бола қоймайтыны анық, бұған көптеген жағдайлардың сеп болатыны анық, солардың негізгісінің бірі болашақ жарыңмен таныстыру. Бұған әрине өмірлеріндегі ең басты нәрсеге немқұрайды қарайтын, өмірде ұстанымдары жоқ, ата-аналары мен жақындарың арқасына жүктеп қойған индивидтерді қоспаймыз.

Бұл мәселені жан-жақты зерттеуде Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірінің ауыл және қала халқын негізге ала отырып этноәлеуметтік кең ауқымды деректерді пайдаландық [8].

Алынған этноәлеуметтік статистикалық зерттеулердің нәтижесінде мәліметтер 1 кестеде көрсетілген.

Бұнда танысу түрлеріне байланысты жүргізілген респонденттердің берген сұқбаттарының нәтижесін алты көрсеткішке бөліп қарастырдық. Сауалнамаға жауап берген респонденттердің көпшілігі танысуда өздерінің белсенді екендігін дәлелдеді. Бұл көрсеткіш (56,1 ден 67,1 дейін %) Алматы және Жамбыл облыстарының қалалық және ауылдық жерлерінің қазақтарына тән. Осы аталған облыстардың орыс этностарының өкілдерінде 63,9-дан 72,5- ке % дейінгі көрсеткішті байқатты. Сонымен қатар, осы көрсеткішті Оңтүстік Қазақстан облысының респонденттерінің жауаптары да көрсетті.

Айтарлықтай нәрсе бұндай жоғары көрсеткіш нәтижесі әлеуметтік-кәсіби тұрғыдағы жоғарғы дәрежелі білімді орта және жетекші мамандардың, әсіресе жас және орта буын өкілдерінің жауаптарынан алынды. Ал аға буын өкілдерінен, орта және төменгі дәрежелі жұмысшылардан аз көрініс тапты.

Бұл көрсеткіш тек Жамбыл облысының Меркі ауданының түрік өкілдерінің респонденттерінің берген жауаптарында көрсетілмейді. Себебі дәстүрлі туыстық қарым-қатынасты алға қоятындықтан оларда болашақ жар таңдау екінші орында.

Жар таңдауда қазақ, өзбек, ұйғыр және орыс өкілдерінің респонденттердің жауаптары бойынша екінші орында жақын дос- жарандарының көмегімен шешілетінін көрсетті. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысына қарағанда Алматы және Жамбыл облыстарында төмен. Мысалға аталған екі облыста 16,2 - 20,8 % дейінгі қазақ және 12,8 - 17,3 % дейін орыс өкілі осы жауапты көрсетсе, ал Оңтүстік Қазақстан облысында қазақтар 26,8-28,4%, ал орыстар – 26,8% көрсеткішті байқатты. Қалалық және ауылдық өзбектердің де жауаптары да осыған сай.

1 Кесте


Болашақ жарымен танысу туралы мәлімет

(жауап берушінің % мөлшері)



Этностар

Жауап берушілер


Соның ішінде % таныстырды

доста

ры


көрші

лері



қызмет

тес (бірге оқитын) достары



ата-аналары

туыстары

өздері

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Қазақтар

346

16,2

7,5

2,6

4,0

2,6

67,1

Ұйғырлар

335

12,2

12,5

5,4

3,9

2,4

63,6

Орыстар

349

15,8

6,9

0,6

3,4

2,6

70,8

Немістер

343

8,8

58

2,3

5,8

4,4

72,9

Алматы қ.



Қазақтар

547

20,8

1,6

6,8

3,3

8,8

59,4

Орыстар

676

17,3

3,6

7,5

1,8

6,5

63,9

Жамбыл облысы, Меркі ауданы



Қазақтар

286

17,1

2,4

5,2

4,5

14,7

56,1

Түріктер

220

4,5

3,2

3,2

14,5

38,6

36,0

Орыстар

305

12,8

2,0

4,2

1,3

7,2

72,5

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы



Қазақтар

460

28,4

3,3

7,0

4,1

18,7

38,5

Өзбектер

584

27,4

3,6

6,7

11,6

23,3

27,4

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы




Қазақтар

622

26,8

3,9

8,8

8,5

17,3

34,7




Өзбектео

330

22,7

1,8

5,5

11,5

21,2

37,3

орыстар

224

26,8

3,1

10,3

7,1

4,5

48,2

Басқада келтірілген жауаптар мен көрсеткіштер шашыраңқы болса да жіктеп сараланды. Дегенменде ата-ана мен көршілердің ықпалына қарағанда туыстарының ықпалының едәуір екенін байқауға болады. Мысалы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ, өзбек, түрік респонденттерінің жауаптарынан бұл іске туыстарының ықпалының жоғары екендігін көрсетті. Өзбектерде ол 20 % артса, ал түріктерде 38,6% теңесті. Сонымен қалалық жерде тұрса да, ауылдық жерде тұрса да дәстүрлі туыстық қатынастың түркі халықтарына жоғары екендігін көруге болады.

Біздің респонденттердің жауаптары бойынша балаларының болашақ таңдауларында ата-аналарының рөлі төмен деп көрсеткендерімен байқағанымыздай шынайы өмірде, тәжірибие көрсеткендей олардың шешімі басты назарда, соңғы шешім солардың қолында. Бастапқы кезеңде жас жұбайлардың барлық ұйымдастырушылық, қаржы, материалдық, тұрмыстық, баспана мәселесі және т.б. мәселелері ата-аналары арқылы шешіледі. Бұндай бенсенділік, қамқорлық еуропалықтарға қарағанда түркі халықтарына тән.

Бұл деректерді 2 кестеде көрсетілген этностардан көрсеткіштерінен байқауымызға болады.


2 кесте

Некеге құруда ата-анасының келісіміменн тұрғандар

(жауап берушінің % мөлшері)




Этностар

Жауап берушілер

ата-анасының некелесуге келісімі%

иә

жоқ

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы



Қазақтар

350

82,6

17,4

Ұйғырлар

350

83,1

16,9

Орыстар

363

76,9

23,1

Немістер

307

84,8

15,2

Алматы қ.



Қазақтар

550

61,3

38,7

Орыстар

682

40,0

60,0

Жамбыл облысы, Меркі ауданы



Қазақтар

292

83,9

16,1

Түріктер

222

89,6

10,6

Орыстар

309

79,6

20,4

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы




Қазақтар

458

83,4

16,6

Өзбектер

575

93,9

6,1

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы




Қазақтар

601

75,4

24,6

Өзбектер

326

86,8

13,2

Орыстар

228

76,8

23,7

Жауап беруші респонденттердің барлығы дерлік отбасын құруда ата-аналарының келісімімен болғандығын айтты. Бұл әсіресе түрік және өзбек этностарының арасында жоғары көрсеткішті көрсетті. Ауылдық жердегі өзбектердің күйеу жігіт пен қалыңдықтың 93,9% ата-анасының рұқсатын алған. Ал осы сұрақ жөнінде Алматы қаласының орыс өкілінің респонденттерінің жауаптары бойынша 40,0% ғана құрады. Осындай мәселелер басқада еуропалық этностардың арасында қарастырылды. Себебі ата-аналары мен жасы ересек балаларың арасында некелесу туралы көзқарастың түрлі болуы. Өзара түсіністікпен бұл бұл мәселелерді ашық шешетін болғандықтан өздерінің ежелден келе жатқан дәстүрлері бойынша көп жағдайда ата-аналардың бір бөлігі ересек балаларының өміріне араласпайды.

Біз қазіргі кезеңде бұл аталған этностармен қатар басқа да халықтардың жас ұрпақтарының бұндай өмірілік мәні бар мәселені кейінге қалдырып отырғандарына куә болдық. Әсіресе бұл қалалық жерлерде жастардың жоғары білім алып, жоғары дәрежелі кәсіби мамандандырылған тұлға ретінде 30 жастан асқаннан кейінгі мәселесі болып отыр. Осыған байланысты еурпалық этностардың арасында ересек балаларының отбасын құрмай жүрген арасында жүргізілген социологиялық деректер қызықтырды (3 кестені қараңыз).

3 кесте


Балалары отбасын құрмаған және кеш некелесуге байланысты ата-аналарының көзқарас тары (балаларының пікірінше) % [9].


Жауап түрлері

Ішінара сұрақ


аналары

әкелері

Бұл мәселеге көңіл аудармайды

12,8

22,5

Алаңдайды, бірақ оны көрсетпеуге тырысады

41,5

37,3

Бұл мәселені шешуге балаларының көзін жеткізеді, және оларға көмектесуге тырысады

36,9

31,7

Түрлі қысымдар арқылы (оларға қаржылай және басқа көмек бермей) оларға ықпал жасайды

2,7

2,6

Олардың некеге тұруларына талас пайда болады

5,4

5,5

Басқада қатынастар

0,7

0,4

Осыған ұқсас кеш үйленуге немесе отбасын құрмауға байланысты жәйттерді түркі этностарының өкілдері, әсіресе түрік, өзбек, ұйғыр халықтары (ата-аналары және жақын туыстары) мақұлдамайды. Сондықтан осындай игі істер үшін олар бірқатар іс-әрекеттер жасау арқылы, жоғарыдағы нәрсерлерді болдырмауға тырысады. Әсіресе ол тұрмыс құру жасындағы «оң жақта отырған» қыздарға байланысты. Сондықтан оларға бақытты отбасын құру үшін жақындары мен айналасындағылардың әсері зор. Некелесетін жұбын іздеуде белсенділік танытады. Жоғарыда аталған этностарының қыз балаларының негізгі дәстүрлі міндеті - уақытында тұрмыс құрып, көп балалы болып, ерінің отбасының берекесін кіргізу болып табылады.

Әрқашан отбасын құрмағандықтарын келеңсіз алға тартатындықтарынан өмірдегі болашақ жарын жалықпай іздейтін жеке индивидтердің барлығы да дәлелденген. Осыған ұқсас жағдайларда отбасылық өмірлеріне ешкім «салмақты» мән бермейтіні сирек. Түркі халықтарында ертеден келе жатқан дәстүр бойынша тегінде әсіресе ауылдық жерлерде тұрмыс құрмаған, баласыз немесе ажырасқан әйелдердің әлеуметтік дәрежесі өте төмен саналады. Ал, күйеу жігіттер жағында бұндай келеңсіз жағдайлар сирек. Әйел затына қарағанда ерлердің толыққанды отбасын құруға, балалы болуға мүмкіндігі мол деп саналады.

Шынайы өмірде бұндай жауапты істі шешу біріңғай бола бермейді. Мысалға қалалық тұрғындарымен салыстырғанда ауылда тұратындарға өзінің болашақ жарын табу киын. Себебі бұл жерде әрине отбасын құратын шақтарында жастардың оқуға немесе жұмыс іздеп қалаға кетіп, өз ауылдарына оралулары сирек болатындықтан бұндай фактілер де өз орнын алмай қоймайды. Бұл әрине өз кезегінде жастарға болашақ жұбын табуда өз кедергісін тигізетіні сөзсіз.

Қалада оқып жүрген, не жұмыс істеп жүрген жастардың танысуларына, таңдау жасауларына мүмкіндік мол. Бұған түрлі мейрамдар, би кештері, түрлі мәдени шаралар мен спорттық іс шараларды, түрлі кездесулер және т.б. көптеген мерекелі іс-шараларды айтуға болады. Сонымен қатар, жар таңдау мәселесінде қазіргі кездегі түрлі ақпарат құралдарды да атауға болады: ғаламтор, баспасөз беттеріндегі хабарландырулар арқылы және 30, 40 жастағыларға арнайы ұйымдастырылып өткізілетін кездесулер және т.с.с. Сонда да бұл аталған іс-шаралардың беріп отырған нәтижелері төмен, себебі біздің қоғамымыз, азаматтарымыз бұған әлі де болса дайын емес, бұндай танысу жолдары әлі де болса кеңінен таралмаған, қолданыста аз, көрсеткіштері төмен. Негізінде бұл аталған шараларға көбіне бір себептерге (мінезіне, жасына, түріне, денсаулығына) байланысты немесе өзінін қоршаған айналасында теңін таба алмаған адамдар барады.

Болашақ жарымен танысу орындары. Енді жалпыға ортақ болашақ жарымен танысатын орындарға келетін болсақ (4 кестені қараңыз). Бұнда біздің респонденттеріміздің жауаптары бойынша сөзсіз келесідегідей екі орын – жұмыс (оқу орны) және әр түрлі ойын-сауық кештері (той-домалақ). Әрине өз мағынасына қарай жастық шақтың ең қызықты шағында өзінің болашақ теңін сәтті кездестіріп, қызығушылықтары мен көзқарастары бір болуы, жастарының, білімдерінің әлеуметтік жағының сонымен қатар кәсіби деңгейі жағынан байланыста болуымен байланысты.

4 кесте


Болашақ жарымен танысу орындары

(жауап берушілер % пайызбен)


Этностар


жауапберушілер



Познакомились, в том числе, %

жұмыста

(оқуда)


кештерде (тойларда)

көшеде

көрші тұру

басқада орындарда

жауап беруге қиналамын

Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы



Қазақтар

341

22,1

24,4

7,5

16,3

5,8

9,6

Ұйғырлар

342

23,2

28,2

9,9

17,7

8,9

12,1

Орыстар

323

21,1

27,2

12,3

15,5

14,9

9,1

Немістер

338

21,0

22,8

13,0

20,7

10,7

11,8

Алматы қ.



Қазақтар

538

27,9

25,1

11,0

12,2

12,8

11,0

Орыстар

671

24,0

18,8

11,0

15,2

18,8

12,2

Жамбыл облысы, Меркі ауданы



Қазақтар

280

29,6

22,1

11,8

18,2

11,4

6,8

Түріктер

206

20,9

21,4

7,8

17,0

9,2

23,8

Орыстар

300

25,7

18,0

15,3

18,0

11,0

12,0

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы



Қазақтар

456

32,5

39,3

6,1

10,3

7,0

5,0

Өзбектер

578

27,2

41,0

8,0

8,5

6,4

9,0

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қ.



Қазақтар

610

29,7

39,3

7,9

8,0

9,2

5,9




Өзбектер

332

33,1

30,1

7,2

11,1

9,9

8,7

Орыстар

225

26,7

29,3

9,3

22,2

5,8

6,7

Біздің респонденттеріміз танысуға байланысты үшінші орынды көршілерге берді. Келтірілген деректер бойынша бұл бұрынан келе жатқан таныстық яғни сонау балалық жақтан бастап, мектептегі кезең содан ары қарай сезімдерінің ұласуы. Тек жастардың ғана емес ата-аналарының тығыз байланысы да екі жақтың тығыз араласуына сеп болады. Қазақтармн қоса басқа да халықтарда айтылатын «Алыс туысыңнан, жақын көршің артық» мәтелі босқа айтылмаса керек. Көршілеріңмен барлық қуаныштарыңды да, тіршіліктегі түрлі жағдайларды бірге бөлісіп біргесің. Бұл қаладан гөрі ауылдық жерлерде жақсы көрініс тапқан.

Ақпарат берушілердің жауаптарына қарағанда танысу орындары соңғы орындарда басқа да түрлі орындар. Атап айтсақ: жол үстінде, демалыстарда, серуендегенде, кездейсоқ кездесулерде және т.б.

Ал олардың көше таныстығы, үй жанындағы, квартал, қаланың, ауылдың басқа да орамдарында танысу жауаптары тұйықталып, жауапсыз қалды. Бұндай ойда жоқ, кездейсоқ кездесулер достықпен басталып соңына үлкен сезім ұласуы мүмкін....

Сонымен біз қарастырып отырған мәселе отбасын құрудың динамикасын, некелік жарын таңдауда қазақтармен бірге, басқада этностарда әртүрлі ежелгі дәстүрлік ұстанымдармен қатар, жаңа да жолдарының бар екенін байқатады. Бұндай басты нәрсені шешуші яғни ұлын үйлендіріп, қызын тұрмысқа берер сәтте ата-анамен, туған туыстарының қатысы болмайды деуге болмайды. Көп жағдайда болашақ жас жұбайлар өздерінің шешімдерін ата-аналары мен туған туыстарының ескертіп, олармен келісіп, рұқсатын алады. Болашақ ерлі-зайыптылардың бақытты отбасын құрудың басты себебі сүйіспеншілік, дүниетанымдық ұстанымдары мен көзқарастарының бір болуы.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сыч Е.А. Добрачное поведение современной молодежи и выбор брачного партнера. – Уфа, 2003.

2. Алиева С.Т. Ценностные ориентации молодежи на брак и семью // Семья в России. – М., 2003. – № 1. – С. 110-112.

3. Гришина Е.Н. Влияние семьи на формирование добрачных установок молодежи // Социально-гуманитарные исследования: Теоретические и практические аспекты. – Саранск, 2004. – Вып. 4. – С. 103-105.

4. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). – Алматы, 1973. – 80-86, 145-182.

5. Жакипова А.Ж. Развитие семейно-брачных отношений в Казахстане. – Алма-Ата, 1971. – С. 42-59.

6. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ- начало ХХ в. – Алма-Ата, 1991. – С.14-39.

7. Калыш А.Б. Семейная дезорганизация: пути выхода из нее // Казахстан в эпоху глобализации: экономика, образование, право. Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2004. – Т.1. – С. 156-161.



8. Бұл баяндаманы жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірлеріне өзі жетекшілік еткен далалық этнографиялық және этносоциалогиялық жинаған материалдарына сүйенді. Бұған Алматы қ. және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына (1989 ж.), Жамбыл облысы Меркі ауданына (1989), Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қ. және Түркістан аудандарына (1998-1999ж.) жасаған экспедциялары жатады. Бұл зерттеуде қазақ ұлтынан 6 мың респондент және солармен араласатын орыс, өзбек, түрік және неміс ұлттының өкілдерімен жүргізілді.

9. Жизнедеятельность семьи: тенденции и проблемы. – М., 1990. – С.121.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет