Оқу ақысын қайтару жөнінде ұсынылатын талап



жүктеу 24.92 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі24.92 Kb.
: files -> downloads
downloads -> Завдання І етапу Всеукраїнської олімпіади з біології (7 клас)
downloads -> Реквизит: Ручки по одной на команд
downloads -> Назвіть кольори (Кросворд) Заповнивши клітинки по горизонталі і вертикалі по­трібними літерами, ви прочитаєте назви кольорів. Пригадайте назви фарб
downloads -> Урок: лінгвістичний ринг «мовні ерудити»
downloads -> Репертуар кавер-группы "PartyLime Band"
downloads -> Юрій Андрухович ПерверзіяЮрій Андрухович
downloads -> Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты
downloads -> Вітаємо переможців ІV (всеукраїнського) етапу олімпіад з предметів
downloads -> Выпускники 1955 года

Оқу ақысын қайтару жөнінде ұсынылатын талап



2008 жылғы 20 маусым – Атқару Комитеті

Семестр үшін оқу ақысын үш төлем жоспары бойынша төлейтін студенттер

Студенттің семестр үшін оқуын үш траншпен төлеуші студенттер, ата-аналар немесе демеушілер семестр ішінде төлем ақысын қайтарып алуға құқығы жоқ. ҚМЭБИ пайдасына төленетін ақы сомасы егер студент пәнді оқымай тастап кетсе немесе пәннен бас тарту не жаңа пән алуды тіркеу кезеңінде қосымша пән алса өзгеруі мүмкін. Осындай жағдайларда оқу ақысының соңғы траншы семестр үшін ҚМЭБИ пайдасына төлеуге есептелген азайтылған немесе көбейтілген соманы көрсету үшін өзгертілетін болады. Кез келген артық ақша келесі семестрге немесе жазғы сессияға аударылатын болады, не болмаса оқу бітіру үшін қойылған талаптарды толығымен орындағаннан кейін студентке қайтарылатын болады.



Семестр үшін оқу ақысын алдын ала төлеуші студенттер

Семестр үшін оқу ақысын алдын ала төлеген студенттер, ата-аналар немесе демеушілер төлем ақысын қайтарып алуға құқылы. Егер студенттің шотында 5000 теңгеден аса ақша жатса, пәннен бас тарту не жаңа пән алуды тіркеу кезеңінде бір немесе одан да көп пәннен бас тартқан жағдайда студентке ақшасы қайтарылып беріледі. Төлем ақысын қайтаруды сұраушы тараптардың сәйкес ұқсастыруы талап етіледі. Студенттердің, ата-аналардың немесе демеушілердің сәйкес категориясы төлем ақысын семестрдің ортасындағы үзілісте қайтарып ала алады, бұл жағдайда ағымдағы семестр үшін төлем ақысының артық толық сомасы алынады. ҚМЭБИ студенттерді, ата-аналарды және демеушілерді студенттің шотына артық қалған төлем ақысын қалдыруды және аталмыш қаражатты келесі семестр немесе жазғы сессия үшін төлеу үшін пайдалануды қолдайды. Бастапқы төлеушінің (студенттің, ата-ананың немесе демеушінің) пайдасына ақшаны қайтару ҚМЭБИ пайдасына бастапқы төлеуді жүзеге асыру тәсілімен (қолма-қол ақшалай, банк шотына немесе банк карточкасына аударумен) жүргізілетін болады. Алдын ала төлем ақысы үшін алынған кез-келген жеңілдік тұрлаусыз сома болып табылады және артық төленген қайтарылатын сомадан айырып алынады.



Оқу жылы немесе толық оқу курсы үшін ақысын алдын ала төлеуші студенттер

Ағымдағы оқу жылы (немесе кейінгі оқу жылдары үшін) оқу ақысын алдын ала төлеген студенттер, ата-аналар немесе демеушілер төлем ақысын қайтарып алуға құқылы. Ақшаны қайтарып алу үшін бастапқы төлеуші төлем ақысын толық қайтарып алуға жазбаша сауал беруі керек. Төлем ақысын қайтаруды сұраушы тараптардың сәйкес ұқсастыруы талап етіледі. Студенттердің, ата-аналардың немесе демеушілердің сәйкес категориясы төлем ақысын семестрдің ортасындағы үзілісте қайтарып ала алады, бұл жағдайда ағымдағы семестр және алдағы семестрлер үшін төлем ақысының артық толық сомасы алынады. ҚМЭБИ студенттерді, ата-аналарды және демеушілерді студенттің шотына артық қалған төлем ақысын қалдыруды және аталмыш қаражатты келесі семестр немесе жазғы сессия үшін төлеу үшін пайдалануды қолдайды. Бастапқы төлеушінің (студенттің, ата-ананың немесе демеушінің) пайдасына ақшаны қайтару ҚМЭБИ пайдасына бастапқы төлеуді жүзеге асыру тәсілімен (қолма-қол ақшалай, банк шотына немесе банк карточкасына аударумен) жүргізілетін болады. Алдын ала төлем ақысы үшін алынған кез-келген жеңілдік тұрлаусыз сома болып табылады және артық төленген қайтарылатын сомадан айырып алынады.



Жазғы сесияны төлеуші студенттер

Студент оқу бітіріп шығу үшін қойылған талаптарды толығымен орындағаннан басқа жағдайларда жазғы сессия үшін төлем ақысы қайтарып берілмейді. Кез келген артық ақша келесі семестрге аударылады немесе студент оқу бітіріп шығу үшін қойылған талаптарды толығымен орындаған болса сауал бойынша қайтарылады.


2008 жылғы 20 маусымда Атқару Комитетімен бекітілген.

М.Х.Рахман



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет