ОҚУ-Әдістемелік кешен «астрономия» пәні бойынша



жүктеу 0.59 Mb.
бет3/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Тақырып: Жұлдыздарға дейінгі арақашықтықты анықтау.

1. Жұлдыздарға дейінгі арақашықтықты анықтаудың тригонометриялық әдісі

2. Астроспектроскопия. Спектрлік анализ әдісі және оның маңызы.

3. Герцшпрунг-Рессель диаграммасы

Аспан денелерінің химиялық құрамын және физикалық жағдайларын блі үшін телескоптар жеткіліксіз, сондықтан көп уақытқа дейін аспан денелерінің бұл қасиеттері анықталмай қалады. 1842 жылы француз филолософы Кант аспан денелерінің химиялық құармын ешуақытта білуге болмайды деп жазды. Осыдан 20 жыл өткеннен соң спектрлік анализ әдісінің ашылуына байланысты бұл мәселе шешілді. Спектрлік анализ әдістерінің жетістіктері ерекше деп айтуға болады, бұл әдіс арқылы бұдан 100 жыл бұрын қиялдай да алмайтын мәселелер шешілді. Спектрлік анализ әдісі арқылы аспан денелерінің тек химиялық құрамы ғана анықталып қоймай, сонымен қатар аспан денелерінің, жұлдыздардың температурасы, қозғалыс жылдамдығы, ара қашықтықтары, магнит өрістері т.б. қасиеттері анықталады.

Сөйтіп спектрлік анализ әдісі арқылы әлемнің материалдық бірлігіне көз жеткізілді. Біздің көзіміз қабылдайтын жарық түрлі – түсті, олар бір – бірінен толқын ұзындығы аоқылы немесе жиіліктері арқылы айырылады.

Олардың арасында мынандай байланыс бар

Физикадан белгілі спектр түрлерін:


  • тұтас спектр – қыздырылған қатты және сұйық денелер шығарады;

  • Сызықтық спектр – сиретілген, қызған газлар шығарады;

  • Жолақ спектр – көп атомды қызған газдар шығарады;

Жұтылуы спектр – қара сызықтармен айғыздалған тұтас спектр.

Күн мен жұлдыздардың спектрлері жұтылу спектрлеріне мысал бола алады.

Спектрлік анализ әдісі бойынша толқын ұзындығын

өлшеу арқылы белгісіз элементердің атомын анықтауға

болады.

Сөйтіп күрделі жарықты бір түсті (монохроматты) жарықтарға жіктеу арқылы оның құрамын тексеруді спектрлік анализ дейді. Астроспектроскопия-аспан денелерін спектр арқылы зерттейтін әдіс.

Спектрлік анализ әдісі үшін спектроскоп және спектрограф

яғни олардың шығаратын жарығының толқын ұзындықтарының сызығы бір-бірімен беттеседі.

Ал, егер екінші жұлдыз бақылаушыға қарай қозгалса, онда сурет мынандай болады:

Мұндағы, V2-жұлдыздың сәулелік жылдамдығы. 2-ші жүлдыздың шығаратын толқын ұзындығының сызығы спектрдің күлгін жағына карай ығысады. Сонда толқын ұзындығының айырмасы:

ал егер 2-ші жұлдыз бақылаушыдан әрі қарай қозғалса, онда сурет мынандай болады:

Сонда спектрден 2-ші жұлдыздың толқын ұзындығы спектрдің қызыл жағына карай ығысады.

Сөйтіп мына формула бойынша жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы анықталады.

UС^я/я

мұндағы с-жарық жылдамдығы.

Аспан денелерінің магнит өрісін физикадан белгілі Зееман эффектісі арқылы анықтайды.

Термоэлемент арқылы аспан денелерінің спектріндегі температурасын анықтауға болады.

Радиоастрономия. Радиотелескоптар.

Әлемнің әртүрлі объектілерінен жерге келетін әртүрлі ұзындықтардағы электромагниттік толқындар: жарык толқындары, инфрақызыл, ультракүлгін сәулелері, рентген жэне гамма сәулелер, ұзын толқынды радиотолқындар.Бұл электромагниттік толқындар жер бетіне келіп жетуіне қалыңдығы 3000 км-дей Жерді қоршаған атмосфера кедергі жасайды. Жер атмосферасының әсерінен спектрлерде сапалық өзгерістер болады. Мысалы теллуриялық сызықтар пайда болады. Жер атмосферасынан бөгетсіз өтетін толкын ұзындықтары: 10-5 және 3x10 см бұл жарық, инфрақызыл сәулелеріне жақын сәулелер. Бұл әлемге қарайғы «Оптикалық терезе». Бұдан басқа жер атмосферасының 0,5 метрінен 30 метрге дейін бөгетсіз өтетін қысқа радиотолқындар. Бұл әлемге қарайғы «радиотерезе».

Аспан денелерінен келетін радиосәулелерді зерттейтін асрономияның бөлімі- радиоастрономия тұңғыш рет 1931 жылы пайда болды. Бұл жылы америка радиоинженері Карл Янский 1905-1950жж Құсжолынан радиотолкындарды қабылдаған болатын. Радиоастрономия- радиоэлектроника деген жаңа ғылымға негізделген. Космостык радиотолқындар радиотелескоптар арқылы қабылданады. Радиотелескоптар екі типті болады, бірақ екеуінің де негізгі бөліктері антенна мен қабылдағыштан тұрады.

Тек біреуінде антенна ретінде ойыс айна болады да оның фокусында қабылдағыш орнатылады, ол күшейткішке қосылады, әрі қарай жазып алатын аппараттармен қосылады. Айнаны металл торкөзде ретінде жасауға болады, айна остен керекті бағытқа қарай айналып қозғалады.

Антеннаның екінші типінде цемент тиянаққа бекітілген қаз-қатар металл стержіндер зор кергіш түрінде болады. Космостық радиотолқындар антеннаның бір-біріне параллель орналасқан стержіндерінде (дипольдерінде) тербелмелі процесс қоздырады, сөйтіп параллель стержіндердің бір жазықтыктарында қоздырылған толқындар қосылады, сонда антеннаның қуаты осы стержіндер орналасқан жазықтықтардың ауданына тәуелді болады.

Радиотелескоптың айнасының диаметрі 10-даған метр, ал козғалмайтын радиотелескопта 100-деген метр болып келеді. Мысалы, Москва жанындағы ССРО Ғылым Академиясында жасалған радиотелескоптың диметрі 1000 метр. Ең үлкен параболалық радиотелескоп көп жылдар бойы Англияда Джодрелл Бэнк обсерваториясында болды. Оның айнасының диаметрі 76 метр, салмағы 750 тонна, оның ең аз дегенде қабылдайтын радиотолқынының ұзындығы 50 см, тек ортаңғы бөлігі ғана 21 см қабылдайды.

Екінші орында Австралияда Сидий обсерваториясында орналасқан диаметрі 65 метрлік радиотелескоп тұр. ФРГ-да диаметрі 100 метр радиотелескоп бар. Осы сияқты телескоп Швецияда да бар. Қозғалмалы параболалық диаметрі метрлік радиотелескоп АҚШ-та бар. Қозгалмайтын параболалық радиотелескоп АКШ-та Пуэрто-Рико аралында (сөнген вулкан атқылаған шұңқырда) орнатылған, оның айнасының диаметрі 305 метр, ауданы 7.4 гектар, айнасыны фокус аралығы 135 метр биіктікте.

ССРО-ның Ғылым Академиясының жанында солтүстік Кавказда Зеленчук станциясында жақын жерде 1700 мет|р биіктікте РАТАН-600 деп аталатын радиотелескоп 1975 жыи іске қосылған. Ол 895 бөлек-бөлек айнадан тұрады, айнаның әрбіреуінің мөлшері 2м х 7.5м. Қабылдайтын айнаның радиусы 600 метрлік дөңгелек (10000 шаршы метр ауданды алып жатыр). Радиотелескоп электрондык есептеу машинасы арқылы басқарылады, қабылдайтын радиотолқында ұзындығының шекарасы 8мм-ден 30 см-ге дейін болып келеді. Қырымда диаметрі 22 метрлік қозғалмал радиотелескоп орнатылған. Мұндай радиотелескопты ажыратқыш қабілеті 1 доғалық минуттан артпайды.Радиотелескоптардың ажыратқыш қабілеті бірнеше радиотелескопты өзара біріктіріп жұмыс істету аркылы жүзеге асады, ондай құралды радиоинтерферометрлер деп атайды.



Айды космостық аппараттармсн зерттеу

Космостық аппараттармен айды зертгеу 14 жыл жүргізілді. Бұл зерттеулерді екі мемлекет, ССРО мен АҚШ жүргізіліп келді. Бұл мемлекеттер айға елуге таяу космостық аппараттар жіберді олардың 85 пайызы автоматты аппараттар аркылы, 15 пайызы ұшқыштар арқылы жүргізілді. Айды космос аппараттарымен зерттеу белгілі кезеңдермен жүргізіліп келді. Алдымен ай маңындағы кеністік зерттелді, одан кейін Айға жакын ұшырылған аппаратгар, содан кейін Айды айнала ұшатын аппараттар жіберілді. Осыдан кейін Айдың бетіне қондыру мәселесі шешіліп, ақырында космостық аппараттарды жасанды серіктерге айналдыру мәселесі қойылды. Осыған байланысты айдың бетіне автоматты басқарумен козғалып жүретін Луноход-1 және Луноход-2 жеткізілді.Планетааралық кеңістікті зерттеуде маңызды орын алған 1959 жылы 2-ші қантарда Луна-1 автоматты станциясының екінші космостық жылдамдықпен (11,2 км/с) ұшырылуы болды. Бұл станция Ай бетінде 6000 км қашықтықта ұшып, дүние жүзіндегі ең тұнғыш жер сияқты күнді айналатын денеге айналды. Бұдан кейін луна-3 автоматты станциясы тарихта бірінші рет айдың бізге көрінбейтін жағын суретке түсірді. АҚШ-та ұшырылған пионер және рейнжер автоматты аппараттары ұшырылғанда советтер одағында Луна-4 және луна-6 автоматты станциялары ұшырылды. 1965 жылы Советтер Одағында ұшырылған Зонд-3 автоматгы станциясы Луна-3 суретке түсіргенде қамтымаған жерін толық суретке түсірді. Міне, осымен айды зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл кезең нәтижесінде ғылымдар Ай маңындағы кеңістіктің құрамы, ай бетінің кұрылысы және оның бетіндегі әртүрлі түзілістердің пайда болу табиғатын ашты.

Айды зерттеудің 2-кезеңі ракета ұшырумен басталды. Бұл ракета аппараты тұңғыш рет Ай бетіне қондырды. Луна-2-ні ұшырғаннан 2,5 жылдан кейін ай бетіне АҚШ-тың Рейнджер-4 космос аппараты жеткізілді. Бірақта, Рейнджер-4-тің ұшуы сәтсіз болып, ол Айдың бізге көрінбейтін жағына құлап түсті. 1965 жылдың 1-ші жартысында Айға Рейнджер-8 және рейнджер-9 космостық аппараттары қойылған міндеттерді орындады, олар жерге Ай бетінен түсірілген суреттерді жіберді. Бұл кезеңде Совет Одағында Айды әрі қарай зерттеу Луна-5, Луна-7 және Луна-8 автоматты станциялары арқылы жүргізілді. Бұл станциялар ұшу жолын зерттеумен бірге Ай бетіне жайлап қону мәселелерімен шұғылданды. Айды зертеудің 2-кезеңі 1965 жылы аякталды. Айды зерттеуді бастағаннан кейін 6 жыл өткен соң бұл кезеңде көптеген ғылыми мәліметтер алынғанмен ғалымдардың алдына қойып жүрген негізгі мәселесі бетінің қатты немесе жұмсақтығы, оның бетіне автоматты станцияларды қондыруға бола ма?- деген сұрақтарға жауаі берілмеді.

Бұл жоғарыдағы сұрақтарға Айды космостық аппараттармен зерттеудің 3-кезеңі жауап береді. Ай бетінде жайлап қону мәселесін алғашқы рет 1966 жылдың акпан айында советтік Луна-9 автоматы станциясы жүзеге асырды, қонған жерінен Жерге түсірілген суреттер жіберілді. Сөйтіп ай бетінен алғашқы радио байланыстың жеті сеанасы жасалды. Сол жылдың маусым айында американың Сервейер-1 космостық аппараты Дауылдар мұхитына қондырылды. Бұл Луна-9 мәліметтерін тиянақтап, ай бетінде борпылдак шаң жоқ екендігін анықтады және оның бетінің қатты екен, белгілі болды. Бұдан кейін Ай бетіне жайлап қондырылды. Луна-13 аппараты көптеген мәліметтер берді, АҚШ - та ұшырылған Сервейер-2 құлап түскендіктен, содан кейін ұшырылған Сервейер-3 жайлап қондырылды. Сол сияқты Сервейер-4-ті ұшыру сәтсіздікке ұшырады, ал одан кейін ұшырылған 3 аппарат жайлап қондырылды.

Бұл кезеңге советтік автоматты станцияларының айды зертеулері нәтижесінде Ай бетінің механикалық, физикалық химиялық сипаттамалары мен ай бетінің жынысы Жердікі сияқты вулканды жыныстардан тұратындығы анықталды. 1966 жылы 3-сәуірде Луна-10 автоматты станциясы түңғыш рет айдың жасанды серігіне айналды. Айды жасанды серіктер арқыл зерттеу Луна-11, Луна-12, Луна-14, Луна-15 автоматты станциялары арқылы жүзеге асты. Айдың магниттік құбылыстары, метеорлық заттардың тығыздығы және Ай маңындағы кеңістік плазмасы туралы жаңа мәліметтер алынды. Осындай зерттеулердің нәтижесінде айдың метеорлық жэне радиациялық жағдайлары болашақта кісілі корабльдер ұшыруға қауіп туғызбайды деген маңызды қорытынды жасалды.

Айды зерттеулердің келесі төртінші кезең автоматты және кісілі космостық аппараттар ұшырып және оны қайта жерге жеткізуден басталды. Бұл жөніндегі үлкен жетістіктерге Зонд-5 және Зонд-6 советтік космостық аппараттары арқылы жетті. Олар айды айнала ұшып, жерге екінші космостық жылдамдқпен қайтып келді және ғылыми-зерттеу мәліметтерін жеткізді.

Сөйтіп космонавтика тарихында бірінші рет Жер-Ай-Жер трассасы ашылды. Әрі қарай бұл кезеңге ғылыми-техникалық эксперименттерді советтік Зонд-7 және Зонд-8 автоматты станциялары жүргізді.

Айды зерттеудегі маңызды рольді айға қарай пилотты аппараттар жіберіліп, олардың қайта қайтарылуы алды. Дүниежүзінде бірінші рет бұл мәселені 1969 жылдың шілде айында Америка космонавтары Н. Армсторг, М. Коллинз және Э. Олдрин Апполон-11 космос корабльінде жүзеге асырды. Ай айналасында космонавт М. Коллинз ұшып жүргенде, И. Армстронг пен Э. Олдрин отырған корабльдің бір бөлігі бөлініп кетіп, ай бетіне жайлап қонып, онда ғылыми жүмыстар атқарғаннан кейін Ай бетінен қайта үшып шығып, корабльдің негізгі бөлігімен жалғасып, қайта жерге ұшты. Сөйтіп адам баласының табаны тұңғыш рет ай бетіне тиді. Бұл окиға Ай бетіне совет гербін (1959 жыл, қыркүйек) түсіргеннен 10 жылдан соң жүзеге асырылды. Сөйтіп адам баласы өз қолымен Ай топырағын жерге жеткізді. Бұдан кейін де АҚШ-та бірнеше экспедициялар (Апполон-12, Апполон-14 жэне апполон-17) жіберілді.

Кеңестер елінде айға ұшырылған советтік Луна-16, Луна -17 автоматты станциялары ерекше маңызды болды. 1970 жылы ұшырылған советтік Луна-16 автоматты станциясы өт қиын жэне күрделі мэселені шешті. Ол Ай бетінің оньа топырағының 35 см тереңдікте қазып алып, оны қайта жег бетіне жеткізді. Бұл автоматты станция жерден 1970 жылы 12-қыркүйекте ұшырылып, 17-қыркүйекте центрлік орбитаға шығып, жасалған бірнеше маневрден кейін 20-қыркүйек «Моря изобилия» ауданына жайлап қондырылды. Ай бетінде 26 сағат 25 минут болғаннан соң, бұл станция ай бетінен 21- қыркүйекте көтеріліп, жерге 24-кыркүйекте келіп жетті.

Жерге әкелінген топырактың құрамын зерттеп, онда химиялық элементтердің бар екендігі аныкталды. Луна-16 және Аполлон-12 кораблінің әкелген ай жыныстарыныз құрамын салыстыратын таблица жасалды. Олар базальттың породалар қатарын құрайды, жер бетіндегі базальтты жыныстарға аздап ұқсастығы бар. Луна-16 автоматты станциясы арқылы жүргізілген зерттеу жұмыстары Луна-3 арқылы тағы қайталанды, бірқ ол «Изобилия» теңізі мен «Кризис» теңізі аралығына 1972 жылдың ақпан айында кондырылды.

Луна -17 автоматты станциясы ай бетінде өзі козғалатын Луноход-1 аппаратын жеткізді. Луноход-1 ай бетінде 10км артық жер жүріп, жалындар теңізін зерттеді және Ай бетінде 10,5 Айдан артық уақыт жұмыс істеді. Осы уақытта ол ай бетінің 80 мың шаршы метріне бақылау жүргізді. 500-ден астапжерлердің физика-механикалық қасиеттерін және 25 пунктің химиялық құрамына анализ жасады. Луноход ішіндегі телевизиялық аппарат жерге 20-дан астам панорама және 20 мыңнан астам түсірілген суреттер жіберді. Содан кейін ұшырылған Луноход-2 құнды зерттеулер жүргізді.

1977 жылдың 29-қыркүйегінде ұшырылған Салют-6 автоматты станциясы 4,5 жыл жұмыс істеді. Бұл станция көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді шешті. Бұл станцияда 27 космонавтар болды, Салют-7 автоматгы станциясы 1982 жылы ұшырылды, оның бортында ең ұзақ ұшкан екі экспедиция болды (250 тэулік, 237 тэулік). 1986 жылдың 20-акпанында совет Одағында космос корабльінің жаңа түрі Мир станциясы ұшырылды. Бұл жаңа орбиталдық станция 3 бөлімнен: өтетін, жұмыс істейтін және демалатын тұрады.


Тақырып:Галактика. Құсжолы.

1.Галактика құрылымы

2. Құсжолы

3. Галактиканың спиральды құрылымы
Құсжолы-күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарасақ оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып, тас төбемізді баса өткен бозарған қылаң жолақты көреміз. Ел мұны «Құсжол» не «Тырнажолы» дейді.

Ашык далада көп жүретін малшылар Құсжолын бақылап. оның орналасуының күрделі сипатын пайымдап, оны жер тараптарын айыру үшін пайдаланылады. Құсжолының керемет терең, зәулім ірі сырлары бар. Сол туралы баяндалады. Қазақ халқының бақылауына қарағанда Құсжолы күзге карай іңірде калай болып көрінсе. жазғытұрым таң алдында дәл сондай болып аспанда қак жарс қайтқан (не келетін) жыл құстарының ұшатын жолымен созыла көрінеді. Құстың екі ұшатын уақытында осылай орналасады. Ал кысты күні іңірде қиғаш тұрады, бір басы батысқа, екінші басы шығысқа қарап тұрады. Күн кысқа қарай бұрылғанда ол да бұрылады деп Құсжолының айналып тұратынын бақылаушылар тапжылтпай айтып береді.

Жаратылыстың неше түрл: қызық кұбылыстарыньң ішінде, әсіресе адамды таң калдыратындарының бірі- жыл құстарының қанша мың километр жер адаспай ұшып мекендерін тауып алуы.

Мал баққан шаруа адамдары жылқышылар, бақташылар, түңгі мал күзететін адамдар т.б. аспандағы жұлдыздар мен қабат Құсжолын да көп бакылап, оның орналасуын жыл кұстарының келіп, қайтуымен байланыстырады. Құстарды адастырмайтын аспанда жол бар, ол құсжолы мұнар тәріздес, тасжол мензелд ес «кұс соқпағы» «жыл кұстары соны сабақтап адаспай ұшады да отырады», -дейді казак малшылары.

Жыл құстары: коңыр қаз, аққу, қараша қаз, тырна, үйрек бәрі түнде қайтады, келгенде де түнғатып келетін көрінеді. Бір сөзбен көл құстарының кайсысы болса да қараңғы түнде, жауында да түнғатып қайтады. Тырна қиқу салып, шулап түнде де қайтатын көрінеді, сондықтан құсжолының «Тырнажолы» деп аталуы да содан көрінеді. Малшылардың айтуына қарағанда аққу құстың төресі, аққу түнде ұшқанда оның басшысы анда-санда қиқу салады. Аққудың дауысы қандай әйбәт: кеу-кеу дегені түйенің ботасының боздағанындай және құс көктемде келгенде екі екіден жүреді, ал қайтарда топтасып ұшады. Үйрек түнімен ұшады, ал кей құстар көз байланғанша ұшып, қонақтайды дейді оны бақылаушылар. Көкшымшық пен сарышымшық тырнаның, қарлығаштың, дуадуақтың аркасына мініп кайтады дейді елдің айтуына қарағанда.Бақылаушылардың Құсжолын ағарған, бозарған, қылан, шаы ... жол деп түстеп, оны тас жолға, аэропланның түтініне, бұлтқа ұқсатуы, бәрі де жобаға келеді.

Құсжолының құрылысы жайындағы малшылардын айтқаны негізінде ғылыми деректермен үйлеседі. Қазақ халқы Құсжолы дейтін қыаң жол ғылым тілінде Галактика деп аталады. Сөз түбірі грекше gа1а сүт деген. Ағарған жол сүт түстес болғандықтан ертедегі аспанды бақылаушылар оған «Сүт дөңгелек» орыс тілінде «Млечный путь» деп ат қойған. Құсжолының керемет терең, зәулім ірі сырлары бар.

Құсжолы дегеніміз-әлемнің бір тұрған бөлігінің арқауы,Құсжолын зерттеу астрономдар үшін ең ұлы, ең өрелі мәселенің бірі. Ғалымдар оның күрделі құрылысын талай мың жылдар бойы тексеріп келеді. Біздің эрамызға дейінгі бесінші ғасырда гректің кемеңгер ғалымы Демокрит аспандағы қылаң жол тұтасып көрінетін көп жүлдыздыр деп топшалаған. Италия ғалымы Г.Галилей 1609 жылы өзі қолдан жасаған дүрбісін (телескоп) Құсжолына бағыттап, шынында, оның жеке-жеке жұлдыздардан тұратынын айырып көріп, Демокриттің жорамалынын дұрыстығына көз жеткізді. Осы кездегі алып телескоптар арқылы түсірілген фотографиядан көк белдеулеген бозарған жолақ, қабаттасып көрінетін алып жұлдыздардың жиынтығы екені анық көрінеді. VIII ғасырдың аяғына, ағылшын астрономы Вильям Гершель өзі жасаған Обьективтің диаметрі 120 сантиметрлік айналы телескоп арқылы аспанда шаршылап, бөліп-бөліп қарап, телескоп өрісінен әрбір 15 минут сайын көрінетін жұлдыздарды есептеп бүкіл аспандағы жұлдыздардың дені осы құсжолы болатындығына көз жеткізеді. Осындай жүргізілген бақылаулар нәтижесінде В.Гершель мынадай қорытындыға келді: Құсжолы әрқайсысы біздің Күн катарлас жүз миллиардтан аста керемет үлкен жұлдыздыр жүйесі (системасы), оны Галактика деп атады, көрінетіндігін тұңғыш рет дәлелдеп айтты. В.Гершельдің жұлдыздар есебі бойынша, жұлдыздардың басым көпшілігі Галактиканың жалпақ жазықтығына жиіленіп орналасады, жерден караған бақылаушыға бүкіл аспанды қоршаған қылан жол (Құсжолы) ретінде алынады. В.Гершель біздің галактиканын сырттан қарағандағы формасы орасан үлкен полюстері жағынан сығылыңқы денеге ұқсас деп жорамалдады (үлкен дөңгелек сығылыңқы нан формасы тәріздес). В.Гершель Галактикадағы біздің Күннің орны оның центрінде деп жорамалдаған болды. В.Гершель зерттеулерінен жүз жылдан соң, әріқарайғы астрономдардың Галактика құрылысын, формасын зерттеу нәтижелері, Галактика құрылысының шынында да Гершель көрсеткеннен гөрі күрделі екендігін көрсетті және оның формасы да өзгешелеу болатындығы аныкталды. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша біз Галактика дегенде ішіне Күн кіретін Құсжолының жүлдыздар жинтығын, онда жүз миллиардтан астам: дара, қос, еселік жұлдыздар, айналасына планеталары бар және бұған қоса жұлдыздар шоғырлары (бытыраңқы және шар тәрізді тұмандықтар (қоңыр және қылаң) мен жұлдыздар арасындағы тығыздығы өте аз материалдық ортадан тұрады. Ал формасына келетін болсақ, біздің Галактиканың сырттай қырынан қарағанда қазақтың жібі толған ұршығына үқсайды. Жіп толған дәл ортасында Галактика ядросы (центрі) бар, ол тек ғана жүлдыздардан шоғырланған. Галактиканың сызықтық мөлшерін ұршыктың бір басы мен екінші басының ақикатында сондай қарайған жерлер аржақтағы жұлдыздарды перделеп тұратын, ересек қалың газ-тозан тұмандыктар болып шықты. Галактикадағы мұндай қоңыр тұмандықтардың саны жүз миллион деуге болады.

Акқу шоқжұлдызынан бастап Құсжолы тармақталып, екі айырылып кетеді де (міне осындай екі айыр тұмандықтар бар), оңтүстік аспандағы Центавр шоқжұлдызына жеткенде қайта бірігеді. Құсжолының оңтүстік жак басы («таусылар аяғы») өте жарык. Мерген деп аталатын лек жүлдыздардын ішіндегі осы жарығырақ жерде, астрономдардың анықтауы бойынша, Галактиканың кіндігі (ядросы) бар. Совет ғалымдары инфракызыл сәуле арқылы ядроның фотосуретін де түсіріп алды. Барлык жұлдыз жүйесі (Құсжолы) , оның ішінде біздің Күн де Галактиканың ядросын айнала қозғалады. Бұл жұлдыздардың қозғалысын сараптап есептеу жолымен дәйектелді. Біздің Күн Галактикамен бірге Галактика центрін секундына 250 км жылдамдықпен айналады. Бір айналымды 200 миллион жылда жасайды- бұл галактикалық жыл деп аталады. Мұнымен бірге Күн Геркулес шоқжүлдызына қарай секундына 20 км/с жылдамдықпен қозғалады. Біздің Галактиканың массасы былай анықталады. Мөлшермен (Күн сияқты жұлдыздар саны 100 миллиардтай деп есептегенде) 2* 1О33 грамм.х 100 млрд.=2*1044 грамм Галактика ядросы ылғи ғана жұлдыздардан тұрады. Мәнерлеп айтқанда, күллі жұлдыздарды ыдыратпай тартып ұстап тұратын, сол ядроны дүниенің «тұтқасы» деуге болар еді. Біздің шексіз әлемде осы біздің Галактикадай дүниелер сансыз көп екен. Олардың әрқайсысында ядро бар.

Ұлы Әлем тек біздің Галактикамен түгесілмейді. Күздігүні іңірде, ауа ашықта, айсыз қараңғыда аспанның шығыс жағына көз тастап, Андромеда шоқжұлдызындағы бета жұлдызынын маңына анықтап сүзіп қарасақ, құстың мамығы тәрізді титімдей бозғылт дақ байкалады. Астрономдар оны «Андромедадағы тұмандык» дейді. Телескоппен үлкейтіп. фотосуреттерін түсіріп алып қарағанда әлгі титімдей дак шамасы біздің Галактикадай, бізден (жерден) сегіз жүз жарық жалындай қияндағы өз алдына галактика екен. Онда да миллиардтаған жұлдыздар бар. Егжей-тегжейлі зерттеулер, бұл галактиканың құрылысы біздің галактиканың құрылысына ұқсас екендігін көрсетеді, тек сызықтык мөлшері жағынан бір жарым еседей үлкен.

Фотография тәсілімен мұқият зерттеп қарағанда Әлемдегі галактикалардың саны қазір жүз миллионнан асты. Телескоптың куаты артқан сайын сұмдық кашықтыктағы галактикалар ашылып келеді. Әлемдегі есепсіз көп галактикалардың жинағын астрономдар Метагалактика дейтін болды. Басқа сөзбен айтқанда Метагалактика қазіргі кездегі қуатты телескоптармен бақыланып, зерттеліп отырған Әлемнің бір бөлігі. Ал жалпы Әлем кеңістікте де, уақытта да шексіз. Адамзаттың Әлем тану саласындағы табыстары да ғаламат. Соның бірін осы арада еске түсіре кету орынды. Құдды жарық сияқты шапшаң тарайтын радиотолкындарын, адам аспаптар арқылы шығарып алып, оны катынас (радиокатынас) үшін пайдаланатын болды. Енді бір қызық нәрсе мынау: радиотолқындар бізге (жерге) Әлемдегі бағзыбір жұлдыздар мен тұмандықтардан да келіп тұрады екен. Оларды адам радиотелескоптармен түтып,(ұстап), ақтара тексеріп, Әлем туралы білімнің қорын молайтады. Дүниені танып білуде адам баласының білімінде шек жоқ. Бұған дәлел соңғы жылдарда Әлем зерттеу саласында ССРО-дағы істелген тамаша еңбектер толық айғак бола алады.

Енді неліктен құстардың Құсжолымен ұшатындығына тоқталайық. Онда қандай ғылыми деректер бар?

Құстарды адастырмайтын олардын жолбасшысы жер магнитизмі. Күннің орны, электр толқындары, деген әркім әртүрлі пікірлер үсынған. Бірақ кұстардың бағдарлау қабілетінің себебі қалай екені әзірше толық анықталмаған.

Құстарды адастырмайтын, малшылар айтқандай, аспандағы Құсжолы шығар деген пікірді жақтап, оның дәлелі есебінде мынадай жобаларды келтіріп көруге болады. Құсжолынын бойындағы калың жұлдыздар мен газ-тозаң материядан бізге радио сәулелері де, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері де келеді. Ондай сәулелер Галактиканың ядросы өте-мөте күшті шығарады. Құсжолының бойындағы Капелла маңында, Аққу шоқжұлдызының ішінде радиосәулелерді күшті тарата газ-тозаң шоғырлары бар екеніне соңғы жылдары радиотелескоптар ашып беріп отыр. Көзге көрінетін сәулелерден гөрі бұлар жүлдыздар арасындағы шашыранды газдардан және жер бетіндегі бұлттан жаксы өтеді. Құстардың қазіргі тор қабыршактарында жабысып тұратын сары және кызыл түсті май түйіріктері бар көрінеді. Бұлардың не үшін керек екендігі белгісіз. Мүмкін, әлгі түйіршіктер арқылы кұстар инфракызыл сәулелер мен радиосәулелері қабылдайтын шығар. Сайып келгенде сөз байламы былай. Кешкі кезден бастап әбден Күн көтерілгенше, яғни жыл кұстарының деген кауырт ұшатын кездерінде Құс жолы шыңында олардың (онтүстік терістік) жолына бейімделеді. Ендеше кұс жолының осы атырабынан шығатын инфрақызыл сәулелер кұстарға компас сияқты жуық бағдар бере алады. Осындай көктегі мен жердегіні септестіретін жоруды жасауға болады.

Су ішінде жүргенде көзінің төменгі жағымен, су бетінде жүргенде көзінің жоғарғы жағымен көретін балықтар бар екен. Ендеше құс көзінің ішінде де күндіз күн көретін, түнде инфрақызыл сәулелер мен радиосәулелерді (адам көзін көрінбейтін) тұтатын (ұстайтын) тетік бар шығар деп ойлауымыз қисынсыз емес қой.




1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет