ОҚУ-Әдістемелік кешен «нейтрондық физика» арнайы курсы



бет4/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4

14Тақырып:Когерентті және когерентті емес шашырау. Когерентті амплитуда және нейтрондардың толқындық сыну коэффициенті.
Нейтрондарды тіркеу тікелей мүмкін емес. Себебі олар нейтрал болғандықтан затпен әсерлесуін байқау мүмкін емес. Бірақ нейтрондарпен затпен әсерлескенде олар әр-түрлі таңбалы иондар және зарядталған бөлшектер тудырады. Ал екінші ретті сәулеленуді қарапайым детекторлармен тіркейміз. Сәйкесінші нейтрондар детекторы қарапайым зарядталған бөлшектер детекторы болып табылады. Детекторда нейтрондармен интенсивті әсерлесетін зат орналасады. Затты тандайтын ең басты критерийлер ол реакция типі және екінші ретті сәулеленудің энергиясы. Нейтрондар детекторына әсерлесу қимасы үлкен заттар жарамды. Ядролық реакция түрлерінің көп болуы, қиманың нейтрондардың энергиясының түріне тәуелді болуы нейтрондарды тіркейтін құрылғылардың көптігіне әкеп соғады. Баяу нейтрондар үлкен қимаға ие реакцияларды тудырады, жылдам нейтрондарға кішкентай қимаға ие болатын реакцияларды тудырады. Мысалы 10В нейтронмен әсерлесіп гамма квантын тудыратын реакция Е=0,025эВ болғанда қима 4010 барн мәнге ие болады. Ал жылдам нейтрондар аймағында қима 0,2 барн мәнге ие болады. Сондықтан белгілі бір энергия аймағындағы нейтрондарды тіркеуге арналған детектерлер жасауға тура келеді. Ол детекторларды белгілі бір энергия аймағындағы нейтрондармен әсерлесетін заттар орналасады.

Нйетрондармен әсерлесудің әр-типі нейтрондарды тіркеу әдісінің негізгі принціпі бола алады. Белгілі бір әсерлесу түрін тандау реакция қимасының мәнімен және бөлшектің қасиетімен аңықталады. Нейтрондар детекторларында ядролардың зарядталған бөлшектерді бөлу реакциялары жүретін, заттарыд активтендіру болатын, радиациялық қармау болатын заттар пайдаланылады.

Нейтрондар энергияларына байланысты олардың тіркеу үшін әр-түрлә әдістер пайдаланылады. Е> 10 Мэв энергиясындағы нейтрондарды тіркеу көміртегі ядроларымен әсерлесу арқылы жүзеге асырылады. 0,1E энергиясындағы нейтрондарды 0,5кэВ энергияға дейін баяулатып оларды n+p=d+γ реакциясының өнімдері арқылы тіркейді немесе оларды жылулық энергияға дейін баяулату арқылы тіркеледі.

Баяу нейтрондарды тіркеу үшін жеіл ядролы заттар пайдаланылады. Литий, берилий, сутегі, гелий және т.б.Жеңі элементтер нейтронмен әсерлескенде альфа бөлшектер протондар бөлінеді. Ауыр ядроларды да пайдалану мүмкін. Ауыр ядроларды пайдаланған кезде олардың бөлінген жарықшаларын тіркейді. Немесе радиациялық қармау жүзеге асуы мүмкін. Радиациялық қармау болған кезде ядро гамма квант бөліп шығады. Реакция жарықшаларын, гамма кванттарын, альфа, бетта бөлшектерін тіркеу үшін ионизациялық камералар, пропорционалдық санағыштар қолданылады. Олардын құрамында 10В және 3Н элементтері бар газдар толтырылады немесе олардың қабырғаларын жіңішке Li немесе B элементтерінің қабатымен қаптайды. Ондай камералардың көлемі диаметрі 50 мм ге, ұзындығы 2 м жетуі мүмкін. Жылулық нейтрондарды тіркеуде өте үлкен эффективтілікке бор және гелий элементтер бар детекторлері ие болады. Баяу нейтрондарды тіркеу үшін сцинтиляциялық санағыштар пайдаланылады.

Жылдам нейтрондарды тіркеу үшн нейтрондарды парафин арқылы өткізіп баулатады. Жылдам нейтрондарды тікелей тіркеу үшін оларды сутегі атомдарымен соқтырып тебіліске ұшыраған ядролардан тіркейді

15.Тақырып:Нейтронография. Нейтрондарды есептеу қарқындылығы.Нейтрондардың энергитикалық ажыратуы.


Бүгінгі күнгі физиканың негізгі мәселесі барлық фундаментальдық өзара әрекеттесудің теориясын біріктіріп, олардың біртұтас теориясын жасау. Қазірдің өзінде электромагниттік және әлсіз өзара әрекеттесуді біріктірген теория жасалды. Бұл фундаментальды өзара әрекеттесу төменгі энергияларда біртұтас электрәлсіз әрекеттесудің әртүрлі көріністерін суреттейді және олардың арасындағы айырмашылық бөлшектердің энергиялары өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды.

Электрлік және күшті өзара әрекеттесуді бір электрядролық өзара әрекеттесу ретінде қарастыратын (“ұлы біріктіру”) жұмыстар да бар.

Ендігі кезек- табиғатта белгілі төрт фундаментальдық өзара әрекекеттесудің біртұтас теориясын (“кеңітілген супергравитация”) дүниеге келтіру.

Нуклидтің, яғни, басқалардан А және Z мәндері бөлек ядролардың активтілігі деп, 1 секунд ішінде ыдыраған ядролар санын айтады:



. (27.4)

Белсенділіктің АХ жүйесіндегі өлшем бірлігі- беккерель (Бк), 1 с ішінде бір ыдырау болатынын көрсетеді. Ядолық физикада системадан тыс өлшем бірлігі пайдаланылады, ол- кюри (Ки): 1 Ки = 3,7.1010 Бк.

Ядролардың ыдырауы ығысу ережесімен іске асады, ол бойынша ыдыраудың нәтижесінде қандай ядро пайда болатынын көрсетеді:

α-ыдырауы үшін:



ZXA Z-2YA-4 + 2He4. (8.1)

β- ыдырауы үшін:



ZXA Z+1YA + -1e 0. (8.2)
Гамма сәуле шығару.сәуле –радиоактивтіліктің дербес түрі емес, ол тек және -ыдырауларымен қабатта пайда болады, сондай-ақ ядролық реакцияларда, зарядталған бөлшектер тежелгенде, олар ыдырағанда және т.б. пайда болады. спектрі сызықты. спектр-бұл кванттар санының энергиясы бойынша бөлінуі. спектрдің дискреттілігі, атом ядроларының энергетикалық күйлерінің дискреттілігін сипаттайды.

сәулесі аталық ядро емес, балалық ядро шығарады. Балалық ядро түзілген кезде ол қозған күйінен (қозған атомның өмір сүру уақыты ) негізгі күйге сәулесін шығарып көшеді.

сәулесінің өтімділік қабілеті жоғары. Сондықтан ол гамма-дефектоскопияда қолданылады. Ол гамма сәуленің әр түрлі орталарда бірдей қашықтыққа таралғанда түрліше жұтылуына негізделген.

сәуленің (сондай-ақ басқа да иондаушы сәулелердің) затқа әсер иондаушы сәуленің дозасымен сипатталады. Оның мынадай түрлері бар: жұтылған сәуле дозасы-сәуле энергиясының сәулеленген заттың массасына қатынасына тең физикалық шама.

Жұтылған сәуле дозасының энергиясы – грей (Гр): 1Гр = 1 Дж1кг.



Сәуленің экспозициялық дозасы. Оның өлшем бірлігі рентген (Р): Кл/кг. ауаны сәулелендіргенде босаған электрондар туғызған бір таңбалы барлық иондардың электрлік зарядтардың қосымдысының осы ауаның массасына қатынасы.

Биологиялық доза-сәуленің ағзаға тигізетін әсерін сипаттайтын шама. Бірлігі рентгеннің биологиялық эквиваленті: Дж/кг.

Сәуле дозасының қуаты-сәуле дозасының сәулелену уақытына қатынасына тең шама. Оның түрлері: жұтылған доза қуаты (Гр/с); 2) экспозициялық доза қуаты (А/кг).

Қатты денеде байланысқан атом ядроларының дененің ішкі энергиясының өзгерісін туғызбайтын кванттарды серпімді шығаруын (жұтуын) Мёссбауэр эффектісі деп аталады. Мұнда тебілудің импульсі мен энергиясы квантты шығарған бір ядроға емес бүкіл торға тұтас беріледі. Ал кристалдың массасы жек ядро массасынан әлдеқайда үлкен. Сондықтан тебілу энергисының шығыны аз болады да, тебілу серпімді болады.

Мёссбауэр эффектісі ғылым мен техникада әр текті өлшеулер жүргізудің нәзік «аспабы» болып табылады.

Радиоактивтік сәулелер мен бөлшектерді бақылаудың және тіркеудің тәсілдері:

1.Сцинтилляциялаушы есептегіш – негізгі элементі сцинтиллятор (кристаллофосфор) және фотоэлектрондық көбейткіш болып табылатын ядролық бөлшектердің детекторы. Ол әлсіз жарық жарқылын электрондық аппаратура тіркейтін электрлік импульстерге түрлендіруге мүмкіндік

2. Вильсон камерасы – шыны цилиндрден және оған тығыз тиіп тұратын поршеннен, цилиндр ішінде орналасқан судың немесе спирттің буымен қаныққан газдан (He,Ar) тұрады. Ондағы аса қаныққан бу арқылы өткен бөлшектің ізі тіркеледі.

3. Импульстік иондаушы камера – жұмысы зарядталған бөлшектердің газды иондауына негізделген детектор.

Нейтрондар – электрлік бейтарап бөлшектер бола отырып кулондық тебу күшіне ұшырамайды, сондықтан олыр ядроға оңай еніп кетеді де, әр түрлі ядролық түрлендірулер туғызады. Нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакцияларды зерттеу ядролық физиканың дамуында ғана зор роль атқарып қойған жоқ, сонымен бірге ядролық реакторлардың пайда болуына жеткізді.

Нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакциялар:



жалпы формула




ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Нейтрондық физика» арнайы курсы бойынша зертханалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар



  1. «Сосна» дозиметр-радиометрі көмегімен заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігін және бета-сәулелердің ағынының тығыздығын анықтау

Жұмыс мақсаты:. «Сосна» дозиметр-радиометрінің жұмыс істеу принципімен танысу, оның көмегімен заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігін және бета-сәулелердің ағынының тығыздығын анықтау

Жұмыстың істеу тәртібі:

1. «Сосна» дозиметр-радиометрінің жұмыс істеу принципімен танысу,

2. «Сосна» дозиметр-радиометрі көмегімен заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігін анықтау

3. «Сосна» дозиметр-радиометрі көмегімен заттардағы бета-сәулелердің ағынының тығыздығын анықтау

4.Алынған нәтижелер бойынша сараптамалар жасау.
Бақылау сұрақтары:

1. «Сосна» дозиметр-радиометрінің құрылысы қандай?

2. Заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігіқалай анықтауға болады?

3. Бета-сәулелердің ағынының тығыздығы дегеніміз не?

4. Осы жұмыста келтірілген әдістің дәлдігін жоғарлату үшін не істеу керек?
2. Газоразрядты есептегіштің жұмыс принципін зерттеу

Жұмыс мақсаты: Жарықтың корпускалық табиғатын дәләлдеу, эксперимент жүзінде бақылап, микроәлем өлшемдерін бағалау.

Құралдар мен жабдықтар:газды лазер, коллиматор, дифракциялық тор, миллиметрлік шкаласы бар экран, сызғыш.

Жұмысты орындау тәртібі

1. Лазер құрылысы мен оны қолдану тәртібімен танысу.

2.Лазер шкаласына дифракциялық торды орналастырып, экранда дифракциялық спектрдің анық кескінін алу керек.

3. Қажетті өлшеулер жүргізіп, таблицаны толтыру керек.

4. Лазер сәулеленуінің толқын ұзындығын анықтап, лазер шығаратын фотондар энергиясы мәнін есептеу керек.

Бақылау сұрақтары.

1. Ырықсыз сәуле шығарудың еріксіз сәуле шығарудан айырмашылығы неде?

2. Лазердің активті ортасы дегеніміз не?

3. Лазердің оптикалық резонаторы дегеніміз не?

4. Лазердің сәулеленуінің қасиеттерін атаңыз?

5. Лазердің жарық қарқындылығының үлкендігін қалай түсіндіруге болады?


3.Ядролық реакцияларды зерттеуде фотоэмульсия құбылысын қолдану.
Жұмыс мақсаты: Фотоэмульсия әдісін ядрорлық реакцияларды зерттеуде қолдану.

Құралдар мен жабдықтар: микроскоп, фотопластиинкалар

Жұмысты істеу реті.

1. Микроскоп көмегімен фотопластинкадан ядролық бөлшектер іздерін табу.

2. Формула бойынша бөлшектің еркін жүру жолын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Фотоэмульсия әдісі туралы не білесіңдер?

2. Фотоэмульсияның қандай түрлері бар?

3. Ядролық реакциялардың қандай түрлері бар?



«Нейтрондық физика» арнайы курсы бойынша СОӨЖ өткізуге

арналған әдістемелік нұсқау

СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру:



Студенттердің белгілі бір тақарыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері.Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.

- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,



өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.

- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).

- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.

Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:



  1. Дозиметрлік өлшем бірліктер. Радиоактивтілік. Оның өлшем бірліктері.

  2. Ионизация. Сәулелену дозасы. Ядролық сәулеленудің зат құрылысына әсері. Альфа – сәулеленудің затпен әсері. Бета-бөлшектердің затпен әсерлесуі. Гамма сәулелердің затпен әсерлесуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі..

  3. Ядролық сәулеленудің химиялық әсері. Химиялық детекторлар

  4. Сәулелердің биологиялық әсері.Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері. Иондаушы сәулеленудің алғашқы әсер ету механизмдері.

  5. Дозиметрия және қорғану. Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері. Сәулеленудің рұқсат етілген дозаларын сақтау.

1

«Нейтрондық физика» арнайы курсы бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.

Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,

заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.

Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.

Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.

Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.

Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.

Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.

Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:



  1. Дозиметрлік өлшем бірліктер. Радиоактивтілік. Оның өлшем бірліктері

  2. Ионизация. Сәулелену дозасы. Ядролық сәулеленудің зат құрылысына әсері. Альфа – сәулеленудің затпен әсері. Бета-бөлшектердің затпен әсерлесуі. Гамма сәулелердің затпен әсерлесуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі..

  3. Ядролық сәулеленудің химиялық әсері. Химиялық детекторлар

  4. Сәулелердің биологиялық әсері.Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері. Иондаушы сәулеленудің алғашқы әсер ету механизмдері.

  5. Дозиметрия және қорғану. Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері. Сәулеленудің рұқсат етілген дозаларын сақтау.


Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары

1.Электронның ядроға құлауына не рұқсат бермейді?

A) Бор постулаттары

B Де-Бройл) гипотезасы

C) Энергияның сақталу заңы

D) Гейзенбергтің анықталмағандық қатысы

E) Импулстің сақталу заңы
2. Электронның импульс моментін кванттау формуласы

A)

B)

C)

D)

E)


3. Активті ортаны белсенді күйге көшіру процесі деп мынаны айтады:

А) Фотоионизацияны

B) Қозуды

C) Люминисценцияны

D) Автоэмиссияны;

E) Накачканы


4. Вентилдік фотоэффектінің мәні мынада:

А) p-n көшуде фото-ЭҚК пайда болады

B) Жарық әсерінен фотоэлектрондар жұлынып шығады

C) Жылу әсерінен электрондар ұшып шығады

D) Жарық әсерінен заттың электр өткізгіштігінің артуы

E) Күшті электр өрісінің әсерінен заттан электрондардың жұлынып шығуы


5. Изотондар деп мына атом ядроларын айтады:

А) Зарядтық сандары Z бірдей, бірақ массалық сандары А әртүрлі

B) А бірдей, Z әртүрлі

C) А, N және Z, мұндағы N = A - Z нейтрондар санын анықтайды

D) N бірдей, бірақ А жән Z әртүрлі

E) А және Z бірдей, бірақ жартылай ыдырау периоды Т .әртүрлі


6. Радиоактивті изотоптың ыдырау периоды 2,31.105 с . Изотоптың ыдырау тұрақтысы λ неге тең?

А) 0,43.10-5 c-1;

B) 3.10-6 c-1;

C) 1,5.105 c -1;

D) 3.106 c-1;

E) 9.109 c-1 .

7. Сутегі атомының иондаушы потенциалы неге тең?

A) В;

B) В;

C) В;

D) В;

E) B;

8. Изотоптар деп мына атом ядроларын айтады:

А) зарядтық сандары Z бірдей, бірақ массалық сандары А әртүрлі

B) А бірдей, бірақ Z әртүрлі

C) А, N және Z әртүрлі, мұндағы N = A - Z нейтрондар санын анықтайды

D) N бірдей, бірақ А және Z әртүрлі

Е) А және Z бірдей, бірақ жартылай ыдырау периоды Т әртүрлі


9. Радиоактивтік изотоптың жартылай ыдырау периоды деген не?

А) Бастапқы ядролардың жартысы ыдырайтын уақыт

B) Радиоактивтік ядроның орташа өмір сүру уақыты

C) Ыдыраулар саны өтетін уақыт

D) Бастапқы ядролардың 10% ыдырайтын уақыт

E) Бастапқы ядролар саны е = 2,72 есе кемитін уақыт


10. АтомныңТомсон моделі бойынша мынаны бағалауға болады

A) Электрондардың өлшемін

B) Атомдардың өлшемін

C) Молекулалардың өлшемін

D) Атом ядроларының өлшемін

E) Ядро мен электрондардың арақашықтығын




      11.Бор радиусы мен бас кванттық сан арасындағы байланыс

A) rn

B) r

C) rn2

D) r

E) r

12. Изобара деп мына атом ядроларын айтады:

А) Зарядтар саны Z бірдей, бірақ массалар саны А әртүрлі

B) А бірдей, бірақ Z әртүрлі

C) А, N және Z бірдей, мұндағы N = A - Z нейтрондар санын анықтайды

D) N бірдей , бірақ А және Z әртүрлі

E) А және Z бірдей, бірақ жартылай ыдырау периоды Т әртүрлі
13. Мессбауэра эффектісі деп мына құбылысты айтады::

А) Төменгі температурада электромагниттік сәулені серпімді шашырату (дененің ішкі энргиясын өзгертпей)

B) Электромагниттік сәулені резонанстық жұту

C) Ядролардың гамма квантты серпімді шығаруы немесе жұтуы

D) Атомдардың көрінетін жарықты серпімді шығаруы немесе жұтуы

E) Молекулалардың электромагниттік сәулені серпімді шығаруы немесе жұтуы


14. Полоний 84Ро214 изотопының альфа ыдыраудан кейін пайда болған бөлшектің зарядтық саны Z және массалық саны А қандай болады?
А) Z = 84, A = 210;

B) Z = 83, A = 212;

C) Z = 82, A = 210;

D) Z = 80, A = 214;

E) Z = 80, A = 210 .

15. Радиоактивті препараттың активтігін анықтау керек. 5 с ішінде онда 2.105 ядролар ыдырады

А) 106 Бк;

B) 4.104 Бк;

C) 2.104 Бк ;

D) 3,33.102 Бк;

E) 666 Бк.
16. Мына ядролық реакция нәтижесінде қандай бөлшек түзіледі?

7N14 + 2He48O17 + ?
А) нейтрон;

B) протон;

C) альфа-бөлшек

D) бета-бөлшек

E) γ-фотон.
17. ZXA радиоактивтік ядро позитролн шығарып ыдырады. Балалық ядроның таңбасын жазу керек
А) Z+1YA ;

B) Z+1YA-1 ;

C) ZYA-1 ;

D) ZYA+1 ;

E) Z-1YA .
18. a – сәуле – бұл мыналардың ағыны

А) Протондар

В) Нейтрондар

С) Гелий ядролары

D) Электрондар

Е) Фотондар

19. Радиоактивті изотоптың ыдырау периоды 2,31.105 с . Изотоптың ыдырау тұрақтысы λ неге тең?

А) 0,43.10-5 c-1;

B) 3.10-6 c-1;

C) 1,5.105 c -1;

D) 3.106 c-1;

E) 9.109 c-1 .


20. Радиоактивтік ыдырау заңын көрсетіңіз

А) T = ℓn2 /λ;

B) τ = 1/λ;

C) N = N0.exp(-λt);

D) N0/2 = N0.exp(-λt);

E) A = dN/dt.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет