ОҚУ Әдістемелік кешені



бет6/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.96 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жетісай - 2006

1 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Радиохабарлардың эфирге таралу кезеңі.
Жоспары :

1.Радионың эфирге таралу кезеңіндегі өзгерістер.

2. Радионың байланыс құралы ретінде пада болуы.
Радионың байланыс құралы ретінде танылғаны да бір ғасырдан астам ауқыт болды.Осы мерзім ішінде журналистиканың жаңа түрі радиожруналистика дүниеге келіп,қалыптасып,дамыды.Өмір сүріп отырған,ғылыми – техникалық прогрестің шарықтау шегіне жеткен осы бір электронды құралдар әлемінде,радионың өзінің мүмкіншілігін аша түсіп, қанатын кеңге жайып отырғандығы шындық.

Радио – дүниеге журналистикадан,өнердің көп саласынан кейін келгені мәлім.Бірақ өнердің көптеген салаларынан – кино, театр, эстрада т.б. қарағанда радионың мүмкіндігі орасан зор.

Бүгінгі күні мемлекеттер арасында, халықаралық қатнастар аясында инормациялық насихат құралдарының ролі қандай дәрежеге өсіп отырғаны баршаға аян.Ғылыми – техникалық прогресс нағыз шарықтау шегіне жетіп тұр.Миллиондаған,мыңдаған радиостанциялар,мимллияртаған радиоқабылдағыштар, сансыз шғып жатқан газет – журналдар сан – салалы басылымдардан келіп түсіп жататын хабар ақпарат тасқынында ешқандай тосқауыл жоқ.

Қазіргі кезде студиядан тыс жасалатын хабарлардың үлес салмағы күн сайын артып отыр.Студиядан тыс хабр ұйымдастыру үшін керекті құрал “Репортер”.Бұл магнитафонды журналистің айрылмас серігі деп айтамыз.Өйткені репортер арқылы кез келген жерден хабар жазып келуге болады.

Радиожурналистер алғашқы кәсіби шағын магнитафонды 1952 жылдан бастап қолданды.Оны Киевтің радиозаводы шығарды.Алғашқы оның маркасы “Днепр - 8” деп аталды, кейін “Репортер – 1 ”деп өзгертілді. (Репортер – латын сөз,жаңалық,хабар жеткізуші,әкелуші деген мағананы білдіреді.)

Киев радиозаводы алғашқы бұл өнімдерімен шектеліп қоймай,одан әрі ізденістерін жалғастырды.1957 жылдың көктемінде болған VІ Бүкілодақтық,жастар мен студенттердің Москвадағы фестивалінде Орталық радио торабы және шетел журналистері “Репотер – 2 ”магнитафонымен жұмыс істеді. “Репортер – 2 ”алғашқысына қарағанда жеңілрек болды, әрі жетілдіріп шығарылды.

1960 жылға дейін екі мың “Репортер – 2 ”жасалынды, оның 250 Орталық радио үйіне, 1000 данасы Ресейді өзге облыстарына,қалған 700 ден астамы басқа республикаларға таратылды. “Рпепортер – 2 ”ден кейін дүниеге келген “Репотер – 3”алдыңғыларға қарағанда жеңілрек болды.Осы аталған магнитафондардың ьарлынығда да өшіру тетігі болмады.Радиожурналистер арнайы қорапқа салып жаңа ленталар алып жүретін болған.Доңғалақ катушкамен жұмыс істеді.Жазу ұзақтығы 15 минуттан аспайтын болғандықтан өзімен бірнеше лента алып жүру қолайсыздық тудырды.

Радиожаңашылдары бұдан да жақсырақ,жеңіл әрі ыңғайла аппараттар шығаруды одан әрі жолға қоя отырып,радиожурналистерге жаңа құрал ұсында, ол “Репортер – 4 ”болды.Бұл магнитафонның салмағы 1,5 кг.Жазуы тазалығымен ерекшеленді.төрт бұрышты кассетаны пайдалануға мүмкіндік туды.Белгісіз себептермен магнитафонның бұл жаңа түрі заводттан шығарылмады,өндіріске енгізілмеді.

Алдыңғы магнитафондардың кемшіліктерін ескере отырып,радиоинжнерлер “Репотер - 5”құралын ойлап тапты.

Ғылым мен техниканың,адамзат ой өрісінің кең қанат жаю арасында “Репортер – 6 ” магнитафоны дүниеге келді.Ол тұрақты тоқпен қамтамасыз етілді.Хабар жазудың сапасы артты.Тек сөзді ғана жазып қоймай әндерді жазуға мүмкіндік туды

1980 жылы Олимпияда қарсаңында магнитафонның басқа түрі “Репортер – 7 ”шығарылды.Алимпияда барысын жазуға оның алғашқы 160 данасы қолданылды.Қазіргі кезде “Репотер – 7 ”құралының жеті мыңға жуығы қолданылып жүр.

Хабар жасау кезінде журналистің ескеретін нәрсесі - студиядан тыс жазылған репотаждың немесе сұхбаттын тыңдармандар үшін,әсерлі болғандығы.Міне осындай,тыңдауға жағымды,жақсы хабарлардың дайындалуына осы электронды ақпарат құралдары үлкен мүмкіндіктер жасай алды.


Әдебиеттер

  1. Варашилов В.В. Журналистика М.,2003.

  2. Радиожурналистика. М.,2004.

  3. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. А.,1992.

  4. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. А.,1979.

  5. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

2 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Радио байланыс жүйесіндегі халықаралық ережелерімен ұйымдарының қызметтері.
Жоспары :

1. Радиокомпаниялар мен өзара байланыстар.

2. Қазақ радиокомитетінің құрылуы.
Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде.Оның кәдімгі анологтық радиохабарлардан немен ерекшеленетінін көрейік:

Ең алдымен дабас сапасындағы ерекшелік көзге түседі.,естілуі ешқандай кедергісіз әрі айқын.Сандық технологиямен жасалатын радиохабарларының тағы бір артықшылығы – қозғалмалы радиоқабылдағыштарға келетін сигналдардың сапалы болуы. Оның үстіне сандақ радиоқабылдағыштар сигналдардың ішіндегі күштісін автоматты түрде таңдай алады. СРХ-ға қоса „радиомультимедия” түріндегі радиохабарлар да жүреді. Олар тыңдарманға қосымша ақпаратты радиоқабылдағыш дисплейіне береді. СРХ копьютерлермен және ұялы телефондармен де тығыз байланысты.

Кейбір мемлекеттерде радиоқабылдағыштар мен GPS және ГЛОНАСС сияқты іздестіру жүйелері толқындардың бір диопазонда жұмыс істейді. Бұл мүмкіндіктің автомобилистерге тигізер пайдасы зор. СРХ –ын бір – біріне кедергісіз сандық қабылдағыш та, ескі анологты қабылдағыш та қабылдай алады.

СРХ-ның пайда болуы ХХ ғасырдаң 80 жылдарынан басталған. 1982 Сони мен Филипс компанияларымен бірігіп бірігіп жұмыс істеуінен пайда болған компакт – дискқа жазу технологиясы қолдау тапқаннан бастап, радиобайланыстағы сандық қабылдау мен жіберу тәсілдері дами бастады.

Ресми түрде Эврика – 147 ДАВ 1997 жылы ТФА деген Берлинде өткен көрсетілді.Қазір Эврика – 147 ДАВ ең жақсы дамыған жүйе ретінде Европада қолданылады ,әрі СРХ тарату технологисы болып табылады.Оның атап өтетін артықшылықтары :


    • сапасы компакт – диск дыбысының сапасынан қалыспайтын дыбыс,

    • сигналдардың кедергілерге қарсы тұра алуы.

    • Паралельді түрде ақпарат тарата алады.

    • Радиоқабылдағыштар қуатты азрақ қажет етеді.

1987 жылы Британияның ББС деген медиагиганты Эврика – 147,жобасын бастады.

Алайда Эврика 147 әрі жетілген, әрі ыңғайлы болғанымен оны толығымен іске қосу үшін қазіргі радиохабар таратушы жүйелердің барлығының жұмысы өзгерту керек.Бұл көптеген материалдық шығынды қажет етеді.Дегенмен де, сандық радиохабар тратудың бұл түрінің болашағы үлкен. Алдағы уақытта бүкіл радиожүйелер осы технологияға тегіс көшірілуі мүмкін,әрине, озық технология қашанда жоғары тұрады.


Әдебиеттер

  1. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

  2. Т.Қожакеев Көк сеңгірлер. А.,1992.

  3. Т.Қожакеев Сара сөздің сардары. А.,1995.

  4. Қазақстан Республикасының баспасөз туралы заңы. А.,1991.

  5. Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. А.,1993.

  6. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  7. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

3 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Хабар таратудың формалары.

Жоспары :

  1. Хабар таратудың түрлері

  2. Хабар таратудың құрылымдары.

Өзіне қажетті радиотолқынды ұстап отырған тыңдарман сан алуан хабарларды тыңдайды,музыкасына көңіл бөледі,тіпті беріліп жатқан хабарды тыңдамаған,көңіл аудармаған жағдайдың өзінде халықтың санасына сыналып енетін радиохабарларының қасиеті бар.Міне , осы қасиетінің арасында орасан зор аудитория жинауы радиохабарларының мәнінде,маңыздылығында.Тыңдарман құлағын елең еткізетіндей хабарлар жасау,көпшілік көңілінен шығу – бүгінгі радиожурналистердің ардақты да абыройлы міндеті. Жақсы хабар шығару үшін объект табудың мәні зор.

Өмірде болып жатқан сан – салалы оқиғалардың,жаңалықтардың үрдісіне ілесе отырып,оны тыңдарманға лайықты жеткізу,әрине,үлкен міндет.Сол оқиғаларды, жаңалықтарды саралай, екшей отырып, анализ жасау, өзіндік пікір қалыптастыра отырып тыңдарманға ұсыну – жақсы объект табу,яғни тыңдарман назарын өзіне аудара алатын хабардың жасалуы деген сөз.

Көзделген межеден шығып,жазылатын хабардың өз дәрежесінде болуына, объектінің жазылып алатын сөзінің сапалы шығуы үшін,радиожурналистке өре,білім,сауат,қағылездік қажет.Өзінің білімділігн танытып,сауаттылығын көрсетіп,қағылез қимылдап,жіті пайымдап,биік өреден табылып отырған журналист өзі шеберлікпен сөйлеп қана қоймай,сөйреушіні сөзге тарта алуы,шешіле сөйлеуге мәжбүр ете білуі керек.

Хабарды жазбас бұрын сол жерде дыбыстың сапалы, бірқалыпты жазылуын қамтамасыз етіп құралдың дұрыс жұмыс істеуі қадағалап алу керек.Сонымен қатар,микрафонды қалй ұстаудың да маңызы бар.Бөтен шудың балмауына,дыбыстың анық естілуінің де микрафонның дұрыс ұсталуы,ара қашықтығының да ролі зор.Микрафонды ұстау қашықтығы 30 – 50 см (сезімталдығына қарай)болуы тиіс.Одан жақынрақ болса әңгімелесуші адамның тыныс алғаны,кейбір әріптердің бөлек естілуі ( “С”әріпінің “Ш”-ға айналуы)т.б.шурал естіп қалуы мүмкін.

Таспаға жазылып әкелген хабарды эфирге шығарудың сантүрлі жолы бар.Соның бірі – сценарий . Жақсы хабар негізі жақсы сценарий екндігі радиожурналистика дәлелденіп отыр.Сценаридің тартымды шығуына тағыда журналистің фонтазиясы,ой - өрісі,сезім, пікір молдығы,білімділігі,парасаттылығы,адамгершілік пайымы әсер етеді.Қазіргі кездері Қазақ радиосы тек тікелей эфирге шығу арқылы жұмыс атқаруда. Тікелей эфирге шығу үшін де әрине,сценарий қажет.Сценарий арқылы жұмыс істеу режиссерге де, хабар редакторына да,тыңдарманға да игі әсер етеді.

Үнтаспаға алдын ала жазылып әкелінген хабарды эфир алдында өңдеу – монтаж процесі деп аталады.

Радио сөзі кескін,бейнелі,ой образын сөз өрнегімен,тіл тұшымдлығымен ашады.Міне осындай эфирге жолдама алу жолы өте күрделі радиохабарларының жасалуына ат салысатын тағы бір тұлға – диктор.Диктор дайын тексті бір леппен сырғытап,сыдыртып оқып шығумен шектелуі керек емес.Ол ең алдымен әуезді үннің,сиқырлы сезімні керек десеңіз,сондай сезімтал өнердің адамы.Радиохабарларға барлық бірдей дауыс жарай бермейді.Дауыста қандайда бір ерекше сапа болуға тиіс.Ол барынша бейнелегіш қасиетке ие болуға тиіс.

Көп жағдайда диктор қызметінің қажеті жоқ,оның орнына журналистер,комментаторлар өздері – ақ атқара алады, - деген пікірлер айтылуда.Кейбір эстетикалық,көркемдік,тәрбиелік мәндегі хабарлардыдиктордың әсем де әуезді дауыссыз тыңдарманға жеткізу мүмкін емес.

Комментатор - өз логикасы,болжамы арқылы пікір,ой айталатын,өзіндік ұсыныс пікірлерге бай,өмірде болып жатқан сан алуан құбылыстарды мезгілінде қабылдап,оларға өзіндік баға бере,жеке өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көзге түсе алатын ұжым мүшесі.Хабар дайындауда жүргізуші –коментатор мен редактор негізгі шешуші тұлға болады.Олар жалпы хабардың саяси – идеялық мазмұны және көркемдік сапасына жауап береді.Сонымен қатар хабарды әуе толқынына әзірлеу процесінің басынан аяғына дейін басы – қасында болуға,батыл араласып,үздіксіз бақылап,әр сөз,сөйлемге мән беріп отыруға міндетті.

Аса маңызды, салауатты хабарлар мен жаңалықтарды тыңдаушыларға жеткізуде радиохабардың ролі ерекше.Қашанда жақсы істердің жаршысы бола отырып,ұрпаққа өнегелі сөз таратып,тәрбие беруден таймаған ақпарат құралы екендігі ақиқат.
Әдебиеттер


  1. Варашилов В.В. Журналистика М.,2003.

  2. Радиожурналистика. М.,2004.

  3. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. А.,1992.

  4. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. А.,1979.

  5. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

4 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Радиода ауызша сөзбен жазбаша сөздің қолданылуы.

Жоспары :

1. Радио тілінің заңдылықтары.

2. Тіл – ғылыми категория.

3. Радиосөздің нормасы.


Сөйлейтін сөз ради ода негізгі қызмет атқарады. Ал „радио тілі” одан көрі кеңірек.Себебі, радио тілінің өз заңдылықтары болады. Он бәрі тәжірибеден,радио саласы бойынша қалыптасудан туады.Демек,радио тілін қарапайым тіл де түсінбеу керек, он өз Алдана ғылыми тіл де негізделген көптеген ерекшеліктері,сипати бар. Ол бір ғана ұғымға сыймайды. Сондықтан радио тілін Жан – жақты және жинақтап,кең ауқымда анықтау қажет. Сөз Бен тілі айырмашылығын білу керек. Тіл – сөзге қарағанда кең ұғым. Радио тілінің белгілі бір мақсаты,міндеті,жауапкершілігі болады.Қоғам мен адам алдында көтерер жү гі мен атқарар қызметі зор. Радиодағы сөйлеу,әңгімелесу тіл ден жаралып жатады.Ал жайшылықта айтыла салған сөз радио тілі дәрежесіне күтерілмеуі мүмкін.Ол үшін сөздің мән – маңызы болуы керек.

Ауызша сөздердің кәдімгі күнделкті нормасын сол өзгермеген құалпында ради ода қолдана беру жарамсыз.Яғни ауызша сөзді радиохабарларға үлгі ретінде қабылдап,көшірме жасаудың қажеті жоқ. Себебі,радио тілінің нормасын бұзады.

Қазіргі әдеби тіл дерде ауызша сөздер мен кітап сөздерінің жақындасуы байқалады. Мұның өзі радио тілінің күрделеніп келе жатқанын көрсетеді.

Әрине, радио өзіне қажетті мүмкіндіктерді жақсы пайдалану үшінауызша сөзді,он айтылу, дыбысталу жүйесін қолданатыны Белгілі.

Осыдан келіп ауызша сөзді радио сөзге айналдыра білу де өнер.Ол үшін фанетиканың,марфологияның,лексиканың,синтаксистің де қазақ тіліндгіз аңдылықтарынан хабар дар болуы керек.Сонда ғана радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады.

Сонымен радио сөзінің нормасын жасайтын лингвистикалық база – ауызша сөздің стилистикасы болып табылады. Бұған қоса аймар нәрсе,белгілі бір нормадағы ауызша сөз – радиосөздің негіді болып табылады. Ал осы радиосөздің жалпы жиынтығы : нормалалы,стилистикасы,заңдылықтары,жүйесі,қалыптасыу мен даму,т.б. көптеген компаненттері радио тілін құрайды.

Бұдан келіп шығаты қорытынды не ?

Демен, ради ода хабарларды оқып берудің қажеті жоқ. Тек ғана әдістемелік бюллетеньдерді немесе газеттің ресми информациясын ғана оқыған дұрыс. Ал басқа радиолекция,радиобаяндамаларды оқымау керек, аузша айтып беру керек.Бұл ретте көркем материалдарды да оқудың арнайы тәсілдерін таппаса, ойдағыдай болып шықпайды. Радиохабарларда қолданылатын сөз жазбаша сөз емес (мысалы, кітаптағы секілді),негізінен ауызша сөз екенін естен шығармау керек.Мұны айтқанда мынаған назар аударған жөн. Жазбаша сөз – ауызша хабарламаның үлгісі бола алмайды. Ауызша сөздің өз орны бар.Жазбаша сөздің де орны ерекше. Әр қасысы өзіне тән жағдайда ғана қолданылғаны орынды.

Ради ода ауызша сөздің әсері мол.Әсіресе,шеберлікпен сөйленген сөздер тыңдарманға әсер етпей қоймайды. Шешендік стильдің қажеттігі де осында Ал радиодағы сөз тыңдаушыға әсер етсе, онда сол хабарладың да жақсы дайындалғанын көқрсетеді. Хабар дайындағанда әр түрлі сала бойынша : өндіріс жұмысшысына немесе аул шаруашылық мамандарына арналуы мүмкін.Сондай –ақ дәрігер,мұғалім,өнер адамына арналуы мүмкін. Ал жас ерекшелігіне сай : зейнеткер,қызметкер,студент,мектеб оқушысы,балалар бақшасына арап дегендей... Осындай топтарға тіл,стиль ерекшелігін қолданып,хабарлар дайындау керек.
Әдебиеттер


  1. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  2. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

  3. Варашилов В.В. Журналистика М.,2003.

  4. Радиожурналистика. М.,2004.

  5. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. А.,1992.

  6. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. А.,1979.

  7. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

5 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика.
Жоспары :

1. Радиода тілдік безендіру.

2. Эфирдегі сөйлеу мәнерінің мән – маңызы.

3. Акустика – тіл әуезі туралы ілім.


Радиохабарларын тілдік бейнелеу он бұқаралық өзгеше апарат құралы екендігі мен тығыз байланысты.Әдетте тімен безендіру,бейнелеу тек баспасөзде ғана емес,электронды апарат құралдары радио мен телевидениеге де қатысы болып келеді.Радиода тілдік безендіру,бейнелеу,ажарлау,мәнерлеу хабарлардың сапасын араттырып,көркемділігін күшейтеді.Бұл орайда лингвистиканың теңеу,эпитет,метафора сияқты бейнелеу құралдарынкеңнен әрі жан – жақты қолдану тиімділікке жеткізеді.Ойдың логикалық әсерін пайдалана отырып,тыңдарманның немесе көрерменнің назарынаудару,қызықтыру,тартымды сөйлеу компаненттерді орныфмен әрі қажетіне қарай қолдану табысқа жеткізбек.

Тілдік безендіру – радиохабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор.Сондықтан тіл бояуларының тартымды шығуына күш салып, ізденістер жасау лазым.Хабар көркемдігі сапалы болсак, тыңдаушыға да он берер әсері зор болта.Бұл орайда лиризмнің орны ерекше екендігін ескерген жөн. Ліризм – адамның көңіл – күйі мен ой сезіміне қозғау салады.Ал бұл жадай радио тыңдаушы үшін аса қажет.Өйткені дәл осындай арақатнас ронату,тыңдаушы мен жүргізушінің немесе автордың,радиожурналистіңа расында белгілі бір байланыс орната білу де таптырмайтын қасиет.

Кез келген хабарды құрғақ тімен жүргізу табысқа жеткізбейді.Сондықтан эфирде сөйлеу мәнерінің мән- маңызын ұмытпау керек.Аз сөзбен көп мағана беру,ойдың ұтымды болуын ойлау,сөздердің астарлы, мәнді шығуын байыптау қажет.Сөз дәл,айқын,анық рол атқарып,тыңдаушы ұғымына сай келуін қарастыру абзал. Сонда берілетін әрбір хабар немесе жанр түрлерінің тілдік бояулары өздеріне тән,лайықты жағдайында көрініс береді.Саяси хабар мен көркем хабардың өз орны бар.Бұларда тілдік бояулрды қолдану бірдей емес.Саяси хабарды тым көркемдеп жіберу де жараспайды.Сондықтан әрбір хбар түрлерінің өз табиғатын ескеріп отыру талабы туындайды.Тіл – ойдың көрінісі.

Алр адиохабарларын безендіру үшінтағыда бір жол – акустика болта.Акустика радио мен телевидениеде ерекше рөл атқарады.Акустика- тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің „естілу”деген сөзінен шыққан термин.Акустика термині физикада да қолданылады.Бірақ радио мен телевидениедегі акустиканың орны мен қызметі бөлек.Ол хабарларын дұрыс жасалуына әрер ететін фактор.Акустика арқылы дыбыстардың бөлмеде немесе балада қалай естілетінін байқаймыз.Ал мұның өзі микрафон қолданылатын, дыбыс, сөз жазылатын және эфирден берілетін апарат құралдары үшін кереруді қажет ететін жайт.Сөз дыбыстары мен табиғатта кездесетін заттар қақтығысынан туатын жаңалықтар болып жатады.

Ради ода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – сөз дыбысы, шу, музика, монтаж болып есептеледі. Яғни, хабар ішіндеәртүрлі дыбыстарды дұрыс алудың реті бар.

Акустиканың кейбір белгілері мынандай :


  1. Дыбыстың күші – мұнда дыбыс діріліні қарқыны рөл атқарады.

  2. Дыбыстың ырғағы – мунда дыбыстың дірі ліні санына байланысты айқындалады.

  3. Дыбыстың әуені – мунда дыбыстың естіллу толқынына байланысты болып келеді.

  4. Дыбыстың созылмалылығы – мунда дыбыс ұзақтылығымен қысқалылығы ескері леді.

Міне, осылайша ради ода акустиканың айрықша орын алатынын байқау қиын емес.Өйткені, радиохабарлары дыбыстарға негізделіп жасалатыны белгілі.

Ради ода тілдік безендіру фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады.Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланылады.



Әдебиеттер

  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

6 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Ақпарат хабарлары мен көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі.

Жоспары :

1. Радиодағы тілдік қолданыстар.

2. Радиохабар түрлері.

3. Хабар түрлері мен жанрлардың жаратылсына қарай тіл бояуларын орынды пайдалану.


Радиохабарлардың түрлері бар,радиожанрлар бар және радио пішіндер бар екені белгілі. Мұның бәрін хабар дайындау барысында журналистердің өздері жіктеп отырады.Сонымен бірге хабарлардың сипатына қарай тіл қолданыстары да түрліше болыпкеледі.Мәселен радиохабарлар түрлері: қоғамдық саяси хабарлар,мәдени хабарлар,музыкалық хабарлар,әдеби – драмалық хабарлар,жаңалық хабарлар т.б. Ал радиопішіндер : радіожурнал,радиокөпір,радиоүндесу,радиоойын,радиодиспут т.б. Сон дай – ақ радиожанрлар: радиоочерк, радиофельетон, радиосұхбат, радіорепортаж, радиокорреспонденция, радиозаметка т.б.

Бұлардың бәрінде өзіндік тіл қолданыстары бар.Мәселен ақпараттық хабарларда тіл бояулары қанық болмайды.Бұған керісінше көркем хабарларда тіл бояуы барынша пайдаланылады.Жанрларға да осындай қасиеттер тән. Радиозаметка телегравтық стильде келсе,радиоочерк күрделі сюжет тік стильде әрі әдеби тіл қолданылады.Радиозаметка фактлер мен оқиғаны қысқаша хабарлаумен қарапайым тіл де хабарланса,радиоочеркте көркем тіл кестесі қолданылады,суреттеледі. Әсіресе әдеби- драмалық хабарлар мен музыкалық хабарларда тіл б? кіл әрімен,нәрімен бейнеленіп бері леді.Сөздің эстетикалық мәніне Назар аударылады.Жоғары талам көрініс береді.Радиопъессалар,басқа да радиоқойылымдар да кейіпкерлер өмірі,тұлғасы образды түрде жеткізілеі.

Жанрдың ішінде радиоочерк пен радиофельетон көркем тілі қажет етеді.Талап пен талам қатар өріледі. Тілдік бейнелеу құралдары жанр табиғатына сай шығуы тиіс. Астарлы да, нәзік мағаналы сөздер қолданылуы мүмкін. Мұның өзі хабардың қызықты шығуына ықпал етюді. Сондықтан осы жайларды ескере отырып,хабар түрлері мен жанрдлардың жаратылысына орай тіл бояуларын орынды пайдалану міндеті туындайды.

Әдебиеттер


  1. Варашилов В.В. Журналистика М.,2003.

  2. Радиожурналистика. М.,2004.

  3. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. А.,1992.

  4. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. А.,1979.

  5. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

7 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Радиоматериалдарда пунктуация ережелерінің қолданылуы.
Жоспары :

1. Пауза жасауға пунктуацияның әсері.

2. Пунктуацияның даму тарихы.

3. Радиода тыныс белгілері қиындық келтіретін сөйлемдер.


Әрбір тіл де сөйлем мен сөзге байланысты қолданылатын тыныс белгілері бар.Оның сөз сөйлемдердің жазылуына, айтылуына, сөйлем құрылсына байланысты және мағынасына байланысты болатыны белгілі. Мұндай тыныс белгілері қазақ тілінде оншақты болып есептеледі. Сондықтан он радиоматериалдарда да сауатты түрде пайдалану эфер кезінде тиімділігін танытпақ.. Мәтіндерді радиодан диктор, актер, журналист жүргізушілердің дұрыс оқып, дұрыс айту нормасына себі тимек. Пауза жасауға керегінше көмектеседі

Пунктуація шартты белгі ретінде ертеден қолдана бастаған. Мәселен біді ң эрамыздың ІІ ғасырында Александыр қаласының шықан Аполлоній деген тіл зерттеуші ғалым сөздер мен сөйлемдер арасындағы байланыстарды қарастырғанда пунктуацияны да ескерген. Алайда ертедегі тыныс белгілер өте қарапайым. тіпті оны ескермеген жағдайлар да болван. Мәселен сөз, сөйлем аралықтарында көп нүктелер мен ромбик немесе дөңгелек белгілер ғана қойылып отырған. Ал кейбір халықтардың жазбаларында сөздер ешбір тыныс белгісінсіз-ақ тізбектеліп жазыла берген.

Тіл тарихын зррттеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген нүкте белгісі 15 ғасырда сұрау белгісі 16 ғасырда деп. леп белгісі 17 ғасырда, көп нүкте 18 ғасырда, сызықша 19 ғасырда қолданыла бастаған дейді.

Ал бүгінде сөз мәдениеті дамып, жазу өнері қалыптасқан жағдайда белгілерінің мән-маңызы ерекше. Бұл орайда бұқаралық апарат құралдары үлгі-өнеге көрсету тисі. Әрбір белгінің дұрыс тұру шарт. Сәйлемнің басында, ортасында, соңында келетінбелгілер бар, заңдылықтар бар. Тыныс белгілгері жазу мәденинтіне сай өркендейді. Бұл- әдебиет пен журналистикаға тікелей қатысты мәселе.

Радиода тыныс белгілері қиындық келтіретін сөйлемдер кездеседі. Мәселен төл сөздерді алайық. Мұнда көптеген тыныс белгілерін қоюға тура келеді,оның өзі оқу, айту мәнерін жеткізуде кедергілерге тап қылады.Сондықтан радиомәтінде мүмкіндігінше төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырып жіберу қолайлы. Сонымен бірге сөйлем ішінде келетін қос нүкте,нүктелі үтір,сызықша,жақша,тырнақшаларды эфирден білдіру оңай емес.Кейде ондай белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағы,пауза арқылы сездіргенмен,орайы келсе радиоматериалдарды өңдеп,жөндеп радиохабарға бейімдеп берген дұрыс.Цифрларды да радиода санмен емес,сөзбен жазған жөн. Бұл – эфирден материал оқығанда шатыстырмау үшін қажет.
Әдебиеттер


  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

8 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Баспасөз тілі мен радио тілінің айырмашылығы.
Жоспары :

1. Газет пен радионың өзінше әдіс тәсілдері.

2. Радиодағы дикторлық мәтін және мақаланың жазылу ерекшелігі.

3. баспасөз тілі мен радио тілінің ерекшелігі.


Жалпы бұқаралық апарат құралдарында тіл қолдануда өзіндік ұқсастықтармен бірге,ерекшеліктер де сақталады.Баспасөз тілі әдеби нормана сай болып келеді.Мұндағы мәтіндерде,материалдарда қатаң стиль сақталады, әдеби тіл қолданылады.Баспасөздің қысқаж анрларындахабарлау стилі болса,талдамалы жанрларда баяндау стилі,ал көркем жанрларда бейнелеу,суреттеу стилі басым.

Ал ради ода ауызекі тіл,сөйлеу стилі қолданалатындықтан,белгілі бір мөлшерде айырмашылықтар келіп шығады.Баспасөз тасқа басылатын сөз болғандықтан әрбір сөз сараланып,өңдеу,жөндеуден өткізіледі.Оны көзбен көріп оқу тән,радио тыңдауға негізделеді.Газеттегідей күрделі стиль ради ода көп кездеспейді.Көбіне тікелей эфир берілетіндіктен ауызекі сөздің сипати пайдаланылады.

Газетте шұбалаңқы сөз,қайталаулар болмауы тиіс.Мұнда штамп,трафарет,схематизмге де орын жоқ.

Ради ода газеттегідей ұзақ сөйлемдер беру жарамсыз. Ондай сөйлемдер тыңдаушының ұғымын ауырлатып,жалықтырады. Сон дай ақ хабарларда газетке қарағанда цифрларды көп қолдану тиімсіз. Газетте берілетіндей бөлшек цифрларды ради ода қолданудғак елмейді,сондықтан он дөңгелетіп жіберген дұрыс, не болмаса салыстырмалы цифрлар берген жөн. Көп сөзден тұратын күрделі құрмалас сөйлемда газетте қолданылғаны мен ради ода ол күткендегідей болмайды.

Радиомәтіндер жай сөйлемге құрылғаны лазым.Радиодағы қауіпсізділік айтуға аур тиеді..Сөз айту мәнері да ойдағыдай шықпайды. Диктордың мәтін оқуын қиындатады ,әрі тыңдаушыға түсініксіз болып шығады.

Демен апарат құралдарының ерекшелігіне сай газеттің өзіншң,радионың өзінше әдіс - тәсілдері бар.



Әдебиеттер

  1. Варашилов В.В. Журналистика М.,2003.

  2. Радиожурналистика. М.,2004.

  3. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. А.,1992.

  4. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. А.,1979.

  5. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

9 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Сөз мәдениеті және оның радиоға тән қасиеті.
Жоспары :

1. Сөздің маңызы.

2. Сөздің эстетикасы.

3. Сөздің көркемділігі.


Ұлттың тілдік қасиетінде он мәдени түрде айтылуы мен жазылуынае рекше мәе бері леді.Жалпыадамзаттық қоғамдық қатнастардаөзара түсіністік құралы ретінде тіл,сөз мәдениеті ескеріліп отырады.Бұл орайда әдеби тіл,ғылыми тіл,публіцистика тілі болсын,бәрі халық тілінің негізінен құралады. Тіпті тұрмыстық тілдік қатнастарда солай және мұның баршасы сайып келгенде бір арнаға,яғни сөз мәдениетіне келіп тіреледі.Іріктелген жарасымды сөздердің орны бөлек.Мұндайда: а) сөздің маңызы, ә) сөздің эстетикасы,, б) сөздің көркемдігі, в) сөздің ойлылығы т.б. көп рөл атқарады.

Қазір жер жүзінде 3000 – нан астам тіл бар деп. есептеледі. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелген халықаралық бірнеше тіл бар.Олар : ағылшын, француз,орыс,қытай,испан және кейінрек қабылданған араб тілдері.Сөздің мәдени табиғаты ұзақ уақытты қамтитын процесс. Ол сондай - ақ ауыз әдебиеті мен фольклордан, ертеден бергі дамып келе жатқан әдеби тіл ден,бүгінге дейінгі өсу өркендеу үстіндегіп ублицистика тілімен сөз мәдениеті де паралельні тіл де қалыптасып келеді.Сондай – ақ радио мен телевидениеде айтылатын сөздер мәдени сөздер болып саналады.

Студиядан айтылатын журналист сөзі әркез мәдени сипатымен, мағанасымен беріліп жатса абзац. Мұның өзі журналистке алкен жауапкершілік жүктейді.Мәдениетті сөз үшін классик ақын - жазушылардың арғы – бергі шығармаларыда үлгі бола алады.Шебер де, тәжірибелі журнали стер эфирден мәдени сөздердің табиғатын таныта береріне күман жоқ.Сөз мәдениеті болу үшін, адамның өз мәдениеті болу керек.Сыпайы сөз сонда ғана пайда болта.

Әдетте сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениеті қатар дамиды.

Радиожурналистің интеллектуалдық,эрудициялық қасиеті де сөз мәдениетіне бастайтын алғышарттар.
Әдебиеттер


  1. Варашилов В.В. Журналистика М.,2003.

  2. Радиожурналистика. М.,2004.

  3. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. А.,1992.

  4. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. А.,1979.

  5. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

  6. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  7. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

10 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Радиохабарларының стиль мәселелері.

Жоспары :

1. Стиль – творчествалық ерекшелікті білдіреді.

2. Ғалымдадың стиль туралы пікірі.

3. Стильдің түрлері.


Стиль – гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Ертедегі римдіктер бір ұшы сүйір,бір ұшы қалақша кішкене таяқшаны тақтаға сөз жазу үшін қолданып он стиль деп. атаған. Стиль тіл ғылымына лингвистикаға сөйенеді.,яғни тілі қолдану сипатына қарай стиль туып, қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып,өз Алдана мақсат – міндеті бар пән ретінде қарастырылады.

Тілі көркемдегіш,бейнелегіш,мәнерлі,әсерлі мән беретін құралдарын стилистика дейміз. Стиль – көркемдеп сөйлеудің,ойды айтудың мақсатына қарай әсерлі,мәнерлі жеткізудің тілдік амал тәсілдердің жиынтығы.Тілдік дыбыстардың,грамматикалық тұлғалардың,сөздердің,сөз тіркестерінің,сөйлемдердің қалыптасқан жүйесі. Стиль – творчестволық ерекшелікті білдіреді.

Әдетте сөйлеу тілінің стилі болады,және жаба тілінің стилі болады. Тись түрлері : 1. Әдеби стильү 2. Ғылыми стиль. 3. Публицистикалық стиль. 4. Ресми стиль болып бөлінеді.

Стиль туралы ғалымдар әр кезде пікірлер айтқан.Мысалы : Бюффон : „Стиль дегеніміз - адам”,дейді. Ал еретедегі ойшыл Платон болса: „Мінез қандай болс а стильде сондай” , деген.

Стиль бір ден қалыптаспаспайды. Он бастауы,даму,қалыптасуы сияқты кезеңдері болуы заңды.Стиль көбіне жазушы, журналистерде айқын көрінеді. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.

Публицистикалық стильге баспасөздің, радио телевидениенің,яғни бұқаралық апарат құралдарының тілдерін жатқызуға болады.Бірақ бұлардың өзінде стиль әрқайсысына тән белгілермен,сипатымен ерекшеленіп қолданылады.

Сон дай – ақ ұлттың тілінің өзіндік стиль өрнектері жүйеленеді.Ал алкен масштабта әдеби ағымдар мен әдістерде де стиль қалыптасады.Сонымен бірге әр жеке творчетво иесінің басқаға ұқсамайтын жеке стилі кездесуі мүмкін. Олардың өздерінің дара қолтаңбасы болады.

Қазақ тілінің қазіргі стильдік тармақтары ауызәдебиетінен басталып,әсіресе, ХІХ ғасырда қазақ баспасөзінің пайда болуына байланысты жаба түрдегі стиль дер,қоғамдық әртүрлі салалар бойынша дами бастады. Сол кезде қазақ тілінде мерзімді баспасөздің шығуы публицистикалық стильді өмірге әкелді.

Публицистиканыңстильін оның жанрларынан да көруге болады. Демен әр жанрдың өзіндік стилі бар. Мәселен почерк пен фельетонның стилі бірдей емес. Онда қолданатын сөздерде сөйлемдер де өзінше.Фельетонда сатиралық уытты сөздер мен тіл қолданылса,очеркте жағымды,ұнамды жайларға байланысты көркемсөз бен тіл қолданалыды.

Радиохабарлар стилінде сөйлеу тіліне сай екшелген,сұрыпталған ауезді,әуенді,сазды,интонациялы,мәнерлі,айшықты фразалар,сөз тіркестері пайдаланады.

Сонымен бірге фразалардың ұзын – қысқалығын байқап,сөздердің ре тімен құрастырылуы қажет.Лексиканы дұрыс пайдалану мен дұрыс бейнелеуге назар аударған жөн.Әрбір аудторияға тернинні түсінікті Турін ескеру мен фразалардың түсінуге қолайлылығы мен айтуға қолайлылығынескеру – стильді радиоға бейімдейді. Цифрларды түсіндіре білу қажет.

Радиостильге қатысы бар,көңіл күйге әсер ететін факторларқатарында айтылар сөздің көңіл – күйге әсер ететін бояуларын ,лиризді байқау керек. Сон дай – ақ,ауызша және жазбаша сөздің арақатнасын аңғару жөн. Сөз нешінші жата айтылмақ ? Монолог немесе диолог түріндегі сөздер ме ? Бұлардыфң да стильге әсер ететінін ұмытпау лазым.

Радиодағы стильдің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тағы бір сипаттарға мыналарды жатқызуға болады; хабардың түрлері қалай берілуі тиіс?

Айталық, он жүргізілу бағыты қандай ? Мысалы үгіттік мақсатта ма,түсіндірушілік мақсатта ма, баяндау мақсатында ма,нұсқау мақсатында ма,хабарлау мақсатында ма? Бұлардың да бір – біріне ұқсамайтын ішкі стиль айырмашылықтары бар.Көркем радиохабарлар мен жаңалықтар немесе соңғы хабарлар,сон дай ақ саяси хабарлар стилі де бірдей болмайды.Мұны радиожурналистер жіті ажырата білуі тиіс.


Әдебиеттер

  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

11 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Балалар мен жастар хабарлары.

Жоспары :

1.Республикалық радионың балаларға арналған алғашқы хабарлары.

2.Балалар тілінің ерекшелігі.

3.Жастарға арналған хабарлардың тіл ерекшелігі.


Өскелең ұрпақ үшін радои-жан жақты азамат болып қалыптасу универсиетті,адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі.Адионың басқа ақпарат құралдарын негізгі айырмашылығы да,пәрменділігі де балаар мен жастарға әр түрлі дыбыс құдыреті арқылы түрліше көңіл күйге түсіп:қуану мен ренжуіне,ойлануы мен толғауына,ең бастысы,жаңалық тыңдауына мүмкіндігі мол.

Ондай мүмкіндікті қазір жас шамалары әркелкі балаларымыз пайдалана алады.Мысалы.Бүкілодақтық радионың балалары мен жас өспірімдерге арналған хабарлар бас редакциясының Бас редакторы қызметін атқарған А.Меньшиков ол тұрғысында былай дейді : “Бүкілодатық радионың програмасында әлі жааза,сыза білмейтін сәбилерден бастап,орта мектепті аяқтап,өмірге қадам басқалы отырған жасөспірім қыздар мен жігіттерге де арналған хабарлар бар”.Дәл осындай хабарлар Қазақ радиосынына да беріледі.

Республикалық радионың баларға арналған алғашқы хабарларының текістісі архив қорларынан кездестіру қиын.Бірақ оның қай кезден бастап берілгендігі туралы мағлұмат берерлік деректер бар.

Бүкілодақтық радио “Таң шапғы” радиогазетінң 1934 жылдың 1 қазанында эфирге шығарса,ал Қазақ радиосы бойынша “баларға арналған хабар 1931 жылдың 15 қарашасынан бастап берілді”,-деп жазды Р.Сағымбеков өзінің “Алматыдан сөйлеп тұрмыз”деген кітабында.Бірақ осы кітаптың тағы бір жерінде бұған қайшы пікір бар.Оның “Тұңғыштар сөйлейді”деген таруында жазушы Айтпай Хангелдин: “1930 жылдардың бас кезінде Қазақстан Орталық Атару Комитеті жанындағы Өлкелік радиокомитеті Карл Маркс көшесіндегі бір кездегі музей болған үйдегі көшіп келді.Бұл кезде мен осы комиттетің прецидателі едім... 1932 жылы радио арқылы берілетін хабарлардың көбі қазақ тілінде жүргізілуі керек деген нұсқау болды.”дейтін естелік бар.Сонымен екі дерек екі түрлі мерзімді:яғни,бірі-1931 жылдың күзі десе,екіншісі-1933 жылдың көктемі дегені айтады.

Осы жерде еріксіз ойландыратын бір мәселе бар.Ол Р.Сағымбеков алғшқа мерзімді атағанда енндей дерекке,болмасы естелікке сүйеніп отырғандығын көрсетпейді.Біздің ойымызша екінші мерзім көңілге қонарлықтай.

Ендеше,Қазақ радиосының балаарға арналағн хабарларының эфирге шығуы 1933 жылдың көктемі деген мерзім дұрыс болуы керек.Бірақ бұғна дейін балаларға арналған хабарлар берілмеген деп кесіп айту да қиын.Өйткені “Радиослушатель”журанлының 1929 жылғы 15 номерінде басылған Орынбор радиостанциясының бір күндік бағдарламасында: “жарты сағаттық баларға арналған: “насекомдар мен жануарлар өмірі”деген әңгімелесу,бір сағттық “Радиопионер”газеті деп көрсетіледі.Ал осындай хабарардың Қызылорда,Ақмола радиостанцияларынан да берілу мүмкін.Өкінішке орай,микрафондық материалдардың сақталмауына байланысты оған нақты жауап беру қиыпдап тұр.Сондықтан біз “Қазақ радиосының балаларға арналағн хабары” деп тек республикалық радионы бөліп әдейі айтып отырмыз.


Әдебиеттер

  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

12 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Шығармашылық тұтастықпен ұжымдық үйлесім.

Жоспары:

1. Тікелей эфирдің дүние жүзілік деңгейі.

2. Эфирге дейінгі радиожурналистің жұмыс процесі.

3. Әуе толқынындағы тұрақтылық.


Қалың Бұқара бірден құлақ түретін радиарнадан тіл қатудың қарапайым іс-әрекеті емес екендігі белгілі.Оның да өзіне тән бағытары мен баптары,тармақтары мен талаптары бар.Тікелей эфирде өз деңгейіндегі жүзеге асыру үшін,ең алдымен,шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім қажет.

Әрине,тікелей эфир табиғатыының дүниежүзілік деңгейінде,көршілес мемлекеттерде қалыптасқан кәсіби әдіс-тәсілдері,шығармашылық сипаты,өзіндік ерекшеліктері бар.Ал біздің Қазақстан радиожурналистикасындағы тікелей эфирдің негізгі нысаны –80 жылдық тарихы бар,үнмұнараның үздік үрдістерін Алтын Қорада сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіпкеле жатқан.Қазақ радиосы мен тәуелсіз радиоарналар.Тікелей эфирдегі хабарлар көбінесе,аяқ астынан үстірт,шала-шарпы дайындықпен,қалай болса солай өтіп жатады.Өйткені,оған алдын ала сценарилік жоба жасалмайды,сөз болатын әңгіменің өзекті,түйінді тұтастары белгіленіп,жүйелі жоспарәзірленбейді.Сондықтан да хабар қызықты,тартымды бола алмайды.

Журналистиканы қайта бағдарлау тұрғысынан келгенеде журналист батыл да бейім,табан астыанн әлдені ойлап тауып,қиынан қиыстырып,қисынын тауып алатын сегіз қырлы бір сырлы әмбебап әрекет иесі болуы тиіс.Ендігі жерде,журанлист эканомикалық теорианы игеру құқығына икемделуде,себебі,ол өз материалынынң тұтынушылыға жетуіне мейлінше мүдделі.Демек,журналистің жетекші ролі бірінші кезекке шығады.Бірақ,солай бола тұрса да тікелец эфрдегі шығармашылық тұтастықты журанлисттің жалғыз өзі жүзеге асыра алмайтынаы белгілі.Ал ұжымдық үйлесім мәнісі түсіндіру үшін тікелей эфирде кімдер қызмет ететініне тоқталып өткен жөн.

Тікелей эфир қызметкерлерін басқа барлық редакция ұжымдарындағы сияқты міндетті жауапкершілік тұрғысынан басқарушы топ,атқарушы топ ретінде екігі бөлуге болады.Әдетті,қалыптасқан тәртіп бойынша бас редактор,директор,үйлестіруші редактор нұсқаушылық,ұйымдастырукшылық қызметтерді ретке келтірсе,жүргізуші журанлисттер, тілшілер, аудармашылар, музыкалық жүргізушілер, дыбыс инженерлері өз тарптарынан орындаушылық қызмет атқарады.

Жалпы радиожурналистикадағы жұмыс процесін эфирге дейінгі,эфир кезіндегі деп екіеге бөліп қарастыратын болсақ,эфирге дейінгі жұмыс процесі ұжымдық үйлесім үлесіне тимек.

Шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесімді жүзеге асырудың ең басты критерийі кадр мәселесіне келіп тіреледі.Бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет ететін басқарушы топ,я,атқарушы топ өкілдері үшін де ең алдымен журанлисттік қабылет,кәсіби білім деңгейі қажет.Ал қазіргі заман талабы тұрғысынан журанлмтика мамандығы бойынша жоғары блім міндетті түрде талап етілетіндігі өте құптарлық мәселе.

“Біз өмір сүріп отырған кезең-ақпарат ғасырында,сол ақпаратты өңдеу мен оны елге жеткізудің бар салмағы мамандарға түсетіні белгілі”.

Жалпы радиожуранлст өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу үшін эфирлік материалдарды әзірлегенде,өңдегенде эфирді жүргізгенде тілдің барлық мүмкіндіктерін белсенді түнрде пайдалануы қажет.Сонымен қатар,радиодағы журналисттік шығармашылықтың өзіне тән ерекшеліктерін меңгеру тиіс.Және де ол қоғамдағы радиожуралистиканың қоғамға ролі мен орны журналистиканың құқықтық негізгілері,радиохабар техникасын туралы мәселелерінен хабардар болуы тиіс.Тікеей эфирге шығудың өзіне тән ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін принципті негізде үйреніп,біліп алу үшін сол жылдары Қазақ радиосының Ақпарат Бас Редакциясын басқарған А.Солдатенко мен осы Редакция журанлисті б.Табылдиев Мәскеуге барып тжірибе алмаып қайтты.1987 –1988 жылдары қазақрадиосында “кері байланыс”деген термин пайда болды.Өйткені тыңдаушылардың тікелей қарым-қатынас жақсарды.Телефон арқылы реадкцияға келіп түскен ақпараттың бәрі дерлік яғни,студияның телефоны берілмейтін ,негізінен,редакция телефон ұсынылып,таңертеңгі 10,00-ден кешкі сағат 18.00-оператор арнйы кезекші болатын.

Дәл осындай тікелей эфирге қызу дайындықты Қазақ радиосының Ақпарат Бас редакциясы 1988 жылдың қараша айынан бастады.Күн сайын таңертеңгі сағат 6.00 де бір кешкі 21.00+де бір 10 минуттан небәрі екі мәрте эфирге жаңлықтар деген ұсынатын бұл ұжфмға тікелей эфир орасан зоршығармашылқ мүмкіндіктер тудырды.Бұрын сол теңіз теңеіз тамшысындай 10 минттық ақпаратты директорлар ғана оқитын.Оның ішінде небәрі 1-2 минуттық дыбыстық жазбалар,яғни журанлстер даярлаған сұхбат,репартаж жанырындағы кадырлар берілетін.Сондықтан да редакция ұжымы таспаға түсірілетін ондай айтулы оқиғаға бірінің алдын бірі кесіп өтпей,өз ретімен кезекпен баратын.Өйткені жаңалықтар легніде өзі жасаған материалды ұсыну-қа йжуранлист үшін де үлкен мәртебе.Эфирден үні естіледі.аты аталады.Ал қаншама журанлст сол кездеде эфирдің сыртында жасырын жұмыс атқарып жүретін.Ал тікелей эфирге даярлық ең алғаш Мәскеуге барып тәжірибе алмаып келегн журналисттер қазақ тілінде Қайрат Мұсақұлов,орыс тілінде Болат Жұмағалиевтің кешкі сағат 21.00-дегі микрафон алдында оқулармен басталды.Ол кезде тек жалаң жаңалықтарды оқылады да арасында дыбыстық жазба беріледі.Алғашқы кездері басында,аяғында және ауа райын оқыған кезде музыка берілетін болды.Соның бәрі алдын ала әзірленіп сценарилік мәтінге “Музыка,жүргізуші,музыка,ауа райы”деп арнайы белгі соғылатын.Сол кездегі “Соңғы хабарлар”деп аталатын ақпарат бас реадкциясының жаңалықтар желісін эфирге алып шығатын режисер Б.Түлкібаевжұмыс процесіндегі ыждахаттылық пен жауапкерілікке бірінші күнне мән берді. Қазақстан радиожурналистикасындағы ресми сипаттағы әуе толқуынатұрақты түрде берілген тікелей эфирді.Қазақ радиосыныңАқпарат бас редакциясы тұңғыш рет өмірге әелді.Екі сағаттық эфирдің арнайы “сеткаы”,кестесі әзірленді.Деректі құжат ретінде эфрлік сетканың Қазақ радиосының мұрағатында ақталған нұсқасы пайдаланды:

“8.00-8.15 Жаңалықтар(орыс және қазақ тілдерінде).

8.15-8.17 Жарнама.

8.17-8.20 Ауа райы(орыс және қазақ тілдерінде).

8.20-8.30 Музыкалық сәлем(қазақ тілінде)

8.30-8.40 Музыкальный сувинир(орыс тілінде)

8 40-8.45 Спорт жаңалықтары(қазақ тілінде).

8.45-8.50 Спротивные новости (орыс тілінде)

8.50-8.55 Ән.

8.55-9.00 Біздің тілшілеріміз хабарлады.

9.00-9.05 Шетел жаңалықтары..

9.05-9.10 Зарубежные новости.

9.10-9.15 Ән.

9.15-9.20 Газеттрге шолу.

9.20-9.25 Обзор газеты.

9.25-9.27 Ауа райы.

9.27-9.30 Жарнама

9.35-9.35 Қылмыстық істер хроникасы.

9.35-9.38 Қос тіл-қос қанаттың.

Два языка-два крыля дружбы.

9.38-9.45 Ән.

9.45-9.50 Сообщеают наши кореспонденты.

9.50-9.58 Бүгінгі күнгі бағдарламасы.

9.58-9.59 Бағдарламаның жабылуы.


Әдебиеттер

  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

13 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Жаңалықтар легі мен музыка желісі

Жоспар:


1. Радионың өзіндік артықшылығы.

2.Жаңалықтар легін жүргізетін радио журналистің міндеттері.

3. Жаңалықтар легіне қойылатын талаптар.

Дүниежүзінде дәлелдегендей, радионың өзіндік артықшылығы екі салада айқындалады. Оның бірі жедеғабыл жаңалықтар легі болса, екіншісі-музыка желісі. Тікелей эфирдегі бүкіл радиоарналар жұмысының құрылымы осы екі бағытта жүзеге асады. Демек,радиохабар үлесіне тиетін формула “жаңалықтар-музыка”болып отыр.

Қай жерден қандай айғақты алып қарасақ та,радио ақпаратты жедел тарататындығымен басқа барлқ бұқаралық ақпарат құралдарынаан ерекшеленеді.Ал музыка радионың эстетикалық сипатын татнытатын нақышы десе болғандай.

Радио сағат сайын берілетін жаңалықтар легінің нәтижесіне қалың бұқараны блоып жатқан оқиғалардан хабардар етіп,ауық-ауық уақытты айтып,ауа райы мәліметін ұсынып ақпараттандыру процесін іске асырумен қатар,адамның ең асқақ,ең нәзік,мейлінше терең жан тебіренісін бейнелеейтінмузыка мәнерімен тыңдарман психологиясына тікелей әсер ету әрекетін де жолға қояды.

Басқа барлық ақпарат құралдарымен салыстырғанда радионың қалың аудиторияны қамтитындығын жұртшылық мойындайды.Демек,ақпарат әлеміндегі радионың алатын орны айрықша.Ендеше,эфирден берілетн жаңалықтың легіне қойылатын талаптар да күшті.Өйткені,тікелей эфир жүргізушісі дұниеде не болып жатқанын жалпақ жұртқа хабарлап қана қоймайды,оны әрбір жеке тыңдаушыға түсіндіреді.

“Тікелей эфирдегі жаңалықтр легін жүргізетін радиожуранлист ең алдымен:

1)жалпы журанлситиканың құқықтық негіздерін:

2)радолжурналистиканың қоғамдағы орны мен ролін:

3) радолжурналистика шығарашылығының ерекшеліктері:

4)жедеғабыл жаңалықтар легінде берілетін материалдарды әзірлеуде тілдің барлық мүміндіктерін белсенді түрде пайдалану арқылы өзойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе блу жолдарын:

5)БАҚ қзметін ретке келтірген заңдарды білу және басшылыққа алу керек екенін білуге міндетті.

Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журанлисттің даярлығының күштілігіне,дайындығының мықтылығыына қарамастан,процесс кезіндегі күллі іс-әректін,аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп,мөлшерлеп-межелеп алдын ала анықтап алуы мүмкін емес.Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет.Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеугі болар еді:

1.Сөз бостаныдығын илену.

2.Мемлекеттік мүддені ұстану.

3.Құқық нагіздеріне сүйену.

4.Шығармашылық еркіндікті пайдалану.

5.Кәсіби шеберліктен аспау.

6.Жауапкершілік шегінен аспау.

7.Заң аясына бағыну.

Тікелей эфирдегі жаңалықтар легі іріктеп,өңделі,беттеліп әзірленеді.Соның өзінде оны әуе толқыны арқылы тыңдарманға ұсынуда тағы да көптеген қисындарға мән беріп,назар аударуға тура келді.Себебі,И.А.Андроников айтқандай, “Жазу деген сөз қағазының көмегімен сөйлеу деген сөз емес,ал сөлеу дегеніміз-жазылған нәрсені дауыстап айту ғана емес.Бұлар-сөздің терең мағынасында бір бірінен алшақ тұратын процестер”.Негізінде,радиожурналист өзінің көз үшін емес,құлақ үшін жазыпотырғаныын ұмытпауы тиіс.Ендеше,тікелей эфирдегі жаңалықтар легін қойылатын талаптарға тоқталсақ:

1.Дәлдік.Әрбр фактініі,датаны,адамдардың аты-жөніін,қызметтерінің атауын міндетті тұрде тексеріп,анық қанығына көз жеткізу қажет.

2.Ізеттілік.Мазмұнның қысқалығы,әрі түсініктілігі тыңдарманның күрделі материалды қабылдау мүмкіндігіне шек келтірмеуі керек.Сондықтан да,кез келоген ақпаратты ұсынғанда аудиториға құрметпен тіл қату-кәсіби парыз.

3.Хабарламалық.Жаңалыққа талдау жасалмайды.Онда тек не,қайда,қашан,не себепті,кімдер қатысқаны,неліктен болғаны қысқа-нұүсқа,нақты хабарлануы тиіс.

4.Сезімталдық.Тікелей эфирдегі ақпараттар ағыны аясында қандай да бір жағдайлар болмасын тыңдаранмен арадағы тепе-теңдікті сақтау қажет.

5.Мәнерлелік.Дұрыс қойылған дауыс ырғағының ақталуын,артық денің,қажетсіз дыбыстың естілмеуі қамтамасыз ету.

6.Алдын ала кесіп-пішпеу.Сыни пікір айтқанда жауап беруге құқылы адамдардың мейлінше анық айту және сол мәселеге қатысты барлық көзқкркасты толығымен қамту-шарт.

7.Айтылудағы анықтық.Жаңалықтар легіндегі сөздер тікелей эфирге шықпас бұрын екпін сөздігі арқылы бір ерт екшелуі қажет.Өйткені,жүргізуші-журанлисттер әсіресе,шетел сөздерін қалай айтылғанын біліп ауға міндеттенеді.

8.Түзете білушілік.Егер аяқ астынан жеңіл айта слған ізінше кешірм сұрап жаңалықтарды қайтадан байсалды кейіпте жүрдек оқи беру керек.Кейде қатені түзету тыңдарманның назарын қосымша аударып,оның ызуғышылығын арттырадыү

Тікелей эфир-радиодағы хабар тарату тәсілі ғана емес,ол күрделі кәсіби шығармашылық процесс.Радиожурналист дыбысталатын сөзбен оқиғаны баяндайды,құблысты сипаттайды,мәселенің мәнін түсіндіреді.Олай болса,кәсіби шеберлік құпиясын меңгеруді ең алдымен,жаңалықтарды жаза білуден бастаған фөн. “Шамамен,ықшамдалған жаңалықтарды жазудың мынадай формуласын белгілеп алуға болад:

1.не болды?

2.ол қайда өтті?

3.ол қашан өтті.?

4.бұл қиғаға кімдер қатысты?

5.оқиға қалай өтті?

6.ол неліктен болды?

7.болған оқиғаның мәнісі неде?

Қазіргі заманғы радиожурналистикада форат деген ұғым бар. “Формат-белгілі бір мақсаттық аудиторияның”таламын қанағаттандыруға бағытталған музыкалық радиохабарламалардың стилі.Радиодағы музыкалық бағдарламаларды форматтау 1950 жылдары АҚШ-та басталған.Мақсаттық аудиторияны анықтайтын басты белгілер:

1.жас мөлшері.

2.музыка стилі

3.диджейдің эфирді жүргізу мәнері.

4.джинглдар.

5музыкалық материалды беру пішіне,топтастыру тәсілі,ықшамдау әдісі”.


Әдебиеттер

  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

14 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Тіл мәдениеті және тыңдарман талғамы.

1. Жүргізушінің міндеті.

2. тыңдарманды баурап алудың әдіс тәсілдері.

3. Сөйлеу тілінің әдеби нормасы.

Басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда әуе толқынын берілетін хабардың адамзаттың сана сезіміне әсер ету деңгейі әлдеқайда күшті.Өйткенірапдионың зегі-сөз,тетігі-техника,ұралы-дыбыс.Радиодағы сөйлеушінің аузынан шыққан әр бір сөз аудиторияның назарына,яғни тыңдарманның құлағына ілігуі тиіс.Соның нәтижесінде тыңдаушының құлағына ілігуі тиіс.Радионың құдыреті құйқылжыған әуенмен көмкерілген сардар сөз болса,оны құйын соғып өйткені шашыратып, шаптамай қздың жиған жүгіндей етіп әуе толқыны арқылы тыңдарманағ тарту ету үлкен қабылеттілікті,саналы дайындықты тыңдарманға тарту ету үлкен қабылеттілікті,саналы дайындқ пен толағай тәжірибені қажет етеді.

Тыңдаушыны елеңеткізіп,радиоға көңіл бұрғызғаннан соң,жүргізушінің ендігі міндеті-оларды жоғалтып алмау.Ол үшін не істеу керек.Қандай да болмасын бір істі тап тұйнақтай етіп,құйрық –жалын күзеген жарау атша жұтынжырып қою үшін алда тұрған бөгеттерді бұзып-жармай-ақ бабымен бағындырып алатын айла,амалдар керек.Тікелей эфир тілінің тыңдарманның жан-дүниесін баурап,кәдімгідей ұйытып алатын өзіне тән әдс-тәсілдері бар:



  1. Үннің маңыздылығы. Тарғылданып,қатқылдау естілетін,шашырып,тістің арасынан ызыңдап немесе ызылдап шығатын дауысты ұзақ уақыт тыңдап отыруға ешкімнің зауқы соға қоймас.Сондықтан да радиода,длірек айтсақ,арқалаған жүгі ауыр тікелей эфирде үннің маңызы зор.Ашық,күмбірлеп тұрған немесе қоңыр,тұнық үнді жүргіушінің әр сөзі тыңдарманның құлағына майдай жағып,еліктіріп,елтіп әкетері сөзсіз.

  2. Дауыс ырғағы. ҚҰлағы бұралмаған домбырадай ырғақтан жаңылып сөйлеу де ,біріншіден,жағымсыз естілсе,екіншіден,мағынаға нұқсан келтірді.Әрбір сөздің ғана емес,сз тіркестерінің маынасы мен олардың сөйлеп тұрған сәттегі орнын жаңылыспай айту,табу білімділікті,ұқыптылықты талап етеді.

  3. Көңіл-күй.Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды меңгерудің мңызы зор.Мейлі сен ашулан,не ауырыңқырап тұрсаң да,әуе толқыныныда хабар жүргізіп отырғаныңда соның барлығын ұмытып,тыңдарманыңды тақырыпқа тартып,қалыпты жағадйдағы көңіл-күймен сөйлеу білу керек.Тікелей эфир жүргіушісіне үлкен салмақтылық пен орнықтылық та қажет.Өйткені,тыңдарманмен байланыс кезінде кенеттен айтылған күлкінлі нәрсе,қатты айтылған қағытпа сөз-бәрі-бәрі,адам болған соң жүргіушінің шамына тиері анық.

  4. Тілдің тартымдылығы.Тыңдарманның биік талғамы таразға салып,салмақтайтын,жанына жақын қабылданып,ойына сәуле түсірсе,кәмел сендіретін тікелей эфирдің тағы бір қисынды қаруы шешен тіл болса,оның тігісін жатқызып тартымды қылып жеткізу үлкен өнер.

Дауыстағы толқу,діріл,яғни,интонация көп мағына бере алады.Демек, “интонация сөзге рең береді,ал сөздің дұрыс құрылуы интонацияның мүмкігдіктеріне жол ашады”.Сондықтан да, интонацияның,яғни,дауыс ырғағының акустикалық компаненттернің тоқталып өтсек:

1.Тон(грек тіліенн аударғанда,керену деген мағынаны береді).Дауыстың дыбысталу қарқындылығы,оның керенуіне байланысты,яғни,жоғары,төмен,зор,бәсең,орташа дауыс.Адамның өмірдегі тұрмыс жағдайын,психикалық ахуалын,ізетін оның қандай тонмен сөйлегенінне қарап аңғаруғаа болады.

2.Қарқын(темп-латын тіліенн аударғанда уақыт деген мағынаны береді).Сөйлеу тіліндегі тілдік элементтердің айтылу жылдамдығын айқындайды.

3.Тембр-дауыстың акустикалық бояуы,оның нақышы.Дауыстембіріне қарай алуан түрге бөлінеді.Мысалы,баритон,тенор,сопрано,т.с.с.

4.Пауза((латын тілінен аударғанда,бұл кдіріс,үзіліс деген мағынаны береді) .Сөйлеу тіліндегі кдіріс,яғни,үн,үзіліс,уақытша үнсіздік.Ал сол үнсіздіктің өзі бейнелі,әрі мағыналы болып келеді.

Статистикалық дерек көздеріне қарағанда,бүгінге Қазақ радиосын бір мезгілде 6 милиондай адам тыңдайды екен.Тіл мәдениетінің алтын діңгегі ұлттық идеологияда жатыр.

Қорыта айтқанда,радионың тілі сөйлеу тілінің әдеби нормасын,дыбысталатын сөздің сипатын танытатын тіл мәдениетінің үздік үлгісіне айналуы тиіс.Сондықтан да,жүргізуші-журанлист шектеулі межісіз бар қор,терминалаогия,орфография,орфаэпия ережелері мен граматикалық фонетикалық заңдылықтарды сақтап,жанырлық-стилистикалық,психолингвистикалық,жеке-дара стилдік тұрғыдан тіл қатуға міндетті.
Әдебиеттер


  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

15 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Кәсіби шеберлікті шыңдау әдістері.

Жоспары:

1. Тікелей эфирдегі журналистің кәсіби деңгейі.

2. Кәсіби шеберлік.

3. Іс әрекетті жүзеге асыру жолдары.

Тікелей эфирдегі хабарлардың кәсіби деңгейі.оны бағалау барысындағы қазақ тілі әуе толқынына кері әсерін тигізіп отырған нгақты факторларды,оны реттеу жолдарын алдыңғы тарақтар сөз еттік.Әрине,ұлттық радиожуранлистика Қазақстан эфирінедегі өзіне лайықты кеңістігін иеленгенде ғана көсегесі көтеретіні де,ондағы ақпарат,саясат,жарнама,насихат және музыкалық салалар бойынша да нақты айқындалатын болады.

Кәсіби шеберлік дегніміздің өзі не.Оған кәсіп иесіне тән қанадй крийтерилерді жатқызуға болады.

Кәсіп-еңбек қызметінің негізгі бір саласы.Ал шеберлік-белгілі бір кәсіп бойынша өз сін жетік меңгеу,сол салада терең ізденіп,өзін жан жақты дамыту арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға көтерілу,биік белестен көріну.

Әлбетте,қазақ радоижуранлистикасыныың алтын діңгегі қасиетті қара шаңырақ-Қазақ радиосында өз ісінің үздігі атанған әйгілі директор Ә.Байжанбаев сынды майталман маандардың болғаны белгілі.Ал қазіргі радиожуранлистикада эфирдегідикторлық оқуды журанлисттік жүргізу алмастырды.

Мемлекет саясатымен ұлттық идеология екеуі-егіз ұғым.Жүргізуші өз мемлеетінің азаматы,өз ұлтының өкілі,оның журанлистік көз қарасынан отаншылдық рух,ұлттық намысы айқын аңғарылып тұруы-шарт.Мұның өзі тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің бір тетігін тілден көрініс табады. “Мемелкеттік тілді блу,оның дамуына үлес қосу-сол мемекеттің тұратын кез келегн азаматтың қасиетті парызы”.Ал эфирдегі шығып сөз бостандығын иеленіп,қалың бұқараға үн қататын төртінші билік иелерінің тікелей міндеті-мемлекеттік мүдде мен ұлттқ идеологияның ұштастыра отрып,тіл сясатын жүргізу. “Идеология-күшті қару.Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып жібереді.Тәуелсіз Қазақстанның журанлистикасы мемлектке,ұлттық зияны тиетін әңгімелерді кейде білместікпен,кейде біле тұра қиямпұрыстықпен айтады.

Микрафон алдында отырып,қиынан қыстырып әңгімені сабақтап әкететін радиожуранлисттің ұшқыр ой,ұтқыр сөзі-оның кәсіби шеберлігінің биік өлшемі ғана емес,тәжірибенің айнасы. “Кәсіби шеберлік дегеніміз-тынымсыз ізденіс”


Іс әрекетті жүзеге асыру жолдары



Іс-әрекет нысандары

Иегерлік сауалдар

Іс-әрекет мазмұны

1

Мақсат(миссия)

Мен не үшін эфирдемін?

Тыңдарман талабы-Мемлекет саясаты

2

Өзіндік сипаттама

Мен- кіммін?

Образ-Имидж-Қолтаңба

3

Тіртіп

Мен неге бағынамын?

Ереже-Норма-Заң-Дәстүр

4

Қабылет

Менің қолымнан не келеді?

Идея-Жоспар-Жоба-Сценарийлік нұсқа

5

Қоршаған орта

Айналамда кімдер бар?Қолымда нелер бар?

Әріптестер-мүмкіндіктер-құралдар-тәсілдер

6

Аудитория

Мен оны қалай игеремін?

Зерттеу-Рейтинг

7

Сенім

Мен сенетін не бар?

Құндылықтар

8

Уақыт

Мен оны қалай есептеймін?

Болжам-Мөлшер

9

Нәтиже

Мен оны қайтып шығарамын?

Ізденіс-талпыныс-жатығу

10

Өзіндік дәлелдеме

Мен оған қалай жетемін?

Бәсеке-жеңіс-Табыс

11

Этика-Әдеп

Мен оны қалай сақтаймын?

Талғам-Мәдениет-Білім

Кәдімгідей көңіл бөліп,зер салған адамға іс-әрекет нысандары мағынасы белгілі нақты ұғымдар.

Іс-әрекет мазмұны кестесіндегі барлық ұғымдарды өз дәрежесінде игеріп,кәдеге асыра білген журанлист өзін эфир қожасы ретінде сезініп “Көре-көре көсем болсаң,сөйлей-сөйлей шешен боласың”дегендей,шебер жүргізушіге айналады да өзін өзі бәсекедегі жеңісімен,тікелей эфирдегі табысымен дәлелдеп шығады.

Тәуелсіз радиоарналардағы жаңалықтарды оқып,қазақша ән берер алдында бірауыз лебіз білдірумен шектелетін қазақ тілді кеңістікті қалыптастыру үшін өздеінің керектігін дәлелдеу туралы ойлана ма екен.?Әлде оларға қазақ тіліндегі жаңа бағдарламалардың жобасын жоғары жақтан әзрілеп әкеліп беуі керек пе.?Қазіргі 50-50 мәселесіөткір қойылып тұрған шақта белсенділік танытып,бел шешіп кіріспеу олардың тарапынан немқұрайдылықпен тең.Демек,радиожуранлистиканың ертеңгі адамгершілігі жоғары азаматтық позициясы айқын,бойында ұлттық намысы бар білімді де білікті,өз кәсібін жетік меңгерген,техниканың тілін білетін болашақ мамандардың қолында.


Әдебиеттер

  1. Машкова Г.Г. Основы радиотехники. М.,1992.

  2. Справочник по радиовещанию. М.,1981.

  3. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучения. М., 1994.

  4. Тхагушев Г.Н. Основы радиовещания. М.,1994.

  5. Зарва М.В. Пройзношение в радио и телевизионной речи. М.,1976.

  6. Омефиренко П.П. Техника и технология РВ. М.,2000.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті


0
“Филология - тарих” факультеті


“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы
“Аудиотехника жєне радиохабарлар дайндау технологиясы” пәні бойынша 050504 мамндығының студенттері үшін


Каталог: CDO -> 2007-2008
2007-2008 -> 1 Мемлекеттің бақсару нысаны қандай
2007-2008 -> Білім және ғылым министрлігі
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
2007-2008 -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет