ОҚу курсының каталогы 050205 Филология: өзбек тілі



жүктеу 1.96 Mb.
бет3/13
Дата03.04.2016
өлшемі1.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының



5

1

Пәннің аталуы

Қазіргі өзбек тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы







Қысқартылған атауы

КОТОО 3311







Оқу іс-шаралары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ







Семестр

3







Оқытушының Т.А.Ә.

Абатаева Г.







Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы







Жұмыс тілі

өзбек







Оқу жоспарымен сәйкестігі

КП таңдау







Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық 30, ОСӨЖ30, СӨЖ30







Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90







Кредиттер/ сынақ бірліктері

2







Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазіргі өзбек тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы




2

Білім беру мақсаттары

Студенттердің сөздік қорын байыту, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркесі мен сөйлем қолданыстарын меңгертумен қатар, сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру. Студенттердің тілін дамыту мәселесі курстың барлық саласымен байланысты үздіксіз жүргізіліп отырады. Проблемалық оқыту әдістері негізінде студенттерде шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.

  • Әр студенттен белсенділікті талап ету.

  • Үйге берілген тапсырмаларды: жаттығу жұмыстары конспектілерінің дер кезінде орындалуын талап ету.

  • Талдаудың барлық түрін меңгерулерін бақылау.

Қазақ тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады. Фонетика саласында - дыбыс, буын, үндестік заңы т.б. салаларын толық қамтып, лексика саласында – этимология, семасиология, ономасиология, фразеология т.б. мәселелерді қамтиды.Грамматика саласында – морфология жіне ситаксис тақырыптарын қарастырып, талдау жұмыстарын практика жүзінде іске асырылуы тиіс.





3

Мазмұны

Практикалық сабақ: Студенттермен осы бағытта сөздіктер пайдаланатындай практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Лексика саласы бойынша студенттің тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және ауыспалы мағыналары, көп мағыналық, омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркестер сияқты тақырыптар алынған.

Грамматиканың морфология бөлімінде әр сөз табының грамматикалық категорияларымен қатар олардың мағынасы, қызметі, тұлғалық ерекшеліктері айтылып, сөзжасам мәселесі әр сөз табы құрамында беріледі.

Синтаксис саласы бойынша сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөз тіркесі, сөз тіркесінің құрылысы мен түрлері, мәселелері және жай сөйлем, құрмалас сөйлем мәселелері жан-жақты қамтылған. Қорыта айтсақ, студенттерді тілдік нормаларды сақтап сауатты жаза білуге, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру болып табылады.












Пән бойынша барлық материалдарды толық меңгеру

мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау



Емтихан, бақылау тапсырмалары



5

1

Пәннің аталуы

Өзбек тілінің пунктуация жүйесі







Қысқартылған атауы

КОТОО 3311







Оқу іс-шаралары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ







Семестр

3







Оқытушының Т.А.Ә.

Абатаева Г.







Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы







Жұмыс тілі

өзбек







Оқу жоспарымен сәйкестігі

КП таңдау







Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық 30, ОСӨЖ30, СӨЖ30







Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90







Кредиттер/ сынақ бірліктері

2







Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Өзбек тілінің пунктуация жүйесі




2

Білім беру мақсаттары

Өзбек тілінің пунктуация жүйесін толық білу мақсатында жүргізіледі. Курс бүгінгі күні қолданылып жүрген ана тіліміздің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін ғылыми теориялық негізде тануды міндет етеді. Студенттер сонымен қатар оқу процесінде қазіргі заманғы лингвистиканың өзекті (актуальды) мәселелерінен де хабардар болуы тиіс.




3

Мазмұны

Практикалық сабақ: Орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды толық өту. Фонетикамен дыбыс жүйесі, орфоэпиялық қателерді жібермеу; лексикалогия – сөз, сөздік қор, сөздердің мағыналық реңктерін ажырату, сөзді дұрыс таңдай білу; грамматика сөздің құрамы, сөз тіркесі, сөйлемді тілдік единицалардыжазу,сөйлеу барысында дұрыс қолдана білу.




5

1

Пәннің аталуы

Өзбек тіліндегі жаңа қолданыстар







Қысқартылған атауы

КОТОО 3311







Оқу іс-шаралары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ







Семестр

3







Оқытушының Т.А.Ә.

Абатаева Г.







Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы







Жұмыс тілі

өзбек







Оқу жоспарымен сәйкестігі

КП таңдау







Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық 30, ОСӨЖ30, СӨЖ30







Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90







Кредиттер/ сынақ бірліктері

2







Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Өзбек тіліндегі жаңа қолданыстар




2

Білім беру мақсаттары

Өзбек тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады. Фонетика саласында - дыбыс, буын, үндестік заңы т.б. салаларын толық қамтып, лексика саласында – этимология, семасиология, ономасиология, фразеология т.б. мәселелерді қамтиды. Грамматика саласында – морфология жіне ситаксис тақырыптарын қарастырып, талдау жұмыстарын практика жүзінде іске асырылуы тиіс.




3

Мазмұны

Практикалық сабақ: Фонетика, орфография, орфоэпия. өзбек тілінің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы жалпы мағлұмат. Алфавит, оның құрамы. Алфавит тәртібін білудің практикалық кажеттілігі. Өзбек тіліндегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып жіктелуі туралы түсінік. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып жіктелуі. Дауысты дыбыстар, олардың емлесі. Дауыссыз дыбыстар. Лексика. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары, олардың стильдік ерекшеліктері. Сөздің көп мағыналығы және омоним. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің рөлі, Көркем шығармада омоним мен көп мағыналы сөздердің қолданылу әдісі. Омограф, омофондар жайында түсінік. Синоним, оның ойды көріктендірудегі ролі. Синонимдік қатарлар, олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, кос сөз түрінде қолданылуы. Синонимдердің белгілі бір контексте бірінің орнына бірі ешбір өзгеріссіз қолданыла беруі мен сөз талғап қолданылатындығы. Антоним, оның коркем шығармада қолданылудағы ерекшеліктері. Мақал мен мәтелдер, афоризмдер. Тұрақты сөз тіркестерінің стильге қатысы. Морфология. Сөз құрамы. Сөздің түбір мен қосымшадан тұратыны. Қосымшалардың түрлері. Жалғау, жалғаудың түрлері (көптік, септік, тәуелдік, жіктік), әр жалғаудың мағынасы, жалғаулардың сөзде алатын орны, жалғанатын сөз таптары, ондағы ерекшеліктері. Жұрнақ, жұрнақтың түрлері. Олардың сөз таптарына қатысы, сөзде алатын орны, атқаратын қызметі, жұрнақтардың құрамы. Жұрнақтардың мағыналары және колданылу ерекшеліктері. Жұрнақтардың ішінде дыбысталуы (айтылуы) мен таңбалануы (жазылуы) бірдей болғанымен, негізгі мағыналары да, туынды мағыналары да бір бірімен байланыспайтын жұрнақтардың бар екендігі. Яғни, омоним жұрнақтардың қолданылу ерекшеліктері. Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Синтаксис грамматиканың бір саласы. Синтаксистің негізгі обьектілері. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері. Сөздердің қиыса, матаса, меңгеріле, қабыса және жанаса байланыстатындығы Сөздердің жалғау арқылы, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы бір-бірімен тіркесу кабілеттілігі. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді және етістікті сөз тіркестерінің ерекшеліктері. Сөз тіркесінің құрылысы. Олардың тұрақты тіркестер мен күрделі сөздерден негізгі айырмашылықтары










Пән бойынша барлық материалдарды толық меңгеру

мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау

Емтихан, бақылау тапсырмалары




1 курс

2 семестр


Пән атауы

Қазақстан тарихы

Қысқартылған атауы

ҚТ

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

І Семестр 050726, 050733, 050727, 050728

Оқытушының аты-жөні

Шакаева Мариям Жаңбырбайқызы

Доцент/ оқытушы

аға оқытушы

Жұмыс тілі

орысша

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-30, практика-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбеккөлемі

135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы

Білім беру мақсаты:

Курстың мақсаты: Халықтық тарихи сананың қайта жаңғыруының негізгі болып табылатын еліміздің өткен тарихын кеңестік идеологиялық қасаңнан арылта отырып шындық тұрғысынан зерттеу және оқып-үйрену.

Курстың міндеттері: Болашақ мамандарды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу. Тарихи білім жас ұрпақты халқымыздың тарихы мен мәдениетінің бастауларымен сусындата отырып, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Бұл курсты оқыту барысында студенттерге нақтылы тарихи материалдарға методикалық талдауды игеруге және тарихи процестердің объективті заңдылығын ашуға көмектесу.«Қазақстан тарихы» пәнінде болып жатқан коннцептуалды өзгерістер және оның маңызын түсіндіру. Деректік материалдармен жұмыс жасау әдісін үйрету. Тарихи сананы қалыптастыру.Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру.

Курстың құрылымы: Қазақстан тарихын оқу нәтижесінде студенттер меңгеруге тиісті материалдар: қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері; Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер; қазақ хандығының құрылуы; қазақ хандығының әлеуметтік-саяси тарихы; Қазақстан Ресей империясының құрамында; Қазақстан азаматтық қарсыласық жылдарында; Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан; тәуелсіз Қазақстанның көп векторлық сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен бағыттары.



Мазмұны

Лекциялар: «Қазақстан тарихына» кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.

Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит (ерте тас ғасыры). Мезолит (орта тас ғасыры). Неолит (жаңа тас ғасыры). Энолит (мыстытас ғасыры). Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII-IХ ғғ.). Ерте мемлекеттік құрылымдар.Сақтар (Б.з.б. VII-III ғғ.). Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. ІІ- б.з.V ғ.ғ.). Ғұндар. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-Х ғғ.). Түрік қағанаты (552-603 жж.). Түркеш қағанаты (704-756 жж.). Қарлұқ мемлекеті (776-940 жж.). Оғыздар. Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Қимақ қағанаты (ІХғ. соңы -ХІғ. басы). VІ-Х ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы - XIII ғғ.).Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарақытай (1128-1213 жж.).

Найман мен кереит ұлыстары (ХПғ. басы - ХІПғ.). Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1224). XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен медениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХШ ғ.) Алтын Орда (1243 - XV ғ. ортасы). ХIV-ХVғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басы). Кешпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468жж.) Ноғай ордасы (Манғыт үйі) - XIV ғ. соңы - XV ғ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы - XVI ғ.). Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері ХV-ХVIII ғғ. Қазақ хандығы Қазақстанның XIV ғасырмен XVIII ғғ. бас кезіндегі мәдениеті.

Жаңа замандағы Қазақстан (ХVIII-ХХғғ.).Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы

Қазақстан мәдениеті. (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) .

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.). халық трагедиясы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз). Қазақстандағы ЖЭС Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы.

Қоғамдық-саяси ситуация. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.). Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысында Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД). Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Экономикалық даму. Қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты.

Практикалық сабақ: Қазақстан тарихына кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қола дәуірі және ерте көшпенділер. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Қазақстан орта ғасырларда. Қазақстанның ҮІ - ХІІ ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері. Қазіргі замандағы Қазақстан. Қазақстан өміріндегі социализм. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан территориясында мемлекеттік эволюция. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік өркендеуі. Қазақстан Республикасының суверенитеттік-этаптық даму. Қазіргі Қазақстанның негізгі даму ерекшеліктері. Қазақстанның ішкі экономикалық және ішкі саяси инициативасы және байланысы. Қазақстанның қазіргі этаптағы ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері.


Оқу процесінің нәтижесі

Қолдағы ақпараттармен салыстыра отырып өз халқының тарихында болған оқиғаларға анализ жасай білу, басты бағыттарды жіктеп, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, тарихтың барлық кезеңдері Қазақстанның өзге мемлекеттердің сыртқы саясатында алатын орны және өзара қалыптасып отырған қатынастары.

Тарихи білімін шығармашылық түрде қолдана білу, құндылықтары мен сенімін, гуманизмін көрсете білу, қазақ халқының және біздің республикада өмір сүретін барлық халықтардың тарихи мұраларын құрметтеу.





Пәннің атауы

Шетел тілдері

Қысқартылған атауы

Sht 1103

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1,2

Оқытушының Т.А.Ә.



Доцент / оқытушы:

Кафедра

Жұмыс тілі

Шетел тілі / казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖБП мндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 45, ӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135/135

Кредиттер / сынақ бірліктері

3/3

Модуль аясындағы оқытуға қабылдау жағдайлары

-

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жоғары оқу орнында белгіленген бағытта жалпы білім беретін блоктың пәні ретіде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты шетел тілін ауызекі және тұрмыстық тіл ретінде меңгеру және шетел тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдану үшін мамандық тілі ретінде меңгеру болып табылады.

Мазмұны

Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық хабардарлығы бойынша (2001 ж.) шетел тілін оқып-білудің бастапқы және жетілген деңгейлерін игеру (А1, А2 және В1). Сөйлеу қызметінің басты түрлері мен формаларын игеру үшін фонетикалық және лексика-грамматикалық минимумдарын меңгеру. Фонетика: әріп және әріп тіркесін оқу мен айтудың негізгі ережелері. Тілдің орфоэпиялық нормалары. Сөйлеудің интонациялық-ырғақтығы бейнесі. Орфографиялық: тілдің дыбыс-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасамдық моделдер; базалық тілдің 3500 бірлік көлеміндегі лексикалық минимумы, сонымен қатар мамандық саласына сәйкес терминдер; қолданылу саласы бойынша лексиканың дифференциациясы. Грамматика: базалық тілдің негізгі грамматикалық жәнен мамандыққа жақын тілдің неғұрлым жиі кездесетін құбылыстары.

Сөйлеу қызметінің түрлері мен формалары.

Оқу. А 1. Таныс есімдерді, сөздерді, сондай-ақ жай сөйлемдерді хабарландырудан, каталогтан, плакаттардан түсіну.

А 2. Күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым мәтіндер: жарнамалар, проспектілер, мәзірлер, кестелерден қысқа және жеңіл мәтіндерді, айтып бере алатын нақты мәліметтерді таба білу. Өзіндік жеке сипаттағы қарапайым жазбаны түсіну.

В 1. Жиі кездесетін сөздері мен конструкциялары бар күнделікті және кіші кәсіптік саладағы мәтіндерді түсіну. Өзіндік жеке сипаттығы жазбадан оқиға, сезім, ниет қалыбын түсіну.

Аудиториялау. А 1. Адамға, оның отбасына, тікелей қоршаған ортаға қатысты таныс сөздер мен жиі қолданыстағы мағынаны түсіну.

А 2. Адам мен оны қоршаған ортаға қатысты (мысалы, отбасы, сатып алу, жақын араласатын орта, жұмыс) жиі пайдаланылатын сөздер мен мағыналарды түсіну. Жалпы сипаттығы қысқа анонс пен жеңіл хабарларды түсіну.

В 1. Тұрмыстық тақырыптағы (жұмыс, оқу, демалыс және т.б.) түсінікті және әдеби нормаларды сақтап құрастырылған мағыналарды түсіну. Егер сөйлеу анық және баяу болса, радио және телехабардың, сондай-ақ өзіндік жекеге немесе кәсіптік қызығушылыққа қатысты бағдарламалардың көпшілігін түсіну.

Айту, Монолог. А 1. Тұрып жатқан жері мен таныстары туралы мәліметті жеңіл сөйлемдермен айтып беру.

А 2. Өзінің отбасы, өмірі оқуы, жұмысы және әр түрлі адамдар туралы айта білу.

В 1. Күрделі емес сөйлемдерді пайдалана, отырып өзінің көзқарастарын қысқаша баяндау және дәлелдей білу; өз пікірін айта от ырып, кітаптар мен фильмдердің мазмұнын бере білу.

Сұхбат. А. 1 Егер әнгімелесуші сіздің өтінішіңіз бойынша өз сөздерін ақырындап қайталап немесе өзінің ойын қайта түсіндіріп берсе, онда сұхбатқа қатысу. Қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға оқып жатқан тақырып шеңберінде жауап беру.

А 2. Белгілі бір тақырып немесе қызмет түрі шеңберінде тікелей ақпарат айырбасын талап ететін жай және күнделікті жағдайларда сөйлесе білу.

В 1. Оқып жүрген тілге қатысты мемлекеттердің біріне сапар шеккен кезде пайда болуы мүмкін қарапайым жағдайлардың көпшілігінде сөйлесе білу. Әр түрлі тақырыптағы сұхбаттарға дайындықсыз – ақ қатыса білу (мысалы, отбасы , бос уақыт, жұмыс, саяхат, т.б.).

Хат. А 1. Қарапайым сәлемдемелерді жаза (мысалы, құттықтау), бланкті толтыра және қонақ үйге тіркеле білу.

А 2. Қарапайым қысқа сәлемдемелер мен хабарламаларды, сонымен бірге жеке хаттарды жаза білу (мысалы, бір нәрсе үшін алғыс білдіру).

В 1. Таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға жеңіл байланыстырылған мәтінді, сонымен бірге толғаныс пен әсерлері туралы жеке хаттарды жаза білу.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Емтихан


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет