ОҚу курсының каталогы мамандығы 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 2.78 Mb.
бет5/15
Дата24.04.2016
өлшемі2.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


4 семестр

Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

FiI2102

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Шалдарбекова А.Б.

Доцент/оқытушы

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.

Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.




Пәннің аталуы

Экология және тұрақты даму

Қысқартылған атауы

ЕTD 2102

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Тастанов Е.А.

Доцент/оқытушы

б.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі




Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практикалық-15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Жаратылыстану негіздері. Экологиялық білім негіздері

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Экологияның мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның орны және атқаратын ролі. Аутэкология: экологиялық факторлар. Оптимум және минимум аймақтары. Демэкология: популяция сипаттамалары, флуктуациялар және популяция санының реттелуі. Синэкология: қауымдастық ішіндегі әсерлесулердің түрлері, қауымдастықтың трофикалық құрылымы және экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің флуктуациялары: энергия алмасуы және заттар айналымы, экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы, экологиялық сукцессиялар. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Құрлықтық және сулық экожүйелердің типтері. Биосфера және ноосфера туралы ілім. Биосфераның тірі заты және оның функциялары. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану. Табиғатты қорғау және қазіргі заманның экологиялық проблемалары. Экологиялық даму проблемалары.

Мазмұны

Дәрістер: Организм жəне оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар жəне олардың классификациясы. Стенобиоттық жəне эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мəні. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық жəне жыныстық құрамы. Популяция тығыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Экологиялық қуыс: потенциалдық жəне іске асырылған экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия ағыны жəне химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші жəне екінші бастамалары. Линдеманның энергия тасымалының 1% жəне 10% ережелері. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы). Экожүйелердің біртұтастығы жəне тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И.Вернадский биосфера жəне ноосфера туралы ілімі. Адамның экожүйедегі орны. Биосферадағы заттар айналымы.

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, əлемдік деңгейлер. Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера жəне атмосфера ресурстары. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты жəне қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркəсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері жəне сабақтары. Туылым мөлшеріне əсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау əдістері. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен əдістері. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі.

Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері.

Практикалық сабақтар: Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Негізігі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары. Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру. Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы ролі. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері жəне қызмет атқару принциптері. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар. Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары.

Қоршаған ортаның сапасы жəне тұрғындардың денсаулығы. “Үшінші əлем” проблемалары. Мешеуліктен құтылу -тұрақты дамудың өзекті мəселесі.



Оқу жұмысының нәтижелері

Экология пәнін оқу барысында студент ғаламдық, жергілікті, экологиялық жағдайларды, ҚР негізгі түсініктемелерді және жалпы экология заңдарын, табиғат қорғаудың ғылыми негіздерін білуі керек.



Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

Alc1108

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификацияӘлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы.Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылауСаяси әлеуметтануМәдениет әлеуметтануы.Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.



Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.


Пәннің аталуы

Этнопедагогика

Қысқартылған атауы


Etn1205

оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Битабаров Е.А.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Базалық компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Педагогика тарихы», «Педагогикалық шеберлік», «Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару», «Этностық психология», «Психология тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мамандарды қазіргі этнопедагогика ғылымының теориялық, әдіснамалық білімдерінің негіздерімен қаруландыру, ұлттық ерекшіліктер мен ұлттық сананың өзінділігін ескере отырып, этномәдениеттік білім беру тұжырымдамасының негізгі идеяларымен таныстыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдық, экономикалық жағдайлардың динамикалық өзгеру жағдайындағы студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыруда біртұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі (тегі). Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халықтық тәрбиенің негізі. Халық педагогикасын-дағы рухани мінез-құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие. Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі. Халық педагогикасының қазіргі қызметі. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.

Практикалық сабақтар: Этнопедагогика пәні, оның әдістері мен міндеттері. Этнопедагогикалық ой-пікірлердің шығу тарихы және дамуы. Жетілдірілген адам-халықтық педагогиканың мақсаты. Халық педагогикасындағы тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары. Мақал және мәтелдер халық педагогикасының шағын керіністері. Халық ертегілері - өмір оқулықтары. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салттары мен дәстүрлері. Халық педагогикасындағы рухани мінез-құлықтық тәрбиесі. Халық педагогикасындағы азаматтық, патриоттық тәрбие. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиесі. Халық педагогикасындағы зиялылық тәрбиесі. Халық педагогикасының қазіргі қызметі. Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда халық педагогикасын пайдалану.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

«Этнопедагогика» курсы студенттерде этнопедагогика саласына байланысты базалық және әдiснамалық білiмдерді және оны келешек кәсiби iс-әрекетiнде кеңiнен пайдалану түсiнiгiн қалыптастыруы қажет.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет